СП РК 4.04-112-2014 ПРОЕКТИРОВАНИЕ ВЕТРЯНЫХ ЭЛЕКТРОСТАНЦИЙ (ҚР ЕЖ 4.04-112-2014) - 1

 

  Главная      Книги - Разные     СП РК 4.04-112-2014 ПРОЕКТИРОВАНИЕ ВЕТРЯНЫХ ЭЛЕКТРОСТАНЦИЙ (ҚР ЕЖ 4.04-112-2014)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

   

 

   

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

 

СП РК 4.04-112-2014 ПРОЕКТИРОВАНИЕ ВЕТРЯНЫХ ЭЛЕКТРОСТАНЦИЙ (ҚР ЕЖ 4.04-112-2014) - 1

 

 

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ
Государственные нормативы в области
архитектуры, градостроительства и строительства
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ЖЕЛ ЭЛЕКТРСТАНЦИЯЛАРЫН ЖОБАЛАУ
ПРОЕКТИРОВАНИЕ ВЕТРЯНЫХ
ЭЛЕКТРОСТАНЦИЙ
Ресми басылым
Издание официальное
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс,
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын
басқару комитеті
Комитет по делам строительства, жилищно-коммунального
хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства
национальной экономики Республики Казахстан
Астана 2015
I
СП РК 4.04-112-2014
АЛҒЫ СӨЗ
1 ӘЗІРЛЕГЕН:
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ, «ЗЦ Алматытехстройэкспертª ЖШС
2 ҰСЫНҒАН:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері
және жер ресурстарын басқару комитетінің Техникалық
реттеу және нормалау басқармасы
3 БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ
Қазақстан Республикасы Ұлттык экономика министрлігі
ҚОЛДАНЫСҚА
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері
ЕНГІЗІЛГЕН:
және жер ресурстарын баскару комитетінің
2014 жылғы 29-желтоқсандағы № 156-НҚ бұйрығымен
2015 жылғы 1-шілдеден бастап
ПРЕДИСЛОВИЕ
1 РАЗРАБОТАН:
АО «КазНИИСА», ТОО «ЗЦ Алматытехстройэкспертª
2 ПРЕДСТАВЛЕН:
Управлением технического регулирования и нормирова-
ния Комитета по делам строительства, жилищно-
коммунального хозяйства и управления земельными ре-
сурсами Министерства национальной экономики Респуб-
лики Казахстан
3 УТВЕРЖДЕН И
Приказом Комитета по делам строительства, жилищно-
ВВЕДЕН В ДЕЙСТВИЕ:
коммунального хозяйства и управления земельными ре-
сурсами Министерства национальной экономики
Республики Казахстан от «29» декабря 2014 года
№ 156-НҚ с 1 июля 2015 года
Осы мемлекеттік нормативті Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы
және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатысыз ресми
басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.
Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично
воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без
разрешения уполномоченного государственного органа по делам архитектуры,
градостроительства и строительства Республики Казахстан.
II
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1
ҚОЛДАНУ САЛАСЫ««
««««««««««««««««««««.
1
2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР««...«««««««««««««««««...
1
3
ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР««««««««««««««««
2
4
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР««
«««««««««««««««««««««..
3
5
ЖЭС ЖОБАЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ «
««««««««««««««««..
4
5.1 Аймақтың жел жағдайларын бағалаумен бірге ЖЭС орналастыру жоспары«..
4
5.2 Алаңды таңдау««
««««««««««««««««««««««««. 6
5.3 ЖЭС орналастыру схемасы«««««««««««««««««««««« 6
6
СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ШЕШІМДЕРІ««
««
«««««««
10
7
ЖЭС НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ЖАБДЫҒЫ«
««««..
11
7.1 Жел электр қондырғылары«««
«««««««««««««««««. 11
7.2 Метеобекет
««
««««««««««««««««««««« 14
7.3 ЖЭС-ның алаңда орналасуы «
««««««««««««««««««.. 15
7.4 Басқару, бақылау және диагностикалау жүйесі«««««««««««««
17
7.5 ЖЭС-ң сенімділік көрсеткіштері «««««««««««««««««««
20
7.6 ЖЭС-ң пайдаланылу көрсеткіштері««
«««««««««««««««. 21
8
ЭЛЕКТР ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ««
«.««««««««««««.
24
8.1 Электр жалғасуларының басты схемалары«««««««««««««««.
24
8.2 Дербес және гибридті ЖЭС-ға арналған ЖЭҚ қуаттылығын шоғырландыру
схемалары
25
8.3 Өзіндік қажеттіліктерге қатысты электр жалғасуларының схемалары «««...
26
8.4 Басқару, дабылдама, автоматика««««««
««««««««««« 28
8.5 Электр қуатының есебі «««««««««««««««««««««««.. 28
8.6 Электр есептемелері ««
«««««««««««««««««««««.. 28
8.7 Қосымша имараттар««
«««««««««««««««««... 29
8.8 Найзағайдан қорғаныс««...««««««««««««««««««««...
30
9
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚОРҒАНЫС««
30
10
ҚОЛДАНУДЫ, ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУДІ
ҰЙЫМДАСТЫРУ ««««««..««««
31
11
ҚҰРЫЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НЕГІЗДІК ШЕШІМДЕР ..«
34
12
ЖАЛПЫ СТАНЦИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАР ««.««««««««««««««
34
13
НЫСАНДЫ ҚОРҒАУДЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ ..
35
14
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДІ БАҒАЛАУ«
«..««««««
36
А ҚОСЫМШАСЫ (ақпараттық) Қазақстан Республикасының жел климаты, жел
ресурстарының шамасы мен олардың таралуы жөнінде негізгі деректер «
38
Б ҚОСЫМШАСЫ (ақпараттық) ЖЭС өндірімін есептеу әдістемесі««
40
III
КІРІСПЕ
Осы ережелер жинағы Қазақстан Республикасының «Ғимараттар мен имараттардың,
құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар», «Өрт
қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Техникалық регламенттерінің, Қазақстан
Республикасының құрылыс нормалары мен әрекет етуші нормативтік-техникалық
құжаттарының негізінде әзірленген.
Ережелер жинағында жаңа жел электр станцияларының жобалануы мен құрылысы
және әрекет етуші жел электр станцияларын қалпына келтіру кезіндегі құрылыс
нормалары талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін қолайлы құрылыс шешімдері
мен параметрлері келтірілген.
IV
СП РК 4.04-112-2014
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫН ЖОБАЛАУ
ПРОЕКТИРОВАНИЕ ВЕТРЯНЫХ ЭЛЕКТРОСТАНЦИЙ
Енгізілген күні - 2015-07-01
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
1.1 Осы ережелер жинағы жел энергетикалық қондырғылары қолданылатын дербес
(қуаты төмен) және өндірістік жел электр станцияларын (әрі қарай - ЖЭС) жобалауды
қамтиды, әрі жаңа ЖЭС, сонымен қатар, кеңейтілетін, қайта жөнделетін және
жетілдірілетін ЖЭС-ларын жобалау кезінде де қолданылады.
1.2 Ережелер жинағы қуаты 50 кВт және одан да артық құрлықтағы және жағадағы
жел электр станцияларын жобалауға мүмкіндік беретін оңтайлы жобалық, сәулет және
инженерлік шешімдер жиынтығын қамтиды.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы ережелер жинағын қолдану үшін келесі сілтемелік нормативтік құжаттар қажет:
Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1355 Қаулысымен
бекітілген электр құрылғыларын орнату ережелері.
ҚР ҚНжЕ 1.02-18-2004 Кұрылысқа арналған инженерлік зерттеулер. Негізгі
ережелер.
жоспарлау және құрылысын салу.
ЕСКЕРТУ Осы ережелер жинағын қолдану барысында нормативтік құжаттар мен сілтемелік
стандарттардың әрекетін ағымдағы жыл шеңберінде «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі
нормативтік құжаттарының сілтеуіші»,
«Стандарттау жөніндегі мемлекетаралық нормативтік құжаттар
сілтеуіші»,
«Қазақстан Республикасының аумағында күші бар сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық актілер тізімі» сияқты жыл сайын
басылып шығатын ақпараттық көрсеткіштер бойынша тексерген жөн.
Сілтеме құжат ауыстырылған
(өзгертілген) жағдайда, осы ережелер жинағын қолдану кезінде
ауыстырылған
(өзгертілген) құжатты басшылыққа алу қажет. Егер сілтеме құжат ауыстырылмастан
жойылған болса, онда оған сілтеме жасалған ереже осы сілтемені қозғамайтын бөлігінде қолданылады.
Ресми басылым
1
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Осы ережелер жинағында келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
3.1 Жел электр станциясы (ЖЭС): жел ағынының кинетикалық энергиясын электр
энергиясына өзгерту арқылы электр қуатын өндіру мақсатында қолданылатын бір немесе
бірнеше ЖЭҚ-ларынан тұратын энергетикалық имарат.
ЕСКЕРТУ ЖЭС бір немесе бірнеше ЖЭҚ-нан, жинақтау немесе сақтау құрылғысынан, автоматтық
басқару және электр станцияларының жұмыс тәртібін реттеу жүйелерінен тұрады.
3.2 Жел энергетикалық қондырғы (ЖЭҚ): Кіріктірме генератор роторының
айналуы арқылы жел ағынының кинетикалық энергиясын механикалық энергияға
өзгертуге арналған техникалық құрылғылар кешені
ЕСКЕРТУ
ЖЭҚ жел механикалық қондырғыдан (роторлық немесе пропеллерлік), электр
тогының генераторы, жел қозғалтқышы мен генератордың жұмысын басқаратын автоматтық
құрылғылардан, айнымалы токты тұрақты токқа және кері өңдегіштен, оларды орнатуға және қызмет
көрсетуге арналған имараттардан тұрады.
3.3 Пропеллерлік ЖЭҚ: генератор белдігінің айналу білігі көлденең орналасқан
қондырғы.
3.4 Виндроторлық ЖЭҚ: генератор белдігінің айналу білігі тігінен орналасқан
қондырғы.
3.5 Инвертор: тұрақты токты айнымалы токқа өзгертетін электр құралы.
3.6 Контроллер: аккумуляторлар кешенінің зарядын бақылау және энергия
қайнаркөздерін басқару үшін қолданылатын арнайы электрондық құрылғылар - ЖЭҚ.
3.7 ЖЭС электр жүйелері: Электр станцияларының қатарлас жұмысын қамтамасыз
етуге бағытталған біріккен электр қуатын беру желілерінің, түрлендіргіш шағын
станцияларының және электр қуатын тұтынушылардың жиынтығы.
3.8 Құрылыс алаңы: ЖЭС-ң барлық негізгі және қосымша ғимараттары мен
имараттары орналасатын аумақ. Алаң жел электр қондырғылар (ЖЭҚ), ашық және жабық
электр үлестіргіш құрылғылар, электр қуатын беру желілері, басқармалар мен
байланыстар, автокөлік жолдары, қосымша ғимараттар орналасатын аумақты қамтиды.
3.9 Тәжірибелік-өндірістік ЖЭС: Жел электр станциясы, әдеттегідей, бірыңғай
энергетикалық кешенге біріккен үш-алты ЖЭҚ-дан тұрады, негізгі жабдықты өндірістік
жағынан игеруге және техникалық-экономикалық сипаттамаларын тексеруге арналған
қуатты өндіретін объект ретінде өздігінен жұмыс істейді.
3.10 Жел электр модульдері (ЖЭМ): Электр қуаты шығатын ортақ арнаға жұмыс
істейтін ЖЭҚ тобы.
3.11 Ауа ағыны: Атмосферада ауа бассейнінің физикалық параметрлерінің
(температура, қысым) әр түрлілігі салдарынан туындайтын ЖЭҚ-мен айнала өтетін жел
ағыны.
3.12 ЖЭҚ-ларды көлегейлеу: жел қуатының және соның салдарынан, ауа
ағынының аймағында орналасқан ЖЭС құрамындағы бөлек ЖЭҚ-ң немесе ЖЭҚ тобы
электр энергиясы өндірімінің әсерінің азаюы.
2
3.13 ЖЭС-ның жұмыс қуаты: жел жағдайларын, жоспарлы және авариялық
жөндеу өткізу мақсатында ЖЭҚ-ң тоқтатылуын ескергендегі станцияның энергетикалық
жүйеге ұсына алатын ЖЭС қуатының ең жоғарғы шамасы.
3.14 Жөндеу технологияларының коэффициенті: ЖЭС-ң жұмыс қуатының оның
белгіленген қуатына қатынасы.
4 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
4.1 Жаңа ЖЭС-ң жобалануы белгіленген тәртіпте келісіліп бекітілген техникалық-
экономикалық дәйектемесі бар, әрі құрылыс нормаларына және құрылыс ауданының
климаттық, инженерлік-геологиялық, өзге де жағдайларына сай дайындалған жобалау
құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
4.2 Осы нормативтік құжат желдің бастапқы жылдамдығы 3 м/с немесе одан да
артық кезінде, жобалық қуаты 50 кВт және одан асатын қайта құрылатын құрлықтағы
және жағадағы жел электр станцияларын (бұдан әрі - ЖЭС) жобалау ережелерін қамтиды.
Ұсынбалы ережелерді бұрыннан бар технологиялық схемалармен, жабдық
құрастырымдарымен, ғимараттар және имараттармен ескерілетін сәйкес түзетулері бар
кеңейтілетін және қайта жөнделетін ЖЭС-на қатысты қолдануға болады.
4.3 ЖЭС-ң жобалануы ЖЭҚ-ны жобалау, пайдалануға қатысты жоғары техникалық
білімі және қазіргі заманғы жоғары технологиялық жабдықты қолдану тәжірибесі бар
қызметкерлердің қатысуымен жоғары ғылыми-техникалық деңгейде жүргізілуі тиіс.
4.4 ЖЭС-н жобалау барысында негізгі техникалық шешімдерді қабылдау үшін келесі
мәселелерді ескеру қажет:
энергетикалық жүйе жабдығы жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету;
тұтынушылар үшін электр қуатының тұрақтанған сапасын қамтамасыз ету;
аварияға қарсы автоматика кешендерінің үдіксіз жұмысын қолдау;
авариялық жағдайларды жедел жоюға бағытталған техникалық құралдардың бар
болуы;
алғашқы қаржы жұмсалымын және пайдалану шығындарын барынша үнемдеу;
материалдар мен металды қажетсіну деңгейін төмендету;
қоршаған ортаны қорғау, сонымен қатар, пайдаланушы және жөндеуші
қызметкерлер үшін қалыпты санитарлық-тұрмыстық жағдайлар жасау;
4.5 Қайта құрылатын, кеңейтілетін және қайта жөнделетін ЖЭС-ға қатысты
көлемдік-жоспарлық және сындарлы шешімдер әрекет етуші нормативтік-техникалық
құжаттарға сәйкес қабылдануы тиіс.
5 ЖЭС ЖОБАЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
5.1 Аймақтың жел жағдайларын бағалаумен бірге ЖЭС орналастыру
жоспары
5.1.1 ЖЭС-н жобалау барысында жобаның және электр қуатының жылдық өндірімін
жүзеге асыру үшін ЖЭС орналасқан аймақта ұзақ уақыт жел климатын және жел
3
энергетикалық әлеуетті ең жоғары дәлдікпен бағалау керек. ЖЭС-ң ықтимал құрылыс
орнын таңдау кезінде, күшті, әрі үздіксіз жел соғып тұратын кең тегіс жазықтағы немесе
белес шыңдарындағы бос кеңістікті қарастырған жөн.
5.1.2 Жел келесі көрсеткіштер негізінде сипатталады:
Бофорт шкаласы бойынша шамасы және сыртқы белгілері бойынша сатыларға
сәйкес, желдің орташа айлық және жылдық жылдамдығы;
ЖЭС жұмысы тұрақтылығының өте маңызды көрсеткіші - жел екпініндегі оның
ең жоғары жылдамдығы (1-кесте);
жел/желдер бағыты - «жел раушаны», желдің бағыты мен күшінің өзгеру
мерзімділігі;
турбуленттік - көлденең ғана емес, тік жазықтықта да жылдамдық градиенттерін
жасаушы ауа ағынының ішкі құрылымы;
желдің екпінділігі - уақыт бірлігіндегі жел жылдамдығының өзгеруі;
атмосфералық қысым, температура және ылғалдылыққа байланысты болатын
жел ағынының тығыздығы;
жел, ағын ішінде әр түрлі жылдамдықпен қозғалатын, ірілігі әр түрлі сұйықтық
тамшылары мен қатты бөлшектерден тұратын бір фазалық, сонымен қатар, екі немесе көп
фазалық орта болуы мүмкін.
Жел құрылымы жер үстінен жоғары биіктігіне байланысты өзгеріп отырады, бұл
ретте ауа ағынының тұрақтылығы ауаның жоғары қабаттарында артады.
