СП РК 3.03-107-2013 АВТОЗАПРАВОЧНЫЕ СТАНЦИИ СТАЦИОНАРНОГО ТИПА (ҚР ЕЖ 3.03-107-2013) - 1

 

  Главная      Книги - Разные     СП РК 3.03-107-2013 АВТОЗАПРАВОЧНЫЕ СТАНЦИИ СТАЦИОНАРНОГО ТИПА (ҚР ЕЖ 3.03-107-2013)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

   

 

   

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

 

СП РК 3.03-107-2013 АВТОЗАПРАВОЧНЫЕ СТАНЦИИ СТАЦИОНАРНОГО ТИПА (ҚР ЕЖ 3.03-107-2013) - 1

 

 

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ
Государственные нормативы в области
архитектуры, градостроительства и строительства
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
СТАЦИОНАРЛЫҚ ТИПТЕГІ
АВТОЖАНАРМАЙ СТАНЦИЯЛАРЫ
АВТОЗАПРАВОЧНЫЕ СТАНЦИИ
СТАЦИОНАРНОГО ТИПА
Ресми басылым
Издание официальное
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер
ресурстарын басқару комитеті
Комитет по делам строительства, жилищно-коммунального
хозяйства и управления земельными ресурсами
Министерства национальной экономики Республики Казахстан
Нұр-Сұлтан 2020
СП РК 3.03-107-2013*
АЛҒЫ СӨЗ
1
ӘЗІРЛЕГЕН:
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ, «ЗЦ АТСЭ» ЖШС
2
ҰСЫНҒАН:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және
жер ресурстарын басқару комитетінің Техникалық реттеу және
нормалау басқармасы
3
БЕКІТІЛІП,
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
ҚОЛДАНЫСҚА
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және
ЕНГIЗІЛДІ:
жер ресурстарын басқару комитетінің
2014 жылғы
«29»
желтоқсандағы № 156-НҚ бұйрығымен 2015 жылғы 1-шілдеден
бастап
ПРЕДИСЛОВИЕ
1
РАЗРАБОТАН:
АО «КазНИИСА», ТОО «ЗЦ АТСЭ»
2
ПРЕДСТАВЛЕН:
Управлением технического регулирования и нормирования
Комитета по делам строительства, жилищно-коммунального
хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства
национальной экономики Республики Казахстан
3
УТВЕРЖДЕН(Ы)
Приказом Комитета по делам строительства, жилищно-
И ВВЕДЕН В
коммунального хозяйства и управления земельными ресурсами
ДЕЙСТВИЕ
Министерства Национальной экономики Республики Казахстан
от 29.12.2014 № 156-НҚ с 1 июля 2015 года
Осы мемлекеттік
норматив Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы
және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатынсыз ресми
басылым ретінде толық немесе ішінара қайта шығаруға, тираждауға және таратуға
болмайды.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс
және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2020 жылғы 4 қаңтардағы №4 - НҚ
бұйрығына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично
воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без
разрешения Уполномоченного государственного органа по делам архитектуры,
градостроительства и строительства Республики Казахстан.
Внесены изменения и дополнения в соответствии с приказом Комитета по делам
строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и
инфраструктурного развития Республики Казахстан от 4 января 2020 года №4- НҚ.
II
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
IV
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
1
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
1
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
2
4 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3
5 СТАЦИОНАРЛЫ ТИПТІ АЖС-ң БАС ЖОСПАРЫН ЖОБАЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ 3
6 ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАРДЫ ЖОБАЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
13
7 АЖС-ның ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН
ЖОБАЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
16
7.1 Сумен жабдықтау және кәріз жүйелері
16
7.2 Жылу және желдету жүйелері
17
7.3 Электрмен жабдықтау, жайдан қорғау, байланыс
18
8 АЖС-ны ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР . 18
9 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЕРЕЖЕЛЕР
21
10 ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛАПТАРЫ
23
11 ЭЛЕКТРОХИМИЯДАН ҚОРҒАУ
23
12 АЖС-НЫ ПАЙДАЛАНУ ҚАУІПСІЗДІГІ
24
А ҚОСЫМШАСЫ (ақпараттық) АЖС-ны орналастыру нормалары мен тәртібі
28
III
КІРІСПЕ
Осы мемлекеттік ережелер жинағы құрылыс нормаларында келтірілген міндетті
талаптарды орындау және жетілдіру мақсатында жасалған және жобалауға байланысты
тиімді шешімдерді көрсетеді.
Осы ережелер ҚР ҚН 3.03-07-2013 «Стационарлы типті автокөлікке жанар-жағармай
құю станциялары» құрылыс нормаларындағы міндетті талаптарды орындауға және
жетілдіруге арналған және басқа да дербес мәселелер бойынша жетік заңдарды ұсынады.
Осы ережелер «Нормативтік сілтемелер» бөлімінде келтірілген басқа да нормативтік
актілермен және техникалық құжаттармен бірлесе қолданылып, өзара байланысты
құжаттар кешенін құрайды. Стационарлы типті автокөлікке жанар-жағармай құю
станцияларын жобалау саласында пайдалануға ұсынылады.
IV
СП РК 3.03-107-2013*
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
СТАЦИОНАРЛЫҚ ТИПТЕГІ АВТОЖАНАРМАЙ СТАНЦИЯЛАРЫ
АВТОЗАПРАВОЧНЫЕ СТАНЦИИ СТАЦИОНАРНОГО ТИПА
Енгізілген уақыты 2015-07-01
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
1.1 Бұл ережелер жинағы ҚР ҚН 3.03-07 құрылыс нормаларының талаптарын дамыту
мақсатында әзірленген.
1.2 Аталған ережелердің басты мақсаты тұтынушыларға көмек ретінде
стационарлық типтегі автожанармай станцияларын (бұдан әрі - АЖС) жобалау үдерісінде
қажет болатын тиімді шешімдерді ұсыну.
Тиімді шешімдер құрылыс нормаларының талаптарын орындаудың жалғыз тәсілі
болып табылмайды.
1.3 Бұл ережелер жинағында АЖС-ны жобалау құрылысы мен оны пайдалану
барысында, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қоса, адамдардың өмірі мен
денсаулығын өндірістік ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғау мақсатында АЖС
орналастыруға, жобалауға, құрылысына, қайта құрылысына және техникалық қайта
жарақтандыруға қойылатын жалпы талаптар негізделеді.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы ережелер жинағын қолдану үшін келесі нормативтік сілтемелік құжаттар қажет:
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №245-2 «Автокөлік жолдары»
заңы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы №14 Қаулысымен
бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2005 жылғы 29 маусымдағы
№311 бұйрығымен бекітілген
«Жанар-жағармай құю станцияларын пайдалану мен
жабдықтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар», Қазақстан
Республикасының Әділет Министрлігінде 2005 жылы 29 шілдеде № 3759 тіркелген.
ҚР ҚН 3.03-07-2012 Технологиялық жобалау. Стационарлық типтегі автожанармай
станциялары.
Ресми басылым
1
Ескерту-Ереженің осы жинағын пайдалану кезінде ағымдағы жылға жыл сайын
шығарылатын ақпараттық тізбелер мен көрсеткіштер бойынша және ағымдағы жылы
жарияланған тиісті ай сайын шығарылатын ақпараттық бюллетеньдер мен көрсеткіштер
бойынша сілтеме нормативтік құжаттардың қолданылуын тексерген жөн. Егер сілтеме
құжаты ауыстырылса (өзгертілсе), онда Ереженің осы жиынтығын пайдалану кезінде
ауыстырылған
(өзгертілген) құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтеме құжаты
ауыстырылмаған болса, онда оған сілтеме берілген Ереже осы сілтемені қозғамайтын
бөлігінде қолданылады.
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Бұл ережелер жинағында
төмендегі терминдер мен тиісті анықтамалар
қолданылады:
3.1 АЖС (Автожанармай құю станциясы): Көлік құралдарына сұйық мотор майын
құюға арналып жабдықталған жол бойында орналасқан кешен.
3.2 Автожанармай бекетінің аймағы: Көлік құралдарына бензин және дизель
майын құюға арналған орындар.
3.3 Санитариялық-қорғаныс аймағы: Ерекше пайдалану режиміндегі арнайы
аймақ, ол қоршаған орта мен адам денсаулығына ықпал ететін нысандар мен өндірістердің
айналасында орналасады.
3.4 АЖС Бас жоспары: Жоспарлау, құру, жобалау және басқа да құрылысты игеру
істері бойынша жобалық құжат.
3.5 Стационарлы АЖС: Автожанармай құю кешені, елді мекендерде, сондай-ақ
автокөлік жолдарында орналасатын мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау және шығаруға
арналған жерасты немесе жер үсті қоры бар және стационарлы жанармай тарату
шүмектері бар кешендер.
3.6 «Резервуардың кіші тыныстауыª: Резервуардың «кіші тыныстауы» деп одан
мұнай буларын шығарып жіберу немесе оған сұйық деңгейі өзгермейтін жағдайда
резервуардың газды кеңістігіндегі қысымның өзгеруі салдарынан атмосфералық ауаның
келіп түсуі ұғынылады. Бұл құбылыс резервуардың температурасы және атмосфералық
ауа өзгерген жағдайда орын алады.
3.7«Резервуардың үлкен тыныстауыª: Резервуардың үлкен тыныстаулары деп
одан мұнай өнімін ағызған (босатқан) және толтырған кездегі олардың демді ішіне
тартуын және сыртқа шығаруын ұғыну керек. Резервуарлардың үлкен тыныстауы кезінде
жарылыс қаупі бар қоспа қордаланып қалуы мүмкін.
3.8 Катодтық қорғаныс қондырғысы - КҚҚ.
3.9 Дренаждық қорғаныс қондырғысы - ДҚҚ.
3.10 Протекторлық қорғаныс қондырғысы - ПҚҚ.
3.11 Электроқосқыштар - ЭҚ.
3.12 Автожанармай құю кешені - АЖҚК.
3.13 Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету станциясы - АТҚС.
2
3.14 Бақылау-өлшеу аспаптары - БӨА
4 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
4.1 Стационарлық типтегі автожанармай станциялары
(АЖС) - шынжыртабанды
көліктен бөлек, көлік құралдарына сұйық мотор майын құюға арналған шектеулі аймақты
алып отырған ғимарат, жабдықтар кешені.
4.2 АЖС-да май, консистентті жағармай, автокөліктің және де басқа көліктердің
қосымша құрылғылары сатылады, жеке көлік иелерінен өңделген май және мұнай
өнімдерінің ұсақ ыдыстары қабылданады, автокөліктерге сервистік қызмет көрсетіледі.
4.3 АЖС келесі түрлерге бөлінеді:
- кез-келген автокөлікке
(жеке немесе қызметтік меншік) қызмет көрсететін,
қолмақол сату жүйесімен айналысатын станциялар. Жанармайды сату қолма-қол немесе
басқа да төлем жолдары арқылы жүргізіледі;
- нақты бір ұйымның, фирманың және кәсіпорынның автокөліктеріне ғана қызмет
көрсетумен айналысатын станциялар. Жанармайға төлем қолма-қол жолмен жасалмайды,
әрбір тұтынушының пайдаланған мөлшері тіркеліп отырады.
4.4 Нақты бір ұжымға, фирмаға қызмет көрсететін автожанармай станциялары сол
ұйымның маңайында орналасады. Мұндай АҚЖС құрылымы жалпы талаптар бойынша
салынатын АЖҚС-дан басқа болуы мүмкін.
4.5 Қызмет көрсету түрлері бойынша АЖҚС келесі түрлерге бөлінеді:
- автокөліктерге тек отын және май құю қызметін көрсететін кешен;
- автокөліктерге жанармай құю, көлік жуу, шағын дүкендер, мұнай өнімдері, кафе,
кемпинг, автокөлікке, жүргізушіге және жолаушыларға қызмет көрсететін автожанармай
кешені.
4.6 Қорлардың орналастырылуы мен олардың саны АЖС-ның қуатына байланысты,
ол бір тәулікте құйылатын жанармай мөлшерімен (250, 500, 750 ,1000), жанармай түрімен
(бензин, дизель майы) және жанармай күбісінің сыйымдылығымен сипатталады.
4.7 Стационарлы АЖС тәулігіне құятын майдың мөлшерінен бөлек, қарбалас
уақытта қанша автокөлікке май құятынына байланысты сипатталады. 250 үшін тәулігіне
57 автокөлік май құяды, ал 500-ге 100 май құйылған көлік, 750 - 135, 1000 - 170
автокөлік.
