Главная Книги - Разные СП РК 3.03-117-2013 МЕТРОПОЛИТЕНЫ (ҚР ЕЖ 3.03-117-2013)
поиск по сайту правообладателям
|
|
содержание .. 3 4 5 6 ..
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
және тиісті қорытындыларда көрсетілуі керек.
31-кесте - Ізденістер, құрылыс салу және пайдалану кезеңдерінде жүргізілетін
радиациялық-экологиялық жұмыстар
Жұмыс
Жұмыс атауы
Зерттелетін көрсеткіштер
кезеңдері
Жоба алды және
Құрылыс учаскелерінің
Құрылыс ауданындағы сыртқы гамма-
жобалық
радиологиялық
сәулеленудің эквиваленттік мөлшер
ізденістер
жарамдылығы туралы
қуаты (ЭМҚ); топырақ үлгілеріндегі
шешім қабылдау үшін
табиғи радионуклидтердің
алғашқы мәліметтерді алу
салыстырмалы тиімді белсенділігі;
топырақтағы радон ағынының
тығыздығы.
Құрылыс салу
Ашық шұңқырлар мен
Шұңқырлар мен туннельдердегі сыртқы
туннельдердегі, құрылыс
гамма-сәулеленудің ЭМҚ; шұңқырлар
материалдарының нақты
мен туннельдердегі ауданы бойынша
радиациялық қауіптігін
орта өлшенген радон ағынының
бағалау
тығыздығы; құрылыс
материалдарындағы радионуклидтердің
салыстырмалы тиімді белсенділігі
Объектіні
Құрылыстар мен
Құрылыстар мен аумақтағы гамма-
пайдалануға
метрополитен
сәулеленудің ЭМҚ; құрылыс ішіндегі
беру
аумағындағы нақты
ауданы бойынша орта өлшенген радон
радиологиялық
ағынының тығыздығы; құрылыс
көрсеткіштердің
ішіндегі радонның баламалы тепе тең
радиациялық қауіпсіздік
көлемді белсенділігі (орташа жылдық)
нормаларына сәйкестігін
тексеру
23 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
23.1 Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар
5 тарауда көрсетілген
инженерлік-геологиялық және инженерлік-экологиялық зерттеулер деректеріне сәйкес,
фондтық материалдардың, экологиялық карталардың және ҚР ҚНжЕ 2.04-01 негізінде
дайындалуы тиіс.
23.2 Микроклиматқа баға беруді аймақтың топографиясы, аумаққа микроклиматтық
зерттеулер және төсеніш қабатының жағдайына байланысты метеоэлементтердің өзгеруі
заңдылықтарын Әдістемелік нұсқауларға [5] сәйкес ескерумен жүргізу қажет.
23.3 Электродеполарды, қазаншұқырларды, ағаш шеберханаларын, гальваникалық
174
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
учаскелерді және т.б. атмосфераның ластануының жоғарғы көрсеткішімен
(АЛК)
сипатталатын аумақта орналастыру кезінде, зияндылықтың V класына жатқызылатын
жағдайда, осы өндірістің санитарлық жіктеуішімен белгіленген санитарлық-
қорғанукеңістігінің аумағын ұлғайту қажет.
23.4 Электродепоның аккумуляторларды жуу және толтыру учаскелерінен,
гальваникалық ванналардан, бояу камераларынан, дәнекерлеу және басқа да жерлерден
шығатын ластаушы заттарды ластаушы заттардың жол берілетін шектеулі төгілуіне
(ЖШТ) қатыстылығына сәйкес жіктеу қажет.
23.5 Суды үлкен мөлшерде тұтынатын имараттарда және кәсіпорындарда өндірістік
мұқтаждықтар үшін айналымды сумен қамсыздандыру жүйелерін қолдану қажет. Тазарту
қондырғыларындағы тазарту деңгейі ҚР ҚН 4.01-03, ҚН ЕЖ 4.01-103, қолданыстағы
нормативтерге сай болуы тиіс.
23.6 Метрополитеннің имараттарынан шайынды суларды су нысандарына төгу
қолданыстағы нормативтерге сәйкес қарастырылу қажет.
23.7 Жерасты ғимараттарынан шығатын шайынды суларды қалалық жауын-
шашынның кәріз жүйелеріне ағызу бастапқы тазалау жүргізілгеннен кейін ғана іске
асырылады. Тазарту қондырғыларының құрамы және тазарту деңгейі нормативке сәйкес
болуы тиіс.
23.8 Метрополитенді жобалау кезінде тарихи және мәдени ескерткіштерге қандай да
болмасын кері әсерлердің тиюіне жол берілмеуі қажет. Қажет болған жағдайда құрылыс
мерзіміндегі де, метрополитенді пайдалануға беру мерзімінде де оларды сақтау бойынша
іс-шараларды дайындап, қолдану қажет.
23.9 Ескерткіштердің жағдайына төмендегідей деректердің негізінде баға беріледі:
- тарихи-мәдени ескерткіш нысандарының сипаттамасының, олардың жағдайының,
тарихи және мәдени ескерткіштерді натуралық зерттеулердің материалдары негізінде
сақтау және реставрациялау;
-
жерүсті салмақ түсетін конструкциялардың жағдайын оларға діріл
жүктемелердің әсерлерін ескере отырып зерттеу;
-
сызаттардың параметрлерін белгілеу, деформацияларға индикаторлар арқылы
өлшем жасау үшін сызаттарда маяктарды немесе арнайы қадаларды қою;
-
техногенді ортада салынған іргетастардың, цокольдердің, ағаш тіреуіштердің,
төсеніштердің, көне дренаждық құрылыстардың, құдықтардың жағдайын зерттеу, бұл
ретте ағаш конструкцияларының, тіреуіштердің және төсеніштердің жағдайына баса назар
аудару қажет;
-
ескерткіштердің жағдайына әсер ете алуы мүмкін инженерлік
- және
гидрогеологиялық жағдайларды және гидродинамикалық жағдайды;
-
ескерткіштердің жағдайына кері әсер ететін ұзақ мерзім ішінде судың тартылуы,
қолдан мұздатылған жағдайда топырақтардың, әсіресе, балшықты топырақтардың еруі,
діріл жүктемелері.
23.10 Жобаланған метрополитеннің ескерткіш ғимараттары мен имараттарының
сақталуына әсер ету қаупі туындаған, әсіресе, ұңғылау жұмыстары технологиясының
әсеріне ерекше сезімтал трассаның учаскелерінде, локалды экологиялық мониторинг
шегінде стационарлы бақылаулар қарастырылуы қажет.
