Главная Книги - Разные СП РК 4.02-106-2013 АВТОНОМНЫЕ ИСТОЧНИКИ ТЕПЛОСНАБЖЕНИЯ (ҚР ЕЖ 4.02-106-2013)
поиск по сайту правообладателям
|
|
содержание .. 1 2 ..
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ
Государственные нормативы в области
архитектуры, градостроительства и строительства
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУДЫҢ
АВТОНОМДЫҚ КӨЗДЕРІ
АВТОНОМНЫЕ ИСТОЧНИКИ
ТЕПЛОСНАБЖЕНИЯ
Ресми басылым
Издание официальное
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері комитеті
Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального
хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного
развития Республики Казахстан
Астана 2019
СП РК 4.02-106-2013*
АЛҒЫ СӨЗ
1. ӘЗІРЛЕГЕН:
«ҚазҚСҒЗИª АҚ, «Астана Строй Консалтингª ЖШС
2. ҰСЫНҒАН:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және
жер ресурстарын басқару комитетінің Техникалық реттеу және
нормалау басқармасы
3. БЕКIТIЛГЕН ЖӘНЕ
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
ҚОЛДАНЫСҚА
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және
ЕНГIЗIЛГЕН:
жер ресурстарын басқару комитетінің
2014 жылғы
29-
желтоқсандағы № 156-НҚ
бұйрығымен 2015 жылғы 1-шілдеден бастап
Осы мемлекеттік нормативті Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және
құрылыс істері жөніндегі Уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатынсыз ресми басылым ретінде
толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық істері комитетінің техникалық және лингвистикалық тексеру жүргізу
тапсырмасына (2016 жылғы 7 қарашадағы № 38-02-5-1542 хаты) сәйкес құжат мәтіні өзгертілді.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс
және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі №46-НҚ
бұйрығына сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
ПРЕДИСЛОВИЕ
1. РАЗРАБОТАН:
АО «КазНИИСАª, ТОО «Астана Строй Консалтингª
2. ПРЕДСТАВЛЕН:
Управлением технического регулирования и нормирования
Комитета по делам строительства, жилищно-коммунального
хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства
национальной экономики Республики Казахстан
3. УТВЕРЖДЕН
Приказом Комитета по делам строительства, жилищно-
И ВВЕДЕН В
коммунального хозяйства и управления земельными
ДЕЙСТВИЕ:
ресурсами
Министерства
Национальной
экономики
Республики Казахстан от 29.12.2014 № 156-НҚ с 1 июля 2015
года
Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично
воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения
Уполномоченного государственного органа по делам архитектуры, градостроительства и
строительства Республики Казахстан.
Текст документа откорректирован в соответствии с поручением Комитета по делам
строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства национальной экономики
Республики Казахстан
(письмо
№ 38-02-5-1542 от 7 ноября
2016 года) по технической и
лингвистической проверке.
Внесены изменения и дополнения в соответствии с приказом Комитета по делам
строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и
инфраструктурного развития Республики Казахстан от 1 апреля 2019 года №46-НҚ.
II
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
IV
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
1
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
1
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
3
4 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3
5 ҚОЛАЙЛЫ ҚҰРЫЛЫС ШЕШІМДЕРІ
4
5.1 Жобалауға арналған шығыс деректер
4
5.1.1 ЖАК жобалауға арналған негізгі шығыс деректер
4
5.1.2 Орнына келтіретін және дәстүрлі емес энергия көздерінде ЖАК жобалауға
арналған қосымша шығыс деректер
9
5.2 Көлемдік-жоспарлық шешімдер
11
5.3 Негізгі және қосалқы жабдықтар мен жылугидравликалық схемалар
13
5.4 Су дайындау және су-химиялық тәртіп
18
5.5 Отынмен жабдықтау
19
5.6 Газбен жабдықтау
20
5.7 Құбыр жолдары және арматура
23
5.7.1 Технологиялық құбыр жолдары
23
5.7.2 Газ құбырлары
25
5.7.3 Сұйық отынның құбыр жолдары
27
5.8 Жылумен оқшаулау
27
5.9 Түтін газдарын жою
28
5.10 Электрмен жарақтандыру және электрмен жабдықтау
28
5.11 Автоматтандыру
30
5.12 Жылыту және желдету
32
5.13 Су құбыры және кәріз жүйесі
32
5.14 Жабдықтың сенімділігі мен жөндеуге жарамдылығын қамтамасыз ету
32
5.15 Монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету
34
5.16 Қызметті бақылауды қамтамасыз ету
35
6 ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ
36
7 ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУ, РЕСУРСТЫ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯЛЫҚ
ТИІМДІЛІКТІ КӨТЕРУ
39
8 ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУДІҢ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУДІҢ
ЕРЕЖЕЛЕРІ
40
8.1 Пайдалануға берудің тәртібі
40
8.2 Қауіпсіз пайдалануға берудің ережелері
42
9 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
45
III
КІРІСПЕ
Осы ережелер жинағы орындалуы қолданыстағы ҚР ҚН 4.02-05-2013 «Қазандық
құрылғыларª белгіленген қазандық құрылғыларына, сонымен қатар когенерация
тәртібінде жүргізілетін қазандықтарға қойылатын міндетті талаптарды сақтауды
қамтамасыз ететін, қайта соғылатын және реконструкцияланатын автономдық
қазандықтарды жобалауға қатысты нұсқаулықтардан тұрады.
Қазақстан үшін артықшылықты орнына келтіретін және дәстүрлі емес энергия
көздерінің автономдық көздеріне ерекше назар аударылған.
Осы құжатты нақты ғимараттар мен имараттарды жобалау мен құрылысын салу
кезінде қолдану туралы сұрақтың шешімі жобалау немесе құрылыс салу ұйымының
құзіретіне жатады. Егер осы құжатты қолдану туралы шешім қабылданған болса, онда
оның ішінде белгіленген ережелердің барлығы міндетті болып табылады. Осы құжатта
берілген талаптар мен ережелерді жартылай пайдалануға жол берілмейді.
Осы ережелер жинағында өрт қауіпсіздігіне, қауіпсіз пайдалануға беруге, қоршаған
ортаны қорғауға, энергия-ресурсты үнемдеуге, энергиялық тиімділікті көтеруге, орнына
келтіретін және дәстүрлі емес энергия көздерінің пайдалануға қойылатын талаптар алғаш
рет берілген. Газбен жарақтандыру, монтаждау, баптау мен техникалық қызмет көрсету,
жылумен жарақтандырудың автономдық көздерінің қызметін бақылауды қамтамасыз ету
кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптарға көп көңіл бөлінген.
IV
СП РК 4.02-106-2013*
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУДЫҢ АВТОНОМДЫҚ КӨЗДЕРІ
АВТОНОМНЫЕ ИСТОЧНИКИ ТЕПЛОСНАБЖЕНИЯ
Енгізілген күні - 2015-07-01
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
1.1 Осы ережелер жинағы автоматтандырудың түрлі дәрежесі бар 300 кВт астам
қуытталығы бар жаңа, қайта құрылатын және техникалық қайта жарақталатын жылумен
жабдықтаудың автономдық көздерінің (ЖАҚ) құрылысына, жобалануына таратылады.
1.2 Осы ережелер жинағы бұғатталған үйлер немесе бір пәтерлі үйлерді жылумен
жабдықтауға арналған қазандықтарды орнатуға пәтерлерді жылумен жабдықтау
жүйелеріне таратылмайды.
1.3 Жылумен жабдықтаудың бекітілген кестесі жоқ кезде немесе автономдық
қазандық жобалау нұсқалары кестеде жоқ кезде орнатылған тәртіпте келісілген бар
техникалық-экономикалық негіздемелер негізінде жобалауға рұқсат беріледі.
*2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы Ережелер жинағын қолдану үшін мынадай сілтемелік нормативтік құқықтық
актілер мен нормативтік-техникалық құжаттар қажет:
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
туралыª 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.
«Азаматтық қорғау туралыª 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының
Заңы.
«Энергиялық тиімділікті арттыру мен энергияны үнемдеу туралыª 2012 жылғы
13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 қаулысымен
бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының
қауіпсіздігіне қойылатын талаптарª техникалық регламенті.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2014 жылғы
30 желтоқсандағы № 358 бұйрығымен бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды
пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 90
бұйрығымен бекітілген Техникалық жаңғыртудан кейін электр станцияларының, электр
және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдау қағидалары.
Ресми басылым
1
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы
№ 168 бұйрығымен бекітілген Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық
ауаға гигиеналық нормативтер.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 230 бұйрығымен бекітілген Электр қондырғыларын орнату қағидалары.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 236 бұйрығымен бекітілген
«Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптарª санитариялық қағидалар.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439
бұйрығымен бекітілген
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптарª техникалық
регламенті.
ҚР ҚН 2.02-01-2014 Ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігі.
ҚР ҚН 2.04-02-2011 Шудан қорғау.
ҚР ҚН 4.01-01-2011 Ғимараттар мен имараттардың ішкі су құбыры және кәрізі.
ҚР ҚН 4.02-01-2011 Ауаны жылыту, желдету және кондиционерлеу.
ҚР ҚН 4.02-02-2011 Жабдықтар мен құбыр жолдарын жылумен оқшаулау.
ҚР ҚН 4.02-05-2013 Қазандық құрылғылары.
ҚР ҚН 4.03-01-2011 Газ тарату жүйелері.
ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2009 Сумен жабдықтау. Сыртқы желілері және имараттары.
ҚР ЕЖ 2.02-104-2014 Ғимараттарды, үй-жайлар мен имараттарды автоматтық
түрдегі өрт сигнализациясының жүйесімен, өрт сөндіру және адамдарға өрт туралы
хабарлаудың автоматты түрдегі қондырғыларымен жабдықтау.
ҚР ЕЖ 2.04-01-2017 Құрылыс климатологиясы.
ҚР СТ ISO 50001-2012 Энергоменеджмент жүйелері. Қолдану бойынша талаптар
және басшылық.
МЕМСТ 10704-91 Тік жікті электр дәнекерленген болат құбырлар. Сортамент.
МЕМСТ 10705-80 Электр дәнекерленген болат құбырлар. Техникалық шарттар.
МЕМСТ 14202-69 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың құбырлары. Тану бояуы, ескерту
белгілері мен таңбалау қалқаншалары.
МЕМСТ 15518-87 Пластиналы
(табақты) жылу алмасу аппараттары. Түрлері,
параметрлері және негізгі өлшемдері.
МЕМСТ 20295-85 Магистральдық газ-мұнай құбырларына арналған дәнекерленген
болат құбырлар. Техникалық шарттар.
МЕМСТ 21204-97 Газ өнеркәсіп жанарғылары. Жалпы техникалық талаптар.
МЕМСТ 21563-93 Су жылытатын қазандар. Жалпы техникалық талаптар.
МЕМСТ 8731-74* Ыстық деформацияланған жіксіз болат құбырлар. Техникалық
талаптар.
МЕМСТ 8732-78* Ыстық деформацияланған жіксіз болат құбырлар. Сортамент.
МЕМСТ 9544-2005 Бекіту құбыр арматурасы. Бекітпелердің герметикалығының
(саңылаусыздығының) сыныптары мен нормалары.
2
МЕМСТ 8.563.1-97 Сұйықтың шығынын өлшеу.
ЖОНҚ-86 Кәсіпорын шығарындыларындағы зиянды заттардың атмосфералық
ауадағы концентрациясын есептеу әдістемесі.
ҚЕ 12-529 Газ тарату және газ тұтыну жүйелерінің қауіпсіздік ережелері.
Ескертпе - Осы Ережелер жинағын қолдану кезінде ағымдағы жылдың жағдайы бойынша жыл сайын
құрастырылатын «Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және
құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық және нормативті-техникалық актілер тізбесіª, «Қазақстан
Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың нұсқаулығыª және «Мемлекетаралық
нормативтік құжаттардың нұсқаулығыª ақпараты бойынша сілтемелі құжаттардың әрекет етуін тексеру
орынды. Егер сілтемелік құжат ауыстырылса
(өзгертілсе), онда осы нормативті пайдалану кезінде
ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтемелік құжат ауыстырылмай күші
жойылса, онда оған сілтеме берілген Ережелер осы сілтемеге қатысы жоқ бөлікте қолданылады.
(Өзгерт.ред. - ҚТҮКШІК 01.04.2019 ж. №46-НҚ бұйрық)
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Осы ережелер жинағында тиісті анықтамалары бар келесі терминдер қолданылды:
3.1 ЖАК биомассада: ЖАК биомассадан жаңартылатын отында
(пеллеттер,
брикеттер, генераторлы газ, өсімдік биомассасының қалдықтары.
3.2 Жапсыра салынған ЖАК: ЖАК, негізгі ғимараттың қабырғасына тығыз
жабысып тұратын бір қабырғадан кем емес.
3.3 Жеке тұрған ЖАК: ЖАК, ғимараттар немесе имараттар және ЖАК арасындағы
қажетті қашықтықты сақтай отырып басқа ғимараттардан бөлек бас жоспарда
орналастырылады.
3.4 Жылумен жабдықтаудың автономдық көзі (ЖАК): Бір ғимарат немесе имаратты
жылумен жабдықтау мақсаттары үшін қабылданған параметрлерінің жылу энергиясын
шығаратын технологиялық жабдықтары бар ғимараттар мен имараттар кешені. Қажеттілікке
қарай Техникалық тапсырмаға сәйкес ЖАК ғимараттар немесе имараттардың (әрі қарай
ғимараттар) топтарын жылумен жабдықтауды қамтамасыз ете алады.
3.5 Күн ЖАК: Күн қуатын қолданатын ЖАК.
3.6 Кірістірме
ЖАК: ЖАК, негізгі ғимараттың, қоршау құрылымдарының
шекарасында орналастырылады.
3.7 Шатырлы ЖАК: ЖАК, шатыр жабынының шеңберінде немесе ғимараттың
жоғарғы жағында орналастырылады.
3.8 Энергияның когенерциялық көзі: Тек жылу энергиясы ғана емес, сонымен
қатар электр энергиясына жауап беретін автономдық көз.
4 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
*4.1 Жылумен жабдықтаудың дербес қ көздерін (ЖАК) жобалау кезінде Қазақстан
Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс
қызметі туралыª және «Азаматтық қорғау туралыª Заңдарының талаптарын, Қазақстан
Республикасының
«Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен
3
бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарª Техникалық регламентінің, ҚР ҚН
4.02-05 талаптарын, ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға арналған ережелер мен
тиісті құрылыс нормаларының осы ережелер жинағының ережелеріне сәйкес және ЖАК
жылумен жабдықтауға арналған ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға арналған тиісті
құрылыс нормаларының ережелерін басшылыққа алуы керек (Өзгерт.ред. - ҚТҮКШІК
01.04.2019 ж. №46-НҚ бұйрық).
4.2 ЖАК құрылысы мен жобалануы жылына 10 мың тонна шартты отынға дейін
отынды тұтыну кезінде, отын режимі туралы тиісті тұрғын үй-коммуналды шаруашылық
шешімі тапсырыс берушіде бар кезде жүзеге асырыла алады.
4.3 Өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік ғимараттары үшін жапсырма, кіріктірме
және шатырлы қазандықтарды жобалауға рұқсат беріледі. Көрсетілген мақсаттағы
ғимараттарға жапсыра салынған қазандықтар үшін, орнатылған қазандықтардың жалпы
жылу қуаттылығы, әр қазандықтың жеке дара өнімділігі мен жылу тасушы параметрлері
нормаланбайды. Сонымен бірге қазандықтар қашықтығы тігінен жақын жердегі ойыққа
дейін қазан жабынынан 8 м кем емес, көлденеңнен 2 м кем емес болуы тиіс.
4.4 ЖАК қуаттылығын таңдау мен жылуды жіберуді реттеу кестелерін жылумен
жабдықтаудың ең жоғарғы энергетикалық тиімділікті қамтамасыз етуге негізделе отырып
жүзеге асыру керек. Жобалауды Тапсырыс берушімен келісілген тиісті техникалық-
экономикалық негіздемелер (ТЭН) негізінде орындау керек. ТЭН әзірлеу кезінде және
жылумен жабдықтау көзін таңдаған уақытта экологиялық жабдық, коммуникациялар
қанықтылығын, жылу тұтынушылардың тығыздығын ескерген дұрыс.
*4.5 Өнеркәсіптік және өндірістік ғимараттарды жылумен жабдықтауға арналған
жеке тұрған, жапсыра салынған және шатырлы ЖАК үшін, орнатылатын қазандықтардың
жалпы жылу қуаты, әр қазанның жеке дара өнімділігі мен жылу тасымалдағыштың
параметрлері нормаланбайды. Көрсетілген мақсаттағы ғимараттарға салынған ЖАК үшін,
0,17 МПа (1,7 кгс/см2) дейін бу қысымы бар және 115°С дейін температуралы қазандарды
қолдану кезінде қазандықтардың жылу қуаты нормаланбайды, ал қысымы 0,17 МПа астам
қазандықтарды қолданған кезде - «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану
кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелерінеª сәйкес орындалуы керек
(Өзгерт.ред. - ҚТҮКШІК 01.04.2019 ж. №46-НҚ бұйрық).
5 ҚОЛАЙЛЫ ҚҰРЫЛЫС ШЕШІМДЕРІ
5.1 Жобалауға арналған шығыс деректер
5.1.1 ЖАК жобалауға арналған негізгі шығыс деректер
5.1.1.1 Бастапқы деректер ретінде тапсырыс берушілер келесі құжаттарды ұсынуы
тиіс болды:
а) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті атқарушы органмен
берілген ЖАК құрылысына немесе реконструкцияласына арналған техникалық шарттары;
б) Тапсырыс берушімен мақұлданған ЖАК жобалаудың техникалық тапсырмалары,
жобалау тапсырмасымен бірге, тапсырыс беруші жобалық ұйымға Қазақстан
4
Республикасының қолданыстағы заңнамасымен талап етілетін бастапқы жобалау
материалдарын беруге тиіс.
в) жылу тасушыларының қажетті параметрлері мен жылумен жабдықтау
жүйелерінің ЖАК қосылатын гидравликалық ерекшеліктері мен жылуды тұтыну
режимдері;
г) энергияны тасушыны жеткізу көлемін алдын ала келістіру, сондай-ақ инженерлік
қамтамасыз етуге Техникалық шарттар (сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау,
байланыс және диспетчерлік байланыс);
д) құрылыс учаскесіндегі зиянды заттардың фонды концентрациясы туралы
деректер;
е) жылына 10 мың тоннаға дейін шартты отынға дейін отынды пайдалану бойынша
отын режимі туралы тиісті тұрғын үй-коммуналды шаруашылық шешімі.
5.1.1.2 ЖАК есептік өнімділігі технологиялық мақсаттарға жылу жүктемелері, ыстық
сумен жабдықтауды жобалау бойынша құрылыс нормалары және ережелерге сәйкес
анықталатын ыстық сумен жабдықтауға орташа жылу жүктемесі, (ең жоғарғы жылу
жүктемесі) есептік режимі кезінде ауаны салқындату, желдету мен жылытуға жылудың
шығын сомасымен анықталады. Көзінің есептік өнімділігін анықтау кезінде (қажеттілігіне
қарай) оның өз қажеттілігіне жылудың шығыны ескерілуі керек. Ыстық сумен
жабдықтаудың жабдығын таңдау ыстық сумен жабдықтауға ең жоғарғы сағаттық
жүктемесі негізінде жүзеге асырылады.