4.8 Автожанармай станцияларын, олардың жер телімдерінің өлшемін, га, көрсетілген
бағана саны бар станциялар үшін: 2 бағаналы - 0,1; 5 бағаналы - 0,2; 7 бағаналы - 0,3; 9
бағаналы - 0,35; 11 бағаналы - 0,4 етіп қабылдап, 1200 жеңіл автокөлікке бір жанармай
құятын бағана есебімен жобалау керек.
5 СТАЦИОНАРЛЫ ТИПТІ АЖС-ң БАС ЖОСПАРЫН
ЖОБАЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
5.1 Бас жоспар - кешенді жоспарды шешуші, ғимараттың орналасуын, аумақтағы
технологиялық және инженерлік байланыстарды, АЖС-ң орналасуын реттейтін жобаның
бір бөлігі.
3
5.2 Бас жоспар елді мекендердің жобалау жоспарлары және қалалық
құжатнамалармен сабақтасуы қажет.
5.3 АЖС-ның Бас жоспары ҚР ҚН 3.03-07 құрылыс нормаларының талаптарына
сәйкес жасалады.
5.4 АЖС-ң Бас жоспары келесі технологиялық талаптарға сай келуі тиіс:
- автокөлікке жанармай құю барысында сол жақ күбі мен оң жақ күбі және де екі
жақты күбімен пайдалану мүмкіншілігі сақталу керек;
- автокөліктің жанармай бекетіне бұрылып кіруіне арналған жолдың болуы;
- жанармай қатынасындағы ең төменгі созымдылық;
- автокөліктің бұрылуындағы үйлесімді радиустар;
- жанармай құюды күтуші автокөлікке берілетін едәуір аймақ болуы тиіс;
- АЖС операторының май құю орнында бақылау орнатуға мүмкіндігі болуы тиіс;
5.5 АЖС арнайы бөлінген алаңдарда, көліктерге кіру қолайлы болатындай етіп,
құрылыс нормалары мен ережелерін, санитариялық, экологиялық және өртке қарсы
талаптарды сақтап ұйымдастырылған магистральдарда орналастырылуы тиіс.
5.6 АЖС кешенінен тысқары жатқан ғимарат пен бекеттің арасындағы қашықтықтың
дұрыс болуы. (А қосымшасы).
5.7 АЖ-ны сәулеттік тұрғыдан алғанда көрнекі етіп, типті жобалармен және
қоршаған ортаға сәтті орнату арқылы құру ұсынылады.
5.8 АЖС-ны орналастыру нұсқаларын таңдауда нысанның техникалық-
экономикалық көрсеткіштерінен бөлек, оның құрылысы кезінде және пайдаланылуы
кезінде де қоршаған ортаға ықпал ету деңгейін есепке алу қажет, сонымен қатар, АЖС
аймағының қоршаған ландшафтпен үйлесімділігі, қоршаған ортаға барынша аз мөлшерде
ықпал етуі есепке алынуы тиіс.
5.9 АЖС-ны орналастыру жоспарланып отырған нұсқаларды салыстыру барысында,
алынып отырған жердің құндылығын, сонымен қатар, құрылыс жұмыстарында уақытша
пайдаланылған жерлерді шаруашылықта қолдануға жарайтындай етіп қалпына келтіруге
кететін шығындарды есепке алған жөн. АЖС-ны желдің тұрғын үйлерге, өндірістік және
қоғамдық ғимараттарға соғу жолынан ық бетке құру ұсынылады.
5.10 АЖС-ны жоспарлауда, оның аумағында ғимараттар мен құрылыстардың орын
алуын есепке ала отырып, жанармайдың авариялық жағдайда АЖС-те және оның сыртқы
аумақтарына төгілу мүмкіндігін болдырмау керек. АЖС аумағына кіруде және шығар
жерде биіктігі 0,2 м кем емес жайпақ дөңестелген аумақшалар орнатылады немесе мұнай
өнімдерімен ластанған атмосфералық шөгінділерді ағызатын дренаждық науалар
орналастырылады.
5.11 АЖС елді мекендерде орналасқан жағдайда, өнімдерді сақтауға арналған
ыдыстардың жалпы сыйымдылығы 10 м3, ал елді мекендерден тысқары орналасқан
жағдайда - 20 м 3 .
5.12 АЖС-ның негізгі өндірістік нысанның орналасуы технологиялық талаптармен
анықталады, ал оның жалпы аумағы мен резервуарлық паркінің көлемі - АЖС-ның
қуатымен (бір тәулікте құйылатын жанармай мөлшерімен) анықталады.
5.13 АЖС-дан басқа нысандарға дейінгі минималды қашықтық, өртке қарсы және
санитариялық нормалармен анықталады (Б қосымшасы).
4
5.14 Аумақтың айналасында, санитариялық-қорғау аймағы
( бұдан әрі
- СҚЗ)
құрылып, ол АЖС-ны жақын жатқан селитебтік аймақтардан, тұрғылықты-азаматтық
мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан бөліп тұрады, бұл оларға жағымсыз ықпал
келтірудің алдын алу мақсатында жасалады.
5.15 Санитариялық-қорғаныс аймағының шекарасы, санитариялық-қорғаныс
аймағының
(СҚЗ) аумағын, немесе жоспарлы кеңістікті шектейтін жолақ болып
табылады, оларға ықпал ету факторлары орнатылған гигиеналық нормативтерден
аспайды.
5.16 Санитариялық қорғаныс аумағы, Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
мен нормаларға сай анықталады. Құрылыс аймағы мен көрші құрылыс аймағының
шекарасы, ҚР Денсаулық сақтау Министрінің
2005 жылғы 29 маусымдағы № 311
бұйрығымен бекітілген СаНПиНге сәйкес келуі міндетті.
5.17 СҚЗ-ның аумағын жоспарлауда, көгалдандыруды сақтау міндетті.
Көгалдандырылған аймақтың ұзындаығы 50 метр, енінің көлемі 20 метрден 100 метрге
дейін. Селитебті аймақ тұстан ені
50 метрден кем емес ағашты-бұталы екпелер
орналастырылады, ал аймақтың ені 100 м дейін болса — 20 метрден кем емес болады.
5.18 Автокөлік жолдарынан қашықтығы, АЖС-ның қуатына, жолдың
категориясына, жергілікті жағдайға байланысты. 1-Ш техникалық категориядағы жолдар
үшін, АЖС-ның минималды қашықтығы (көлік жүру жолынан) - 12 м кем болмауы, ал
басқа категориядағы жолдар үшін - 9 м кем болмауы тиіс.
5.19 АЖС-ның Бас жоспарын жасауда, келесілер ескерілуі тиіс: автокөліктердің
құрылысының ерекшеліктері, өртке қарсы талаптар, АЖС-ның кассалық бөлімінен, май
құю орнын бақылап отыру мүмкіндігінің болуы, экономикалық көрсеткіштер,
тұрғындардың мүмкіндігі шектеулі топтарына қызмет көрсету.
5.20 АЖС-лардың арасындағы қашықтық, көлік қозғалысының интенсивтілігіне
және АЖС қуатына байланысты, 1 кестедегі ара-қашықтықты негізге алу тиіс.
1-кесте - АЖС арасындағы қашықтық
Көліктердің қозғалу
АЖС қуаты,
АЖС арасындағы
АЖҚС орналасуы
қарқындылығы
тәуліктік жанармай
қашықтық, км
Ед./тәу
құю
1000- 2000
250
30-40
біржақты
2000 -3000
500
40-50
біржақты
3000 -5000
750
40-50
біржақты
5000- 7000
750
50-60
екіжақты
7000 - 20000
1000
40-50
екіжақты
20000 жоғары
1000
20-25
екіжақты
5.21 АЖС-лардың арасындағы қашықтық АЖС-да қозғалысты ұйымдастыру тәсіліне
байланысты:
- автокөліктердің ЖҚБ
(Жанармай құю бағаны)-на қозғалысында, арада бір
автокөлік орны және бір метр орын болуы тиіс, алайда 3 метрден аспауы қажет;
5
- автокөліктер 2 қатарға келіп орналасқанда, жанармай құю бағаналарының аралығы
автокөліктің екі еселенген ені және оған қоса 1,5 м орын болуы, тек 7 м-ден кем болмауы
қажет.
Ескертпе - АЖС-ң маңайында орынның аз болуына байланысты, автокөліктердің
кіруі мүмкін болмаған жағдайда сол аталған нормалар есепке алынады, және оған 4 метр
қосылады.
5.22 АЖҚС аумағындағы автокөліктердің барлық қозғалысы, біржақты болады,
ешқандай маневрлар мен үлкен бұрылыстарға рұқсат жоқ; әрбір бағанда бір ғана колонка
орнатылады.
5.23 Жанармай құю бағандарының алдында жанармай кезегін күтіп тұрған
автокөліктердің еркін орналасуы үшін, станцияға кірер аймақ мүмкіндігінше ұзартылады.
Бұл станция жақ беттегі транзиттік қозғалыстардың кептелістерінің алдын алуға және
жанармай құю бағанасын үздіксіз пайдалануға мүмкіндік береді.
5.24 Жобалау барысында, қатар жанармай құю орындарының көлденең өсі жол
осінің 450 бұрышында орналасады.
5.25 Алаңша жанармай бекетіне жанармай тасымалдаушы көліктерге де, станция
аумағына жанармай құю үшін кірген көліктерге де қолайлы етіп жабдықталады.
5.26 Бір автокөліктің жолының ұзындығы мен жанармай құю уақыты, АЖС-ның
артықшылығын, немесе кемшілігін көрсетеді. АЖС-ның қызмет көрсету мүмкіндігін
кеңейту үшін, бір уақытта барлық жанармай құю бағандарына кедергісіз жетуді
қамтамасыз ету қажет. Бір автокөлікке жанармай құю уақыты әдетте төмендегі 2 кестеге
қарап есептеледі.
2-кесте - Түрлі автомобильге жанармай құю уақыты (минутқа шаққанда)
Орташа құю
Құю уақыты,
Автомобиль түрі
дозасы, л
мин
Жүк және арнайы бен-к
60
3
Жүк және дизель майымен жүретін қозғалтқышты
100
4,5
Автобустар
150
6
Жеңіл автокөліктер
22
2
5.27 АЖС-да тұтынушылырға мүмкіндігінше ыңғайлы болуын көздейді. Бұл
автокөліктер жиі жүретін жолдар, автокөліктер тұрақтарының маңайы, гараждар
орналасқан аудандар, автокөліктер көп орналасқан аймақтар. Яғни, автокөліктің
жанармайы таусылған жағдайда жанармай бекетіне жақын болуы көзделеді.
5.28 АЖС-лары жол бойында орналасса, арнайы белгілермен нұсқалып тұрады
(өкілетті органдармен келіскен түрде) [8].
5.29 Стационарлы АЖС құрылысына, станцияның ғимараты, резервуарлардың орны,
жанармай құю орындары жатады. Олар АЖС-на барынша, көп көлік сыйдыруды
қамтамасыз етеді.
5.30 Аумақта көлік құралдарының қозғалысына қатысты жылдамдықты шектейтін
нұсқағыштар орнатылады. Жүруге болмайтын орындарда, рұқсат етілмейтінін білдіретін
белгілер мен жазбалар (жақсы көрінетін және оңай оқылатын) орнатылады.
6
АЖС-ң аймағында келесідей жол жүру таңбалары орнатылады [12]:
- «Кіруге тыйым салынады» (АЖС-на кіруге болмайтын жағдайда);
- «Жоғары жылдамдыққа шектеу» - ең жоғарғы 5 км/сағат;
- АЖС аумағының орналасу жағдайына байланысты, басқа да таңбалар.
5.31 АЖС-да өртке қарсы су қорының, су сақтау құдықтарының немесе өрт
гидрантының орналасқан жерін нұсқаушы белгілер орнатылады, габаритті белгілер ілініп
қойылады. Жүргізушілерге арналған ақпараттық-нұсқаулық плакаттар көрінетін
орындарға орналастырылады.
5.32 АЖС типтік немесе дербес жобалар бойынша жоспарланады. Төменде 3 кестеде
АЖС типтік жобасы бойынша мәліметтер және оған сәйкес көрсеткіштер келтірілген.
