СП РК 5.01-103-2013 СВАЙНЫЕ ФУНДАМЕНТЫ (ҚР ЕЖ 5.01-103-2013) - 1

 

  Главная      Книги - Разные     СП РК 5.01-103-2013 СВАЙНЫЕ ФУНДАМЕНТЫ (ҚР ЕЖ 5.01-103-2013)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

   

 

   

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

 

СП РК 5.01-103-2013 СВАЙНЫЕ ФУНДАМЕНТЫ (ҚР ЕЖ 5.01-103-2013) - 1

 

 

 

 

Сәулет, қала қҧрылысы және қҧрылыс 
саласындағы мемлекеттік нормативтер 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ

 

Государственные нормативы в области 
архитектуры, градостроительства и строительства 
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

 
 

ҚАДАЛЫҚ ІРГЕТАСТАР 

СВАЙНЫЕ ФУНДАМЕНТЫ 

 

ҚР ЕЖ 5.01-103-2013 
СП РК 5.01-103-2013 
 
 
 
 
Ресми басылым 
Издание официальное 

 

Қазақстан Республикасы Индустрия және 
инфрақұрылымдық  даму министрлігі 
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті

 

 
Комитет по делам ст

роит

ельства и ж

или

щно-ком

муна

льного хозяйства 

Министерства 

индустрии и инфраструктурного развития

 

Республики Казахстан

 

Нұр-Сұлтан 2021

 

ҚР ЕЖ 5.01-103-2013 
СП РК 5.01-103-2013

 

II 

АЛҒЫ

 

СӚЗ 

 

1.

 

ӘЗІРЛЕГЕН: 

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ

 , 

ҚР БҒМ «ҚарМТУ»  РМҚК 

 

2.

 

ҦСЫНҒАН: 

Қазақстан 

Республикасы 

Ұлттық 

экономика 

министрлігінің  Құрылыс,  тұрғын  үй-коммуналдық 
шаруашылық  істері  және  жер  ресурстарын  басқару 
комитетінің 

Техникалық 

реттеу 

және 

нормалау 

басқармасы 
 

3.

 

БЕКІТІЛГЕН

 

ЖӘНЕ

 

ҚОЛДАНЫСҚА

 

ЕНГІЗІЛГЕН:  

Қазақстан 

Республикасы 

Ұлттық 

экономика 

министрлігінің  Құрылыс,  тұрғын  үй-коммуналдық 
шаруашылық  істері  және  жер  ресурстарын  басқару 
комитетінің 2014 жылғы 29-желтоқсандағы № 156-НҚ 

бұйрығымен 2015 жылғы 1-шілдеден бастап 
 

ПРЕДИСЛОВИЕ 

 

1.

 

РАЗРАБОТАН:  

АО «КазНИИСА», РГКП  «КарГТУ» МОН РК 

 

2.

 

ПРЕДСТАВЛЕН: 

Управлением 

технического 

регулирования 

и 

нормирования  Комитета  по  делам  строительства, 
жилищно-коммунального 

хозяйства 

и 

управления 

земельными  ресурсами  Министерства  национальной 
экономики Республики Казахстан 

 

3.

 

УТВЕРЖДЕН

 

 

И

 

ВВЕДЕН

 

В

 

ДЕЙСТВИЕ: 
 

Приказом  Комитета  по  делам  строительства,  жилищно-
коммунального  хозяйства  и  управления  земельными 
ресурсами  Министерства  Национальной  экономики 
Республики Казахстан от  29.12.2014  № 156-НҚ с 1 июля 
2015 года 

 
Осы  мемлекеттік  нормативті  Қазақстан  Республикасының  сәулет,  қала  құрылысы 

және  құрылыс  істері  жӛніндегі  уәкілетті  мемлекеттік  органының  рұқсатысыз  ресми 
басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, кӛбейтуге және таратуға болмайды. 

Қазақстан  Республикасы  Индустрия  және  инфрақұрылымдық  даму

 

министрлігі 

Құрылыс  және  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық  істері  комитетінің  2021  жылғы  18 
наурыздағы №30-НҚ бұйрығына сәйкес ӛзгертулер мен толықтырулар енгізілді. 

Настоящий  государственный  норматив  не  может  быть  полностью  или  частично 

воспроизведен,  тиражирован  и  распространен  в  качестве  официального  издания  без 
разрешения  уполномоченного  государственного  органа  по  делам  архитектуры, 
градостроительства и строительства Республики Казахстан. 

Внесены  изменения  и  дополнения  в  соответствии  с  приказом  Комитета  по  делам 

строительства  и  жилищно-коммунального  хозяйства  Министерства  индустрии  и 
инфраструктурного развития Республики Казахстан от 18 марта 2021 года №30-НҚ.

 

ҚР ЕЖ 5.01-103-2013

 

III

 

МАЗМҦНЫ 

 
КІРІСПЕ 

 ................................................................................................................... IV

 

1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ ................................................................................................................ 1

 

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР ............................................................................................... 1

 

3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР.................................................................................... 2 

 

4 ҚАДАЛЫ ІРГЕТАСТАРДЫ ЖОБАЛАУ КЕЗІНДЕГІ ҚОЛАЙЛЫ ҚҰРЫЛЫСТЫҚ 
ШЕШІМДЕР.......................... ........................................................................................................ 2 

4.1 Жалпы ережелер ................................................................................................................. 2 
4.2 Инженерлік–геологиялық ізденістерге қойылатын талаптар ........................................ 4 
4.3 Қадалардың жіктелуі .......................................................................................................... 8 
4.4 Қадалы іргетастарды жобалау ......................................................................................... 11 

4.4.1 Есептеулер бойынша берілетін негізгі нұсқаулар ................................................. 11 
4.4.2 Қадалардың кӛтеру қабілетін анықтайтын есептік әдістер .................................. 16 

4.5 Қадалардың кӛтеру қабілетін далалық зерттеулердің нәтижелері  

бойынша анықтау   ................................................................................................................... 30 

4.6 Қадалы іргетастар мен олардың негіздерін деформациялар бойынша есептеу ......... 42 
4.7 Қадалы іргетастардың жантаюын есептеу ..................................................................... 48 
4.8 Қадалардың кӛлденең ауытқуларын есептеу ................................................................. 49 

5 ҚАДАЛЫ ІРГЕТАСТАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ .......................................................................... 52 
6 ШӚККІШ ТОПЫРАҚТАРДАҒЫ ҚАДАЛЫ ІРГЕТАСТАРДЫ ЖОБАЛАУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ   ................................................................................................................... 58 
7 ІСІНГІШ ТОПЫРАҚТАРДАҒЫ ҚАДАЛЫ ІРГЕТАСТАРДЫ ЖОБАЛАУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ   ................................................................................................................... 62 
8 КЕН ӚНДІРІЛУ ЖЕРЛЕРІНДЕГІ ҚАДАЛЫ ІРГЕТАСТАРДЫ ЖОБАЛАУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ   ................................................................................................................... 63 
9 ҚАДАЛЫ ІРГЕТАСТАРДЫ ОРНАТУ КЕЗІНДЕГІ ҚҰРЫЛЫСТЫҚ  
БАҚЫЛАУ 

 ................................................................................................................... 67 

10 ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ . 68 

10.1 Энергия тұтынушылықтың азайтылуы ........................................................................ 68 
10.2 Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану ...................................................................... 69 
10.3 Құрылысты жобалау кезіндегі ескерілетін экологиялық талаптар ........................... 70 