5.1.3 ЖЭС орналастыру алаңын таңдау және жобаның алдын-ала техникалық-
экономикалық негіздемесін әзірлеу кезінде, жел жылдамдығының және жел ағыны
қуатының көрсеткіштерін, әрі олардың аймақта таралуын анықтау мақсатында жел
энергетикалық ресурсын алаңға ең жақын:
- құрлықтағы метеостанциялардың;
- әуежайлардың;
- спутниктік деректердің
қолда бар көпжылдық мұрағаттық метеорологиялық мәліметтері негізінде бағалау
қажет
Жел энергетикалық ресурсын алдын-ала бағалаудың нәтижелері ЖЭС құрылысының
тиімділігі жөнінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
5.1.4 Бағдарламалық жасақтама келесілерді үлестіру карталарын жасауға мүмкіндік
береді:
- желдің орташа жылдамдықтарын;
- жел ағыны қуатын;
- жел ағыны энергиясын;
- ЖЭҚ жылдық орташа өндірімін.
4
1-Кесте - Желдің жылдамдығына байланысты атауы
Жел жылдамдығы,
Жел жылдамдығы,
Жел атауы
Жел атауы
м/сек
м/сек
0
Тымық
10 — 11
Өте балғын
1,5 — 3
Өте әлсіз
12 — 14
Күшті
4 — 5
Жеңіл
15 — 16
Өкпек
6 — 7
Қалыпты
17 — 19
Дауыл
8 — 9
Балғын
20 және одан артық
Құйын
5.1.5 ЖЭС электр қуатының жылдық өндірімі келесі формула арқылы есептеледі:
E жылдық өндірі = _ f(wi) . P(wi)
(1)
мұндағы: i = 1, n,
f(wi)
- желдің таралу функциясы (сағаттарға шаққандағы жел жылдамдығының
жылдық таралуы);
P(wi)
- жел турбинасы қуатының функциясы
(жел жылдамдығынан алынатын
функция ретіндегі шығыс қуаты);
wi - уақыттың бірлік аралығы ішіндегі жел жылдамдығы немесе «i» дискретизация
элементі (әдетте 0,5-тен 1 м/с-ке дейін);
i
- электр қуаты өндірімінің қосылуы кезіндегі жел жылдамдығы мен өшірілу
кезіндегі жел жылдамдығы көрсеткіштерінің арасындағы бірлік аралықтар саны (әдетте 3
м/с-тен 25 м/с-ке дейін).
5.1.6 ЖЭС жобалау кезеңінде аймақтағы жел мониторингі арқылы ЖЭҚ-ны
орналастыру схемасын әзірлеу барысында қолданылатын жел энергетикалық ресурсының
картасын жасаған жөн.
Аймақтағы жел мониторингі келесі әрекеттерді қамтиды:
алаңның топографиялық күрделілігінің деңгейін бағалау;
жел жылдамдығының ұзақ мерзімді болашақтағы орташа жылдық есебі;
желдің таралуының ықтимал тығыздығын анықтау;
турбуленттікті бағалау;
жел жылдамдығының тік кескінін бағалау;
желдің тірек жылдамдығын және
50 жылдық мерзімділікпен жел екпінінің
жылдамдығын бағалау ;
көршілес ЖЭҚ-дан келетін жел құйыны іздерінің әсерін бағалау;
ЖЭС өндірімін болжамдаудағы метеорологиялық мәліметтердің дәлсіздігінен
болған қателіктерді бағалау;
қоршаған ортаның өзге факторларын (ауа тығыздығы, ауа температурасы, ауа
ылғалдылығы, найзағай түсу мүмкіндігі, қар және мұздың болу мүмкіндігі, күн
радиациясы, тұздар құрамы, химиялық белсенді заттардың болуы) бағалау;
алаңның сейсмикалық сипаттамаларын бағалау;
жел электр станциясының теориялық жобасын дайындау;
жел ағынын үлгілеу;
5
жел электр станциясының құрастырма схемасын дайындау және оны
оңтайландыру;
өндірілетін қуат көлемін есептеу;
IEC (ХЭК) 61400-1 сәйкес жіктемеге қол жеткізу үшін қажет құжаттарды әзірлеу.
5.2 Орналастыру алаңын таңдау
5.2.1 ЖЭС-н жобалау кезінде, ЖЭҚ-ны орналастыру үшін алдын-ала көлемі сәйкес
келетін бір немесе бірнеше аумақты таңдап алған жөн.
ЕСКЕРТУ Өндірістік ЖЭС үшін ротор диаметріне байланысты ЖЭҚ араларындағы ең аз қашықтық
300-ден 500 метрге дейін болуы мүмкін. Кедергі әсерлерді жеткілікті дәрежеде азайтып, қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін ең жақын тұрғын үйлер, ғимараттар, компанияларға дейінгі қашықтық та, 300 - 500
метрден аз болмауы тиіс.
5.2.2 ЖЭС орналасатын алаңды келесідей негізгі өлшемдерге сүйеніп таңдау қажет:
- аймақ жерінің бедеріне, оның кедір-бұдырлығына, жел ағынына қарсы кедергінің
болуы және пайда болуы жөнінде болжамға, турбуленттік деңгейіне т. б. байланысты
болатын жел энергетикалық ресурсының сапасы;
- негізінен ЖЭҚ бөлшектерінің ірі габариттерімен, таңдалған алаңның инженерлік-
геологиялық жағдайларымен және бұрыннан бар жергілікті инфрақұрылымның
ахуалымен тығыз байланысты құрылыс жағдайлары;
- қуат беретін нысандар құрылысының және электр желілеріне технологиялық
жалғанудың, ЖЭС жабдығы үшін технологиялық жалғанудың оңтайлы нүктесін
анықтаудың, энергия жүйесі тарапынан ЖЭС қуатын шектеудің құны;
- жер телімдерінің мәртебесі;
-
көлікпен қатынау мүмкіндігі
- ЖЭС орналасатын аймақтың көлік
инфрақұрылымының ахуалы мен арақашықтықтарды ескергенде, ірі ЖЭҚ үшін
(қалақтарының ұзындығы шамамен 50 м, гондоланың салмағы шамамен 80 т, жүк көтерімі
шамамен 600 т құрайтын монтаждық кранды тасымалдау қажеттігі бар) ЖЭС орналастыру
алаңын да, ЖЭҚ-ны да таңдау барысында бұл белгі көбінесе шешуші болып табылады;
- экологиялық шектеулер;
- өзге шектеулер (елді мекендердің жақын орналасуы, авиация, байланыс желілері,
қорғау аймақтары, мәдени және археологиялық ескерткіштер, жер асты коммуникациялар
және т.б.).
5.3 ЖЭҚ орналастыру схемасы
5.3.1 ЖЭҚ орналастыру схемасы олардың ЖЭС құрамындағы орнын анықтайды.
Орналастыру схемасын дайындау, қажетті қуаты бар жел энергетикалық
қондырғылардың белгіленген алаң шегінде барынша оңтайлы орналасуын қамтиды. Бұл
кезде келесі жағдайларды ескерген жөн:
- электр қуатының өндірімін ең жоғарғы дәрежеге жеткізу және олардың өзара
аэродинамикалық көлеңкеленуі әсерінен болатын шығынды барынша азайту мақсатында
6
ЖЭҚ араларындағы оңтайлы қашықтықты анықтау;
- турбуленттік жабдықтың тозуына айтарлықтай дәрежеде әсер ететіндіктен,
қарқынды турбуленттік сипатына ие аймақтарда ЖЭҚ-ны турбуленттікті арттыратын
объектілерге қатысты орналастыру мәселесіне ерекше мән берген абзал;
- жолдар, электр қуатын беру желілері, мұнай және газ құбырлары, өнеркәсіптік
нысандар, әуежайлар және т. б. сияқты инфрақұрылым нысандарының жанына
орналастыруға қатысты шектеулерді сақтау;
- шудың мөлшерленген көрсеткіштері қойылған орындарда санитарлық нормаларды
сақтау. Шу әсері жел генераторының үлгісіне, аймақ жерінің бедеріне, қосалқы шу
деңгейіне байланысты болғандықтан, шу әсерін есептеуді әрбір ЖЭС үшін жеке жүзеге
асыру және ЖЭҚ орналастыруды санитарлық нормаларының сақталуын ескере отырып
жоспарлау қажет;
- аймақтың бұрыннан бар инфрақұрылымы мен шектеулерін ескере отырып,
қарастырылатын табиғи жағдайларда құрылыс алаңын ұйымдастыру мүмкіндігі.
5.3.2 Жел генераторларын орналастыруға қол жетімді болған алаң шегінде, құрылыс
базасының ұйымдастырылуынан бастап, белгіленген техникалық параметрлер негізінде
(бойлық және көлденең еңістер, габариттер, бұрылыстардың радиустары т. б.)
технологиялық өтпелер мен монтаждық алаңдар салуға дейінгі, құрылыс жағдайлары
ойластырылып талданады. Сонымен қатар, алаңның топырақ жағдайлары да
қарастырылып, аймақтың гидрографиялық сипаттамалары (жер үсті және жер асты сулар,
бұлақтар, батпақ) және жер бедерінің ерекшеліктері
(беткейлердің тіктігі, жыралар,
шөгінділер) ескеріледі. Орындалған талдауды ескере отырып, өзара техникалық-
экономикалық салыстырулар жасау мақсатында сындарлы шешімдердің түрлі нұсқалары
дайындалады. Сонымен бірге, орналастыру схемасын дайындау барысында іргетастардың
қалану мәселесіне және жел генераторлары монтажының схемасына зор мән беріліп,
олардың таңдалған алаң шеңберінде техникалық орындалуын бағалау іске асырылады.
5.3.3 ЖЭС-ң бас жоспары негізгі, қосымша және қосалқы ғимараттар мен имараттар,
көлік және технологиялық коммуникациялар кешенін қамтиды.
5.3.4 ЖЭС-ң негізгі құрылыстары желдің кинетикалық энергиясын электр
энергиясына өзгеруін, энергияның генераторлардан бастап, қуат жүйесіне жалғанған
орнына дейінгі таралуын қамтамасыз етуге бағытталған.
5.3.5 ЖЭС-ң негізгі имараттарына келесілер жатады:
жел энергетикалық қондырғылар (ЖЭҚ);
метеобекет немесе бірнеше метеобекеттер;
басқару, бақылау және диагностикалау жүйелерімен жабдықталған орталық
басқару пункті;
үлестіргіш электр құрылғылар және шағын станциялар;
электр қуатын берудің шоғырсымды және әуе желілері.
5.3.6 ЖЭС-ң қосымша имараттары негізгі имараттардың қалыпты және үздіксіз
қызмет етуін қамтамасыз етеді. Оларға, әдетте, келесілер жатады:
қызметтік-өндірістік корпус;
ЖЭС аумағының шеңберінде байланыс құралдары бар орындар;
ЖЭС-ң қуат жүйесінің диспетчерлік орнымен байланысын қамтамасыз етуге
7
арналған байланыс желілерімен және құралдарымен жабдықталған орындар.
5.3.7 Қосалқы ғимараттар мен имараттарға:
қойма бөлмелері;
құрал-жабдықты сақтау орындары;
қызметкерлердің тынығу бөлмелері;
күзет бөлмелері;
көлік және жүк көтергіш құралдардың гараждары;
жөндеу шеберханалары жатады.
5.3.8 Әрбір нақты ЖЭС үшін қосымша және қосалқы имараттар құрамы өзгеріп
отыруы мүмкін.
5.3.9 ЖЭС алаңын бір аумақта орналастырған жағдайда, ЖЭҚ-ды бірнешеуден
модульдерге біріктірген абзал. ЖЭҚ саны олардың әр бірлігінің қуаты және таңдалған
трансформаторлық шағын станциялардың өткізгіштік қабілеті негізінде анықталады.
5.3.10 ЖЭС-ң бас жоспарын құрастыру кезінде, энергетикалық жүйеге белгіленген
бағыттарда электр қуатын тасымалдау үшін желілердің қолайлы шығуларының бірыңғай
арналарын қамтамасыз ету қажет.
5.3.11 ЖЭС-ны бірнеше бөлек тұрған алаңдарда
(белестер тізбегіне,
ауылшаруашылық қолданысына жарамсыз аймақтарға және т. б.) орналастырған
жағдайда, ЖЭҚ-ын модульге біріктіру аумақтық принцип негізінде жүзеге асырылуы
мүмкін. Мұндай жағдайда, энергиялық жүйеге қуат берілісінің бірнеше арнасын жасуға
болады.
5.3.12 ЖЭС бас жоспарының құрастырылымы келесі жағдайларды қамтамасыз етуі
тиіс:
таңдалған ЖЭҚ түрлері арқылы электр қуатының барынша жоғары өндірімін
алу;
ЖЭС құрылысында барынша аз қаржы жұмсалымы;
тұрақты және уақытша қолданысқа берілетін жер алаңдарының барынша аз
дәрежеде қажет болуы;
ЖЭС-ң ағымдық және сатылай құрылысын ұйымдастыруға қолайлы жағдай
жасау.
5.3.13 ЖЭС бас жоспарларының құрастырылымын дайындау кезінде өндірістік
кәсіпорындарды жобалау бойынша нормативтік құжаттың және ЖЭС ерекшеліктеріне
байланысты қосымша талаптарды ескеру керек:
ЖЭҚ-ң бірлік қуаты салыстырмалы түрде төмен және олар өзара жел көлегейлеу
әсерін төмендету үшін кең аймақтарда орналастырылады;
Әрбір ЖЭҚ-ға пайдалану жағдайларына қажетті технологиялық автокөлік кіре
беріс жолдарын салу;
Әр ЖЭҚ-дан үлестіргіш құрылғыларда электр қуатын беру шоғырсымдық
желілерін (ЭБШЖ) және қуат жүйесімен байланысуға арналған әуе немесе шоғырсым
желілерін жасау;
құрылыс-монтаждық жұмыс көлемінің шамалылығы және оларды орындау
ұзақтығының салыстырмалы түрде қысқа болуы;
ЖЭС-ны шағын іске қосу кешендері арқылы пайдалану мүмкіндігі.
8
5.3.14 ЖЭС-ң бас жоспарларын құрастыру барысында сонымен бірге келесілерді
қамтамасыз ету қажет:
ЖЭС негізгі ғимараттары мен имараттарын жердің табиғи бедерін және желдің
басым бағыттарын ескере отырып орналастыру қажет;
орталық басқару және бақылау пунктін (ОББП), сонымен бірге, орталық шағын
станцияны (ОШС) мүмкіндігінше электр қуатын өндіретін ЖЭҚ күштерінің ортасында
орналастырған жөн;
қосымша және қызметтік ғимараттар мен имараттартарды барынша тұтастыру;
метеобекеттерді орналастыратын орынның және олардың санының жеткілікті
болуы;
ЖЭС-н өндіріс кәсіпорындары мен қалаларға жақын, дамыған қуат жүйелерінде
орналастырған жағдайда, желілік жабдық пен желілік имараттарды, жөндеу
шеберханалары мен қойма бөлмелерін энергетикалық қызмет көрсететін немесе өндірістік
кәсіпорындармен бірлесе қолдану мүмкіндігін қарастырған тиімді;
ЖЭҚ және шағын станцияларды елді мекендердің тұрғын үйлерінен, өндірістік
және өзге нысандардан жеткілікті дәрежеде алшақ орналастыру;
табиғи ландшафттарды сақтауға және жаңбыр сулары мен еритін қар суларын
бұрып жіберуге негізделген жоспарлау;
ішкі автокөлік жолдары мен айналма алаңдарының нормативтік ені мен сапасы;
қызмет көрсетуші персоналдың үнемі жүретін аймақтарында жүргіншілерге арналған
жолдарды және қорғаныс бөгеулерін орнату; сондай-ақ қауіпті аймақтарда (авариялар
кезінде қалақтардың ұшып құлауы ықтимал орындарда, кернеулі жабдық орнатылған
орындарда) ескерту белгілерін орнату арқылы ЖЭС нысандарына қауіпсіз қызмет
көрсетуді қамтамасыз ететін жағдайлар;
мүмкіндігінше ауылшаруашылық қоныстарының шекараларын бұзбай, ішкі және
кіре беріс автокөлік жолдарын, электр қуатын беру желілерін, электр шоғырсымдарын,
байланыс және басқару шоғырсымдарын бөлінген жер алаптарында орнату және
трассалау;
5.3.15 ЖЭС алаңына тұрақты қолданысқа, әдетте, ЖЭҚ, метеобекет,
трансформаторлық шағын станциялар, электр қуатын берудің әуі желілерінің бағаналары
(ӘЖ), ішкі автокөлік жолдары, ЖЭС-ң қосымша және қосалқы ғимараттары мен
имараттарының кешені орналасатын жерлер беріледі.
5.3.16 ЖЭС-на уақытша қолданысқа жер асты электр шоғырсым желілерін,
байланыс және басқару желілерін орналастыруға арналған жер алаптары, сонымен қатар,
құрылыс-монтаждау жұмысының өндірісі кезеңіндегі монтаждау алаңдарын
орналастыруға қажетті аймақ беріледі. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалуына
қарай, жер ретті телімдермен уақытша қолданысқа бөлініп отырады.
5.3.17 Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталған соң, уақытша бөлініп берілген
аумақтардағы жердің топырақ құнарлығы қалпына келтіріліп, бұрынғы
пайдаланушыларға қайтарылуы тиіс.
5.3.18 ЖЭС жерінің бедерін ұйымдастыру жоспарын жобалау кезінде, жер қазу
жұмыстарының ең аз көлемін және игерілетін аумақ ішіндегі топырақтың барынша аз
тасымалдануын назарда ұстаған абзал.
