СП РК 1.03-102-2014 ПРОДОЛЖИТЕЛЬНОСТЬ СТРОИТЕЛЬСТВА И ЗАДЕЛ В СТРОИТЕЛЬСТВЕ ПРЕДПРИЯТИЙ (ҚР ЕЖ 1.03-102-2014) - 1

 

  Главная      Книги - Разные     СП РК 1.03-102-2014 ПРОДОЛЖИТЕЛЬНОСТЬ СТРОИТЕЛЬСТВА И ЗАДЕЛ В СТРОИТЕЛЬСТВЕ ПРЕДПРИЯТИЙ (ҚР ЕЖ 1.03-102-2014)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

   

 

   

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

 

СП РК 1.03-102-2014 ПРОДОЛЖИТЕЛЬНОСТЬ СТРОИТЕЛЬСТВА И ЗАДЕЛ В СТРОИТЕЛЬСТВЕ ПРЕДПРИЯТИЙ (ҚР ЕЖ 1.03-102-2014) - 1

 

 

 

 

 

 

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс 
саласындағы мемлекеттік нормативтер 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ 
 
Государственные нормативы в области 
архитектуры, градостроительства и строительства 
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

 
 

 
 
 

 
КӘСІПОРЫН, ҒИМАРАТ ПЕН ИМАРАТТЫҢ 
ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ҰЗАҚТЫҒЫ МЕН 
ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ БІТЕМЕ. II БӨЛІМ 

 
ПРОДОЛЖИТЕЛЬНОСТЬ СТРОИТЕЛЬСТВА И 
ЗАДЕЛ В СТРОИТЕЛЬСТВЕ ПРЕДПРИЯТИЙ, 
ЗДАНИЙ И СООРУЖЕНИЙ. ЧАСТЬ II 
 
 
 
ҚР ЕЖ 1.03-102-2014* 
СП РК 1.03-102-2014* 

 
 
Ресми басылым 
Издание официальное 

 

 
 

Қазақстан Республикасы 

Ұлттық

 экономика 

министрлігінің 

Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер 
ресурстарын басқару комитеті

 

 

Комитет по делам строительства, жилищно–коммунального 
хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства 
национальной экономики Республики Казахстан

 

 
 

Астана 2018 

ҚР ЕЖ 1.03-102-2014* 
СП РК 1.03-102-2014* 

II 

АЛҒЫ СӨЗ 

 

1 ӘЗІРЛЕГЕН: 

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ

 

2 ҰСЫНҒАН: 

Қазақстан 

Республикасы 

Ұлттық 

экономика 

министрлігінің

 

Құрылыс және тұрғын үй–коммуналдық 

шаруашылық  істері  және  жер  ресурстарын  баcқару 
комитетінің  техникалық  реттеу  және  нормалау 
басқармасы

 

3 БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ  
ҚОЛДАНЫСҚА 
ЕНГIЗIЛГЕН: 

Қазақстан 

Республикасы 

Ұлттық 

экономика 

министрлігі 

Құрылыс, 

тұрғын 

үй-коммуналдық 

шаруашылық  істері  және  жер  ресурстарын  баcқару 
комитетінің  014  жылғы  29-желтоқсандағы  №  156-НҚ 
бұйрығымен 2015 жылғы 1-шілдеден бастап 

 

Осы  мемлекеттік  нормативті  Қазақстан  Республикасының  сәулет,  қала  құрылысы  және 

құрылыс  істері  жөніндегі  Уәкілетті  мемлекеттік  органның  рұқсатынсыз  ресми  басылым  ретінде 
толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрлігі  Құрылыс  және  тұрғын  үй-

коммуналдық шаруашылық істері комитетінің техникалық және лингвистикалық тексеру жүргізу 
тапсырмасына (2016 жылғы 7 қарашадағы № 38-02-5-1542 хаты) сәйкес құжат мәтіні өзгертілді  

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-

коммуналдық  шаруашылық  істері  комитетінің  2017  жылғы  26  маусымдағы 

№131-НҚ  және                

 

2018 жылғы 1 тамыздағы №171-НҚ бұйрықтарына сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізілді 

 

ПРЕДИСЛОВИЕ 

 

1 РАЗРАБОТАН:  

АО  «КазНИИСА»

 

2 ПРЕДСТАВЛЕН: 

Управлением  технического  регулирования  и  нормирования 
Комитета по делам строительства и жилищно–коммунального 
хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства 
национальной экономики Республики Казахстан

 

3 УТВЕРЖДЕН И 
ВВЕДЕН В  
ДЕЙСТВИЕ: 
 

Приказом  Комитета  по  делам  строительства,  жилищно-
коммунального  хозяйства  и  управления  земельными 
ресурсами 

Министерства 

национальной 

экономики 

Республики Казахстан от «29» декабря 2014 года № 156-НҚ с 
1 июля 2015 года 

 

Настоящий  государственный  норматив  не  может  быть  полностью  или  частично 

воспроизведен,  тиражирован  и  распространен  в  качестве  официального  издания  без  разрешения 
Уполномоченного  государственного  органа  по  делам  архитектуры,  градостроительства  и 
строительства Республики Казахстан 

Текст  документа  откорректирован  в  соответствии  с  поручением  Комитета  по  делам 

строительства  и  жилищно-коммунального  хозяйства  Министерства  национальной  экономики 
Республики  Казахстан  (письмо  №  38-02-5-1542  от  7  ноября  2016 года)  по  технической  и 
лингвистической проверке 

Внесены  изменения  и  дополнения  в  соответствии  с  приказами  Комитета  по  делам 

строительства  и  жилищно-коммунального  хозяйства  Министерства  по  инвестициям  и  развитию 
Республики Казахстан от 26 июня 2017 №131-НҚ и 1 августа 2018  года№171-НҚ 

ҚР ЕЖ 1.03-102-2014* 

 

III 

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ ....................................................................................................................................... IV 
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ ................................................................................................................ 1 
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР ............................................................................................... 1 
3 ТЕРМИНДЕР, АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР ................................................. 1 
4 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР ................................................................................................................. 1 
5 КӨЛІК ҚҰРЫЛЫСЫ ................................................................................................................. 2 