5.1.1.3 ЖАК жылу қуаттылығы тұрғын үйлер, әкімшілік және тұрмыстық
ғимараттар, корпустарды жылумен жабдықтау үшін ғимараттар топтары немесе
ғимараттың жылу жүктемесімен анықталады. Сонымен бірге тұрғын үйлер үшін шатырлы
ЖАК жылу қуаттылығы 5 МВт аспауы керек; ЖАК жобалау орнатылған тәртіпте
келісілген арнайы әзірленген Техникалық шарттар бойынша жүзеге асырылады.
Көрсетілген ЖАК 115 °С дейін су қыздыру температурасымен су қыздыру қазандары
қолданылуы керек, ал технологиялық тұтынушылар болған кезде немесе техникалық
экономикалық мақсаттылығы кезінде (әр қазандыққа):
(t - 100) V
100
(1),
мұнда: t - жұмыс қысымы кезінде қаныққан бу температурасы, °С;
V - қазанның суқысымы, м3 осы талаптарды қанағаттандыратын 0,17 МПа қаныққан
бу қысымымен бу қазандарын қолдану қажет.
Сонымен бірге жер төледе орналасқан қазандықтарда, 450 °С төмен жарқылдау
температурасымен суйық отында немесе газ тәріздес отында жұмысқа арналған
қазандарды қарастыруға рұқсат берілмейді.
5.1.1.4 Қазандық жабдықтарын таңдау мен есептеу үшін жылу жүктемелері үш
режим үшін белгіленуі тиіс.
а) ең жоғарғы - ең суық бескүндікте сыртқы ауа температурасы;
б) орташа - ең суық айда сыртқы ауаның орташа температурасы кезінде;
в) жазғы.
сәйкес қабылданады (Өзгерт.ред. - ҚТҮКШІК 01.04.2019 ж. №46-НҚ бұйрық).
5
5.1.1.5 Кезекші жылытылуы бар немесе жылыту жұмысы жүйесінде үзілістер
қарастырылатын ғимараттар мен имараттарды жылумен жабдықтау үшін ауыспалы
жүктемелермен қазандық жабдығының жұмысы мүмкіндігін қарастыру керек.
5.1.1.6 Қазандықтың есептік өнімділігі орташа режим кезінде технологиялық
мақсаттар мен ыстық сумен жабдықтауға желдету және жылытуға жылудың шығыны
сомасымен анықталады (ең жоғарғы жылу жүктемелері). Қазандықтың есептік өнімділігін
анықтау үшін өз қажеттіліктеріне қазанның шығындары, ішіндегі жылуын қоса алғанда
есептеледі.
5.1.1.7 Жылытуға ең жоғарғы жылу жүктемелері
, желдету
және ыстық
сумен жабдықтауға орташа жылу жүктемелері
тұрғын үйлер, қоғамдық және
әкімшілік ғимараттардың шығынын тиісті жобалар бойынша қабылдау қажет.
5.1.1.8 Технологиялық үдерістерге орташа жылу жүктемелері мен қайтарылатын
конденсаттың мөлшерін өнеркәсіп кәсіпорындарының жобалары бойынша қабылдау
керек.
Кәсіпорын үшін жиынтық жылу жүктемелерін анықтау кезінде жеке тұтынушылар
бойынша технологиялық үдерістерге жылу жүктемелерінің ең жоғарғыларының сәйкес
келмеуін ескеру керек.
5.1.1.9 Ыстық сумен жабдықтауға орташа жылу жүктемелерін Qhm қолданыстағы
нормативті құжатқа сәйкес ыстық судың шығыны нормалары бойынша анықтау керек.
5.1.1.10 Жобалар жоқ кезде жылыту, желдету мен ыстық сумен жабдықтауға жылу
жүктемелерін анықтайды:
а) кәсіпорындар үшін - орнатылған тәртіпте бекітілген ірілетілген ведомстволық
нормалар бойынша, немесе ұқсас кәсіпорын жобалары бойынша;
б) тұрғын үйлер және қоғамдық ғимараттар үшін - формулалар бойынша:
1) тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарды жылытуға жылудың ең жоғарғы
шығыны, Вт:
(
)
(2)
мұнда
- жалпы ауданы 1 м2 ғимаратты жылыту мен желдетуге кететін жылудың
ең жоғарғы шығынының ірілетілген көрсеткіші, Вт/м2;
А - ғимараттың жалпы ауданы, м2;
- қоғамдық ғимаратты жылытуға жылу шығынының үлесін ескеретін коэффициент,
деректер жоқ кезде 0,25 тең етіп қабылдау керек;
2) қоғамдық ғимараттарды желдетуге жылудың ең жоғарғы шығыны, Вт:
(3)
мұнда
- қоғамдық ғимаратты желдетуге жылу шығынының үлесін ескеретін
коэффициент, деректер жоқ кезде 1985 жылға дейін салынған қоғамдық ғимараттар үшін:
- 0,4 тең етіп , 1985 жылдан кейін салынған үшін , - 0,6 тең етіп алу керек.
*3) тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды ыстық сумен жабдықтауға арналған
жылудың орташа шығыны, Вт:
6
(
)
(
െ
)
ܿ
(4)
немесе
(5)
1-кесте - Ыстық сумен жабдықтауға жылудың орташа шығынының ірілетілген
көрсеткіштері qn
Ыстық сумен
Ғимаратта тұратын бір адамға шаққанда жылудың орташа
жабдықталатын ғимаратта
шығыны, Вт/м
тұратын 1 адамға шаққанда
тәулігіне ыстық сумен
Ыстық
Қоғамдық
Қоғамдық
жабдықтауға 55 °С
сумен
ғимараттарда
ғимараттарда тұтыну
температура кезіндегі су
жабдықтау
тұтыну есебімен
есебімен ыстық
шығыны нормасы, жылыту
мен
ыстық сумен
сумен жабдықтаусыз
кезеңіне орташа , л
жабдықтаумен
85
247
320
73
90
259
332
73
105
305
376
73
115
334
407
73
мұнда 1,2 - ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің құбырларынан жайларға жылу
берілісін ескеретін коэффициент (ванна бөлмесін жылыту, киімді кептіру);
m - адам саны;
тұрғын үйлер үшін 55°С температурасы кезіндегі су шығыны нормасы, л;
b - сонымен қатар, қоғамдық ғимараттар үшін (деректер болмаған жағдайда бір
адамға тәулігіне 25 л тең қабылданады);
- жылыту кезеңіне суық су температурасы (су өткізгіш), деректер жоқ кезде 5°С
тең етіп қабылданады;
с - 4,187 кДж/(кг×°С) тең қабылданатын судың меншікті жылу сыйымдылығы;
- бір адамға Вт/сағ., ыстық сумен жабдықтауға жылудың орташа шығынының
ірілетілген көрсеткіші, осы Ережелер жинағының
1-кестесі бойынша қабылданады
(Өзгерт.ред. - ҚТҮКШІК 01.04.2019 ж. №46-НҚ бұйрық).
4) тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарда ыстық сумен жабдықтауға жылудың ең
жоғарғы шығыны, Вт:
(6)
5) жылытуға жылудың орташа шығыны, Вт, мына формуламен анықтау керек:
௧ି௧
,
(7)
௧ି௧
7
мұнда
- өндірістік ғимараттар үшін
-
16 °С, тұрғын үйлер мен қоғамдық
ғимараттар үшін - 18 °С тең етіп қабылданатын жылытылатын ғимараттардың ішкі
ауасының орташа температурасы;
- 8 °С және одан аз ауаның орташа тәуліктік температурасымен кезең ішіне сыртқы
ауаның орташа температурасы (жылыту кезеңіне);
- жылытуды жобалау үшін сыртқы ауаның есептік температурасы, °С.
6) желдетуге кететін жылудың орташа шығыны , Вт:
௧ି௧
,
(8)
௧ି௧
7) тұрғын үй ғимараттары үшін жаз мезгіліндегі ыстық сумен жабдықтауға орташа
жүктеме, Вт:
ହହି௧
,
(9)
ହହି௧
мұнда
- жаз мезгіліндегі суық (су құбыры) су температурасы, деректер жоқ кезде
15°С тең етіп қабылданады);
- жылыту кезеңінде суық (су құбыры) су температурасы, деректер жоқ кезде
5°С тең
етіп қабылданады);
b - жылыту кезеңіне қатысты жазғы мезгілде ыстық сумен жабдықтауға кететін орташа су
шығынын өзгертуді ескеретін коэффициент, тұрғын үйлер үшін деректер жоқ кезде
0,8
тең етіп (оңтүстік қалалар мен шипажайлар үшінb = 1,5), кәсіпорындар үшін - 1,0 тең етіп
қабылданады.
*8) тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардан жылудың жылдық шығыны:
- жылытуға, кДж:
݊
(10)
қоғамдық ғимараттарды желдетуге, кДж:
݊
(11)
- ыстық сумен жабдықтауға, кДж:
(݊
െ݊ )
(12)
мұнда ݊
тәуліктік температурасы 8 °С және одан төмен кезеңге сәйкес келетін тәуліктік жылыту
кезеңінің ұзақтығы;
݊
- ыстық сумен жабдықтау жүйесі жұмысының бір жылдағы тәуліктік есептік
саны (деректер болмаған жағдайда 350 тәулік деп қабылдау керек);
z - бір тәулік ішінде қоғамдық ғимараттарды желдету жүйесінің жылыту кезеңіне
жұмыс сағаттарының орташа саны (деректер болмаған жағдайда 16 сағатқа тең деп
қабылдау керек) (Өзгерт.ред. - ҚТҮКШІК 01.04.2019 ж. №46-НҚ бұйрық).
5.1.1.11 Кәсіпорындармен жылудың жылдық шығыны кәсіпорынның жылуды
тұтынудың тәуліктік және жылдық режимдері есебімен тәулігіне жұмыс ауысымы
санымен, бар кәсіпорындар үшін жылудың жылдық шығындарын есептік деректер
бойынша анықтау керек.
5.1.1.12 Жылытуға ең жоғарғы жылу жүктемелері
, желдетуге және ауаны
8
салқындатуға
және ыстық сумен жабдықтауға орташа жылу жүктемелері
тұрғын үйлер, қоғамдық және өндірістік ғимараттар үшін тиісті аймақ үшін жылу
қорғанысы мен энергияны тұтыну бойынша нормативтер талаптарының есебімен
орындалған жобаның тиісті тараулары бойынша қабылдау керек.
Жылу жүктемелерінің шамасы ЖАК жобалау үшін технологиялық мақсаттарға бас
жобалау ұйымы деректері бойынша анықталуы керек.
Жоба жоқ кезде ең жоғарғы-сағаттық жүктемелерді ірілетілген есептерге сәйкес
қабылдау керек.
5.1.2 Орнына келтіретін және дәстүрлі емес энергия көздерінде ЖАК жобалауға
арналған қосымша шығыс деректер
5.1.2.1 Жалпы ережелер
Бар ЖАК реконструкциялау бойынша
(энергияның жаңартылатын көздеріне
дәстүрлі отыннан бар қазандықтарды ауыстыру) жұмыстарды орындау немесе энергияның
жаңартылатын көздерінде жылумен жабдықтау жаңа автономдық көздерінің құрылысы
мен жобалау бойынша жұмыстарды орындау кезінде берілген жұмыстарды техникалық-
экономикалық негіздемені орындау керек.
Ескертпелер
1 Қазақстан Республикасы үшін жаңартылатын энергияның анағұрлым оңтайлы және ұсынылған
ресурстары күн энергиясы мен (қатты, сұйық биоотын, биогаз, генераторлы газ) биомасса энергиясы.
2 Сондай-ақ Тұрмыстық қалдық энергиясы, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың лақтыру жылуы,
орталық жылу желісінің кері магистралі жылу сияқты, қайталама энергиялық ресурстарды қолдану
келешекті болып табылады.
5.1.2.2 ЖАК қатты биомассасында
5.1.2.2.1 Қозғалмалы, сатылы немесе иілетін желтартқыш торда, сондай-ақ қайнап
жатқан қабатта отынды жандыру технологиясын қолданумен қазандықтар ұсынылады.
5.1.2.2.2 500 кВт-дан 3000 кВт-ға дейін қайнатылып жатқан қабатында, 100 кВт-дан
1000 кВт-ға дейін жылжымайтын қабатпен қазандық қондырғылардың ұсынылатын жеке-
дара қуаттылығы.
5.1.2.2.3 Механикалық және өрт қауіпсіздігі бойынша талаптар - осы Ережелер
жинағының 6 және 7 тарауларын қараңыз.
5.1.2.3 ЖАК биогазда
5.1.2.3.1 Табиғи газда қазандықтарға қойылатын талаптарға ұқсас биогазда ЖАК-қа
механикалық және өрт қауіпсіздігі бойынша талаптар - осы Ережелер жинағының 6 және
7 тарауларын қараңыз.
Ескертпелер
1 Тұрмыстық қалдықтар мен агроөнеркәсіптік кешен қалдықтарынан анаэробты ашытылуының
арнайы технологиялар бойынша алынатын биогаз метан, көміртек екі тотығы, көміртек және күкіртті
9
сутектің шамалы қоспаларынан тұрады. Биогаз шағын ЖЭЦ және қазандықтар үшін қолданыла алады және
жаңартылатын энергия көздеріне жатқызылады.
2 Жанарғы алмастыру жолымен биогазға ауыстыруға болатын табиғи газдағы қазандықтар.
5.1.2.3.2 Шикізаттың анаэробты ашытылуы болатын биогазды сақтауға арналған
ыдыс ретінде метатенка қызмет атқарады.
5.1.2.3.3 Метатенкалар ыдысы техникалық-экономикалық негіздемелерге есептеледі,
бірақ отын бойынша бескүндік қорды қамтамасыз етуі керек.
5.1.2.3.4 Биогаздағы когенерацияланған энергия көзі жағдайында - шағын ТЭЦ газ
поршеньді машина негізінде, газды дайындау бойынша ерекше талаптарды орындауы
тиіс.
Ескертпе - Газды дайындау астарында газ поршеньді машиналар ерекшеліктерінде ұсынылатын
белгілі бір дәрежеге дейін құрғату мен тазалау түсініледі
5.1.2.4 ЖАК абсорбциялық жылу сорғылар негізінде
Абсорбциялық жылу сорғылары (АБЖН) ұсынылатын жеке дара жылу қуаттылығы
100 кВт ден 7500 кВт дейін.
Ескертпелер
1 АБТН қағидасы қосымша жоғары әлеуетті жылуды (ЖӘЖ) қолдана отырып, қыздырылатын ағынға
төмен әлеуетті энергияның (ТӘЭ) көзінен жылу қуаттылығын аыстыруда. ЖӘЖ Көзі базалық немесе балама
отын бола алады, оның шығыны 40-50 пайызға жылудың барабар мөлшерін генерациялайтын дәстүрлі
қазанмен салыстырғанда азырақ болады .
2 Төмен әлеуетті жылу көзі ретінде орталықтан жылумен жабдықтау жүйесінің кері магистралінің
жылуы қолданылатын, ал ыстық көзі ретінде - аймақ немесе берілген жүйе үшін тән болып келетін базалық
немесе балама жаңартылатын отын болып табылатын абсорбциялық жылу сорғыларындағы қазандар
біршама тиімді болып табылады. Бұл жағдайда, кері магистральдағы судың темперературасы төмендейді
және ТЭЦ жылу сынамаларына жүктеме артады осылайша ТЭЦ пайдалы әсер коэффициентін арттырады.
5.1.2.5 ЖАК күн энергиясында
5.1.2.5.1 Ағынды басқару мен мониторинг жүйесі, вентқалдықтар мен ағынның
лақтыру жылуын оңтайлы тұтыну мен аккумуляция, күн энергиясының тиімді
абсорбциясын қолданумен күн энергиясындағы ЖАК жобалауға кешенді көзқарасты
қолдану Қазақстанның кез келген аймағында жыл бойы күннің есебінен ГВС пен жылу
жүктемесін экономикалық тиімді жабуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ескертпелер
1 Күн энергиясы жаңаратын энергияның басым көздерінің бірі болып табылады.
2 Күн энергиясында ЖАК тиімді қолдану пайдалы жылу және электр энергиясына күн көзінің
энергиясын түрлендіретін технология деңгейіне байланысты болады.
Бұл шараларға келесілер арқылы қол жеткізіледі:
- коллектордың жоғары кпд;
- жүйенің жылдам старты;
10
- температура ауытқуының тұрақтылығы;
- төмен температуралар кезіндегі тиімді жұмыс;
- елеулі кезең ішінде жылуды сақтау мен энергияның аумақты мөлшерін
аккумулциялау;
- тиімді жылу алмасу;
- жылу инерциясының жоқтығы;
- қысымның ауытқуларының төзімділігі;
- ұзақ мерзімділік;
- беріктілік;
- барлық жүйенің энергиялық тиімділігі;
- агрессивті орталарға төзімділік.
5.1.2.5.2 Күн энергиясындағы жобаланатын ЖАК -тың келесі ерекшеліктері болуы
керек:
- автоматты режимде жұмыстың тұрақтылығы;
- қашықтықтан басқару;
- қыздырылатын объектіде ылғалдылық пен тұрақты температураны ұстау;
- жүйе жұмысының шусыздығы;
- жарылыс және өрт қауіпсіздігі;
- қысқы немесе жазғы режимде ауысу мүмкіндігі;
- сервистік қызметті барынша төмендету.
5.1.2.5.3 Қазіргі заманғы отын элементтері жылу және электр энергиясын алудың өте
тиімді, сенімді, ұзақ мерзімді және экологиялық таза әдісі болып табылады.
Ескертпе - Жылу элементі (электрохимиялық генератор) - қатты, сұйық және газ тәрізді отын
қолданылатын дәстүрлі технологияларға қарағанда, тікелей электрохимиялық реакция процесінде электрлік
химиялық отын энергиясына түрлендіретін құрылғы. Тікелей электрохимиялық отынның түрленуі экология
тұрғысынан да өте тиімді және тартымды, өйткені жұмыс барысында ластаушы заттардың ең аз мөлшері
бөлінеді және шу мен діріл болмайды.
5.2 Көлемдік-жоспарлық шешімдер
5.2.1 Ғимараттың басты қасбетінен жапсырма қазандықтарды орналастыруға жол
берілмейді. Жақын жердегі терезеге дейін қазандық ғимаратының қабырғасынан
қашықтық көлденеңнен 4 м кем емес, ал тігінен қазандық жабынынан жақын жердегі
терезеге дейін 8 м кем емес болуы керек. Мұндай қазандықтарды аралас, ішінде 50
адамнан астам бірмезгілде болатын жайдың үстіне және астына орнатуға болмайды.
5.2.2 Шатырлы, жапсыра салынған және кіріктірме қазандықтарды балалардың
мектепке дейінгі және мектеп мекемелеріне, емдеу емхана копустары мен аурулар тәулік
бойы болатын емханалар, жипажайлардың ұйықтайтын бөлмелері мен демалыс
мекемелері ғимараттарына жобалауға рұқсат берілмейді.
5.2.3
26,5 м белгісінен жоғары кез келген мақсаттағы ғимараттарда шатырлы
қазандықты орнату мүмкіндігі Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің жергілікті
органдарымен келістірілуі керек.