175
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
23.11 Ескерткіштерді инженерлік қорғау бойынша іс-шараларды ХҚН 2.03-02 сәйкес
төмендегілердің негізінде дайындау қажет:
-
ескерткіштердің жағдайына инженерлік-геологиялық және инженерлік-
геодезиялық зерттеулердің және бақылаулардың нәтижелері;
- тарихи аумақтардың (қорғандар, төбелер, орлар, молалар, мәдени қыртыс ж.т.б.),
трасса бойынша орналасқан ескерткіштердің ғимараттарының және құрылыстарының
ерекшеліктерін сипаттайтын деректердің;
- жерасты және жерүсті құрылыстарды салу бойынша вариантты шешімдердің;
- ескерткіштердің рұқсат етілген деформациялары туралы деректердің;
- инженерлік қорғаудың жобалық шешімдерінің варианттарын техникалық -
экономикалық салыстырулар.
23.12 Геологиялық ортаны, ғимараттарды және құрылыстарды қауіпті инженерлік-
геологиялық үдерістерге төзімділігі бойынша инженерлік-техникалық қамыздандыру іс-
шаралары ҚР ЕЖ 5.01-102, ҚР ЕЖ 2.03-102 және ХҚН 2.03-02 сәйкес дайындалуы тиіс.
Бұл ретте:
- геологиялық ортаның қазіргі жағдайы бойынша сипаттамаға оның негізгі
компоненттері бойынша баға беру қажет;
- жобалық шешімдерге талдауды геологиялық ортаның компоненттерінің өзгеру
болжамын ортаға қолданыстағы және жобаланған жүктеулердің ескерілуімен беру керек;
- геологиялық ортаны әртүрлі ықтимал теріс әсерлі техногенді үдерістерден
қорғаудың негізгі бағыттарын құрылыстардың конструктивтік және технологиялық
ерекшеліктеріне, салыну тереңдігіне, олардың құрылыс салу және пайдалану
жағдайларына қарай дайындау қажет.
Баға беруді инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық зерттеулер
материалдарының негізінде жүргізу қажет.
Геологиялық ортаның компоненттерінің өзгерулерін болжау кезінде жерасты
суларының режимінің өзгерістерге ұшырау динамикасын және ластану деңгейін, топырақ
көлемдері жағдайының шиеленісуін және инженерлік-геологиялық үдерістердің
активациясын есепке алу қажет.
Қиын инженерлік-геологиялық жағдайларда болжау жасау үшін математикалық
модельдеу әдістерін қолдану қажет.
23.13 Жерасты суларының ластанудан қорғанысының деңгейін
[6] көрсетілген
әдістеме арқылы есептейді.
Қорғалатын жерасты суларының аумақтарын келесі дәрежелерге бөліп қарау қажет:
- I дәреже - жоғарғы деңгейлі сенімділігі бар қорғаныстың қолайлы жағдайлары. Су
арналарының төбесінде қалыңдығы 10 м балшықтар және қалыңдығы 100 м және одан көп
саздақтар жатады;
- II дәреже - салыстырмалы деңгейлі сенімділігі бар қорғаныстың салыстырмалы
қолайлы жағдайлары. Су арналарының төбесінде қалыңдығы 3 м артық, бірақ 10 м
аспайтын балшықтар және қалыңдығы 50 м артық, бірақ 100 м аспайтын саздақтар
жатады;
176
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
- III дәреже - төмен деңгейлі сенімділігі бар қорғаныстың қолайсыз жағдайлары. Су
арналарының төбесінде қалыңдығы 3 м аспайтын балшықтар және қалыңдығы 50 м
аспайтын саздақтар жатады.
23.14 Жерасты және жерүсті құрылыстарды ашық тәсілмен салу кезіндегі топырақ
қыртысының жағдайына баға беруді топырақтардың геохимиялық құрамы, химиялық
ластану деңгейі және санитарлық жағдайы бойынша МЕМСТ 17.4.2.01 және МЕМСТ
17.4.3.06 сәйкес жүргізу қажет.
23.15 Топырақтардың ластану дейгейіне байланысты топырақтардың экологиялық
жағдайын нормадан ауытқыған химиялық элементтерінің (мырыш, кадмий, қорғасын,
сынап, мыс, кобальт, никель, күшала) шоғырлануының жиынтықты көрсеткіші (ШЖК)
негізінде 32-кестеге сәйкес белгілеу қажет.
32-кесте - Топырақтардың ластану деңгейіне экологиялық баға беру
ШЖК шамасы
Ластану деңгейі
Ластану дәрежесі
Экологиялық
жағдайдың бағасы
16 кем
Әлсіз (төменгі)
Рұқсат етілген
Салыстырмалы түрде
қанағаттанарлық
16-32
Орташа
Орташа қауіпті
Шиеленіскен және өте
қиын
32-128
Күшті (жоғарғы)
Қауіпті
Дағдарысты
128 астам
Максималды
Өте қауіпті
Апаттық
Топырақтың құнарлы қабатын пайдалануды ЖШК негізінде белгілейді:
-
32-ден кем - топырақтар ластанған жерлерді қалпына келтіру (рекультивация),
сондай-ақ құрылыс аумағын көріктендіру және көгалдандыру үшін қолданыла алады;
-
32-ден
128 дейін
- экологиялық таза топырақпен араластырылған жағдайда
топыраққұнарын қалпына келтіру және көріктендіру үшін қолданыла алады;
-
128-ден астам
- топырақтарды қолдануға болмайды және көміп тастау үшін
арнайы полигондарға әкетілуі тиіс.
24 ЖЕРҮСТІ ҚҰРЫЛЫСТАРЫН ШУ МЕНДІРІЛДЕН ҚОРҒАУ
24.1 Қалалық ғимараттар мен құрылыстарды ҚР ҚН 2.04-02 және ВҚН 211 сәйкес
құрылыс жұмыстарын жүргізу, метрополитенді пайдалану мерзімінде поездардың
қозғалысы және метрополитеннің инженерлік-техникалық жабдықтарының жұмысы
кезінде пайда болатын шудан және дірілден қорғау керек.
24.2 Тұрғын жайлық және қоғамдық ғимараттардың бөлмелеріндегі шудың деңгейі
ҚР СанЕжН № 3 3.01.035, ҚР СанЕжН № 3 3.01.030 көрсетілген мәндерден аспауы тиіс..
Тұрғын жайлық және қоғамдық ғимараттардың бөлмелерінің шудан және дірілден
қорғану пәрменділігін поездарды пайдаланым режимінде пайдалану кезінде тексеру
қажет.
24.3
16;
31,5 және
63 Гц орташа геометриялық жиіліліктері бар октавалық
177
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
деңгейлердегі дірілтөзімділіктің максималды орташа квадраттық мәндері
33 Кестеде
көрсетілген рұқсат етілген мәндерден асып түспеуі тиіс.
24.4 Туннельдің виброқорғаушы конструкциялар пайдаланылатын аймағының
ұзындығын және оның жоспарда орналасуын есеппен анықтау керек.