5.1 Теміржол көлігі .................................................................................................................... 2 
5.2 Өзен көлігі ............................................................................................................................ 3 
5.3 Автомобиль көлігі ................................................................................................................ 3 
5.4 Жол шаруашылығы .............................................................................................................. 3 
5.5 Магистралды құбыр желісі  көлігі ..................................................................................... 4 
5.6 Көпірлер мен туннелдер ...................................................................................................... 8 
5.7 Мұнай мен мұнай өнімдері көлігі және мұнай өнімдері салаларын қамтамасыз ету ... 9 

6 БАЙЛАНЫС КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН САЛУ ........................................ 10 
7 ГЕОЛОГИЯНЫ ЖАЙЛАСТЫРУ НЫСАНДАРЫ ................................................................ 12 
8 САУДА ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ...................................................................... 12 
9 БЕЙӨНДІРІСТІК ҚҰРЫЛЫС ................................................................................................. 12 

9.1 Тұрғын ғимараттар............................................................................................................. 12 
9.2 Коммуналдық шаруашылық ............................................................................................. 14 
9.3 Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету ............................................................................... 16 
9.4 Ағарту және мәдениет ....................................................................................................... 17 
9.5 Денсаулық сақтау, дене шынықтыру және әлеуметтік қамсыздандыру ...................... 17 
9.6 Ғылыми мекемелер ............................................................................................................ 17 
9.7 Қалалық инженерлік имараттар ....................................................................................... 17 

10 НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ҰЗАҚТЫҒЫН ЖЕЛІЛІК ИНТЕРПОЛЯЦИЯ ЖӘНЕ 
ЭКСТРАПОЛЯЦИЯ ӘДІСІМЕН ЕСЕПТЕУ ............................................................................ 20 
11 ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ БІТЕМЕНІ ЕСЕПТЕУ ............................................................................ 22 
12 ҚР ЕЖ «КӘСІПОРЫНДАР, ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАР 
ҚҰРЫЛЫСТАРЫНЫҢ ҰЗАҚТЫҒЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ БІТЕМЕ. ІІ-БӨЛІМ»-ДЕ 
ТІКЕЛЕЙ НОРМАЛАРЫ ЖОҚ НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ҰЗАҚТЫҒЫН 
АНЫҚТАУ ӘДІСІ ....................................................................................................................... 24 
13 ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ҚҰРЫЛЫСТАР МЕН НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫН 
АЯҚТАУ ҰЗАҚТЫҒЫН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕМЕСІ .............................................................. 25 
А қосымшасы (ақпараттық) Құрылыс ұзақтығын анықтауға арналған  кестелер ................ 27 
Б қосымшасы (міндетті) Кәсіпорындар, ғимараттар мен имараттар құрылысының 
ұзақтығы және құрылыстағы бітеме ......................................................................................... 31 
В қосымшасы (ақпараттық) 16 тарау бойынша нысандар құрылысының ұзақтығын 
интерполяция әдісімен есептеу үлгілері ................................................................................. 228 

 

 

ҚР ЕЖ 1.03-102-2014* 
 

IV 

КІРІСПЕ   

 

Осы  ережелер  жинағында  жаңа  нысандар  құрылысының,  қолданыстағы 

кәсіпорындардың  ғимараттары  мен  имараттарын  кеңейту,  қайта  құралымдау 
құрылысының  максималды  рұқсат  етілген  ұзақтығын  анықтауға  арналған  негізгі 
қағидалар келтірілген.  

 

ҚР ЕЖ 1.03-102-2014* 

СП РК 1.03-102-2014* 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ 

СВОД ПРАИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

КӘСІПОРЫНДАР, ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАР  ҚҰРЫЛЫСТАРЫНЫҢ 

ҰЗАҚТЫҒЫ МЕН ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ БІТЕМЕ. II - БӨЛІМ 

 

ПРОДОЛЖИТЕЛЬНОСТЬ СТРОИТЕЛЬСТВА И ЗАДЕЛ 

В СТРОИТЕЛЬСТВЕ ПРЕДПРИЯТИЙ, ЗДАНИЙ И СООРУЖЕНИЙ. ЧАСТЬ II 

 

Енгізілген күні   2015-07-01 

 

1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ 

 

1.1  Бұл  ережелер  жинағы  міндетті  талаптарының  сақталуын  қамтамасыз  етуге 

мүмкіндік беретін  тәжірибемен тексерілген ҚР ҚН 1.03-02 және ұсынылатын ережелерді 
белгілейді. 

1.2  Осы  ережелер  көліктік  құрылыс,  байланыс  кәсіпорындарының,  геологиялық 

ұйымдар  кәсіпорындарының,  сауда  мен  қоғамдық  тамақтану,  тұрғын  үй-коммуналдық 
шаруашылық  пен  тұрмыстық  қызмет  көрсету,  ағарту  және  мәдениет,  денсаулық  сақтау, 
ғылыми мекемелер мен қалалық инженерлік имараттар нысандарына таралады.  

 

 

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 

 

Осы ережелерді қолдану үшін келесідей нормативтік құжаттарға сілтемелер қажет: 
ҚР  ҚН  1.03-02-2014  Кәсіпорындар,  ғимараттар  мен  имараттар  құрылыстарының 

және құрылыстағы бітеменің ұзақтығы. ІІ-бөлім.    

ҚР  ЕЖ  1.03-101-2013  Кәсіпорындар,  ғимараттар  мен  имараттар  құрылыстарының 

ұзақтығы мен құрылыстағы бітеме. І-бөлім. 

 

3 ТЕРМИНДЕР, АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР 

 

3.1  Осы  ережелер  жинағында    ҚР  ЕЖ  1.03-101  «келтірілген  терминдер  мен 

анықтамалар қолданылады. 

3.2  Осы ҚР ҚН 1.03-02 келтірілген қысқартулар қолданылады. 

 

4 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

 

Осы  ережелерді  қолдануға  арналған  жалпы  ережелер    ҚР  ЕЖ  1.03-101 

«Кәсіпорындар, ғимараттар мен имараттар құрылыстарының ұзақтығы мен құрылыстағы 
бітеме. І-бөлім»-де келтірілген.   