11 СЕЙСМИКАЛЫҚ АУДАНДАРДА ҚАДАЛЫ ІРГЕТАСТАРДЫ ЖОБАЛАУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ   ................................................................................................................... 72

 

А қосымшасы (міндетті) Қаданы  тік,  кӛлденең  және  аударушы  күштердің  бiрлескен 
әрекетiне есептеу   ................................................................................................................... 79 
Б қосымшасы (міндетті) Іргелі  қырларының  кӛлбеулігі  i

p

  >  0,025  болатын  пирамидалдық 

қадалардың кӛтеру қабілетін есептеу ........................................................................................ 87 
В қосымшасы (міндетті) Таспалық қадалы іргетастардың шӛгуін анықтау ......................... 89 
Г қосымшасы (міндетті) Ығысу модулін ескеріп, жеке қаданың шӛгуін анықтау ............... 90 
Д қосымшасы (міндетті) Топырақтарды  далалық  жағдайда  қадалармен  сынақтайтын 
қондырғылардың сұлбалары ...................................................................................................... 91 
БИБЛИОГРАФИЯ   ................................................................................................................... 93

 

ҚР ЕЖ 5.01-103-2013

 

IV 

КІРІСПЕ 

 
Осы ережелер жинағы қадалар негізін жобалау үшін қолданылатын «Ғимараттар мен 

имараттардың,  құрылыс  материалдары  мен  бұйымдарының  қауіпсіздігіне  қойылатын 
талаптар» Техникалық регламентінің дәлелді негіздерінің нормативтік құжаттарының бірі 
болып табылады.  

Осы  ережелер  жинағы,  ҚР  ҚН  5.01-03-2013  «Қадалық  іргетастар»  қолайлы 

шешімдер  мен  жұмысшы  сипаттамаларының  талаптарына  параметрлерді  белгілейді. 
         Мемлекеттік  нормативтердің  басты  бағыты  -  құрылыс  сенімділігі  мен  қауіпсіздігін, 
салынған нысандардың пайдалану кезінде орнықты қызмет атқаруын қамтамасыз ету. 

 

 
 
 
 
 
 

 

 

ҚР ЕЖ 5.01-103-2013 

СП РК 5.01-103-2013

 

ҚАЗАҚСТАН

 

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ 

СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

ҚАДАЛЫҚ ІРГЕТАСТАР  

СВАЙНЫЕ ФУНДАМЕНТЫ  

 

Енгізілген кҥні -

 

2015–07–01

 

 

1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ 

 

1.1 Осы  ережелер  жинағы  негізгі  жағдайларды  белгілейді  де,  жаңадан  салынатын 

және  қайта  құрылатын  ғимараттар  мен  имараттардың  қадалы  іргетастарын  жобалауға 
ұсынылады. 

1.2 Осы  ережелер  жинағының  нұсқаулары  бойынша,  динамикалық  жүйелер 

жағдайындағы машиналардың қадалы іргетастарын және де теңіздік мұнай ӛндіретін және 
құрлықтық  қайраңында  тұрғызылған,  тереңдігі  35  м-ден  асатын  тіректері  бар  басқа  да 
ғимараттарды жобалауға болмайды. 

1.3  Осы  ережелер  жинағы  құрылыста  және  пайдалану  кезінде  ғимараттар  мен 

имараттардың  қадалы  іргетастарының  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге  бағытталған 
қолайлы шешімдерді қамтиды.  

1.4 Осы  ережелер  жинағының  баптары,  барлық  қадалы  іргетастарды  жобалау  және 

орнату кезеңдерінде орындалуға тиісті. 

1.5 Қауіпті  геологиялық  үрдістер  (карст,  шӛккін)  бар  немесе  пайда  болуы  мүмкін 

жағдайда  салынатын  үймереттер  мен  ғимараттардың  қадалы  іргетастары  ҚР  сәйкес 
нормативтік құжаттарының қосымша талаптарына сай жобалануға тиісті.  

 

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 

 

 

Осы ережелер жинағында келесі құжаттарға сілтемелер пайдаланылған:  
Техникалық регламент «Ғимараттар мен үймереттердің, құрылыс материалдары мен 

бұйымдарының қауіпсіздігі жӛнінде» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 17 
қараша 2010 жылы № 1202 бекітілген. 

ҚР ҚН 5.01-03-2013 Қадалық іргетастар. 

 
Ескертпе  -  Ұсынылған  ережелер  жинағын  қолдануда  сілтеме  жасалған  құжаттарды  жыл  сайын 

жаңартылып  отыратын  «Қазақстан  Республикасы  шекарасында  қызмет  атқаратын  сәулет,  қала  құрылысы 
және  құрылыс  саласындағы  нормативті  құқылы  және  нормативті-техникалық  тізім»,  «Қазақстан 
Республикасының  стандарттау  бойынша  нормативтік  құжаттарға  сілтеу»,  «Қазақстан  Республикасының 
мемлекет аралық нормативтік құжаттарға сілтеу» құжаттары бойынша тексерген жӛн. Егер сілтеме құжаты 
ауыстырылған  (ӛзгертілген)  болса,  онда  ұсынылған  құрылыс  нормасын  қолданғанда  ауыстырылған 
(ӛзгертілген)  құжатты  қолданған  жӛн.  Егер  сілтеме  құжаты  ауыстырымсыз  алынып  тасталса,  онда  оған 
сілтеме берілген ереженің бӛлігі ғана қолданылады. 

___________________________________________________________________________ 

Ресми басылым 

ҚР ЕЖ 5.01-103-2013 
СП РК 5.01-103-2013 

3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР 

  

Осы  ережелер  жинағында  ҚР  ҚН  5.01-03  атаулар  мен  анықтамалар  қолданылған, 

сонымен қатар қосымша: 

3.1 

Имарат

: Жүктеме кӛтеруге және қажетті қатқылдықты қамтамасыз етуге арналған 

біріккен  бӛліктердің  ұйымдастырылған  кешені  (құрылыс  жұмыстары  барысында 
жинақталған үйінді топырақты қосқандағы). 

3.2 

Ғимарат:

 Қызметтік  міндетіне  байланысты,  кӛтергіш  және  аралық  бӛлгіш 

конструкциялардан  тұратын  жер  бетінде  міндетті  түрде  тұйықталған  кӛлем  құрайтын, 
адамдардың  ӛмір  сүруіне  немесе  болуына,  ӛндірістік  үрдістер  атқаруға,  сондай-ақ 
материалдық  құнды  заттарды  орналастыру  және  сақтау  мақсатымен  салынған  жасанды 
құрылыс.Ғимараттың жерасты бӛлігі болуы мүмкін.  

3.3 

Қҧрылыстық 

конструкция:

 Құрылыс 

материалдарынан 

және/немесе 

бұйымдарынан  жасалған  құрылыстық  нысанның  тұрақты  элементі,  белгілі  кӛтергіштік, 
арабӛлгіштік  және/немесе  кӛркемдік  қызмет  атқаратын  үймереттің  немесе  басқа  да 
құрылыстық ғимараттың бӛлігі.  

3.4 

Жҥктемелердің  есептік  сҧлбасы  (нҧсқасы)  (есептік  жағдайы):

 Белгілі 

есептеулерде бір уақытта ескерілуге тиісті, жүктемелердің бір-бірімен сиысатын әсер ету 
сұлбалары, ауыспалы және тұрақты әсерлермен берілген деформациялары мен ақаулар. 

