СП РК 1.02-117-2018 ПОРЯДОК ПРОВЕДЕНИЯ ЭКСПЕРТИЗЫ ИНФОРМАЦИОННЫХ МОДЕЛЕЙ (ҚР ҚЖ 1.02-117-2018) - 1

 

  Главная      Книги - Разные     СП РК 1.02-117-2018 ПОРЯДОК ПРОВЕДЕНИЯ ЭКСПЕРТИЗЫ ИНФОРМАЦИОННЫХ МОДЕЛЕЙ (ҚР ҚЖ 1.02-117-2018)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

   

 

   

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

 

СП РК 1.02-117-2018 ПОРЯДОК ПРОВЕДЕНИЯ ЭКСПЕРТИЗЫ ИНФОРМАЦИОННЫХ МОДЕЛЕЙ (ҚР ҚЖ 1.02-117-2018) - 1

 

 

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік 
нормативтер  
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

ҚАҒИДАЛАР

 ЖИНАҒЫ 

Государственные нормативы в области архитектуры, 
градостроительства и строительства  
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

АҚПАРАТТЫҚ МОДЕЛЬДЕРГЕ САРАПТАМА 
ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ 

ПОРЯДОК ПРОВЕДЕНИЯ ЭКСПЕРТИЗЫ 
ИНФОРМАЦИОННЫХ МОДЕЛЕЙ 

ҚР ҚЖ 1.02-117-2018

СП РК 1.02-117-2018 

Ресми басылым 
Издание официальное 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң 
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетi 

Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства 
Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан

 

Астана 2018

 

ҚР ҚЖ 1.02-117-2018

СП РК 1.02-117-2018 

АЛҒЫ СӨЗ 

1

 

ӘЗІРЛЕГЕН: 

«Қазақ  құрылыс  және  сәулет  ғылыми-зерттеу  және 
жобалау институты» акционерлік қоғамы 

2

 

ҰСЫНҒАН: 

Қазақстан  Республикасы  Инвестициялар  және  даму 
министрлiгiнiң  Құрылыс  және  тұрғын  үй-коммуналдық 
шаруашылық істері комитетiнің Техникалық реттеу және 
нормалау басқармасы

 

3

 

БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ 

ҚОЛДАНЫСҚА 
ЕНГІЗІЛГЕН:  

Қазақстан  Республикасы  Инвестициялар  және  даму 
министрлiгiнiң  Құрылыс  және  тұрғын  үй-коммуналдық 
шаруашылық  істері  комитетiнің  2018  жылғы  №  256-НҚ 
бұйрығымен 13 желтоқсаннан бастап 

ПРЕДИСЛОВИЕ 

4

 

РАЗРАБОТАН: 

Акционерное 

общество 

«Казахский 

научно-

исследовательский и проектный институт строительства и 
архитектуры»  

5

 

ПРЕДСТАВЛЕН: 

Управлением 

технического 

регулирования 

и 

нормирования  Комитета  по  делам  строительства  и 
жилищно-коммунального  хозяйства  Министерства  по 
инвестициям и развитию Республики Казахстан 

6

 

УТВЕРЖДЕН И 

ВВЕДЕН В 
ДЕЙСТВИЕ: 

Приказом  Комитета  по  делам  строительства  и  жилищно-
коммунального хозяйства Министерства по инвестициям и 
развитию Республики Казахстан от 13 декабря 2018 года № 
256-НҚ 

Осы  мемлекеттік  нормативті  уәкiлеттi  органның  ведомствосы  рұқсатысыз  ресми 

басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды. 

Настоящий  государственный  норматив  не  может  быть  полностью  или  частично 

воспроизведен,  тиражирован  и  распространен  в  качестве  официального  издания  без 
разрешения 

ведомства 

уполномоченного 

органа 

в 

области 

архитектуры, 

градостроительства и строительства. 

ҚР ҚЖ 1.02-117-2018

III 

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ ......................................................................................................................... IV

 

1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ ............................................................................................ 1

 

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР .................................................................................. 2

 

3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР ....................................................................... 3

 

4 БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР .............................................................................. 7

 

5 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР ................................................................................................... 7

 

6  АҚПАРАТТЫҚ  МОДЕЛЬДЕРГЕ  САРАПТАМАНЫҢ  МАҚСАТТАРЫ  МЕН 

МІНДЕТТЕРІ ............................................................................................................................ 7

 

7 САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ ҮШІН АҚПАРАТТЫҚ МОДЕЛЬДЕРДІ ҰСЫНУ ЖӘНЕ 

ҚАБЫЛДАУ ............................................................................................................................. 9

 

8  АҚПАРАТТЫҚ  МОДЕЛЬДЕРГЕ  САРАПТАМА  ЖҮРГІЗУ  ЖӘНЕ  САРАПТАМА 

НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫСЫН БЕРУ .......................................................... 10

 

А қосымшасы 

(ақпараттық) .......................................................................................... 12

 

Б қосымшасы (ақпараттық) ВКСАМ сараптамасын жүргізу кезінде қолданылатын 

Бағдарламалық қамтамасыз етудің фуекционалдық мүмкіндіктері ..................................... 31

 

БИБЛИОГРАФИЯ ......................................................................................................... 34

 

ҚР ҚЖ 1.02-117-2018

IV 

КІРІСПЕ 

Осы 

қағидалар

  жинағы  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңнаамалық 

және  нормативтік  актілеріне,  сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс  саласандығаы 
мемлекеттік  нормативтерді  әзірлеу  тәртібіне  қойылатын  талаптарға  сәйкес,  сондай-ақ 
экономикалық  жағынан  дамыған  елдердің  ұлттық  және  халықаралық  құжаттарда 
ұсынылған  құрылыс  объектілерін  жобалау,  құрылысын  салу  және  оны  пайдаланудағы 
озық тәжірибесі негезінде әзірленген.. 