9
5.3.19 Үстіртін сулар ағысын бұру су бұрғыш имараттар жүйесімен жер бедерінің
төмендетілген жерлеріне жіберу (жыралар, науалар, таудағы орлар, құбырлар т.б.) арқылы
жүзеге асады. Алаң бетінің еңістері 3.01-101 ҚР ЕЖ сәйкес алынады.
5.3.20 ЖЭС аймағын жайластыру және көгалдандыру тарауын жобалау кезінде
көгалдандыру үшін газон мен тырбық бұталарды пайдалану, ал дәйекті жағдайларда, өсіп
тұрған ағаштарды алып тастау немесе олардың биіктігін азайту арқылы жел ағынының
барынша аз ауытқуын қамтамасыз ету қажеттілігін ескерген жөн.
5.3.21 ЖЭС алаңында қосымша және қосалқы ғимараттар мен имараттар
орналасатын аумақ қана қоршалуы мүмкін. Бұл ретте, ЖЭҚ орналасатын аймақ және
ЖЭҚ-ң өзі көбінесе қоршалмайды. Ал олардың арасындағы аумақ ауылшаруашылық
мақсаттарында қолданылуы мүмкін. Қоршаудың түрін таңдау кезінде мүмкіндігінше
торлы қоршауларды қолданған абзал.
5.3.22 Құрылыс-монтаждау жұмысының барлық түрлерін орындау, жабдық пен
қондырғылардың орнын ауыстыру, сонымен бірге техникалық қызмет көрсету және
жөндеу жасау үшін, қағида бойынша, автокөлік құралдарын
(автокөлік тартушы
машиналар, трейлерлер, көтергіш құрылғылар т. б.) таңдаған жөн.
5.3.23 Көтергіш-көлік құралдарын ЖЭС қосымша имараттарының өндіріс
бөлімінде орналыстырған жөн.
5.3.24 ЖЭС алаңында жөндеу және профилактикалық жұмыстардан қалған
материалдардың қалдықтарын, ЖЭС қызметкерлерінің тіршілік әрекеттінің қалдықтарын
жинау және сақтауға арналған ыдыстарды орналастыратын орындар алдын-ала
ойластырылуы, ал жобада оларды кәдеге жарату тәсілі (шығару немесе көміп тастау және
т. б.) белгіленуі тиіс.
6 СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ШЕШІМДЕРІ
6.1 ЖЭҚ жабдығының, ғимараттары мен имараттарының іргетастарын
инженерлік-геологиялық ізденістер нәтижесінде алынған физикалық-механикалық,
деформациялық көрсеткіштерді және топырақ беріктігінің көрсеткіштерін ескере отырып
ҚР ҚНжЕ 1.02-18 сәйкес жасау қажет.
6.2 ЖЭҚ іргетастарын қосқанда, ЖЭС ғимараттары мен имараттарының сындарлы
106 сәйкес қабылдануы тиіс.
6.3 ЖЭҚ сенімділік деңгейі
(кедергіні, гондоланы, роторды қосқанда) ЖЭҚ
әзірлеушісі тарапынан бекітіледі.
6.4 ЖЭҚ іргетастарын жобалау үшін есептік жүктелімдерді және олардың өзара
тіркесуін қондырғы әзірлеушісі белгілейді.
техникалық-экономикалық салыстыру негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Таңдалған
іргетастар ЖЭҚ динамикалық жүктемесінен келетін тербелістерге төзімді болып, жақын
орналасқан ғимараттар мен имараттар құрылымдарына тербелістің берілмеуін қамтамасыз
етуі шарт.
6.6 Қызметтік-өндірістік корпустың
(ҚӨК) көлемдік-жоспарлау шешімдері
технология және өнеркәсіптік эстетика талаптарына сай келуі және әкімшілік,
10
оперативтік, жөндеу қызметкерлерін, сондай-ақ іссапарда жүрген қызметкерлерді
қалыпты санитарлық-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуі қажет. ЖЭС-ң ықтимал
кеңеюі үшін ҚӨК-та резервтік алаңдарды алдын-ала ойластырған жөн. ЖЭС-ң қосымша
нысандары үшін жергілікті құрылыс және өңдеу материалдарын қолданған жөн.
6.7 Табиғи жарықтың түсуі және ЖЭС алаңын қарау мақсатында БӨК-ты
орнатылған терезелерінің саны ең жоғары бөлмелерде ұйымдастыру қажет.
6.8 Жылыту, желдету және салқындату жүйелерін жобалау барысында электр
қуатын тұтынуды азайту шараларын алдын-ала ойластырған абзал. Көрсетілген жүйелерде
көбіне ЖЭС-нан келетін өзінің жеке энергиясын тұтынатын және оның негізгі қуат
жүйесінен барынша аз жұмсалуын қамтамасыз ететін жылу аккумуляторларын алдын-ала
ескерген жөн.
7
ЖЭС НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ЖАБДЫҒЫ
7.1 Жел электр қондырғылары
7.1.1 Кез келген жел энергетикалық жоба үшін ЖЭҚ таңдау мәселесі келесі
себептерге байланысты ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады:
жел энергетикалық жабдықтың құны жобаның күрделі қаржы шығындарының
елеулі үлесін құрайды,
электр станциясының өнім өндіруі ЖЭҚ үлгісіне аса байланысты болып келеді,
ЖЭҚ сенімділігі ЖЭС-н ойдағыдай пайдаланудың кепілі болып табылады.
ЖЭҚ үлгісін таңдау кезінде нақты жоба үшін келесі талаптарды бағалау жүзеге
асырылады:
ең алдымен құрылыс алаңының ауданымен, ЖЭҚ-ны әкеліп жеткізу және
монтаждау мүмкіндігімен, өндірістің жаппай жүзеге асырылуымен анықталатын ЖЭҚ-ң
бірлік атаулы қуаты,
атмосфералық ауа температурасының ұйғарынды ауқымы (ЖЭҚ-ң басым бөлігі
минус 20° температураға дейін жұмыс істейді, энергетикалық жел қондырғыларының
бірқатар үлгілері минус 30°дейін қолдануға бейімделген),
IEC 61400-1 халықаралық стандарт бойынша, ЖЭҚ санаты желдің экстремалдық
жылдамдығымен және турбуленттігінің қарқындылығымен анықталады.
құрылымның негізгі элементтерінің салмағы және габариттері.
ЖЭҚ монтажына қажетті кран жабдығы.
кепілдік міндеттемелер - стандарттық зауыттық кепілдемені ұзарту мүмкіндігі,
қуат ауытқымасына кепілдеме беру, техникалық дайындықтың ең төмен деңгейіне
кепілдеме беру.
пайдалану, техникалық қызмет көрсету және қосалқы бөлшектерді жеткізу
келісім-шарттары бойынша талаптар.
7.1.2 Қолда бар номенклатура ішінен ЖЭҚ түрінің таңдалуы оның құрылымдық
және техникалық сипаттамаларымен анықталады.
7.1.3 Құрылымдық сипаттамаларға:
ротор айналымының көлденең және тік білігі;
11
қуатты реттеу жүйесі (қалақты бұру немесе оның ұзындығы бойынша кескінін
өзгерту арқылы қалақ пен жүгірмелі ағын арасындағы бұрыштың өзгеруі);
жел бағыты бойынша (желбағар, виндрозалар және т. б.) ЖЭҚ бағдарлау жүйесі;
тіректің құрылымы мен биіктігі;
авариялық жағдайларда ротордың тежелу жүйелерінің саны мен жұмыс
қағидасы;
ЖЭҚ генераторынан үлестіргіш шкафка дейінгі қуат беру жүйесі;
ЖЭҚ қалақтарын жасауға арналған материал;
найзағайдан сақтану жүйесі жатады.
7.1.4
|Техникалық сипаттамаларға:
генератордың түрі (синхронды, асинхронды) және оның атаулы қуаты;
қуат, кернеу, жиілік және реактивті қуатты реттеу ауқымдары бойынша сипаттама
және т. б. техникалық параметрлер;
ротор диаметрі және ротордың орнатылған қуат бірлігіне үлестік ауданы
ЖЭҚ қуат жүйесіне қосылатын кездегі желдің бастапқы жылдамдығы;
ЖЭҚ үшін желдің іске қосылу жылдамдығынан бастап, жел жылдамдығының
атаулы шамасына дейінгі ауқым;
ЖЭҚ үшін желдің ұйғарынды жылдамдығы;
ЖЭҚ сенімділігінің көрсеткіштері;
ЖЭҚ қызмет мерзімі жатады.
7.1.5 Нақты алаң үшін ЖЭҚ түрін таңдау белгілеріне мыналар жатады:
берілген алаңдағы жел ағынының сипаттамасы бойынша электр қуатының
барынша көп өндірімі;
ЖЭҚ атаулы қуатын қолдану коэффициентінің зор мәні;
жіберілген электр қуатының минималдық өзіндік құны;
Қазақстан Республикасының бірыңғай энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) барлық
жүйелерінің сенімді жұмысын қамтамасыз ету.
7.1.6 ЖЭҚ қуатына қарай төрт негізгі топқа бөлінеді (2-кестені қараңыз):
1)
1 МВт жоғары - жоғары қуатты;
2)
100 кВт - 1 МВт дейін - орташа қуатты;
3)
5 кВт - 99 кВт дейін - төмен қуатты;
4)
5 кВт төмен - өте төмен қуатты.
ЕСКЕРТУ
Бүгінгі таңда әлемдегі ЖЭҚ-ң жалпы белгіленген қуатының 40 % дейіні бірлік
қуаты 1,5-3,6 МВт құрайтын ЖЭҚ есесіне келеді.
7.1.7 Жүйелік ЖЭҚ діңгектерінің айтарлықтай биіктігі жел күшін толық дәрежеде
қолдануға мүмкіндік береді.
7.1.8 ЖЭҚ тапсырысын жасау барысында ЖЭС жиынтықтау үшін ЖЭҚ
құрылымдық дайындалуын егжей-тегжейлі зерттеген жөн. Ол жалпы техникалық және
жобалық талаптарға жауап беруі тиіс.
7.1.9 ЖЭҚ таңдау кезінде, орындалуы және қолданылу сипаттамалары, атап
айтқанда:
12
ауаның шекті және экстремалды температуралары мен ылғалдылығы;
экстремалды ауа райы жағдайлары (дауылдар, құйындар, атмосфералық ауаның
тұздануы және ластануы, құмды дауылдар, көктайғақ) ЖЭС алаңының климаттық
жағдайларына, сонымен қатар, ЖЭС-ң БЭЖ-не бірігуін қамтамасыз ету үшін Жүйелік
Оператор талаптарына сәйкес келетін ЖЭҚ-ды ғана қарастырған дұрыс.
2-кесте - Тағайындалуы бойынша ЖЭҚ жіктелуі
Атауы
Қуаты
Белгісі
Тағайындалуы
200 кВт -тан
ЖЭҚ жұмысы қуатты
Өндірілген электр қуатын
Жүйелік,
5 МВт-қа
электр желісімен
барынша көп дәрежеде электр
желілік
дейін
қатарлас
желісінен алу мен беру көздері
Қуат желісімен байланысты
ЖЭҚ жекелей
Дербес
50 - 500 кВт
емес тұтынушылардың қуат
жұмысы (дербес)
алу көздері
ЖЭҚ жұмысы
өлшемдес қуатты
Тұтынушыларды атаулы
100 кВт-қа
тәуелсіз электр
қуатты электр энергиясымен
Гибридтік
дейін
станцияларымен
үздіксіз қамтамасыз етуге
(дизель-генераторлар
арналған қуат көздері
және т. б.) қатарлас
7.1.10 Берілген аймаққа тән жел жылдамдықтарының ауқымында жел энергиясын
пайдаланудың ең жоғары коэффициентіне ие ЖЭҚ абзал болып саналады. Бұл ретте жел
энергиясының жылдамдықтар бойынша таралуын ескеру қажет.
7.1.11
7.1.1 - 7.1.7 белгілері негізінде таңдалған ЖЭҚ үшін қарастырылатын алаңда
жел сипаттамалары бойынша әрбір жеке тұрған ЖЭҚ-ның электр қуатының есептік
жылдық өндірімін анықтаған жөн.
7.1.12 ЖЭС-ны жиынтықтау үшін қажет ЖЭҚ-ның қорытынды таңдауы ЖЭС-ның
техникалық-экономикалық көрсеткіштерін салыстыруларға сүйене отырып, ЖЭС
құрылысына салынған инвестициялардың техникалық-экономикалық дәлелдемесін
әзірлеу сатысында жасалады. Нұсқалар экономикалық тұрғыдан тепе-тең болған
жағдайда, бірлік қуаты көбірек ЖЭҚ-ны таңдаған абзал.
7.1.13 ЖЭҚ техникалық сипаттамалары Мемлекеттік стандарттар органдары
тіркеген Техникалық жағдайлардың ішінде келтірілген мәліметтер негізінде қабылданады.
Оларға сәйкес қондырғылардың жиынтықты жеткізілімі жүзеге асырылады. ЖЭҚ
сипаттамаларына жеткізуші немесе өндіруші тарапынан өзгертулер енгізілсе, сәйкес
өзгертулер белгіленген тәртіппен Техникалық талаптарға енгізілуі тиіс. Импорттық
жабдықтың техникалық сипаттамалары берілген тізімдемелер негізінде қабылданады
және жеткізу құжаттары (контракт) бойынша нақтыланады.
7.1.14 ЖЭҚ құрылымдық құжаттар жиынтығы ЖЭС жобалау, ЖЭҚ монтаждау
және пайдалану үшін қажетті көлемде ақпаратты қамтуы тиіс.
7.1.15 Габаритті емес түйіндердің жалпы қолданыстағы көлік желісімен
13
тасымалдану схемасы жергілікті жағдайларды
(көлік желісінің дамуын, жел
энергетикасының аймақтық кәсіпорындарының және бөтен ұйымдардың қарамағындағы
жүк көтергіш механизмдерді қолдану мүмкіндіктерін, сонымен бірге, ауыр жүк күтерудің
габариттік және салмақтық сипаттамаларын) ескере отырып, жеткізуші тарапынан
әзірленеді. Әзірленген схема Тапсырыс берушімен келісіледі.
7.1.16 Жеткізуші ЖЭҚ құрамдас бөліктерін тасымалдауды жүзеге асырады.
Тапсырыс беруші жалпы өндірістік жабдықтың тасымалдануын жүзеге асырады.
7.1.17 Еңбек өнімділігін, жұмыс сапасы мен жабдық жұмысының сенімділігін
арттыру үшін жобалау барысында келесілер алдын-ала назарға алынуы тиіс:
бөлшектеусіз қарауға қолжетімді, оңай шешілетін және өзара ауыстыруға
қауқарлы жабдықты қолдану;
негізінен зауыттан шыққан жабдық блоктары мен түйіндерін пайдалану ЖЭҚ-
ны зертхана жағдайларында тексеріп баптауға мүмкіндік береді.
ылғалды өткізбейтін жабдық пен құрылымдарды қолдану ішіне жануарлардың,
құстардың, жәндіктердің кіріп кетуіне кедергі болады.
техникалық қызмет көрсетулер арасындағы бүкіл мерзім ішінде тікелей
қадағалауды қажет етпейтін аспаптар мен жабдықты пайдалану.
7.1.18 Негізгі және қосымша жабдықтардың, бағдарламалық жасақтаманың күші
бар нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігі тиісті Мемлекеттік стандарттың тиісті
сертификаттау орталығынан немесе сертификаттау нәтижелерін мойындау жөнінде
келісім-шарт жасалынған шетел мемлекетінің сертификаттау орталығынан алынған
сертификатпен расталуы қажет.
7.2 Метеобекет
7.2.1 Метеобекеттің тағайындалуы:
жылдамдық пен жел бағытының, ауа температурасы мен атмосфералық
қысымның ағымдағы шамаларын өлшеу;
ЖЭС технологиялық үдерісін басқарудың автоматтық жүйесінің
(ТҮБАЖ)
қызметін қамтамасыз ететін мәліметтерді әзірлеу және ЦҚК-қа жеткізу;
желдің энергетикалық сипаттамаларын бағалау үшін желдің жылдамдығы пен
бағытын, ауа температурасы мен атмосфералық қысымды тіркеу (қажет болған жағдайда).
7.2.2 Метеобекет құрамына метеорологиялық мұнара және жел жылдамдығын,
бағытын, және қоршаған ауа температурасы мен қысымын өлшеуге арналған құралдар
жиынтығы кіреді.
7.2.3 Метеобекеттерді орнату орындары мен олардың ЖЭС алаңындағы саны жер
бедерінің сипатымен және ЖЭҚ өрісінің конфигурациясымен анықталады. ЖЭС алаңын
жеке телімдерге бөліп үлестіру кезінде, метеобекетті әрбір жер телімінде орнатуға кеңес
беріледі.
7.2.4 Желдің жұмыс жылдамдықтарының ауқымында ЖЭС алаңына тән жел
раушанын ескере отырып, метеобекетті орнату орны ретінде оның көлегейленуінің
барынша аз мөлшерде орын алуын қамтамасыз ететін жерді таңдаған жөн. Метеобекетті
желдің басым бағытының жел соғатын жағына ЖЭҚ тобынан ротордың үш диаметрінен
14
кем болмайтын қашықтықта орналастырған абзал.