3.5 

Ережелер жинағы (ҚР ЕЖ:

 Тәжірибеде ресми түрде танылған және негізделген 

және  оларды  құрылыс  нормаларының  міндетті  талаптарына  сәйкес  жүзеге  асыруға 
мүмкіндік  беретін  ұсынылған  ережелер,  ережелер  мен  параметрлерді  қамтитын 
нормативтік-техникалық құжат. 

 

4 ҚАДАЛЫ ІРГЕТАСТАРДЫ ЖОБАЛАУ КЕЗІНДЕГІ ҚОЛАЙЛЫ  

ҚҦРЫЛЫСТЫҚ ШЕШІМДЕР 

 

4.1 Жалпы ережелер 

 
4.1.1

 

Қадалы іргетастарды: 

а) құрылыс үшін жүргізілген инженерлік ізденістер нәтижелерін; 
б) құрылыс ауданының сейсмикалық жағдайы туралы мәліметтерді; 
в)  ғимараттың  арналуын,  құрылымдық  және  технологиялық  ерекшеліктерін  және 

оны пайдалану жағдайларын сипаттайтын мәліметтерді; 

г) іргетастарға әсер ететін жүктемелерді; 
д) құрылыстандырылу жағдайларын және оларға тиетін жаңа құрылыстың әсерін; 
е) экологиялық талаптарды; 
ж) топырақтардың  беріктік,  деформациялық  сипаттамаларын  және  іргетастар 

материалдарының  физикалық-механикалық  қасиеттерін  ескере  отырып,  неғұрлым  толық 
пайдалануды қамтамасыз ететін нұсқаны қабылдау үшін, жобалық шешімнің нұсқаларын 
экономикалық-техникалық жағынан салыстыру мәліметтерін;  

ескере отырып, жобалау керек. 

 

4.1.2  Жобалау  кезінде,  ғимараттың  және  оны  пайдаланудың  барлық  мерзімдерінде, 

оның  беріктігін,  ұзақ  мерзімділігін,  және  үнемділігін  қамтамасыз  ететін  шешімдер 
қарастырылуға тиісті.  

Жұмысты  ӛндіру  және  құрылысты  ұйымдастыру  жобаларын  әзірлеу  кезінде, 

құрылыс  салынудың  барлық  кезеңдерінде,  құрылымдар  сенімділігін  қамтамасыз  ететін 
талаптар орындалуға тиісті. 

4.1.3  Жобалау  кезінде  құрылыстың  жергілікті  жағдайлары,  сонымен  қатар,  осыған 

ұқсас  инженерлік-геологиялық,  гидрогеологиялық  және  экологиялық  жағдайларда 
ғимараттарды  жобалау,  салу  және  пайдалану  бойынша  бар  тәжірибенің  ескерілгені  жӛн. 
Ол  үшін,  құрылыс  ұйымының  ӛндірістік  мүмкіндіктері,  оның  жабдықтану  деңгейі, 
құрылыстың  барлық  мерзіміндегі  пайда  болатын  климаттық  жағдайлар  және  т.б.  туралы 
мәліметтер анықталуға тиісті.  

Құрылыс  ауданының  климаттық  жағдайы  туралы  мәліметтер  нормативтік 

құжаттарға сәйкес қабылдануға тиісті. 

4.1.4 Қадалы 

іргетастарды  жобалау  жұмыстарының,  жобалауға  қойылатын 

техникалық тапсырмаға сәйкес жүргізілгені жӛн.  

4.1.5 Жобалау  кезінде,  ғимараттың  жауапкершілік  деңгейінің  ескерілгені  жӛн:  I  – 

жоғары, II - қалыпты, III - тӛмен. 

4.1.6 Құрылыс  үшін  инженерлік  ізденістер,  қадалы  іргетастарды  жобалау  және 

оларды  орнату  бойынша  жұмыстарды,  осы  жұмыстарды  жүргізуге  лицензиясы  бар 
ұйымдар жүргізуі керек. 

4.1.7 Қадалы  іргетастарды,  нормативтік  құжаттар  талаптарына  сәйкес  орындалған 

инженерлік ізденістер нәтижелер негізінде жобалау керек. 

Орындалған  инженерлік  ізденістер,  жаңа  құрылыстың  инженерлік-геологиялық 

жағдайларын  зерттеуді  қамтамасыз  етіп  қана  қоймай,  сонымен  қатар,  қадалы  іргетастар 
орнатылуының, ғимараттар мен үймереттердің және қоршаған ортаға әсерін тексеру үшін, 
сондай-ақ жобалауға, қажет болған жағдайда, қолданыстағы ғимараттардың негіздері мен 
іргетастарын күшейту үшін, қажетті мәліметтермен қамтамасыз ету керек.  

Тиісті  және  жеткілікті  инженерлік-геологиялық  негіздеме  жоқ  жағдайда  қадалы 

іргетастарды жобалауға болмайды. 

4.1.8 Тұрған  үймереттер  мен  ғимараттарға  жақын  жерлердегі  құрылыстарда, 

қағылатын немесе бұрғыланып енгізілетін қадалар және камуфлеттік ӛкшесі, жару арқылы 
жасалған, қадалар пайдаланылғанда, олардың құрылымдарына, сонымен қатар, олардағы 
тербеліске  деген  әсералғыш  машиналарға,  аспаптарға  және  жабдықтарға  тиетін 
динамикалық  әсерлерді  бағалау  қажет,  сондай-ақ,  қажет  жағдайларда,  қадаларды 
тәжірибелік  ендіру  және  орнату  кездеріндегі  жердің,  ғимараттардың  және  жерасты 
коммуникацияларының тербеліс ӛлшемдерінің ӛлшенуін қарастыру қажет.  

4.1.9 Қадалы  іргетастар  жобаларында  нақты  (іс-жүзіндегі)  ӛлшеулер  (мониторинг) 

жүргізілуі  қарастырылуға  тиісті.  Мониторингтің  құрамы,  кӛлемі  және  әдістері, 
ғимараттың  жауапкершік  деңгейіне  және  инженерлік-геологиялық  жағдайлардың 
күрделілігіне байланысты белгіленеді.  

Негіздер мен іргетастардың деформацияларының нақты ӛлшеулері, жаңа немесе әлі 

де  толық  зерттелмеген  құрылымдардың  немесе  іргетастардың  пайдаланылу,  сонымен 

ҚР ЕЖ 5.01-103-2013 
СП РК 5.01-103-2013 

қатар,  жобалауға  берілген  тапсырмада  нақты  ӛлшеу  жүргізу  бойынша  арнайы  талаптар 
бар болатын жағдайларда қарастырылады. 

4.1.10 Қадалы 

іргетастарды  орнату  кезінде  пайдаланылатын  топырақтар, 

материалдар,  бұйымдар  және  құрылымдар  жоба  талаптарын,  тиісті  стандарттар  мен 
техникалық  шарттардың  талаптарын  қанағаттандыруы  керек.  Тұрғызылатын  ғимараттың 
немесе  оның  негізінің  құрамына,  жоба  бойынша,  енетін  топырақтарды,  материалдарды, 
бұйымдарды  және  құрылымдарды,  тек  жобалаушы  ұйым  және  тапсырыс  берушінің 
келісімі бойынша алмастыруға болады. 