Осы 

қағидалар

 жинағы құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологиясы – 

ҚОАМТ (шетелдік тәжірибеде Building Information Modeling; BIM термині қолданылады) 
қолдана  отырып  орындалған  жобаларға  сараптама  жүргізудің  негізгі  қағидаттарын 
сипаттау мен жалпы тәртібін анықтауға бағытталған. 

ҚР ҚЖ 1.02-117-2018

СП РК 1.02-117-2018 

Ресми басылым

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

ҚАҒИДАЛАР

 ЖИНАҒЫ 

СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

АҚПАРАТТЫҚ МОДЕЛЬДЕРГЕ САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ 

ПОРЯДОК ПРОВЕДЕНИЯ ЭКСПЕРТИЗЫ ИНФОРМАЦИОННЫХ МОДЕЛЕЙ 

 Енгізілген күні – 2018-12-13 

1

 

ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ 

1.1

 

Осы 

қағидалар

  жинағы  қооданыстағы  заңнаманың  талаптарына  сәйкес 

құрылыс  объектілерін  ақпараттық  модельдеу  технологияларын  –  ҚОАМТ  қолдана 
отырып  орындалған  жобаларға ведомстводан тыс кешенді  сараптама жүргізу  тәртібін 
сипаттайды. 

Осы 

қағидалар

  жинағы  ведомстводан  тыс  кешенді  сараптамаға  ұсынылатын 

ведомстводан  тыс  кешенді  сараптама  мақсатына  арналған  ақпараттық  модельдердің 
құрамындағы  құрылыс  объектісінің  және  (немесе)  оның  жекелеген  элементтерінің 
электрондық  модельдеріне  (бұдан  әрі  -  ҚО  ЭМ)  қойылатын  талаптарды,  оларды 
қанағаттандыратын шарттарды қоса алғандағы үрдістерді сипаттайды. 

1.2

 

Ережелер жинағы Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданысқа 

ие  және  жобалау  және  сараптама  ұйымдарының,  Қазақстан  Республикасының 
аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және сәулет қызметінің, өзге де 
субъектілерінің пайдалануына арналған. 

1.3

 

Баяндалған ережелер инженнерлік және көліктік инфрақұрылым объектілерін 

қоспағанда,  өндірістік  және  тұрғын-азаматтық  мақсаттағы  жаңа  объектілердің 
құрылысы  және/немесе  өндірістік  және  тұрғын-азаматтық  мақсаттағы  бұрыннан  бар 
объектілерін  өзгерту  (кеңейтуге,  жаңғыртуға,  реконструкциялауға,  техникалық  қайта 
жарақтандыруға,  күрделі  жөндеуге)  жобаларының  сараптама  мақсатына  арналған 
ақпараттық  модельдерінің  құрамындағы  құрылыс  объектісінің  және  (немесе)  оның 
жекелеген  жүйелерінің  электрондық  модельдеріне  сараптама  жүргізу  жұмыстарына 
таралады. 

1.4

 

Ведомстводан  тыс  кешенді  сараптама  мақсатына  арналған  ақпараттық 

модельдердің  құрамындағы  ҚО  ЭМ  жаңа  объектілердің  құрылысы  және/немесе 
өндірістік  және  тұрғын-азаматтық  мақсаттағы  бұрыннан  бар  объектілерін  өзгерту 
(кеңейтуге,  жаңғыртуға,  реконструкциялауға,  техникалық  қайта  жарақтандыруға, 
күрделі  жөндеуге)  жобаларына  ведомстводан  тыс  кешенді  сараптаманың  ерекше 
құзыретіне  жатпайтын  сараптама  жүргізу  кезінде  осы  норматвитік  техникалық 
құжаттың ережелері ұсыным сипатына ие болады. 

ҚР ҚЖ 1.02-117-2018

2

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 

Осы 

қағидалар

  жинағында  нормативтік  құқықтық  актілер  және  сәулет,  қала 

құрылысы  және  құрылыс  саласындағы  мемлекеттік  нормативтерге  берілген  келесідей 
нормативтік сілтемелер қолданылады: 

“Қазақстан  Республикасындағы  сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс  қызметі 

туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы; 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2010  жылғы  17  қарашадағы  №  1202 

Қаулысымен бекітілген “Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен 
бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар” техникалық регламенті; 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі 

№  299  бұйрығымен  бекітілген  Қаржыландыру  көздеріне  қарамастан,  жаңа  үйлер  мен 
ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, 
сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта 
жарақтандыруға,  жаңғыртуға  және  күрделі  жөндеуге)  арналған  техникалық-
экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс 
кешенді сараптама жүргізу қағидалары; 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі 

№ 305 бұйрығымен бекітілген Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-
экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама 
қорытындыларын ресiмдеу қағидалары; 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрлігі  Құрылыс,  тұрғын  үй-

коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Төрағасының 
2016  жылғы  21  сәуірдегі  №  106-НҚ  бұйрығымен  бекітілген  Мемлекеттік 
инвестициялардың  және  квазимемлекеттік  сектор  субъектілерінің  қаражаты  есебінен 
қаржыландырылатын  объектілердің  құрылысына  арналған  жоба  алдындағы  және 
жобалау  (жобалау-сметалық)  құжаттамасын  сараптамалық  ұйымдарға  және  Бірыңғай 
мемлекеттік  электрондық  банкке  электрондық-сандық  нысандағы  техникалық-
экономикалық  негіздемелерді  және  жобалау-сметалық  құжаттамасын  қалыптастыру 
және ұсыну жөніндегі мемлекеттік норматив; 