3-кесте - Жиынтық жобаның көрсеткіштері
Көрсеткіштер
Жоба
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Тәулігіне жанармай
500
750
1000
500
750
1000
500
1000
750
АЖС-ң алаңы, м2
2700
3000
3600
4000
4700
5000
2500
3000
2500
Алатын орны, м2
89
89
89
72
72
72
36
72
54
Резервуар сыйымдылығы, м3:
25 жанармайға арналған;
6
8
10
8
10
12
4
10
8
5 майға арналған;
4
4
4
4
4
4
2
4
4
пайдаланылған майға арналған
-
-
-
1
1
1
-
1
1
Бағанның саны:
Барлығы
6
8
10
8
10
12
4
8
6
Соның ішінде Аи-80;
1
1
2
1
2
2
-
1
1
Аи-95;
2
3
4
3
4
4
2
3
2
Аи-98;
1
1
1
1
1
1
1
1
1
Дизельді отын
2
3
3
3
3
5
-
3
2
Жанармай құю колонкаларының саны
4
4
4
4
4
4
-
3
3
5.33 Тәулігіне әр түрлі жанармай құюға байланысты жоспарлау кестесі
1-4
суреттерде
1-сурет - Тәулігіне 500 жанармай құю жоспарлау кестесі:
1-Жанармай АИ-80, 2-Жанармай АИ -98, 3-Жанармай отындар
7
2-сурет - Тәулігіне 750 жанармай құю жоспарлау кестесі:
1 - жанармай АИ-92; 2- жанармай АИ -98; 3 - дизельді отындар.
3-сурет - Тәулігіне 1000 жанармай құю жоспарлау кестесі:
1- жанармай АИ-92; 2- жанармай АИ -95; 3- дизельді отындар, 4- жанармай АИ - 98
4-сурет - Барлық автокөліктерге арналған АЖС-ң жоспарлау кестесі:
1-АИ 80 жанармайы; 2-АИ 92 жанармайы; 3- дизельді отындар; 5-АИ 95 жанармайы;
5-АИ 98 жанармайы; 6- отындар қоспасы
5.34 Автокөліктерге қызмет көрсету аясын кеңейту мақсатында, АЖС-ң аумағында
техникалық қызмет көрсету пункті болады (5-6 сурет).
5.35 АЖС-ң автокөліктерге қызмет көрсету пунктінде, автокөлікті жуу құрылғылары
автокөлікті диагностикалық тексеруден өткізу құрылғыларымен қамтамасыз етілуі тиіс.
5.36 Төмендегі 4 кестеде тәулігіне жанармай құю мөлшеріне байланысты АЖС-ң
техникалық сипаттамасы берілген.
5.37 АЖС ғимаратының маңында, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету
пунктімен қоса, көлік жуу, тұтынушыға сервистік қызмет көрсету, бекеттің маңында
дүкен құру жағдайында құрылысқа бөлінген аумақтың көлемі 5 кестеде көрсетілген
ғимарат аудандарының өлшемінен жоғары болады.
8
5-сурет - автокөліктерге техникалық қызмет көрсету пункті тіркелген АЖС-ның
жоспарлық сызбасы: 1 - АЖҚС ғимараты; 2 - автокөліктерге техникалық қызмет
көрсету пункті; 3 - жанармай құю орындары
6-сурет - автокөліктерге техникалық қызмет көрсету пункті кіріктірілген АЖҚС-
ның жоспарлық сызбасы: 1 - жуғыш; 2 - техникалық қызмет көрсету пункті; 3 -
операторлық және сауда залы; 4 - жанармай құю орындары
4-кесте - Әр түрлі санатты АЖҚС-ы ғимаратының техникалық сипаттамасы
Санат
Көрсеткіштер
I
II
III
Пайдаланылатын аудан, м2
36
27
18
Бөлінген аймақ, м2:
Оператор орны;
9
9
9
қойма;
4,5
4,5
2,25
киім ауыстыратын орын;
4,5
4,5
4,5
әжетхана;
2,25
2,25
2,25
демалыс бөлмесі
9
-
-
Жоспарлық модуль, м
1,5х1,5
1,5х1,5
1,5х1,5
Төбенің биіктігі, м
2,5
2,5
2,5
Ғимарат биіктігі, м
3,15
3,15
3,15
Есептік температура, °С
±30
±30
±30
Қардың есептік жүктемесі, МПа
10
10
10
Желдің жүктемесі, МПа
3
3
3
5.38 7-суретте оттан қорғайтын жабдықтар сақталған жерасты қоймасы бар АЖС-
ның принципті-стационарлы нұсқасы келтірілген
9
7-сурет - Стационарлы АЖҚС:
1 - бетон ірге;
2 - жанармайға арналған резервуар; 3 - жанармай қабылдайтын люк; 4 -
әуе құбырын оттан қорғағыш; 5,7,11 - әуе, қабылдау және сорғыш құбырлар; 6 - әуе
сүзгісі; 8,10 - әуе және сорғыш құбырларды оттан қорғағыштар; 9 - өлшеуіш құбыр; 12 -
тарату бағаны; 13 - тарату шлангы; 14 - сүзгісі бар қақпақ; 15 - резервуарды бекітуге
арналған қамыт; 16 - жерге бекітетін құрылғы.
Ескертпе - 2 Резервуар олықтай жерге батырылып орнатылған, оның ең жоғарғы
деңгейі жер бетінен 0,2 м-ден кем болмайтын қашықтықта орналасқан. Резервуар 1
бетонды іргетасқа металл қамыттардың 15 көмегімен бекітіледі. Резервуардың орналасу
аумағында грунттық сулар болмаған жағдайда, оны іргетассыз, құмды негіздің үстіне
орнатуға болады. Резервуардың мойнындағы қақпақта келесілер орналасқан: қабылдағыш
7, сорғыш 11, өлшегіш 9 және әуе құбырлары 5. Қабылдаушы құбыр 7 өзінің сыртқы
шетімен қабылдау люгіне 3 қарай жүргізілген және онымен жанармай сүзгісі 6 арқылы
байланысады. Қабылдауыш құбырдың ішкі жақ шеті сорғыш құбырдың 11 қақпағынан 14
төменде, жанармайдың «жансыз» қалдығында орналасқан, ол гидравликалық қоспаны
жасайды. Ол толтырылу кезінде резервуарға ауаның кіріп кетуінен сақтайды, сонымен бір
уақытта өрттен қорғау қызметін атқарады.
Жанармай сүзгісі 6 торлы фильтрмен жабдықталған, ол өрттен қорғау қызметін
атқаратын өткізгіш келте құбырда орналасқан. 8 және 10 бұрыштық өрттен қорғаушылар
әуе 5 және сорғыш 11 құбырларда орнатылған. Бұдан бөлек, атмосфераға шығарылған әуе
құбырының шеті де өрттен қорғаушы құрылғыға (өрт сөндіргіш) 4 ие.
Өлшеуіш құбырдың
9 ішінде бөлгіштері бар қуыс бұрғы орналасқан, олар
резервуардың толу деңгейін көлем бірліктерімен көрсетеді. Заманауи АЖҚС-нда
жанармайдың деңгейін бақылау және оны есептеу үдерісі автоматты құрылғылардың
көмегімен жасалады.
Осылардың бірі тасымалданатын электронды деңгей өлшегіш
«Hermetic», ол
резервуарлардағы мұнай өнімдерін есептеуге арналған.
«Hermetic» деңгей өлшегішін
тиемелі рулетка деп те атайды, ол сұйық күйлер мен температураның деңгейін бір уақытта
өлшейді. Құрылғы шамамен 4 кг болып табылады және ±2 мм шамасында дәлме-дәл
өлшем жасайды, 9 вольттық кернеуге ие батареядан қуат алады.
Сорғыш құбыр 11 сыртқы жақ шеті арқылы тарату бағанына 12 байланысқан. АЖҚС
жабдықтарын статикалық электрдің разрядынан қорғау мақсатында жанармай резервуары
2 жерге бекітетін құрылғыға 16 ие. Станция жабдықтарының құбыр өткізгіштерінде
орнатылатын өрттен қорғау құрылғылары 1 см2-де 144 тен 220-ға дейін ұяшыққа ие жез
тордан жасалады. Ол қорғалатын құбырдың фланцтарының арасындағы
3-5 мм-лік
саңылауда орналасады.
10
5.39
8 суретте көлденең және тік орналасқан резервуарлары бар АЖС мен
жабдықтардың монтаждық өлшемдерінің технологиялық сызбалары көрсетілген
8-сурет - АЖҚС-ның принциптік технологиялық сызбасы:
а - көлденең резервуарлы; б - тік резервуарлы
АЖҚС жабдықтарының монтаждық өлшемдері
Қабылдау қақпағынан резервуардың түбіне
дейінгі қашықтық, мм
150
Құйғыш құбырдың түбінен резервуардың a1түбіне
дейінгі қашықтық, мм
100
Резервуардың (мойынша қақпағы) тереңдетілуі,
h кем емес , мм
.................1200
Технологиялық құбыржолдардың тереңдетілуі,
b кем емес, мм
200
Бағаннан жанармайлы резервуарға дейінгі қашықтық
L кекм емес, мм
30000
Жер бетінен резервуардың «тыныс алу» қақпағына дейінгі қашықтық
h1 кем емес, мм
..................2500
Тыныс алу қақпағынының ашылу қысымы, МПа«««««
0,01 - 0,025
Технологиялық құбырлардың резервуарларға қатысты минималды иілу ұзындығы
(ұзындығынан % ):
Құйғыш
.0,5
Сорғыш
.0,2
Желдеткіш«««««««««««««««««««««««...0,2
5.40 Цилиндрлі тіке резервуардың жалпы көлемі
V = ∙D2/4∙h,
(1)
мұндағы D - ішкі диаметр; h - резервуар биіктігі.
5.41 5-кестеде
АЖС-да қолданылатын отындарды сақтауға арналған
резервуарлардың техникалық мінездемесі келтірілген.
5.42 6-кестеде жеңіл және жүк көліктері мен автомобильдердің жанармай құю
күбілерінің сыйымдылығы берілген. Жанармай құю күбілерінің сыйымдылық
коэффициенті - 0,2-0,4. Жүргізушілер автокөлік күбісіне 30-50% жанармай қалғанда,
жанармай құяды. Жанармай құю қажетті 100 автомобильдің 80-і жеңіл автокөлік, ал 20-сы
жүк көлігі. Бір жанармай құюшы орта есеппен автокөлікке
75 л жанармай құяды
11
(жанармай күбісінің сыйымдылығы 50 литрден 450-ге дейінгі). Күбі ішінде жанармай 30
% жанармай болса, оған 50 л бензин құяды. Күніне күші
500 жанармай құюға жететін
станцияда цистерна сыйымдылығы шамамен 2500 л немесе 25 м3 болуы тиіс.
5.43 Дизель майын құюдың орташа мөлшері шамамен
100 литрді құрайды.
Жанармай күбірінің сыйымдылығы тракторға, кем дегенде 10-12 сағат жұмыс жасауға
жеткілікті болуы тиіс, ал автокөлік үшін ауыр жол жағдайларында, кем дегенде 300-400
км-ге жетуі тиіс. Трактор жанармайының сағаттық шығыны келесі шамамен анықталады:
Gч = qе∙Nе ,
(2)
мұндағы qе
- жанармайдың салыстырмалы шығыны, кг/(кВт∙с), дизель
қозғалтқыштары үшін ол 0,2 - 0,23 құрайды; Nе - шартты режимдегі қозғалтқыштың
қуаты, кВт.
5.44 Бір автокөлікке жанармай құюға кететін уақыт 3 мин, ал дизель майын құюға -
5 минут. Бір жанармай бағаны бір сағатта 15 жеңіл автокөлікке жанармай құя алады.
5.45 Бүкіл қаланың, аймақтың, облыс немесе республиканың автокөлік парктерін
жанармаймен қамтамасыз ету үшін қанша АЖҚС қажет екендігін анықтауда келесі
деректерді ескерген жөн:
- белгілі бір уақытта және келешекте қалалар мен елдімекендер бойынша
автокөліктердің саны, орналасуы және пайдаланылуы;
-елді мекенге келетін және жол-жөнекей өтетін жанармай құятын автокөлік
мөлшерін есепке алу;
- қолданыстағы автокөлік жолдары желісі, олардың құрылымы, олармен жүретін
автокөліктердің ұзақтығы мен қозғалыс қарқындылығы;
- мұнай базаларының бар-жоқтығы, орналасуы және олардың келешекте кеңеюі;
- АЖС-ның бар-жоқтығы, орналасуы және өткізгіштік қабіілеті;
- автокөлікті бір реттік толтыруға арналған жанармайдың орташа мөлшері, сондай-
ақ жанармай түрлерінің тәуліктік шығыны;
5-кесте - Мұнай өнімдерін сақтайтын резервуарлардың техникалық мінездемесі
Номиналды
Сыртқы
Ұзындығы, мм;
Қабырға
Масса,
сыйымдылық, м3
диаметр, мм
Биіктігі, мм
қалыңдығы, мм
кг
Көлденең
5
1846
2036 (ұз)
3
446
10
2220
3100
4
980
25
2760
4278
4
1886
50
2870
8480
4
3369
Тік
5
1788
2018 (биік)
4
473
10
2223
2579
4
840
15
2806
2519
4
1140
25
3186
3218
4
1750
12
6-кесте - Автокөліктің жанармай құю күбісінің сыйымдылығы
Автомобиль түрі
Жүк көтергіштігі, т
Күбі сыйымдыл, л
Жеңіл жүккөлік
2,5
100
Орташа жүккөлік
5,0
150
Ауыр жүккөлік
10,0
450
Автобустар
3 - 8
300
Жеңіл көлік
0,5
45
5.46 АЖС-ның тұтынушылық мөлшері, жанармай құятын автокөліктердің орташа
тәуліктік контингентімен, жанармай толтыруға кететін отынның тәуліктік шығынымен,
автокөліктердің жанармай құюға келу жиілігі және тәуліктік жанармай құю мөлшерімен
анықталады.
