Главная Книги - Разные СП РК 1.02-113-2018 ЖИЗНЕННЫЙ ЦИКЛ СТРОИТЕЛЬНЫХ ОБЪЕКТОВ. Часть 2 (ҚР ҚЖ 1.02-113-2018)
поиск по сайту правообладателям
|
|
содержание .. 1 2 3 4 ..
ҚР ҚЖ 1.02-113-2018
27 (бөлімнің) немесе оның бөлігінде қалған электронды модельдерге қатысты алғашқы болып табылады.
26B СШ
ЭМ модельдеудің негізгі қағидаттары
СШ ЭМ - дегі модель ақпаратының қажеттілік деңгейі жоба кезеңіне байланысты өзгешелінеді. Модельді жасаудың қажетті деңгейі әрбір кезеңде EIR (тапсырыс беруші жағынан) талаптарына жауап ретінде ВЕ P (жетекші орындаушы жағынан) бекіткен жөн.
Құрылыс объектісінің әрбір құрылыс элементі үшін сәйкес бағдарламалық құралдардың сәйкес келетін құралдарды пайдалана отырып орындалуы тиіс (мысалы, қабырғалар «қабырға» құралымен, жабынды тақтайлар - «тақтай» құралымен модельделеді). Модельдеудің кез келген стандартты емес әдістері тапсырыс берушімен және ілеспелі орындаушылармен келісілуі тиіс.
СШ ЭМ - дегі модельдеу объектілері кеңістіктік үйлестіру, атау, түрі, геометрия және ақпарат ілеспелі орындаушылар мен
іргелес тәртіптердің (бөлімдердің) бағдарламалық қамтамасыз етуде пайдаланылатындай етіп модельделінуі тиіс.
27B СШ ЭМ - дегі базалық нүкте, координаттар және өлшем бірліктері
Жобада үйлестірудің базалық нүктесі барлық модельделінетін аймақ XY осьтерінің оң жақтарында, ал координаттардың басы модельдеу аймағының қасында (немесе базалық осьтерінің қиылысында) орналасатындай етіп жатқызылуы тиіс. Координаттар орындаушымен ( электронды модельдің авторымен ) анықталады.
Координаттардың муниципалды немесе мемлекеттік жүйесін пайдалану ұсынылмайды, себебі модельдеу аймағынан тым алыс орналасқан базалық нүкте жобалаудың көптеген бағдарламалық құралдарға мәселелерді туындатуы мүмкін.
Адам қателіктерін болдыртпау үшін координаттардың теріс жүйелерін және оларды пайдаланудан қашқақтау қажет. Теріс координнаттар құрылыс алаңында қажетсіз қиыншылықтарды туындатуы мүмкін.
XY базалық нүктесін анықтаудың нұсқасы ретінде оны үйлестіру торынан белгілі қашықтықта орналастыру. Бұл нұсқа ғимараттың орналасуы жобалау кезінде өзгере алатын жағдайларда ақталады.
Жобаның координаттар жүйесінің базалық орналасуы аз дегенде екі белгілі нүктелерді пайдалана отырып құжатталынады. Әрбір құжатталған нүкте үшін X және Y координаттары бастапқы
(базалық), сондай - ақ мақсатты жүйелерде ұсынылған.
ЭМ құрылудың нұсқасы ретінде базалық нүктені және бұрылу бұрышын Серверге сәйкес белгілеу. Алайда бұл ретте (әсіресе үлкен қашықтықта) бұрылу бұрышы келесі кезеңде салдарды қамти алатын модельдеудегі дәлсіздіктерге жеткізеді.
СШ ЭМ - дегі « Z » координаты бойынша орын жобаланатын объектінің нақты деңгейімен (белгімен) сәйкес келуі тиіс.
ЭМ - дегі ұсыныс ретінде пайдаланылатын өлшем бірлігі – миллиметрлер (қабылданған өлшем бірліктеріне қойылатын талаптар EIR- де жазылуы қажет ).
|