Қазақстан  Республикасы  Инвестициялар  және  даму  министрінің  2018  жылғы  24 

қыркүйектегі № 670 бұйрығымен бекітілген «Бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс 
жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін портал 
мен ақпараттық жүйелерді жүргізу қағидалары; 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-

коммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 
232-НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы құрылысқа арналған жобалау 
жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив; 

Қазақстан  Республикасы  Инвестициялар  және  даму  министрінің  2017  жылғы  22 

желтоқсандағы  №  890  бұйрығымен  бекітілген  Мемлекеттiк  нормативтердi  әзiрлеу, 
келiсу, бекiту, тiркеу және қолданысқа енгiзу (қолданылуын тоқтата тұру, күшiн жою) 
қағидалары; 

Қазақстан  Республикасы  Инвестициялар  және  даму  министрлігі  Құрылыс  және 

тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық  істері  комитеті  төрағасының  2016  жылғы  21 

ҚР ҚЖ 1.02-117-2018

сәуірдегі № 106-НҚ бұйрығымен  бекітілген Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік 
және  азаматтық  құрылысына  ақпараттық  моделдеу  технологиясын  енгізудің 
тұжырымдамасы; 

  ҚР ҚН 1.02-03-2011 Құрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту 

тәртібі мен құрамы; 

ҚР ҚН 1.02-01-2016 Типтік жобалау; 

  ҚР  ҚН  1.03-16-2013  Тұрғын  ғимараттарды  күрделі  жөндеу  жұмыстарын 

ұйымдастыру  жобаларын  және  күрделі  жөндеу  жұмыстарының  өндірісі  жобаларын 
әзірлеу жөніндегі нұсқаулық; 

ҚР ҚН 1.04-26-2011 Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта құру, ағымдағы 

және күрдел жөндеу; 

  ҚР 

ЕЖ  1.02-21-2007  Құрылысқа  арналған  техникалық-экономикалық 

негіздемелерді әзірлеу, келісу, бекіту және құрамы туралы ережелер; 

  ҚР  ЕЖ  1.02-105-2014  Құрылысқа  арналған  инженерлік  іздеулер.  Жалпы 

ережелер. 

  МЕМСТ 2.001-2013 Бірегей қонструкторлық құжаттама жүйесі (БКҚЖ). Жалпы 

ережелер; 

  МЕМСТ  2.051-2013  Бірегей  қонструкторлық  құжаттама  жүйесі  (БКҚЖ). 

Электрондық құжаттар.  

Ескертпе – Осы ережелер жинағын пайдаланған кезде ағымдағы жағдай бойынша жыл сайын басып 

шығарылатын  «Қазақстан  Республикасының  аумағында  қолданылатын  сәулет,  қала  құрылысы  және 
құрылыс  саласындағы  нормативтік-құқықтық  актілердің  және  нормативтік-техникалық  құжаттардың 
тізбесі»,  «Қазақстан  Республикасының  стандарттау  жөніндегі  нормативтік  құжаттардың  көрсеткіші», 
«Қазақстан  Республикасының  стандарттау  жөніндегі  мемлекетаралық  нормативтік  құжаттардың 
көрсеткіші»  ақпараттық  көрсеткіштері  бойынша  сілтемелік  стандарттар  мен  нормативтік  құжаттардың 
қолданылуын  тексерген  орынды.  Егер  сілтемелік  құжат  ауыстырылған  (өзгертілген)  болса,  онда  осы 
құрылыс  нормаларын  пайдалану  кезінде  ауыстырылған  (өзгертілген)  құжатты  басшылыққа  алған  жөн. 
Егер  сілтемелік  құжат  ауыстырылмай,  оның  күші  жойылған  болса,  онда  оған  берілген  сілтемесі  бар 
ережелер осы сілтемені қозғамайтын бөлігінде қолданылады. 

3

 

ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР 

Осы 

қағидалар

 жинағының мақсаты үшін техникалық реттеу және қала құрылысы 

қызметі  жөніндегі  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  белгіленген  негізгі 
түсініктемелер қолданылады: 

3.1

 

Құрылыс  объектілерінің  өмірлік  циклі  (life  cycle):

  Құрылыс  объектісінің 

салынуын, пайдаланылуын және тіршілігінің аяқталуын қоса алғанда, жүйелі және өзара 
байланысты тіршілік ету кезеңдері. 

[“Ғимараттар  мен  құрылыстардың,  құрылыс  материалдары  мен  бұйымдарының 

қауіпсіздігіне қойылатын талаптар” техникалық регламенті. 10т. 10) тт.] 

3.2

 

Ақпараттық  өлшем:

  Бірегей  файлдар  болып  қарастырылатын  файл  немесе 

ҚР ҚЖ 1.02-117-2018

өзара байланысқан файлдар жиынтығы. 

[МЕМСТ 2.051-2013 БКҚЖ. Электрондық құжаттар. Негізгі ережелер. т. 3.1.6] 

3.3

 

Ақпараттық  контейнер  (information  container): 

Сақталудың  файлдық, 

жүйелік  немесе  бағдарламалық  иерархиясының  шегіндегі  ақпараттың  (элекетрондық 
құжаттардың) атаулы өзгертілмейтін логикалық ұйымдастырылған жинағы. 

3.4

 

Ақпараттық  модель:

  Құрылымдалған  және  құрылымдалмаған  ақпараттық 

контейнерлердің жиынтығы.  

Құрылымдалған 

ақпараты 

бар 

ақпараттық 

контейнерлер 

графикалық 

модельдерден, кестелер/сипаттамалар мен деректер қорынан тұрады. Құрылымдалмаған 
ақпараты  бар  ақпараттық  контейнерлерретінде  құжаттама  және  ілеспелі/қосымша 
материалдар/деректер (видео-, аудиоматериалдар) болып табылады. 

