|
|
|
содержание .. 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ..
ХАЛЫҚТЫҚ СОҒЫС
Ұлы Отан соғысы сұрапыл күндеріне арналған кеші“Алға қарыс бассаң бас, Сүйем кейін шегінбе! Әдет жоқ ондай тегінде!” (лейтенант Көшеков)
Қатысушылар: Жүргізушілер, жасөаспірім жне қыз бала, көркемсөз оқушы ( Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әскер киімін киген бала) Хор немесе вокалды топ Театралды топ Бишілер тобы
Безендірілуі: Көріністер барысында хор сахнаның артқы жағында тұрады. Жүргізушілер алдыңғы жақта сол жақта, көркемсөз оқушы оң жақта тұрады. Театрландырылған көріністер және билер сахнаның ортасында көрсетіледі. Эпизодтардың аттары жабық пердеде көрсетіледі. Кейбір музыкалық үзінділер аудибаспадан ойналады. Әндер хордың орындалуында беріледі.
АЛҒЫ СӨЗ
Перде жабулы. Сахнада жүргізушілер: жасөспірім мен қыз бала, көркемсөз оқушы
Бала: Уақыт тарих бетін парақтайды. Күн тізіліп, ай алмасып, зыимырап жылдар өтеді. Ешбір уақыт ұзақтығы, мерзім межесі көмескіленіп “көзден таса, көңілден ұмыт, қалдыра алмайтын жылдар, оқиғалар болады. Сондықтан халық соғыс әкелген қайғы-қасіретті, миллиондаған адамның өмірін қиып, өркениеті кейінге қайтарған, адам қолымен жасаған ұлы құндылықтарды талқандаған қантөгіс, сұрапыл соғысты ешқашан ұмыта алмайды. . Қыз бала: Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына міне, 60 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарих атты өз төрешісі бар. Бала: « Ер өлсе де еңбегін ел өлтірмес. Неше мың жыл өтсе де тарих білмек,- деп Сұлтанмахмұт жырлағандай бүгінгі өміріміз үшін құрбан болған ерлеріміздің ешқашан естен шықпайды, ұмытылмайды. Біздер соғыс қайаланбауы үшін, оның сұмдықтарын ұмытуға еш құқымыз жоқ. Біздер сол кезде біздің өміріміз үшін жанын қиған солдатты ұмытуға құқымыз жоқ. Біздер барлығын есте сақтауға міндеттіміз... Көркемсөз оқушы: Соғыс не? Арпалысқан өлім-өмір, Тұрса ағаш, сынса отын, жақса көмір. Өлім мен өмір батыр алысқанда, Бұрқылдап қызуына қайнар темір. Соғыс не? Соғыс апат, соғыс соққы, Ол соқса шығарушы бұрын жоқты. Ол дауыл, күш мұхитын тасытады, Елетпей азды –көпті, ашты-тоқты.
Соғыс не? Соғыс елдің сыны, Ел емген қазыналы жердің сыны. Адалдың арамменен айғақшысы, Төгілген керек үшін тердің сыны. Соғыс сұмдық атадан бала айырылған, Біреуін қан, біреуін ар айырған. Гүл бақшам бөлектеліп мен де кеттім, Дінесім, Шаһмұрат, Анарымнан. Соғыстың жоқ ешқандай тамашасы, Бір өлім, мың өлімнің арашасы. Соғыста өлім құлап, өмір жеңер Оны сезбес пікірдің аласасы. (Қ.Әбдіқадыров «Соғыс»)
Қыз бала: Сонымен, Ұлы Отан соғысының кейбір беттерін парақтақ және барлығын есімізге алып көрейік: 1941 жыл 22 маусым... СОҒЫСТЫҢ БАСТАЛУЫПерде ашылады. Сахнада мектеп ауласының көрінісі. ( «№ 20 мектеп» деген маңдайша жазу және «Жолың болсын, жас түлек!» деген жазуы бар плакат, ағаштар, гүлдер» И.Дунаевскийдің «Мектеп вальсын» әуенімен бірнеше жұп мектеп бітіушілер би билеп жүреді. Қыздар ашық түсті ұзынырақ көйлекте, кейбіреуі мектеп формасымен жүреді, балалар – ақ көйлек және сұр шалбарда. Музыка тоқтағанда билеп жүрген жұптар сахнаның ар жағына жасырынып қалады) Көркемсөз оқушы: («Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! Бүгін, 22 маусым күні таңғы сағат төртте неміс басқыншылары Кеңес Одағының мемлекеттік шекарасын басып кірді...» Дауыс баяулай бастайды. Хордың орындауында «Священная война» әні орындалады.) Көркемсөз оқушы: (Сол жақтағы перденің ар жағынан қыздар сол киімдерімен, балалар гимнастеркалы, пилотка киген, иықтарында жол-азық салатын қаптарымен шығады. Барлығы ақырын басып сахнаның ортасына келеді. Қыздар алыстап кетіп бара жатқан жігіттерге қол бұлғап қала береді.Осы кезде Б.Окуджаваның «До свидания, мальчики» әнінің бірінші куплеті орындалады.) Жасөспірім: Неміс басқыншыларына қарсы сұрапыл да қорқынышты, қаһарман соғыс басталды... Қыз бала: Соғыс кеңес халқының Отанына, жеріне, еліне деген сеніміне, қаһармандығына, шыншылдығына және мейірбандығына, батылдығына және ержүректілігіне, төзімділігіне сын болды.
