Гемофилия. Жауаптары бар тесттер (2020)

 

  Главная       Тесты      «Балалар аурулары» пәні бойынша Мемлекеттік аттестациялау сұрақтары Мамандығы «Емдеу ісі», біліктілігі «Фельдшер», «Акушер» 2020 оқу жылы

 поиск по сайту           правообладателям

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     22      23      24      25     ..

 

 

 

 

Гемофилия. Жауаптары бар тесттер (2020)

 

1.                  Гемофилия қандай ауру?

А. Аллергиялық ауру

В. Отбасылық бейімі бар ауру

С. Х-доминанты қиылыса берілетін іштен болатын ауру

D. Х-рецессивті қиылыса берілетін іштен болатын ауру

Е. Трансмиссивті аурулар 

 

 

2.                  Гемофилия ауруында қанағыштық не себептен болады?

А. Плазмалық факторлардың коагуляциялық (қан ұю) белсенділігінің кемуі

В. Тромбоцитарлық қан ұйыту факторларының белсенділігінің кемуі

С. Тромбоциттердің санының азаюы

D. Антикоагулянттардың жетіспеушілігі

Е. Фибриногеннің жетіспеушілігі

3.                  А гемофилияда  қандай   қан ұю факторының жетіспеушілігі анықталады?

 А.  IX

В.  XI

С.  VIII

D.  XII

Е. V

4.                  В гемофилияда  қандай   қан ұю факторының жетіспеушілігі анықталады?

А.  IX

В.  XI

С.  VIII

D.  X

Е. VІІ

5.                  Гематома, гемартроз, қан ұю мерзімінің ұзаруы қандай ауруға тән клиникалық белгілер?

A. Геморрагиялық васкулит

В. Гемофилия

С. Гемолитикалық анемия

D. Теміртапшылықты анемия

E. Тромбоцитопениялық пурпура

6.                  Гемартроз дегеніміз:

А. Буынның ісінуі

В. Буынның ауырсынуы

С. Буынға қан құйылуы

D. Буынның деформациясы

Е. Буынның қабынуы

7.                  Гемартроз қандай аурудың клиникалық көрінісі?

А. Анемия

В. Гемофилия

С. Тромбоцитопениялық пурпура

D. Геморрагиялық васкулит

Е. Лейкоз

8.                  Гемофилия ауруында қан өзгерістері:

А. Қан ұю мерзімі ұзарады

В. Тромбоциттердің саны азаяды

С. Эритроциттердің саны азаяды

D. Қан ағу уақытының артуы

Е. Лейкоциттердің саны азаяды

9.                  Баланың  мұрнынан  қан  кеткенде  сіздің тактикаңыз:

А. Баланы отырғызып, басын түзу  ұстау

В. Баланы отырғызып, басын артқа қарай  шалқайту

С. Баланы отырғызып, басын алға қарай еңкейту

D. Баланы отырғызып, басын қан кетіп жатқан жаққа қарай қисайту

Е. Баланы жатқызып, басын артқа қарай  шалқайту

10.              Гемофилия ауруында кез келген манипуляция, тіс экстракциясы (жұлу) қандай дәрігердің бақылауымен жүргізіледі? 

А. Жалпы тәжірибе дәрігері

В. Хирург-травматолог

С. Стоматолог

D. Гематолог

Е. Педиатр     

11.              Гемофилиямен ауырған баланың диспансерлік  бақылауының мерзімі?

А. 3 жыл

В. Өмірлік бақылау

С. 5 жыл

D. 15 жасқа дейін

Е. 18 жасқа дейін

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     22      23      24      25     ..