3.5

 

Ведомстводан  тыс  кешенді  сараптама  мақсатына  арналған  ақпараттық 

модель: 

ЭТЭН/ЭЖСҚ талаптарын қанағаттандыратын көлемде электронды құжаттарды 

қамтитын  ақпараттық  контейнерлердің  және  электронды  құжаттар  түрінде  жасалған 
ЭТЭН/ЭЖСҚ    графикалық  бөлігі  негізі  болып  саналатын  IFC  форматындағы  және 
бастапқы форматтағы құрылыс объектісінің және/ немесе оның жекелеген жүйелерінің 
электрондық модельдерінің логикалық ұйымдастырылған жиынтығы. 

3.6

 

Жобаның  ақпараттық  моделі  (PIM): 

Құрылыс  объектісін  (активін)  салу 

кезеңіндегі ақпараттық модель.

 

3.7

 

Бастапқы  формат  (native  format): 

Бөлімнің  (жүйенің)  немесе  басқа  АЖЖ 

жұмысының  ақпаратты  модемін  сақтаған  кезде,  бастапқы  бағдарламалық  жасақтама 
арқылы  өңделмейтін  етіп  түрлендірілмеген,  экспортталмаған  немесе  жарияланбаған, 
авторлық құқықпен қорғалған бағдарламалық жасақтаманың әдепкі файл пішімі.

 

3.8

 

Күрделі  құрылыс: 

Жаңа    объектілерді:  өндірістік,  инфрақұрылымдық  және 

азаматтық  мақсаттағы  кәсіпорындарды,  ғимараттар  мен  құрылыстарды  салу  және 
жарақтандыру  немесе  жұмыс  істеп  тұрған  объектілерді  қайта  құру  (кеңейту,  қайта 
жабдықтау). 

[Қазақстан  Республикасының  өнеркәсіптік  және  азаматтық  құрылысына 

ақпараттық моделдеу технологиясын енгізудің тұжырымдамасы. бөл.1.1] 

3.9

 

Объект  құрылысының  электрондық-цифрлық  нысандағы  жобалау-

сметалық 

құжаттамасы 

(ЭЖСҚ):

 

Көлемдік-жоспарлау, 

конструкциялық, 

технологиялық,  инженерлік,  табиғат  қорғау,  экономикалық  және  өзге  де  шешімдерді 
қамтитын электрондық құжаттар мен файлдардың қисындық жағынан құрылымдалған 
және  ұйымдастырылған  жиынтығы,  сондай-ақ  құрылысты,  аумақты  инженерлік 
дайындауды,  абаттандыруды  ұйымдастыруға  және  жүргізуге  арналған  сметалық 
есептер. 

[Мемлекеттік норматив. 1 бөл. 3т. 5) тт.] 

3.10

 

Деректеме бөлігі:

  Бөлшектердің  (атрибуттардың)  жиынтығы және олардың 

ҚР ҚЖ 1.02-117-2018

 

мәндері  берілген  құжаттың  бөлігі.  Міндетті  бөлігі  құрылымдық  (топтастырылған) 
бөлшектер мен олардың құндылықтар жиынтығынан тұрады.  

[МЕМСТ 2.001-2013 БКҚЖ. Негізгі ережелер. т.3.1.4]

 

3.11

 

Мазмұнды бөлігі:

  Құжаттың техникалық  мазмұны  берілген  бөлігі.  Мазмұн 

бөлігі  қажетті  ақпаратты  қамтитын  бір  немесе  бірнеше  ақпараттық  бірліктерден 
(файлдардан) тұрады. 

[МЕМСТ 2.001-2013 БКҚЖ. Негізгі ережелер. т.3.1.3] 

3.12

 

Жалпы  деректер  ортасы  (common  data  environment):

  Басқарылатын 

процестің  көмегімен  ақпараттық  модельдің  деректерін  жинау,  басқару  және  тарату 
бағытталған  кез  келген  жеке  алынған  жобаға  немесе  активке  арналған  ақпараттың 
бірыңғай көзі. 

3.13

 

Құрылыс  объектісі  (construction  entity) 

Бір  немесе  одан  да  көп 

фукционалдық мақсатты орындайтын сипатта көрінетін нысаны мен кеңістік құрылымы 
бар жасанды жасалған ортаның тәуелсіз бірлігі. 

[ҚР СТ 12006-2-2017, 3.4.2-тт.] 

3.14

 

Құрылыс  элементі  (construction  element) 

Сипаттамалы  функциялары, 

нысаны немесе жай-күйі бар құрылыс объектісінің құрамдас бөлігі. 

[ҚР СТ 12006-2-2017, 3.4.3-тт.] 

3.15

 

Құрылыс 

объектілерінің 

электрондық-цифрлық 

нысандағы 

техникалық-экономикалық  негіздемелері  (ЭТЭН):

  Инвестициялау  мақсатын, 

инвестициялар  тиімділігінің  негіздемелерін  сипаттап,  негізгі  бастапқы  деректерден 
тұратын  электрондық  құжаттар  мен  файлдардың  логикалық  құрылымдалған  және 
ұйымдастырылған  жиынтығы,  оның  ішінде:  объектінің  (кешеннің)  жұмыс  істеуінен 
күтілетін экономикалық, әлеуметтік және (немесе) коммерциялық тиімділік, сондай-ақ, 
құрылыс  объектісінің  негізгі  техникалық  және  технологиялық  өлшемдері  туралы 
мәліметтер және объектінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің айқындамасы 
бар есептер. 

[Мемлекеттік норматив. 1 бөл. 3 т. 3) тт.]

 

3.16

 

Құрылыс  объектілерін  ақпараттық  моделдеу  технологиясы

 

(building 

information modeling; BIM аналогы):

  Оның өмірлік  кезеңінің  барлық  кезеңдеріндегі 

құрылыс объектісі туралы ақпаратты ұжымдық басқару мүмкіндігін қамтамасыз ететін 
технологиялардың, өндірістік процесстердің және регламенттердің жиынтығы. 