-
жоспардағы дірілден қорғану учаскесінің ұзындығын және орналасуын есеп
арқылы белгілеу;
-
кәдімгі және және дірілден қорғану конструкциялары арасында физика -
механикалық сипаттамалары бірқалыпты өзгеретін, ұзындығы кемінде 10 м құрайтын
өтпелі учаскелер болуы тиіс.
33-кесте - Дірілжылдамдықтың максималды орташа квадраттық мәндері
Рұқсат етілген мән
Жайлар, ғимараттар
м/с
дБ
Тұрғын жайлар
0,00011
67
Ауруханалардың, санаторийлердің палаталары
0,00008
64
Әкімшілік-басқару, қоғамдық ғимараттар
0,00028
75
Білім беру мекемелері, кітапханалардың оқу залдары
0,0002
72
Ескертпелер:
1 Дірілжылдамдықтың м/с-пен келтірілген, рұқсат етілген, түзетілген мәндері
2,1 есе ұлғаяды
(+6
дБ),эквивалентті мәндер үшін - 0,32 есе кемиді (минус 10 дБ).
2 Күндізгі уақытта тұрғын жайларда, ауруханалардың, санаторийлердің палаталарында нормативтік
мәндерінің 1,8 есе ұлғаюына рұқсат етілген (+5 дБ)
24.5 Дірілмен әсер етудің есептік деңгейі рұқсат етілген деңгейден асып түскен
жағдайда мынадай діріл әсерінің деңгейін төмендету іс-шаралары қарастырылуы қажет:
- пайда болатын тербелістердің көзінде - жоспардағы желілерді трассировкалау
кезінде аралықтардың басты жолдарында
500 м кем қисықтарды мүмкіндігінше
болдырмау, рельстердің желісіндегі дәнекерлік түйісулерді тегістеу, рельстердің астына
амортизация төсеніштерін қою арқылы;
- туннельдердің конструкцияларында - ауырлатқан және көп қабатты қаптамалардың
есебінен;
- ғимараттардың астындағы төсеніштердің конструкцияларында - топырақтардың
динамикалық және сенімділік сипаттамаларын өзгерту есебінен;
- туннельдердің
трассасы
үстінен
салынып жатқан
ғимараттардың
конструкцияларында
- ғимараттардың жер бетіндегі бөлігін іргетастардандірілден
оқшаулау есебінен:
- туннель және ғимарат
(құрылыс) арасындағы топырақ көлемінде
- жасанды
тосқауылдарды (экрандарды) орналастыру арқылы.
Топырақтардың динамикалық параметрлерінің есептік мәндерін нақтыланған
тәжірибелік деректердің негізінде, ал болжалды есептер үшін
34-кесте бойынша
қарастыру қажет.
Бойлық Ср және көлденең Cs толқындардың жылдамдығының, топырақтың Е
серпінділігінің динамикалық модулінің болжалды мәндері 34-rестеде көрсетілген.
178
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
34-кесте - Бойлық, көлденең толқындардың жылдамдығы менсерпінділіктің
динамикалық модулінің болжалды мәндері
Топырақ
Ср, м/с
Cs, м/c
Е, МПа
Мореналық құмдақ
300-500
100-200
160-450
Мореналық саздақ
360-570
140-250
230-580
Тозаңды құмдақ және саздақ
720-870
430-600
700-900
Табиғи жолмен қордаланған құмдақ
150-380
90-160
80-220
Сулы құмдақ
1400-1500
250-320
710-920
25 ЖЕЛІЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
25.1 Жалпы ережелер
25.1.1 Құрылыс жүргізудің ұйымдастыру-технологиялық дайындығы ҚР ҚН 1.03-00
сәйкес жүргізілуі тиіс.
Метрополитеннің жерасты жағдайларда тау қазу жұмыстарына және құрылыс-
құрастыру жұмыстарына қатысты құрылыс жүргізу нысандарын қауіпті өндірістік
нысандар дәрежесіне жатқызу керек.
25.1.2 Құрылыс-құрастыру, оның ішінде дайындық жұмыстары тапсырыс беруші
тарапынан оларды орындауға рұқсат берілген сәттен кейін басталуы тиіс.
Барлық жер жұмыстары аумақтық билік органымен бекітілген «Жер жұмыстарына
дайындық және өндіріс жұмыстарын жүргізу ережелеріне» сәйкес іске асырылады.
25.1.3 Тапсырыс беруші Бас мердігерлік құрылыс компаниясымен бірге топырақ
көлемініңықтимал
деформациялары кеңістігінде
орналасқан
ғимараттардың,
құрылыстардың және коммуникациялардың жағдайына бақылау жасауы тиіс.
25.1.4 Құрылыс жұмыстары басталғанға дейін жер бетінде құрылыс жүргізу үшін
геодезиялық негіздеме жасалынуы тиіс.
Геодезиялық негіздеменің жобалық тораптарының пункттерінің өзара орналасуының
квадраттың ауытқулары1 км шаққанда15 мм, нивелирлік сырғуда - 5 мм аспауы тиіс.
Жерасты учаскелердегі ұңғымаларда жоспарлы-биіктік геодезиялық-маркшейдерлік
жерасты тірегін дайындалуы тиіс.
Жерасты жобалық тораптардағы салыстырмалы ауытқу 1:20000, орташа квадраттық
1 км шаққанда нивелирлік сырғуда - 10 мм, гироскопиялық әдіспен бағыттауда - 15"
аспауы тиіс.
Бағыттауды ұңғылаудың әрбір 200 м сайын жүргізу қажет.
25.1.5 Жұмыстарды жүргізу жобасы (ЖЖБ) құрылыс ұйымымыне немесе оның
тапсырмасымен - жобалау (жобалау-технологиялық) ұйыммен құрылысты ұйымдастыру
жобасының (ҚҰЖ) негізінде дайындалады.
Бекітілген жобалық шешімдерден құжаттаманы әзірлеушімен және тапсырыс
берушімен келісусіз ауытқуға рұқсат жоқ.
179
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
25.1.6 Аса қиын табиғи және инженерлік-геологиялық жағдайларда, зілзалалық
аудандарда және қайталама жұмсалатын аумақтарда метрополитендерді салу ЖЖБ және
ҚҰЖ көзделген ҚНжЕ ІІІ-44 арнайы талаптарының орындалуымен жүргізілуі тиіс.
Бұл ретте ЖЖБ техникалық бақылау әдістерін, өлшеу станцияларын
ұйымдастыруды және құрылыс жұмыстарын сенімді жүргізуді және құрылыстарды
кейінгі сенімді пайдалануды қамтамасыз ететін басқа да жұмыстарды қосқанда қажетті
зерттеулердің, сынақтардың және режимдік бақылаулардың бағдарламалары дайындалуы
тиіс.