5.2.4 ЖАК сыртқы қоршау құрылымдарының түсі, сырт келбеті мен материалдарын,
11
өзі орналасқан шатырда немесе өзі жапсыра салынатын ғимараттар немесе құрылыс пен
имараттар жанында орналасқан сәулет бейнесін ескере отырып таңдау керек.
5.2.5 Қазандықтың жабдығын жинақтау мен технологиялық кесте былайша
қамтамасыз етілуі керек:
а) технологиялық үдерістердің автоматтандырылуы мен оңтайлы механизацияларын,
қауіпсіз және жабдықтың қолайлы қызмет көрсетуін, коммуникацияның ең аз деген
ұзақтығын;
б) жөндеу жұмыстарын механизациялау үшін оңтайлы шарттар.
Жеке қазандықтардың технологиялық үдерістерінің автоматизациясы тұрақты
қызмет ететін қызметшісіз қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету керек.
Жабдық, арматура мен 50 кг астам салмағы бар құбыр тораптарының жөнделуі үшін
инвентарлы жүк көтергіш құрылғыларын қарастыру керек. Инвентарлы құрылғыларды
қолданумен жабдыққа қызмет көрсету мүмкін болмаған кезде бұл мақсаттарға
стационарлы жүк көтеру механизмдерін қарастыру керек (жүк көтергіш, тельфердер).
Стационарлы жүк көтергіш тек монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде қажет болатын
құрылғылар, жобамен қарастырылмайды.
5.2.6 Автономдық қазандықтарда толық зауыттық дайындық қазандарын қолдану
ұсынылады. Монтаждау орнында түйісетін құбырлар мен жабдықтардың ірі блоктарын
жеткізу мақсатқа лайық болады.
5.2.7 ЖАК-та қызмет көрсететін қызметшінің тұрақты қатысуымен тамақты
қабылдауға орын, киімді сақтауға арналған шкаф, жуғышы бар санузелді қарастыру керек.
В ЖАК қызмет көрсететін қызметшінің тұрақты қатысуынсыз жуғыш пен санузел
қарастырылады.
5.2.8 ЖАК жайының ең төменгі биіктігі таза еден белгісінен бастап шығыңқы
құрылымдар түбіне дейін 2,5 м кем емес болмауы тиіс.
5.2.9 Кіріктірме, жапсырма салынған және шатырлы ЖАК қабырғаларының ішкі
беттері жеңіл тазартылатын ылғалды ұстағыш бояулармен боялуы тиіс.
5.2.10 ЖАК қосалқы жабдық пен қазандарды орналастыру (қазандар мен құрылыс
конструкциялары арасындағы қашықтық, өтетін жол ені), сондай-ақ жабдықтың қызмет
көрсетуі үшін сатылар мен алаңдардың құрылысын қосалқы жабдық пен қазандарды
пайдалану бойынша нұсқаулықтар және паспорттарға сәйкес қаарстыру керек.
Қызмет көрсететін қызметшінің тұрақты қатысуынсыз жұмыс жасайтын
автоматтандырылған ЖАК үшін өтетін жер өлшемі жабдықты пайдалану бойынша
нұсқаулықтар мен паспорттарға сәйкес қабылданады және демонтаждау мен техникалық
қызмет көрсету кезінде еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуі керек.
5.2.11 Автономдық қазандықтардың жабдығы бөгде адамдардың рұқсат етілмеген
кіруі үшін қол жетімсіз жеке жай ішінде орналастырылуы керек.
5.2.12 Габариттері есіктің өлшемінен асатын жабдықты монтаждау үшін, ЖАК-қа
қабырғадағы қақпалар немесе монтаждау ойықтарын қарастыру керек, сонымен бірге
монтаждау ойығының және қақпалардың өлшемі құбырлар блогы немесе анағұрлым ірі
жабдық габаритенін 0,2 м көбірек болуы тиіс.
5.2.13 Кіріктірме және шатырлы ЖАК үшін технологиялық жабдық, статикалық
және динамикалық жүктемелері оны фундаментсіз орнатуға мүмкіндік беретін жабдық
12
қарастырылуы керек.
Сонымен бірге ғимараттың жабынынан шатырлы ЖАК жабдығынан статикалық
және динамикалық жүктемелер қолжетімді діріл деңгейлері мен ғимараттың құрылыс
ғимараттарының тасушы қабілетінен артық болмауы керек.
Жапсыра салынған қазандықтар мен шатырлы қазандықтардың технологиялық
жабдығының салмағы, бірінші қабаттан басқа қазанның жылу қуаттылығынан 1 кВт-ға 1,5
кГс аспауы тиіс.
5.2.14 Автономдық қазандықтарда жөндеу учаскелері қарастырылмайды. Жабдық,
арматура, реттеу және бақылау құралдарының жөндеуін олардың жүк көтергіш
құрылғылары мен базды қолдана отырып, тиісті лицензиясы бар мамандандырылған
ұйымдар жүзеге асыруы керек.
5.2.15 Ғимаратқа жапсыра салынған автономдық қазандықтарды осы ғимараттардан
шығатын жерден 12 м астам емес қашықтықта ғимараттың сыртқы қабырғасы жағынан
орналастыру керек.
5.2.16 Ғимаратқа жапсыра салынған қазандықтардан шығатын жерлерді былайша
қарастыру керек:
а) қазандықтың ұзындығы 12 м және одан аз болғанда - сыртқа коридор немесе саты
торы арқылы шығу;
б) қазандықтың 12 м астам ұзындығы кезінде - ауаның сыртқа өздігінен шығуы.
5.2.17 ЖАК үшін қоршау және сындарлы материалдар, міндетті түрде
сертификаттауға жатқызылады және өрт қауіпсіздігінің сертификаты мен санитариялық-
эпидемиологиялық қорытындысы болуы тиіс.
5.2.18 Жеке тұрған және жапсыра салынған автономдық қазандықтарға қатты
жабыны бар өтпелерді қарастыру керек.
5.2.19 Кіріктірме және жапсыра салынған автономоды қазандықтар үшін өз жылумен
жабдықтауға арналған ғимараттар мен қазандық жайлардан тыс орналасқан сұйық отын
немесе қатты отынды сақтауға жабық қоймаларды қарастыру керек.
5.3 Негізгі және қосалқы жабдықтар мен жылугидравликалық схемалар
5.3.1 ЖАК-та орнатылатын қазандардың жеке дара өнімділігі мен мөлшерін, ҚР ҚН
4.02-05 талаптарына сәйкес таңдау керек. ЖАК-та бір қазанның орнатылуы рұқсат
етілетін екінші санаттың өндірістік ЖАК есептемегенде екі қазаннан кем емес
орнатылуын қарастырылады.
Сонымен бірге, бұл жағдайда өнімділігі бойынша анағұрлым үлкен қазанның істен
шығуы жағдайында қалғандары жылуды келесілерге шығарылуын қамтамасыз етуі керек:
- технологиялық жылумен жабдықтау және желдету жүйелері - ең төменгі рұқсат
етілген жүктемелермен анықталатын мөлшерде
(сыртқы ауаның температураға
байланысты емес);
- жылыту, желдету мен ыстық сумен жабдықтау - анағұрлым суық айда режиммен
анықталатын мөлшерде.
5.3.2 Жабдықтың техникалық ерекшеліктерін әзірлеуші зауыттардың (фирмалардың)
деректері бойынша қабылдау қажет.
13
5.3.3 Негізгі жабдық стандарттарға сәйкес келуі керек, ал міндетті сертификаттауға
жатқызылатындар нормативтік құжаттар талаптарына жауап беруі керек, сәйкестік
сертификаттары болуы керек және қолдануға рұқсаты болуы тиіс.
5.3.4 Қазандықтар құрылымы жеке тораптар мен бөлшектердің тез жөндеуі мен
қызмет көрсетудің қолайлығын қамтамасыз етуі керек.
5.3.5 Автономдық қазандықтарда отын көлемінің жоғары жылу кернеуімен
қазандарды қолдану кезінде қайталама контурдағы желдету мен жылыту жүйелеріне
арналған судың қыздырылуын жүзеге асыру ұсынылады.
5.3.6 Жылыту, желдету мен салқындату жүйелері үшін суды қыздырғыш өнімділігі
жылыту, желдету мен салқындатуға жылудың ең жоғарғы шығындары бойынша
анықталуы керек. Қыздырғыш саны екеуден кем болмауы тиіс. Сонымен бірге олардың
беруі істен шыққан кезде қалғандары ең суық айдың режимінде жылудың жіберілуін
қамтамасыз етуі керек.
Жылыту, желдету мен салқындату жүйелері үшін, жылу берілуде үзілістерге рұқсат
берілмейтіндері үшін, резервті жылыту қондырғысын қарастыру керек.
5.3.7 Ыстық сумен жабдықтау жүйелері үшін суды қыздырғыш өнімділігі ыстық
сумен жабдықтауға жылудың ең жоғарғы шығыны бойынша анықталуы керек.
Қыздырғыш саны екеуден аз болмауы тиіс. Сонымен бірге олардың әрқайсысы жылудың
орташа шығыны режимінде ыстық сумен жабдықтауға жылуды жіберуге есептелуі керек.
5.3.8 Технологиялық қондырғылар үшін қыздырғыштардың өнімділігі түрлі
технологиялық тұтынушылармен жылуды тұтынудың біруақыттылығы коэффициентінің
есебімен технологиялық қажеттіліктерге жылудың ең жоғарғы шығыны бойынша
анықталуы керек. Қыздырғыштар саны екеуден кем болмауы тиіс. Сонымен бірге олардың
біреуі істен шыққан кезде қалғандары жылу берілісінің үзілістеріне жол бермейтін,
технологиялық тұтынушыларға жылудың жіберілуін қамтамасыз етуі керек.
5.3.9 Автономдық қазандықтарда қазіргі заманға сай құрылымы бар су-бу табақты
қыздырғыштарды көбіне пайдаланады.
5.3.10 Ыстық сумен жабдықтау жүйелері үшін ыстық судың бак-аккумуляторлары
ретінде қолдана отырып сыйымдылық суды қыздырғыштарды қолдануға рұқсат беріледі.
5.3.11 Су-бу қыздырғыштар үшін ағынға қарсы ағынды тасушы кестелерін қолдану
керек.
Көлденең секциялық қаптамалы құбырлы суды қыздырғыштар үшін қазандардан
ысытылатын су түсуі керек:
- жылытудың суды қыздырғыш жүйесі үшін - түтіктерге;
- ыстық сумен жабдықтау жүйесінің суды қыздырғыштары үшін
- құбыр
арасындағы кеңістікке.
Табақты жылу алмастырғыштар үшін қыздырылатын су бірінші және екінші
табақтың бойымен өтуі тиіс.
Бу су қыздырғыштар үшін құбыр аралық кеңістікке бу келіп түсуі керек.
5.3.12 Ыстық сумен жабдықтау жүйелері үшін көлденең секциялық қаптамалы
құбырлы суды қыздырғыштар тот баспайтын болат немесе жезден жасалған құбырларды
қолданылуы керек, ал сыйымдылықты
- тот баспайтын болат немесе жезден
иректүтіктермен. Табақты жылу алмастырғыштар үшін МЕМСТ 15518-87* бойынша тот
14
баспайтын болаттан табақтар қолданылуы керек.
5.3.13 Әр су булы қыздырғыш «Қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз
пайдалану мен құрылғы ережелеріª талаптарына сәйкес қарастырылатын сақтандырғыш
қақпақтары мен суды жіберу және ауаны шығару үшін бекіткіш арматурамен
штуцерлерімен, конденсатты бұру үшін құю реттегіші немесе конденсатты бұрғышпен
жабдықталған болуы керек.
5.3.14 Сыйымдылықты су қыздырғыштар қыздырылатын орта тарапынан
орнатылатын сақтандырғыш қақпақтарымен, сондай-ақ әуе мен жіберу құрылғыларымен
жабдықталуы керек.
5.3.15 Сорғыларды, әдетте фундаментсіз қылып қабылдаған дұрыс.
5.3.16 Автономдық қазандықтарда сорғылардың келесі топтарын орнату керек.
Екі контурлы кесте кезінде:
- ыстық сумен жабдықтау, желдету, жылыту қыздырғыштарына қазандардан су беру
үшін бастапқы контур сорғылары;
- жылыту жүйлеренің желілік сорғылары (қайталам контур сорғылары);
- ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің желілік сорғылары;
- ыстық сумен жабдықтаудың циркуляциялық сорғылары.
Бір контурлы кесте кезінде:
- ыстық сумен жабдықтау, желдету, жылыту жүйелерінің желілік сорғылары;
- рециркуляциялық сумен жабдықтау сорғылары.
5.3.17 Сорғыларды таңдау кезінде келесілерді қабылдау керек:
- бірінші контурдың сорғыларын беру, м3/сағ:
,
(13)
ܩௗ
(௧ ି௧మ)
мұнда ܩௗ - қазандардан ысытылатын судың есептік ең жоғарғы шығыны;
- қазандықтан шығатын жолдағы ысытылатын су температурасы, °С;
- қазанға кіретін жолдағы кері су температурасы, °С;
- бірінші контур сорғыларының арыны 20 - 30 кПа-ға қазан мен қыздырғышта
қыздырғышқа дейін қазандардан құбырдағы қысым шығын сомасынан көбірек;
- қайталама контур сорғыларын беру, м3/сағ:
ܩ
,
(14)
(௧ ି௧మ)
мұнда ܩ - жылыту мен желдетуге судың есептік ең жоғарғы шығыны;
- жылытуды жобалау үшін сыртқы ауаның есептік температурасы кезінде жылыту
жүйесінің құбырында берілетін су температурасы, °С;
- жылыту жүйесінің кері құбырындағы су температурасы, °С;
- қайталама контур сорғылардың арыны жылыту жүйелеріндегі қысымның шығыны
20 - 30 кПа көбірек;
- ыстық сумен жабдықтаудағы желілік сорғыларын беру, м3/сағ:
15
,
(15)
ܩௗ
(௧ ି௧మ)
- ыстық сумен жабдықтаудың желілік сорғының арыны қазан мен қыздырғышта,
ыстық сумен жабдықтау қыздырғыштарға дейін қазаннан құбырдағы қысымның шығын
сомасы 20 - 30 кПа көбірек;
- ыстық сумен жабдықтауға есептік су шығынының 10% мөлшеріндегі ыстық сумен
жабдықтау циркуляциялық сорғының берілуі:
ܩ௭
ܩ
,
(16)
мұнда ܩ
- ыстық сумен жабдықтауға судың ең жоғарғы сағаттық шығыны,
м3/сағ, мына формуламен есептеледі:
ܩ
(17)
(௧
ି௧ మ)
мұнда
- ыстық судың температурасы, °С;
- суық судың температурасы, °С.
5.3.18 Автономдық қазандарда кему жоқ кезде жылыту жүйелерін сіңіру мен оны
қыздыру кезінде жүйеде судың артығын қабылдау үшін диафрагмалық түрдегі
кеңейтілетін бактарды қарастыру керек:
- желдету мен жылыту жүйелері үшін;
- қазан жүйелері (бастапқы контур).
5.3.19 Резервті ретінде қолданылатын жабдық, негізделген жағдайларда қоймада
сақтауға рұқсат беріледі.
5.3.20 ЖАК жылу гидравликалық кестесін әзірлеу, есептеу және таңдау жылумен
жабдықтау жүйесі мен жылытудың қайнар көзінің ең жоғарғы энергетикалық тиімділікке
қол жеткізу есебімен жүзеге асырылуы керек.
Жүйенің энергетикалық тиімділігінің коэффициентін мына формуламен анықтау
керек:
,
(18)
мұнда η0 - жылумен жабдықтаудың энергетикалық тиімділігінің коэффициенті;
- желдету мен жылыту жүйелерінің жылуды тұтынатын жабдығының есептік пайдалы
әсер коэффициенті;
- тұтынушының жылуды тұтынуды реттеу тиімділігінің коэффициентінің шамасын
қабылдау керек:
- шығаралатын жылу мөлшері тұтынылатын жылудың мөлшеріне сәйкес келген
кездегі жеке араластырумен ғимаратты желдету мен жылыту жүйелері кезінде,
=1;
- ғимаратты жылытудың жалпымен қабылданған жүйелері кезінде
=0,9.
- жылу пункттерінде орнатылатын жабдықтың пайдалы әсер коэффициенті;
- жылу пунктінде трансформацияланатын жылудың тиімділігін реттеу коэффициенті
және түрлі жүйелер арасында оны тарату
(жылыту, желдету, салқындату, сумен
жабдықтау);
Оның шамасын келесідей қабылдау керек:
16
- жылуды жіберуді санды-сапалы реттеу кезінде
=0,98;
- элеваторлы тораптарды қолдану кезінде
=0,9.
- жылу желілеріндегі жылу шығынының есептік коэффициенті; құбыр желісінің
диаметрінің ұзындығына, жылуоқшаулау типіне, төсеу тәсіліне қарай есептеу жолымен
анықталады;
- жылу желілеріндегі жылу гидравликалық режимдерді реттеу тиімділігінің
коэффициенті;
Оның шамасын келесідей қабылдау керек:
- қайнар көздегі жылуды жіберуді сапалы реттеу кезінде ε3=0,9;
- қайнар көзіндегі жылуды жіберуді сандық реттеу кезінде ε3=0,98.
- ЖАК жабдығының пайдалы әсер коэффициенті, оның шамасы жабдықтың паспортты
деректері бойынша қабылданады;
- ЖАК жылуды жіберуді реттеу тиімділігінің коэффициенті;
Оның шамасы былай қабылданады:
- жылуды жіберудің сапалы реттеуі кезінде
=0,9;
- жылуды жіберудің санды-сапалы реттеу кезінде
=0,98.
5.3.21 ЖАК энергетикалық тиімділігінің есептік коэффициенті (шатырлы, кіріктірме
немесе жапсыра салынған), бір ғана ғимаратты жылумен жабдықтауға арналады, келесі
формуламен анықталады:
,
(19)
5.3.22 ЖАК-ғы жылумен жабдықтау жүйесінің энергетикалық тиімділігінің ең
жоғарғы мәніне қол жеткізу үшін, әдетте ауыспалы гидравликалық режим мен берілетін
құбырдағы тұрақты температура кезінде жылудың жіберілуін мөлшерлік реттеу кестесін
қабылдау керек, ал ИТП-ыстық сумен жабдықтау, салқындату, желдету, жылытудың
жүйелерімен жылуды тұтынуды сандлы-сапалық реттеу кестесін қабылдайды. Мөлшерлік
және санды-сапалы реттеуді қамтамасыз ету үшін циркуляциялық және реттейтін электр
жетегі бар араластыру сорғыларын қолдану керек.
5.3.23 Жылу кестесімен ғимараттың жылу пунктімен сыйыстыру қарастырылатын
ЖАК жобалау кезінде, әдетте тәуелді және тәуелсіз қосылуда біркелкі жылу
тасушысының түрлі параметрлерімен
(жылыту, желдету және ауаны салқындату,
технологиялық жылумен жабдықтау және ыстық сумен жабдықтау) жүйелерге арналған
бөлек контурларды қарастыру керек.
5.3.24 Ғимараттар тобын жылумен жабдықтау үшін ЖАК жобалау үшін жылыту,
желдету, салқындату, технологиялық жылумен жабдықтау және ыстық сумен
жабдықтауға жылуды тарату әдетте осы ғимараттардың ИТП жүзеге асырылуы керек.