6 ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАРДЫ ЖОБАЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
6.1 АЖС аумағында жобаланады: операторлық ғимарат, ағынды суларды тазалайтын
құрылғылар, технологиялық жабдықтарды орналастыратын орындар
(резервуарларды
орнату және оларға қызмет көрсетуге арналған орындар, құбыржолдар мен кабельдерді
орналастыруға арналған қораптар, мұнай өнімдерін төгетін эстакадалар), шығарылатын
мұнай өнімдерінің түрлерін, қызмет түрлері мен қызмет көрсетілетін көлік түрлері
жазылған ақпараттық тақта.
6.2* АЖС-да мынадай тұрмыстық және қызметтік ғимараттар
(үй-жайлар):
әкімшілік, тамақтану орнын, күзету қызметі, санитариялық тораптар, арнайы киімдерге,
құралдарға, қосалқы бөлшектерге, аспаптарға және жабдықтарға арналған қоймалық
орындар орналасуы мүмкін.
АЖС-да жүргізушілер мен жолаушыларға арналған жылытылатын санитариялық
тораптарды көздеу қажет.(Өзгерт. ред.- ҚТҮКШІК 04.01.2020 ж. №4-НҚ бұйрық).
6.3 Бұдан бөлек, АЖС-да автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және
тұтынушыларға сервистік қызмет көрсету пункттері
(қажетті тауарлар дүкені, кафе,
ресторандар, әжетхана) құрылуы тиіс.
6.4 АЖК ғимараттары мен құрылыстары төмендегі ерекшеліктерімен сипатталады:
- операторға арналған орын, автокөліктерге сервистік қызмет көрсету орындары,
кафе-бар, дүкен, және т,б;
- АЖК ғимараты мен құрылыстары жүйелік автоматтандырылған өрт сөндіретін
құрылғымен қамтамасыз етілуі мүмкін;
- АЖК тазалау орындары жабық кеңістікте орналасады, олар жанармайдың жарылу
қаупін төндіретін концентрацияларын анықтайтын сигнализаторлармен жабдықталады;
- автоцистерналар орнатылатын алаңдар, мұнай өнімдерінің төгінділерін тарату және
жинақтауға арналған құрылғылармен жабдықталады;
- АЖК, АТҚС аймақтарының аумақтары, трансформаторлық подстанциялар
бөгетпен қоршалуы мүмкін.
6.5 Жерүсті резервуарлары бар АЖС аумағында, АЖС қызметкерлеріне арналған
ғимараттардан бөлек, қажетті заттар сатылатын дүкен құруға болады. Бұл орындар негізгі
ғимараттың өртке төзімділік деңгейіне сай келетін құрылымдарында орналасады, ол
13
жүргізушілерге, жолаушыларға сервистік қызмет көрсету орнынан және транспорт
құралдарынан өртке қарсы бөгеттермен бөлініп тұрады.
6.6 Бір ғимарат ішінде ұсынылмайтын жағдайлар:
- жүргізуші мен жолаушыға сервистік қызмет көрсету мен автокөлікке техникалық
қызмет көрсету;
- тамақтану заттары мен сұйық мотор отынын сатуға арналған дүкендер.
6.7 Транспорт құралдарына сервистік қызмет көрсету ғимараттарында, үштен артық
техникалық қызмет көрсету пунктіне рұқсат етілмейді.
6.8 АЖС аумағында орналасқан ғимараттар мен құрылыстар, өртке төзімділіктің І,
ІІ, немесе ІІІ деңгейлеріне, яғни бір қабатты ғимаратқа арналған деңгейге сәйкес келеді.
Ғимараттың жоғарғы жалпы аумағы [7] сәйкес келеді.
6.9 Құрылыс мерзімін жылдамдату және оны арзандату мақсатында, құрылыстың
блоктық-панельдік түрі қолданылады, мұнда ғимараттың бүткіл блоктары, немесе
олардың элементтері, құрылыс алаңына, жоғарғы дәрежедегі зауыттық дайындықпен
беріледі.
6.10 АЖС жұмысын және оның өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мақсатында, станция белгілі бір сыйымдылыққа ие резервуарлармен, құю
құрылғыларымен,
жанармай құю колонкаларымен, бұрыштық өрттен қорғау
құралдарымен, тыныс алу қақпақтарымен жабдықталады, және жерге тұйықталады.
6.11 АЖС-ның резервуарларға мұнай өнімдерін құюы кезінд,е іркілуін төмендету
үшін келесілер қолданылады:
- бір резервуарға мұнай өнімдерін бір уақытта, бірнеше шлангалармен құю (жаңа
құрылған құю құрылғыларын пайдалану);
- автоцистерналар мен АЖС құрылғылары көмегімен, мұнай өнімдерін ауыстырып
құю;
- мұнай өнімдерін, оларды ең аз жүктеу уақыттарында жеткізу (түнгі уақыт);
- мұнай өнімдерінің автоцистернадан, толықтай резервуарларға құйылуын
бақылауды автоматтандыру.
6.12 9 a суретте дүкені бар АЖС-ның дербес жоспары көрсетілген.
6.13 АЖС-ң ғимарат жоспарында: 1 - Кіре беріс (2,3м2), 2 - Сауда орталығы
(24,0м2), 3 - Директор кабинеті (4,0м2), 4 - Отын жағу орны (5,5м2), 5 - Дәліз (6,5м2), 6 -
Қызметтік бөлме (3,0м2), 7 - Тамбур (4,0м2), 8 - Әжетхана (3,0м2).
6.14 10 суретте АЖС-ның Бас жоспары ұсынылған, онда, бас жоспар бойынша
негізгі көрсеткіштері (8 кесте), ғимарат пен АЖС құрылысының басты конструктивік
шешімдері, оператор ғимаратының жоспары және сауда залы мен техникалық-
экономикалық көрсеткіштері бойынша, ғимараттар мен құрылыстарға сипаттама (7 кесте)
берілген. 11 суретте сауда залы бар оператор ғимараты көрсетілген.
6.15 АЖС-ның қуаты - тәулігіне 500 жанармай құю. Мұнай өнімдерін жүзеге
асырудың есептік көлемі, жылына - 7080 т. Оның ішінде Аи-80 - 2160 т, Аи-92 - 840 т,
Аи-95 - 840 т, Аи-98 - 840 т, дизель отыны - 2400 т.
14
9 a-сурет - АЖҚС ғимаратының жоспарламасы
6
1
5
8
4
7
3
2
10
9
10-сурет - АЖҚС бас жоспары
11-сурет - Сауда залы бар оператор ғимараты
15
7-кесте - Ғимараттар мен имараттардың сипаттамасы
Жоспардағы
Атауы
санақ
1
Сауда орталығы мен оператор орны
Жанармай құю колонкалары мен оператор ғимаратының үстін
2
жабатын бастырма
3
Жанармай құю бағаналары
4
Резервуарлы парк
5
Отынды құю аланшығы
6
Ластанған және тазаланған ағындардың резервуарлары
Өрт қауіпсіздігіне қарсы су қоры және көпіршікті от сөндіру
7
құрылғылары сақсталатын резервуарлар
8
Автокөлік қою тұрағы
9
Тутығырлар
10
Ақпараттық стендтер
8-кесте - Бас жоспар бойынша негізгі көрсеткіштері
Атауы
өлшемі
көрсеткіш
АЖС жер аумағы
га
0,48
Құрылыс аумағы
га
0,09
Алаң ішіндегі автокөлік жолының аумағы
га
0,23
Жүргіншілерге арналған жолдардың аумағы
га
0,03
Құрылыс тығыздығы
%
19
7 АЖС-ның ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН
ЖОБАЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
7.1 Сумен жабдықтау және кәріз жүйелері
7.1.1 Мұнай базасының су құбыры және канализациямен жабдықталуы [3], [4], [5]
құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
7.1.2 Әрбір АЖҚС өкілеттік органдардан арнайы су пайдалануға рұқсат алады.
7.1.3 Ауыз суға арналған ыдыстар тот баспайтын және басқа да жеңіл тазаланатын
әрі дезинфекцияланатын материалдардан жасалады.
7.1.4 Өндірістік канализация құбырларының төсемесі резервуарлы парктердің
ішінде жабық жерастында орындалады.
7.1.5 Тұрмыстық және өндірістік канализацияны біріктіруге болмайды.
7.1.6 Ағымдағы су құбырлары желісінің көмегімен су жеткізіледі. Техникалық суды
ауыз су ретінде қолдану мүмкіндігін болдырмау үшін, құрылғылардың техникалық су
құбырларын арнайы бояумен боялуы тиіс.
7.1.7 Шаруашылық ауыз судың сапасы, қолданыстағы санитариялық-
эпидемиологиялық нормалармен, санитариялық ережелермен қадағаланады және олардғы
16
көрсетілген талаптарға сай келүі керек. Су құбырларының желісіне қосылу мүмкін
болмаған жағдайда, тасып әкелінетін суды пайдалануға болады, ол Қазақстан
Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдан жасалған ыдыстарда сақталады.
7.1.8 АЖС
қызметкерлеріне
арналған шаруашылық ауыз су шығысын,
жұмыскерлердің саны мен бір адамға кететін су шығысының нормасы бойынша, тәулігіне
25 литр деп, есептеу қажет.
7.1.9 АЖС аймағы, өндірістік-қарқынды және тұрмыстық канализациямен
жабдықталады. Канализация желілеріне қосылу мүмкін болмаған жағдайда, жанармай
құю бағандарынан және жерасты резервуарларынан, 10 метрден кем емес, қашықтықта су
өтпейтін қазбасы бар әжетхана орнатылады.
7.1.10 Өндірістік-жауынды канализация тазарту құрылғыларымен
(мұнай
ұстағыштарымен және жабық типті тұндырғыштарымен) жабдықталуы тиіс. Жауынды
канализацияға алмалы-салмалы плиталары мен шілтері бар науаларды құруға болады.
7.1.11 Жинақталған сулар үнемі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік
санитариялық-эпидемиологиялық органдары тарапынан бекітілген, арнайы орындарға
ағыздырылып отырылады.
7.1.12 АЖС сыртқы өрт сөндіруіне шығатын судың шығынын есеп бойынша, бірақ
10 л/с кем емес, етіп қабылдау керек.
Елді- мекендерден тыс, немесе ішінде өртке қарсы су құбыры жоқ елді- мекеннің
ішінде орналасқан АЖС, өрт сөндірудің нормаланған алғашқы құралдарын, ОП-100
ұнтақты өрт сөндіргішпен толықтыру шарты бойынша, өртке қарсы сумен жабдықтауды
(100 м3 кем емес өртке қарсы резервуарларды қоса) қарастырмауға жол беріледі.
7.2 Жылу және желдету жүйелері
7.2.1 АЖС-нда жылу және желдету жүйелерін жобалау кезінде [9], [10], сонымен
қатар [14] және [15] талаптары орындалуы тиіс.
7.2.2 АЖС ғимаратының ауасын тазарту жүесінде, ауаның шығарылу (тартылу)
жағдайы да қарастырылады, ол ғимараттың жоғарғы бөлігінде орналасады, қабырғаның
арасындағы қуыстар мен төбедегі дефлекторлар арқылы жүзеге асырылады.
7.2.3 Ғимараттың өрт қаупі бар аймақтары, дабыл арқылы қорғалады, ал 10%-қ өрт
қаупі бар аймақта, жедел дабыл қаққыш пен желдету жүйелері орнатылуы тиіс.
7.2.4 Ғимаратты жылумен қамтамасыз ету мақсатында орталықтандырылған және
жергілікті жүйелік жылу жүргізілуі қажет. Жылу тасымалдаушылар ретінде, ыстық су,
жылытылған ауа және бу қолданылады.
7.2.5 Жылу және желдету жүйелері, өндірістік
жағдайларда, микроклимат
өлшемдерінің және ауа ортасының өндірістік нысандарға қойылатын талаптарына сай
сақталуы, қамтамасыз етілуі тиіс.