[Қазақстан  Республикасының  өнеркәсіптік  және  азаматтық  құрылысына 

ҚР ҚЖ 1.02-117-2018

 

ақпараттық моделдеу технологиясын енгізудің тұжырымдамасы. бөл.1.1]

 

3.17

 

Электрондық құжат:

 Бағдарламалық-техникалық құралдармен электрондық 

тасымалдағышта орындалған құжат. Құжатта ұсынылған ақпарат электрондық цифрлық 
қолтаңбамен куәландырылуы тиіс. Электрондық құжат екі бөліктен тұрады: мазмұнды 
бөлік және деректеме бөлігі. 

Ескертпе  –  Анықтама  [МЕМСТ  2.001-2013  КҚБЖ.  Негізгі  ережелер.  3.1.10-т.]  алынды  және 

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» ҚР 2003 жылғы 7 қаңтардағы №370 
Заңы 1-бабының 12Қ тармағына сәйкес ЭЦҚ болу талабымен толықтырылды. 

3.18

 

Электрондық  модель

:  Деректер  және  деректермен  жұмыс  жасауға  қажетті 

бағдарламалық  код  жиынтығынан  тұратын  және  компьютерлік  (есептеуіш)  ортада 
орындалған модель. 

Ескертпе  –  ЭМ  әзірлеу  МО  ӨЦ  тиісті  сатысы  мен  тиісті  жұмсы  түрін  егжей-тегжейлі  нақтылау 

деңгейімен  орындалуы  тиіс.  ЭМ  толықтылығы мен  егжей-тегжейлілігі  моельдеу  барысында  шешілетін 
міндеттеріг сәйкес келуі тиіс.  

3.19

 

Электрондық тасығыш:

 Ақпаратты электрондық нысанда сақтауға, сондай-

ақ  оны  техникалық  құралдар  көмегімен  жазуға  немесе  тыңдатып-көрсетуге  арналған 
материалдық тасығыш. 

[МЕМСТ 2.051-2013 БКҚЖ. Электрондық құжаттар. Негізгі ережелер. т. 3.1.9]

 

3.20

 

Құрылыс объектісінің электрондық моделі (ҚО ЭМ): 

Модельдеу объектісі 

құрылыс объектісі болып табылатын электрондық модель. 

Ескертпе 
1

 

Жоғарыда  аталған  термин  осы  Тұжырымдаманың  басқа  да  терминдерінің  құрамасы  болып 

табылады. 

2

 

ҚО ЭМ құрамындағы әр ҚЭ ЭМ оның өмірлік циклі сатасымен анықталатын көлемдегі қажетті 

ақпаратты сипаттауы тиіс. 

[ISO 19650-1:2018] 

3.21

 

Құрылыс элементінің электрондық моделі (ҚЭ ЭМ):

 Модельдеу объектісі 

құрылыс элементі болып табылатын электрондық модель. 

Ескертпе 
1 ҚЭ ЭМ «фнкциялар», «өнім» мен «орналасқан орны» сипаттамалы аспектілерін тұспалдайтын ҚО 

ЭМ құрамдас бөлігі болып табылады. 

2 КҚБЖдағы БЭМ аналогы. 

[ISO 19650-1:2018] 

ҚР ҚЖ 1.02-117-2018

3.22

 

BCF  (BIM  collaboration  format): 

ҚОАМТ процестерінде жұмыс процесінің 

коммуникациясын қолдайтын «bcfXML» XML-файлының ашық форматы. 

3.23

 

IFC  (industry  foundation  classes):

  ҚР  СТ  ISO  16739  сәйкес  әртүрлі  САПР 

жүйелері және құрылысты басқарудың өзге жүйелері арасындағы ақпаратпен алмасуға 
мүмкіндік беретін ашық және бейтарап файлды формат. 

Ескертпе – Осы 

қағидалар

 жинағының А қосымшасында ҚОАМТ қолданвлатын терминдер 

арасындағы өзара байланыстың тұжырымдамалық сызбасы келтірлген. 

4

 

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 

ҚОАМТ: 

Құрылыс объектілерінің ақпараттық модельдеу технологиясы 

 

ҚОӨЦ: 

Құрылыс объектілерінің өмірлік циклі 

ҚО

 Құрылыс объектісі және (немесе) оның жекелеген элементтері

 

ЭМ: 

Электрондық моделі   

ВКСАМ:

  Ведомстводан тыс  кешенді  сараптама  мақсатына  арналған  ақпараттық 

модель 

PIM: 

Project information model 

BCF: 

BIM collaboration format 

IFC: 

Industry foundation classes 

5

 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

5.1

 

Осы 

қағидалар

  жинағы  IFC  форматында  және  бастапқы  форматта 

ұсынылатын ВКС АМ құрамындағы ҚО ЭМ ЭТЭН/ЭЖСҚ құжаттамасы жиынтығының 
графикалық бөлігінің негізі болып табылады. 

5.2

 

ВКС  АМ  құрамындағы  ЭТЭН/ЭЖСҚ  ведомстводан  тыс  кешенді  сараптама 

Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  нормативтік  құқықтық  аткілеріне  және 
сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс  саласындағы  мемлекеттік  нормативтерге, 
қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  нормативтік  құқықтық  актілердің  және 
нормативтік-әдістемелік  құжаттарға,  халықтың  санитариялық-эпидемиологиялық 
саламаттылығы  саласындағы  нормативтік  құқықтық  актілердің  және  гигиеналық 
нормативтердің талаптарын  сәйкес жүргізіледі.  