Сонымен бірге көздің жылу кестесімен жүйенің ең жоғарғы энергетикалық тиімділік пен
екі құбырлы жылу желілеріне ауаны жылыту, желдету мен салқындату жжүйелерін
тәуелді және тәуелсіз қосу кезінде жылу және гидравликалық режимдері қамтамасыз
етілуі керек.
17
5.4 Су дайындау және су-химиялық тәртіп
5.4.1 ЖАК су-химиялық тәртібі ҚР ҚН 4.02-05 талаптарына сәйкес қазандардың,
жылы пайдаланушы жабдығының, тотық зақымдануларсыз құбырларының және
қазандардың, жылы тұтынатын жүйелер мен қондырғылардың ішкі беттерінде қаспақтар
мен шлам шөгінділерсіз жұмысын қамтамасыз ету қажет.
5.4.2 Суды өңдеу технологиясын жұғымды және қазандық су, жылумен жабдықтау
және ыстық сумен жабдықтау жүйелері үшін су сапасына, бастапқы су сапасына және су
бұру ағынды сулар сапасына және мөлшеріне қойылатын талаптарына қарай таңдау
қажет.
5.4.3 Ыстық сумен жабдықтау жүйесі үшін су сапасы МЕМСТ 21563 талаптарына
жауап беруі тиіс.
5.4.4 Судайындықтың барлық жүйелері (материалдары мен реагенттер) суық және
ыстық шаруашылық-ішетін сумен жабдықтау жүйелерінде пайдалану мүмкіндігі туралы
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болуы қажет.
5.4.5 0,07 МПа жоғары бу қысымымен табиғи және мәжбүрлі айналмамен бу
қазандықтарының ішетін су сапасын «Бу және су қайнататын қазандарды жайластыру мен
қауіпсіздік пайдалану ережелеріª талаптарына сәйкес қабылдауы қажет.
0,07 МПа кем бу қысымымен табиғи айналмамен бу қазандарының ішетін су сапасы
келесі талаптарына сәйкес келуі тиіс:
жалпы қаттылығы, мг-экв/л £20
ерітілген оттегі болуы, мг/л £50
шрифт бойынша айқындылығы, см ³30
pH мәні (25 °С) 8,5 - 10,5
темір қосындылары болуы
Fe қайта есептегенде, мг/л £0,3
5.4.6 Дербес қазандықтар үшін сумен жабдықтау көздері ретінде шаруашылық-
ішетін су құбырын пайдалану қажет.
5.4.7 Су қайнайтын қазандармен дербес қазандықтарда жылу желілері жоқтығында,
жылу жүйелерін және қазандардың айналма пішіндері химиялық өңделген сумен немесе
конденсатпен алғашқы және апатты толтыруы қамтамасыз етілсе, судайындық
қондырғысын қарастырмауға жол беріледі.
5.4.8 Су қайнайтын қазандармен дербес қазандықтарда жылу желілері жоқтығында,
жылу жүйелерін және қазандардың айналма пішіндері химиялық өңделген сумен немесе
конденсатпен алғашқы және апатты толтыру мүмкін болмаса, жылумен жабдықтау
жүйелерін және жабдықты тоттанудан және қаспақ шөгінділерінен қорғау үшін айналма
пішініне тотық ингибиторларын (комплексондар) мөлшерлеп құю ұсынылады.
5.4.9 Ыстық сумен жабдықтау жүйесі үшін судың магниттік өңдеуін келесі шарттар
орындаған кезде көздеу қажет:
жалпы қаттылық бастапқы
сулы 10 мг-экв/л жоғары
Fe қайта есептегенде темір болуы
0,3 мг/л жоғары емес
18
оттегі болуы ³3 мг/л
хлоридтер мен сульфаттар болуы
мәндерінің сомасы ³50 мг/л.
5.4.10 Электромагнитті аппараттардың жұмыс саңылауындағы магниттік өрістің
қауырттылығы 159×103 А/м аспау қажет.
Электромагнитті аппараттар қолданылуы жағдайында ток күші бойынша магниттік
өрістің қауырттылығын бақылауды көздеу қажет.
5.4.11 Егер дербес қазандықтағы бастапқы су келесі сапа көрсеткіштеріне сәйкес
келсе:
Fe қайта есептегенде темір болуы, мг/л £0,3
қанығу индексі
кальций карбонат оңды
карбонат қаттылығы,
мг-экв/л £4,0,
ыстық сумен жабдықтау жүйелері үшін су өңдеуді көздеу қажет етілмейді.
5.5 Отынмен жабдықтау
5.5.1 Дербес қазандықтар үшін отын түрлері, сондай-ақ отынның резервтік немесе
апатты түрі пайдаланудың жергілікті шарттарынан қазандық санатын есепке алумен
отынмен жабдықтайтын ұйымдар келісімі бойынша белгіленеді.
5.5.2 Қатты және сұйық отындардағы қосылған және кіріктірме дербес қазандықтар
үшін қазандық пен жылытатын ғимараттардан тыс сақтау шарттарынан шыға отырып,
отынның тәуліктік шығыны бойынша есептелген сыймдылықтан кем емес отын қоймасын
көздеу қажет:
қатты отын - 7 тәулік,
сұйық отын - 5 тәулік.
Сонымен бірге, сұйық отын резервуарларының саны нормаланбайды.
5.5.3 Қазандық отынының тәуліктік шығыны төмендегідей белгіленеді:
- бу қазандары үшін есептік жылу қуатында олардың жұмысы тәртібінен шыға
отырып;
- су қайнататын қазандар үшін ең суық айдың орта температурасында қазандыққа
келетін жылу жүктемесі тәртібіндегі жұмыстарға байланысты.
5.5.4 Қатты отынды сақтау қоймасын жабық жылытпайтындай етіп көздеу қажет.
5.5.5 Қатты био отын (пеллеттер, брикеттер) ылғал өтпейтін бункерлерде сақталуы
тиіс.
5.5.6 Қосылған және кіріктірме дербес қазандықтардың сұйық отыны үшін сыртқы
сауыттарда оны жылыту қажеттілігінде осы қазандықтардың жылу тасымалдығышы
қолданылады.
5.5.7 Қосылған және кіріктірме дербес қазандықтар үшін қазандық жайында
орнатылатын шығыс бактың сыйымдылығы 0,8 м3 аспауы қажет.
5.5.8 Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың қосылған, кіріктірме және төбе
қазандықтары үшін 5 кПа дейін қысымымен табиғи газ жеткізуді, өндірістік ғимараттар
19
үшін
- ҚР ҚН
4.03-01 талаптарына сәйкес қарастыру қажет. Сонымен бірге, газ
құбырының ашық учаскелері 1,5 м кем емес аралық енімен ғимараттың сыртқы қабырғасы
бойынша салынуы тиіс.
5.5.9 Қауіпсіздік мәселелерінің маңыздылығына орай, газбен жабдықтау бойынша
талаптары жеке тарауға бөлінеді.
5.6 Газбен жабдықтау
*5.6.1 ЖАК газбен жабдықтау жүйелерін жобалау, салу және пайдалану «Өрт
қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптарª техникалық регламентінің, ҚР ҚН 4.03-01, ҚР
ҚН 4.02-01, ҚЕ-12-529 және осы бөлімнің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы керек
(Өзгерт.ред. - ҚТҮКШІК 01.04.2019 ж. №46-НҚ бұйрық).
5.6.2 ЖАК газбен жабдықтау келесі газ құбырларынан жүзеге асырылуы мүмкін:
- I санатты жоғары қысымымен - 0,6 МПа жоғары 1,2 МПа қоса дейін газдың жұмыс
қысымында;
- II санатты жоғары қысымымен - 0,3 МПа (3 кгс/см2) жоғары 0,6 МПа (6 кгс/см2)
қоса дейін газдың жұмыс қысымында;
- орта қысыммен - 0,005 МПа (0,05 кгс/см2) жоғары 0,3 МПа (3 кгс/см2) қоса дейін
газдың жұмыс қысымында.
5.6.3 Газ қысымын төмендету және ЖАК газбен жабдықтау жүйесінде берілген
деңгейде оны ұстау бөлек тұрған газ реттеу пунктінде (ГРП), шкафтық реттеу пунктінде
(ШРП) немесе ЖАК жайлары ішінде орналасатын (ГРҚ) газ реттеу қондырғыларында
жүзеге асырылады.
5.6.4 1 санатты жоғары қысымымен (0,6 Мпа жоғары 1,2 Мпа дейін) газ құбырынан
ЖАК газбен жабдықтау жеке тұрған ГРП арқылы қысаңдатудың екі сатысында жүзеге
асырылады.
5.6.5 Жеке тұрған ЖАК 0,6 МПа қоса дейін қысымымен газ құбырын тікелей
қазандық залға немесе онымен ашық ойықпен қосылған жапсарлас жайға енгізуге рұқсат
етіледі.
5.6.6 Өндірістік ғимараттарға қосылған немесе олардың төбелерінде орналасқан
ЖАК-қа 0,6 МПа дейін қысымымен газ құбырын енгізуге рұқсат етіледі.
5.6.7 Қоғамдық, әкімшілік және тұрмыстық тағайындалуымен ғимараттарға
қосылған, сондай-ақ көрсетілген ғимараттардың төбелерінде орналасқан ЖАК-қа тікелей
қазадық залының жайына 0,3 МПа дейін қысымымен газ құбырын енгізуге рұқсат етіледі.
5.6.8 Тұрғын үйлерге қосылған, сондай-ақ олардың төбелерінде орналасқан ЖАК-қа
тікелей қазандық заллының жайына 0,005 МПа дейін газ құбырын енгізуге рұқсат етіледі.
5.6.9 Өндірістік, қоғамдық, әкімшілік, тұрмыстық ғимараттардың сыртқы
қабырғаларына 0,6 МПа дейін газдың шығыс қысымымен ШРП орнатуына рұқсат етіледі.
ШРП газ құбырының жертөле қабатында енгізуден ең төменгі қашықтықта орнату
қажет.
5.6.10 Орта немесе жоғары қысымды газ енгізуі рұқсат етілген ЖАК газбен
жабдықтаған кезде байпаспен ГРҚ орнатуы мүмкін.
5.6.11 ГРП және ШРП-да газды қысаңдаудың екі желісін көздеу қажет. Мұндайда
20
байпас көзделмейді.
5.6.12 ШРП таңдаған кезде табиғи газдың параметрлері ескерілуі тиіс.
5.6.13 Жер астынан жеткізілетін болат газ құбыры тікелей ғимарат қасында жер
бетінен 1,8 м жоғары емес биіктікте оқшаулау фланецпен ажырататын құрылғы орнатумен
жертөле қабатына енгізумен жабдықталуы тиіс.
Полиэтилен газ құбырын пайдалаған кезде оқшаулау фланец орнатуы қажет
етілмейді.
Жер үсті немесе жер асты газ құбырында (құдықта) ғимарат сыртында оны 100 м
алыс емес қашықтықта ажыратқыш құрылғысын пайдалануға рұқсат етіледі.
5.6.14 ЖАК-қа төмен қысымымен газ құбырын енгізген кезде көз жайына оған
тікелей газ қозғалысы барысында келесіні орнату қажет: қолдан жіберілетін тетікпен тиек
құрылғысын, шүмекпен үрлеу құрылғысын, метан, көміртек оксиді және өрт сигналдау
бойынша газдылық жүйелерімен одақтасқан жылдам әрекет ететін автоматты тиек
қақпағын.
5.6.15 ЖАК жайында ГРҚ орналастырған кезде ГРҚ дейін газ құбырын енгізуді
жабдықтауды осы Ереже жинағының 5.5.8 тармағы талаптарына сәйкес көздеу қажет.
5.6.16 ЖАК газбен жабдықтауға арналған газ құбырына басқа газ тұтынушыларына
енгізуіндегі ажыратқыш құрылғыларынан кейін қосылуына рұқсат етілмейді.
5.6.17 ШРП-дан газ құбыры шығуынан ажыратқыш құрылғы орнату қажеттілігі және
оның орнату орнын газбен жабдықталатын нысан ерекшеліктерін есепке алумен жобалау
ұйымы белгілейді.
5.6.18 ЖАК жайына газ енгізу алдында газ құбырын бекіту металл тіреуіштер
бойынша шу сіңіргіш аралық қабаттарын пайдаланумен жүзеге асырылуы тиіс.
5.6.19 Қосылған немесе төбеге орнатылан ЖАК газ енгізу алдында тұрғын үй
ғимаратының сыртқы қабырғылары бойынша газ құбыры салынған кезде құбыр бойынша
газ қозғалысынан шу пайда болуын болдырмайтын техникалық шешімдер қарастырылуы
тиіс.
5.6.20 ЖАК газ енгізу алдында ШРП-дан газ құбырының тік учаскесін салу 1,5 м кем
емес енімен бос аралықтың ортасында ғимараттың сыртқы қабырғалары бойынша жүзеге
асырылуы тиіс.
5.6.21 ШРП орналасуы және төбелік ЖАК-қа газ енгізу алдында одан газ
құбырының тік учаскесін салу негізгі ғимараттың көлеңке жағына көздеу жақсырырақ
болады. Газ құбырының тік учаскесін бекіту жел жүктемесі әсер еткенінде оның
тұрақтылығын, салмақ түсу әсерінен отыруды болдырмауды және газ құбырының
ықтимал температуралық ұзартылуын қамтамасыз ету қажет.
5.6.22 ЖАК жобасын әзірлеген кезде негізгі ғимараттың сртқы қабырғалары
бойынша салынған газ құбырын пайдалану бойынша іс-шаралар қарастырылуы тиіс.
5.6.23 ЖАК тұтынатын газ шығынын коммерциялық есепке алу үшін температура
мен қысым бойынша түзетумен газ шығынын есепке алу құрылғысын орнату қажет.
Құралдар таңдауы ЖАК жұмыс тәртіптерін есепке алумен және газ тарату ұйымының
келісімімен жүргізіледі.
5.6.24 ЖАК-қа негізгі беретін газ құбыры бастау алдында ГРП
(ШРП, ГРҚ)
қысымын реттеуіштен шыққанда газ құбырының тура желілік учаскенің ұзындығы
21
реттеуіштен шығыс газ құбырының 5 кем емес шартты диаметрін құру қажет.
5.6.25 ГРП және ГРҚ орнатылатын газ қысымын реттеуіштерінің кері байланыс
импульстар енгізуін негізгі беретін газ құбырының туражелілік учаскесінде көздеу қажет.
Ойық орнынан екі жақтан туражелілік учаске ұзындылығы МЕМСТ 8.563.1 талаптарына
сәйкес анықталуы тиіс.
5.6.26 ГРП (ШРП,ГРҚ) орнатылатын реттеуіш өнімділігін таңдаған кезде газ тарату
ұйымының деректері негізінде нақты шығыс газ қысымының шамасын ескеру қажет.
Реттеуіштің өткізу қабілеттігін реттеуіш алдында газ желісінде ең төменгі мүмкін
қысым шамасында газдың ең жоғарғы есептік шығынынан 10% көберіктен кем емес
қабылдау қажет.
5.6.27 ШРП-дан ЖАК-қа газ берген кезде және ЖАК ішінде газ шығынын есепке алу
торабын орналыстырған кезде сақтандыратын-түсіріліс қақпағы
(СТҚ) ШРП-дан
ауыстырып, есепке алу торабынан кейін ЖАК-қа орнату қажет.
5.6.28 Бір немесе одан да көп жұмыс істеп тұрған қазандардың апатты тоқтап қалуы
пайда болғанда немесе қазандар жүктемесінің позициялық реттегенде газ қысымының
ықтимал кенет өзгеруінен ЖАК ГРП (ШРП,ГРҚ) сақтандыратын-түсіріліс қақпағы іске
қосылуын алдын алу үшін ЖАК ішінде газ желісі демпфирленген құрылғыларын көздеу
қажет.
5.6.29 Сақтандырғыш-түсіргіш және сақтандырғыш-тиеу қақпақтарын икемдеу
параметрлерін есептегенде есеп жүргізілгенге қатысты ең жоғарғы жұмыс қысымының
шамасы қысым реттеуішінің жұмысының біркелкілігі еместігін есепке алумен 10 %
жоғары болу қажет.
5.6.30 ЖАК жұмыс тәртібін сақтау шарттарында СТҚ қысымын иекмдеу шамасын
мерзімділік тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін СТҚ ажыратқыш құрылғысынан
біреуін бақылау агентімен магистральға, екіншіні манометр орнатуға үшін қосылуға
арналған тиек құрылғылармен екі штуцердің енгізілуін көздеу қажет.
5.6.31 ГРҚ немесе ШРП-дан үрлеу және түсіру газ құбырлары газ ыдырату үшін
қауіпсіз шарттары қамтамасыз етілетін орындарға сыртқа шығарылуы тиіс, бірақ ЖАК
ғимараты төбесінің кертешінен 1 м кем емес жоғары.
Жеке тұратын ШРП орнатылатын СТҚ-дан газ бұратын құбырларды жел тіреуіш
аймағынан асқан биіктікке шығару, ал ШРП ғимарат қабырғасына орнатылғанда немесе
ЖАК ғимаратына қосылған түсірілетін газ құбыры ғимарат төбесінің кернеш деңгейінен 1
м жоғары шығарылуы тиіс.
5.6.32 Түсірілетін және үрлеу газ құбырынан жүген құрылымы газды ауа қоспасын
шығаруын және газ құбырына атмосфералық жауын-шашындар түсуін болдырмауды
қамтамасыз ету қажет. Үрлейтін газ құбырының тік учаскенің төменгі ұшында тығын
орнатуын көздеу қажет.
5.6.33 Бірінші санатты ЖАК жобалаған кезде жылумен жабдықтау сенімділігі
шарттары бойынша газ жабдықтаудың екінші тәуелсіз көзі жоқтығында резервтік электр
қазандарын орнатуын көздеу қажет.
22
5.7 Құбыр жолдары және арматура
5.7.1 Технологиялық құбыр жолдары
5.7.1.1 Автономдық қазандықтарда бу құбырлары қазаннан, беретін және кері
құбырлар жылумен жабдықтау жүйелері, қосу құбырлары арасындағы жабдық және
басқалары бір қабатты болып қарастырылуы керек.
5.7.1.2 Автономдық қазандықтардағы құбырларды
2 Кестеде ұсынылған болат
құбырлардан қарастыру керек.
2-кесте - Автономдық қазандықтарды жобалау кезінде қолдануға ұсынылатын
құбырлар
Құбырлардың
Құбырларға нормативті
Болат
Шекті параметрлері
Шартты
құжаттама
маркасы
Температура,
Жұмыс
диаметрі, Ду,
°С
қысымы,
мм
МПа
(кгс/см2)
Электр дәнекерленетін тік жікті құбырлар
15 - 400
МЕМСТ 10705-80*бойынша
ВСт3сп5;
300
1,6 (16)
техникалық талаптар (В тобы,
10, 20
300
1,6 (16)
термоөңделген). МЕМСТ 10704-
91 бойынша сортамент
150 - 400
МЕМСТ 20295-85 (1 түрі)
20
350
2,5 (25)
Спиральды-жікті электр дәнекерлеу құбырлары
150 - 350
МЕМСТ 20295-85 (2 түрі)
20
350
2,5 (25)
Жіксіз құбырлар
40 - 400
10, 20
300
1,6 (16)
МЕМСТ 8731-74* бойынша
10Г2
350
2,5 (25)
техникалық талаптар (В тобы).
