поиск по сайту правообладателям
|
|
|
содержание .. 11 12 13 14 ..
Диареялар. Жауаптары бар тесттер (2020)
1. 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балада диарея болса ауыр сусыздану белгілеріне жатпайды (БШАЫЕ): А. Ес-түссіз немесе летаргияда В. Көзі шүңірейген С. Су іше алмайды не ішуі нашар D. Тері қатпарлары өте баяу жазылады Е. Шөл, суды сараңдықпен ішеді
2. 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балада диарея болса ауыр сусыздану белгілеріне жатпайды (БШАЫЕ): А. Мазасыз, ашуланшақ болады В. Ес-түссіз немесе летаргияда С. Көзі шүңірейген D. Су іше алмайды не ішуі нашар Е. Тері қатпарлары өте баяу жазылады
3. 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балада диарея болса ауыр сусыздану белгілеріне жатпайды (БШАЫЕ): А. Ес-түссіз немесе летаргияда В. Көзі шүңірейген С. Су іше алмайды не ішуі нашар D. Тері қатпарлары баяу жазылады Е. Тері қатпарлары өте баяу жазылады
4. 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балада диарея болса шамалы сусыздану белгілеріне жатады (БШАЫЕ): А. Ес-түссіз немесе летаргияда В. Су іше алмайды не ішуі нашар С. Мазасыз, ашуланшақ болады D. Тері қатпарлары өте баяу жазылады Е. Балада қызба
5. 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балада диарея болса шамалы сусыздану белгілеріне жатады (БШАЫЕ): А. Ес-түссіз немесе летаргияда В. Су іше алмайды не ішуі нашар С. Шөл, суды сараңдықпен ішеді D. Тері қатпарлары өте баяу жазылады Е. Әр тамақтан және су ішкенен кейін құсу
6. 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балада диарея болса шамалы сусыздану белгілеріне жатады (БШАЫЕ): А. Ес-түссіз немесе летаргияда В. Су іше алмайды не ішуі нашар С. Әр тамақтан және су ішкенен кейін құсу D. Тері қатпарлары баяу жазылады Е. Тері қатпарлары тез жазылады
7. Ауру балада диарея болса, іштің тері қатпарларының реакциясын (БШАЫЕ) қай жерде тексереді? А. Кіндігі мен іштің бүйір жағының арасында В. Оң қабырға астында С. Эпигастрий аймағында D. Сол қабырға астында Е. Іштің төменгі жағында
8. Дизентерияның белгісін көрсетіңіз (БШАЫЕ): А. А. Ес-түссіз немесе летаргияда В. Су іше алмайды не ішуі нашар С. Әр тамақтан және су ішкенен кейін құсу D. Нәжісінде қан Е. Диарея ұзақтығы 14 күн не одан аса созылса
9.Егер балада диарея кезінде сусыздану 14 күнен аса қалай жетіледі: А. Сусыздану жоқ В. Ауыр созылмалы диарея С. Созылмалы диарея D. Дизентерия Е. Диарея
10. Дизентерия кезінде қандай антибиотик қолданылады: А. Ципрофлоксацин В. Амоксицилин С. Ампицилин D. Эритромицин Е. Гентамицин
11.Диареясы бар ауру балада сусыздану белгілері жоқ болса (БШАЫЕ), қандай емдеу жоспарын тағайындайды? А. А жоспары В. В жоспары С. Б жоспары D. Емдеу жоспарын 2 күннен кейін анықтайды Е. Емдеу жоспарын 5 күнен кейін анықтайды
12.Диареясы бар ауру балада орташа сусыздану белгілері бар болса, (БШАЫЕ) қандай емдеу жоспарын тағайындайды? А. В жоспары В. А жоспары С. Б жоспары D. Емдеу жоспарын 2 күннен кейін анықтайды Е. Емдеу жоспарын 5 күнен кейін анықтайды