5.3

 

Осы 

қағидалар

 жинағы ВКС АМ құрамындағы ҚО ЭМ ведомстводан тыс 

кешенді сараптама жүргізудің тәртібін қарастырады. 

6

 

АҚПАРАТТЫҚ МОДЕЛЬДЕРГЕ САРАПТАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ 

МЕН МІНДЕТТЕРІ 

6.1

 

ВКС  АМ  құрамындағы  ҚО  ЭМ  ведомтсовдан  тыс  кешенді  сараптамасының 

мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жобалау үшін бастапқы 
құжаттардың  (материалдардың,  деректердің)  шарттарына  жобалық  шешімдердің 

ҚР ҚЖ 1.02-117-2018

сәйкестігін  (сәйкессіздігін)  анықтау,  сондай-ақ  жобалық  шешімдер  мен  есеп-
қисаптарда: 

 

қала  құрылысы  және  техникалық  регламенттердің,  мемлекеттік  және 

мемлекетаралық  нормативтік  құжаттар  нормалары  мен  ережелерінің,  сәулет,  қала 
құрылысы және құрылыс саласындағы сметалық нормалардың; 

 

қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  нормативтік  құқықтық  актілердің  және 

нормативтік-әдістемелік құжаттардың; 

 

халықтың  санитариялық-эпидемиологиялық  саламаттылығы  саласындағы 

нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарын сақтау 
арқылы жобалардың сапасына талдау мен бағалау жүргізу болып табылады

6.2

 

Ведомстводан  тыс  кешенді  сараптама  жүргізу  барысында  құрылыс 

жобасының: 

1) жобалауға арналған тапсырмаға, өзге де бастапқы құжаттарға (материалдарға,

деректерге),техникалық  шарттар мен  талаптарға,  сондай-ақ  бекітілген  қала  құрылысы 
(жоспарлау)  шешімдеріне  және осы  құрылыс учаскесінің  (алаңдардың,  трассалардың) 
функционалдық мақсатына сәйкестігі; 

2)

санитариялық-эпидемиологиялық,  экологиялық,  өрт  және  жарылыс

қауіпсіздігін, қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік 
талаптарды, объектінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін конструкциялардың 
беріктілігі  мен  сенімділігіне  қойылатын  талаптардың  сақталуы,  сондай-ақ  құрылыс 
нормаларды  және  қағидаларды  шетел  мемлекеттердің  стандарттарын,  Қазақстан 
Республикасының  аумағында  халықаралық  мамандандырылған  көрме  Арнайы 
экономикалық  аймақтардың  аумағында  орналасқан,  халықаралық  және  аймақтық 
ұйымдардың объектілері бойынша; 

3)

бірегей

ғимараттар 

мен 

құрылыстардың 

(олардың 

қоршау 

конструкцияларының),  сондай-ақ  энергетикалық  ресурстарды  жобалық  тұтынуы 
жылына  бес  жүз  тонна  шартты  отынның  баламалы  көрсеткіштен  асып  кететін 
объектілердің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарға сәйкестігі; 

4) ресурсты үнемдеу, отандық тауар өндірушілерді мүдделерін қорғау саласында

белгіленген шарттар мен шектеулерге сәйкестігі; 

5) қабылданған көлемдік-жоспарлық және сындарлы шешімдердің, қолданылатын

материалдардың,  технологиялық  және  инженерлік  жабдықтың  негізділігін,  құрылыс 
конструкцияларының сенімділігі мен беріктілігі; 

6) ЭЖСҚ  көзделген  құрылыс  объектілері  (ғимараттар  мен  құрылыстардың,

олардың  кешендердің,  коммуникациялардың)  көлемдерінің  негізділігін  және 
орындылығы; 

7) көрсеткіштердің, оның ішінде құрылыстың есептік немесе сметалық құнының

негізділігі мен дұрыстығы; 

8) қоршаған  ортаны  қорғау,  табиғат  ресурстарын  ұтымды  пайдалану,  халық

денсаулығын  қорғау  бойынша  ұсынылатын  шалалардың  тиімділігі,  толықтығы  және 
жеткіліктігі; 

9) қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың жай-күйіне әсер ететін ұйғарылып

отырған шешімдердің экологиялық негізділігін белгілеу; 

ҚР ҚЖ 1.02-117-2018

10) жоспарланған қызметтің қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсер

етуінің толықтығы мен дұрыстығын бағалау; 

11) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және гигиеналық нормативтерге

сәйкестігі тұрғысынан бағалау бойынша міндеттер орындалады. 

7

 

САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ ҮШІН АҚПАРАТТЫҚ МОДЕЛЬДЕРДІ ҰСЫНУ 

ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ 

7.1

 

ВКС АМ құратын ақпараттық өлшемдерді (электрондық құжаттар мен ҚО ЭМ) 

Тапсырыс беруші жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптама бірыңғай порталы 
(бұдан әрі – Портал) арқылы: 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі 

№  299  бұйрығымен  бекітілген  Қаржыландыру  көздеріне  қарамастан,  жаңа  үйлер  мен 
ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, 
сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта 
жарақтандыруға,  жаңғыртуға  және  күрделі  жөндеуге)  арналған  техникалық-
экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс 
кешенді  сараптама  жүргізу  қағидаларына  (бұдан  әрі  –  Ведомстводан  тыс  кешенді 
сараптама жүргізу қағидалары) сәйкес; 

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 

қыркүйектегі № 670 бұйрығымен бекітілген «Бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс 
жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін портал 
мен  ақпараттық  жүйелерді  жүргізу  қағидаларына  сәйкес  Портал  мен  Тапсырыс 
берушінің  мамандандырылыған  ақпараттық  жүйесінің  өзара  әрекеті  арқылы  жүзеге 
асырылады. 