МЕМСТ 8732-78* бойынша
сортамент
15 - 100
МЕМСТ 8733-74* бойынша
10, 20
300
1,6 (16)
техникалық талаптар (В тобы).
4,0 (40)
МЕМСТ 8734-75* бойынша
10Г2
350
5,0 (50)
сортамент
09Г2С
425
5,0 (50)
Оның үстіне, жылумен жабдықтау жүйелері үшін, металл пластикті, полипропилен
және полиэтилен құбырларын қолдану ұсынылады. Мұндай құбырлар үшін қоспа
элементтері пластик, жез немесе қоладан жасалады. Бұл құбырлардың жүйелері мен
фитингтері сенімді, ұзақ мерзімді, тамаша гидравликалық, температуралы және
гигиеналық ерекшеліктерге ие, кеңсе мен коттеджер, пәтерлерді сумен жабдықтаудың кез
келген тапсырмасын орындау үшін жақсы келіседі.
23
3-кесте - Аралас құбырларға дейін құрылыс құрылымдарына дейін
құбырлардан басталған ең төменгі қашықтық
Құбырлардың
Құбырлардың жылу оқшаулау құрылымы бетінен қашықтық, мм, кем
шартты
емес
диаметрі , мм
Қабырғаға
Жабынға
Еденге
Аралас құбырдың жылу оқшаулау
дейін
дейін
дейін
құрылымының бетіне дейін
тігінен
көлбеуінен
25 - 80
150
100
150
100
100
100 - 250
170
100
200
140
140
300 - 350
200
120
200
160
160
400
200
120
200
160
200
5.7.1.3 Су мен конденсаттың құбырларының еңістерін
0,002 кем емес қылып
қарастыру керек, ал бу құбырларының еңісін - будың қозғалысына қарама-қарсы 0,006
кем емес қылып алу керек.
5.7.1.4 Құрылыс құрылымдарынан құбырлаға, жабдықтар, арматураға дейінгі ең
төменгі қашықтық жылу оқшаулау құрылымы арасындағы аралас беттерімен 3 және 4
кестелері бойынша қабылдау керек.
4-кесте - Арматура, жабдық және құрылыс құрылымдары арасындағы ең
төменгі қашықтық
Атауы
Жарықтағы
қашықтық, мм, кем
емес
Жабдық немесе арматураның шығыңқы бөліктерінен
200
қабырғаларына дейін (жылу оқшаулау құрылымы есебімен)
Қабырғаға дейін (қабырға жанында өткізгішсіз) 100 мм астам
300
емес арынды келте құбыр диаметрімен 1000 В дейін электр
қозғалтқыш кернеулерімен сорғылардың шығыңқы
бөлшектерінен
Өткізгішсіз қабырғада бір фундаментте электр
300
қозғалтқыштарымен екі сорғыны орнату кезінде электр
қозғалтқыштары мен сорғылардың шығыңқы бөліктері
арасында
Негізгі құбырлардың жылу оқшаулау құрылымы бетіне дейін
100
тармақталуға ысырма фланцынан
Д-400 мм болған кезде жабын немесе қабырғадан (немесе
100
штурвал) ысырма шпинделінен шығыңқы жерінен
Арматура жылу оқшаулау құрылымының түбіне дейін еденнен
100
бастап
Ауа немесе суды жіберу үшін штуцерлерге дейін ысырма
100
фланцынан немесе қабырғадан
24
5.7.1.5 Жылжымалы тіректер шетінен құбырлардың тіреу құрылымының (траверс,
кронштейн, тірек жастықтары) шетіне дейінгі ең төменгі қашықтық 50 см кем емес
қормен бүйір бағытқа қарай тіреудің мүмкін болатын ең жоғарғы ығысуын қамтамасыз
етуі керек. Оның үстіне, траверсаның шетінен немесе кронштейннен құбыр осіне дейінгі
ең төменгі қашықтық құбырдың бір шартты диаметрінен кем болмауы керек.
5.7.1.6 Автономдық
қазандықтарда
құбырлардың жылу ұзартылуының
компенсациясы үшін құбырлардың айналу бұрыштарын қолдану керек
(өздігінен
компенсациялау). Жылу ұзартуларын өздігінен компенсациялау мүмкін болмаған кезде
сильфонды компенсаторларды орнатуды қарастыру керек.
5.7.1.7 Құбырлар қосылыстары дәнекерлеу арқылы қарастырылуы керек.
Фланцтарда жабдық пен арматураға құбырларды қосуға рұқсат беріледі. Муфталық
қосылыстарды қолдануға 100 мм астам емес шартты өтпемен су мен бу құбырларында
рұқсат етіледі.
5.7.1.8 Құбырлардағы бекітпе арматураның саны сенімді және апатсыз жұмысты
қамтамасыз ететін ең төменгі қажетті болуы тиіс. Көшірмеленетін бекітпе арматурасын
орнату тиісті негіздеме болған кезде рұқсат етіледі.
5.7.1.9 Қазандық шеңберінде «Ыстық су мен бу құбырын қауіпсіз пайдалану мен
құрылғысының ережелеріª сәйкес беріктілігі жоғары, қақталатын сұр шойыннан
арматураны қолдануға болады.
Қола мен жезден жасалған арматураны қолдануға рұқсат етіледі.
5.7.1.10 Қайырмалы, үрлеу және дренажды құбырлы желілерде бір бекітпе
бұрандасын қарастыру дұрыс болады. Сонымен бірге сұр шойыннан арматураны
қолдануға рұқсат берілмейді.
5.7.1.11 Реттеуіш ретінде бекітпе арматурасын қолдануға болмайды.
5.7.1.12 Арматура, дренажды құрылғы, фланцты және бұранда қоспаларын есік және
терезе ойықтары, сондай-ақ қақпа үстінде құбырлардың төсем орындарында орнатуға
болмайды.
5.7.1.13 Қазаннан суды жүйелі түрде ағызып тұру үшін немесе қазанды жүйелі түрде
үрлеу үшін жалпы жиналмалы қайырмалы және үрлеу құбырларын қарастыру керек.
5.7.1.14 Сақтандыру қақпақтарынан құбырлар суды бұру үшін құрылғылары болуы
керек және қазандық шегінен шығарылуы тиіс. Бұл құбырлар қатып қалудан қорғалуы
керек және ішіне жиналып қалатын конденсатты құйып тастауға арналған дренаждармен
жабдықталуы керек. Бекітпе органдарын орнатуға олардың үстінен рұқсат етілмейді.
5.7.1.15 Құбырлардың үстінен бекітпе арматурасы бар штуцер құрылғысын
қарастыру керек:
- барлық құбырлардың жоғарғы нүктелерінде - ауаны шығаруға арналған 15 мм кем
емес шартты диаметрі бар;
- барлық құбырлардың төменгі нүктелерінде және су мен конденсаттың - суды
жіберуге арналған 25 мм кем емес шартты диаметрі бар.
5.7.2 Газ құбырлары
5.7.2.1 Газ құбырларының қосылыстарын әдетте дәнекерлеумен қарастырады.
25
Ажыратқыш (фланцты және бұрандалы) қосылыстарды электр қорғаныс құрылғылары
мен бақылау - өлшеу құралдары, бекітпе арматурасын орнату орындарында қарастыру
керек.
Газ құбырларының ажыратқыш қосылыстарын орнатуды жөндеу мен қарауға
арналған қолжетімді жерлерден қарастыру керек.
5.7.2.2 Ғимараттардың сыртқы қабырғалары арқылы өтетін орындарындағы газ
құбырларын сауытқа салу керек.
Сауыт пен қабырға арасындағы кеңістікті қиылысатын құрылымның барлық
қалыңдығын бойлай мұқият бітеу керек.
Сауыт ұштарын герметикпен тығыздау керек.
5.7.2.3 Жай ішінлегі еденде және ашық түрде төселетін газ құбырларынан
қашықтық, басқа мақсаттағы құбырлар мен технологиялық жабдық, құрылыстық
құрылымға дейінгі қашықтықты олардың үстіне орнатылатын арматура мен газ
құбырларын жөндеу, қарау, монтаждау мүмкіндігін қамтамасыз ету шарттарынан
қабылдау керек, сонымен бірге газ құбырлары, терезе және есік ойықтары, желдету
торларымен қиылыспауы керек. Өндірістік жай ішінде ашылмайтын терезелердің
қабаттарын бойлаған газ құбырларын төсеу мен шыны блоктармен толтырылған жарық
ойықтарының қиылысуына жол беріледі.
5.7.2.4 Жай ішінде орналастырылған электрмен жабдықтаудың инженерлік
коммуникациялары мен газ өткізгіштері арасындағы қашықтықты, қиылысу мен
жақындасу орындарында ПУЭ сәйкес қабылдау керек.
5.7.2.5 Адамдар жүретін жерлерде газ өткізгіштерінің төсемін газ өткізгішінің түбіне
дейін еденнен 2,2 мм кем емес биіктікте қарастыру керек, ал жылу оқшаулау болған кезде
- оқшаулаудың түбіне дейін.
5.7.2.6 Ғимараттар ішіндегі жабындар, ұстындар мен қабырғаларға төселетін газ
өткізгіштерінің ашық бекітпесі, қазандар қаңқалары мен басқа өндірістік агрегаттарды
орнатылған арматурамен газ құбыры жөндеу мен қарау мүмкіндігін қамтамасыз ететін
қашықтықта ілмелер, қамыттар немесе кронштейндердің көмегімен қарастыру керек.
Газ құбырларының тіреу бекітпелері арасындағы қашықтықты ҚР ҚН
4.03-01
талаптарына сәйкес анықталуы тиіс.
5.7.2.7 Құрылыс құрылымдарының қиылысу орындарында тік газ өткізгіштерін
сауытпен төсеу керек. Сауыт пен газ өткізгіші арасындағы кеңістікті икемді материалмен
бітеу керек. Сауыттың ұш жағы еденнің үстінен 3 см кем емес шығыңқы болуы тиіс, ал
оның диаметрін сауыт пен газ өткізгіші арасындағы шығыршықты саңылау 5 мм кем
болмайтындай газ өткізгіштерінің номиналды диаметрі 32 мм дейін және үлкен диаметрлі
газ өткізгіштері үшін 10 мм кем болмайтындау қабылдануы керек.
5.7.2.8 Қазандықтардың газ құбырларында газ өткізгіштерінің учаскелерін кіргізу
орыннан, әр қазанға бұру орнынан ажыратқыш құрылғының газ жүрісі бойынша әр
қазанға қарай анағұрлым қашықтықты жерлерден үрлейтін құбырларды қарастыру керек.
Газдың біркелкі қысымымен газ өткізгіштерінің үрлеу құбырларынан бірлестіруге
жол беріледі, тек ауа тығыздығының көп болған жағдайда, газға арналған үрлеу
құбырлары есептелмейді.
Үрлеу құбырының диаметрін 20 мм кем емес қылып қабылдау керек. Ажыратқыш
26
құрылғыдан кейін үрлеу құбырында егер ол үшін бекітпені қосу үшін штуцер қолдана
алмаса сынаманы іріктеу үшін краны бар штуцер қарастырылады.
5.7.2.9 Бұрандалар, крандар, ысырмалар мен бұрылатын бекітпелер, бекітпе
арматура ретінде газбен жабдықтау жүйелері үшін газ ортасына арналған ажыратқыш
құрылғы қарастырылуы керек. Бекітпе саңылаулығы МЕМСТ 9544-93 бойынша 1 классқа
сәйкес келуі керек.
Жетектердің және құбырлы арматураның басқа да элементтерінің электр жабдығы
жарылыс қауіпсіздігі талаптары бойынша ПУЭ бойынша қабылдануы керек.
Крандар мен айналатын бекітпелері бұрылысты шектеуішке ие болуы тиіс ал жайды
ашық және жабық етіп көрсеткіштері, ал жылжымайтын шпинделі бар ысырмалар -
ашылу деңгейін көрсетіп тұрады.
5.7.3 Сұйық отынның құбыр жолдары
5.7.3.1 Қоймадан отын сорғыларымен сұйық отынды беру шығыс сыйымдылығына
дейін қазандықта бір магистраль бойынша қарастырылуы тиіс.
Қазандықтың отынмен жабдықтауға арналған қондырғыларына жылу тасушыны
беру қазандықтағы отынның шығыстық қоймасына отынды берудің магистральдер санына
сәйкес бір құбыр бойынша қарастырылады.
Жеңіл мұнай отынында жұмыс істейтін қазандықтар үшін, отын жетектерінде
қарастыру керек:
- қазандыққа отынның кірісіндегі электр жетегімен жылдам әрекет ететін бекітпе
қақпағымен және оқшаулау фланцымен оқшаулайтын ажыратқыш құрылғы;
- әр жанарғы мен әр қазанға бұрылыс жеріндегі бекітпе арматураға;
- құятын магитсральға бұрылыс жолындағы бекітпе арматураға.
5.7.3.2 Отын жетектерінің төсемін жер үсті қылып қарастыру керек. Құм салусыз
арналарды тереңдете отырып алмалы ең төменгі, өткізгіш емес арналарға төсеуге рұқсат
беріледі. Ғимараттың сыртқы қабырғасына жанасу орындарында арналар жанбайтын
диафрагмалы болуы тиіс.
Отын өткізгіштерін газ жүрістері, ауа өткізгіштері мен желдетпе шахталары арқылы
тікелей төсеуге рұқсат берілмейді.
5.7.3.3 Сұйық отынның құбырлары үшін болат арматура мен электродәнекерлеу
құбырлары қарастырылуы керек.
5.8 Жылумен оқшаулау
5.8.1 Жабдық, құбырлар, арматура мен фланцтік қосындылар үшін жайдың жұмыс
немесе қызмет етілетін аймағында орналасқан жылу оқшаулау құрылым бетінде 100°С
жоғары температурамен жылу тасымалдауыштарға 45°С астам емес, ал 100°С төмен
температурасымен - 35°С астам емес температурасын қамтамасыз ететін жылу оқшаулау
көзделуі қажет.
5.8.2 Жылу оқшаулау жобаланған кезде ҚР ҚН 4.02-02 талаптары орындалуы қажет.
5.8.3 Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарға қосылған, кірістірме және төбелік
27
қазандықтарда жабдықтың, құбырлар мен арматураның жылу оқшаулау конструкциялары
үшін материалдар мен бұйымдар жанбайтын материалдардан қабылдануы тиіс.
5.8.4 Арматура мен фланцтік қосылыстар үшін негізгі жылу оқшаулау қабаттың
қалындығы қайда орнатылған құбырдың негізгі жылу оқшаулау қабат қалындығына тең
болып қабылдану қажет.
Жылу оқшаулау конструкцияларының жабынды қабаты ретінде кейінгі майлы
бояумен боялумен таскендір-цементтік сылақты пайдалануға рұқсат етіледі.
5.8.5 Құбыр тағайындалуына және орта параметрлеріне қарай құбыр беті тиісті түске
боялуы және «Бу мен ыстық су құбырларының құрылғылар мен қауіпсіз пайдалану
ережелеріª талаптарына сәйкес таңбалау жазулар болуы қажет.
Боялу, шартты белгілер, әріптер көлемдері мен жазулар орналасуы МЕМСТ 14202
сәйкес келуі қажет.
5.9 Түтін газдарын жою
5.9.1 Табиғи түтін тартуында түтін мұржалардың биіктігін газды ауа трактын
аэродинамикалық есептеу нәтижелері бойынша анықтау және ОНД, РНД 211.2.02.02
талаптарына сәйкес нақтылау қажет.
5.9.2 ЖАК орнатылатын үрлеу қазандары үшін, әдеттегідей, жеке түтін мұржалар
көзделуі қажет. Жалпы түтін мұржа құрылу жағдайында осы Ережелер жинағының
16.9 тармақтарын басшылыққа алу қажет.
5.9.3 Түтін мұржаның биіктігін ең жақын тұрғын құрылысы аумағында, бірақы
ғимараттың ең жоғары бөлігінде 2 м кем емес немесе ең жоғары ғимараттың 10 м
радиусында сейілу есептері нәтижесі бойынша анықтау қажет.
5.9.4 ЖАК үшін түтін мұржалар газды тығыз болу қажет, металлдан немесе
жанбайтын материалдардан әзірленуі тиіс. Мұржаларда конденсат пайда болуын
болдырмауы үшін жылу оқшаулау, қарау және тазалау үшін есіктермен жабылатын
люктары, конденсат ағуы құрылғысы және ластайтын заттар болуына түтін газдар
сынауын таңдау үшін құрылғы болуы қажет.
5.9.5 Түтін мұржалар кертпештерсіз тік жобалау қажет.
5.9.6 Түтін мұржалардың ауздары тартудың ұлғаюына себепші болатын арнайы
жүген орнатып, атмосфералық жауын-шашындардан қорғау қажет.
5.9.7 Түтін мұржалардың ішкі және сыртқы беттері тоттану әсерлерге төзімді болуы
қажет.
5.10 Электрмен жарақтандыру және электрмен жабдықтау
5.10.1 ЖАК электрмен жабдықтау мен электр жабдығын жобалаған кезде ҚР ҚН
4.02-05, СО-153-34.21.122, ПУЭ және осы Ережелер жинағының талаптарын басшылыққа
алу қажет.
5.10.2 Электр жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету шарттары бойынша ЖАК ІІ
санатты төмен электр қабылдағыштарына жатқызу қажет.
ЖАК электр қабылдағыштарын электр жабдықтауын жобалаған кезде оларды екі
тәуелсіз өзара резервілейтін қоректену көздерінен электр қуатпен қамтамасыз ету қажет.
28
Жылумен жабдықтау сенімділігінің І санатты қазандықтарында барлық электр
қабылдағыштар электрмен жабдықтаудың І санатына жатады.
5.10.3 ЖАК-та ауыспалы тәртібінде жұмыс істейтін автоматты режимінде жиілік-
реттегіш электр жетектерімен сорғыны орнатуды көздеу қажет.
5.10.4 Электр қозғалтқыштарды, жіберу аппаратурасын, басқару аппараттарын,
шамдарды және сымдарды таңдау орта шарттары бойынша жай санатына сәйкес
жүргізілуі тиіс.
ЖАК жайларында жұмыс және апатты жарықтану қарастырылады.
5.10.5 Қорек беретін және таратқыш желілерінің кәбілдерін салу ашық
құрылымдарда немесе жанбайтын материалдардан орындалған қораптар мен мұржаларда
орындау қажет, ал сымдар салуды - жанбайтын материалдардан орындалған қораптар мен
мұржаларда орындау қажет.
5.10.6 45°С және төмен булар тұтану температурасымен газ тәрізді немесе сұйық
отында жұмыс істеуге арналған кірістірмен қазандықтар жайларында ЖАК жөндеу
жұмыстары алдында іске қосылатын жарылыстан қорғалатын шамдардың қажетті
минимумын қарастыру қажет. Шамдар ПУЭ (7.3 тарау) сәйкес жарылу қауіпті қоспаның
тиісті тобы мен санаты үшін В-la орындалуында болу қажет. Шамдар ажыратқыштары
қазандықтың жайларынан тыс орналастырылады.
Осы шамдарға электрөткізгіштері В-1а санатты жарылу қауіпті жайлары үшін
талаптарына сәйкес орындалады.