 

 

Ресми басылым 

ҚР ЕЖ 1.03-102-2014* 
 

5 КӨЛІК ҚҰРЫЛЫСЫ 

 

 

5.1 Теміржол көлігі 
 
Жалпы нұсқаулар 
 

5.1.1 Бір қатарлы темір жол құрылысының ұзақтығы құрылысты бір бағытта және екі 

бағытта ұйымдастырылуын ескере отырып белгіленген. 

Құрылысты  көп  бағытты  етіп  ұйымдастырғандағы  бір  қатарлы  темір  жол 

құрылысының ұзақтығы ең ұзын бағыт бойынша белгіленеді.  Бағыт ұзындығы құрылыс 
ұйымының жобасы бойынша белгіленеді. 

5.1.2  Ұзындығы  нормадағы  ұзындықтан  асатын  бір  қатарлы  темір  жолдардың 

құрылысын  салу  жағдайында,  трасса  жанындағы  автомобиль  жолының  құрылысын  салу 
қажеттілігі  болған  жағдайда,  құрылыс  ұзақтығына  нормаларда  белгіленген  ұзақтықтан 
артық әрбір келесі 100 км қашықтыққа 10 айдан қосылып отыру керек, және әрбір келесі 
200км – трасса жанынан автомобиль жолының құрылысын салмай, теміржол трассасының 
бойымен автокөлікпен жүру мүмкіндігі болған жағдайда. 

5.1.3  Бір  қатарлы  темір  жолдары  мен  екінші  жолдарын  бір  мезгілде  электрлендіре 

отырып, олардың құрылысын салу  ұзақтығы жолдар құрылысы ұзақтығының нормасына 
электрлендіру  құрылысы  ұзақтығының  нормаларын  0,5  коэффициентімен  қосу  арқылы 
анықталады. 

5.1.4  Бір  қатарлы  темір  жолдарының  және  екінші  жолдарының  құрылысын  салу 

кезіндегі құрылыс ұзақтығы  және капиталды салымдардың үйлестірілуін құрылыс ұйымы 
жобасы арқылы келесі жағдайларда анықтау ұсынылады: 

–  орташа  бедерлі  жағдайдағы  жерлерде    негізгі  жолдың  1  км  шаққанда  жер 

жұмыстарының көлемі 60 мың м3 асатын жағдайда жол құрылысын салу; 

– трасса бойында, 20км атсам улескіде,  жаңа темір жолдарының жер төсемесін салу 

үшін  қажетті  топырақ  түрлері  болмаған  жағдайда,  және  осындай  учаскелердің  жалпы 
ұзындығы темір жол ұзындығының 30 % асатын жағдайда; 

– жер төсемесін үйіп бір қатарлы темір жолдар құрылысын салғанда және екі қатар 

жолға жасанды имараттардың құрылысын салғанда; 

– қала маңы аймағында темір жолдарының құрылысын салғанда; 
–  қолданыстағы  жолмен  құрылыс  материалдарын  және  құралымдарын  тасымалдау 

мүмкіндігі  болмаған  жағдайда  екінші  жолдарын  салған  кезде  (қолданыстағы  жолдың 
өткізу қабілеті құрылыс басталғанға дейін 90 % және одан көп пайдаланылған жағдайда).

 

5.1.5  Құрылыс  ұзақтығы  құрылыс  ұйымының  жобасымен  келесі  жағдайда 

белгіленеді: 

–  екі  қатарлы  темір  жолдарының,  сонымен  бірге  үшінші  және  одан  кейінгі 

қатарларының құрылысын салу кезінде; 

– ұзындығы 200 км астам қолданыстағы темір жолдарын электрлендіру; 
–  тартылатын  жолдардың  жалпы  ұзындығы  16  км  асатын  станциялар  мен 

тораптарды кеңейту кезінде; 

5.1.6 Теміржол көлігі нысандарының құрылысын салу ұзақтығын  

ҚР ЕЖ 1.03-102-2014* 

 

Б қосымшасында Б.1.1.1 кестесінде көрсетілген. 

 
5.2 Өзен көлігі 
 
Жалпы нұсқаулар 
 

5.2.1 Өзен көлігі нысандары үшін құрылыстың және құрылыстағы бітеменің жалпы 

ұзақтығы Б қосымшасында Б.1.2.1 кестесінде көрсетілген. 

5.2.2  Құрылыс  ұзақтығының  нормалары  нысандардың  «құрғаққа»  құрылысына  

белгіленген. «Судан» құрылысын салу кезінде нормаларға 1,2 коэффициентін қосу керек.

 

5.2.3  Көлемі  500  мың  м3  аймақтарды  шайып  үюмен  байланысты  жұмыстарға 

жұмсалатын уақыт құрылыс ұзақтығы нормаларына енгізілген. 

 

5.2.4  Ереже  бойынша  айлақтық  қабырғалар  больверк,  эстакада,  бұрыштық  типті 

және кесекті қалау түрінде қабылданған. Қабырға материалдары: металл және темірбетон 
шпунт, құрама темірбетон элементтер, бетон блоктар.

 

5.2.5  Ғимараттар  қадалы  және  таспалы  іргетастарда,  қаңқасы  құрама  темірбетон, 

қабырғалары блоктан, кірпіштен қабылданған. 

 

5.3 Автомобиль көлігі 
 
Жалпы нұсқаулар 
 

5.3.1  Автомобиль  көлігінің  нысандары  үшін,  және    автокөлікті  жөндеуге  жіне  оған 

қызмет көрсетуге арналған жекелеген ғимараттар мен имараттар үшін құрылыс ұзақтығы 
Б қосымшасының Б.1.3.1 кестесінде көрсетілген. 
 

5.4 Жол шаруашылығы 
 
Жалпы нұсқаулар 
 

5.4.1  Автомобиль  жолдарының,  олардағы  жасанды  және  қызмет  көрсету  

имараттарының құрылысын салу ұзақтығы және құрылыстағы бітеме . Б қосымшасының 
Б.1.4.1 кестесінде көрсетілген. 