4.1.11 Жегілік  орта  жағдайында  пайдалануға  арналған  қадалы  іргетастарды, 

нормативтік құжаттар талаптарын ескере отырып, жобалау керек, ал қадалы іргетастардың 
ағаш  құрылымдарын  -  сонымен  қоса,  оларды  шіруден  және  кеміргіштердің 
зақымдануынан сақтау бойынша талаптарды ескере отырып, жобалаған жӛн.  

4.1.12 Қадалы  іргетастарды  тұтас  құймалы  және  құрастырмалы  бетоннан  немесе 

темірбетоннан  жобалау  және  орнату,  сонымен  қатар,  құрылыс  ӛндірісін  ұйымдастыру, 
геодезиялық  жұмыстар,  қауіпсіздік  техникасы,  құрылыс-тұрғызу  жұмыстар  кездеріндегі 
ӛрт  қауіпсіздігі  ережелері  және  қоршаған  ортаны  қорғау,  нормативтік  құжаттардың 
талаптарына сай орындалуға, тиісті.  

Жер  қазу,  негіздер  мен  іргетастарды  орнату  жұмыстарын  жүргізу  кезінде  кіріс, 

операциялық  және  қабылдау  бақылауларын  орындау  қажет.  Қадалы  іргетастар,  таса 
болған  жұмыстардың  куәләндіру  актілері  негізінде  қабылдануға  тиісті.  Қажет  болғанда, 
жобада,  аралық  қабылдауға  жататын  басқа  да,  таса  болған  жұмыстарды  куәләндіру  акті 
бойынша қабылданатын жайттар кӛрсетілуі мүмкін. 

4.1.13 Жобалау  кезінде,  топырақтың  экологиялық  таза  құнарлы  қабатын,  оны  әрі 

қарай  бұзылған  немесе  ӛнімділігі  аз  ауылшаруашылық  жерлерін  қалпына  келтіру, 
құрылыс ауданын кӛгалдандыру мақсатында пайдалану үшін (рекультивация) т.с.с, сырып 
алу қарастырылуға тиісті. 

4.1.14 Инженерлік-геологиялық  ізденістер  мәліметтері  бойынша,  топырақ  газдары 

(радон,  метан,  торин)  шығатын  аймақтарда  құрылыс  жүргізу  үшін,  топырақ  газдарының 
ғимаратқа  енуіне  қарсы,  топырақпен  жанасатын  құрылымдарды  оқшаулайтын  және 
газдың  концентрациясын  азайтуға  септігін  тигізетін  басқа  да,  санитарлық  нормалар 
талаптарына сәйкес, шаралар қабылдануға тиісті.  

 

4.2 Инженерлік-геологиялық ізденістерге қойылатын талаптар 

 
4.2.1 Инженерлік  ізденістер  нәтижелеріне,  іргетасты,  соның  ішінде  қадалысын 

таңдауға, қада түрін және оның ӛлшемдерін, қадаға түсетін есептік рауалы жүктемелерді 
анықтау  мен  құрылыс  алаңының,  инженерлік-геологиялық,  гидрогеологиялық, 
экологиялық жағдайларының ӛзгеру болжамын ескере отырып, шекті жағдайлар бойынша 
есептеулер  жүргізілуін  қамтитын,  сонымен  қатар,  оны  игеру  бойынша  инженерлік 
шаралардың кӛлемі мен түрі туралы, қажетті мәліметтер енуге тиісті.  

4.2.2 Техникалық  тапсырыста,  жалпы  мағлұматтардан  басқа,  қадалы  іргетастың 

болжамды түрі, қада ұзындығы және оған түсетін жүктеме туралы мәліметтер болу керек.  

 

4.2.3 Жалпы,  қадалы  іргетастарға  арналған  ізденістерге,  келесі  жұмыстар  кешені 

енеді:  

-  ұңғымаларды,  ӛтілетін  топырақтардың  сынамаларын  ала  және  оларды  сипаттай 

отырып, бұрғылау; 

-  топырақтардың физикалық-механикалық қасиеттеріннің және жерасты суларының 

зертханалық зерттеулері; 

- топырақтарды зондтау – статикалық және динамикалық; 
- топырақтарды прессиометрмен сынақтау; 
- топырақтарды штамптармен сынақтау (статикалық жүктемелермен); 
- топырақтарды нұсқалық және (немесе) тәжірибелік қадалармен сынақтау; 
- қадалы  іргетастардың  қоршаған  ортаға,  соның  ішінде,  жақын  орналасқан 

ғимараттарға  (жобалау  ұйымының  арнайы  тапсырмасы  бойынша)  әсерін  зерттеу 
тәжірибелік жұмыстарын жүргізу. 

4.2.4  Құрылыс  нысандарының  жауапкершілік  деңгейін  және  қадалы  іргетастардың 

түрін  ескермей  жүргізілетін,  міндетті  жұмыстардың  қатарына  ұңғымалар  бұрғылау, 
зертханалық  зерттеулер  және  статикалық,  құрамдастырылған  немесе  динамикалық 
зондтаулар жатады. Бұл жағдайда, статикалық және құрамдастырылған зондтау әдістерін 
қолдану  тиімділеу  болады,  себебі  топырақтардың  статикалық  зондтау  кӛрсеткіштерінен 
басқа, радиоактивтік каротаж кӛмегімен топырақтардың тығыздығы мен ылғалдылығы да 
анықталады. 

4.2.5 Жауапкершілігі  I және  II деңгейдегі нысандар үшін, жұмыстар, топырақтарды 

прессиометрлермен  және  штамптармен  нұсқалық  және  тәжірибелік  қадалармен  [2] 
сынақтауларымен  толықтырылғаны  қажет.  Осы  кезде,  топырақтардың  қабаттасуы  мен 
қасиеттері  бойынша  белгіленетін  біртектілігіне  байланысты,  топырақ  жағдайының 
күрделілік санаты анықталуға тиісті.  

4.2.6  Бұрғыланып  бұралатын  қадалардан  жасалған  құрылымдарды  қолдану  кезінде 

(жобалау  ұйымының  арнайы  тапсырмасы  бойынша)  жұмыс  құрамына,  жобалау  кезінде 
тағайындалған  шиыршық  ӛрменің  ӛлшемдерін  және  батырылу  жағдайын  анықтау 
мақсатында  жүгізілетін,  қаданы  тәжірибелік  батыру,  сонымен  қатар,  осы  қадаларды 
статикалық жүктемелермен тәжірибелік сынақтау жұмыстары кіруі керек.  

Құрамдастырылған  қадалы-тақталы  іргетастарды  пайдалану  кезінде  жұмыс 

құрамына,  топырақтарды  штамптармен  және  тәжірибелік  қадалармен  сынақтау 
жұмыстарын қосу қажет. 

4.2.7  Егер  жоба  бойынша,  қадаға  берілетін  кӛлденең  жүктеме  тік  жүктеменің  5 %-

ынан  асатын  болса,  онда  топырақтарды  қадалармен  кӛлденең  жүктемеге  сынақтаулар 
жүргізілуі керек. 

Қадаларға  жұлушы  немесе  құбылмалы  жүктемелер  түскен  кезінде,  сынақтау 

жұмыстарын жүргізу қажеттілігі, әрбір нақты жағдайға байланысты, анықталуға тиісті.  