7.2.5 ЖЭС жұмысын талдауға қажетті жел сипаттамаларына қатысты дұрыс
мәліметтерді жинау үшін ЖЭС алаңының (телімінің) қарама-қарсы жағында орналасқан
және негізгі метеобекеттің желмен көлегейленуі кезінде жел сипаттамаларына қатысты
мәліметтерді жинақтауға арналған қосымша метеобекетті орналастыруға кеңес беріледі.
Бұл ретте қосымша метеобекетті қатардың сыртында соңғы ЖЭҚ-дан ротордың үш
диаметрінен кем болмайтын қашықтықта ЖЭҚ-мен бір сызық бойында орналастыруға
болады.
Қосымша метеобекет, ЖЭС-дағы барлық ЖЭҚ-ның қауіпсіз және сенімді
қолданысын қамтамасыз ету мақсатында, әсіресе ЖЭҚ-ның қатарлап (үш қатардан артық)
орналасуы кезінде, және жер бедері күрделі өңірлерде, оның ішінде таулы аудандарда,
жел жылдамдығы жөніндегі ақпаратты қайталайды.
7.2.6 Жобада негізгі болып қабылданған гидрометеорологиялық қызмет жүйесі
метеостанциясының мәліметтерін қолданған жағдайда, ЖЭС құрылысы басталмағанша,
ЖЭС метеобекетінде ауа температурасы мен атмосфералық қысымды өлшейтін және
тіркейтін құралдарды орнатпауға рұқсат етіледі (оларды гидрометеорологиялық қызмет
жүйесінің метеостанциясында немесе өзге мекемеде тіркеу мүмкіндіктерін және осы
параметрлер өлшемдері нақтылығының санатын бағалау және мәліметтерді алу
жағдайларын салыстырғаннан кейін орнатуға болады.
7.2.7 Жобада метеобекеттердің келесі құралдармен қамтамасыз етілуін алдын-ала
ескеру қажет:
0,5 м/с қателікпен 0-50 м/с дейінгі жел жылдамдығын өлшеуге арналған құралдар;
0-360
° ауқымында
(дискреттілігі
10
°С аспайды) жел бағытын анықтауға
арналған құралдар;
0,5 °С қателікпен минус 40 °С -тан плюс 40 °С-қа дейінгі ауа температурасын
өлшеуге арналған құралдар;
1 %-дан аспайтын қателікпен 650-1080 ГПа ауқымында атмосфералық қысымды
өлшеуге арналған құралдар;
ауа тығыздығын өлшейтін құрал (гигрометр).
7.2.8 Барлық өлшеу құралдарын метеомұнарада, көлденең білігі бар ЖЭҚ (КОЖҚ)
үшін ротор білігіне, ал тік білігі бар ЖЭҚ (ТОЖҚ) үшін ротор ортасының білігіне тең
келетін биіктікте орналастырған жөн. Ауа температурасы мен атмосфералық қысымды
өлшейтін құралдарды жер бетінен 1,5 м-ден кем емес биіктікте орналастыруға рұқсат
етіледі.
7.2.9 ТҮБАЖ құрамында қолданылатын жел жылдамдығын өлшейтін құралдардың
қырау және мұз қату жағдайларында жұмыс жасау қабілеттілігін қамтамасыз ететін
жүйелер болуы тиіс.
7.3 ЖЭС-ның алаңда орналасуы
7.3.1 ЖЭС алаңындағы ЖЭҚ-ның оңтайлы орналасуы үшін ескерілуі тиіс жағдайлар:
таңдалған ЖЭС алаңы үшін барынша тән, салыстырмалы алғанда, үлкен аумақта
уақыт жағынан тұрақсыз, жылдамдығы жағынан әркелкі жел ағынының кеңістікте
15
таралуы, яғни оның кездейсоқ сипаты;
үстінде жел сипатына әсер ететін табиғи (аңғарлар, балшықты аймақтар) және
жасанды кедергілері (орман алқаптары мен биік имараттар және т. б.) бар ЖЭС алаңының
жеке телімдер бетінің (төсеме беті) кедір-бұдырлығының әсері;
ЖЭС алаңында ЖЭҚ-ның жел сипатына әсері;
бүкіл пайдалану мерзімі ішінде қаржы жұмсалымдарының, құрылыс-монтаждау
жұмыстарына және пайдалануға бөлінген шығындардың ең төменгі деңгейінде электр
энергиясының барынша көп өнімділігін қамтамасыз ету қажеттігі.
7.3.2 Жобалау кезінде келесі ақпаратты қолдану қажет:
ЖЭС алаңының географиялық орналасқан жері, жел сипаттамалары және
желдердің қалыптасуына әсер ететін жергілікті факторлар
(жер бедері, өсімдіктер,
алаңдағы және оның сыртындағы ғимараттар);
жел жылдамдығының ЖЭС алаңында қысқа мерзімді метеорологиялық өлшеулер
(бір жыл ішінде) негізінде алынған бағыттар бойынша қайталануы жөнінде мәліметтер;
негізгі болып таңдалған метеостанцияда жел жылдамдығының қайталануын көп
жылдық бақылауға қатысты мәліметтер;
ЖЭҚ-ның станция автоматикасынан тоқтатылуына әкелуі мүмкін ауа райы
жағдайларының кенет ауытқулары жөнінде мәліметтер.
7.3.3 ЖЭС алаңының топографиялық түсірілуі 1:1000 кем болмайтын масштабта
орындалуы тиіс. Түсіруде ландшафт ерекшеліктерінің бейнеленуі және жер бедерінің 1 м
кем емес мөлшерде қиылып өтуі шарт. Мұрағаттық материалдар болмаған жағдайда,
іргелес аумақтың (әрбір жаққа 2 км-ден кем емес қашықтықтағы жерлер) топографиялық
түсіруін 1:10000 масштабта орындауға болады. Түсірілімде жер бедерінің 5,0 м аспайтын
кескінінде ландшафт ерекшеліктері бейнеленуі тиіс.
7.3.4 Жер бетінің кедір-бұдырлығы мен кедергілердің жиынтық әсері ЖЭҚ-на
соғатын желдің жылдамдық кескінін анықтайды.
7.3.5 Жиынтық әсер мәселесінде ЖЭС алаңында орнатылған ЖЭҚ тек электр қуатын
өндіретін қуат көзі ғана емес, сонымен бірге, ауа ағынын дүрліктіретін, әрі тежейтін, оның
энергиясының басқа ЖЭҚ-дың қолдану тиімділігіне де ықпалын тигізетін кедергі де
болып табылатындығын ескерген жөн.
7.3.6 Алаңның жеке-жеке нүктелерінен жел сипаттамаларын алғаннан соң, ЖЭС
алаңындағы жел параметрлерінің толық көрінісін алу қажет. Ол үшін топография, аймақ
ерекшеліктері, ЖЭС алаңында ЖЭҚ-ны орналастыру сипатынан туындаған жел
ағындарының өзгерістерін (ілеспелі ағындардың әсерлерін) ескере отырып, ауа ағынын
үлгілеу керек. Үлгілеуді келесі тәсілмен орындауға болады:
аэродинамикалық құбырда жел ағынын үлгілеу;
компьютерлік бағдарламалардың қолданылуымен жүзеге асырылатын
математикалық үлгілеу.
7.3.7 Аэродинамикалық құбырда жел ағындары әсерлерін үлгілеу жер бедерінің
масштабты үлгілерінің және ЖЭҚ-ң қолданылуымен жүзеге асырылады. Бұл әдіс ЖЭС
алаңында ЖЭҚ-ны әр түрлі орналастыру схемалары негізінде ЖЭҚ-ның өзара көлегейлеу
әсерін зерттеу үшін қолданылады.
7.3.8 Математикалық үлгілеу ағындардың әсерлерін белгілеуге және сандық тұрғыда
16
жер бедері мен оның төсеме бетінің кедір-бұдырлығының әсерін анықтауға мүмкіндік
береді. Математикалық үлгілеу аэродинамикалық құбырда алаңды орнату және сынақ
жүргізуден гөрі арзан рәсім болып табылады. Математикалық үлгілер, негізінен, күрделі
жер бедеріне ие аймақта ЖЭҚ топтарын орналастыру схемаларын әзірлеу барысында
қолданылуы қажет.
7.3.9 ЖЭС алаңында ЖЭҚ-ны орналастыру орындарын анықтау барысында, желдің
жұмыс жылдамдықтарының ауқымында (ЖЭҚ-ны қосу жел жылдамдығынан бастап,
ЖЭҚ-ны өшіру жел жылдамдығына қарай) ілеспелі ағындар әсерін ескеріп, жел
раушанына сүйенудің нәтижесінде келесі кеңестер ұсынылады:
анық көрінген желдің басым бағыты болған жағдайда, ЖЭҚ-ды қатарлап желдің
басым бағытына перпендикуляр етіп орналастыру қажет. Қатардағы ЖЭҚ арасында
ротордың үш диаметрінен, ЖЭҚ қатарларының арасында ротордың сегіз диаметрінен кем
болмайтын қашықтықты сақтаған жөн;
жыл бойы әр түрлі бағыттарда жел ұзақтығы біркелкі таралатын жағдай орын
алғанда, ЖЭС-да электр қуатының барынша жоғары өнімділігіне қол жеткізуді көздей
отырып, ЖЭҚ-ды орналастыру қажет.
ЖЭҚ-ларды орналастыру барысында төмендегі нұсқалар қарастырылады:
а) ЖЭҚ-дың айналма орналастырылуы;
б) ЖЭҚ-ды қисық сызық бойымен орналастыру;
в) ЖЭҚ-ды кез-келген бағытта бір-бірінен бірдей (ротордың бес-алты диаметріне
тең) қашықтықта орналастыру.
7.4 Басқару, бақылау және диагностикалау жүйесі
7.4.1 ЖЭС және оның элементтерін басқару жүйесін желдің кинетикалық
энергиясын электр энергиясына өзгерту және оны электр желісіне тарату бойынша ЖЭС-
да жүзеге асырылатын үдерісін бақылау және оңтайлы біріккен басқару үшін
тағайындалған біріктірілген жүйе ретінде әзірлеген жөн. Бұл ретте жүйе негізгі және
қосымша жабдықты оңтайлы басқаруды және апаттық жағдайларда орын алуы мүмкін
салдардың басқарылмалы түрде алдын алуын қамтамасыз етеді.
7.4.2 ЖЭС басқару жүйесін, оның негізгі технологиялық жабдықты диагностикалау,
сондай-ақ ішкі және сыртқы факторлар
(электр және механикалық аппараттар мен
ақаулар, желдің шекті ұйғарынды жылдамдығы, көктайғақ, жаңбыр, бұршақ, жер
сілкіністері және басқасы) әсерінен туындаған зақымдардан қорғау қызметін бір уақытта
атқаратындай етіп ұйымдастырған жөн.
7.4.3 ЖЭС саны бес және одан жоғары болған кезде, олардың жалпы қуаттылығына
қарамастан, ЖЭС-ын негізгі және қосымша жабдықты басқару қызметін орындайтын қос
деңгейлі басқару жүйесімен жабдықтау кеңес етіледі. ЖЭС саны бестен төмен болған
жағдайда, басқарудың екінші деңгейін жасау және ЖЭС ОББП құру қажеттілігін
Тапсырыс беруші жобалауға арналған техникалық тапсырмада анықтайды.
7.4.4 Жоғары басқару деңгейін ЖЭС құрамына кіретін барлық ЖЭҚ, орталық
жоғары вольтты шағын станцияны, жалпы станциялық көмекші жүйелерді
орталықтандырылған бақылау және басқару үшін, сондай-ақ жел параметрлерін өлшеу
қондырғыларынан (ЖЭС-ң метеобекеттерінен) келетін ақпаратты қабылдау және өңдеу
17
үшін жобалау қажет.
7.4.5 Төмен басқару деңгейі бөлек ЖЭС бақылау және басқару үшін, оның ішінде
бақылау және диагностикалауға қатысты толық ақпаратты тапсыру қызметтерін, сондай-
ақ ЖЭС жергілікті басқару және реттеу қызметтерін орындау үшін жобалануы тиіс.
7.4.6 Жоғарғы және төмен басқару деңгейлерінің арасында технологиялық
ақпаратты және басқару сигналдарын тарату құралдары ескерілуі тиіс. Бұл мақсатпен
бақылау шоғырсымдары немесе байланыс шоғырсымдары, жоғары жиілікті немесе
оптикалық талшықты шоғырсымдар қолданыла алады. ЖЭС ОББП ЖЭҚ-нан айтарлықтай
алшақ орналасқан жағдайда, байланыстың радио арналары да қолданылуы мүмкін.
7.4.7 ЖЭҚ саны бестен артық және жалпы қуаттылығы 500 кВт жоғары ЖЭС
оперативтік басқаруды ОББП бойынша тұрақты оперативтік персоналымен жүзеге
асырылуға кеңес беріледі. Басқа жағдайларда, экономикалық негіздеме жасау шартымен,
ауысымның кезектілігін ұсынатын нұсқа қабылдануы мүмкін. Бұл жағдайда кезекші
персоналда әр ЖЭҚ-ң шақырылмалы дабылдама құралдары және қуат жүйесінің
диспетчерімен байланыс орнату құралдары орнатылуы тиіс.
7.4.8 ЖЭС ОББП аумақтық тұрғыдан, мүмкіндігінше, ЖЭС ортасында орналасқан
бөлек ғимаратта орналастырған абзал. Үлкен орталық шағын станциясы құрылған
жағдайда, ЖЭС ОББП-ын шағын станцияны басқару пунктымен бірге орналастыруға
болады. ЖЭС ОББП орналасу орнын таңдаған кезде, ОББП және ЖЭҚ арасындағы
шоғырсым желісі ұзындығының қысқартылуын, сондай-ақ ЖЭҚ-ты барынша мүмкін
визуалдық қарауды қамтамасыз ету қажет.
7.4.9 ОББП-ң және басқару, бақылау және диагностикалау жүйесінің жабдығын
орналастырудың өлшемдері бұл бөлмелерде кезекші персоналдың тұрақты түрде
болуының эргономикалық талаптарының негізінде қабылданады.
7.4.10 ЖЭС
ТҮБАЖ-н микропроцессорық
техника
құралдарымен
(компьютерлермен, контроллерлермен), оның ішінде технологиялық ақпаратты көрсету
және беру құрылғыларымен жабдықтау қажет. Қағида бойынша, бұл мақсатпен кең
дисплейлер немесе дабылдама мен басқарудың бас нақышты қалқандары қолданылуы
тиіс.
7.4.11 ЖЭС ОББП жабдығын әр ЖЭҚ төменгі деңгейлі жүйелерімен аппараттық
және бағдарламалық үйлесімділік шартымен таңдаған жөн.
7.4.12 ЖЭС ОББП-ғы басқару қондырғылары ЖЭҚ-ң іске қосылуы мен өшірілуін
қамтамасыз етуі тиіс, олардың қызметі ЖЭС-ң қуат беру желілерінде кернеу толығымен
жоқ болған кезде де қамсыздандырылуы тиіс. Осы құрылғылардың қуат алуын
қамтамасыз ету үшін бөлек тоқтаусыз қуат беруші агрегаттар (ТҚА) орнатылуы немесе
шағын станциялардың аккумуляторлық батареядан резервтік қуат алуы бар ТҚА
қолданылуы тиіс.
7.4.13 ЖЭС басқару жүйесі жел жылдамдығына қарай максималдық мүмкін
белсенді электр қуатын беретін желдің жұмыс жылдамдықтарының бүтін ауқымында
барлық ЖЭҚ-ң автоматтық тәртіпте жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін
құрылады. Желілік элементтердің өткізу мүмкіндігінің шарттары бойынша ЖЭС-ң қуат
берілісін шектеу осындай техникалық шешімді техникалық-экономикалық негіздеу
шартымен ғана кеңес етілуі мүмкін.
7.4.14 ЖЭС ОББП-да келесі ақпараттық қызметтер орындалады:
18
желдің жылдамдығы мен бағыты жөнінде, әр ЖЭҚ мен шағын станцияның электр
параметрлері (кернеу, ток, қуат, электр қуатының көлемі) жөнінде аналогтық ақпаратты
жинау және дисплейде немесе бас басқару қалқанында көрсету. Бұл параметрлерді екі
бағытта (беріліс үшін және тұтыну үшін) өлшеу қажет;
әр ЖЭҚ күйі (қосулы/өшірілуі) жөнінде, жоғары вольтты қосымша станцияларды
бас схемаларының ауыстырып-қосқыштарының күйі (қосулы/өшірілуі) жөнінде, жалпы
станциялық көмекші жүйелердің күйі жөнінде негізгі дискреттік технологиялық
ақпаратты жинау және дисплейде немесе бас басқару қалқанында көрсету;
әр ЖЭҚ-ң, шағын станцияның және жалпы станциялық жүйенің негізгі және
қосымша технологиялық жабдығындағы ақау және авария жөнінде жалпыланған және
мағынасы ашылған дискреттік ақпаратты жинау және дисплейге көрсету;
оқиғаларды автоматты тіркеу, мәліметтердің тәуліктік және айнымалы қисық
сызығын құру және басып шығару;
жабдықтың техникалық күйі жөнінде ақпаратты, оны диагностикалау
нәтижелерін жинау, жалпылау және талдау, статистика және ағымдағы қызмет көрсетулер
мен жөндеулерді орындау қажеттілігі үшін деректер қорын жасау;
негізгі ақпаратты құру және қуат жүйесі диспетчерінің деңгейіне тарату. Қағида
бойынша, жоғары деңгейге жалпы активті және реактивті қуат (бағытын ескере отырып)
мәндері, шығыс шағын станциялардың шиналарындағы кернеу мен жиілік мәндері, қуат
жүйесіне бастапқы желілердің коммутациялық аппараттары күйінің мәндері, ЖЭС-ғы
«Авария» және «Ақау» сигналдары берілуі тиіс;
тәжірибелік-өнеркәсіптік ЖЭС-ға қажетті қосымша қызметтер, сондай-ақ
Тапсырыс берушінің талабы бойынша қосымша қызметтер.