5.4.2  Автомобиль  жолдарының  құрылысын  салу  ұзақтығы  құрылыс  ұйымының 

жобасы бойынша келесі жағдайларда белгіленеді: 

– І санатты автомобиль жолының құрылысын салу кезінде; 
– ой-қыры көп және таулы жерде жол трассасын салған кезде, жер төсемесінің 1км 

төсеу бойынша жер жұмыстарының орташа көлемі мына жолдар үшін мың м3-тан асады: 

– II санатты – 70; 
– III санатты – 50; 
– IV санатты – 40; 
– V санатты – 30; 
– автомобиль жолын жолының жалпы ұзақтығының 25 %-дан асатын қашықтықтағы 

ҚР ЕЖ 1.03-102-2014* 
 

сазды (тартпалы) жерде құрылысын салғанда; 

– құрылыс ұзақтығы маңындағы аймақтың нысандарының құрылысымен жиынтықта 

белгіленетін қалалық автомобиль жолдарының құрылысын салғанда; 

–  құрылыс  ұзақтығы  нормалар  бойынша  21  айдан  кем  жолдарға  арналған  жаңа 

өндірістік базалар құрылысын салу кезінде немесе биіктігі 3м астам тозаңды немесе ауыр 
сазды топырақтардан құралған үйінділер бар кезде.

 

5.4.3  IV  және  V  жол-климаттық  аймақтарда  автомобиль  жолдарының  құрылысын 

салу  ұзақтығы  құрылыс  ұзақтығының  нормасына  0,9  коэффициентін  қолдана  отырып 
анықталады. 

5.4.4  Инженерлік  коммуникацияларды  қайта  салуды,  рельс  маңындағы  (трасса 

маңындағы)  баздар  құрылысын,  бұзылатындардың  орнына  салынатын  ғимараттар  мен 
имараттар  құрылысын    ескергендегі  дайындық  кезеңінің  ұзақтығы  мына  формула 
бойынша анықталады: 

 

Т

подг.

 = 

К

1

Т

1

 +

К

2

Т

2

 + 

К

3

Т

3

 +

Т

н

подг

,                                   (1) 

 
мұнда 

Т

н

подг

 – дайындық кезеңінің нормативті ұзақтығы, ай; 

K

1

K

2

К

3

  –  құрылыс  ұйымының  жобасымен  белгіленетін  уақыт  бойынша  аталған 

жұмыстарды қиыстыру коэффициенттері; 

Т

1

 – инженерлік коммуникацияларды қайта салу ұзақтығы, ай; 

Т

2

 – рельс (трасса) маңындағы базаларды салу ұзақтығы, ай; 

Т

3

 – бұзылатындардың орнына салынатын ғимараттар мен имараттар құрылысының 

ұзақтығы, ай.

 

 
5.5 Магистралды құбыр желісі  көлігі 
 
Жалпы нұсқаулар 
 

5.5.1  Магистралды  құбыр  желісі  көлігі  құрылысының  ұзақтығы  және  құрылыстағы 

бітеме Б қосымшасында Б 1.5.1 кесте түрінде келтірілген.  

5.5.2  Ғимараттары  мен  имараттарын  барлығын  алғандағы  магистральды  құбыр 

желісі  кешенінің  құрылысын  салу  ұзақтығын  келесі  имараттардың  бірінің  ең  үлкен 
нормативтік  ұзақтығы  бойынша  анықтау  керек:  құбыр  желісінің  сызықтық  бөлігі, 
компрессорлық және мұнай қотару станциялар, резервуар парктері.

 

5.5.3 Магистралды құбыр желілерінің нысандары сызықтық имараттар мен жер беті 

нысандары болып бөлінеді: 

–  сызықтық  имараттар:  тарамдары  мен  лупингтері  бар,  тазарту  құрылғыларын  іске 

қосу  және  қабылдау  тораптары  бар,  өртке  қарсы  құрылғылары  мен  эрозияға  қарсы 
имараттары  бар  құбыр  желісі;  өзендер  мен  өзге  табиғи  және  жасанды  кедергілер 
өткелдері; 

–  жер  беті  нысандары:  бас  сорғы  және  мұнай  қотару  станциялар,  компрессорлық 

және газ тарату (үлестіру) станциялары, резервуарлық парктер, мұнай құю нүктелері мен 
апатты-жөндеу нүктелері; 

ҚР ЕЖ 1.03-102-2014* 

 

5.5.4  Іске  қосу  кешенінің  құрамы:  құбыр  желілерінің  ұзақтығы  және  желілік 

учаскелерінің  саны,  компрессорлық  және  мұнай  қотару  станцияларының  саны 
менолардың құрылысын салу реттілігін жоба және тиісті жоспар бойынша белгілеу керек. 

5.5.5  Нормалар  ұйымдастырылуы  бірыңғай  нысандарға  арналады,  олардың 

әрқайсысының жалғыз жобасы мен қаржыландыру көзі, жалғыз тапсырыс беруші мен бір 
ғана іске қосу мерзімі және желілік және іске қосу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталған 
соң пайдалануға қабылдануы мүмкін. 

5.5.6  Құбырдың  желілік  бөлігінің  құрылысын  салу  ұзақтығы,  әдеттегідей,  құбыр 

желілерін  гидравликалық  немесе  пневматикалық  тәсілмен  сынауға,  құбырды  мұнаймен 
толтыруға жұмсалатын уақытты ескере отырып белгіленген. 

5.5.7 Диаметрі 720 мм және одан төмен  құбырлардың желілік бөлігін салу ұзақтығы 

0,85 коэффициентін қолдана отырып белгіленеді. 

5.5.8  Ертерек  тұрғызылған  базаны,  тұрғын  қалашықтарын  және  трасса  бойындағы 

өтпелерді  пайдалана  отырып,  бір  дәлізде  салынатын  құбыр  желілері  құрылысының 
ұзақтығы 0,9 коэффициентін қолдана отырып белгіленеді. 