4.2.8 Топырақтарды  тәжірибелік  және  нұсқалық  қадалармен  және  статикалық 

зондтау,  далалық  сынақтаулар  нәтижелері  бойынша,  қаданың  кӛтеру  қабілетін,  4.3  т. 
сәйкес, анықтаған жӛн. 

4.2.9 Топырақтарды  қадалармен,  штамппен  және  прессиометрлармен  сынақтау, 

әдетте,  ұңғымаларды  бұрғылау  және  зондтау  нәтижелері  мен  топырақтық  жағдайлары 
бойынша  таңдалған,  сынақ  алаңдарында  және  іргетастардың  айтарлықтай  жүктелген 

ҚР ЕЖ 5.01-103-2013 
СП РК 5.01-103-2013 

аймақтарында, сонымен қатар, топырақтық жағдайларына байланысты, қаданы батырылу 
мүмкіндігіне күмән келтіретін жерлерде жүргізіледі.  

Топырақтарды  статикалық  жүктемемен  сынақтауды,  деформация  модулін  анықтау 

үшін  және  сынақталатын  алаңдар  үшін,  зондтау  және  прессиометрлік  сынақтар 
мәліметтері  бойынша,  топырақтың  деформация  модулін  анықтауға  арналған, 
қолданыстағы нормативтік құжаттарда ұсынылатын ауыспалы коэффициентерді нақтылау 
мақсатында, ауданы 600 см

2

 бұрандалы штамппен, жүргізген дұрыс.  

4.2.10 Қадалы 

іргетастар  үшін  ізденістер  кӛлемін,  құрылыс  нысанының 

жауапкершілік деңгейіне және топырақ жағдайының күрделілігіне сәйкес белгілеген жӛн. 

Құрылыс  алаңында,  зерттелетін тереңдік  бойынша  кездесетін топырақтардың  түрін 

зерттеу  кезінде,  осал  топырақтардың  (борпылдақ  құмдар,  осал  сазбалшықтар, 
органикалық-минералды  және  органикалық  топырақтар)  қалыңдығына  ерекше  мән  беру 
қажет.  Аталған  топырақтардың  болуы,  қаданың  түрі  мен  ұзындығын,  құрамдас 
қадалардың  жапсарының  орналасуын,  қада  ростверкінің  қадамен  түйісу  сипатын 
анықтауға  және  қаданы  қағатын  құралдың  түрін  таңдауға  әсер  етеді.  Аталған 
топырақтардың жағымсыз қасеттерін, динамикалық және сейсмикалық әсерлер кезінде де 
ескерген жӛн. 

4.2.11 Инженерлік-геологиялық  қазбаларды  (ұңғымаларды,  зондтау  нүктелерін, 

топырақтардың  сынақталу  орындарын)  жобаланатын  ғимарат  тӛңірегі  бойынша  немесе 
топырақтық  жағдайлар  біркелкі  кезде  ғимараттан  5  м.,  ал  қадаларды,  қазаңшұңқыр 
қоршауы құрылымы ретінде, қолданған жағдайда-олардан 2 м., артық емес қашықтықта, 
орналастырған жӛн. 

4.2.12 Инженерлік-геологиялық 

қазбалардың  тереңдігі,  қадалар  қатарлармен 

орналасып, шоғырына түсетін жүктеме 3 МН аспайтын кезде, қадалардың астыңғы ұшы, 
жобаланатын  салу  тереңдігінен  5  м  кем  емес  болуы  керек  және  10  м  тӛмен,  егер  қада 
алаңының кӛлемі 10

10 м дейін және шоғырына түсетін жүктеме 3 МН артық болса. Қада 

алаңының кӛлемі 10

10 артық болған жағдайда және қадалы-тақталы құрамдастырылған 

іргетастар  қолданылған  жағдайда,  қазбалар  тереңдігі,  қадалар  тереңдетілетін  деңгейден 
қада алаңының немесе тақта енінен кем емес, бірақ 15 м артық болуы керек.  

Құрылыс  алаңында  қасиеттері  күрделі  топырақтар  (шӛккіш,  ісінгіш,  осал 

сазбалшықтар,  органикалық-минералдық,  органикалық  топырақтар,  борпылдақ  құмдар 
және  техногендік  топырақтар)  қабаттары  бар  болған  жағдайдағы  қазбалар  тереңдігін, 
барлық  осал  қабаттар  қалыңдығынан  ӛтіп,  берік  топырақтарға  дейінгі  тереңдік  пен 
олардың сипаттамаларын анықтау үшін қабылдайды.  

4.2.13 Қадалы  іргетастарға  арналған  ізденістер  кезінде,  топырақтардың,  қадалы 

іргетастарды  шекті  күйлер  бойынша  есептеуге  қажетті,  физикалық,  беріктік  және 
деформациялық сипаттамалары анықталуға тиісті. 

Әрбір  инженерлік-геологиялық  түзіліс  үшін,  топырақтардың  сипаттамаларының 

анықталу сандары, оларды [5] сәйкес, статистикалық ӛңдеуге жеткілікті болуы керек. 

4.2.14 Құмдар  үшін,  құрылымы  бұзылмаған  сынаманы  алу  қиындығын  ескере 

отырып,  барлық  жауапкершілік  деңгейіндегі  нысандар  үшін,  құмның  тығыздығы  мен 
беріктік  сипаттамаларын  анықтаудың  негізгі  әдісі  ретінде  -  статикалық  немесе 
динамикалық зондтауларды қарастырған жӛн.  

 

Зондтау, жауапкершілігі  III деңгейдегі нысандар үшін, құмдардың да, сазбалшықты 

топырақтардың  да  деформация  модулін  анықтаудың  негізгі  әдісі  және  жауапкершілігі 
I және  II  деңгейдегі  нысандар  үшін,  деформация  модулін  (прессиометриялық  және 
штамптық сынақтаулармен қатар жүргізілетін) анықтау әдістерінің бірі болып қала береді. 

4.2.15 Қайта  құрылымданатын  үймереттер  мен  ғимараттардың  негіздерін  күшейту 

үшін  қадалы  іргетастарды  пайдалану  кезінде,  инженерлік-геологиялық  ізденістер 
жүргізілу барысында, қосымша, іргетастар негіздерін зерттеу және аспаптық геодезиялық 
бақылау жұмыстары орындалуға тиісті.  

Сонымен қатар, ізденістердің жаңа материалдарының, бар мұрағаттық мәліметтерге 

деген  сәйкестігі  анықталып  және  қайта  құрылымданатын  үймереттердің  немесе 
ғимараттардың құрылысы мен пайдалануына байланысты болған инженерлік-геологиялық 
және гидрогеологиялық ӛзгерістер туралы қорытынды жасалынуға тиісті.  

 

Ескерту  -    Іргетастар  мен  үймерет  құрылымдарының  техникалық  күйінің  тексере  зерттелуін, 

тапсырма бойынша, мамандандырылған ұйым жүргізуге тиісті.  

 
4.2.16 Іргетастар негіздеріне тексеру жүргізер алдында:  
- үймереттің  жоғарғы  құрылымының  жағдайын  кӛріп  бағалау,  сонымен  қатар, 

жарықшақтарды  белгілеу,  олардың  ӛлшемдері  мен  сипатын  анықтау,  жарықшақтарға 
шамшырақтар орнату керек; 

- негізге кері әсер ететін себептерді анықтау мақсатында үймереттің пайдалану күйін 

анықтау қажет; 

- жерасты  коммуникациялық  және  дренаждық  жүйелер  мен  олардың  жағдайлары 

анықталуға тиісті; 

- инженерлік-геологиялық  ізденістердің  мұрағаттық  материалдарымен  танысқан 

жӛн. 