7.4.15 ЖЭС ОББП-да келесі негізгі басқару қызметтерін орындаған жөн:
орталық шағын станцияның барлық жоғары және төмен кернеулі ауыстырып-
қосқыштарын қашықтан қосу және өшіру және трасформаторлардың жүктелімі астындағы
кернеуді реттеуші ауыстырып-қосқыштарды басқару;
әр ЖЭҚ үшін белсенді қуатты шектеу бойынша нұсқауларды беру мүмкіндігі;
қозу реттегіштеріне жекелей немесе топталған әсер ету жолымен ЖЭС
шиналарындағы кернеу мен реактивті қуаттылықты реттеуге арналған генераторлардың
қозуын орнатуды қашықтан өзгерту (қозуды қашықтан реттеу мүмкіндігін ескеретін
синхронды генераторлары бар ЖЭҚ үшін ғана).
7.4.16 Төмен деңгейдің басқару құралдары ЖЭҚ толық жергілікті басқаруды
қамтамасыз етуі тиіс және, әдетте, әр ЖЭҚ-мен жиынтықта жеткізілуі тиіс.
7.4.17 Әр ЖЭҚ мен шағын станцияны орталықтан басқаруды (ЖЭС ОББП-нан)
«жергілікті» басқаруға ауыстыру төмен деңгейлі басқару шкафынан, ал 35-110 кВ шағын
станциялар үшін
- қауіпсіз қызмет көрсету орындарында орналасқан шкафтардан
(панелдерден) жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте ЖЭС ОББП-на «жергілікті» басқаруға
көшірілу жөнінде хабарлама жіберілуі тиіс.
7.4.18 ЖЭС нысандарын технологиялық басқару қызметтерінен басқа, ОББП-да
ЖЭҚ мен шағын станцияларға техникалық қызмет көрсету және жұмысын есепке алу
мәселелерін шешуге арналған кәсіпорынды басқарудың автоматтандырылған жүйесінің
құралдары - КБАЖ орнатыла алады:
19
жабдыққа техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстың орындалуына өкім
беру жүйесін жүргізу;
әр ЖЭҚ жабдығына техникалық қызмет көрсету бойынша жұмысты орындау
көлемі мен уақытының есебі;
ЖЭС-на қосалқы бөлшектер шығынының есебі;
әр ЖЭҚ-на техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге жұмсалатын шығындар
есебі;
ЖЭС-ң өзіндік қажеттіліктеріне қажетті электр қуаты шығынының есебі.
Қағида бойынша, компьютерлік құралдарға түсірілетін жүктелімді азайту үшін бұл
қызметтерді ортақ желіге жалғанған бөлек стандартты ЭЕМ орындауы тиіс. Бұл ретте
КАБЖ тарапынан ТҮБАЖ элементтеріне рұқсатсыз әсерлердің алдын алу үшін қорғаныс
шараларын ескерген жөн.
7.4.19 ЖЭҚ-ң авариялық тоқтауын диагностикалау жүйесі
(АТДЖ) ЖЭҚ
параметрлерін бақылауды, сондай-ақ тіпті біреуі ғана ұйғарынды шектен тыс шығып
кеткен жағдайда, ЖЭҚ тоқтатуды қамтамасыз етуі тиіс.
7.4.20 Жүйе парамтерлерінің номенклатурасы мен шекті ұйғарынды мәндерін
негізгі жабдық өндірушілері немесе әзірлеушілері анықтайды.
7.5 ЖЭС-ң сенімділік көрсеткіштері
7.5.1 ЖЭС және оның құрылымдық элементтерінің сенімділік көрсеткіштерінің
мәндері минималдық өзіндік құнмен электр қуатын шығаруды қамтамасыз етуге сүйене
отырып алынады.
7.5.2 ЖЭС мен оның жүйелерінің экономикалық тиімділігі мен сенімділігі
өндірушілердің бөлек элементтердің сенімділігі жөнінде деректерінің негізінде анықталуы
тиіс:
элементтердің тоқтау жиілігі;
тоқтап қалған элементті қалпына келтірудің орташа ұзақтығы;
элементтерге техникалық қызмет көрсету үшін жоспарлы өшірулер жиілігі;
жабдықтың тоқтауы салдарынан электр қуаты өндірімінің ысырабын
ескергендегі, элементті жөндеудің орташа ұзақтығы.
7.5.3 ЖЭС-ң жүйелері мен жабдығының сенімділігі жабдықтың негізгі элементтерін,
желілер мен жүйелерді бөлек резервтеумен, жұмысшы жүктелген резервтеумен және
қоймалық резервтеумен қамтамасыз етілуі тиіс.
7.5.4 ЖЭС сенімділігін қамтамасыз ету үшін жобаларда төмендегілерді алдын ала
ескерген жөн:
10 Кв бір магистральды ток өткізгіште ЖЭС қуатының концентрациясы 8 МВт
артық емес;
қуаттылығы
45 МВт жоғары ЖЭС үшін қуат жүйесімен екі байланыс
транформаторын орнату;
қуаттылығы 5 МВт жоғары ЖЭС үшін қуат жүйесімен екі байланыс желісін
орнату;
ЖЭС элементтерін басқару жүйесінің шоғырсымдарын резервтеу.
20
7.5.5 ЖЭС-ын құрайтын элементтер үшін қалпына келтіруі бар резервтеуді ескерген
жөн. ЖЭҚ-ң жылдам тозатын бөліктері мен тораптарының қоймалық резерв ретінде
сақталуын ескеру қажет.
7.5.6 ЖЭС-ң негізгі метеобекеттері қайталайтын жел жылдамдығы қадағаларымен
жабдықталуы тиіс. Сонымен бірге олардың қоймалық резервтелуін ескерген жөн.
7.5.7 Автоматтандырылған басқару жүйелерін құру, ақпаратты тарату желілері мен
арналарының орындалу әдістері мен қолданылу тәртіптерін таңдау кезінде ақпарат алу
кезіндегі кедергілерге жол бермеу және ақпаратты бұрмалаудан қорғау мақсатында,
аппараттық құралдарды жоғары кернеулі электр қондырғыларының қауіпті әсерінен,
найзағай мен оның қосымша белгілерінің әсерінен қорғау бойынша шараларды әзірлеуге
ерекше көңіл аударған жөн.
7.6 ЖЭС пайдаланылу көрсеткіштері
7.6.1 ЖЭС жобалау кезінде қабылданған негізгі техникалық шешімдердің сапасы
техникалық және экономикалық есептеме көрсеткіштерімен анықталуы тиіс.
7.6.2 ЖЭС жұмысының тиімділігін бағалаудың негізгі көрсеткіштері келесілер
болып табылады:
электр қуатының жылдық өндірімі;
қабылданған ЖЭҚ түрлері үшін атаулы қуатты қолдану коэффициенті (ЖЭС
бойынша орташа);
жіберілген электр қуатының өзіндік құны.
7.6.3 Қызмет етіп тұрған ЖЭҚ-ң электр қуатының жылдық әлеуетті есептік
өндірімін жалпы жағдайда төмендегі тәуелділік бойынша анықтайды
Wn = (PiTi)
(1)
мұндағы i = 1«.n,
Wn - электр қуатының әлеуетті өндірімі, кВтч;
Р - ротор білігі биіктігінде V жел жылдамдығы кезіндегі ЖЭҚ қуаты, кВт;
Т - V жел жылдамдықтарының сатылар саны (көпжылғы мерзім ішінде (соңғы 15-20
жыл) жел жылдамдықтарының қайталанғыштығына сәйкес бір жыл ішіндегі Vi жел
жылдамдығының ұзақтығы, сағ.
(1) формула бойынша есептеме үшін деректер жоқ болған кезде, жалғыз ЖЭҚ-ң
электр қуатының әлеуетті өндірімін Мемлекеттік гидрометеорология комитетінің (және
басқа мекемелердің) метеобекеттеріндегі көпжылғы (кемінде он бес жылғы) өлшеулер,
сондай-ақ ЖЭС алаңындағы қысқа мерзімді
(кемінде бір жылғы) метеорологиялық
бақылаулар деректерінің негізінде алынған жел ағынының сипаттамалары бойынша
деректерге сүйене отырып болжамдайды.
Жобаланатын ЖЭС-ның жалғыз ЖЭҚ-ң электр қуатының әлеуетті өндірімінің
метеорлогиялық зерттеулер барысында алынған болжамы жобалау кезеңінде өндірімнің
есептік әлеуеті ретінде алынуы мүмкін. Бір жыл және одан артық мерзім ішіндегі жел
жылдамдығы жөнінде деректер жиналған жағдайда (метеорлогиялық зерттеулер бойынша
деректерді жинағаннан соң), электр қуатының әлеуетті өндірімін нақтылауды орындап
алған жөн.
21
7.6.4 ЖЭС-ғы электр қуатының әлеуетті өндірімі бөлек тұрған барлық ЖЭҚ
өндірімінің сомасы ретінде анықталады.
7.6.5 ЖЭС-нан электр қуатын жобалық жіберу шамасы ЖЭҚ өзара әсер етуіне
байланысты көлегейлеу әсері салдарынан, жеке қажеттіліктер үшін электр қуатын
пайдалану салдарынан туындаған шығындар шамасына және жобада техникалық
шешімдермен, қолданудың ұйымдық-техникалық деңгейімен, ЖЭС жүйелері мен
жабдығының сенімділігімен қабылданған жоспарлы шығындар шамасына азайтылған
толық өндірім ретінде анықталады.
7.6.6 Жер бедері тегіс алаңда орналасқан бір типтес ЖЭҚ тобының электр қуатының
өндірімі төмендегі тәуелділік бойынша анықталады:
Wr = Wn • m•(1- Кз) • КГУ,
(2)
мұндағы Wr - ЖЭҚ тобының электр қуатының өндірімі, кВт
ч;
Wn - электр қуатының жаздық әлеуетті өндірімі, кВт
ч;
m - топтағы ЖЭҚ саны;
Кз
~ бір ЖЭҚ-ң шығарған ағындарының осы топтағы басқа ЖЭҚ-на әсері
салдарынан электр қуатының өндірімінің төмендеуін ескеретін көлегейлеу коэффициенті;
КГУ - берілген топтағы барлық ЖЭҚ-ң әзірлік коэффициенті.
7.6.7 ЖЭҚ-ын 7.3.9т. талаптарына сәйкес орналастырған кезде Кз мәнін:
топта ЖЭҚ-ң бір қатарлап орналасуы кезінде Кз ≤ 0,07;
топта ЖЭҚ-ң екі қатарлап орналасуы кезінде Кз ≤ 0,11;
топта ЖЭҚ-ң үш қатарлап орналасуы кезінде Кз ≤ 0,13;
егер топта ЖЭҚ-ң төрт немесе одан артық қатары бар болса, онда Кз ≤ 0,14;
топтағы ЖЭҚ біркелкі орналасқан жағдайда, Кз ≤ 0,05 деп қабылдау қажет.
Кз бұдан төменірек мәндеріне қол жеткізу мүмкіндігін анықтау үшін ЖЭС алаңында
көп жылғы мерзім ішінде жел жылдамдықтарының қайталанғыштығы жөнінде нақты
немесе есептеп шығарылған деректерді ескеру шартымен, үлгілеу әдістерін қолдана
отырып, ЖЭҚ-ын орналастыруды оңтайландыру қажет. Бұл ретте ЖЭҚ тобы үшін Wn •
m•(1- Кз) болжамды мәні анықталуы мүмкін.
7.6.8 Берілген топтағы барлық ЖЭҚ-ң әзірлік коэффициентінің мәні КГУ осындай
ЖЭҚ-мен жабдықталған өнеркәсіптік немесе демонстрациялық ЖЭС-ын тәжірибелік
қолданудың нақтылы нәтижелерінің негізінде қабылданады. Нақты деректер жоқ болған
кезде КГУ мәнін ЖЭС Тапсырыс берушісімен келісілген жеткізушінің немесе өндірушінің
деректері негізіндегі мәніне рұқсат беріледі. Игеру мерзімі ішіндегі ЖЭС қуаттылығын
алдын ала есептеу үшін КГУ = 0,80, ал келесі қолдану мерзімінде КГУ = 0,96 деп алуға
рұқсат беріледі.
7.6.9 ЖЭС-ғы электр қуатының жылдық өндірімін төмендегі теңдеу арқылы
анықтаған жөн:
k
WЖЭС = Σ Wгi - Кг,
(3)
i = l
мұндағы WЖЭС - ЖЭС-ғы электр қуатының өндірімі, кВтч;
22
Wгi -ЖЭҚ тобының электр қуатының өндірімі, кВтч;
k - ЖЭҚ саны;
Кг - ЖЭҚ-ң қызмет етуін және өндірілген электр қуатының ӘЖ арқылы электр
қуатының есебін жүргізу түйініне дейін берілісін қамтамасыз ететін жалпы станциялық
жабдық пен жүйелердің әзірлік коэффициенті.
7.6.10 Кг мәнін ЖЭС элементтерінің сенімділік көрсеткіштеріне сүйене отырып
есептелінеді. Жобалау кезінде Кг = 0,99 мәндерін қолдануға рұқсат беріледі.
7.6.11 КГУ, Кг мәндерін есептеу кезінде жабдықтың ұйымдастыру себептеріне
байланысты бос тұруын ескермеген абзал.
7.6.12 Электр қуатының технологиялық ысырабы WТЫ ЖЭҚ-ң басты ауыстырып-
қосқыштарынан ЖЭС-ң электр қуатын есепке алу торабына электр қуатын беру
желісіндегі, атап айтқанда, шоғырсымдардағы, ЖЭМ трансформаторларындағы, АЖ-гі,
ЖЭС ОЭШС трансформаторларындағы электр қуаты ысырабының қосындысы деп
анықтаған жөн.
Электр қуатының аталып өткен элементтер үшін технологиялық ысырабының
есептемесін таратылатын қуат шамасы жалғанатын ЖЭҚ атаулы қуатының 20 % - на тең
болған жағдайда орындауға кеңес беріледі.
7.6.13 Электр қуатын ЖЭС негізгі жабдығының өзіндік қажеттіліктеріне тұтынуын
WСН электр қуатын ЖЭҚ өзіндік қажеттіліктеріне (электр қуатын шығару тәртібінде және
бос тұру тәртібінде), ТҮБӘТ, метеобекеттердің қуат алуына тұтынуды қосу арқылы
анықтаған жөн. Есептемені өндірушілердің құжаттамасында келтірілген атаулы мәндерге
және тиісті тәртіптегі жабдық жұмысының болжамды ұзақтығына сүйене отырып
орындаған жөн.
7.6.14 Электр қуатын қосымша жабдық жұмысын және басқа жалпы станциялық
қажеттіліктерді қамтамасыз етуге тұтынуды Wқж болжамды жүктелімді (жарықтандыру,
жылыту, қосымша жабдық жетегі және басқа қажеттіліктер) ескере отырып, әрекет етуші
нормативтерге сәйкес анықтау қажет.
7.6.15 ЖЭС-нан тауарлық электр қуатының жобалық жылдық жіберілімі келесі
теңдеу арқылы анықталады:
WЖ = WЖЭС-WТЫ - WӨҚ-WҚЖ,
(4)
мұндағы WЖ - ЖЭС-нан электр қуатының жобалық жылдық жіберілімі, кВтч;
WЖЭС - ЖЭС-ғы электр қуатының өндірімі, кВтч;
WТЫ - электр қуатының трансформация және таратылу кезіндегі технологиялық
ысырабы, кВтч;
WӨҚ - электр қуатын ЖЭС-ң негізгі/қосымша жабдығының өзіндік қажеттіліктері
үшін тұтыну, кВтч;
WҚЖ - электр қуатын қосымша жабдық жұмысын және басқа жалпы станциялық
қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін тұтыну, кВтч.
7.6.16 ЖЭС электр қуатының нақтылы жылдық жіберілімі жобамен ескерілген
және ескерілмеген факторлардың толық жиынтығымен анықталады.
7.6.17 ЖЭС-ң белгіленген қуатын пайдаланудың орташа жылдық коэффициенті
КЖО жобалық шешімдер сапасының және ЖЭС орналасқан нақты алаңның
метеорологиялық жағдайларында жабдық жұмысының, сондай-ақ қолдану, жөндеу және
23
әкімшілік персоналы қызметінің тиімділігінің қорытынды көрсеткіші болып табылады.
бұл көрсеткіш WГ мәніне сәйкес есептеп шығарылады.
7.6.18 Жіберілген электр қуатының есептік өзіндік құны және ЖЭС-ң басқа
экономикалық көрсеткіштері электр энергетикасы саласындағы нормативтік құжаттардың
талаптарына сәйкес анықталуы тиіс.