5.5.9 Құрылыс ұзақтығын құрылыс ұйымының жобасы бойынша келесі жағдайларда 

белгілену керек: 

– суармалы жерлерде магистралды құбыр желілерінің бөліктерін тарту; 
–  беткейлерінің  тіктігі  20°  астам  тау  сілемдерімен  кезектесіп  келетін  таулы, 

қолжетімділігі  қиын  аудандарда  құрылыс  ұйымының  жобасымен  1,3  шамасында 
белгіленетін коэффициентті қолданған жағдайда; 

–  теңіз  акваториялары  арқылы,  ені  2км  астам  суаттар  арқылы,  сазданған  алқаптар 

учаскелерінің  ұзындығы  10  км  астам  кездегі  тоған  суасты  өткелдің  құрылысын  салу 
жағдайында; 

–  қолданыстағы  өнеркәсіптер  жағдайында  өнеркәсіптік  құбыр  желілерінің 

құрылысын салу кезінде. 

5.5.10  Магистралды  құбырдың  желілік  бөлігінің  құрылысын  салу  кезінде,  келесі 

дайындық жұмыстары қарастырылады: 

–  алаңнан  тыс:  жер  асты  жолдарының,  айлақтардың,  аэродромдардың,  тікұшақ 

алаңдарының, 

тұрғын 

қалашықтар 

имараттарының, 

қоймалардың, 

дәнекерлеу 

базаларының құрылысы; 

–  алаңішілік:  трасса  осін  және  құрылыс  жолағының  шекарасын  бөлу,  құрылыс 

жолағын  ағаштардан  тазарту;  құрылыс  жолағын  жоспарлау,  сөре  құруы,  жол  трассасы 
бойымен  құрылыс  салу,  бірінші  кезектегі  құбырларды  секцияларға  дәнекерлеу 
жұмыстары, құбыр секцияларын трассаға тасымалдап шығару. 

5.5.11  Магистралды  құбырлардың  желілік  бөліктерінің  және  жерасты  өтпелерінің 

құрылысын салу кезінде алаңға келесі жабдықтар жеткізіледі: бекіту арматурасы, тазарту 
құрылғыларының  іске  қосу  және  қабылдау  тораптары,  жағалау  тарақтары,  зауытта 
өндірілген фитингтер. 

5.5.12  Суасты  өтпесінің  құрылысын  салу  ұзақтығы  құбырдың  диаметріне 

байланысты  және  1  кестесіндегі  коэффициенттерді  ескере  отырып,  бөлімінің 
нормаларымен қабылданады. 
 

ҚР ЕЖ 1.03-102-2014* 
 

1 кесте – Құрылыс ұзақтығына құбыр диаметрінінің әсерін ескеретін 

коэффициенттер 

 

Суасты құбырдың диаметрі, мм 

Коэффициент 

 

820 және одан төмен 

0,75 

1020 

1,00 

1220 

1,25 

1420 

1,55 

 

5.5.13  Құм  топырақтарынын  құралған  су  түбіне  тереңдетілген  құбыр  желісіне 

арналған  суасты  өтпесінің  құрылысын  салу  ұзақтығы  су  ағысының  жылдамдығына 
байланысты  2  кестесіндегі  коэффициенттерді  ескере  отырып,  бөлімінің  нормаларымен 
қабылданады. 

 

2 кесте – Су ағысының жылдамдығының құрылыс ұзақтығына әсерін ескеретін 

коэффициенттер 

 

Ағыстың орташа жылдамдығы, м/с 

Коэффициент  

 

0,7 және одан төмен 

1,00 

0,71-0,8 

1,10 

0,81-0,9 

1,15 

0,9 астам 

1,20 

 
5.5.14 Арналық бөлікте топырақ жағдайының әсерін ескере отырып суасты өтпесінің 

құрылысын салу ұзақтығы 3 кестесіндегі коэффициенттеі ескеріле отырып,  нормалармен 
белгіленеді. 

 

3 кесте – Топырақ жағдайларының құрылыс ұзақтығына әсерін есеретін 

коэффициенттер 

 

Өндірілетін топырақтар тобы 

Коэффициент 

 

I-II 

1,0 

III-IV 

1,2 

V және жоғары 

1,7 

 
Жару  тәсілімен  жартасты  топырақтарды  алдын  ала  қопсыту  қажеті  болса, 

коэффициент мәнін 0,3-ке көбейтеді. Өзен арнасы алуан топтағы топырақтардан құралған 
өтпелерде, коэффициент мәнін келесі формула бойынша анықтайды: 

 

ҚР ЕЖ 1.03-102-2014* 

 

B

в

К

b

К

b

К

К

ср

3

3

2

2

1

1

                                                  (2) 

   

мұнда 

ср

К

 - орташа мөлшерленген коэффициент мәні; 

1

K

 - т I – II топтағы топырақ жағдайларының әсерін ескеретін коэффициент 

2

K

 - III – IV топтағы топырақ жағдайларын ескеретін коэффициент 

3

K

 - V топтағы топырақ жағдайларын ескеретін коэффициент,  

В – 

су кедергісінің ені, м; 

1

b

-  

I – II топтағы топырақ жағдайы бар кедергі бөлігінің ені; 

2

b

-  

III – IV топтағы топырақ жағдайы бар кедергі бөлігінің ені; 

3

b - 

V топтағы топырақ жағдайы бар кедергі бөлігінің ені. 

5.5.15 сулы немесе сазды жерде салынған кездегі өнеркәсіптік құбырлар желілерінің 

құрылысын салу ұзақтығының нормалары 4 кестеде көрсетілген  коэффициенттерді ескере 
отырып белгіленеді. 

5.5.16  Технологиялық  байланыстың  кабелдік  және  радиорелелік  желілерін  тартқан 

кезде құрылыс ұзақтығы ҚР ҚН 1.03-02 «Байланыс кәсіпорындарының құрылысын салу» 
тарауының  нормалары  бойынша  қабылданады.  Технологиялық  байланыстың  кабель 
желілерінің  линиялық  имараттарының  құрылысын  салу  құбыр  желілерінің  линиялық 
бөлігінің құрылысымен қиыстыру керек. 