13.Диареясы бар ауру балада ауыр сусыздану белгілері бар болса, (БШАЫЕ) қандай емдеу жоспарын тағайындайды? А. Б жоспары В. В жоспары С. А жоспары D. Емдеу жоспарын тек стационарда педиатр тағайындайды Е. Емдеу жоспарын тек дәрігер – инфекционист стационарда тағайындайды
14.Диареяны үйде А жоспар бойынша емдеу жүргізгенде (БШАЫЕ), қандай дәрі-дәрмек тағайындайды? А. Темір препаратын В. Йод препаратын С. Кальций препаратын D. Магний препаратын Е. Цинк препаратын
15. Диареяны үйде емдеу кезінде А жоспар (БШАЫЕ) бойынша тағайындайды: А. Сиыр сүтін, ішке кальций препараттарын В. Қосымша сұйықтықтар, ішке цинк препараттарын С. Пероралды регидратациялық тұз 75 мл/кг мөлшерінде 4 сағат ішінде беру D. Көк тамырға физиологиялық ерітіндісін 100 мл/кг мөлшерінде енгізу Е. Тиімді тамақтандыру
16.Диареяны Б жоспар бойынша емдеу кезінде тағайындайды (БШАЫЕ): А. Бейімделген сүт қоспалары, ішке кальций препараттарын В. Қосымша сұйықтықтар, ішке цинк препараттарын С. Пероралды регидратациялық тұз 75 мл/кг мөлшерінде 4 сағат ішінде беру D. Көк тамырға физиологиялық ерітіндісін 100 мл/кг мөлшерінде енгізу Е. Тиімді тамақтандыру
17. Диареяны В жоспар бойынша емдеу кезінде тағайындайды (БШАЫЕ): А. Бейімделген сүт қоспалары, ішке кальций препараттарын В. Қосымша сұйықтықтар, ішке цинк препараттарын С. Пероралды регидратациялық тұз 75 мл/кг мөлшерінде 4 сағат ішінде беру D. Көк тамырға физиологиялық ерітіндісін 100 мл/кг мөлшерінде енгізу Е. Көк тамырға 5 % глюкоза ерітіндісін 100 мл/кг мөлшерінде енгізу
18. Ауыз арқылы регидратацияны (БШАЫЕ) жүргізеді: А. Глюкоза ерітіндісімен В. Натрий хлорид гипертониялық ерітіндісімен С. Пероралды регидратациялық тұз ерітіндісімен D. Натрий хлорид физиологиялық ерітіндісімен Е. Натрий гидрокарбонат ерітіндісімен
19. Пероралды регидратациялық тұз бен қайнаған суды қандай арақатынысымен ерітеді? А. 1 пачка 1 литр суға В. 2 пачка 1 литр суға С. 1 пачка 0,5 литр суға D. 2 пачка 0,5 литр суға Е. 1 пачка 2 литр суға
20. Ауыр сусыздануда ауру балаға (БШАЫЕ) қандай сұйықтықты көк тамырға енгізеді? А. Кальций хлорид ерітіндісін В. Калий хлорид ерітіндісін С. Глюкоза ерітіндісін D. Натрий хлорид физиологиялық ерітіндісін Е. Натрий гидрокарбонат ерітіндісін
21. Орташа сусыздануда ауру балаға (БШАЫЕ) ұсынған пероралды регидратациялық тұз мөлшерін қанша уақытта беру керек? А. 10 сағат ішінде В. Әр сұйық нәжістен кейін С. 12 сағат ішінде D. 8 сағат ішінде Е. 4 сағат ішінде 22. Егер 2 айға дейінгі балада дизентерия болса (БШАЫЕ),сіз қандай ем жүргізесіз? А. Ауруханаға жатқызу В. Үйде А жоспар бойынша емдеу С. Қосымша сұйықтықтарды беру D. емхана жағдайында пероральдық регидратация жүргізу Е. Көк тамырға физиологиялық ерітіндісін 100 мл/кг мөлшерінде енгізу
содержание .. 11 12 13 14 ..
|
|