25.1.7 Метрополитеннің қолданыстағы желілерін және жекедара нысандарын қайта
құру, кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру бойынша жұмыстарды осы
ережелерге қосымша түрде жүргізу ЖЖБ, ҚҰЖ арнайы нұсқауларының және
талаптарының, құрылыс жүргізуді ұйымдастыру және технологиясы бойынша
құжаттамасының негізінде жүргізілуі тиіс.
25.1.8 Құрылысты ұйымдастыру және жұмыстарды жүргізу бойынша құжаттаманың
құрамына төмендегілер кіреді:
-
жобалау ұйымы дайындайтын бекітілетін жобаның
(жұмыс жобасының)
құрамындағы құрылысты ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ);
- ЖЖБ-ның тапсырыс берушісі ретінде құрылыс ұйымының тапсырмасы бойынша
жұмыс құжаттамасының негізінде дайындалатын жұмыстардың өндірісінің жобасы
(ЖӨЖ);
- бас жобалау ұйымымен, қажет болғанда мамандандырылған жобалау, жобалау-
конструкторлық және жобалау-технологиялық ұйымдарды тартумен, құрылысты
ұйымдастыру және технологиясы бойынша жұмыс құжаттамасы.
25.1.9 Құрылыс өндірісін басқаруды ақпаратты жинаудың, алмасудың және өңдеудің
техникалық құралдарын қолданумен басқарудың автоматтандырылған жүйесі арқылы
жүргізу қажет.
25.1.10 Метрополитен құрылысы алғаш рет жүргізілетін қалаларда өндірістік-
құрылыс базасын құру кезінде қаладағы құрылыс индустриясының кәсіпорындарын
құрылыс конструкцияларын және бөлшектерін өндіру, стандартты емес тау қазу
жабдықтарын шығару, машиналарды, механизмдерді және көлік құралдарын жөндеу,
қосалқы бөлшектерімен қамсыздандыру, сондай-ақ метрополитеннің тұрақты
құрылғыларының жабдықтарын жиынтықтау бойынша барынша кооперациялаудың
максималды мүмкіндіктерін қарастыру қажет.
25.1.11 Құрылыс алаңшаларындағы уақытша құрылыстарды, қолда бар
құрылыстарды, көкжелекті барынша сақтау, тұрғындардың қалыпты тұрмыстық
жағдайларын қамтамасыз ету, құрылыс алаңшаларына іргелес аудандарда құрылыс
жұмыстарын жүргізуге, қалалық шаруашылықтың жұмыстарына бөгет болмауды, өрт
және санитарлық қауіпсіздік талаптарының орындалуы жағдайлары ескеріліп
орналастыру қажет.
25.1.12 Сығымдалған ауамен қамтамасыз ету стационарлы немесе жылжымалы
компрессорлық құрылғылар арқылы берілуі тиіс. Компрессорлық станциялардың
өнімділігі, саны және орналасын орындары ҚҰЖ сәйкес белгіленеді.
180
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
25.1.13 Құрылысты электр қуатымен қамтамасыз ету 6-10 кВ кернеулі дербес әуе
немесе шоғырсымдық желілер арқылы аудандық энергожүйенің қосалқы станцияларынан
алынуы тиіс.Шахталық алаңшаларды электр қуатымен қамтамасыз ету үшін 6 -10 кВ
кернеулі қалалық тораптардан (қуат торапқа екі тәуелсіз көзден берілетін болса) немесе
жылжымалы энергоқондырғылардан алынуына рұқсат етіледі.
Электрмен қамсыздандыру электр қабылдағыштардың келесі топтарын тоқтың екі
тәуелсіз көзінен қамтамасыз етуі тиіс: шахтаның көтерілу жүйесін, басты ж елдеткіштің
вентиляторларын, суды сыртқа шығару жүйесін, төменгі қысымдағы
(кессонды)
компрессорлық станцияны, су деңгейін төмендететін қондырғыларды және жерасты
ұңғымаларды жарықтандыру жүйесін. Осы электр қабылдағыштарды қуаттың тәуелсіз
көздеріне жалғанған тарату қорабының секциялары бойынша теңдестірілген күйде қосу
қажет.
25.1.14 Туннельдерді салудың жерасты жұмыстарының бүкіл мерзімінде сенімді
телефон байланысы және хабарландыру жүйесі, сондай-ақ төтенше жағдайлар
туындағанда, қосымша байланыс жүйелері қарастырылуы тиіс.
25.1.15 Туннельдерді салуды құрылыстағы ауысымдардың уақытына еселенген тау
ұңғылау жұмыстарының циклінің орындалу жағдайынан шығатын ұңғылау жұмыстарың
белгіленген жылдамдығын қамтамасыз ететін циклограммалардың негізінде жүзеге асы ру
қажет.
25.1.16 Туннельдерді ұңғылау кезінде ұңғымаға сенімділігін сипаттайтын нақты
геологиялық және гидрогеологиялық жағдайлардың сәйкестілігіне, топырақтардың
қыртыстылығының қуатының, сипатының өзгеруіне, ұңғымалау кезіндегі қаттылығына,
сызаттардың түсуіне, топырақтардың түрлеріне және жерасты сулардың ұңғымаға ағып
келуіне жүйелі түрде көзбен бақылау жүргізу қажет.
25.2 Геодезиялық-маркшейдерлік қамсыздандыру
25.2.1
Құрылысты геодезиялық-маркшейдерлік қамсыздандыру құрылыс
нысанының сапасының қажетті деңгейіне қол жеткізуде және құрылыс кеңістігіндегі
қолда бар ғимараттардың және құрылыстардың деформациясына бақылауларды
жүргізуде рұқсат етілген белгіленген ауытқуларды дәлме-дәл шектеумен құрылыс
нысанының белгілерін және осін натураға дәлме-дәл орналастыру мақсатымен
қолданылуы тиіс.
25.2.2 Құрылыс-құрастыру жұмыстарын орындау кезіндегі геодезиялық-
маркшейдерлік бақылаулар МЕМСТ 23961 талаптарының орындалуына бақылауды және
туннельдердің құрамалы және біртұтас қаптамалардың іс жүзіндегі өлшемдеріндегі
рұқсат етілген ауытқуларының жобалық ережелерден асып түспеуін қадағалауды
қамтамасыз етуі тиіс.
25.3 Жер бетіндегі жоспарлы-биіктік торап
25.3.1 Жоспарлы-биіктік геодезиялық негіздеме жобаның құрамына кіреді және
негізгі құрылыс жұмыстары алдында дайындалады.
181
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
25.3.2 Геодезиялық негіздеменің жоспарлы тораптары қарсы ұңғылау
жұмыстарының талап етілетін жіетерінің дәлдігін және құрылыстардың өстерінің натураға
түсуін қамтамасыз етуі тиіс.
Жер бетіндегі геодезиялық тарату негізі триангуляция әдісімен немесе оны
алмастыратын Iт, IIт, IIIт, IVт дәрежелі полигонометрияны қолданумен дайындалады.