Қондырғы қазандығы жұмысы алдында іске қосылатын желдеткіштердің электр
қозғалтқыштары, олардың іске қосқыштары, ажыратқыштары және басқалары, қазандық
қондырғылары жайлары ішінде орналасқан болса, жарылыстан қорғалатын болуы және
жарылу қауіпті қоспа тобының санатына сәйкес келуі қажет. Желдеткіш электр
жабдығының сымы жарылу қауіпті аймағының санатына сәйкес келуі тиіс. Сымдардың,
кәбілдердің, шамдардың, электр аппараттары мен аспаптарының және басқа электр
жабдығының түрлері мен маркасы жобамен белгіленеді.
5.10.7 Кернеу астында болмаған электр қондырғылардың металлды бөлшектері үшін
және сұйық пен газ тәрізді отындар үшін ПУЭ,
1.7 тарауына сәйкес жерге қосу
қарастырылуы тиіс.
5.10.8 ЖАК ғимараттары мен құрылыстарының найзағайдан қорғалуын СО-153-
34.21.122 талаптарына сәйкес жүргізу қажет.
5.10.9 Электр энергияны коммерциялық есепке алу тораптарын энергиямен
жабдықтаушы ұйымының келісімі бойынша орындалады. Тұтынушы енгізуінде электр
энергияны техникалық есепке алу санауыштарын орнатуына рұқсат беріледі. Техникалық
есепке алу құралдары тұтынушы жүргізуінде болу және ПУЭ
1.5 тарау) талаптарын
қанағаттандыруы қажет.
5.10.10 Түтін мұржасының биіктігі мен орналсуын ТКШ жергілікті басқармасымен
келісу қажеттілігі жобалау тапсырмасымен белгіленеді. Түтін мұржалардың жарықтық
қоршауы және сыртқы таңбалау бояуы талаптарға сәйкес келуі қажет.
29
5.11 Автоматтандыру
5.11.1 ЖАК жобаларында жабдық қорғау, автоматты реттеу, бақылау, сигналдау,
және табиғи газды отын ретінде пайдалаған кезде оның қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз
ететін көздің технологиялық үдерістермен басқару, жылумен жабдықтау жүйесінің
энергетикалық тиімділігін ең жоғарғы мәніне қол жеткізу есепке алумен қарастырылуы
тиіс.
5.11.2 Қызмет ететін қызметшінің тұрақты болуысыз жұмыс істейтін ЖАК-та
автоматты реттеу, қорғау, бақылау және сигналдау құралдарының жарықтық және
дыбыстық сигналдары диспетчерлік пунктіне беруі келесі жағдайларда қамтамасыз етілуі
тиіс:
- көміртек оксиді және метан бойынша жайлардың газдануы (СО);
- өрт пайда болу;
- ЖАК жайына санкцияланбаған кіру;
- жабдық жарамсыздығында;
- ЖАК беретін газ құбырында жылдам іске қосылатын тиеу қақпағы жұмыс
істегенде.
Қызмет ететін қызметшінің тұрақты болуымен жұмыс істейтін ЖАК-та телефон мен
қатты дауысты байланысын қарастыру қажет.
5.11.3 ЖАК жабдығы қазандардың жаңарғы құрылғыларын басқаруды қамтамасыз
ететін қауіпсіздік және автоматты реттеу құралдарымен және ҚР ҚН 4.02-05 МЕМСТ
21204.талаптарына сәйкес жаңарғыларға газ беруді апатты ажыратуды қамтамасыз ететін
құралдарымен жабдықталуы тиіс.
5.11.4 Қорғау іске қосылуы тиіс номиналды мәндерінен параметрлер ауытқу шектері
технологиялық жабдық өндірушілер зауыттарының техникалық деректері негізінде
жобалық ұйымдарымен белгіленді.
5.11.5 ЖАК жайлары былай жабдықталуы тиіс:
- метан бойынша газдану дабыл беру;
- СО шекті-рұқсат етлген шоғырланудың бақылау дабылын беру;
- өрт және күзету сигналдау жүйесі;
- ЖАК еденіне су құюға дабыл беру.
5.11.6 ЖАК-та келесіде газ енгізуде жылдам әрекет ететін тиеу қақпағының
автоматты жабылуы көзделуі тиіс:
- электроэнергия ажыратуы;
- қазандық газдануы сигналы;
- СО шоғырлануын асу сигналы;
- өрт сигналдау жүйесі іске қосылу.
5.11.7 ЖАК жайында ауа болғанда:
- табиғи газдың оталғыштығының төменгі шегінен 10 % газдануы;
- ЖАК жайында белгіленген шек үстінен ауа температурасы жоғарлау;
- ауада 20 мг/м3 СО болуы ЖАК-қа газ беру автоматты тоқталады.
5.11.8 Үрлеумен қазандар жұмыс істегенде белгіленген шектерден тыс қысымға
қарсы ұлғаюында, қазандарға газ беру автоматты тоқталуы тиіс.
30
5.11.9 Бір мұржаға жұмыс істейтін екі және одан да көп үрлеумен қазандар жұмыс
істегенде мұржа іргетасында сирету бақылауы қажет және сирету болмағанда барлық
қазандарға газ беру автоматты тоқталуы тиіс.
5.11.10 ЖАК жобаларында жабдық қорғау, автоматты реттеу, бақылау, сигналдау,
және табиғи газды отын ретінде пайдалаған кезде оның қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз
ететін көздің технологиялық үдерістермен басқару, жылумен жабдықтау жүйесінің
энергетикалық тиімділігін ең жоғарғы мәніне қол жеткізу есепке алумен қарастырылуы
тиіс.
5.11.11 Желілік судың циркуляциялық құбырларында келесіні қарастыру керек:
- қажеттілігіне қарай реттелетін
(жай немесе сатылап) электр жетегін қолдана
отырып, сыртқы ауаның температурасына байланысты жылу желісінде температура
немесе судың шығынын автоматты реттеу;
- егер бұл қазандарды әзірлеуші зауытпен қарастырылған болса, қазанға келетін
желілік кері судың белгіленген температурасын ұстап тұру.
5.11.12 Қазандықты пайдалану кезінде қадағалауға алу үшін құралдар қондырғысын
қарастыру керек болатын, параметрлерді бақылау үшін:
- өзгеруі жабдықтың апатты күйіне алып келуі мүмкін параметрлерді бақылау үшін
көрсететін және дабыл беретін;
- тіркеу және жинақтаушы - жабдық жұмысына талдау жасау үшін қажет болатын
есебінің параметрлерін бақылауға арналған.
Қазандықта суд тұтынудың, электроэнергияның, отынның шығарылған жылу
энергиясын тұтынудың коммерциялық есебі қарастырылуы тиіс.
5.11.13 ЖАК өлшеуге арналған көрсететін құралдарды қарастыру керек:
- жылыту мен ыстық сумен жабдықтау жүйелеріндегі тікелей және кері желілік
судың температурасы;
- жобамен қарастырылған циркулция контурларында беретін және кері
құбырлардағы қысым;
- бу қазандарының қоректендіру құбырларындағы температура мен судың қысымы;
- қазандар алдындағы құбырлардағы газ тәрізді отынның температурасы мен
қысымы.
5.11.14 Сорғы қондырғылары үшін сорғылардың арынды келте құбырларында және
сорып алатын келте құбырларында судың қысымын өлшеу үшін көрсететін құралдарды
қарастыру керек.
5.11.15 Жылу алмастыру блоктарында өлшеуге арналған құралдарды орнату керек:
- қыздырғыштың әр қайсысының дейін және кейін қыздыратын ортасы мен
қыздырылатын судың температурасы;
- әр қыздырғышқа қыздырғыштарқа дейінгі жалпы құбырдағы қыздырылатын судың
қысымы№
5.11.16 Суды қыздыратын қондырғылар болған кезде ҚР ҚН 4.02-05 талаптарына
сәйкес қондырғы жұмысын бақылау мен өлшеуге арналған көрсетікш құралдары
қарастырылуы керек.
5.11.17 Сұйық отынның шығынын есепке алу кезінде сұйық отынның шығынын
қоректендіргіш тарату отын жетегіне дейін қазандық залдарында сұйық отынның
31
шығыстық багынан кейін орнату керек (пломабаланатын байпас құрылғысымен).
5.12 Жылыту және желдету
*5.12.1 ЖАК жылыту мен желдетуді жобалау кезінде ҚР ҚН 4.02-01, ҚР ҚН 4.02-05
және осы бөлімнің талаптарын басшылыққа алған жөн
(Өзгерт.ред.
- ҚТҮКШІК
01.04.2019 ж. №46-НҚ бұйрық).
5.12.2 Қызмет көрсететін қызметшінің тұрақты түрде қатысуынсыз жұмыс жасайтын
ЖАК желдету мен жылыту жүйелерін жобалау кезінде, жай ішіндегі есептік ауа
температурасы жылдың суық кезінде +5 оC төмен емес және жылы кезеңде автоматика
мен бақылау-өлшеу құрылғыларының қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін
температурадан аспауы керек.
5.12.3 Есептік ауа алмасу жабдық пен құбырлардан жылудың бөлінуі, сондай-ақ жай
ішінен жинау кезінде жану үшін ауаның шығыны есебімен анықталуы керек. Сонымен
бірге ауа алмасу сағатына бір реттен кем болмауы керек.
Кәдімгі табиғи желдету арқылы қажетті ауа алмастыруға қол жеткізу мүмкін
болмаған кезде желдетуді мехникалық қозғаушы арқылы жасау керек.
5.13 Су құбыры және кәріз жүйесі
*5.13.1 ЖАК үшін сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін ҚР ҚН 4.01-01 және ҚР
ҚН 4.02-05 талаптарына сәйкес жобалаған жөн (Өзгерт.ред. - ҚТҮКШІК 01.04.2019 ж.
№46-НҚ бұйрық).
5.13.2 ЖАК өрт сөндіру құралдары мен жүйелерін ҚНҚ 110-03 және ҚР ҚН 4.02-005
талаптарына сәйкес жобалаған дұрыс. ЖАК өрт сөндіру үшін 150 шаршы метрге дейін
ауданы бар жайлармен ұнтақты өрт сөндіргіштерін қарастыру керек.
5.13.3 Апатты құйылыстардан суды бұру үшін тиісті ауқымы бар ыдыстар немесе
жолдарды орнатуды қарастыру керек.
5.13.4 Кіріктірмелі және шатырлы қазандықтарда еденінің 10 см дейін құю биіктігі
бар есептелген гидрооқшаулауы болуы тиіс, кіретін есіктерінің құбырлар апаты кезінде
қазандық шегінен судың тиюінің алдын алуға арналған табалдырықтары болуы керек
және суды кәрізге айдайтын құрылғы болуы тиіс.
5.13.5 Ішкі өрт сөндіру жабдығымен жарақталмаған 12 м астам биіктігі бар ЖАК
шатырлы ғимараттар үшін, шатырға шығаратын жолы бар, жылжымалы өрт техникасын
қосуға арналған қосқыш басы мен бұрандалары бар «құрғақ құбырлардыª қарастырған
дұрыс.
5.14 Жабдықтың сенімділігі мен жөндеуге жарамдылығын қамтамасыз ету
5.14.1 ЖАК жобалау кезінде басқа да шарттармен тең жағдайларда төмендегіні
орындайтын, әзірлеуші зауыттарының материалдары, бөлшектері, тораптары мен
жабдықтарын орнатуға қабылдау керек, олар өз кезегінде:
а) қызметтің анағұрлым ұзақ мерзіміне кепіл береді;
32
б) қосалқы бөлшектер мен материалдың тез жеткізілімін қамтамасыз ететін
сервистік қызмет көрсету қызметіне ие;
в) қазандардың жөндеу жарамдылығын кепілдендіреді, оның ішінде шатырлы
нұсқадағы орнатылуына кепіл береді.
5.14.2 Жоба жұмысқа қабілеттілігін бұзбай, ЖАК кез-келген элементін жөндеу
немесе апатты алмастыру мүмкіндігін қарастыруы керек. Қазандық құрылымы бөлшектер
мен жеке тораптарының жылдам жөндеуі мен қызмет көрсету қолайлығын қамтамасыз
етуі керек.
5.14.3 ЖАК жабдығын жинақтау мен технологиялық кесте коммуникацияның ең аз
деген ұзақтығы кезінде қолайлы қызмет көрсетуі мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек.
Еркін өтетін жерлер жабдықты толық монтаждау мен демонтаждау, техникалық қызмет
көрсету кезінде еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін пайдалануға беруге қатысты
нұсқаулықтар мен төлқұжаттарға сәйкес қабылдануы керек.
5.14.4 Жабдықты жинау мен бөлшектеу, ірі габаритті бөлшектер мен тораптарды
тасымалдауды қол немесе электрлік транспорттық механизмдердің көмегімен қарастыру
керек, олардың болуы қажеттілікке қарай көз жобасымен қарастырылуы керек.
5.14.5 Шатырлы және жапсыра салынған ЖАК негізгі ғимараттардың жүк лифттері
мен шағын механизацияның құралдарын қолдана отырып алмастыру мен жөндеуін
жүргізуге мүмкіндік беретін бөлшектер мен жеке тораптар массасымен бөлшектелетін
жабдық немесе шағын габаритті жабдықтар қолданылуы керек.
Жылумен жарақтандырудың автономдық көздерінің жобасын келісу тәртібі
5.14.6 Жұмыс құжаттамасы немесе жобаны келісу кезінде (әрі қарай - жобалау
құжаттамасы деп аталады), осы ережелер жинағы мен
«Ғимараттар, имараттар
құрылысына жобалау құжаттамасы құрамында әзірлеу, келістіру және бекіту туралы
нұсқаулықтыª басшылыққа алу керек.
5.14.7 Жобалау құжаттамасын келістіру тапсырыс берушімен жүзеге асырылуы
керек. Бұл жұмыс ЖАК жобалауға тапсырма мен келісім-шартпен қарастырылған
жағдайда, жобалау ұйымымен жүзеге асырылуы керек.
5.14.8 ЖАК құрылысына жобалау құжаттамасы Қазақстан Республикасының және
Кедендік одақ елдерінің барлық құқықтық актілеріне, мемлекеттік нормаларға, ережелерге
және стандарттарға сәйкес келуі керек, бұл жобаның бас инженерінің тиісті жазбасымен
расталуы тиіс.
5.14.9 Қажеттілік болған кезде - тиісті негіздеме болған жағдайда, қолданыстағы
нормалар, ережелер мен стандарттардан бас тарту осы нормалар, ережелер немесе
стандарттарды бекіткен ұйыммен келісілуі керек.
5.14.10 ЖАК құрылысына жобалау құжаттамасына бас жобалау ұйымымен
және/немесе бақылау мен қадағалаудың өкілетті органдар мен инженерлік қамтамасыз ету
желілеріне техникалық талаптарды берген ұйымдармен келісілуі керек.
5.14.11 ЖАК жобалау кезінде барлық техникалық шешімдер, тапсырыс берушімен
келісілуі керек.
*5.14.12 Құрылыс басталар алдында газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін ЖАК
объектісінің жобасына «Азаматтық қорғау туралыª Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу керек (Өзгерт.ред. - ҚТҮКШІК
33
01.04.2019 ж. №46-НҚ бұйрық).
5.14.13 Құрылыс басталмас бұрын ЖАК объектісі «Табиғи газды тұтыну мен тарату
жүйелерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарынаª сәйкес Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктік аумақтық органында тіркелуі керек.
5.14.14 Құрылыс басталмас бұрын ЖАК объектісі «Тауарлы және сұйылтылған
мұнай газын пайдалану мен бөлшек іске асыру ережелеріª сәйкес энергетикалық
қадағалау мен бақылау бойынша Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа
технологиялар министрлігінің аумақты органында тіркелуі керек.
5.15 Монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету
5.15.1 ЖАК монтаждау, жөндеу мен қызмет көрсетуді тек мамандандырылған
ұйымдар ғана жүзеге асыруға құқылы болады.
5.15.2 ЖАК монтаждау жұмыс жобасына қатаң сәйкестікпен жүргізілуі керек.
5.15.3 ЖАК монтаждау, іске қосу-жөндеу және тәртіптік-жөндеу жұмыстарын
жүргізу және технкиалық қызмет көрсету кезінде ПБ-12-529, ПУЭ, жабдықты әзірлеуші-
зауыттардың нұсқаулықтарын, жергілікті және лауазымды нұсқаулықтарды, тәртіптік
карталарды басшылыққа алу керек.
*5.15.4 Іске қосу-реттеу және тәртіптік-реттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін
пайдалануға қабылдау ҚЕ-12-529 талаптарына және техникалық жаңғыртудан кейін
электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға
қабылдау қағидаларына сәйкес жүргізіледі (Өзгерт.ред. - ҚТҮКШІК 01.04.2019 ж. №46-
НҚ бұйрық).
5.15.5 Қызмет көрсететін қызметшінің тұрақты қатысуынсыз жұмысқа арналған
ЖАК жұмысын үнемі қадағалау, арнайы қызметпен тәулік сайын жүзеге асырылуы керек.
Жабдық күйі мен құралдар көрсеткіштерін бақылау деректері пайдалану журналына
енгізілуі тиіс.
5.15.6 ЖАК пайдалануға қосу алдында және ҚР ҚН
2.04-02 нормаланатын шу
режимін инструменталды тексеру қажет болады.
5.15.7 ЖАК техникалық пайдаланылуымен айналысатын тұлғалар үшін, пайдалану
нұсқаулықтары және қажет болған жағдайда нақты шарттарды ескеретін ерекше талаптар
әзірленуі керек.
5.15.8 Ішкі газ құбырлары мен қазандар техникалық қызмет көрсетуге айына 1
реттен жиі емес, ағымдағы жөндеуге жылына 1 реттен жиі емес жатқызылуы керек. Газ
жабдығының, егер әзірлеуші зауыттың паспортында
(нұсқаулығында) ұзақ мерзімге
сенімді жұмыстың тиісті кепілдіктері болса және кепілідк мерзімі аяқталғаннан кейін
түсіндірілген болса, ағымдағы жөндеуі жыл сайын жүргізілмеуі мүмкін.
5.15.9 Түтін құбырлары жүйелі түрде тазалау мен тексеруге жатқызылады:
- қазан жөндеулерін орындау кезінде;
- тартым бұзылған кезде;
- әр жылыту кезеңі алдында (мерзімдік жұмыс істейтін ЖАК түтін құбырлары).
Түтін құбырларын алғаш рет тексеру мен тазалау кезінде монтаждау сапасы мен
жобалау деректеріне сәйкестік, қоқыс жиналудың жоқтығы, тығыздығы, бөлшектерінің
34
дұрыстығы мен болуы, сақтандыратын жану құрылымдары, шатырға қатысты басының
орналасу дұрыстығы мен жұмыс істеуі және құрылысқа жақын орналасқан жерде өзгеруі
мүмкін.
5.15.10 Өлшем құралдарын, дабылнама мен автоматтандыру жүйелерін жөндеу мен
техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстардың ауқымы мен жүйелілігін әзірлеуші
зауыттардың нұсқаулықтары немесе тиісті құралдарға мемлекеттік стандарттармен
орнатылады.
Қорғаныс құрылғылары, бұғаттау және дабылнама құралдарының жұмыс істеп
кетуін тексеру егер басқа мерзімдер әзірлеуші зауытпен қарастырылмаған болса айына 1
реттен жиі емес жүргізілуі тиіс.
5.16 Қызметті бақылауды қамтамасыз ету
5.16.1 ЖАК жалпы күйі үшін жауапты тұлға, бас энергетик, бас инженер болып
табылады, егер ЖАК үлкен энергетикалық шаруашылыққа жатқызылса қазандық
директоры жауапты болады.