 

4 кесте – Құрылыс ұзақтығына сулы немесе сазды учаскелердің әсерін 

ескеретін коэффициенттер 

 

Сулы немесе сазды учаскелердің жалпы ұзындығы, 

құбыр желілерінің жалпы ұзындығының %  

Коэффициент 

 

от 3 до 5 

1,05 

10 

1,10 

15 

1,15 

20 

1,20 

25 

1,25 

25-тен астам 

Құрылыс ұйымының жобасы 
бойынша, бірақ 1,6 аспайтын 

 
5.5.17  Кешенді-блокты  әдіспен  құрылыс  салу  кезінде,  жер  бетіндегі  бөлігі  жерасты 

бөлігінен  конструктивті  ажыратылады  да  құрылыс  алаңына  блок  құрылғылары  түрінде 
(блоктар,  блок-бокстар,  блок-контейнерлер)  жеткізіледі.  Ішінде  негізгі  және  қосалқы 
технологиялық,  энергетикалық,  сантехникалық  немесе  басқа  жабдық  орналасқан,  бас 
жоспар шеңберінде барлық жұмыс ерекшелігін қамтитын қуаттау және басқару жүйесі. 

ҚР ЕЖ 1.03-102-2014* 
 

5.5.18  Жер  беті  нысандарына  араналған  бөлшек  жабдықтарын,  бұйымдар  мен 

материалдарды  жинақтау-құрастыру  кәсіпорындарына  (базаларына)  нысандарды 
пайдалануға тапсырудан 7 ай бұрын жеткізіліп біту керек. 

5.5.19  Технологиялық  үйіндіні  тұрғыза  отырып,  өнеркәсіптік  құбырлар  және 

өнеркәсіпаралық  коллекторлар  құрылысын  салу  кезінде    құрылыс  ұзақтығы  келесі 
формула бойынша анықталады: 

 

Т = Т

осн

 + 0,5 × Т

нас,

,                                                           (

3)

 

 

мұнда

  Т

осн

– норма бойынша қабылданатын негізгі  нысан құрылысының нормативті 

ұзақтығы, ай; 

Т

нас

–  құрылыс  ұйымының  жобасы  бойынша  анықталатын  технологиялық  үйінді 

құрылысының ұзақтығы,ай; 

К

 – негізгі жұмыстар мен үйіндіні салу жұмыстарының уақыт бойынша қиыстырып 

орындалуын ескеретін коэффициент, ол  0,5 тең. 

Құрылыс  ұйымының  жобасында  дәлелденген  жағдайда,  қиыстыру  коэффициенті 

мәнін 0,3-ке дейін төмендетуге рұқсат етіледі. 

5.5.20  Өнеркәсіптік  құбыр  желілерін  салу  ұзақтығының  нормасы  мұнай,  газ  және 

газоконденсатты кен орындарындағы құбыр желілерін қамтиды. 

 

5.6 Көпірлер мен туннелдер 
 
Жалпы нұсқаулар 
 

5.6.1  Өндірістік  базаның  уақытша  нысандарының  (соның  ішінде  құрама  темірбетон 

құралымдарды  жасау  полигондары),  құрылысшыларға  арналған  тұрғын  және  мәдени-
тұрмыстық  мақсаттағы  ғимараттардың,  уақытша  жолдардың,  өткелдердің,  электрмен 
қамту  линияларының  құрылысын  салу  ұзақтығы,  сонымен  бірге    порт  алдындағы 
туннелдер  ойықтарының  құрылысы  ұзақтығында    көпір  мен  туннель  салу  ұзақтығы 
нормасына 6 ай қосу арқылы ескеріледі. 

5.6.2  Екі  жолды  теміржол  көпірінің  құрылысын  салу  ұзақтығының  нормалары  1,3 

коэффициентін  қолдана  отырып,  бір  жолды  көпір  құрылысы  ұзақтығының  нормасы 
бойынша белгіленеді. 

5.6.3  Жекелеген  жағдайларда  көпірлер  мен  тоннельдер  құрылысының  ұзақтығын 

құрылыс ұйымының жобасы бойынша белгілеу ұсынылады, атап айтқанда

–ұзындығы 500 м астам теміржол көпірлерінің және ұзындығы 400 м астам автожол 

көпірлерінің құрылысы  кезінде; 

–көпірлер  мен  туннелдерді  жеке  типтік  емес  немесе  тәжірибелік  құрылыс 

құралымдарынан немесе материалдардан салу кезінде; 

–  темірбетон  және  металл  аралық  имараттарды  тұрғызу  кезінде  аспалы  немесе 

жартылай  аспалы  монтаждау  тәсілін,  аспалы  бетондау,  бойлық  жылжыту  немесе  су 
бетімен тасымалдау тәсілін қолдану кезінде; 

ҚР ЕЖ 1.03-102-2014* 

 

–терең  орналастырылатын  түсірілетін  құдықтар  түріндегі,  қаптама  –қада  немесе 

бұрғылау қада-бағандар түріндегі іргетастарды орнату; 

–жартасты  емес  топырақтарда  әр  алуан  ұзындықтағы  теміржол  туннелдерінің  және 

ұзындығы 1000м астам  туннелдер имараттары; 

–  көпір  ұзындығы  120  м  және  одан  астам,  немесе  көпір  биіктігі  судың  орта 

денгейінен 25м астам немесе судың жұмыс деңгейінен судың тереңдігі 5 м астам кезде; 

5.6.4  Көпір  құрылысы  қысқы  маусымда  аяқталатын  жағдайда,  қысқы  мерзімде 

рұқсат етілмейтін орындалатын жұмыстар (аралық имараттарды сырлау, оқшаулау  және 
т.б.) құрылыс кезеңінен тыс атқарылады. 

5.6.5  Көпірлер  мен  туннелдер  құрылысын  салу  ұзақтығының  нормалары  Б 

қосымшасындағы Б1.6.1 кесте түрінде келтірілген.   

 

5.7  Мұнай  мен  мұнай  өнімдері  көлігі  және  мұнай  өнімдері  салаларын 

қамтамасыз ету 

 
Жалпы нұсқаулар 
 

5.7.1  Мұнай  мен  мұнай  өнімдері  көлігі  және  салаларды  мұнай  өнімдерімен 

қамтамасыз  ету  нысандары  үшін    құрылыс  ұзақтығының  нормалары  Б  қосымшасында  Б 
1.7.1 кесте түрінде келтіріледі.   