7.2.6 АЖС ғимаратын, зауытта ғана жасалған, жабық электр жылытқыштарымен
жылыту қажет, бұл жарылыс шығу қаупінен сақтайды.
7.2.7 Желдету жүйелері, қашықтықтан және ғимараттан тыс, жергілікті орыннан
қосылады.
7.2.8 Металды ауа өткізгіштері мен құбырлар, жылыту-желдету жүйелері, жерге
бекітіледі.
17
7.2.9
Жылыту, желдету және салқындату құрылғылары, технологиялық
талаптарға жауап береді және тұрақты жұмыс орындары мен қызмет көрсету
аймақтарында, рұқсат етілген нормадан асатын, шулы және дірілді дыбыс
шығармайтындай болуы керек.
7.2.10 Ғимараттар мен құрылыстарды жылыту үшін, қоршаған ортаға зиян
келтірмейтін және жағымсыз иіс шығармайтын жылытқыш құрылғыларды пайдаланылған
жөн.
7.3 Электрмен жабдықтау, жайдан қорғау, байланыс
7.3.1 АЖС-нда электр құрылғыларын, жабдықтарын орнату тұтынушыларға электр
құрылғыларын пайдалану бойынша қойылатын, техникалық талаптарға және қауіпсіздік
техникасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
7.3.2 Жарылыс шығу қаупі бар аймақтарда, жарылыстан қорғау белгісі бар электр
құрылғыларын орнату қажет.
7.3.3 Барлық электр құрылғылары, металл құрылғылар жерлендірілуі тиіс,
жерлендіру [11] сәйкес жүзеге асырылады.
7.3.4 Құрылғының барлық металл элементтері өзара біріктіріледі де, үздіксіз
электрлік тізбекті құрайды, темір-бетон элементтерінде де жерге бекітуге арналған
метталды қосымша қондырғыларға ие болып келеді.
7.3.5 Электротехникалық құрылғылар, нормативтік талаптарға сәйкес болуы керек.
7.3.6 Ескерту тақтайшалары мен дабылдарды орындауда пайдаланылатын белгілер,
нормативтік документерге сәйкес келеді және көруге қолайлы орындарда
орналастырылады.
7.3.7 Қолданылатын жарықтандырғыш құрылғылар нормативтік талаптарға сәйкес
келуі керек.
7.3.8 АЖС-ң аумағы тәуліктің қараңғы уақыттарында,
[6] талапқа сай,
жарықтандырылады.
7.3.9 Ішкі және сыртқы жарықтандыру (оның ішінде күзетуші) пайдаланылған жөн.
Күзетуші жарық сыртқы жарықтандырудан бөлек қарастырылады.
7.3.10 Резервуарлық парктерді жарықтандыру үшін, резервуарлардың опырылу
аймағынан тыс, сыртқы арнайы жерде орнатылған прожекторлар қолданылады.
7.3.11 Жарылыс қаупі бар аймақтарды жөндеу кезінде және қарау барысында,
берілетін жергілікті жарықтандыру үшін,
12 Вольттен артық болмайтын қуатқа ие,
шырақтар қолданылады.
8 АЖС-ны ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР
8.1 АЖС-ғы электр құрылғылары өрт қауіпсіздігінің талаптарына сай болуы тиіс.
8.2 Технологиялық үдерісте қолданылатын, жобалық ұйымның техникалық
құрылғыларының жарамдылық мерзімі белгіленеді, ол жобаның құжаттамасы мен
техникалық паспортында көрсетіледі.
8.3 Жабдық элементтерінің, құралдарының және бақылау-өлшеу құрылғылары,
қолданыстан шыққанда оларды бөліктерге бөлініп тасталады.
18
8.4 Жабдықты, құралды қолданыстан шығару өлшемдерін өңдеуші, немесе сол
жабдықты шығарған кәсіпорын анықтайды және бұл техникалық бұйымдар туралы
деректер құжаттамасында көрсетіледі.
8.5 Жабдықты жөндеу жұмысы, ол толықтай өшкен кезде, қысымын тастағанда,
қозғалғыш бөліктері тоқтап, жабдықты қозғалысқа түсіретін кездейсоқ жағдайлардың
алдын алғаннан кейін басталады. Жабдықты қосатын құрылғыда «Қоспаңыз! Адамдар
жұмыс жасауда!» деген плакаттар ілінеді. Жоспарлы-хабарлау жүйесі пайдаланылады.
8.6 Жаңадан жөндеуден шыққан, немесе заманауи жабдықты қолданысқа енгізу
үшін, коммиссия тарапынан, алдымен жабдықтың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі
тексеріледі.
8.7 Техникалық тексеріс, монтаждау немесе пайдалану барысында, жабдықтың
өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына сәйкессіздігі анықталса, ол пайдалануға жіберілмейді.
8.8 Жабдықтардың құрылымына өндіруші-ұйым, немесе жобалаушы ұйымның
жазбаша рұқсатын алғаннан соң ғана, өзгеріске енгізуге болады.
8.9 Түрлі климаттық жағдайларда пайдалануға болатын жабдықтарды қолданған
жөн.
8.10 Жабдықтардың, қызметкерлер үшін қауіпті болып табылатын тораптары,
бөлшектері және элементтері, қоршағыш және қорғаушы құрылғылардың төбелері,
ескертпе түстермен боялады.
8.11 Жоғарғы кернеуге ие металл жабдықтары жерлендірілуі тиіс.
8.12 Қызмет көрсетуші персоналды жарақаттау қаупі бар, немесе оларға кері ықпал
ететін техникалық құрылғылар қоршауға алынады, немесе экрандалады. Қоршаулар мен
экрандар, жабдықты іске қосу құрылғысымен бұғауланады. Қоршау жабдықтың
пайдаланылу мақсатына және конструкциясына, пайдаланылу жағдайына сәйкес
жасалады Қоршаудың конструкциясы мен бекітілуі, қызметкерді, байқаусызда,
жабдықтың қауіпті элементтеріне тиіп кетуден қорғайды.
8.13 Қоршаулар,
механизмнің қозғалушы бөліктерінен
35 см қашықтықта
орнатылады, олар шарбақ түрінде болып келуі мүмкін. Механизмнің қозғалушы
бөліктеріне 35 см-ден жақын орнатылған қоршау тұтас болып келеді, немесе 50х50 мм
торлы ұяшықтармен қоршалады.
8.14 Шарбақты қоршаулардың биіктігі, механизмнің қозғалушы бөліктерінің
өлшемдеріне сәйкес анықталады, алайда 1,25 метрден кем болмайды. Тұтас қоршаудың
төменгі белдеуінің биіктігі 15 см, көршілес бағандардың арасындағы қашықтық - 2,5 см-
ден артық емес. Торлы қоршаудың биіктігі 1,8 м-ден кем емес. Биіктігі 1,8 метрден төмен
механизмдер толығымен қоршалады.
8.15 Қозғалтқыш қайыстарға арналған шарбақты қоршаулардың биіктігі 1,5 метрден
төмен болмайды. Қайыс жыртылған жағдайда, екі тегершік-белбеудің сыртқы жағынан
металл маңдайша қалқандары орнатылады.
8.16 Тісшелі және тізбекті өткізгіштер, тұтас металл қалқандармен (қаптамамен)
қоршалады, оларда жинау-тарату ісін қолайлы ететін алмалы-салмалы бөлшектер бар.
8.17 Қозғалтқыш бөліктердің, қызметтегі бөлшектерінің бүткіл қозғалыс аймағы,
қоршамамен қапталады.
8.18 Механизм қызметі толықтай аяқталғаннан кейін ғана, қоршаудың есігін ашуға,
немесе қоршауды алып тастауға болады. Қорщау орнатылғаннан кейін және оның барлық
19
салмалы бөлшектері сенімді бекітілгеннен соң, жабдық пен механизмді іске қосуға
мүмкін болады.
8.19 Машиналар мен жабдықтарды бекітетін элементтер мен тірек бөлшектерде
механизмнің өздігінен ажырап, немесе айырылып қалуының алдын алатын құрылғылар
(сомындар, сіргелер, сыналар, т.б.) орнатылады.
8.20 Құрылғы мықтап бекітілген іргетасқа орнатылады, бұл оның қалыпты қызмет
атқаруына мүмкіндік береді.
8.21 Қызмет көрсету үшін
0,75 метрге дейін жоғары көтерілуді қажет ететін
құрылғы, баспалдақтармен жабдықталады, ал 0,75 метрден жоғары бару үшін шарбақты
баспалдақтар орнатылады.
8.22 Жаяу көтерілетін баспалдақтардың еңістігі 60%-тан (резервуарларда - 50%-тан)
артық болмайды, баспалдақтың ені 65 см-ден кем болмауы, ауыр жүк тасымалданатын
баспалдақтарда
1 метрден кем болмауы тиіс. Баспалдақтардың арасындағы биіктік
бойынша қашықтық
25 см-ден артық болмайды. Баспалдақтар ішке қарай
2-5
%
еңістелген. Баспалдақтың екі жақ шетінде биіктігі 15 см бүйір тақтайшалар6 немесе бүйір
қаптамалар орнатылады, олар адамның аяғын тайып кетуден қорғайды. Баспалдақтар екі
жақ беттен биіктігі 1 м шарбақтармен жабдықталады.
8.23 Жоғарыдағы жұмыс жасау орындары, тайып кетуден сақтайтын, жоғарғы беті
металлдан жасалған төсемелерге, немесе қалыңдығы
40 мм-ден кем болмайтын
тақтайшаларға, бір-бірінен
15 см-ден кем болмайтын қашықтықта орналастырылған,
биіктігі 1,25 м, ұзына бойы созылып жатқан шарбақтарға және биіктігі 15 см-ден кем
болмайтын бортқа ие болады.
8.24 Құрылғының сыртқы бетіндегі және жылу оқшаулағыш қаптамалардың
температурасы, жарылып кету қаупі, ең төменгі өнімнің жануына алып келетін
температура дәрежесінен аспайды, ал қызметкерлерге мүмкін болған орындарда, ғимарат
ішінде 45 о С-тан, сыртында 60 о С-тан аспайды.
8.25 Тұтынушыларға жанармай және отынды беру үшін, түрлі құрылымдағы
жанармай, қоспалар, майлар құйғыш колонкалар пайдаланылады. Мұндай колонкалардың
басты міндеті тұтынушыларға қажетті жанармайды, нақты мөлшерде жеткізу (мөлшердің
дәлсіздігі ±0,5 %-дан аспауы тиіс).
8.26 АЖС-нда негізінен, жанармай құю колонкалары қолданылады, олар
қашықтықтан басқаратын арнайы пульттердің, немесе арнайы автоматтандырылған
жүйелердің көмегімен басқарылады, сондай-ақ мұнай өнімдеріне, қолма-қол емес төлем
жасау жүйесі арқылы да, басқаруға болады.
8.27 Бір корпуста, екі дербес жұмыс жасайтын, өлшеу-сорғылау жүйесі бар
колонкалар (бағандар) кеңінен қолданылады. Мұндай колонкалар арқылы екі түрлі сортты
жанармайды құюға болады. Мұндай колонканың (бағанның) есептеу құрылғысы не
екеулік, не болмаса жалқы болып келеді.
8.28 Бір колонка арқылы, бірнеше сортты жанармайды құюды қамтамасыз ету
мақсатында, көп салалы (4-6 сала) колонкалар қолданылады, олардың әрқайсысының
өзіне тиесілі дербес гидравликалық жүйелері болады. Мұндай колонкалар жанармай
құюға арналған бағандарды орнатуға қажет болатын аумақты қысқартуға мүмкіндік
береді.
20
9 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЕРЕЖЕЛЕР
9.1 АЖС жобалау, орналастыру, құрылысын жүргізу және пайдалану кезінде
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының орындалуы
қамтамасыз етілуі тиіс.
9.2 АЖС және мұнай базаларындағы қоршаған ортаны ластаушы келесілер негізгі
көздері болып қаралады:
- мұнай өнімдері бар резервуарлар (мұнай өнімдерінің булануы);
- жылу таратушы бағаналар (автокөліктердің жанармай бактерін толтыру кезіндегі
буланулар);
- тазалау құрылғыларының нысандары
(тазалаудан кейінгі қалдықтардың
тасталуы);
- технологиялық құрылғылар мен коммуникациялардың бітеулігі;
- автокөліктердің отын қалдықтары;
- резервуарларды тазалаудан қалған қалдықтар;
9.3 АЖС - ң аумағында, мұнай өнімдерінің төгілу қаупі бар жерлерде, 200 мм
биіктікпен қоршалатын ( су өткізбейтін қабаты) қабат болуы тиіс.