5.16.2 ЖАК-қа жұмысын тәулік бойы басқару қамтамасыз етілуі керек, оның
тапсырмалары мыналар:
- белгіленген жұмыс режимдерін жүргізу;
- жұмыстағы бұзушылықтар мен бас тартуларды жою және жерлендіру және жұмыс
режимдерін қалпына келтіру;
- жұмыс орындарын жөндеу жұмыстарына дайындау, ауыстырып қосу, іске қосу,
тоқтатуларды жүзеге асыру;
- НТҚ сәйкес жабдықтың пайдаланылуын ұйымдастыру;
- еңбек өнімділігін арттыру, жылу энергиясын іске асыру мен өндірістің өзіндік
құнын төмендету.
5.16.3 ЖАК тұтынушы мен жабдықтаушы арасында жауапкершілікті бөле отырып
келісім-шарттар жасалуы керек:
- жұмыстарға тартқан жағдайда жөндеу ұйымдары және орталықтандырылған
монтаждау ұйымдарымен келісім-шарт жасалуы керек;
- ЖАК жұмысын жедел-кезекші немесе жедел-жөндеу қызметшіні басқаруы тиіс;
- кезекшінің жайы қажетті жабдық пен құрал-сайман және байланыс құралдарымен
жабдықталуы тиіс;
- кезекші қызметші ауысыммен жұмыс жасайды. Ауысымды қабылдау мен тапсыру
журналда ресімделеді. Қабылдаушылар жұмыстар ауқымы мен жабдықтың күйі,
өндірістік ғимаратпен танысады.
5.16.4 Кезекші міндетті:
- жабдықтың сенімді жұмысын қамтамасыз ету;
- жедел журналда жазба жүргізу;
- жұмыстың қалыпты жұмысын қалпына келтіру бойынша шараларды өздігінен
қабылдау.
5.16.5 Қазандықтың қызмет көрсетуі бойынша жұмыстар тізімі:
- бекітпе және реттеуіш арматураның күйін бақылау;
35
- манометрдің дұрыстығын күн сайын тексеру және оның көрсеткіштерін нөлге
апару.
- су өлшеу шыныларының әрекетінің үрлеу арқылы дұрыс жұмыс істеп тұрғандығын
тексеру;
- газ құбырлары мен газ арматурасының тығыздығын тексеру, ауысымына бір рет
газдың кемуін тексеруді жүзеге асыру;
- қазанның айналдыра қарау күйін, өтетін жолдар мен люктердің тығыздығын
бақылау. Қарау кезінде қадағалау;
- жүйелі түрде сорғылар жұмысын, электр қозғалтқыш статорларының
температурасын, подшипниктерді тексеріп тұру керек. Үзіліссіз автоматты мониторинг
жоқ кезде, 2 сағат сайын жедел журналда бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін
жазуды жүзеге асырады.
6 ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ
*6.1 ЖАК ғимараттары, үй-жайлары мен құрылыстары
«Өрт қауіпсіздігіне
қойылатын жалпы талаптарª техникалық регламентінің, ҚР ҚН 2.02-01 талаптарына,
сондай-ақ өндірістік, тұрғын, қоғамдық және әкімшілік-тұрмыстық ғимараттардың,
өнеркәсіптік кәсіпорындар ғимараттарының құрылыс нормаларының өртке қарсы
талаптарына сәйкес болуы керек.
Кіріктірілген, жапсарлас салынған және сондай-ақ шатырлы ЖАК жылумен
жабдықтау үшін ЖАК арналған ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс нормаларының
өртке қарсы талаптарына сәйкес болуы керек (Өзгерт.ред. - ҚТҮКШІК 01.04.2019 ж.
№46-НҚ бұйрық).
6.2 Жеке тұрған, жапсыра салынған және кіріктірме ЖАК ғимараттарын СО және С1
өрт қаупі классының өртке төзімді ІІІ дәрежесі, СО өрт қаупінің отқа төзімділігінің І және
ІІ дәрежесімен орындау керек. Жеке тұрған ЖАК, төзімділігі бойынша екінші санатқа
жатқызылатын, Со, С1 және С2 өрт қаупінің отқа төзімділік класының IV дәрежесімен
орындала алады.
Шатырлы ЖАК құрылымы өздері орнатылатын ғимараттыкіндей отқа төзімділік
дәрежесіне ие болуы керек, бірақ СО өрт қауіпінің классы болуы керек және отқа
төзімділіктің ІІІ дәрежесінен төмен болмайды.
Кіріктірме ЖАК ғимараттың сыртқы қабырғасы жағынан орнату керек .
6.3 Кіріктірме ЖАК құрылғысы СО өрт қаупінің класстарының отқа төзімділіктің І
және ІІ дәрежелі ғимараттарында рұқсат етіледі. ЖАК жапсыра салуға СО және С1 өрт
қаупінің класстарының отқа төзімді ІІІ және IV дәрежелерімен өндірістік жайларға СО өрт
қаупінің классының отқа төзімділігінің І және ІІ дәрежелі ғимараттарына рұқсат беріледі.
6.4 Ғимараттың өндірістік және қойма жайларын (Ф5 классты) жеке тұрған, жапсыра
салынған, кіріктірме және шатырлы ЖАК рұқсат етіледі. Сонымен бірге жапсыра
салынған ЖАК-тарда қазандық залдары көлденеңнен қазандық залдың қабырғасынан
жақын жердегі ойыққа дейінгі қашықтық 2 м кем емес, ал ЖАК жабынынан жақын
ойыққа дейінгі қашықтық тігінен 8 м кем емес қабырғалардың жанында орналастырылуы
керек.
36
6.5 Шатырлы ЖАК өрт қаупі бар және жарылыс қаупі бар А және Б санатты
қоймалар мен өндірістік жайлар үстінде салуға рұқсат етілмейді.
6.6 Шатырлы, кіріктірме және жапсыра салынған ЖАК жанатын материал, тез
жанатын және жанар-жағар май сұйықтары, сондай-ақ жанатын орамдағы
материалдардың қоймаларына салуға рұқсат берілмейді.
6.7 Тұрғын үй ғимараттарын жылумен жабдықтау үшін (Ф1 классы) жеке тұрған,
жапсыра салынған және шатырлы ЖАК салуға болады. Шатырлы ЖАК мансардты немесе
ғимараттағы шатырлы бөлігіне салуға болады. Сонымен бірге ЖАК өзінің қоршау
құрылымдарына ие болуы керек.
Кірістік подъезд жақтан жапсыра салынған ЖАК орналастыруға болмайды.
ЖАК орналастырылатын қабырғада, ЖАК қабырғасына дейін тұрғын үй жайының
жақын жердегі терезесінен көлденеңнен қашықтық 4 м кем болмауы керек, ал ЖАК
жабынынан жақын орналасқан терезеге дейінгі қашықтық тігінен алғанда 7 м кем емес
болуы тиіс.
Шатырлы ЖАК тұрғын үйлердің жабындарына тікелей орнатуға болмайды, сондай -
ақ аралас тұрғын үйлермен қатар салуға болмайды.
6.8 Қоғамдық, әкімшілік және тұрмыстық ғимараттарды жылумен қамтамасыз ету
үшін (класс Ф2, ФЗ және Ф4) жеке тұрған, кіріктірме, жапсыра салынған және шатырлы
ЖАК жобалауға рұқсат беріледі.
Ғимараттың басты қас беті жағынан жапсыра салынған ЖАК орналастыруға
болмайды.
ЖАК орналастырылатын жағынан қабырғада, жақын тұрған терезеден қабырғаға
дейін қашықтық ЖАК көлденеңнен 4 м кем емес, ал ЖАК жабынынан жақын жердегі
терезеге дейін тігінен 8 м кем болмауы тиіс.
Кіріктірме және шатырлы ЖАК онда 50 адамнан астам бірмезгілде болуымен
жайлардың үстінен және астынан, аралас орналастыруға болмайды.
6.9 Кіріктірме, жапсыра салынған және шатырлы қазандықтарды функционалды өрт
қаупі бойынша ғимараттардың келесі жайларымен аралас немесе жабынған
орналастыруға рұқсат берілмейді:
а) Ф 1.1.классының
- топтық, шешінетін, жатын, дәретхана, буфет, музыка және гимнастика залдары,
дәліздер, баланы жүзуге үйретуге арналған бассейн жайлары, балалар мектепке дейінгі
мекемелері;
- сыныптық жайлар, оқу кабинеттері мен шеберханалар, зертханалар, үйірме
жайлары, мәжіліс залдары, мәдени-бұқаралық және спортық-сауықтыру жайлары,
асханалардың түстік ас ішетін орындары, жатын бөлмелері мен мектеп-интернаттардың
жатын корпустары;
- жатын жайлары (тұрғын үй), мәдени-бұқаралық мәні бар жайлар, мүгедектер мен
кәрілер мамандандырылған үйлері (пәтер емес);
- науқастарға арналған палатар мен емхана кабинеттері.
б) Ф1.2. классының
- тұрғын үй бөлмелері, мәдени-бұқаралық және спорттық сауықтыру жайлары,
мейрамханалар, дәмханалар мен асханалардың түстік ішетін орындары, мейманханалар
37
мен жатақханалар.
в) Ф 4.1.классының
- сыныптық жайлар, оқу кабинеттері мен шеберханалар, зертханалар, үйірме
жайлары, мәжіліс залдары, мәдени-бұқаралық және спорттық-сауықтыру жайлары,
мектептегі асханалардың түскі ас ішетін жерлері, мектептен тыс оқу ғимараттары, орташа
арнайы оқу мекемелері, кәсіби техникалық училищеле.
г) Ф 4.2. классының
- дәрісханалар, оқу кабинеттері, зертханалар, мәдени-бұқаралық және спорттық-
сауықтыру жайлары, асханалардың түскі ас ішетін жерлері, буфетер мен жоғарғы оқу
орындарының дәмханалары және біліктілікті арттыру мекемелері.
6.10 Кіріктірме қазандықтарды адамдардың жаппай болатын жайларының үстіне
немесе астына орналастыруға рұқсат берілмейді (көрермен залдары мен фойе, сауда
дүкен жайлары, асханалар, мейрамханалар, дәмханалар, моншалардың шешінетін
жайлары, душ және тағы басқалары).
6.11 Кіріктірме және жапсыра салынған ЖАК-тан шығатын жерлерді негізгі
ғимараттың сатысы арқылы немесе сыртқа қарай тікелей қарастырған дұрыс.
Кіріктірме ЖАК ішінен бір эвакуациялық шығатын жер қарастыру керек (екіншісін
салмай), оның ішінде егер анағұрлым қашықтағы жұмыс орынынан сыртқа шығатын
жерге немесе сатыға қашықтық 25 м аспайтын болса, дәліз немесе саты арқылы.
Кіріктірме ЖАК үшін сатылар марштарын, осы марштарды 0,75 ч кем емес отқа
төзімділік шегі бар жабындармен және жанбайтын қоршаулармен сатының қалған
бөліктерінен бөле отырып, жалпы сатылардың габариттеріне орналастыруға рұқсат
беріледі.
Шатырлы ЖАК үшін қарастыру керек:
- ЖАК-тан тікелей шатырға шығу;
- негізгі ғимараттан шатырға марш сатысы бойынша шығу выход;
- 10 пайыздан астам шатырдың иілуі кезінде ЖАК периметрі бойынша және ЖАК
дейін жабынға шығатын жерден 1,5 м кем емес биіктігі бар сүйеніштермен, 1 м ені бар
жүретін кішкентай мінбені қарастыру керек.
6.12 Қазандар бар ЖАК жайларында, жайдың еркін ауқымынан
1 м3 ге
0,03
м2 есебімен жеңіл лақтырылатын қоршау конструкцияларын қарастыру керек.
6.13 Шатырлы ЖАК 55 м дейін қоса жоғарғы қабатының орналасқан биіктігімен
ғимараттармен жабдықтала алады. Шатырлы ЖАК ғимаратты жабдықтау мүмкіндігі
жоғарғы қабатынан орналасудың 55 м астам әр нақты жағдайда Қазақстанның ТЖМ
келісімі бойынша шешіледі.
Шатырлы ЖАК бір қабатты етіп орындаған дұрыс.
6.14 Шатырлы ЖАК астында шатыр жабыны және олардың қабырғаларынан 2 м
қашықтықта жанбайтын материалдардан орындалуы керек немесе
20 мм ем емес
қалыңдығы бар бетон тартпамен жанудан қорғалуы керек. ЖАК едені 10 см дейін су құю
биіктігіне есептелген гидрооқшаулауға ие болуы керек.
6.15 Кіріктірме және шатырлы ЖАК шатыр мен аралас жайлардан 3 типті өртке
қарсы жабындармен, 1 типті өртке қарсы қоршаулармен және 2 типті өртке қарсы
қабырғаларымен бөлінуі керек.
38
Жапсыра салынған ЖАК негізгі ғимараттан 2-ші типті өртке қарсы қабырғамен
бөлінуі керек
(негізгі ғимараттың қабырғасы ЖАК ғимаратының қабырғасы бола
алмайды). Сонымен бірге өртке қарсы сондай-ақ ЖАК жапсыра салынатын ғимараттың
қабырғасы табылады. ЖАК жабыны КО төмен емес құрылыс конструкциясынан өрт
қаупінің класс материалынан орындалуы керек.
6.16 ЖАК ғимаратына қызмет көрсететін қызметшінің кіріктірме жайларын 3 типті
өртке қарсы жабындармен және 1 типті өртке қарсы қоршаулармен өндірістік жайлардан
бөлу керек.
6.17 Жеке тұрған және жапсыра салынған ЖАК, сондай-ақ кіріктірме ЖАК-қа
кіретін жағынан ірі габаритті жабдықтарды жинау мен бөлшектеу үшін механизмдерді
айналдыру үшін алаң мен қатты жабынды өтетін жолдарды қарастыру керек.
*6.18 ЖАК өрт сөндіру жүйелері мен құралдарын «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын
жалпы талаптарª техникалық регламентінің, ҚР ҚН
2.02-01 және осы Ережелер
жинағының талаптарына сәйкес жобалаған жөн (Өзгерт.ред. - ҚТҮКШІК 01.04.2019 ж.
№46-НҚ бұйрық).
*6.19 ЖАК үй-жайлары автоматты өрт сигнализациясының жүйесімен жабдықтау
01.04.2019 ж. №46-НҚ бұйрық).
7 ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУ, РЕСУРСТЫ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯЛЫҚ
ТИІМДІЛІКТІ КӨТЕРУ
7.1 ЖАК-ты жобалау кезінде энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
мақсатында «Энергиялық тиімділікті арттыру және энергияны үнемдеу туралыª Қазақстан
Республикасының Заңының талаптарын сақтау қажет.
Бастапқы шаралар ретінде ISO 50001 - 2011 сәйкес энергия менеджментінің жүйесін
енгізу керек.
7.2 Отынды жылдық тұтынуға байланысты бастамашылық ете отырып немесе
«Энергиялық тиімділікті арттыру және энергияны үнемдеу туралыª 2012 жылғы 13
қаңтардағы №541-IV Заңына сәйкес энергетикалық зерттеуді жүргізу қажет.
7.3 Энергиялық менеджменттің жүйесіне сәйкес ISO 50001 - 2011 ЖАК энергиялық
тиімділігін арттыру мен энергиялық ресурсты үнемдеу бойынша келесі ұсыныстар
жасалуы мүмкін:
а) Рекуперативті және регенеративті жанарғыларды пайдалану ( бұрылатын газ
жылуының есебінен ауаны жану камерысана берілетінді қыздыруға мүмкіндік береді);
б) Жану режимдерін автоматтандыру (отын-ауа оңтайлы ара қатынасын ұстау);
в) Жалынсыз көлемді жандыруды пайдалану;
г) Қайнап жатқан қабатта қатты отынды жандыру;
д) Түтінді жою жүйесінің бұратын газдарының жылуын рекуперациялау. Ағынды
ауа немесе бастапқы суды қыздыру;
е) Қазанды үрлеу шамасын минимизациялау;
ж) Газ турбиналық қондырғыларымен бу қазандары немесе қолданыстағы суды
қыздыратын қазандарды келтіру;
и) Тот басудан қазанның ішкі беттерін магнитті стрикциялық тазалау;
39
к) Тығыздық еместік пен жарықтары арқылы газ бұрыстарында ауаның сорылуын
болдырмау;
л) Қазанға конденсатты қайтару және жинау;
м) Деаэраторлардағы қорек суын алдын ала қыздыру үшін экономайзерлерді
пайдалану;
н) Қазан агрегаттарында бу шығаруды қайтадан пайдалану. Бу ағын инжекторларын
қолдану;
п) Жылу тасушысы температурасы негізделген режимдерін пайдалану;
р) Жылу энергиясы мен электр энергиясын шығару үшін магистральды газдың
қысымын төмендету кезінде шығарылатын энергияны пайдалану;
с) Когенерация. Жылу және электр энергиясының бірлесе шығарылуы;
т) Р ГТУ баптауы мен шағын ТЭЦ қазанның реконструкциясы;
у) Тригенерация. Электр, жылу энергиясы, суықтың бірлескен шығарылымы;
ф) Объектінің деңгейінде реактивті қуаттылықтың компенсациясы;
х) Энергияны үнемдейтінге асинхронды электр қозғалтқыштарын ауыстыру;
ц) Қара май қазандықтарын су-қара май эмульсиясына ауыстыру.
8 ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУДІҢ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУҒА
БЕРУДІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
8.1 Пайдалануға берудің тәртібі
8.1.1 ЖАК пайдалануға қабылдау және пайдалануға дайындау кезінде осы Ережелер
Жинағы мен «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметі
туралыª ҚР Заңдары талаптарын басшылыққа алу керек.
8.1.2 Пайдалануға әзірленген және бекітілген жобалау құжаттамасына сәйкес
монтаждау мен құрылыспен аяқталған, ЖАК тапсырыс берушімен мемлекеттік қабылдау
комиссиясына қойылады.
8.1.3 ЖАК, толықтай жұмыс күйінде пайдалануға тапсырыс берушіге тапсырылатын
әзірленген және құрылыспен аяқталған
(кілт астына) тапсырыс берушімен бірлесе
мердігермен мемлекеттік қабылдау комиссиясына қойылады.
8.1.4 Кіріктірме, жапсыра салынған және шатырлы ЖАК екі кезеңге қабылданады:
а) іске қосу-жөндеу жұмыстарына;
б) тұрақты пайдалану (іске-жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін).
8.1.5 ЖАК мемлекеттік қабылдау комиссиясына қойылғанға дейін, тапсырыс
берушімен тағайындалған жұмыс комиссиясы тиісті:
ЖАК жобалау құжаттамасына сәйкестігін тексеру;
Стандарттар мен ережелер және құрылыс нормаларының талаптарына құрылыс-
монтаждау жұмыстарының сәйкестігін тексеру;
берілген техникалық шарттарға ЖАК инженерлік қамтамасыз ету сәйкестігін
тексеру;
жабдықтың кешенді сынамалау мен сынаудың нәтижелерін тексеру;
қауіпсіздік техникасының талаптарына сәйкестікте еңбек талаптарының
40
шарттарын қамтамасыз ету бойынша шаралардың орындалуын тексеру;
жобалау деректеріне сәйкестікке көміртек оксиді мен азоттың диоксидінің
бақылау өлшемдерін жүргізу;
қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі, жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету
бойынша шараларды тексеру;
нысан бойынша құрылған акт бойынша кешенді сынамалау үшін тапсыру үшін
жеке сынамадан кейін жабдықтарды қабылдауды жүргізу;
нысан бойынша құрылған акт бойынша кешенді сынамадан кейін жабдықты
қабылдауды жүзеге асыру;
ЖАК ғимарат құрылымы мен жеке тораптарды тексеру және мемлекеттік
қабылдау комиссиясымен талап ету үшін қабылдау.