Әркелкі шӛгулерді (жантаюларды, иілістерді, салыстырмалы ауытқуларды) анықтау 

үшін,  қайта  құрылымданып  жатқан  үймереттің  құрылымдарының  және  іргелерінің 
орналасуларына геодезиялық түсірілім жүргізу қажет. 

Қайта құрылымданатын үймеретті тексеру кезінде, қоршаған аймақтың және жақын 

орналасқан үймереттердің жағдайлары ескерілуге тиісті. 

4.2.17 Іргетастар  негіздерін  және  іргетастық  құрылымдардың  жағдайын  тексеру, 

іргетастар табандарының астынан және қабырғаларынан топырақ сынамалары алынатын, 
шурфтарды  қазу  арқылы  жүргізіледі.  Шурф  тереңдігі  аршылатын  іргетас  табынан  0,5 м-
1 м тӛмен  болу керек.  Шурф  тереңдігінен тӛмен орналасқан топырақтардың инженерлік-
геологиялық  құрылымы,  гидрогеологиялық  жағдайлары  мен  қасиеттері,  ғимарат  немесе 
құрылым  бойымен,  олардан  5  м  артық  емес  қашықтыққа  жүргізілетін  бұрғылау  және 
зондтау арқылы тексерілуге тиісті. 

4.2.18 Қайта құрылымданатын үймереттер мен ғимараттардың негіздері, қағылатын, 

басылып  батырылатын,  бұрғыланатын  немесе  бұрғы-иньекциялық  қадаларды  орнату 
арқылы  күшейтілу  кезіндегі,  бұрғылау  және  зондтау  тереңдігін,  5.12  нұсқауы  бойынша 
қабылдау керек. 

ҚР ЕЖ 5.01-103-2013 
СП РК 5.01-103-2013 

4.2.19  Инженерлік-геологиялық  ізденістер  нәтижелерінің  техникалық  есепнамасы, 

қадалы  іргетастарды  жобалау  құрастырылуға  арналған  норомативті  құжаттарға  сәйкес 
жасалады. 

Топырақтардың  барлық  сипаттамалары,  алаңның  инженерлік-геологиялық  және 

гидрогеологиялық жағдайларындағы мүмкін деген ӛзгерістердің (құрылыс кезіндегі және 
ғимаратты пайдалану кезіндегі) болжамы ескеріле келтірілуге тиісті.  

Тәжірибелік  қадалардың  статикалық  немесе  динамикалық  жүктемелермен 

сыңақталулары жүргізілген болса, онда олардың да нәтижелерін келтірген жӛн.  

Егер  құрылыс  алаңында  жегілік  қасиеттері  бар  жерасты  сулары  болса,  онда 

қадаларды сақтайтын қорғаныс шаралары ұсынылуға тиісті. 

Құрылыс  алаңында,  күрделі  топырақтардың  түрлі  қабаттары  және  қауіпті 

геологиялық  үрдістер  (карсттық-суффозиялық,  шӛккін  және  т.б.)  орын  алса,  олардың 
таралуы және пайда болу қарқыны туралы мәліметтер сарапталуға тиісті. 

 

4.3 Қадалардың жіктелуі 

 
4.3.1 Топыраққа батыру әдістеріне қарай қадалардың келесі түрлерін айырады: 
а) топыраққа,  оны  шығармай  немесе  бағыттық  ұңғымаларға  балғалардың,  дірілді 

батырғыштардың,  дірілдете  басып  батыратын,  дірілдете  соққылайтын  және  басып 
батыратын  құрылғылар  кӛмегімен  қағылатын  (басып  батырылатын)  темірбетон,  ағаш 
және болат қадалар, сондай-ақ топырақты жарым-жартылай шығарып, не шығармай және 
бетондық  қоспалармен  толтырмай,  дірілді  батырғыштармен  түсірілетін,  диаметры  0,8  м 
аспайтын темірбетонды қабыршақ қадалар;  

б) топырақ  түгел  шығарылып  және  бетон  қоспалармен  түгел  немесе  жарым-

жартылай  толтырылып  дірілді  батырғыштармен  жобалы  тереңдікке  түсірілетін 
темірбетонды қабыршақ қадалар;  

в) топырақты  күштеп  шығару,  ығыстыру  нәтижесінде  пайда  болған  ұңғыма  бетон 

қоспаларымен толтырылып орнатылатын құймалы бетон және темірбетонды қадалар;  

г) бұрғыланған  ұңғымаларды  бетон  қоспаларымен  толтыру  немесе  оларға 

темірбетондық құрылымдарды қою арқылы топырақта орнатылатын бұрғылы темірбетон 
қадалар;  

д) бұралмалы қадалар;  
е) бұрғыланып бұралатын қадалар. 
4.3.2 Қадаларды,  топырақпен  әрекеттестігі  бойынша,  тірелген  (тірек-қада)  және 

топыраққа қапсырылған (ілмелі) қадалар деп айырған жӛн.  

Тірілген қадаларға жартасты топырақтарға орнатылытын қадалардың барлық түрлері 

жатқызылады  да,  сонымен  қатар  қағылатын  қадалардың  аз  сығылатын  топырақтарға 
тірелген түрлері де.  

Тірелген қадалардың қысатын тік жүктеме жағдайындағы кӛтеру қабілетін топырақ 

бойынша  есептегенде,  бүйір  жақтарында  пайда  болатын  теріс  үйкеліс  күштерінен  басқа, 
топырақтардың кедергі күштері есепке алынбайды.  

Қапсырылған  қадаларға  сығылатын  негіз  топырақтарына  жүктемелерді  бүйір  жақ 

беттерімен және тӛменгі жақтарымен тарататын қадалардың барлық түрлері жатады. 

 

 

Ескертпе  -  Аз  сығылатын  топырақтарға,  құрамында  тығыз  және  тығыздығы  орташа  құмды 

толтырғыштар бар ірі сынықты топырақтар, сонымен қатар деформация модулі 

E

 ≥ 50 МПа суға қаныққан 

қатты күйдегі балшықтар жатады. 

 
4.3.3 Кӛлденең қимасының ӛлшемдері 0,8м-ге дейінгі қағылатын темірбетон қадалар 

мен диаметрі 1м-ден асатын қабыршақ қадалар келесі түрлерге бӛлінеді:  

а) арматуралау  (салымдау)  әдісі  бойынша-керілмеген  бойлық  салыммен  кӛлденең 

салымданған  және  алдын-ала  керілген  желілі  немесе  бойлық  сымды  салыммен  (беріктігі 
жоғары  сым  және  салым  арқандары)  салымданған  немесе  салымданбаған  қадалар  және 
қабыршақ қадалар;  

б) кӛлденең  қимасының  пішіні  бойынша-шаршы,  тікбұрышты,  қималары  тавр  және 

қоставр тәрізді, дӛңгелек қуысты шаршы, қуыс қимасы дӛңгелек түріндегі қадалар;  

в)  сара  бойлық  қимасының  пішіні  бойынша-призмалы,  цилиндрлі  және  бүйір 

қырлары кӛлбеу (пирамида, трапеция, ромб тәрізді);  

г) құрылымдық  ерекшеліктері  бойынша-тұтас  және  құрамалы  (жеке  секциялардан 

тұратын) қадалар;  

д) тӛменгі  ұшының  құрылымы  бойынша  ұшы  үшкірленген  немесе  жазық  ұшты 

қадалар,  жалпағынан  немесе  кӛлемі  ұлғайтылған  (шоқпар  тәрізді)  және  тӛменгі  жағы 
ашық немесе жабық қуыс қадалар, камуфлет ӛкшелі қадалар.  