Жер бетіндегі тарату негізін шоғырландыру негізгі немесе іргелес полигонометрия,
немесе негізгі полигонометрияның орнына аналитикалық талдау торабын құру арқылы
жүзеге асырылады.
Туннельді қосу жүзеге асырылатын жоспарлық тораптың пункттерінің m өзара
белгіленуінің ең көп орташа квадраттық қатесі рұқсат етілген мәндерден аспауы тиіс:
25-28 мм немесе туннельдің ашық немесе жабық тәсілмен салынуына қарамастан
салыстырмалы мөлшерде 1 км қашықтыққа 1:35000.
25.3.3 Жоспарлы негізді геодезиялық торапты салу үшін (туннельдік триангуляция,
триангуляция орнына полигонометрия, негізгі полигонометрия, негізгі полигонометрия
орнына аналитикалық тораптар) спутниктік навигациялық жүйені (СНЖ) қолданумен
өлшем технологиясын іске асыру қажет.
Геодезиялық торапты СНС қолданумен құрған кезде, тораптардың нүктелерінің
арасы көрініп тұруы міндетті емес.
СНС өлшемдерінің торабы міндетті түрде жыл сайын қайталама өлшемдер жасалуы
талабымен құрылыстың белгіленген мерзіміне құрылады.
СНС геодезилық қабылдағыштарын қолданумен пункттердің өзара жоспарлы
орналасу дәлдігін айқындау 5+1×10-6L бастап 10+2×10-6L мм дейін болуы тиіс, мұндағы
L - пункттер арасындағы қашықтық, км.
Бір жиілікті спутникті қабылдағыштарды қолдану арқылы өлшемдерді жүргізгенде
СНС жақтарының ұзындығы 10 км аспауы тиіс.
СНС өлшемдерін барлық рұқсаттарды орындаумен алып жүретін жиіліктің фазасы
бойынша салыстырмалы түрде орналастыру әдісімен және әрбір пунктте кемінде екі мәрте
өлшем жасаумен жүргізу қажет.
Өлшемдердің салыстырмалы әдісі кемінде төрт ортақ спутниктердің барлық жұмыс
станцияларында сигналдарды синхронды қабылдауды қажет етеді.
Спутниктік қабылдағыштардың биіктету маскасының ұсынылатын бұрышы 15° -тан
кем болмауы тиіс.
Жұмыстарды жүргізу мерзімінде альманах файлын қолданған жөн. Оның
деректерінің негізінде арнайы бағдарламалық жасақтама биіктету маскасының бұрышын
ескере отырып, спутниктердің қажетті санын қамтамасыз ететін жеке-дара станциядағы
спутниктік өлшемдер үшін қажетті ең оңтайлы уақыт аралығын болжауға мүмкіндік
береді. Бұл ақпарат, әсіресе, станциядағы жұмысты аспан сферасының шектеулі көрінісі
кезінде жоспарлаған уақытта үлкен маңызға ие болады.
Қабылдағыштар жиынтығы эталондық жоспарлы тораптарда метрологиялық
аттестациядан өтуі тиіс.
Камералық өңдеуді дербес компьютерде кейінгі өңдеу режимін қабылдайтын арнайы
бағдарламалық жасақтама көмегімен орындау қажет.
СНС-ты қалалық көпқабатты үйлердің тығыз орналасуы жағдайында қолдану қиын
182
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
болса, жоғары дәлдікті оптикалық аспаптарды немесе электрондық тахеометрлерді
қолданумен, және ВҚН
160-қа сәйкес технологияларды және рұқсаттардың
орындалуымен, жер бетінде полигонометрия әдістерін қолданумен геодезиялық
тораптарды құрған жөн.
25.3.4 Жиынтықтау жоспарлық тораптары жерасты ұңғымаларды, тарату
жұмыстарын ж.т.б. құрылысқа қажетті дәлдікке сәйкес бағыттау арқылы өндірісті
бастапқы пункттермен қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
Тораптың пункттерін айқындауды екі мәрте жоспарлық тораптың әртүрлі тірек
пункттерінен орындау қажет. Жиынтықтау торабының пункттерінің арасы өзара көрінуі
тиіс.
Бейімделгіш полигонометрияны жоғары дәлдікті оптикалық аспаптарды, электронды
тахеометрлерді немесе СНС қолданумен, құрылыстың жоспарлық-биіктету негіздемесіне
сүйене отырып жүргізген дұрыс. Бейімделгіш полигонометрия келесі талаптарға сай
болуы тиіс:
- бұрыштық қиыспау -
, мұндағы n - бұрыштардың саны;
8"
n
- желілік қиыспау 1:20000.
25.3.5 Биіктету негіздемесі құрылыс жобасын натураға биіктігі бойынша
орналастыру үшін қолданылады, тірек тораптарына және қойылту тораптарына бөлінеді.
25.3.6 Тіреуіштік биіктету торабы міндетті түрде I және II кластағы мемлекеттік
нивелирлік торапқа сәйкестендіріп II кластағы геометриялық нивелирлеу әдісімен
құрылады.
II кластағы нивелирлеу ең жоғарғы дәлдікті инструменттерін және өлшеу әдістерін
қолданумен, системалық қателерді барынша болдырмау жағдайымен орындалады.
Полигондардағы және II кластағы нивелирлеудің желілері бойынша қиыспаушылық
5 мм
L аспауы тиіс, мұндағы L-полигонның периметрі немесе желінің км. шаққандағы
ұзындығы.
II кластағы нивелирлеу үшін метрологиялық аттестациядан өткен нивелирлер және
рейкалар қолданылады.
II кластағы нивелирлеуді белгіленген рұқсаттардың орындалуымен іске асырылады.
Тіреуіштік нивелирлік торапты рұқсат етілген мөлшерде, бірақ төмендегілерден
аспайтын жағдайда құру қажет:
- бастапқы қадалар арасындағы жолдың ұзындығы 2 км;
- дәл сондай, бірақ тораптағы қадалардың арасы - 1 км;
- қадалар арасындағы қашықтық, м: құрылысы қиын тораптарда - 100; ғимараттар
көп шоғырланған аудандарда - 200; ғимараттар аз шоғырланған аудандарда - 300.
25.3.7 Қойылтудың биіктік торабы құрылыс кеңістігін талап етілетін жиілікті
қамтамасыз ету және III кластағы нивелирлеу талабын орындау мақсатымен құрылады.
Невирлеуді [7] нұсқаулықта бекітілген рұқсат етілген жабық полигондарда жүргізу керек.
25.4 Биіктігі бойынша жоспарланған жерасты желілерін бағыттау
25.4.1 Биіктігі бойынша жоспардағы желілерді бағыттау үшін жер үстінен жер
астына дирекциялық бұрыштар, координаттар мен биіктік белгілері беріледі.