8.1.6 Тексеру нәтижелері бойынша жұмыс комиссиясы Мемлекеттік қабылдау
комиссиясымен талап қою үшін ЖАК дайындығы туралы орнатылған нысан бойынша акт
құруы керек.
8.1.7 Жұмыс комиссиясына ұсынуға арналған құжаттама:
осы жұмыстарды орындауға тікелей жауапты жұмысшылардың тектері мен
орындалатын жұмыстардың түрлерін көрсете отырып құрылыс-монтаждау және іске қосу-
жөндеу жұмыстарын жүзеге асыруға қатысқан ұйымдардың тізімі;
енгізілген
(қажеттілікке қарай) өзгерістер есебімен осы құжаттаманың
жұмыстарының орындалу сәйкестігі туралы жазулармен ЖАК құрылысына техникалық
құжаттама, жобалау ұйымымен әзірленген жиынтық. Сызбалардың көрсетілген жиынтығы
орындаушы жобалау құжаттамасы болып табылады;
құрылыс-монтаждау жұмыстарын іске асыру кезінде қабылданған жабдық,
материалдар, құрылымдар мен бөлшектердің сапасын растайтын сертификаттар,
техникалық паспорттар немесе басқа да құжаттар;
жеке жауапты құрылымдарды аралық қабылдау туралы жасырын жұмыстарды
куәландыру туралы актілер;
жабдықтар мен бұйымдарға техникалық сипаттама мен паспорттар (қазақ және
орыс тілдеріне аудара отырып жабдықтар мен импортты бұйымдар үшін);
дренажды құрылғы, желдету мен жылыту, газбен жабдықтау, кәріз, ыстық және
суық сумен жабдықтаудың ішкі жүйелерінің, технологиялық құбырлары, монтаждалған
жабдықтардың жеке сынамасы туралы актілері;
жобаға сәйкес құрылыс құрылымдары арқылы өткізу орындарында инженерлік
коммуникацияларды шығару мен кіргізу саңылауын орындау туралы актілер;
электр желілері мен электр қондырғыларын сынау туралы актілер;
диспетчерлік, дабыл, автоматтандыру құрылғыларының сынау туралы актілері;
жарылыс қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі мен найзағайдан қорғауды қамтамасыз
ететін құрылғылар сынаулары туралы актілері;
тас ғимараттардың тасушы қабырғаларын қалауда тіркелім беріктілігін сынау
туралы актілер;
жобалау ұйымының авторлық қадағалау және жұмыстарды жүзеге асыру
журналдары, тексеру мен зерттеу барысындағы материалдарды қадағалау органы
41
монтажы мен құрылысы;
ЖАК техникалық қызмет көрсетуге келісім-шарт;
орындалатын қызмет түріне лицензия.
8.1.8 В7 тармағында аталған құжаттама жұмыс комиссиясының жұмысы
аяқталғаннан кейін балансты ұстаушыға берілуі керек.
8.1.9 Қабылдағаннан кейін ЖАК дұрыс пайдаланғаны үшін жауапкершілік балансты
ұстаушыға жүктеледі, оның өкілі орнатылған тәртіптегі өкілеттіктермен расталған
Мемлекеттік қабылдау комиссия құрамында болуы керек.
8.2 Қауіпсіз пайдалануға берудің ережелері
8.2.1 Бу қысымы бар бу қазандықтарын қауіпсіз пайдалану мен құрылғысының
ережелері
0,07 жоғары емес, су қыздыратын қазандықтарының және суды
қызджырғыштардың қыздыру температурасымен 115 °C градустан жоғары емес;
8.2.2 0,07 МПа астам жұмыс қысымы бар қазандықтары үшін - бу және суды
қыздыру қазандықтарының қауіпсіз пайдалану мен құрылғы ережелері, 115 °C астам суды
қыздыру температурасымен автономдық экономайзерлер мен бу қыздыру қазандықтары,
астам жұмыс қысымы бар қазандықтары үшін;
8.2.3 Қазандықтардың желдету мен жылыту жүйелері ылғал, зиянды газ және
шаңның жойылуын қамтамасыз етуі керек, қолданыстағы құрылыстық нормалар мен
ережелердің талаптарына сәйкес келуі керек және келесі температуралы талаптарын
сақтау керек:
- қызмет көрсететін қызметшінің болатын аймағында қысқы уақытта ауаның
температурасы 12 °C төмен болмауы керек;
- жазда 5 °C астамға сыртқы ауаның температурасынан аспауы керек;
8.2.4 Қазандық жайы күндізгі жарықпен жеткілікті түрде жабдықталуы тиіс, ал түнгі
уақытта - электр жарығы болуы керек. Техникалық себептермен күндізгі жарықпен
жабдықтау мүмкін болмайтын жерлер, электрлік жарыққа ие болуы қажет;
8.2.5 Қазандықтағы жарық қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелердің
талаптарына сәйкес келуі керек;
8.2.6 Жұмыс жарығынан басқа қазандықта қазандықтағы жалпы электр желісіне
тәуелді емес қуат көзінен апатты электрлік жарық болуы тиіс;
8.2.7 Келесі жерлер апатты электрлік жарықтың міндетті жабдықталуына
жатқызылады:
- қазандық фронты, сондай-ақ қазандықтар арасындағы, артындағы және үстіндегі
өту жолдары;
- жылу қалқандары және басқару тетіктері;
- суды көрсеткіш және өлшеу құралдары;
- күлді жайлар;
- желдеткіш алаңы;
- түтін соратын алаңшық;
- деаэраторлар мен бактарға арналған жайлар;
- қазандық сатылары мен алаңдар, сорғы жайы.
42
8.2.8 250 кв дейінгі қазандық алаңдары үшін, апатты электрлік жарық ретінде
тасымалданатын электрлік шамдарды қолдануға рұқсат беріледі;
8.2.9 Дабыл бергіштің ескерту бояуы мен қазандық жабдықтарда қолданылатын
қауіпсіздік белгілері, қолданыстағы мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес
келуі керек. Бояу тоқ жүретін бөліктерге жағылуы керек, сондай-ақ қыздыру жоғары
температурасына ие үстірт беттерге жағылуы керек;
8.2.10 Қазан түсі, қазандық жабдықтар, қосалқы құрылғылар, құбырлардың бояу түсі
қолданыстағы мемлекеттік стандарттарға сәйкес келуі керек;
8.2.11 Қазандық жабдықтардың бөлшектерін жөндеу мен реттеу және қарау кезінде
қолданылатын түрлі құрылғылар, қақпақ, кішкентай люктер және ажыратқыштың басқа
орындарында бояумен тығыздауға жол берілмейді;
8.2.12 Қазандықтардың бірінші қабатының еден деңгейі қазандықтардың ғимаратына
жанасып жатқан аумақтың деңгейінен төмен болмау керек;
8.2.13 Қазандық жай ішінен шығатын есіктер сыртқа қарай ашылуы керек және
қазандықтан бекіткіштері болмауы керек;
8.2.14 Қазандық жайдан шығатын есіктердің барлығы қазан жұмысы кезінде
жабылмауы тиіс;
8.2.15 Қазан жабдықтарының құрылымы қызметтің мерзімі ағымында монтаждау,
сынау, жөндеу және пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек;
8.2.16 Қоршау есіктері мен қаптамалары жабық күйінде сенімді белгілеу үшін
құралдармен жабдықталуы тиіс;
8.2.17 Қазандағы су деңгейінің көрсеткіштері жазық, тегіс немесе 8 мм кем емес ені
бар көрінетін тесікті шыныдан айқын рифлерлі болуы тиіс;
8.2.18 Қазандағы су деңгейінің көрсеткіштері тікелей әсерде болуы керек және 30
астам емес бұрыш астында алға қарай иіле отырып 2 см астам биіктікте, тік күйінде
орнатылуы керек;
8.2.19 Қазанда қазандықтың сағаттық өнімділігінен кем емес жалпы өткізу
қабілеттілігі бар екі бу сақтандырғыш қақпақтарынан кем емес болып орнатылуы керек;
8.2.20 Сақтандыру қақпақтары қазанның жұмысы кезінде қызмет көрсететін
қызметшімен мүмкін жанасудан қақпақтарын қоршауға ие болуы керек. Қақпақтар бояуы
термоберік эмальмен жүзеге асырылады, қоршау бояуы - қолданыстағы мемлекеттік
стандарттардың талаптарына сәйкес дабылды қызыл түске боялады;
8.2.21 Қазан орнатылған жай ішіне жеңіл жанатын сұйық отынмен бактерді, сондай-
ақ жанар жағар май қорын орнатуға рұқсат берілмейді;
8.2.22 Сұйық отынды жанжыру кезінде, қазандық еденіне отынның түсу мүмкіндігін
болдырмайтын отынның форсункаларынан шығатын бұру жолы қарастырылуы керек;
8.2.23 Сұйық отынның құбырларында тоқтату үшін бекітпе бұрандалары орнатылуы
керек, қазанға отынның берілуі қажеттілігіне қарай;
8.2.24 Қазандықтарда буды тұтыну орындары бар қазандық байланыстары мен
жанар-жағар май қоймасы, мұнай базасы басшылығының өкілдерінің шұғыл
жағдайларында шақыру үшін сағат, телефон немесе дыбыстық дабылнама болуы тиіс;
8.2.25 Барабан, камера немесе қазан коллекторының жалпы құбырлар және басқа
жұмыс істеп тұрған қазандар ішінде қандай да бір жұмысты бастамас бұрын, сондай-ақ
43
адамдардың буға күйіп қалу қаупі кезінде, қысыммен жұмыс істейтін элементтерді
жөндеу немесе қарау алдында, қазан бітеуіштермен барлық құбырлардан бөлінуі керек
немесе ажыратылуы тиіс;
8.2.26 Аадамдарды қазан ішіне кіргізу орнатылған тәртіппен ресімделген
рұқсаттама-наряд бойынша тек 60 С астам емес температура кезінде жүзеге асырылуы
керек;
8.2.27 Газ өтпелеріндегі адамдардың жұмысы жұмыс орны желдетілгеннен кейін
және жұмыс істеп тұрған қазандардан газ бен шаңнын енуінен сенімді қорғалғаннан кейін
ғана
60 °C астам емес температура кезінде жұмыс істеуге рұқсат беріледіОл үшін
бітеуіштер құлыпқа тығыздала отырып жабылуы керек және уақытша кірпіш қабырғалар
қойылады;
8.2.28 Оттықтағы адамдардың болуы (газ өткізгіш) 50 - 60 °C температурасы кезінде
20 минуттан аспауы тиіс;
8.2.29 Ысырма, бітеуіш жұмыстарында құбырлар, бу өткізгіштері, газ өткізгіштері
мен газ жолдары, сондай-ақ іске қосу түтін сорғы құрылғылары, үрлегіш желдеткіштер
мен отын қуатының тиісті учаскелерін ажырату уақытында плакаттар ілінуі тиіс:
"Ажыратуға болмайды - адамдар жұмыс істеп жатыр ", сонымен бірге отын көзінде,
үрлегіш желдеткіштерінде, түтін сорғыш іске қосу құрылғыларында балқыма ендірмелері
алынып тасталуы керек;
8.2.30 Бу мен ыстық суды алу технологиясына немесе қазан жабдығының жөндеу,
қызмет көрсетуіне тікелей қатынасы жоқ, құралдар мен машиналар экономайзерлер мен
қазандарымен бір жай ішінде орнатуға тыйым салынады;
8.2.31 Қазан жұмысы кезінде рұқсат берілмейді:
- қазанды атмосфералыққа дейін қысымды азайту мен отындағы жану тоқтағанға
дейін қараусыз қалдыруға болмайды;
- қысым астындағы қазанның элементтерін жөндеудің қандай да бір жұмыстарын
жүргізуге;
- кезекшіліктегі машинистке
(от жағушы), қазанның қандай да бір жұмыстары
кезінде өндірістік нұсқаулықпен қарастырылмаған басқа тапсырмаларды орындауға.
8.2.32 Жұмыс істемейтін немесе ақаулығы бар арматура, қуат құралдары, апатты
қорғау мен дабылнама құралдарымен қазандық жұмыстары және жұмыстарға рұқсат
берілмейді;
8.2.33 Апатты тоқтату кезінде қауіпсіздік мақсатында қазанды тоқтату үшін келесі
шараларды қабылдау керек:
- ауа мен отынның берілуін тоқтату, тартымды тез босату керек;
- оттықтан жанып жатқан отынды қалай жылдам алып тастауға болады. Ерекше
жағдайларда, бұны жасау мүмкін болмаған кезде, жанып жатқан отынға су құюға болады,
бұл кезде су ағыны қазандық қабырғаларына тиіп кетпеуі керек;
- оттықтағы жану тоқтағаннан кейін, оттықта түтін жапқышын бірнеше уақытқа
ашып қою керек, ал қол оттықтарында - оттық есіктерін ашып, буды апатты шығару
желдеткіш немесе сақтандырғыш қақпақтары арқылы шығару керек.
Қазан тоқтаған кезде отынға ауа мен отынның берілуін тез арада тоқтату қажет,
түтін сорғыштар мен желдеткіштерді тоқтата отырып, тартымды тоқтату қажет, және газ
44
жапқыштары мен әуе жапқыштарын жауып тастау керек;
8.2.34 Қазандық жайда өрт пайда болған жағдайда өрт күзетін шақыру керек және
қазандарды бақылауды тоқтатпай, оны өшіруге барлық шараларды қабылдау қажет;
8.2.35 Газ тәрізді отында жұмыс істейтін қазандары бар қазандық жайлары ішіндегі
өрт кезінде, қазандық жайдан тыс орнатылған ысырманың көмегімен қазандықтың газ
құбырын тез арада ажырату керек;
8.2.36 Егер қазандарға қауіп төндірсе және оны тез арада өшіру үшін атмосфераға
буды шығара отырып, оларды сумен қоректендіре отырып, апатты тәртіптегі қазандарды
тоқтату керек (жайдан тыс);
8.2.37 Пайдаланудағы экономайзерлер мен бу қыздырғыштары, қазандықты
қадағалау органдарында тіркелген қазандарды жүйелі техникалық куаландыру келесі
мерзім ішінде қазанды қадағалау инспекторымен жүзеге асырылады:
- ішкі қарау - 4 жылда бір реттен жиі емес;
- гидравликалық сынау - 8 жылда бір реттен жиі емес.
8.2.38 Гидравликалық сынау алдында міндетті түрде ішкі қарау жүргізілуі керек;
8.2.39 Қазандықтарда жабдықты ағымдағы жөндеу, арматуралау, реттеу мен бақылау
құралдарын жөндеуді жүзеге асыру үшін жайлар немесе жөндеу учаскелерін қарастыру
керек;
8.2.40 Қызмет көрсететін қызметші үшін ғимаратта санитариялық ережелерге сәйкес
тұрмыстық жайлар жабдықталуы керек;
8.2.41 Қазан мен қазандық жабдықтарды пайдалануға ешқандай қатысы жоқ
тұлғалар, қазандық жайға жіберілмейді.
9 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
9.1 Құрылыстың жұмыс құжаттамасы немесе жобаны әзірлеу сатысында ЖАК келесі
ішкі тарауларымен «Қоршаған ортаны қорғауª тарауының жеке томы түрінде міндетті
ресімделуі керек:
- қоршаған ортаның ауаны ластанудан қорғау;
- ластану мен тозудан жер асты және үстірттік суды қорғау;
- өнеркәсіптік қалдықтарды бақылау;
- жеке факторларды зиянды әсерден қорғау.
9.2 Жоба алдындағы және жоба шешімдері, сондай-аққоршаған ортаны қорғау
бойынша ұсынылатын шаралар экология мен құрылыс бойынша қолданыстағы нормативті
құжаттар мен «Қазақстан Республикасы экологиялық кодексіª талаптарына жауап беруі
керек және бар экологиялық балансты бұзатын факторлардың нормативті мәнін
қамтамасыз етуі керек.
*9.3
«Қоршаған ортаны қорғауª деген бөлімді әзірлеу кезінде ҚР ҚН 2.04-02,
«Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарª
Санитариялық қағидаларының, Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық
ауаға қойылатын гигиеналық нормативтердің, ЖОНҚ-86 талаптарын басшылыққа алуы
керек (Өзгерт.ред. - ҚТҮКШІК 01.04.2019 ж. №46-НҚ бұйрық).
9.4 Атмосферада зиянды заттарды тарату есебі кезінде бөлінетін залалды
45
лақтырынды мөлшерін сынау хаттамаларымен расталған қазандықтарды әзірлеуші
зауыттардың
(фирмалар) деректері бойынша қабылдау керек.
Осы деректерді
ұсынбайтын әзірлеушінің жабдығын қолданбау керек. Жабдық орнатылған техникалық
нормативтермен лақтырындылардағы ластау заттарының құрамын растайтын
сертификаттары болуы тиіс.
9.5 Егер орналастырылатын көзінің салымы шекті қолжетімді нормасының
0,1
үлесінен асқан жағдайда, зиянды қалдықтардың фонды концентрациясынан асуы орын
алса, аудандардағы ЖАК құрылысы мен жобалауға рұқсат берілмейді.
9.6 ЖАК барлық жабдық жұмысынан жақын жердегі тұрғылықты жайлардан енетін
діріл мен шу деңгейлері күндізгі және түнгі уақытқа санитариялық нормалармен
белгіленген мәндерінен аспауы керек.
*9.7 ЖАК жобалау кезінде «Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптарª Санитариялық қағидаларының талаптарын қамтамасыз ету
үшін жабдықтың
(қазандардың, сорғылардың, желдеткіштердің, құбырлардың) және
қалқымалы еден құрылғысының дірілді оқшаулау мүмкіндігін қарастыру қажет
(Өзгерт.ред. - ҚТҮКШІК 01.04.2019 ж. №46-НҚ бұйрық).
9.8 Қоршау құрылымдары
(қабырғалар, еден, төбе, терезелер, есіктер, люктер,
желдетпе торлары және т.б.) рұқсат етілген ҚР ҚН
2.04-02 деңгейлеріне дейін
тұрғылықты, қоғамдық және өнеркәсіптік ғимараттардың жақын уақытта қазандықтан
таратылатын әуе шуын азайтуды қамтамасыз етуі керек.
ӘОЖ 697.7:621.36
МСЖ 01.120: 91.040.01
Түйін сөздер: жеке тұрған ЖАК; жапсыра салынған ЖАК; шатырлы ЖАК; ЖАК
биомассада; күн сәулелі ЖАК; жылуға жүктеме; ыстық сумен жабдықтауға жүктеме; ауа
алмастыруға жүктеме; отын; энерготасымалдаушы; ЖАК жылугидравликалық сұлбалары;
қазандық; су жылытқыш; желілік сорғыш, рециркуляциялық сорғыш.
46
содержание .. 1 2 ..
////////////////////////// |
||
|
|
|