 

Ескертпе - Камуфлет ӛкшелі қаданы орнату үшін тӛменгі жағы қуыс болат ұштықпен жабдықталған 

қуыс  қаданы  қағып,  оның  іші  мен  болат  ұштықты  бетон  қоспаларымен  толтырады  да,  ұштықтың  ішінде 
камуфлет ӛкшені жарады. Мұндай қадалар жобаларында бұрғылау жару жұмыстарын жүргізу ережелерінің 
шарттарын сақтау туралы нұсқаулар қарастырылуға тиісті.

 

 
4.3.4 Толтырылатын  қадалар,  орнатылу  әдісіне  байланысты,  келесі  топтарға 

бӛлінеді:  

а) құйма қадалар, тӛменгі жағы табанмен не болмаса бетондық тығынмен бекітілген 

арнайы  ұңғыма  қабырғаларын  ұстап  тұратын  құбырды  топыраққа  батырып,  соңынан 
ұңғыманы  бетон  қоспасымен  толтыру  барысында  құбырды  қайта  шығарып  алу  арқылы 
орнатылады;  

б) дірілді  штамппен  нығыздалған  құйма  қадалар,  тесілген  ұңғыманы,  тӛменгі  жағы 

үшкірленген,  дірілді  батырғыш  бекітіліп  құбыр  түрінде  жасалынған  дірілді  штамп 
кӛмегімен нығыздалынатын қатқыл бетон қоспасымен толтырып орнатады;  

в) штампталған  орынға  құйылатын  қадалар,  штамптау  әдісімен  топырақ  ішінде 

пирамида және конус  пішініндегі  ұңғымалар дайындалып, бетон қоспасымен толтырылу 
арқылы орнатылады. 

4.3.5 Бұрғылы қадалар орнатылу тәсіліне байланысты келесідей бӛлінеді:  
а) жерасты  суларының  деңгейінен  жоғары  орналасқан  балшықты  топырақта 

қабырғасы  бекітілмей  бұрғыланған  ұңғымада,  ал  жерасты  суларының  деңгейінен  тӛмен 
орналасқан  кез-келген  топырақта  қабырғасы  балшықты  ертіндімен  немесе  қайта 
суырылып  алынатын  арнайы  құбырмен  бекітіліп  бұрғыланған  ұңғымада  бетондалатын, 
тұтас қималы ұшы жалпақтау, не кәдімгі бұрғыланып толтырылған қадалар;  

ҚР ЕЖ 5.01-103-2013 
СП РК 5.01-103-2013 

10 

б)  кӛп  секциялы  дірілді  ӛзекшелерді  қолдану  арқылы  орнатылатын  қуыс,  дӛңгелек 

қималы, бұрғыланып толтырылған қадалар;  

в)  ұңғыма  табанына  шақпақтасты  таптау  арқылы  ӛкшесі  тығыздалған  бұрғыланып 

толтырылған қадалар;  

г) бұрғыланып,  түп  жағынан  жарылыс  жасап  кеңейтілген  ұңғыманы  бетон 

қоспасымен  толтыру  арқылы  орнатылатын  камуфлет  ӛкшелі  бұрғыланып  толтырылған 
қадалар;  

д) бұрғыланған  ұңғымаға  цемент-құм  ертіндісін  немесе  ұсақ  түйіршікті  бетон 

қоспасын белгілі қысыммен толтыру немесе ұңғыма маңайындағы топырақты разрядтық-
импульстық  технология  бойынша  нығыздау  арқылы  орнатылатын,  диаметрі  0,15м-0,25м 
бұрғыланып инъекциямен толтырылған қадалар;  

е) қуыс шнек кӛмегімен орнатылатын бұрғы инъекциялық қадалар;  
ж) кеңейтіліп  не  кеңейтілмей  бұрғыланған  ұңғымаға  қатыратын  цемент-құм 

ертіндісін  тӛсеп,  жақтары  немесе  диаметрі  0,8  м  кем  емес  цилиндр  немесе  призма 
түріндегі құрылымдардан орнатылатын баған-қадалар;  

з) бұрғы  түсірмелі  камуфлет  ӛкшелі  қадалардың,  камуфлет  ӛкшелі  бұрғыланып 

толтырылған  қадалардан  айырмашылығы,  ұңғымада  камуфлетті  кеңейту  жасалып 
толтырылған сон, оған дайын темірбетон қада түсіріледі. 

 

Ескертпелер 
1  Егер  іргетастар  құрылымында  (бұрғыланып  толтырылған  қаданы  орнату  кезінде  топырақ 

қабатындағы  сүзілу  ағынының  жылдамдығы  200м/тәулік  кӛп  болса,  бұрғыланып  толтырылған  қада 
қозғалған  жылжымалы  беткейлерді  бекітетін  және  басқа  да  орынды  жағдайларда)  басқа  шешімді  қолдану 
мүмкін болмаса, онда түсірілген арнайы құбырды топырақта қалдыруға болады. 

2  Бұрғыланып  толтырылған  қадаларды  суға  қаныққан  балшықты  топырақта  орнатқан  кезде, 

ұңғымалар қабырғаларын бекітуге судың артық қысымын пайдалануға болады.  

 

4.3.6 Темірбетон және бетон қадаларды ауыр бетоннан жобалау керек.  
Мемлекеттік стандарт жасалынбаған бойлық керілмеген, болат салымды, қағылатын 

темірбетон  қадаларда,  сонымен  қатар  толтырылатын  және  бұрғылы  қадаларда  бетонның 
беріктік  тобы  В15-тен,  керілген  болат  салымды,  қағылатын  темірбетон  қадаларда  В22.5-
тен тӛмен қабылданбауға тиісті.  

4.3.7 Қадалы 

іргетастардың  темірбетон  ростверктері,  беріктік  тобы-құрама 

ростверктер  үшін  В20-дан,  ал  тұтас  құйма  ростверктер  үшін  В15-тен  кем  емес,  ауыр 
бетоннан жобалануға тиісті. 

4.3.8 Қадалардың 

ростверктеріндегі 

тосбағандарға 

темірбетон 

бағандарды 

(ұстындарды)  және  құрама  таспалы  ростверктерде  қадалардың  бас  жақтарын  құйып 
бекітуге арналған бетон тобын В15 тӛмен емес етіп қабылдау керек. 

4.3.9 Қадалар  мен  қадалар  ростверктері  бетонының,  аязға  тӛзімділігі  және 

суӛткізбеушілігі  бойынша  маркаларын,  құрылыстық  нормаларының  талаптарына  сай 
тағайындау керек. 

4.3.10 Пакеттік  қадалардың  кӛлденең  қима  ӛлшемдерін,  ұзындығын  және 

конструкциясын,  жобалайтын  нысанның  ерекшелігіне  сәйкес,  есептеу  нәтижелері 
бойынша қабылдайды. 