(Перде жабылады)
МОСКВА ТҮБІНДЕГІ ШАЙҚАС Көркемсөз оқушы: Аламын деп Москваны Дұшпан зулап демігеді Соған бәлкім, асығады Соған бәлкім желігеді Мұндай жойқын арпалысты, Кім бар көрген бұрынды-соң. Шамырқанды, қасарысты Беріспеді болаттай сом. Батальон, Батальон. (Е.Әукебаев «Батальон») Жасөспірім: Неміс фашистерінің шапшаң басып алу әрекетінен 1941 жылдың күзінде Москва қаласына үлкен қауіп төнді. Сол кездегі Кеңестер Одағының астанасынын қорғау үшін, қаланың барлық тұрғыны дерлік қолдарына қару алып жауға қарсы тұрды. Қыз бала: Бірнеше мыңдаған халық жасақтары құрылды. Москва халқы, негізінен әйелдер мен балалар қолдарына күрек алып танк жолына кедергі жасау үшін қазылған орлар, траншеялар, жер асты үйлерін, бекіністер салды. Аштық пен суыққа, жаудың оғына қарамастан бірнеше жүздеген километр орлар қазылды. Жасөспірім: Жеңіс күні! Бұл күн сонау қырық бірінші жылдың желтоқсанында Москва түбінде қар жамылған далада бір табан кейін шегінбей, астанаға жауды жібермегендер үшін қандай алыс еді... (Священная война әнінің әуені баяу ойналады) Көркемсөз оқушы: Оқып көр Москваның шежіресін, Кетірген кердең жаудың кежіресін. Баукеңдей ер қолбасшы қалар ма естен, Тапты ол тар қыспақта не бір шешім. Оқып көр Москваның шежіресін, Көз алдыңа елестер не бір есім. Оның бірі Сізге аға, Сізге іні, Еске алшы, ет бауырың елжіресін. Мол тартқан қан майданның ғаламатын, Жаттатқан сұм жауға да қазақ атын. Жан аға, жақсы аға – бетпес баға, Кім сүймес Бауыржандай азаматын. (Т.Әбішұлы «Абзал аға»)
Жүргізуші: Бұл өлең шумақтары Москва түбіндегі шайқаста қол бастап, ерекше ерлік көрсеткен қазақтың батыр ұлдарының бірі Бауыржан Момышұлына арналған. Орыстың белгілі жазушы А.Бек 1944 жылы Москва шайқасын суреттеу, көпшілікке көркем әдебиет тілімен насихаттау мақсатымен «Арпалыс» («Волокаламск тас жолы») кітабын жазған болатын. Бұл кітаптың незізгі кейіпкері Б.Момышұлының және 28 панфиловшы батырдың жанқиярық ерліктері тамаша суреттелген. Кейін Бауыржанның өзі «Москва үшін шайқас» повесі де осы тарихи оқиғаға арналған. Қыз бала: Олар 28 еді! 1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москваға Волокалам бағытында ұрысқа шықты. Дубосеково разъезіндегі 1075 –атқыштар полкі 4-ротасының 2-взводы тұрған бекініс шебіне жаудың 30 танкісі шабуыл жасады. Ротаның саяси жетекшісі В.Клочков басқарған взвод жауынгерлері –барлығы 28 адам төрт сағатқа созылған ұрыста жаудың 14 танкісін қиратты. .. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 панфиловшының 23-і қаза тапты. 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді. Жасөспірім: Соғыс ждылдары-ақ қазақстандық бес әскери құрамаға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты панфиловшылар дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алды.
Көркемсөз оқушы: Орыс, қазақ, қырғыздан Құрылған бұл шағын топ. Жауға үрей туғызған Жайпап түсер жалын боп.
Даңқ қосып даңқына, Сұрапылға төтеді. Борыштарын халқына Ерлігімен өтеді. (Е.Ерботин) (Хордың орындауында әні Ә.Еспаевтың, сөзі: Ғ.Қайырбековтікі «Жиырма сегіз» әнін орындайды) Жасөспірім: Жеңіс күні! 1418 тәулікке созылған азаттық күрестің соңғы күні! Аспан көгін салюттер шұғылаландырған, құшақтарға көктем гүлдері толған көптен күткен ұлыстың ұлы күні! Бірақ Ленинград іргесінде блокаданы кеудесімен қорғағандар үшін бұл күн әлі сондай алыс еді... (Жамбылдың портреті көрсетіледі) Көркемсөз оқушы: (Көркемсөз Жамбыл өлеңін оқып жатқанда Д.Шостаковичтің «Жетінші симфониясы» баяу ойналып тұрады) Жасөспірім: Сол кездегі ауыр жағдайға қарамастан, 1941 жылдың 7 қарашасында Қызыл алаңда әскери шеру өтті. Әскери шерудің өтуі әскерлерді де, Кеңес халқына патриоттық рух берді. Қыз бала: Бұл әскери шеру жауға үлкен соққы болды. Өйткені, Москваға бірнеше километр жерде жауы тұрған халықтың әскери шеру өткізуі, ол халықтың жеңілбейтіндігін, астананың қорғанысының мықты екенін дәлелдеген еді.
содержание .. 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ..
|
|
|