Бұл ретте ЖЭС қызметін қамтамасыз ету бойынша төмендегідей шығындар
қосымша ескерілуі тиіс:
- ақпараттық қызмет көрсету және ЭЕМ бағдарламалық жасақтамасы үшін төлемдер;
- зияткерлік меншікті пайдалану үшін төлемдер;
- әлеуметтік саланы қамсыздандыру шығындары және т. б..
8
ЭЛЕКТР ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ
8.1 Электр жалғасуларының басты және ішкі схемалары
8.1.1 Электр энергетикалық жүйелердің электр желілеріне жалғасатын ЖЭС электр
жалғасуларының басты схемалары келесі бастапқы жағдайларды ескере отырып
әзірленеді:
ЖЭС құрамына кіретін ЖЭҚ саны және орналасуы, олардың атаулы қуаттылығы,
генератор түрі (синхронды немесе асинхронды, кернеу) ЖЭС генераторлары қуатының
атаулы коэффициентінің кеңес етілетін мәні, реактивті қуат берілісі (тұтынуы) кезіндегі
жұмыс тәртіптер, қоздыру жүйелеріне қойылатын талаптар, реактивті қуатты
компенсациялау құрылғылары;
ЖЭС электр қуатын қуат жүйесіне шығаратын кернеу, электр қуатын тарату
желілері бағыттарының саны, әр желі бойынша таратылатын активті және реактивті
қуаттылық, ЖЭС шиналарындағы кернеудің ұйғарынды ауытқулары;
қуат жүйесінің дамуын ескере отырып, максималдық және минималдық тәртіптер
үшін ЖЭС-ң жоғары кернеулі шиналарындағы қуат жүйесінен қысқа тұйықталу
токтарының
(үш фазалық және бір фазалық) мәндері, ауыстырып-қосқыштардың
түйісулеріндегі жаңғырмалы кернеу мәні;
қуат жүйесінің статикалық және динамикалық орнықтылығының және оның
аварияға қарсы автоматикасының шарттарымен
(қысқа тұйықталуларды өшіру
жылдамдығын арттыру, қуат теңгерімін жақсарту мақсатында желіні бөлу, қуаты артық
ауданда генераторларды өшіру, автоматты жиіліктік жеңілдену (АЖЖ) және басқалары)
байланысты талаптар.
артық кернеуден қорғаныс үшін электр тогын ажыратқышты, сондай-ақ
шунттаушы реакторларды орнату қажеттілігі.
8.1.2 ЖЭС электр жалғасуларының басты схемасы оның нұсқаларын техникалық-
экономикалық салыстыру негізінде таңдалады.
Салыстыруға арналған схема нұсқалары осы бөлімнің кеңестеріне сәйкес
құрастырылады.
Техникалық-экономикалық салыстыру кезінде шағын станциясының электр
жабдығына жұмсалатын шығындар, электр қуатын таратудың шоғырсымды және әуе
24
желілері, амортизация және қызмет көрсетуге жұмсалатын жыл сайынғы шығындар, ЖЭС
жұмыс тәртіптерін ескере отырып, схема элементтеріндегі электр қуаты ысырабының
құны, сенімділік көрсеткіштері (тоқтап тұрулар ағынының параметрлері және жабдықтың
қалпына келу уақыты, электр қуатының болжамды кем өндірімі және оның салдарынан
болған залал), схеманың икемділігі мен жөндеуге жарамдылығы, қолдану және
автоматтандыру жайлылығы, құрылымдық-құрастыру шешімдері және т. с. с. ескеріледі.
Негіздеме жеткіліксіз немесе экономикалық көрсеткіштердің арасындағы
айырмашылық болмашы болған жағдайда, схемалардың нұсқаларын таңдау үшін
көпмақсатты оңтайландыру әдісін қолданған жөн.
8.1.3 ЖЭҚ қуатының берілісі генераторлық кернеудің үлестіруші құрылғысы
арқылы немесе 8.2. т. келтірілген талаптарға сәйкес көтеруші трансформаторлар арқылы
жүзеге асырылуы тиіс.
8.1.4 ЖЭС-ң бүкіл қуатын ОЭШС-на бір көтеруші трансформатор арқылы беру
мүмкіндігі қуат берілісі схемасының сенімділік шарттары және жоғары вольтты
желілердің өткізу қабілетінің шамалары, ЖЭС-ын энергетикалық жүйеден ажыратудың
ұйғарынды уақыты және өзінді қажеттіліктерді сенімді қамсыздандыру бойынша
тексерілуі тиіс.
ЖЭС электр жалғасуларының басты схемасын таңдау кезінде ЖЭҚ-ны қолдануға
енгізу мерзімі және кезектілігі және үлестіруші құрылғыларды ұлғайту қажеттілігі
ескеріледі.
8.1.5 Электр станциясының бөлек ЖЭҚ қуатын қуат жүйесіне беру үшін
шоғынландыруды ЖЭС-ң ішкі электр желісі бойымен жүзеге асырған жөн.
8.1.6 Желінің атаулы кернеулері мен онда трансформацияның аралық сатыларын
енгізу қажеттілігі төмендегілермен анықталады:
ЖЭҚ түрімен және оның бірлік атаулы қуатымен;
ЖЭС-ң белгіленген қуатымен;
кернеуді ұйғарынды төмендетумен (ЖЭС-ң ток сымдарын, қуаттың шоғырлануы
жүзеге асырылатын, шағын станциялардың шиналарына жалғасу орнындағы атаулы
қуаттың 5 %).
8.1.7 ЖЭС-ң ішкі желісінің параметрлерін анықтауға арналған есеп тәртібі ЖЭС-ң
белгіленген қуатын беру тәртібі болып табылады.
8.1.8 Ішкі және басты электр желілерінің құрылу қағидасын және монтажын,
сондай-ақ ЖЭС-ң бірыңғай қуат жүйесімен жалғасуын, ЖЭС қуатын шоғырландыруды
және құрлықтағы күш желілерінің құрылымдық орындалуын электр монтаждық
жұмыстарды орындауға тиісті лицензиясы бар энергетикалық компания орындайды
8.2 Дербес және гибридті ЖЭС-ға арналған ЖЭҚ қуатын шоғырландыру
схемалары
8.2.1 Дербес және гибридті ЖЭС-ға арналған ЖЭҚ-ны таңдаған кезде желдің
жылдық орташа жылдамдығын және қуаттың жалпы тұтынысын түзетіп алу қажет.
ЕСКЕРТУ Желдің орташа жылдық жылдамдығын түзету қажеттілі ЖЭҚ-ң қуат өндірімі діңгек
биіктігіне байланысты екендімен түсіндіріледі. ЖЭҚ үшін биік (10 м жоғары) діңгекті таңдай отырып,
25
бірқатар жағдайларда ЖЭҚ роторының білігінде желдің орташа жылдық жылдамдығын ұлғайтуға болады.
8.2.2 Дербес және гибридті ЖЭС үшін ЖЭҚ қуатын шоғырландыруды
аккумуляторлық батареялар (бұдан әрі - АБ) жүйесіне жүзеге асырған жөн.
8.2.3 АБ-да жиналған электр қуаты
(тұрақты ток) инвертор электр аспабының
көмегімен тұтынылатын ауыспалы кернеуге өзгереді.
8.2.4 АБ жиынтығының зарядын бақылау, ЖЭҚ қуат көздерін басқару және олардың
синхрондалуы арнайы электрондық құрылғы - контроллер ішінде орындалады.
8.2.5 АБ-ны ЖЭС қолдану ауданыдағы желдің орташа жылдық жылдамдығына
байланысты таңдайды.
8.2.6 Инверторды таңдау кезінде пайдаланушының қажеттіліктерін негізге алу
қажет, өйткені инверторлардың екі тобы бар:
инверторлардың бірінші тобы
(қымбаттырақ) синусоидалы шығыс кернеуін
қамтамасыз етеді,
екінші топ шығыс кернеуін синусоиданы алмастыратын жеңілдетілген сигнал
түрінде қамтамасыз етеді.
Тұрмыстық аспаптардың басым көпшілігі үшін жеңілдетілген сигналды қолдануға
болады. Синусоида тек кейбір телекоммуникациялық аспаптар үшін ғана маңызды.
8.2.7 Инверторды 220В/50 Гц стандартты кернеулі қуат тұтынудың шарықтаулы
қуатына негізделе отырып таңдайды. Инвертордың екі жұмыс тәртібі бар. Бірінші тәртіп -
бұл ұзақ жұмыс тәртібі. Бұл тәртіп инвертордың атаулы қуатына сәйкес келеді. Екінші
тәртіп - шамадан артық жүктелім тәртібі. Бұл тәртіпте инверторлар үлгілерінің көбісі
бірнеше ондаған минут бойы атаулы қуат тәртібінде жұмыс істей алады.
8.2.8 Жалпы қуат тұтынысын түзету кезінде шоғырсымдағы, инвертордағы және АБ-
ғы қуат ысырабы ескеріледі. Шоғырсымдағы ысырап ЖЭҚ-ң қуат өндірімін 30 %-ға дейін
төмендетуі мүмкін, сондықтан қуат ысырабын қысқарту үшін ұзын шоғырсымды
қолданған кезде шоғырсым тарамының үлкен қимасын таңдауға кеңес беріледі.
8.2.9 АБ және инверторлардағы қуат ысырабы қуатты өзгертудің ПӘК-мен
байланысты. Қорғасынды АБ-ң ПӘК шамамен 90 %, сілтілі батареяның ПӘК шамамен 80
% құрайды. Қазіргі заманғы инверторлардың атаулы ПӘК шамамен
95
% тең.
Инвертордың бүкіл жұмыс ауқымы үшін инвертордың орташа ПӘК-ін
90
% деп
қабылдауға болады.
8.2.10 Қажетті электр кернеуі АБ жиынтығы элементтерін ретті жалғастыру
жолымен қамтамасыз етіледі. Қатар жалғасу АБ-ң кейбір арнайы түрлері үшін ғана рұқсат
етіледі.
8.3 Өзіндік қажеттіліктерге қатысты электр жалғасулардың схемалары
8.3.1 Өзіндік қажеттіліктер үшін электр қуатын беру қуат жүйесінен ЖЭС-ң қуат
беру желілері арқылы және ЖЭС жұмыс істеп тұрған кезде оның өзінен жүзеге асыру
кеңес етіледі.
8.3.2 ЖЭС-ң өзіндік қажеттіліктері үшін белгіленген қуаты 20 МВт жоғары электр
қуатымен жабдықтау жүйесінің, мүмкіндігінше, кемінде екі дербес қуат көзі болуы тиіс:
ЖЭС-ң көтеруші трансформаторының төмен кернеу орамы;
26
6-10 кВ құрама шиналар немесе жергілікті қуатпен жабдықтау жүйесінің ЭШС
шиналары.
8.3.3 Қуат жүйесімен бірге «кернеудің ұзақ уақытқа созылған ысырабы» және ЖЭС
тоқтауы кезіндегі өзіндік қажеттіліктер үшін авариялық электр қуатын беру үшін
дизельдік электр станциясы да қолданыла алады. Дизельдік электр станциясының
қуаттылығы ЖЭС-ң жабдығы мен жүйелерін жұмысқа қабілетті күйінде ұстап тұру
жағдайларына және ЖЭС-ын жұмыс істемейтін күйінен іске қосу мүмкіндігіне негізделе
отырып анықталады.
8.3.4 ЖЭС-ң өзіндік қажеттіліктер үшін ауыспалы токтың электр жалғасуларының
схемасы, әдетте, 0,4-0,23 кВ бір кернеумен (жерге тұйықталған бейтарап сымы бар үш
фазалық жүйе) орындалады.
Өзіндік қажеттіліктер үшін бөлек қабылдағыштарға қуат беру үшін қауіпсіздік
шарттары бойынша кернеуі 42 В немесе 12 В ауыспалы ток қолданылуы мүмкін. Ірі ЖЭС
үшін тиісті қажеттіліктер бар болған жағдайда, 6 (10) кВ кернеу де қолданыла алады.
8.3.5 Өзіндік қажеттіліктерге арналған шиналардағы кернеу ЖЭС-ң кез келкен
жұмыс тәртіптерінде, сондай-ақ ол тоқтаған кезде, электр қуатымен жабдықтау көзінің
авариялық өшірілуі кезіндегі резервтің автоматты қосылуын
(РАҚ) қолдану арқылы
қамтамасыз етілуі тиіс.
Дербес қуат беру көздерінің түрі мен саны, өзіндік қажеттіліктерге арналған кернеу
шамасы, трансформаторлардың саны мен қуаты, өзіндік қажеттіліктердің қуат беруші
электр жалғасуларының схемасы электр қуатымен жабдықтаудың қажетті сенімділігін
ескере отырып, техникалық-экономикалық есептемелер негізінде анықталады.
8.3.6 Өзіндік қажеттіліктердің тұтынушылары - оперативтік ток тізбегін, үздіксіз
қуат берудің түрлендіруші агрегаттарын, эвакуациялық және авариялық жарықтандыруды,
байланысты тұрақты ток қуатын беру үшін аккумулятордық батарея және зарядтаушы-
ажыратушы құрылғы орнатылады.
Аккумуляторлық батареяның кернеуі, әдетте, тұрақты токтың
220 В деп
қабылданады.
8.3.7 ЖЭС-да диспетчерлік технологиялық басқару құралдарының негізгі қуат алуы
өзіндік қажеттіліктерге арналған ауыспалы ток желісінен, резервтік қуат алуы - 24 және
60 В кернеулі аккумуляторлық батареялардан жүзеге асырыла алады. Аккумуляторлық
батареялардың сыйымдылығы диспетчерлік технологиялық басқару құралдарының
кемінде екі сағат бойы резервтік қуат алуын қамтамасыз етуі тиіс.
8.3.8 Аккумуляторлық батареялардың есептемесі мен таңдауы оны үздіксіз зарядтау
әдісі бойынша қолданылуын ескере отырып жүзеге асырылады. Зарядтаушы құрылғының
қуаты мен кернеуі аккумуляторлық батареяны алдыңғы 30-минуттық разряды шартымен
сегіз сағаттан артық емес мерзім ішінде атаулы сыйымдылығының
90
%-на тең
сыйымдылыққа дейін зарядтауға жетуі тиіс.
Жарты сағаттық авариялық разряд жүктелімін ескере отырып, ұзақ мерзімді
жүктелім әдісі бойынша таңдалған аккумуляторлық батареяның сыйымдылығы жалпы бір
жолғы жүктелім мен жарты сағаттық авариялық разрядтың соңындағы ұзақ мерзімді
жүктелім сәйкес болған кезде, шиналардағы кернеу деңгейі бойынша тексерілуі тиіс.
27
8.4 Басқару, дабылдама, автоматика
8.4.1 Жоғары кернеулі шағын станциялардың басқару, дабылдама, электр
қорғаныстары және автоматика құралдары ЖЭС-ң жалпы басқару жүйесінің құрамына
кіреді және тиісті нормативтік құжаттар негізінде жобаланады.
8.4.2 Шағын стацияларға жалғасатын ЖЭҚ электр қуатын шығару көздері болып
табылатынын ескерсек, шағын станциялардың және электр қуатын тарату желілерінің
электр қорғаныстары жұмыс істеген кезде, әр ЖЭҚ-ң басқару шкафтарында орнатылған
коммутациялық аппараттардың да өшірілуі алдын ала ойластырылуы тиіс.
8.4.3 ЖЭС автоматикасы жүйелік операторды белсенді қуат генерациясын, реактивті
қуат реттегішінің жұмыс тәртіптерін, станция автоматикасының жұмысы мен
икемдеулерін өзгерту бойынша пәрмендерді орындауға қабілетті болуы тиіс.
8.5 Электр қуатының есебі
8.5.1 Әр ЖЭҚ-да өндірілген электр қуатының есепбі үшін бақылау-өлшеу
аппаратурасының шкафтарында активті қуаттың есептеуіштері, ал синхронды
генераторлар үшін - реактивті қуаттың да есептеуіштері ескерілуі тиіс.
8.5.2 ЖЭҚ-да орнатылатын есептеуіштер дәлдігінің ұйғарынды санаты 0,5 нашар
болмауы тиіс.
8.5.3 ЖЭҚ-да электр қуатының автоматтандырылған есебі жүйелерін орнатқан
жағдайда, бастапқы қадағалар мен түрлендіргіштер орнатылады, ал орталық құрылғылар
ЖЭС ОБП-де орнатылады.
8.5.4 Активті және реактивті қуаттың есептік есептеуіштері ЖЭС-ң қуат жүйесіне
жалғасу орындарында орнатылады. Электр қуатының есебін қуат жүйесінен берілген және
алынған активті және реактивті қуат бойынша көпқызметті есептеуіштердің көмегімен,
ақпаратты қуат жүйесінің диспетчерлік пунктіне таратумен бірге орындауға кеңес
беріледі.
8.5.5 ЖЭС-ң бастапқы шағын станциясы оған басқа пайдаланушылардың немесе
генерациялаушы қуат көздерінің жалғасуымен бірге жүйелі болып табылатын жағдайда,
электр қуатын есепке алу жүйесі ЭҚОЕ сәйкес қарастырылуы тиіс.
8.5.6 Электр қуатын есепке алу құралдары өлшеулер дәлдігіне қойылатын
метрологиялық талаптарға сәйкес келуі тиіс, сондай-ақ қызмет етудің жоғары
сенімділігіне ие болуы тиіс.