 

11 

 
4.4 Қадалы іргетастарды жобалау 

 

4.4.1 Есептеулер бойынша берілетін негізгі нҧсқаулар 

 
4.4.1.1 Қадалы  іргетастарды  және  олардың  негіздерін  есептеу  шектік  күйлер 

бойынша орындалуға тиісті: 

1) бірінші топтың: 
  а) қадалар мен қадалық ростверктер материалының беріктігі бойынша; 
  б) қадалар негізіндегі топырақтың кӛтеру қабілеті бойынша; 
  в)  қадалы  іргетастардың  негіз  топырағының  кӛтеру  қабілеті  бойынша,  егер  оларға 

едәуір кӛлденең (тірек қабырғалар, кергі құрылымдардың іргетастары және т.б.), сонымен 
қатар,  сейсмикалық  жүктемелер  берілетін  болса  және  де  ғимарат  құламада  немесе  оған 
жақын орналасса немесе негіз тікеңісті топырақ қабаттарынан құралса;  

2) екінші топтың: 
  а) қадалар  негіздерінің  және  қадалы  іргетастардың  тік  салмақтан  шӛгулері 

бойынша; 

  б) қадалардың,  негіздер  топырағымен  бірге,  кӛлденең  жүктемелер  мен  аударушы 

күштер  әсерінен  ауытқулары  (кӛлденең  және  қада  басының  бұрылуы  бұрыштары) 
бойынша; 

  в) қадалы  іргетастардың  темірбетон  құрылымдарында  жарықшақтардың  пайда 

болуы немесе олардын шектен тыс ашылуы бойынша. 

Егер,  конструктивтік  іс-шаралар,  жобаланатын  іргетасты  жылжудан  сақтайтын 

болса,  онда  «в»  бӛлімінде  реттелген  кӛтеру  қабілеті  бойынша  есептеулерді  жүргізбеуге 
болады.  

4.4.1.2 Қадалы іргетастар негіздерінің есептеулерінде күштік факторлар мен сыртқы 

ортаның қолайсыз әсерлерінің бірігіп әсерлесулерін (мысалы, топырақтардың физикалық-
механикалық қасиеттеріне жерасты суларының әсері) ескеру қажет.  

Имарат  пен  оның  негізін  біріктіре  отырып  қарастыру  керек,  яғни  ғимарат  пен 

сығылатын негіздің әрекеттестігі ескерілуге тиісті. 

«Имарат-негіз»  немесе  «іргетас-негіз»  жүйелерінің  есептік  сұлбасын,  ғимарат 

құрылымдары  мен  негізінің  (имараттың  статикалық  сұлбасының,  оны  тұрғызу 
ерекшеліктерінің,  топырақтың  қатпарлану  сипатының,  негіз  топырақтары  қасиеттерінің, 
олардың  имаратты  салу  және  пайдалану  кездеріндегі  ӛзгеру  мүмкіндіктерінің  және  т.б.) 
деформациялары мен кернеулік күйін анықтайтын ең маңызды себептерді ескере отырып, 
таңдау  қажет.  Құрылымдардың  кеңістіктік  жұмысын,  геометриялық  және  физикалық 
сызықсыздығын,  анизотроптығын,  материалдар  мен  топырақтардың  иілімділік  және 
реологиялық  қасиеттерін,  іргетас  астында  иленгіштік  деформациялар  пайда  болуын 
ескеру керек. 

Негіздердің  статикалық  біртексіздігін,  жүктемелердің  кездейсоқ  табиғатын, 

құрылым материалдарының құрамы мен әсерлерін ескеретін ықтималды есеп әдістерін де 
қолдануға болады. 

ҚР ЕЖ 5.01-103-2013 
СП РК 5.01-103-2013 

12 

4.4.1.3 Қадалы  іргетастар  есептеулерінде  ескерілетін  жүктемелер  мен  әсерлердің 

сенімділік  коэффициентері,  сонымен  қатар,  жүктемелердің  мүмкін  деген  бірлесулері 
норомативті құжаттар талаптарына сәйкес қабылдануға тиісті.  

4.4.1.4 Қадалардың 

және  қадалы  іргетастардың  кӛтеру  қабілеті  бойынша 

есептеулерін  негізгі  және  ерекше  жүктемелер  бірігуіне  сәйкес,  ал  деформациялар 
бойынша негізгі бірігуіне сәйкес жүргізу керек.  

4.4.1.5 Кӛпірлер  мен  гидротехникалық  ғимараттардың  қадалы  іргетастарының 

жүктемелерін,  әсерлерін,  олардың  бірлесулерін  және  жүктемелер  бойынша  сенімділік 
коэффициентерін сәйкес нормативтік құжаттар талаптарына сай қабылдау керек. 

4.4.1.6 Қадалардың,  қадалы  іргетастардың  және  олардың  негіздерінің  барлық 

есептеулерінде  материалдар  мен  топырақтардың  сипаттамаларының  есептік  мәндері 
пайдаланылуға тиісті.  

Қадалардың  және  қада  ростверктерінің  материалдар  сипаттамаларының  есептік 

мәндерін нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес қабылдау керек. 

Топырақтар 

сипаттамаларының, 

қада 

орнатылатын 

топырақтың 

тӛсеніш 

коэффициентінің 

с

z

, есептік мәндерін [5] сәйкес анықтау керек. 

Қаданың  тӛменгі  ұшындағы 

R

  және  қаданың  іргелі  бетіндегі 

f

i

  топырақтың  есептік 

кедергісін кесте бойынша анықтау қажет.  

Далалық сынақтар нәтижелері болған кезде, қадалар негіз топырағының кӛтергіштік 

қабілетін,  топырақты  статикалық  зондтау,  топырақты  нұсқалық  қадалармен  сынақтау 
немесе  қаданы  динамикалық  сынақтау  мәліметтерін  ескере  отырып,  анықтау  қажет. 
Қадаларды  статикалық  жүктемемен  сынақтау  жүргізілсе,  қада  негіз  топырағының 
кӛтергіштік қабілетін осы сынақтаулар нәтижелері бойынша қабылдаған жӛн. 

Тәжірибелік  қадалардың  статикалық  сынақтары  жүргізілмеген  нысандар  үшін, 

ғимараттың  жауапкершілік  деңгейін  ескере,  када  негізіндегі  топырақтың  кӛтергіштік 
қабілетін мүмкін деген бірнеше әдістермен анықтауға болады.  

4.4.1.7 Қадалардың  және  қада  ростверктер  материалдарының  беріктігі  бойынша 

есептеулерді нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жүргізу керек.  

Қадалы  іргетастар  темірбетон  құрылымдарының  жарықшақтар  пайда  болуы  және 

ашылуы  бойынша  есептеулері  нормативтік  құжаттар  талаптарына  сәйкес  жүргізілуге 
тиісті.  

4.4.1.8 Қадалардың  барлық  түрлерін  материалының  беріктігі  бойынша  есептегенде 

қаданы,  ростверк  табанынан 

1

l

 

кем  емес  қашықтықта  орналасқан,  тӛмендегідей  формула 

бойынша анықталатын, топыраққа қатқыл бекітілген баған ретінде қарастыру қажет: 

 

2

0

1

l

l

(1) 

 
мұнда 

0

l

-  қада  бӛлігінің,  биік  ростверк  табанынан  топырақ  тегістелу  деңгейіне  дейінгі, 

ұзындығы, м; 

 - деформациялану коэффициенті, 1/м. 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

//////////////////////////