183
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
25.4.2 Дирекциялық бұрыштарды беру гиротеодолит деп аталатын гидроскоптық
құралдармен жүзеге асырылады. Гиротеодолиттерді 3 ай сайын эталоны бойынша іріктеу
керек.
Жерасты полигонометриялық желісін бағыттауға:
- белгілі дирекциялық бұрышы жағымен жер бетіне гиротеодолиттің түзелуін
анықтау;
- жерасты полигонометриялық желісінің бағытталатын жағының дирекциялық
бұрышын анықтау;
- белгілі дирекциялық бұрышы бар жағына гиротеодолиттің түзелуін қайта анықтау
енеді.
Гиротеодолиттің түзелуін анқтау, жоспарлы негіздеменің шектес екі жағындағы екі
гироблоктың әр қайсысын бір жола өткізу арқылы жүзеге асырылады.
Түзеуді анықтауға арналған жағының ұзындығы 100 м кем болмауы тиіс. Түзеулер
арасындағы айырмашылық әр гироблокқа 20" артық болмауы тиіс.
Жерасты полигонометриялық желісінің қабырғасын бағыттауды екі гироблокпен
жүзеге асыру қажет.
Бірнеше бағыт бойынша анықталған, жерасты желісінің дирекциялық бұрышы
мәнінің айырмашылығы 20" артық болмағаны жөн.
Гиротеодолитпен
анықталған
дирекциялық
бұрышқа,
меридиандардың
жақындауына қарай, келесі формула бойынша түзетулер енгізу қажет:
y
"
"
,
(16)
Rtg
90
мұнда y жүздеген метрлерде;
y
- (Yопр-Yисх);
R - Жер радиусы (6371км);
- жұмыс орнының ені.
Анықтау дәлдігі y -20 м.
y
"
Түзеу белгісі
y белгісімен анықталады.
"
формуласында,
Rtg
90
міндетті түрде y және R өлшемділігін сақтау керек.
25.4.3 Жерасты жасанды қуыстарына координаттар тік визирлеу немесе тіктеу
лазерлік құралдарның көмегімен шахтаның тік ұңғылары арқылы беріледі.
Оқпанға жақын орналасқан, оқпанға қарасты СНС (өтпелі полигонометриялық)
нүктесінің
(порталға қарасты) желі жоспарындағы пунктінен, оқпанда орналасқан
нүктелерің координаттары мен жерасты жасанды қуыстарындағы жобасы анықталады.
Жерасты жасанды қуыстарындағы жоспарланып жатқан нүктенің жер үстнде алынған
координаттары бастапқы болып қабылданады.
Порталдар арқылы координаттар мен дирекциялық бұрыштарды беру, туннель
ішіндегі және сырттағы ауа температурасы бірдей болғанда полигонометрия әдісімен
жүзеге асырырылады.
184
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
Туннельдерге координаттарды көп мәрте қайта берген кезде, әр жолы жерасты
полигонометриялық желі белгілері координаттарының мәнін нақты анықтап алу керек, ал
дирекциялық бұрыштардың мәнін - әр жолы бағыттаған сайын.
Екі немесе одан көп мәрте берілген координаттар мәнінің айырмашылығы 15 мм
аспауы тиіс.
25.4.4 Биіктік белгілерін жер бетіндегі екі немесе одан да көп реперлерден және
лазерлік өлшеуіш, металл өлшеуіш, жарықпен қашықтықты өлшейтін құралдың көмегімен
туннельдегі екі полигонометриялық белгіден кемітпей, жерасты жасанды қуыстарына
беру қажет. Екі немесе одан көп мәрте берілген өлшемдердің арасындағы биіктік
белгілері айырмашылығының мәні 100 метрге 6 мм аспауы тиіс. Биіктік белгілерді беру,
геометриялық нивелирлеу әдісімен штольнялар арқылы жүзеге асырылады.
Белгілерді эскалаторлық туннельдер мен көлбеу штольнялар арқылы беру,
белгіленген шектеулерді сақтай отырып, тригонометриялық нивелирлеу әдісімен жүзеге
асырылады.
Штольнялар мен көлбеу қазбалар арқылы алынған, жерасты репері белгілерінің
айырмашылығы ±2 мм
n аспауы тиіс, мұнда n - тағандар саны.
25.5 Жерасты жасанды қуыстарындағы биіктігі бойынша жоспарланған желі
25.5.1 Жерасты жасанды қуыстарындағы биіктігі бойынша жоспарланған желі,
жобаның өзіне барлық туннель ғимараттарын дәл көшіру үшін негіздеме болып табылады.
25.5.2 Жерасты жасанды қуыстарында биіктігі бойынша жоспарланған желіні
дамыту, тік шахталар арқылы бағыттай отырып алынған бастапқы бөлімшелер немесе
порталдар, штольнялар мен көлбеу қазбалар арқылы жерасты геодезиялық бөлімшелерінің
өзіне қосылу амалдары бойынша жүзеге асырылады.
Басты бағыт - 150м - 300м негізгі жерасты желісіне бекіте отырып, туннель осі
бойымен салынады (басты бағыт пунттерін таңдау, бір жақты ұңғының тау қазбасына
қатысты ұзындығына байланысты).
Жерасты полигонометриялық желісілерді келесі шектеулерді ұстана отырып өткізу
қажет:
- бағыт периметріндегі салыстырмалы желілік қате
- негізгі бағыттар үшін
1
киллометрге 1:25000 жоғары емес;
- бұрыш өлшемінің орташа шаршылық қатесі - 3".
Жерасты полигонометриялық желі пункттері туннель төсемінің түріне қарай
бекітіледі:
- құрылыстың ашық түрі
- бетон біртұтас сфералық тоқпағы бар металл
өзекшелермен. Осы өзекшелерге мыс, қола немесе жез қағылатын, шұңқыр бұрғыланады.
Өзекшелер туннель төсемінен жолға төселген бетонның деңгейіне қатарластырып, 250 мм
қашықтықта дәнекерленеді;
- құрылыстың жабық түрі кезінде - жол рельстері бастиегінің деңгейімен қатты
қабырғаларға немесе туннель төсемдерінің шойынды тюбингтерінің бортына бекітілген,
алаңдағы мыс, қола немесе жез қағылып, бұрғымен жасалған шұңқырларға бекіті леді.
Биіктігі бойынша жоспарланған жерасты желілерінің барлық пункттерін нөмірлеу
185
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
қажет. Сол жақ туннель пункттеріне тақ сандар, ал оң жағына жұп сандар беріледі.
Құрылып жатқан жол бойындағы пункттерді нөмірлеу бірыңғай болуы және
қайталанбауы тиіс.
Пикетаждың бағыты бойымен нөмірлер өсу тәртібінде отыруы тиіс.
25.5.3 Жоба көлбеуін және туннельдің кескінді қалпын сақтау үшін, забойларды
жойған сайын жер асты желісін дамытып отыру қажет.