9.4 Аумақтар науалар мен құдықтарға қарай еңістеледі. Аумаққа төсем төсеу мұнай
өнімдерін шыққан жерінен арнаулы құралдармен барынша тиімді түрде жинап алу ісін
және топырақты, топырақ астындағы жерасты суларын мұнай өнімдерімен ластанудан
қорғау ісін қамтамасыз ететін материалдармен жасалады.
9.5 АЖС-ң аумағы автоцистернаның жанармай сақтайтын бөлігінен, май төгілгенде
мұнай өнімдерін ұстап қалатын инженерлік құрылғылармен жабдықталуы тиіс.
9.6 Авариялық төгілген майды сақтау құрылғысының көлемі автоцистерналарда
сақталатын мұнай өнімдерінің мөлшерінен көп болуы тиіс.
9.7 Экологиялық қауіпсіздікке төнетін кері ықпал:
АЖС-н пайдалану барысында қоршаған орта ластанады. Ірі қалалардағы ауаның
ластануына АЖС-ның үлесі шамамен 5 - 8 % құрайды. Бұл ретте, ауаны ластаушылардың
40 %-ы жанармай құятын автокөліктердің жанармай бактарынан шығатын булар болса, 40
% - ға жуығы резервуарлардағы өнімдерден шығады. Қалған 20%-ы АЖС аумағындағы
автокөліктердің қозғалтқышынан шығатын газдар.
9.8 АЖС-ларының экологиялық қауіптілігі, жанармай құю станциясына келетін
автокөліктерден шығатын ластауыш газдармен, майлар мен жанармай төгінділерімен,
автокөлік бөлшектері мен шиналарынан шығатын қоқыстармен, автокөлік қораптарынан
шығатын балшықтармен анықталады.
9.9 Тұтынылған газ ауаға шығарылады. Олардың бір бөлігі (үлкен бөлігі) ауада
таралады, қалғаны АЖС аумағында шөгеді де, жер үсті сумен жуылған кезде (жаңбыр суы
және қардың еруі), АЖС орналасқан аумақтың топырағына енеді, осылай топырақты
ластайды. Ластауыштардың бір бөлігі сүзгіленіп грунттық суларға өтеді.
9.10 Ауаға түскен ластауыштар тазалаудан өтпейді. Сондықтан, ауаның ластану
мөлшерінің көптігінен олар қауіпті болып саналады.
9.11 Автокөліктердің қозғалтқыштарынан туындайтын газдардың құрамында,
қоршаған ортаға зиянды болып табылатын бірнеше жүздеген бөлшектер бар ( 1.5 кесте /
21
110), олардың ішінде кейбірлері адам денсаулығына тигізетін кері ықпалы бойынша I-IV
топқа жатады.
9.12 Автокөлік қозғалтқыштарынан шығатын ластауыштардың, адам денсаулығына
тигізер кері әсерін ескере келе, бұл газдардың атмосфералық ауадағы шоғырану
мөлшерлерінің шекті мөлшерлері анықталды.
9.13 Автокөліктерден бөлінетін ластағыштары, оларды техникалық тексерістен
өткізу барысында анықталады, олардың АЖС-на қатыстылығы жоқ болып саналады.
9.14 Осы ретте, ластауыштардың жалпы мөлшері автокөліктердің АЖС аумағында
табылуы жағдайына, яғни оның қозғалыста, немесе бір орында тұрғандығына,
қозғалтқыштарының жұмыс істеп тұру-тұрмауына, автокөліктің жанармай күбісінің
қаншалықты ұзақ ашық қалуына, көліктің АЖС аумағында қаншалықты ұзақ тұруына
тікелей байланысты.
9.15 АЖС -ндағы транспорт құралдарынан тараған экологиялық ластауыштар,
өндірістің ұйымдастыру кезеңіне тиесілі.
9.16 Жанар-жағармай өнімдерімен ластануы, АЖС-ның тыныс жүйесінен («кіші»
және «үлкен» тыныс) шығатын мұнай өнімдерінің булары маңызды экологиялық қауіп (I-
II дәрежелі қауіп) төндіреді.
9.17 Резервуарлардың
«кіші тынысы», ыдыстың газ кеңістігінде тәулік бойы
жинақталған, газ өнімдерінің температуралық өзгерістерінің салдарынан орын алады.
Күндіз мұнай өнімдерінің булану жылдамдығы жоғарылайды, газ қоспасының қысымы да
өсіп отырады.
АЖС-нда жазғы уақытта
«кіші буланудағы» жанармай-ауа араласпасының
қарқындылығы, жанармайдың булану үдерісін есепке алғанда,
1 м3 резервуар аумағына
0,1 ден 0,15 м3/с ге дейін құрайды.
9.18 Резервуардың, бүткіл газдық аумағы, қақпақ арқылы сыртқа шығарылып,
босатылған резервуарды толтыру кезінде, «үлкен тыныс» орын алады.
9.19 Жанармай-ауа қоспасының пайда болу қарқындылығы, негізінен, резервуарды
толтыру уақытының ұзақтығына байланысты, ол жанармай құю сорғыларының өнімді
қызметіне де тәуелді.
9.20 Резервуарды толтыру ұзақтығы, оның сыйымдылығы мен жанармайды құю
уақытына байланысты.
«Үлкен тыныс» кезінде, жанармай-ауа араласпасының таралу
қарқыны, сыйымдылығы 10 нан 40 м3 дейінгі резервуарларда 15 тен 60 м3/с дейін болып
келеді.
9.21 Үлкен қарқындылық пен салыстырмалы аз уақытты есепке алғанда, «үлкен
тыныстар», жанармай-ауа қоспасын дүркіндетіп шығарады, бұл АЖС-ның жарылу
қауіптілігін арттырады.
9.22 АЖС және мұнай базаларының «Үлкен тынысы» 175 м-ге дейінгі радиустағы
қоршаған табиғи ортаға және тұрғындарға экологиялық қауіп төндіруі мүмкін.
9.23 Өндірісті ұйымдастыру кезеңінде (АЖС құрылысы, резервуарларды, мұнай
өнімдері құбырларының ішкі желісі және жанармай құю бағандарының орнатылуы),
қабылданатын техникалық шешімдер бойынша, АЖС резервуарларының
«үлкен
тынысынан» келетін қауіпті төмендетуге болады.
22
10 ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛАПТАРЫ
10.1 Мұнай базалары мен АЖС пайдалану кезіндегі, өрт қауіпсіздігі бойынша жалпы
талаптар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы
16 қаңтардағы
№14
қаулысымен бекітілген
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық
регламентінің және керекті нормативтік құжатардың талаптарына сәйкес болуы керек.
10.2 АЖС төмен қысымды, өртке қарсы айналмалы су жүргізу жүйесімен
жабдықталады. Гидранттардың арасындағы қашықтық, өртті сөндіруге кететін судың
жалпы мөлшерін және гидранттардың өткізгіштік қабілетін есепке ала отырып
орнатылады (200 метрге дейінгі радиуста екеуден кем емес). Өртке қарсы су құбырын
орнату мүмкіндігі болмаған жағдайда, сыртқы өртті сөндіру үшін Мемлекеттік өрт
қауіпсіздігі қызметімен келісім бойынша,
өрт сөндіруші сорғы станциясы
пайдаланылады.
10.3 АЖС-ң кез келген нүктесіне өрт сөндіру жүйесі жеткізілуі қажет.
10.4 АЖС-ны электрмен жабдықтау схемасы келесілерді қамтиды:
-
ғимаратта өрт қаупі болған жағдайда, автоматты түрде техникалық
құрылғыларды өшіру;
-
ғимараттың ауасында қауіпті газдар шоғырланған жағдайда, желдету жүйелерін,
орталықтандырылған жүйеде өшіру.
10.5 АЖС ғимаратында өрт дабылы қосылған кезде, автоматты режимде келесілер
орын алады:
- тәулік бойы қызметкерлер отыратын операторлық орындардағы өрт туралы
дабыл;
- барлық жанармай құю бағаналары сөндіріледі;
10.6 АЖС ғимараттарындағы өрттен хабар беретін автоматты дабылдар арқылы, өрт
туралы адамдарға хабар беру, ҚН ҚР 2.02.11 сәйкес келуі қажет [2].
10.7 ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 16 қантарындағы № 14 қаулысымен бекітілген «Өрт
қауіпсіздігінің жалпы ережелері» техникалық регламентіне сәйкес, АЖС алғашқы өрт
сөндіру құрылғыларымен жабдықталады.
10.8 Өрт сөндіру құрылғыларының орны, нұсқаушы таңбалар арқылы белгіленеді.
11 ЭЛЕКТРОХИМИЯДАН ҚОРҒАУ
11.1 АЖС-ның жобаланып отырған құрыштан жасалған жер асты құрылыстары,
топырақ тоттануынан қорғаныш қаптамасы және электрохимиялық қорғаныс құралдары
арқылы қорғалады. Қоршаған ортаның ықпал ету агрессиясына баға беру және жерасты
резервуарларының жоғарғы бетін және құбырларды тоттанудан қорғау
[1] сәйкес
жүргізіледі.
11.2 Электрохимиялық қорғаныс құралдары келесілерден тұрады:
- катодты қорғаныс құрылғылары (КҚҚ);
- дренажды қорғаныс құралдары (ДҚҚ);
- протекторлы қорғаныс құралдары (ПҚҚ);
- электрқосқыштар (ЭҚ).
23
11.3 Мұндай қорғаныс құралдары жеке, немесе бір-бірімен үйлесімділікте
пайдаланылуы мүмкін.
11.4 Топырақ тоттануынан электрохимиялық қорғау, имараттың бүкіл беткі тұсын
үздіксіз катодты полярлау арқылы жүзеге асырылады.
11.5 Катодты полярлау үшін КҚҚ қажет. Жеке жағдайларда, шағын
коммуникацияларды қорғауда және грунттардың 50 Ом·м дейінгі салыстырмалы тебілуі
кезінде, ПҚҚ қолданылуы мүмкін. ДҚҚ кездейсоқ анықталатын тоқтар болған кезде
пайдаланылады. ДҚҚ-ны пайдалану мүмкін болмаған кезде, адасқан тоқтар кездесетін
аймақта автоматты түрлендіргішке ие ДҚҚ жобалануы мүмкін.
11.6 Электрохимиялық қорғаныс құралдарының қорғаныштық қызмет атқарауының
мерзімі 10 жылдан кем емес. Қолданысқа енгізу кезінде, тоқ және кернеуді реттейтін
құрылғылар 50 %-ға жабдықталуы тиіс.
11.7
АЖС-ның жобаланып отырған алаңындағы коммуникацияларды
электрохимиялық қорғауды, көршілес жатқан алаңдық және жолақтық құрылыстардың
электрохимиялық қорғаныс деңгейіне байланысты, жүзеге асырған жөн. Бұл ретте
қорғаныс АЖС-ның басқа құрылыстарына кері ықпал етпейді.
11.8 Жер асты коммуникацияларының жағдайын бақылау үшін БӨА (бақылау-
өлшеу аспаптары) жобаланады. Жерасты коммуникацияларымен электрлік байланыс
болған жағдайда БӨА-н қарастырудың қажеті жоқ.
12 АЖС-НЫ ПАЙДАЛАНУ ҚАУІПСІЗДІГІ
12.1 Мұнай базалары мен жанармай құю орындарында, бұзылған құрылғыларды,
механизмдерді, құралдарды немесе бұзылған қауіпсіздік құрылғыларын (бұғаулауыш,
белгілеуіш және дабыл құралдары мен приборлары) пайдалану және оларды, анықтамада
белгіленген мөлшерден жоғары дәрежедегі жүктемелер мен қысымдарда, пайдалануға
рұқсат берілмейді.
12.2 Құрылғыларды, аппараттарды, құбыржолдардың бөліктерін іске қосуда, немесе
тоқтатуда, технологиялық жүйеде жарылғыштық қаупі бар қоспалардың орын алуына
(инертті газбен үрлеу, үрлеудің тиімділігін бақылау) жол берілмейді.
12.3 Құрылғыларды, тек қана жарамды жағдайында және герметивтілігі бұзылмаған
күйінде пайдалану керек.
12.4 Автоцистерналардан мұнай өнімдерін ауа кіргізбей, жылдам төгу тәсілін
пайдалану керек.
12.5 АЖС-н пайдалану барысында, топырақтың, ашық су қоймаларының,
атмосфералық ауаның ластануының алдын алу шаралары орындалады.
12.6 Жанармай сақтайтын резервуарлар
(жерасты, жерүсті) мұнай өнімдерінің
төгілуі, немесе авариялық жағдайларда қажет болатын түпқоймамен жабдықталады. АЖС
аумағында жанаротынды төгуге арналған дренажды науаларға қарай еңістелген арнайы
алаң бөлінуі мүмкін.