5.7.2  Айлақтары  орналастырылған  өзен  кемежайларында    мұнай  өнімдерін  сақтау 

базасының  құрылысын  салу  кезінде,  нысанның  құрылысын  жалпы  салу  ұзақтығы  норма 
бойынша  мұнай  өнімдері  базасының  құрылысын  салу  ұзақтығына  5.2.  тарауына  сәйкес 
анықталатын  жүк  өзен  айлағының  құрылыс  ұзақтығының  жартысын  қосу  арқылы  
анықталады . 

5.7.3  Автомагистральдан  қашықтығы  10км  астам  жердегі  автоқұю  нүктелерінің 

құрылысын салу ұзақтығы, автоқұю нүктесінің құрылысын салу ұзақтығына 5.3. тарауына 
сәйкес  қабылданатын  автомобиль  жолын  орналастыру  ұзақтығының  жартысын  қосу 
арқылы анықталады. 

5.7.4  Тәулігіне  150-ден  астам  және  250-ге  дейінгі  автомобильге  жанармай  құю 

жағдайындағы  авто  жанармай  құю  станцияларының  құрылысын  салу  ұзақтығы  тәулігіне 
250 автомобильге жанармай құю қуаттылығы нормасы бойынша қабылданады. 

5.7.5  Жалпы  қолданыстағы  қуаттылығы  тәулігіне  1000  автомобилге  жанармай  құю 

станциясының құрылысын салу 250 авто жанармай құю станцияларының құрылысын салу 
нормасы бойынша, 1,1 еселеуішін қолдана отырып, анықталады. 

Қуаттылығы  250-ден  1000  жанармай  құю  шеңберіндегі  автожанармай  құю 

станцияларының құрылысы кезінде, құрылыс ұзақтығы тәулігіне 1000 рет жанармай құю 
градациясының жоғарғы шегіндегі интерполяциямен белгіленеді. 

 

 

ҚР ЕЖ 1.03-102-2014* 
 

10 

6 БАЙЛАНЫС КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН САЛУ 

 

Жалпы нұсқаулар 
 

6.1  Байланыс  кәсіпорындарының  нысандары  үшін  құрылыс  ұзақтығы  мен 

құрылыстағы бітеме нормалары Б қосымшасында Б 2.1. кесте түрінде келтірілген.  

6.2  Бірнеше  нормаланатын  нысаны  бар  байланыс  кәсіпорындарының  құрылысын 

салу  кезінде,  құрылсытың  жалпы  ұзақтығы  ҚР  ҚН  1.03-02  талаптарына  және 
ұсыныстарына сәйкес белгілену қажет.   

6.3  Технологиялық  жабдықтарды  жинақтау  жұмыстарын  ғана  орындаған  кезде, 

дайындық кезеңінің ұзақтығы 0,5 еселеуішімен (бірақ бір айдан кем емес) анықталады. 

6.4 АТС мен ПСК бір кешенде қатар құрылысын салу кезінде, нысан құрылысының 

жалпы  ұзақтығы  АТС  сйымдылық  көлемдеріне  сәйкес  белгіленеді,  сонымен  бірге 
ұзақтығы 1 ай ПСК-1000 жабдықтарын жинақтау уақыты ескеріледі. 

Электронды және квазиэлектронды АТС құрылысын сау кезінде құрылыстың жалпы 

ұзақтығы  шығарылған  подстанциялар  (концентраторлар)  санына  қарамастан  телефон 
станциясының жиынтық сыйымдылығы бойынша анықталады . 

6.5  Ауа  желісінің  қашықтығы  0,5  км–ге  дейінгі  ауылдық  АТС  желілік 

имараттарының құрылысын салу ұзақтығы нормаға 0,8 еселеуішін қоса, қашықтығы 2 км-
ден асқанда нормаға 1,3 еселеуішін қолдану арқылы анықталады.  

6.6  Бір  мұқабалық  тізім  бойынша  АТС  пен  мекемелік  телефон  станциялары 

торабының  құрылысын  салу  кезінде  ұзақтығы  АТС  сыйымдылығымен  және  торап 
сыйымдылығының жабдықталуымен (нөмерлермен) анықталады. 

Координаталық  жабдықты  тораптың  эквивалентті  сыйымдылықтары:  торап 

жабдығының  30  штативі  абоненттік  сыйымдылықтың  1000  номеріне  эквивалентті 
(теңестірілген). 

Электронды  жабдықталған  тораптың  эквивалентті  сыйымдылықтары:  МТСТ 

сыйымдылығының 1000 номері абоненттік сыйымдылықтың 500 номеріне тең. 

Жеке жоба бойынша МТСТ (КУ)  жинақтау ұзақтығы жоғарыда көрсетілген тәсілдер 

бойынша есептелген эквивалентті сыйымдылық бойынша белгіленеді. 

6.7 Станциялық имараттардың жабдықтарын жинақтау ұзақтығының нормасы желіні 

тораптық құрылымның келесі  деңгейіне ауыстыра отырып ТСИ құрылысын салу кезінде 
тиісті норма бойынша 1,1 еселеуішімен белгіленеді. 

6.8  УАК  жобасының  құрамына  электронды  және  квазиэлектронды  АҚТС  енгізілсе, 

онда  жабдықтарды  жинақтау  ұзақтығы  АҚТС  жинақтау  ұзақтығының  нормасына  0,85 
еселеуішін қолдана отырып белгіленеді. 

6.9  Құрылыс  салу  ұзақтығы  мен  құрылыс  бітемесі  нормасында  келесі  жағдайлар 

ескерілмейді: 

 

жартасты  және  тоң  топырақтардағы  нысандар  құрылысы,  күрделі  суасты 

өтпелердің  болуы  және  құрылыс  кезінде  арнайы  шараларды  талап  ететін  басқа  да 
жағдайлар; 

 

нормаларда  ескерілген  желілік  құрылыстың  механизация  денгейін  техникалық 

қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған жағдайда; 

ҚР ЕЖ 1.03-102-2014* 

 

11 

 

ҚТЖ  және  АТЖ  нысандарының  желілік  имараттарының  құрылысы  бойынша 

жұмыс көлемдері нормаларда көзделг6еннен кем немесе артық жағдайда; 

 

ПСК немесе КУ жеке титулдық тізім бойынша жобалағанда. 