Ескертпе 
1 Жобаның ақпараттық моделінің (PIM) құрамына енетін құрылыс объектісінің және (немесе) оның 

жекелеген жүйелерінің электрондық моделі негізіде жасалатын жоба құжаттамасына қойылатын талаптар 
ақпараттық  модельдеуді  пайдалана  отырып  жасалатын  жобалау  кұжаттамасын  ресімдеуді 
регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттарда сипатталған. 

2  Жобаның  ақпараттық  моделіне  (құжаттама  және  құрылыс  объектісінің  және  (немесе)  оның 

жекелеген жүйелерінің электрондық моделі) қойылатын талаптар құрылысты жобалауалды және жобалық 
дайындау  сатысында  ақпараттық  модельдерге  қойылатын  талаптарды  регламенттейтін  нормативтік-
техникалық құжаттарда сипатталған. 

7.2

 

ВКС АМ жинақтылығы мен құрамын анықтау барысында ұсынылатын ҚО ЭМ 

ҚОАМТ талаптарына сәйкестігінің дұрыстылығын тексеру жүзеге асырылады.   

7.2.1

 

ҚО  ЭМ      ведомстводан  тыс  кешенді  сараптамаға  IFC  форматында 

ұысынылады.  IFC  форматы  «Құрылыстағы  деректерді  бірлесіп  қолдануға  және 
ғимараттар мен құрылыстарды басқаруға арналған формат (IFC)» ҚР СТ ISO 16739  (ISO 
16739:2013 Industry Foundation Classes (IFC) for data sharing in the construction and facility 
management industries) регламенттелінеді. 

Бастапқы форматтағы ҚО ЭМ ВКС АМ қосымша анықтамалық материал ретінде 

ҚР ҚЖ 1.02-117-2018

10 

қолданылуы мүмкін. 

Ескертпе – IFC жаңа нұсқасының шығуы негізінде ISO 16739 халықаралық стандартың тиісті жаңа 

нұсқасы бектіілетін болады. 

7.2.2

 

ҚО ЭМ жинақтылығы: 

 

негізгі  (базалық)  ЭМ  -  координациялық осьтер  мен  биіктік  белгілері  бойынша 

бастапқы деректер бар модельдің; 

 

сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс  саласындағы  мемлекеттік  норматвитер 

талаптарына  сәйкес  құрам  мен  көлемдегі  жобаның  пәндер  (жүйелер)  бойынша  ЭМ 
болуымен тексеріледі. 

7.2.3

 

ҚО  ЭМ  геометриялық  және  атрибуттық  ақпаратпен  толықтырылуы 

жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес тексеріледі. 

7.2.4

 

ҚО  ЭМ  барлық  контсруктивтік  және  сәулеттік-құрылыс  элементтерде, 

инженерлік  жүйелерде  құрылысты  жобалауалды  және  жобалық  дайындау  сатысында 
ақпараттық  модельдерге  қойылатын  талаптарды  регламенттейтін  нормативтік-
техникалық  құжаттарда  келтірілген  Атау  қағидаларына  сәйкес  сипаттамалар  мен 
атрибуттар болуы тиіс.  

ҚО  ЭМ  жобалауға  арналған  тапсырмаға  сәйкес  қосымша  сипаттамалар  мен 

атрибуттар болуы мүмкін.  

7.3

 

Ұсынылған ҚО ЭМ жинақтылығын және (немесе) АМ қойылатын талаптарға 

ҚО  ЭМ  сәйкестігін  орнату  кезінде  анықталған  барлық  сәйкессіздіктер  анықталған 
жағдайда, тапсырыс берушіге ҚО ЭМ жинақтылығы мен құрамы бойынша талаптарға 
сәйкес келтіргеннен кейін оларды сараптамаға қайта ұсыну үшін жобаны сараптамаға 
қабылдаудан  бас  тарту  не  жетіспейтін  материалдарды  көрсете  отырып, оны  қараусыз 
қайтару туралы ресми хабарлама жіберілед.   

ҚОАМТ талаптарына сәйкес келген ҚОЭМ ұсыну  сарапама ұйымымен ВКС АМ 

қарауға қабылдауына негіз болып табылады. 

8

 

АҚПАРАТТЫҚ МОДЕЛЬДЕРГЕ САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ 

САРАПТАМА НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫСЫН БЕРУ 

8.1

 

ҚО  ЭМ  ведомстводан  тыс  кешенді  сараптама  жүргізу  кезінде 

мамандандырылған  бағдарламалық  қамтамасыз  етуді  қолдана  отырып,  сарапшылар 
келесідей міндеттерді орындайды: 

 

ҚО ЭМ ұсынылған файлдың дұрыстылығын бақылау; 

 

ҚО  ЭМ  қабылданған  жобалау  шешімдерінің  нормалар  мен  ережелер 

талаптарына  сәйкес  келуін  тексеру  (қайшылықтардығ  бар-жоқтығын  іздеу,  үй-
жайларды, есік және терезе ойықтарын, элементерр арасындағы қиылысуларды анықтау 
және т.б.); 

 

көлемдік-жоспарлау, инженерлік және басқа да шешімдердің өазара байланысын 

визуалды  бағалау  (объектілердің  қасиеттеріне  қатысты  деректердің  толықтылығын 
тексеру,    ара  қашықтықты  тексеру,  құрылыс  бұйымдарын  эргономикалық  тексеру; 
төтенше жағдайларда объектінің қауіпсіздігі мен қызмет істеуін тексеру); 

 

ұсынылған ҚО ЭМ жобаның графикалық бөлімімен сәйкестігін бағалау; 

ҚР ҚЖ 1.02-117-2018

11 

 

өзге де ҚО ЭМ қажетті тексерулер. 