Жерасты геометриялық нивелирлеуді полигонометриялық желінің белгілеріне қарай
орындау қажет.
Тау қазбасына дейінгі забойға реперлер арқылы белгілерді беру, ІІІ санатты
нивелирлеулеу әдісімен орындалады. Тау қазбасынан кейінгі қорытынды нивелирлеуді
тіке және кері бағыттар бойынша ІІ санатты нивелирлеу әдісімен жасау қажет. Бұл жолы
да ІІ санаттағы нивелирлеу үшін белгіленген шектеулерді ұстану керек:
-
жерасты жасанды қуыстарындағы нивелирлік жолдың ұзындығы
-
L±
49L 49L 32 желдету ұңғымалары немесе шахта оқпандары арқылы белгілері
берілген, репетрлер арасына салынған жолдардың сәйкес келмеуі; жер бетіндегі
нивелирлік бағыт ұзындығы (км) - L, км;
- жер бетімен байланысты, жерасты нивелирлік бағыттар үшін (порталдар немесе
штольнялар арқылы) - ±
мм.
49
L49L
Биіктігі бойынша жоспарланған жерасты желілерін жүйелі өңдеуді, дербес
компьютерлердің көмегімен жүзеге асыру қажет:
тау қазбасына дейін
полигонометриялық желінің аспалы бағыттарын өңдеп, тау қазбасынан кейін құрылыстың
ең үлкен габариттарін ескере отырып, желіні теңестіру қажет.
Биіктігі бойынша жоспарланған жерасты желілерінің барлық пункттерін нөмірлеу
керек. 1-жол туннелінде орналасқан пункттерді тақ сандармен, ал 2-жол туннеліндегі
пункттерді жұп сандармен белгілеу қажет.
25.6 Құрылыс-құрастыру жұмыстарын геодезиялық және маркшейдерлік
қамсыздандыру
25.6.1 Жоба жоспарларын құрылыста жүзеге асыру мақсатымен, құрылыс-құрастыру
жұмыстарын (ҚМЖ) геодезиялық және маркшейдерлік қамсыздандыру қажет (берілген
габариттері қатаң қадағалануын, жобаланған жол бойымен өтетін механизмдердің нақты
жүргізілуін, туннель қазбаларының, басқа жерасты құрылыстары мен конструктивті
элеметтерінің нақты қабаттасуын, графикалық құжаттардың толтырылуы мен
құрастырылуын, негізгі құрылыс жұмыстарының көлемін есепке алынуын).
25.6.2 Жерасты жасанды қуыстарындағы биіктігі бойынша жоспарланған желілерді
туннель төсемі құрылысын қамтамасыз ететін, өту механизмдерінің күйін анықтау үшін
150 м қашықтықта қаданы жойған сайын жасап отырған жөн.
Жерасты полигонометриялық желісін екі мәрте 25-50 м өткізу қажет. Желінің
ұзындығын тік және кері өлшеу қажет. Өлшеу нәтижелерінің жинақтылығы - ±3 мм.
Бұрыштарды үш айналым жасап, келесі шектеулерді сақтай отырып өзгерту қажет:
- біріккен кездегі бастапқы бағытының есептеулеріндегі айырмашылығы - 10";
- нөлге келтірілген бағыттың тұрақсыздығы - 15".
186
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
Әр уақытта және екі тәуелсіз бақылаушымен бірге, үшбұрыш тізбегімен жұмыс
желісін салу қажет. Үшбұрыштағы қиыспаушылық ±10" артық болмауы тиіс; бұрыштар
өлшемі арасындағы айырмашылық - 10", ал желіде - 3-5 мм болады.
Желінің өңделуін үшбұрыштың қысқа және ұзын жақтарымен жүзеге асыр керек.
Егер желінің ұзындығы 25 м кем болса, арнайы өлшеу әдістері жасалады.
Биіктік желісін полигонометриялық желі пункттері бойынша, келесі шектеулерді
сақтай отырып, IV санатты нивелирлеу әдісімен жасау керек:
- станциядағы нивелирден пілте тақтайшаға дейінгі қашықтықтар теңсіздігі - 5 м
аспайды, олардың секция бойынша жиынтығы - 10 м дейін;
- бастапқы пункттер арасындағы нивелирлеу желілері бойынша алынған
қиыспаушылық - 20 мм
L аспайды, бағыт ұзындығы - L, км.
25.6.3 Ашық әдіспен ғимараттарды салу барысында, ғимарат өстері мен жобадағы
жалғамаларды құрылыс барысында жүзеге асыруға байланысты мынадай бөлу
жұмыстарын:
- қазаншұқырларды бекіту;
- топырақты дайындау;
- бетон құюға орын дайындау;
- жиынтықты және біртұтас темірбетоннан құрылысты құрастыру;
- жол жобасымен геометриялық байланысы бар негізгі және қосымша құрылыстар
өсі үшін орындау қажет.
Биіктігі бойынша жоспарланған желілердің координаттары, жобалық деректері мен
пункттердің биіктік белгілерін негізге ала отырып, құрылыс жобаларын жүзеге асыру
үшін, ондағы бөлу элементтерін есептеп шығару қажет.
Жобадағы бөлу жұмыстары дәл бөлуді қамтамасыз ететін кез келген әдістермен
орындалады.
Бөлу жұмыстарын келесі шектеулерді сақтай отырып жүзеге асыру қажет, мм:
- биіктік белгісін қазаншұқырдың түбіне беру
±10;
- қазаншұқырды бөліп тұратын «топырақ қабырғалар»
және қадамен бекіту
-50 +150 дейін;
- «топырақ қабырғалар» және қадамен бекіту қазаншұқыртүбінің деңгейінде
±150;
- құламалардағы қазаншұқыр
±50;
- қазаншұқыр өсі
±10.
Бетонды құятын орынды дайындаған кезде, жоғарғы деңгейін сұлбалы жобалық
күйінен ±10 мм аспайтын ауытқумен бекіту қажет.
Едендерді қаптауға байланысты жоба белгілерін ±3 мм дәлдігімен дайындап шығару
қажет.
Уақытша құрылыстарды жасау жұмысын бөлу, көлемі үлкейген жағына қарай 20 мм
артықшылығымен құрылыстың көлденең және ұзына бойғы өстері бойынан жасалады.
25.5.4 Жабық жұмыс тәсілімен жасалатын станцияларға арналған де бөлу
элементтерін есептеу, ашық жұмыс тәсілімен жасалатын станциялар сияқты, дәл сондай
геодезиялық-маркшейдерлік құралдарды пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Ерекше конструкциялы станцияларды салған кезде, жобалау құжаттарында құрылыс
геометриясы мен шектеулерге қатысты талаптар болуы тиіс.