8.6 Электр есептемелері
8.6.1 ЖЭС-ң толық қуатының (мысалы, ОЭШС шиналарындағы) есепке алынуын
талап ететін электр есептемелері
(ағынды бөлу және қысқа тұйықталу токтары
тәртіптерінің есептемелері) электр станциясының жұмысшы қуаты бойынша орындалады.
ЖЭС-ң бөлек тармақтары мен желі магистральдарының электр есептемелері
магистральдарға жалғанған ЖЭҚ-ң атаулы қуаты бойынша жүзеге асырылады.
8.6.2 Электр есептемелеріне динамикалық тұрақтылық есептемелерін енгізу қажет,
28
есептемелерді жылдың сипатты мезгілдері - жазғы минимум, қысқы максимум, ЖЭС-ын
іске қосу тәртіптері үшін жүргізу қажет.
8.6.3 Қысқа тұйықталу токтарының есептемелерін орындау кезінде алынатын
есептік әлеуетті мерзім ЖЭС-ң толық даму мерзімінен кейін 10 жылдан кем емес болуы
тиіс.
8.6.4 ЖЭС элементтеріндегі қысқа тұйықталу токтарының есептемелері толық
токтың қайталанбайтын құраушысының әсерін ескермей орындалады.
8.6.5 ЖЭС-ң қуат жүйесіне жалғасуының техникалық талаптары реактивті қуатты
компенсациялау бойынша арнайы талаптармен ескерілмеген жағдайда, реактивті қуатты
реттеу шектерін
«Жүйелік Оператордың ЖЭС-н ұлттық электр желісіне енгізілуін
қамтамасыз етуге арналған талаптарымен» анықтау қажет. ЖЭС-ғы реактивті қуатты
компенсациялау құралдарын таңдауды техникалық-экономикалық есептемелер негізінде
жасаған жөн.
8.7 Қосымша имараттар
8.7.1 ЖЭС-ң диспетчерлік, технологиялық байланыс және телемеханика құралдарын
оперативтік-диспетчерлік басқаруды және қолдануды ұйымдастыру схемасына сәйкес
құру қажет.
8.7.2 Байланыс және телемеханика құралдарының көлемі ЖЭС-ң қуаты мен қуат
жүйесіндегі маңыздылығына байланысты және төмендегілерді қамтамасыз ету
қажеттілігімен анықталады:
диспетчерлік байланысты;
технологиялық байланысты;
әкімшілік-шаруашылық байланысты;
жоғары деңгейлі басқару пункттері бар сыртқы байланыс және ақпаратты тарату
арналарын;
сыртқы байланыс арналарын.
8.7.3 ЖЭС-ын қызмет көрсетуші персоналмен байланыс құралдарының көлемі
келесілерден тұрады:
диспетчердің
(кезекші инженердің) оперативтік персоналмен оперативтік
байланысы (телефондық, радиоіздеу, ұсақ ұялы);
қызметтік бөлмелерді радиоландыру;
күзет дабылдамасы;
өрт дабылдамасы.
8.7.4 ЖЭС-ң тұрақты қызмет көрсету персоналы жоқ учаскелері үшін байланыс
және телемеханика құралдарының көлемі келесілерді қамтиды:
ЖЭҚ-нан ақпаратты тарату арналары;
ақпаратты басқару орнына таратуға арналған байланыс арналары;
жалпы мемлекеттік байланыс желісінен байланыс арнасы;
күзет дабылдамасы;
реттеу және жөндеу жұмыстарының мерзімі бойы байланыс.
8.7.5 Байланыс құралдарының және ақпаратты тарату арналарының аппаратурасы
29
тарату жылдамдығы, сенімділігі және сапасы бойынша заманауи талаптарға сәйкес келуі,
сондай-ақ қуат жүйесімен берілетін техникалық талаптармен үйлесуі тиіс.
8.7.6 Майлау шаруашылығы, газ шаруашылығы әрекет етуші нормаларға сәйкес
жобаланады.
Қажет болған жағдайда, ЭШС баллондармен жеткізілетін сырттан әкелінген газбен
(сутегімен, азотпен, көмір қышқыл газымен, элегазбен) қамсыздандырылуы тиіс.
8.8 Найзағайдан қорғаныс
8.8.1 Найзағай салдарынан туындайтын қауіптілік дәрежесін ескере отырып, ЖЭҚ
пен метеорологиялық діңгектер найзағайдан қорғаныс бойынша үшінші санатқа
жатқызылады.
8.8.2 Найзағайдың тікелей түсіуінен қорғаныс ЖЭҚ (метеодіңгек) құрылымымен
қамсыздандырылып, найзағай тогының жабдықты бұзбай және басқару мен реттеу
жүйелерінің электроникасын зақымдамай өтуіне кепілдік беруі тиіс.
8.8.3 Ток аударғыштарды тірек мұнарасының құрылымы бойымен салып, токтың
жайылуының импульстық кедергісі 2 Омға дейінгі жерге тұйықтауышқа жалғау қажет.
Мұнара металдан дайындалған жағдайда, оны ток жеткізуші бөлшектер ретінде қолдануға
рұқсат етіледі. ЖЭҚ-ң жерге тұйықтаушысы қорғаныс жерге тұйықтаушы элемент болып
табылады.
8.8.4 ЖЭҚ-ң, метеодіңгектің және КТШС-ң жерге тұйықталу контурларын
біріктіруге тыйым салынады.
9
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚОРҒАНЫС
9.1 ЖЭС кешенінің ғимараттары мен имараттарында сыртқы және ішкі өрт сөндіру
үшін ЖЭС кешендерінің игерілмеген аумақтарда және елді мекендерден айтарлықтай
алшақ орналасу ерекшеліктерін ескере отырып, тұщы суды пайдаланумен бірге бөлек
өртке қарсы су құбырын алдын ала ойластырған жөн.
9.2 Өртке қарсы су құбырын ЖЭС кешенінің ғимараттары мен имараттарында
орнату қажеттілігі сутартқыш жүйені жобалауға қойылатын талаптарға сәйкес
анықталады.
9.3 Өртке қарсы су құбырының имараттары өрт қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес
жобалануы тиіс. Сумен жабдықтау көзін таңдау кезінде жер асты суларын ала көру қажет.
Негізді жағдайларда өртке қарсы сумен жабдықтауды ыдыстардан (сұйыққоймалардан,
суайдындардан) жүзеге асыруға рұқсат беріледі. Бұл жағдайларда өртке қарсы су қоры
сырттан әкелінетін сумен толықтырылады.
9.4 ЖЭҚ-ң сыртқы өрт сөндіруі ескерілмеуі тиіс және өртке қарсы су құбырының
тарату желілері орнатылмайды.
9.5 ЭШС ғимараттары мен имараттарының жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі
бойынша және шағын станциялар тобының өртке қарсы құралдармен жабдықталу
дәрежесі санаттылығын өртке қарсы нормаларға сәйкес анықтаған жөн.
9.6 Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар мен шағын станциялардың
өртке қарсы қорғаныс жүйелері имараттардың өрт қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес
30
әзірленеді.
9.7 Құрылыс бөлігіндегі ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігі өрт
қауіпсіздігінің талаптарын және Өрт қауіпсіздігінің ережелерін орындаумен қамтамасыз
етіледі.
9.8 ЖЭС нысандарының орналасу ерекшеліктерін ескере отырып, станциялардың
ғимараттары мен имараттарының жылытуы мен желдетуін қамтамасыз ету үшін электр
қуатын қолдануға рұқсат беріледі.
9.9 ЖЭС кешенінің ғимараттары мен имараттарын (ЖЭҚ-нан басқа) автоматты өрт
сөндіру жүйелерімен және өрт дабылдамасымен жабдықтау қажеттілігі әрекет етуші
нормалар негізінде анықталады.
9.10 ЖЭҚ әзірлеушісі мен өндірушісінің келісімімен гондола бөлмелері
технологиялық жабдықты көлемді өрт сөндіру, көлем бойынша жергілікті өрт сөндіру
немесе аудан бойынша жергілікті өрт сөндіру әдістерімен автоматтандырылған өрт
сөндіру жүйесімен жабдықталады. Гондола бөлмелерін сондай-ақ өртсөндіргішпен де
жабдықтайды.
9.11 Өрт сөндіруші құралдар ретінде өрт сөндіруші ұнтақтар (ұнтақты өрт сөндіру),
көміртегі диоксиді немесе азот (газды өрт сөндіру) қолданылады. Қондырғы түрі (ұнтақты
немесе газды, модульды немесе жалпы нысанды) мен оның орналасуы техникалық-
экономикалық есеппен анықталады.
10 ҚОЛДАНУДЫ, ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ЖӘНЕ
ЖӨНДЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
10.1 ЖЭС қуатына, ЖЭҚ түрі мен санына, электр схемасына және техникалық
қызмет көрсетуді ұйымдастыру жөнінде қабылданған тұжырымдамаға қарай, ЖЭС-ң
ұйымдық құрылымы және штаттық кесте әзірленеді.
10.2
ЖЭС-ны кезектеп салған кезде, персонал құрылымы мен саны әр кезекті
қолданылуға енгізу кезіндегі ахуалға сәйкес, персоналды даярлау қажеттілігін ескере
отырып анықталады.
10.3 ЖЭС-да
«ЭС техникалық қолдану ережелеріне» сәйкес келетін көлемдегі
техникалық құжаттаманы сақтауға арналған, тиісті жиһаз бен құрал-сайманмен
жабдықталған бөлме (орын) алдын ала ойластырылуы тиіс.
10.4 ЖЭС-да штаттық персонал мен арнайы жұмыстарды жүргізу үшін іссапарға
жіберілген тұлғалар үшін санитарлық нормалардың сақталуы қамсыздандырылуы тиіс.
10.5 ЖЭС-ң қолданылуы кезекшілік әдіс негізінде ұйымдастырылатын жағдайда,
кезекші персонал еңбегінің және демалысының барлық жағдайлары алдын-ала ескерілуі
тиіс.
10.6 Қалыпты және қауіпсіз қолдану үшін ЖЭС-ң аспаптармен, құрылғылармен,
саймандармен жабдықталуы, персоналдың арнаулы жұмыс киімімен, аяқ киімімен, жеке
қорғаныс құралдарымен және төмендегі орындардың ішіндегі әрқайсысында қажетті
мөлшердегі өрт сөндіру құралдарымен қамсыздандырылуы алдын-ала ескерілуі тиіс:
басқару қақпасы;
ЖЭҚ;
үлестіруші құрылғылар;
31
шеберханалар;
қойма бөлмелері;
қосалқы бөлмелер.
Бұл құралдарды сақтауға арналған арнайы орындар (стендтер, шкафтар және т. б.)
ойластырылуы тиіс.
Кейбір қорғаныс құралдарының
(мысалы, каскалар, белгілер және т. б.) саны
іссапармен жүрген персонал және ЖЭС-ға келіп-кетуші тұлғалар жұмысын қамтамасыз
ету үшін жеткілікті болуы тиіс.
10.7 Орталық басқару қақпағы, жөндеу жүргізілетін бөлмелер, зертханалар,
шеберханалар және т. б. дәрі-дәрмек пен медициналық құралдардың тұрақты қоры бар
дәрі қобдишасымен немесе бірінші жәрдем сөмкелерімен жасақталуы тиіс.
10.8 ЖЭС-ын басқару мәселелерін шешу үшін КБАЖ қолданылуы тиіс. Әдетте,
КБАЖ қуаты 500 вКт және одан жоғары ЖЭС-да орнатылады. КБАЖ міндеттерінің
кешеніне төмендегілер кіреді:
өндірістік-техникалық қызметті басқару;
техникалық-экономикалық есептемелер;
материалдық - техникалық жабдықтау;
бухгалтерлік есеп;
мерзімді есептілік;
жөндеу, техникалық қызмет көрсету мәселелері;
персоналды даярлау және басқа да мәселелер.
ПБАЖ міндеттерін шешу үшін ЖЭС ТҮБАЖ техникалық құралдарын пайдалануға
тыйым салынады.
10.9 ЖЭС жобасымен мамандарды даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды
техникалық тұрғыдан қамсыздандыру ескерілуі тиіс.
10.10 Қалыпты қолдану және жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ету үшін
ЖЭС-да және қуат жүйесінде ЖЭС диспетчері мен қуат жүйесі диспетчерінің арасында,
ЖЭС және ЖЭҚ диспетчерінің немесе ЖЭС-ғы басқа жұмыс орындарымен сенімді
байланыс қамтамасыз етілуі тиіс. ЖЭС жобасымен сондай-ақ ЖЭС диспетчерінің өрттен
сақтаудың және жедел медициналық жәрдемнің аумақтық бөлімшесімен байланыс
қамтамасыз етілуі тиіс.
10.11 ЖЭС жобасымен электр қуатының сапасын мерзімді бақылау орны
анықталып, қуат жүйесімен келісілуі тиіс. Ол үшін арнайы аппаратура ойластырылуы
тиіс.
10.12 ЖЭС-да электр қуатының техникалық есебінің жүйесі әр ЖЭҚ-ң электр
қуатының өндірімін, ЖЭС-ң өзіндік қажеттіліктері үшін электр қуатының тұтынылуын
тексеру ескерілуі тиіс.
10.13 Техникалық қызмет көрсетудің қабылданған схемасына қарамастан,
қуаттылығы 3 МВт жоғары ЖЭС жобасына ЖЭС алаңында жұмыс істеуге арналған
технологиялық төлқұжатты енгізу қажет. Автокөлік құралдарының саны, түрі (жеңіл
автокөлік және персонал мен шаруашылық жүкті тасымалдауға арналған көлік
құралдары), олардың жабдықпен, саймандармен, байланыс және персонал қорғанысы
құралдарымен жиынтықтылануы жобада әр ЖЭҚ-ң түрі және ЖЭС алаңының немесе
32
алаңының нақты жағдайлары үшін анықталады.
10.14 Техникалық қызмет көрсету бригадалары
(ТҚКБ) жүйенің келесі
параметрлерінің ағымдағы өзгерістерін анықтауға арналған мобильдік диагностикалау
құралдарымен жабдықталуы тиіс: механикалық бөліктің, автоматиканың және басқару
жүйесінің күйі, жабдықты орналастырудың геометриялық сипаттамаларының
ауытқулары, тербелістер; қысым және т. с. с. Аталған диагностикалау құралдарын ЖЭС-
ын жиынтық түрінде жеткізген жағдайда, негізгі жабдықтың өндірушісі ескеруі тиіс.
10.15 Электр техникалық жабдықты және жалпы өнеркәсіптік тағайындалуы бар
басқа да жабдықты қолданатын ЖЭС ж.йелері үшін тиісті диагностика құралдары
қолданылуы тиіс.
10.16 Диагностика құралдарын келесідей орналастыруға кеңес беріледі:
аналогтық және дискреттік сигналдарды тіркеуіштер - басқару және аварияға
қарсы автоматика құрылғылары орнатылған жерлерде;
мобильдік құралдар ТҚКБ арналған автокөлік жиынтығына қосылады;
ақпараттық қорды - ОББП-не.
10.17 Технологиялық үдерісті басқару құралдары диагностика жүйелеріне арналған
стационарлық құралдар ретінде қолданыла алады.
10.18 ТҚКБ арналған мобильдік диагностика құралдары ЖЭС жүйелері мен
жабдығы күйінің, оның ішінде атқарылған ресурстың ақпараттық қорын жасауға арналған
бағдарламалық және техникалық жасақтамасы бар ЭЕМ-нан тұруы тиіс және ол үшін
орталық есептеуіш машинамен байланыс арналарын қолдана алады.
10.19 ЖЖМ қоймасында ЖЭС-на қызмет көрсету үшін төмендегілерді ескеру қажет:
трансмиссиялық май
(таза және пайдаланылған) мен гидравликалық
сұйықтықтарға (үш айға қор) арналған ыдыстар;
көтергіш-көлік жабдығына және электр қуатының авариялық көздеріне (үш айға
қор) арналған ЖЖМ ыдыстары.
Трансформаторлық майды сақтауға арналған ыдыстар ескерілмейді, өйткені ол
ЖЭС-ң маймен толтырылатын жабдығының қолдануын қамтамасыз ететін
мамандырылған кәсіпорынның қоймасынан жеткізіледі.
10.20 ЖЭС-ғы ЖЭҚ-ң жөндеуін ұйымдастыру, әдетте, ЖЭҚ әзірлеушісі (өндірушісі)
әзірлеген жөндеу құжаттамасына сәйкес тораптар мен бөлек бөлшектердің ауыстырылуын
ескеруі тиіс.
ЖЭҚ бөлшектері мен тораптарының жөндеуін өндіруші-кәсіпорындар күшімен
жүргізуді ескерген жөн.
Қуаттылығы үлкен ЖЭС-на немесе бірнеше ЖЭС-на жөндеу қызмет көрсету үшін
тиісті экономикалық негіздеме жасау шартымен, ЖЭҚ-ң, бөлек тораптар мен
бөлшектердің әзірлеуші немесе өндіруші ұйымдарының техникалық басшылығымен
жұмыс жасайтын мамандырылған аймақтық жөндеу кәсіпорны құрылуы мүмкін.