Ескертпе  –  ҚО  ЭМ  автоматтандырылған  тексеру  және  сараптама  жүргізу  бойынша 

мамандандврылған  баңдараламлық  қамтамасыз  етуге  қойылатын  негізгі  техникалық  талаптар  осы 
режелер жинағының Б қочымшасында келтірілген. 

8.2

 

ВКС АМ құрамындағы ҚО ЭМ ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу 

барысында сарапшылар Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларында 
көзделген тәртіппен дәлелді ескертулерді жою мақсатында оларды береді. 

8.2.1

 

Тапсырыс беруші ВКС АМ құрамындағы ҚО ЭМ ведомстводан тыс кешенді 

сараптама  жүргізу  барысында  ҚВСАМ  құрамындағы  ҚО  ЭМ  берілген  ескертулерді 
Ведомстводан  тыс  кешенді  сараптама  жүргузі  қағидаларында  көзделген  мерзімде 
жояды. 

8.3

 

Сараптама ұйымымен жүзеге асырылатын ВКС АМ ведомстводан тыс кешенді 

сараптама  жүргізудің  мерзімі  мен  ұзақтығы  Ведомстводан  тыс  кешенді  сараптама 
жүргізу қағидаларымен анықталады. 

8.4

 

Сараптама  қорытындылары  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика 

министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 305 бұйрығымен бекітілген қала құрылысы және 
құрылыс  жобалары  (техникалық-экономикалық  негіздеме  және  жобалау-сметалық 
құжаттамасы)  бойынша  сараптама  қорытындыларын  ресiмдеу  қағидаларына  және 
Ведомстводан  тыс  кешенді  сараптама  жүргізу  қағидаларына  сәйкес  ресімделеді  және 
берілдеі. 

8.5

 

Жүргізілген  ведомстводан  тыс  кешенді  сараптама  нәтижелері  бойынша 

қорытынды  берліген  ВКС  АМ  нұсқасы  және  сараптамалық  қорытынды  тапсырыс 
берушіге: 

 

Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес; 

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 

қыркүйектегі № 670 бұйрығымен бекітілген «Бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс 
жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін портал 
мен  ақпараттық  жүйелерді  жүргізу  қағидаларына  сәйкес  Портал  мен  Тапсырыс 
берушінің  мамандандырылыған  ақпараттық  жүйесінің  өзара  әрекеті  арқылы  жүзеге 
асырылады. 

Теріс  қорытынды  алынған  жағдайда  түзетілген  сараптама  мақсатына  арналған 

ақпараттық модельдер жаңадан әзірленген жобалар үшін белгіленген тәртіппен қайтадан 
(жаңа) сараптамадан өтуге жатады. 

ҚР ҚЖ 1.02-117-2018

12 

А қосымшасы 

(ақпараттық) 

А1. Сараптама мақсатына арналған ақпараттық модель жөнінде анықтама 

ҚР  СТ  12006-2  “Ғимараттар  құрылысы.  Құрылыс  жұмыстары  туралы  ақпаратты 

ұйымдастыру.  2-бөлім.  Ақпаратты  жіктеу  құрылымы”  (бұдан  әрі  –  ҚР  СТ  12006-2) 
сәйкес  құрылыс  объектісінің  жобалау  және  құрылысын  салу  процестеріне  қатысатын 
болмыстар  және  олардың  раасындағы  байланыс  анықталды.  Құрылыс  объектісі 
құрылыс элемнеттерінен түрады, олар өз кезегінде жалпы құрылыс объектісін салу және 
пайдалану барысындағы ақпаратты қалыптастыруға негіз болып табылады (1-сурет).  

Объектіні  немесе  оның  басқа  объектілермен  қарым-қатынасын  зерттеу  үшін 

объектінің сипаттамалы қасиеттерін сипаттау қажет - сипаттамалық аспектілер. 

Аспектілер объекті сүзгісі ретінде жұмыс істейді және маңызды ақпаратты бөліп 

көрсетеді. Аспектілер негізделеді: 

 

объект  қандай  міндетке  арналған  немесе  нені  орындайды  -  функционалдық 

аспект; 

 

объект  міндетіне  қарай  орындауға  тиісті  функциясын  не  арқылы орындайды  - 

өнімнің аспектісі; 

 

объектінің болжамды немесе нақты кеңістігі - орналасу аспектісі (2-сурет). 

Объек туралы ақпаратты құрастыру үшін аспекттің ұғымы пайдаланылады. 
ҚОАМТ  саласындағы  нормативтік  базасы  ҚОАМТ  практикалық  жазықтықта 

қолдану  бойынша  ұсыныстар  мен  ережелерді  сипаттау  үшін  қажетті  бірқатар 
субъектілер  мен  қарым-қатынастарды  анықтайды.  3-суретте  осы  субъектілер  мен  СТ 
12006-2 бойынша анықталған субъектілер арасындағы өзара байланыс көрсетілген. 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2010  жылғы  17  қарашадағы  №  1202 

Қаулысымен бекітілген “Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен 
бұйымдарының  қауіпсіздігіне  қойылатын  талаптар”  техникалық  регламентіне  сәйкес 
құрылыс  процесін  сипаттайтын  құрылыс  объектісінің  өмірлік  циклінің  кезеңдері 
айқындалады. Бұл нормативтік құқықтық акт барысында кезеңдері туралы баяндалады 
және бірқатар кезеңдерді белгілейді. 

Өмір циклы орталығының кезеңдері мен кезеңдері арасындағы байланыс 1-кестеде 

келтірілген. 

1-кесте – Құрылыс объектісінің өмірлік циклі 

ҚОӨЦ кезеңдері 

ҚОӨЦ сатылары 

1 Құрылыс объектісін салу 

Құрылысты жоба алды дайындау 

Құрылысты жобалық дайындау 

Құрылысо 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

//////////////////////////