12.7 Технологиялық құрылғылардың дыбысы [13] сәйкес рұқсат етілген дыбыс және
діріл шамасынан аспауы керек.
24
12.8 Мұнай өнімдерін сақтауға арналған контейнердің шатырына көтерілуге және
оның қақпақшасына қол жеткізуге мүмкіндік беретін баспалдақ орнатылады. Шатырда
бірнеше төсемелермен және металл қоршаулармен қызмет көрсететін алаң орнатқан жөн.
12.9 Резервуарлар толтырған кезде, мұнай өнімдерінің сыртқа төгілуіне жол
бермейтін приборлармен жабдықталады. Резервуарлардың конструкциясы, қалған
қалдықты тазалауға, желдетуге және дегазациялауға мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.
12.10 Резервуарлардың алдындағы құбырлар, қысымды шураларға ие, оларға еркін
қол жеткізуге болады.
12.11 АЖС-ның металлды конструкциясы, тоттануға қарсы қорғанысқа ие,
контейнердің сыртқы жақ беті ашық түсті күнге шағылысатын бояумен боялады, ішкі
жағы тоттануға қарсы, шағылысу коэффициенті төмен бояулармен боялады.
12.12 Жанармай құю станцияларын басқаратын жеке және заңды тұлғалар, жұмыс
аймағының ауасындағы және С33 шегарасындағы аумақтың атмосферасындағы зиянды
заттардың құрамына бақылау орнатады.
12.13 АЖС қызметкерлері арнайы киімде жұмыс істейді, жеке қорғаныш құралдарын
(резина қолғаптар, респираторлар) пайдаланады және жылдың әр мезгіліне кем дегенде 2
жиынтық формаға ие болулары керек.
12.14 Қызметкерлердің арнайы киімдері жеке шкафтарда сақталады, үй киімнен
бөлек тұрады.
12.15.Барлық АЖС, Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2005 жылы
29 шілдеде № 3759 тіркелген ҚР Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің
2005 жылғы 29 маусымдағы № 311 бұйрығымен бекітілген
«Жанар-жағармай құю
станцияларын пайдалану мен жабдықтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» ына сай, медициналық дәрілер жинақтамасымен қамтамасыз етілүі керек.
12.16 АЖҚС қызметкерлері жұмысқа кіріспестен бұрын және қызмет атқару
барысында медициналық тексерістен өтеді.
12.17 Жарылыс қауіпсіздігі аумағы - бұл өнімді пайдалануға беру, тасымалдау және
сақтау кезінде, кенеттен орын алатын жарылысқа қатысты техникалық қауіпсіздік.
12.18 Өрт қауіпсіздігі аумағы - техникалық қауіпсіздік аймағы, ол өрттің теріс
ықпалы нәтижесіндегі зиянның алдын-алуды көздейді.
12.19 Автожанарай станциясында, ашық мұнай өнімдерін жанармай тасымалдаушы
машиналардан жерастылық резервуарларына құйып алады. Мұнай өнімдерінің
қабылдануы, жанармай құю бағаналары
(ЖҚБ) арқылы жүреді. Дизель отыны мен
жанармайды, жерасты резервуарларына құю өздігінен ағу, немесе жанармай құю
құбырларындағы бензин тасымалдаушылардан ағызу сүзгілері арқылы сорғымен тарту
жолымен жүреді. Оператор жанармай құю бағаналары арқылы автокөлік құралын
жанармаймен толтырады, құйылатын жанармайды аға оператор басқару пульті арқылы
қадағалап отырады.
12.20 Мұнай өнімдерінің жануы, булардың ауамен тутануынан, немесе жарылуынан
басталады. Булардың алғашқы жарқылы, мұнай өнімдерінің өртенуіне әкеледі, сосын
олардың толығымен жануы орын алады. Бензинмен салыстырғанда дизель отыны ақырын
буланады. Дегенмен, ауадағы дизель отынының қоспасының жарылысы, бензин
қоспасының күшінен кем түспейді.
25
12.21 АЖС аумағында орын алатын апаттардың басты себептерін келесі белгілер
бойынша жіктеуге болады: ашық от, жалын, статикалық электрдің кернеуі, найзағай
кернеуі, өздігінен тұтанған от, өздігінен жану, пирофорлық шөгінділер. Егер толығырақ
қарастыру керек болса, бөліну кестесі төмендегідей:
- ашық от: тұтанған сіріңке, лампа, қойманың, жанармай станциясының қасында
қалған темекенің өшпеген қалдығы; ашық от көзінде жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- жалын: құрыштан жасалған құралмен, машиналардың газ шығаратын түтіктерімен
жұмыс жасау, жөнделмейтін құрылғыны пайдалану, кез келген басқа да от ұшқындары;
- статикалық электрдің кернеуі: статикалық электрден қорғау жүйесінің істен
шығуы; мұнай өнімдерінің бетінде қалқыған заттар статикалық электр разрядын
жинақтауы мүмкін, сосын резервуардың қабырғасына жақындаған кезде ұшқын
тудырады, бұл қоспаның жануына және жарылысқа алып келеді.
- табиғи апаттан.
12.22 Сыйымдылық құралында дизельдік отынның, немесе бензиннің үлкен
мөлшерінің болуы, жанармайдың ашық от көзіне төгілуі өртену қаупін тудырады.
Жанармай технологиялық құдықтарға төгілгенде, жарылу қаупі бар жанармай-ауа
араласпасы жарылуы мүмкін, бұл жерасты қоймаларында, бұдан әрі де апаттардың орын
алуына әкеп соғады. Резервуарлардың аймағында, өрт, немесе жарылыс шығу
ықтималдығы 2,9 х 104 құрайды.
12.23 Мұнай өнімдерін ыдыстарға құю барысында, статикалық электр заряды
жылдамырақ жинақталады (құю жылдамдығын арттырғанда), олардың жерге жіберілуі
баяуырақ жүреді, себебі бензин мен дизель отыны электр тоғын өткізгіштігі жөнінен өте
әлсіз болып табылады. Жарылыс уақытында қысым 1470 кПа (1,5мПа) жететіндіктен, ал
жарылыс температурасы
1500-1800°С шамасында болатындықтан, ыдыстың
герметизациясы орын алуы мүмкін. Ол өз кезегінде, герметизацияланған ыдысқа ауаның
кіруіне, өрттің қарқындалуына мүмкіндік тудырады. Резервуарларды толтыру және босату
операцияларын жүргізуде, үнемі газ кеңістігінде, сұйықтық бетінде, отын мен ауаның
қоспасы пайда болуы ықтимал.
12.24 Апаттық жағдайдың орын алу қаупі, резервуарларды жөндеуге дайындауға
жібергенде және жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында орын алуы мүмкін. Бұл жерде
темірдің, пирофорлық шөгінділері үлкен қауіп төндіреді, оларда қалыпты температурада
ауа оттегі орын алған кезде, өздігінен жанып кетуі мүмкін. Неғұрлым қауіпті пирофорлық
шөгінділерге, мұнай өнімдерінің астыңғы қабаттарында құралғандары жатады. Ыдыстың
мұнай өнімдерінен тез босатылуы, бұл шөгінділердің ауа оттегімен қарқынды
әрекеттесуіне жағдай жасайды. Бұл кезде пирофорлық шөгінділер 500-700°С дейін қызуы
мүмкін, бұл мұнай өнімінің жануына, немесе жарылуына алып келеді. Пирофорлық
шөгінділерден туындаған апаттық жағдайға әкелетін себептердің бірі, резервуарлардың өз
уақытында тазаланбауы болы мүмкін.
12.25 Бұзылған жабдықты, жерлендіру құрылғысын, жай құбылысынан қорғау
құралын пайдалану, профилактикалық жұмыстардың ретін сақтамау, мыстан жасалмаған
құралды, шток-өлшеуішті пайдалану салдарынан апат орын алады.
12.26 Герметизацияны сақтамау сипатына байланысты, ауа-райы жағдайына
байланысты апаттар, төгіліс, өртті ағыс, жарылыс түрінде болуы мүмкін.
26
12.27 Жарылыстар мен өрттер, жанармай сақтау ыдысының ішінде, не болмаса ашық
алаңшада орын алуы мүмкін.
12.28 Жарылу қаупі бар қоспалар, температуралық аймақтардан тыс жерлерде
қауіпсіз, мұнай өнімдерінің ауамен араласуы, барлық уақытта жарылыс тудырмайды,
алайда барлық уақытта өртену қаупі бар, яғни кез-келген ашық оттан ұшқын алуы мүмкін.
12.29 Барлық түрдегі бензиндер мен дизель отындарының кейбір түрлері, оңай
жанатын сұйықтықтарға (ОЖС) жатады, ал дизель отынының басқа түрлері жанатын
сұйықтықтарға (ЖС) жатады.
12.30 ОЖС-ға жабық отбақырда (тигель) 61°С аспайтын температурада жанатын
сұйықтықтар жатады.
12.31 ЖС-ға жабық отбақырда (тигель) 61°С жоғары температурада жанатын мұнай
өнімдері жатады.
12.32 Ықтимал апаттардың пайда болуының және дамуының сценарийін, апаттардың
пайда болу және даму себептеріне талдау жасау арқылы анықтайды.
12.33 Апаттарға
алып
келетін
жағдайлар
(технологиялық
жүйенің
герметикалылығының бұзылуы, қоршаған ортаға қауіпті заттың шығуы), екі басты топқа
бөлінеді:
- 1-топтағы жағдайлар - АЖС қалыпты технологиялық тәртібінің бұзылуына алып
келетін жағдайлар. Мысалы: АЖС қызметкерінің науқастық есірткілік күйі; құрылғының
материалдарының, бөлшектерінің, тіреулерінің, төсемелерінің, тығыздамаларының тозуы;
статикалық электрден және найзағай түсуінен қорғау құралдарының істен шығуы; тыныс
алу қақпағының жөнделмегендігі.
-
2-топтағы жағдайлар
- қалыпты технологиялық тәртіптің бұзылуы, немесе
құрылғының жағдайының нашарлауынан болатын апаттық жағдайлар, бәлкім,
технологиялық жүйенің герметикалылығы бұзылуы мүмкін. Мысалы: резервуарларды,
автокөлік бактарын шамадан тыс толтыру: жанармай құю бағанасының ауа кіретін
сорғысын пайдалану; құбыржолдың, герметикалық емес, аумағын іске қосу; от
ұшқындататын құралмен жұмыс жасау және т.б.
12.34 Апатқа алып келетін бұл жағдайлар өндірісті ұйымдастыру кезеңінде
ескеріледі.
12.35 Жоғарыда көрсетілгенге сәйкестендірілген қауіптер: АЖС көлік құралдарынан
шығатын түтінді газдардың ауаны ластауы, жанармай материалдарының қоршаған ортаны
ластауы; жарылыстар мен өрттердің пайда болу себептері бойынша АЖС ұйымдастыру
кезеңіне жатады.
12.36 Өндірісті ұйымдастыру кезеңінде, қауіптерді басқаруға, елеулі қауіп бар
болған кезде қызметті техникалық реттеуге, мемлекеттің араласуына сәйкес келеді.
27
А ҚОСЫМШАСЫ
(ақпараттық)
А1-кестесі - АЖС-ны орналастыру нормалары мен тәртібі
АЖС-дан арақаштығы, м
Ара қашықтығы анықталатын нысан атаулары
« А» түрі
«В» түрі
«С» түрі
1. Кәсіпорынның өндірістік, қоймалық және әкімшілік
ғимаратары мен құрылыстары.