11 ҚҰРЫЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НЕГІЗДІК ШЕШІМДЕР
11.1 Жобаның құрылыс өндірісін ұйымдастыру бойынша бөлімін әзірлеу кезінде
келесі ерекшеліктерді ескерген жөн:
33
11.1.1 ЖЭҚ әзірлеушісі, өндірушісі немесе жеткізушісі Тапсырыс берушіге
жиынтық ЖЭҚ-ны тораптарды монтаждау жөнінде нұсқаулықтың максималды әзір
ұлғайтылған блоктармен жеткізеді. Осы нұсқаулыққа сәйкес, жобалық ұйым монтаждың
технологиялық схемасын, ал құрылыс ұйымы (немесе оның тапсырысымен - жобалық
ұйым) жұмысты жүргізу жобасын әзірлейді.
11.1.2 Жобаның осы бөлімінің көлемдік-жоспарлы және технологиялық шешімдері
төмендегілерді қамтамасыз етеді:
тұрақты немесе уақытша алаңда қажетті материалдарды, құрылымдарды,
жабдық мен механизмдердің орналастырылуы, оларды оңтайландыру мүмкіндігі, сондай-
ақ уақытша ғимараттар мен имараттардың жайғастырылуы;
өртке қарсы, еңбекті қорғау жөнінде талаптар және құрылыс барысында
қоршаған ортаны сақтау бойынша шаралар.
11.1.3Жабдық пен құрылыс құрылымдарының монтажы үшін жүк көтерімділігі тиісті
пневматикалық жүрістегі экономикалық, әмбебап, мобильді крандарды қолданған жөн.
11.1.4 ЖЭС жетуі қиын учаскелерде (тау басында, шалшықты жерлерде, теңіз
барқынында және т. б.) орналасқан жағдайда, автокөлік жолдарының құрылысы немесе
қондырғылардың қолдануы кезінде монтаж және жөндеу үшін тікұшақтардың
қолданылуы экономикалық есептемемен негізделуі тиіс. Жұмыстың мамандырылуы және
сәйкестендірілуіне, механизмдердің бос тұрмай, оңтайлы қолданылуына қол жеткізу
мақсатындағы ЖЭС құрылысын (алаңда үштен артық ЖЭҚ болған жағдайда) кезеңдер
бойынша жол трассаларын, электр қуатын тарату желілерін дайындаудан, монтаждық
алаңды ұйымдастырудан, іргетастарды тұрғызудан, бағандардың, гондолалардың,
қалақтардың монтажынан, шоғырсымдарды тартудан және шағын станцияның электр
жабдығының монтажынан тұратын ағындар бойынша жүзеге асырған жөн.
11.1.5 ЖЭС жабдығының монтажы берілген жұмысты орындау үшін лицензиялары
бар мамандырылған бөлімшелермен, ЖЭҚ әзірлеушілері мен өндірушілерінің шефмонтаж
бойынша қызмет көрсетуімен бірге орындалуы тиіс.
11.1.6 Игерілмеген жерлердегі құрылыс-монтаж жұмыстарын кезекшілік әдіспен,
адамдардың жұмыс орнына және кері жеткізілуін ұйымдастыра отырып және олардың
жылжымалы вагоншаларда уақытша жайғасуына жағдай жасай отырып өткізген жөн.
12 ЖАЛПЫ СТАНЦИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАР
12.1 ЖЭС-да профилактикалық және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ені кемінде
3 м топырақ-ұсақтас жолдарының жүйесін назарда ұстау қажет. Бұл жолдар жалпы
пайдаланудағы жолдарға жалғасып, жылдың кез келген мезгілінде IV - V санатына сәйкес
болуы тиіс. ЖЭС қажеттіліктері үшін бұрыннан бар жалпы пайдаланудағы автокөлік
жолдарын барынша қолдану қажет.
12.2 Автожолдар төсемінің сапа дәрежесі автокөлік құралдарының көтергіштік
тобына сәйкес келуі тиіс.
12.3 ЖЭС аумағында және өндірістік бөлмелерде өлшемі мен саны қолданылатын
жабдыққа және техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастырудың мақұлданған
тұжырымдамасына байланысты жөндеу алаңдары ескерілуі тиіс.
12.4 Жабдықты жөндеу-қалпына келтірумен байланысты жұмыстарды жүргізу үшін
34
станоктармен, сондай-ақ пісіргіш жабдықпен жабдықталған бөлмелерді қарастыру қажет.
12.5 ЖЭС-да жағармай, жанар-жағармай материалдарын, және газы бар
баллондарды сақтауға арналған бөлмелер (орындар) алдын ала ойластырылуы тиіс.
12.6 Реле қорғанысы мен автоматикасын, өлшеу құралдарын тексеру үшін сынақ
стендтерімен, орнатылған құрылғыларды тексеруге, реттеуге және жөндеуге арналған
аспаптармен жабдықталған зертхананы ойластыру кеңес етіледі. Электр зертханасының
қуат алуы үш фазалық токпен жүзеге асырылады.
12.7 ЖЭС-ң электр жабдығында профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін
(оқшаулау кедергісін өлшеу, сынақтар өткізу және т. б.) жылжымалы зертханалар
қолданылуы тиіс. Жобамен барлық жабдыққа қызмет көрсету үшін жылжымалы
зертханаларды жалғау орындары ескерілуі тиіс.
13 НЫСАНДЫ ҚОРҒАУДЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚҰРАЛДАРЫ
13.1 Инженерлік-техникалық қорғау құралдарын жобалау кезінде тиісті саладағы
нормативтік құжаттарды басшылыққа алу кеңес етіледі.
13.2 ЖЭС-ң қорғау шараларының кешеніне төмендегілерді енгізген жөн:
ОББП, ҚӨК, автокөлік тұрағы, ашық және жабық қоймалар периметрі бойымен
қорғаныс қоршауы;
қоршалған аумақты жарықтандыру;
ғимараттар мен имараттардың қорғаныс тосқауыл дабылдамасы;
ЖЭС алаңының қорғалатын және тыйым салынған аймақтары.
13.3 ЖЭС ОББП сыртқы қоршауының биіктігі кемінде 2 м болуы тиіс.
13.4 ЖЭС ЭШС мен ОЭШС қоршауы ЭҚОЕ-не сәйкес келуі тиіс.
13.5 Автокөлік және көтергіш-көлік жабдығының тұрақтары мен ашық және жабық
сақтау қоймаларымен бірге БӨК және ҚӨК аумақтарының сыртқы жарықтандырылуы
жер деңгейіндегі көлденең жазықтықта 0,5 лк кем болмауы тиіс.
13.6 Жарықтандыру желісінің электр қуатын алуы дербес желілермен жүзеге
асырылып, ОББП-не қосылуы тиіс.
13.7 Қорғаныс-тосқауыл дабылдамасы:
бөлменің немесе әр ЖЭҚ-ң басқару құралдары мен автоматикасы орналасқан
блоктың және метеобекеттің кіре-берісінде;
ОББП-ң, жөндеу шеберханаларының, сорғы станцияларының қазандық пен
жабық қоймалардың кіріп-шығатын есігінде және әйнектелген терезе ойықтарына
ескеріледі.
13.8 Тосқауыл дабылдамасының сигналы ОББП-не жіберіледі.
13.9 Қорғаныс металл торлар ОББП-ң, шеберханалар мен жабық қоймалардың
бірінші қабатындағы терезе ойықтарында, сондай-ақ компьютерлік зал мен байланыс
бөлмелерінің, материалдық қоймалардың есік ойықтарында орнатылады.
13.10 ЖЭС алаңында тыйым салынатын аймақ, ЖЭС дирекциясының рұқсатымен
жұмыстарды жүргізу мүмкіндігі жөнінде міндетті ескере отырып, жерді тұрақты және
уақытша бөліп берген аумақ шегінде орнатылады.
35
13.11 ЖЭҚ, метеобекеттер және электр техникалық құрылғылар үшін оларға
рұқсатсыз кірудің алдын алу шараларын алдын ала ойластырған жөн.
14 ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДІ БАҒАЛАУ
14.1 ЖЭС-ң құрылысы мен қолданылуының қоршаған ортаға әсерін жобалық
бағалау (ҚОӘБ бөлімі) қоршаған ортаны қорғау және экология саласындағы әрекет етуші
нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес әзірленуі тиіс. ҚОӘБ материалдарының
көлемі мен мазмұны
«Ниеттену жөнінде өтінішті» дайындау және жергілікті билік
органдарына тапсыру кезіндегі (жергілікті атқарушы билік органдары қоршаған ортаны
қорғау саласында қатысқан жағдайда) әр нақты жағдайда анықталады.
14.2 ЖЭС-нан тыс аумақты ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру, шабындық, мал
жаю және ауыл шаруашылық қызметтің басқа да түрлері үшін қолдануға шектеу
қойылмайды. Бұл аумақты орман шаруашылығын жүргізу және бағбаншылық үшін
қолдануға шектеулер ЖЭС-ғы ЖЭҚ-ң осындай көшеттер нәтижесінде орын алатын желдің
көлегейленуіне негізделе отырып қойылуы мүмкін.
14.3 ҚОӘБ бөлімін әзірлеу барысында қоршаған ортаны қорғау саласындағы
атқарушы биліктің жергілікті органдарының аумақтың экологиялық бағалылығы жөнінде
деректерін, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін немесе азайып
бара жатқан түрлерінің бар болуы, құстар өрісінің жолдары және т. б. жөнінде деректерді
ескеру қажет.
14.4 Құрамында үштен аса ЖЭҚ бар ЖЭС-ны жобалау кезінде орнитология
бағытында мамандырылған ұйым күшімен құстар өрісінің маусымдық бақылауын жүзеге
асыру қажет.
14.5 Мамандырылған ұйымның кеңесі ұсынысымен қалақтарды флуоресцентті
бояумен бояу, құстарды үркітетін дыбыстық сигналдарды орнату, түнгі уақытта, тұман
түскен кезде және көру мүмкіншілігі жеткіліксіз болған кездегі басқа жағдайларда ЖЭҚ
тіректері мен қалақтарына жарық түсіру арқылы орнитофаунаға зиян келтіруге жол
бермейтін шараларды ескерген жөн.
14.6 ЖЭС-ын жобалау кезінде ең жақын елді мекен немесе үйде байқалатын шу
деңгейі мен жиіліктік спектрдің есептемесін жүргізу қажет. ЖЭҚ-ң ЖЭС алаңында
орналасуының әр түрлі нұсқаларында ЖЭС-нан 1 км-ге дейінгі қашықтықта орналасқан
елді мекендер үшін шу әсерін үлгілеу орынды болып табылады.
14.7 Елді мекендегі шудың болжамды деңгейі тұрғын және қоғамдық ғимараттар
мен тұрғын үй құрылыс салынған аумақтағы санитарлық нормалармен белгіленген
ұйғарынды шу деңгейінен аспауы тиіс.
14.8 Курорттық немесе халық тығыз орналасқан аймақта ЖЭҚ-ы пейзаждың
көркемділігін бұзбауына әрекет жасаған жөн.
14.9 ЖЭС имараттары мен жабдығы әуе кемелерінің ұшуы үшін бөгет болып табылады.
ЖЭС нысандарының күндізгі таңбаламасы мен жарық бөгемесін Қазақстанның әуе кеңістігін
қолдану жөніндегі мемлекеттік кадағалау органдарымен келісіп жобалаған жөн.
14.10 Ірі ЖЭС-ң жобасын келісу барысында жұртшылық пен мүдделі ұйымдардың
танысуы үшін ЖЭС үлгісі бар аумақтың фотомонтажын немесе макетін қолданған жөн.
36
А Қосымшасы
(ақпараттық)
Қазақстан Республикасының жел климаты, жел ресурстарының шамасы мен
таралуы жөнінде негізгі деректер
А1. Қазақстанның жел атласы (ЖА) - бұл әкімшілік шекаралар, қалалар, электр
желілері мен шағын станциялар, электр станциялары, темір және автокөлік жолдары
түсірілген, айыру көрсеткіші 9 км құрайтын, жер беткейінен 80 метр биіктіктегі жел
жылдамдығының таралу картасы [www.atlas.windenergy.kz.]
А2. Жел Атласының басты мақсаты - елдің жел ресурстарын зерттеу, оларды
сапалық талдау және электр қуатын алу үшін жел электр станцияларын орналастыратын
орындарды таңдау бойынша ұсыныстар әзірлеуге жүйелік тәсілдеме қолдану үшін негіз
әзірлеу.
Бұл картаны пайдалану Қазақстан Республикасының аумағында жел электр
станцияларының құрылысына арналған әлеуетті аудандарды алдын ала анықтауға
мүмкіндік береді.
А.1-кесте - Қазақстанның облыстары бойынша жер әлеуетін талдау
Жоғарылағ
Санат
Төмен
Орташа
Жоғары
Артық
ан
Жел жылдамдығының
6 - < 7
7 - < 8
Ауданы
< 6 м/с
8 - < 9 м/с
> 9 м/с
ауқымы
м/с
м/с
Ақмола обл
146,200
45,500
85,200
15,500
0
0
Ақтөбе обл
300,600
254,400
46,200
0
0
0
Атырау обл
118,600
58,100
60,500
0
0
0
Батыс Қазақстан обл
151,300
61,400
89,900
0
0
0
Қарағанды обл
428,000
343,100
84,600
300
0
0
Павлодар обл
124,800
37,700
87,100
0
0
0
Алматы обл
224,000
197,300
20,000
5,300
1,200
200
Жамбыл обл
144,200
106,200
36,800
1,200
0
0
Оңтүстік Қазақстан
117,300
102,400
11,700
3,200
0
0
обл
Қостанай обл
196,000
81,500
114,500
0
0
0
Солтүстік Қазақстан
98,040
0
82,800
15,200
0
0
обл
Шығыс Қазақстан обл
283,300
241,300
40,800
1,200
0
0
Маңғыстау обл
165,600
73,200
87,700
4,800
0
0
Қызылорда обл
226,000
193,100
29,100
3,800
0
0
37
А.2-кесте - Облыстар бойынша жел әлеуетін талдау
Жел қуатының әлеуеті,
Электр қуатының
Санат
Жоғары
МВт
әлеуеті, ГВт
Жел жылдамдығының
7 - < 8 м/с
МВт
ГВтч
ауқымы
Ақмола обл
15,500
108500
285100
Ақтөбе обл
0
0
0
Атырау обл
0
0
0
Батыс Қазақстан обл
0
0
0
Қарағанды обл
300
2100
5500
Павлодар обл
0
0
0
Алматы обл
5,300
37100
97500
Жамбыл обл
1,200
8400
22100
Оңтүстік
Қазақстан
3,200
22400
58900
обл
Қостанай обл
0
0
0
Солтүстік Қазақстан
15,200
106400
279600
обл
Шығыс Қазақстан обл
1,200
8400
22100
Маңғыстау обл
4,800
33600
88300
Қызылорда обл
3,800
26600
69900
Жалпы мәні
50500
353500
929000
38
Б ҚОСЫМШАСЫ
(ақпараттық)
ЖЭС өндірімін есептеу әдістемесі
Жел электр станциясында электр қуатының өндірімін есептеу жобаның
экономикалық тиімділігін анықтау кезінде негізгі факторлардың бірі болып табылады.
Электр қуатының өндірімін есептуге арналған бастапқы деректер ретінде жел
монторингінің алдын ала өңделген деректері, аймақ бедері мен төсемелі беткейдің
цифрлық үлгілері, сондай-ақ жел энергетикалық қондырғылардың қарастырылатын
үлгілерінің өндірушілерден алынған қуат көрсеткіштері қолданылады. Метеорологиялық
параметрлер жыл сайын өзгеретіндіктен, электр қуатының өндірімін болжамдау кезінде
желдің көпжылғы жүрісін есепке алу үшін көпжылғы метеорологиялық бақылаулардың
деректері де қарастырылады.
Электр қуатының өндірімін есептеу кезінде төмендегі ысыраптар міндетті түрде
бағаланады:
- ЖЭҚ-ын жел паркінде бір біріне қатысты орналастыру кезіндегі аэродинамикалық
ысырап,
- ЖЭС-ң ішкі электр желісіндегі электр ысырабы,
- Жөндеу немесе техникалық қызмет көрсету кезінде бос тұруының салдарынан
ЖЭҚ-ң өндіріміндегі ысырап,
- ЖЭҚ қалақтарының беткейін мұз басу және азу салдарынан орын алған ысырап,
- өзге ысырап.
Электр қуатының өндірімін есептеу кезінде төмендегі қателіктер міндетті түрде
бағаланады:
- жел мониторингінің сапасы бойынша қателіктер,
- көп жылғы метеодеректер сапасы бойынша қателіктер,
- жел энергетикалық есептемелер үлгісі бойынша қателіктер,
- жел энергетикалық қондырғыларды қолдану бойынша қателіктер.
Электр қуатының өндірімін есептеу шеңберінде орын алған ысырапты азайту және
электр қуатының өндірімін ұлғайту мақсатымен жел паркінің орналасуын оңтайландыру
бойынша кеңестер, сондай-ақ жел энергетикалық қондырғылар үлгісін таңдау бойынша
ұсыныстар беріледі.
39
ӘӨЖ 725.42:620.9
МСЖ 27.180, 29.260, 29.100.01, 29.200, 29.240
Негізгі сөздер: жел энергетикасы, жел электр станциясы, жел энергетикалық
қондырғы, жел жүктелімі, метеобекет, шағын станция, орталық басқару пункты, құрылыс
алаңы, жобалау, ережелер.
40

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

//////////////////////////