Жоғарыда  аталған  жағдайларда  құрылыс  ұзақтығы  құрылыс  ұйымының  жобасы 

бойынша анықталады. 

6.10  МКБЛ  және  АКБЛ  құрылысын  салу  ұзақтығы  нормаларының  кестелерінде 

«жабдықтарды  жинақтау»  бағанында  жақшада  келтірілгендер:  сызық  үстіндегісі- 
линиялық-кабельді  имараттар  (ЛКИ)  құрылысының  ұзақтығы,  сызық  астында-  ЛКИ 
құрылысының басталу мен аяқталуының реттік айлары. 

6.11 ККАТТ құрылысын салу ұзақтығы нормаларында келесі көлемдік көрсеткіштері 

үшін электронды жабдықтарды жинақтау және іске қосу-қалпына келтіру жұмыстарының 
нормативті ұзақтығы  келтірілген: 

6.12  Екі  бағдарламалық  радиотелевизиялық  тарату  станциялары  құрылысын  салу 

ұзақтығы үш бағдарламалық станцияға арналған нормаларды қолдана отырып белгіленеді, 
және  телевизиялық  таратушы  құрылғылардың  қуаттылығын  ескеретін  коэффициенттерді 
қолдана отырып: 

 

қуаттылығы 5/1 кВт - 0,6; 

 

қуаттылығы 5/5 кВт - 0,7; 

 

қуаттылығы 50/5 кВт - 0,8. 

6.13  УҚД  телефон  радиобайланысы  жүйесінің  дайын  ғимараттағы  жылжымалы 

нысандары  бар  орталық  станциясын  орналастыру  кезіндегі  құрылыс  ұзақтығы  УҚД 
телефон  радиобайланысы  жүйесіне  арналған  норма  бойынша  мына  коэффициенттерді 
қолдана отырып белгіленеді: 

 

радиооқпан саны 1÷2-0,78; 

 

радиооқпан саны  3÷4 - 0,83. 

 

5 кесте – ККАТТ торабының көрсеткіштері 

 

№ 

п.п. 

Көрсеткіштер  

Өлшем бірлігі 

Телеграф торабының 

қуаттылығы 

 

Шеткі желілерінің санына 

байланысты станцияның абоненттік 

сыйымдылығы, соның ішінде: 

номер 

480-960 

AT-50 Б 

номер 

432-864 

ПД-200 Б 

номер 

48-96 

Магистральды каналдар саны 

канал 

544-1088 

Телеграф каналдары цехының 

сыйымдылығы 

канал 

760-1570 

Станцияның жалпы сыйымдылығы 

Қосылу нүктесі 

1024-2048 

 
 

ҚР ЕЖ 1.03-102-2014* 
 

12 

7 ГЕОЛОГИЯНЫ ЖАЙЛАСТЫРУ НЫСАНДАРЫ 

 

Жалпы нұсқаулар 
 

7.1  Геологияны  жайластыру  нысандарына  арналған  құрылыс  ұзақтығы  мен 

құрылыстағы бітеме нормалары Б қосымшасында Б 3.1 кесте түрінде.    

 
 

8 САУДА ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ 

 
Жалпы нұсқаулар 
 

8.1  Сауда  және  қоғамдық  тамақтану  ғимараттары  мен  имараттары  үшін  құрылыс 

ұзақтығы  мен  құрылыстағы  бітеме  нормалары  Б  қосымшасында  Б  4.1  кесте  түрінде 
келтірілген. 

8.2  Құрылыс  алаңының  сыртындағы  инженерлік  коммуникациялар  құрылысының 

ұзақтығы бөлімінің нормаларымен қабылданады. 

8.3  Тереңдетілген  үй-жайлары  бар  ғимараттар  мен  имараттар  құрылысының 

ұзақтығы  құрылыстың  жалпы  ұзақтығына  тереңдетілген  үй-жай  құрылысын  салу 
ұзақтығын 0,3 коэффициентін қолдана отырып қосу арқылы анықталады. 

 
 

9 БЕЙӨНДІРІСТІК ҚҰРЫЛЫС 

  

9.1 Тұрғын ғимараттар 
 
Жалпы нұсқаулар 
 

 9.1.1  Қалаларда,  қалалық  типті  поселкелерде  және  ауылдық  елді  мекендерде 

тұрғызылатын  тұрғын  ғимараттар  мен  жатақханалар  үшін  құрылыс  ұзақтығы  мен 
құрылыстағы бітеме нормалары Б қосымшасындағы  Б 5.1.1 кесте түрінде келтірілген.  

9.1.2  Жекелеген бөліктерін (іске қосу кешендері,  секциялар  және т.б.) рет-ретімен 

тұрғызу арқылы тұрғын ғимараттарының құрылысы салу кезінде немесе мұнаралы кранды 
басқа  жерге  орнату  қажеттілігі  туындаған  кезде  құрылыс  ұзақтығы  құрылыс  ұйымының 
жобасымен белгіленеді. 

9.1.3 

Ауылдық 

елді 

мекендердегі 

шаруашылық 

имараттарсыз 

тұрғын 

ғимараттарының  құрылысын  салу  ұзақтығы  нормаларға  0,7  коэффициентін  қолдана 
отырып белгіленеді. 

9.1.4 Қалаларда және қалалық типті поселкелерде төрт қабатқа дейінгі (қоса алғанда) 

ғимараттар  құрылысының  ұзақтығы  нормаларға  0,7  коэффициентін  қолдана  отырып 
белгіленеді. 

9.1.5 Түйдекті құрылыс кезінде нольдік кезең жұмыстарының аяғы мен ғимараттың 

жер  беті  бөлігі  құрылысының  басы  арасындағы  технологиялық  үзіліс  ұзақтығы  3  айдан 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

//////////////////////////