I, II және III дәрежелі өртке төзімді құралдар
12
12
12
IV, V дәрежелі өртке төзімді құралдар
18
18
18
2. Қоғамдық және тұрғылықты ғимараттар, сауда
50*
50* (25)
50* (25)
шатырлары мен киосктер
3. Адамдардың жаппай тұрақтайтын жерлері (жер үсті
50
50
50
транспорттық аялдамалары, метро аялдамасынан
шығатын жолдар, базарлар)
4. Ғараждар мен ашық автокөлік тұрақтары
20
20
20
5. Автокөлік жолдары (көліктер жүретін жиектерге
дейін):
I дәрежелі жолдар
25
25
25
басқа дәрежелі жолдар
15
15
15
6. Жалпы желілік теміржол жолдары (төсеме үйменің
25
25
25
етегіне немесе ойықтардың жиегіне дейін)
7. Орман материалдарын, талшықты заттарды, шөп, сабан
20
20
20
сақтайтын қоймалар
8. Орман алқаптары: қылқанды және аралас тұқымдар
50
50
50
жапырақты тұқымдар
20
20
20
9. Инженерлік құдықтар: су құбырлары, канализация, газ
20
20
20
құбырлары ( 1,2 МПа дейінгі қысымда), байланыс
кабельдері, жылу құбырлары
10. Тазалағыш канализациялық ғимараттар және
20
20
20
насостық бекет ( АЖҚС - на жатпайды)
11. АЖҚС - на жатпайтын канализация құрылғылары
25
25
25
мен сорғы станциялары (су жеткізу желілері мен олардың
құдықтарын қоспағанда)
12. Жарылыс және өрт қауіпсіздігі бойынша А,Б, Г
100
100
100
категориялы технологиялық құрылғылар, қауіптілігі І
және ІІ дәрежелі радиоактивті және зиянды заттары бар
ғимараттар мен құрылыстар, газды жандыруға арналған
факельді құрылғылар
13. Көршілес АЖҚС
100
100
100
28
А1-кестесі - АҚЖС-ны орналастыру нормалары мен тәртібі (жалғасы)
Ескертпелер
1 Ара қашықтықты өлшеуде жанармай сақтау резервуарларынан, жанармай құю бағаналарынан,
автоцистерналардан жанармайды құю алаңшасынан балалар бақшасының, жалпы білім беру
мектептерінің, мектеп интернаттарының, стационарлы емдеу мекемелерінің аумағы басталатын жерге
және тұрғын үйлердің қабырғасына дейінгі қашықтық есепке алынады тұрғын үй ғимараттарынан алшақ
болуы қажет.
2 АЖҚС аумағынан электр желілерінің, электр құрылғылары мен құрылыстарының арасындағы
қашықтық
«Қазақстан Республикасының электр құрылғыларын орнату Ережелерінде» көрсетілген
талаптарға сәйкес және ҚР Төтенше жағдайлар Министрлігінің аймақтық органының келісімі бойынша
анықталады.
3 АҚЖС-ның өрт шығу қаупі бар материалдар қоймасынан, технологиялық құрылғылар мен басқа да
1 кестеде көрсетілмеген нысандардан арақашықтығы ҚР Құрылыс нормалары мен ережелерінің
талаптарына сәйкес анықталады.
4 АЖҚС теміржол және автокөлік көпірлерінің астында және олардан 100 м-ге дейінгі қашықтықта
орналасуына рұқсат етілмейді.
5 Жақшада көрсетілген ара қашықтық тек жеңіл автокөліктерге қызмет көрсететін АЖҚС-на
қатысты.
6 "*" белгісімен белгіленген арақашықтық толық салмағы
3,5 т жоғары автокөліктерге қызмет ететін
АЖҚС үшін екі есе ұзақ болады.
7 Жерүсті резервуарлары бар АЖҚС-ның 1,2,3,4,7,10,11 қатарда көрсетілген нысандарға дейінгі
арақашықтығы екі есе ұзақ болуы тиіс.
А2-кестесі - Жерүсті резервуарлары бар АЖҚС ғимараттарының арасындағы ең
төменгі арақашықтық
АЖҚС ғимараты мен
«
атаулары» графасында жазылған рет бойынша
құрылыстарының атаулары
ғимараттар мен құрылыстардың арасындағы минималды
арақашықтық, м
1
2
3
4
5
1 Жанармай сақтау резервуарлары
-
8
-
10
-
2 Жанармай құю колонкалары
8
-
8
9
4
3 Автоцистерналар орналасқан
-
8
-
9
-
алаңша
4 АЖҚС оператор орны
10
9
9
-
9
5 Мұнаймен ластанған
-
4
-
9
-
атмосфералық шөгінділерді
тазалауға арналған құрылғылар
Ескертпелер
1 «-» белгісі бар ара қашықтық қалыптандырылмайды
2 Технологиялық бөліктері бір-біріне қарама-қарсы орналасқан жанармай сақтау резервуарларының
арасындағы қашықтық 4 мертден аспауы тиіс.
29
А3-кестесі - Жерасты резервуарлары бар АЖҚС ғимараттарының арасындағы ең
төменгі арақашықтық
АЖҚС ғимараты мен
«
атаулары» графасында жазылған рет бойынша ғимараттар мен
құрылыстардың арасындағы минималды арақашықтық, м
құрылыстарының
атаулары
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1. Жерасты жанармай
-
4
-
3
9
9
15
-
6
сақтау резервуарлары
9
15
2. Жанармай құю
4
-
-
6
9
12
15
4
9
колонкалары
9
15
3. Автоцистерналар
-
-
-
6
9
12
15
-
9
орналасқан алаң
9
15
АЖҚС қызметкері мен транспорт құралдарына қзмет көрсетуге арналған ғимараттар
(техникалық қызмет көрсету посттары мен автокөлік жуу орындары):
4. I және II дәрежелі өртке
3
6
6
6
9
9
9
3
-
төзімді құралдар;
9
9
9
9
9
5. IIIа дәрежелі өртке
9
9
9
9
12
9
12
6
6
төзімді құралдар
9
9
Жүргізушілер мен жолаушыларға сервистік қызмет көрсету ғимараттары (қажетті заттар
сатылатын дүкен, кафе, әжетхана)
6. I және II дәрежелі өртке
9
12
12
9
9
6
9
9
-
төзімді құралдар;
15
15
15
15
9
7. IIIа дәрежелі өртке
15
15
15
9
12
9
12
12
6
төзімді құралдар
15
9
8. Мұнаймен ласталған
-
4
-
3
6
9
12
-
6
атмосфералық
9
9
15
15
шөгінділерді тазалауға
арналған құрылғылар
9. Транспорт құралдарына
6
9
9
-
6
-
6
6
12
арналған тұрақ аймағы
9
9
9
9
Ескертпелер
1 Арақашықтықтың көрсетілуі: алымында — ойықшасы жоқ ғимараттардың қабырғасына дейін,
бөлімінде
— ойықшасы бар ғимараттардың қабырғасына дейін.
«-» белгіленген қашықтықтар
қалыптандырылмайды;
2 Қалыптандырылмайтын қашықтықтар:
1) транспорт құралдарына сервистік қызмет көрсету
ғимараттарының арасы; егер ғимарат жаққа қарайтын басқа бір кеңірек ғимараттың қабырғасы өртке
қарсы болса;
2) АҚЖС қызметкерлеріне арналған ғимараттардың арасы, егер жүргізушілерді,
жолаушылар мен олардың көліктеріне сервистік қызмет көрсету орындары болмаса;
3 Көлік тұрақтарына арналған алаңның өлшемі бір уақытта 10 атокөліктен көбірек сиятындай етіп
ұйымдастырылады.
9 қатарда жеңіл және мототранспорт тұрақтарына дейінгі арақашықтық көрсетілген.
Басқа көлік құралдарына тұрақ ұйымдастыруда өртке төзімділігі бойынша І және ІІ дәрежелі
ғимараттардың ойықсыз қабырғасына дейінгі қашықтық
9 метрден кем болмайды, ал басқа
арақашықтықтарды 50 %-ға көбейту қажет;
30
А3-кестесі - Жерасты резервуарлары бар АЖҚС ғимараттарының арасындағы ең
төменгі арақашықтық (жалғасы)
Ескертпелер
4 Трансформаторлық подстанциядан АЖҚС ғимараттары мен имараттарына дейінгі
қашықтық ЭОЕ талаптарына сәйкес орнатылады.
А.4-кестесі - Өрт сөндірудің алғашқы құралдарына мұқтаждықтың нормалары
Өрт сөндірудің алғашқы құралдарының атауы мен қажетті
көлемі
Нысандардың
Ауданы
Ұнтақты өрт
атауы
2)
Көмірқышқылд
ӨҚ-В типті өрт
сөндіргіштер
ы (дана)
қалқаны (жинақ)
(дана)
1
2
3
4
5
Тәулігіне 600 және
-
4 - «ОП-5»
2 - «ОУ-2»
Жинақта 1 қалқан, 2
одан
да
көп
немесе 2 - «ОП-
өрт сөндіргіш - 2 -
жанармай құятын
10»
ОВП-10, 1 - ОП-10, 2 -
жанармай
1 - «ОП-100»
ОП-5, лом, шелек,
станциясы
асбест жабын, қатты
жүнді мата немесе киіз,
қазатын және салатын
күрек, құмы бар жәшік
Тәулігіне
600 кем
-
2 - «ОП-5»
2 - «ОУ-2»
Сондай жинағы бар ӨҚ-В
жанармай құятын
немесе 1 - «ОП-
1 қалқан
жанармай
10»
станциясы
Операторлық
-
1 - «ОП-100»
1 - «ОУ-2»
-
ғимарат
немесе 2 - «ОП-
50» және 1 - ОП-
5
Ескертпе - Осы В класының өрттерін сөндіруге арналған ұнтақты өрт сөндіргіштің ВС немесе АВС санаты
болуы керек
31
КІТАПНАМА
[1] ҚР ҚНжЕ 2.01-19-2004 Құрылыс құрылғыларын тоттанудан қорғау.
[2] ҚР ҚНжЕ 2.02-15-2003 Ғимараттар мен имараттардың өртке қарсы
автоматтандырылуы.
[3] ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2009 Сумен жабдықтау. Сыртқы желілер және құрылыстар.
[4] ҚР ҚНжЕ 4.01-41-2006* Ғимараттын ішкі сумен жабдықталуы және
канализациясы.
[5] ҚР ҚНжЕ 04.03-85 Кәріз жүйесі. Сыртқы желілер мен құрылыстар.
[6] ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002* Табиғи және жасанды жарықтандыру.
[7] ҚР ҚНжЕ 3.02-09-2010 Өндірістік ғимараттар.
[8] ҚР ҚНжЕ 3.03-09-2006* Автокөлік жолдары.
[9] ҚР ҚНжЕ 4.02-42-2006 Жылу және желдету, кондиционер жүйелері.
[10] ВЖ 01-89 Автокөліктерге қызмет көрсету ғимараты.
[11] ҚР ҚНжЕ 4.04-10-2002 Электротехникалық құрылғылар.
[12] ҚР СТ 1125-2002 Жол ережелері белгілері. Жалпы техникалық талаптар.
[13] ХҚН 2.04-03-2005 Дыбыстардан қорғаныс.
[14] СНТ
1.02.011-94
«Жұмыс жасау аймағындағы зиянды заттардың шекті
концентрациясы».
[15] СНТ
1.02.006-94
«Өндірістік ғимараттардың микроклиматына қойылатын
санитариялық нормалар».
ӘӨЖ 658.562
МСЖ 91.020
Негізгі сөздер: жанармай құю станциясы, бас жоспар, ғимараттар мен
имараттардың арасындағы қашықтық, тік жоспар, инженерлік желілер, санитариялық-
қорғау аймағы.
32
СОДЕРЖАНИЕ
ВВЕДЕНИЕ
IV
1
ОБЛАСТЬ ПРИМЕНЕНИЯ
1
2
НОРМАТИВНЫЕ ССЫЛКИ
1
3
ТЕРМИНЫ, ОПРЕДЕЛЕНИЯ И СОКРАЩЕНИЯ
2
4
ОБЩИЕ ПОЛОЖЕНИЯ
3
5
ПРАВИЛА ПРОЕКТИРОВАНИЯ ГЕНЕРАЛЬНОГО ПЛАНА АЗС
СТАЦИОНАРНОГО ТИПА
4
6
ПРАВИЛА ПРОЕКТИРОВАНИЯ ЗДАНИЙ И СООРУЖЕНИЙ
14
7
ПРАВИЛА ПРОЕКТИРОВАНИЯ ИНЖЕНЕРНО-ТЕХНИЧЕСКОЙ
ИНФРАСТРУКТУРЫ АЗС
18
7.1 Системы водоснабжения и канализации
18
7.2 Отопление и вентиляция 19
7.3 Электроснабжение, молниезащита, связь
19
8 РЕКОМЕНДАЦИИ ПО ТЕХНОЛОГИЧЕСКОМУ ОБОРУДОВАНИЮ АЗС
20
9 ПРАВИЛА ПРОЕКТИРОВАНИЯ РАЗДЕЛА ОХРАНЫ ОКРУЖАЮЩЕЙ
СРЕДЫ
22
10
ТРЕБОВАНИЯ ПО ПОЖАРНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ
25
11
ЭЛЕКТРОХИМИЧЕСКАЯ ЗАЩИТА
25
12
БЕЗОПАСНОСТЬ ПРИ ЭКСПЛУАТАЦИИ АЗС
26
ПРИЛОЖЕНИЕ А (информационное) Порядок и нормативы для размещения АЗС
31
БИБЛИОГРАФИЯ
35
III

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

//////////////////////////