187
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
25.6.5 Жиынтықты төсемдерден
- шойын тюбингті, темірбетон тюбингті және
темірбетон блокты - пойыз жүретін туннельдерді салған кезде, төсеме дөңгелектерін салу
жұмысы бойынша барлық маркштейдерлік жұмыстар биіктігі бойынша жоспарланған
жерасты желілерінің құжаттарына негізделу тиіс.
Жерасты полигонометриялық желілері координаттарының және биіктік белгілерінің,
оның жобалық құжаттарының негізінде туннель құрылысын жүзеге асыруға арналған бөлу
деректері есепке алынуы тиіс.
Дөңгелек кескінді жиынтықты темірбетонды туннельдер үшін, шойын төсемелер
дөңгелектерінің ауытқуына қойылатын шектеулер сақталады.
25.6.6 Туннельге қарасты ғимараттар құрылысын қамтамасыз еткен кезде,
маркштейдерлік жұмыстарды жүргізу технологиясын және жабық жұмыс тәсілі
қолданылатын туннельдер үшін қарастырылған шектеулерді қолдану ұсынылады.
25.6.7 Туннельдерді қалқанды тәсілмен салу барысында, маркшейдерлік жұмыстар
құрамына:
- қалқан астындағы қабырғаны құруға қажетті белгілер мен туннельдің жобалық
осінің құрастыру камерасын, өс нормалі шегінде бекіту және оны құрастыру;
- қалқан астындағы негіздердің геометриялық формасының дұрыстығын анықтау;
- құрастырушы қалқанның геометриялық формаларының дұрыстығын анықтау:
туннельдің жобадағы осімен қалқан осінің қиысуы, оның сұлба күйінің жобалық күйіне
сәйкес келуі, көлденең көлбеудің болмауы (қисаю), ұзына бойғы көлбеудің дұрыстығы,
қалқан эллиптикасының болмуы;
- маркшейдерлік белгілер мен құралдарды қалқанға бекіту;
- жобадағы және сұлбадағы жобалық өс бойымен жүргізу үшін бағыттау белгілерін
қалқанның артына бекіту;
- жол бойымен өту үдерісінде қалқанды жүргізу;
- әр қозғалыстан кейін, жобадағы және сұлбадағы қалқан күйін анықтау;
- қалқанды салып болғаннан кейін төсеме дөңгелектерінің күйін анықтау енеді.
Камерадағы қалқанды жинау бойынша құрастыру жұмыстарын орындау үшін келесі
маркштейндерлік деректер қажет:
- үш және одан да артық жерлерден камераның күмбезіне бекітілген, қалқанның
(туннельдің) жобалық ұзына бойғы осі;
- қалқанның (туннельдің) ұзына бойғы өсіне нормаль;
- қалқанның жобалық орталығымен байланысқан, шартты горизонт белгісі.
Және де қалқан ортасының жобалық белгісі туннель орталығының жобалық
белгісінен қалқанның ішкі бетінің қабаты мен дөңгелектің сыртқы шеңбері диаметрінің
жартысынан айырмашылығы көлемінде артық екенін ескеру керек.
Қалқанның бірінші үш сегменті биіктігі бойынша және жобадағы дәлдігімен ±10 мм
артық болмайтын марштейдердің қатысуымен орнатылуы тиіс.
Қалқанды құрастыру аяқталғаннан кейін ұзына бойғы және радиусы бойынша
съемка жасау қажет. Нәтижесінде:
- қалқанның пышақты дөңгелегінің ұзындығы;
- қалқанның тірек дөңгелегінің ұзындығы
(немесе тіреу дөңгелегінің төменгі
жағының ұзындығы, егер ол біртұтас түрде екі дөңгелекті біріктіріп тұрған болса);
188
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
- қалқан қабығының ұзындығы (тіреу дөңгелегінен қалқанның ұшына дейін);
- пышақ бөліміндегі тіреу дөңгелегінің артқы жазықтығы мен қалқан қабығының
соңына төрт диамертден келеді.
Қалқан ортасының жобадағы және сұлбадағы жолдың жоспарлы бағытынан көлбеуі
±50 мм артық болмауы тиіс. Туннель төсемі дөңгелегінің тігінен отыру үдерісін есепке ала
отырып, сұлбадағы қалқанды жобалық белгіден 2-3 см биік орнату ұсынылады. Осы
мөлшер жергілікті геологиялық жағдайларда ұңғылар тәжірибесінің негізінде өзгеруі
мүмкін.
Жобадағы қалқанның қалпын анықтау үшін пышақ және артқы доғаның арасындағы
қашықтықты, пышақ доғасы мен пышақ арасындағы, артқы доғаның арасындағы,
сонымен қатар өстік белгіден қабықшаның төменіне дейін және қалқанның нақты ұзына
бойғы өсіне дейін өлшеу керек.
Жолдың жобалық осіне қатысты пышақ және артқы доғалардың күйін анықтай
отырып, және доға мен пышақ және артқы доғалардың арасындағы қашықтықтың
арақатынасын пайдалана отырып, жобалық жол белгілеріне қатысты пышақ пен артқы
бөлігінің күйін есептеп шығарады.
Жобадағы және кескіндегі қалқанның күйін анықтау үшін лазерлі бағыт берушіні,
оптикалық қалқан құралын, нивелир немесе қалқанның автоматты жүргізу құралын
пайдалану қажет.
Қалқанның айналу шамалары туралы мәліметті пышақ және артқы жағының күйін
дұрыстауды есептеп шығару үшін пайдаланады.
25.6.8 Жер бетінде эскалаторлық туннель мен жер үстіндегі вестибюльдерінің
құрылысына кіріспес бұрын, эскалаторлық туннельдің ортаңғы бекеттік туннельмен
немесе басқа да жерасты құрылыстарымен тау қазбасын қамтамасыз ететін, жоспарлық
және биіктік геодезиялық негізін жасау қажет. Геодезиялық негіздің дәлдігі 24.3-ке сәйкес
келуі тиіс.
25.6.9 Эскалаторлық туннель ұңғымаларын маркшейдерлік бақылауды қамтамасыз
ету үшін, қатаң осі бойынша келесі талаптарға сәйкес келетін маркшейдерлік столды
орнату қажет:
- стол бақылаушы алаңынан және қоршаған механизмдерден оқшаулатылған, ал
конструкциясы қатты болуы тиіс;
- столда орнатылған теодалиттің көздеу немесе лазерлік бағыт беру көзі туннельдің
жобалық осіне сәйкес келуі тиіс;
- столдан
50 м артық қашықтыққа алшақтатылған үш нүктені көре алатындай
жағдайда болуы тиіс, олардың бірі туннель өсінің бағытын белгілесе, ал қалғандары
бақылаушы болып таблады. Сонымен қатар туннельдің жобалық өсі бойынша көру
мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс;
- стол ортасы
(құбырдың көздеу және көлденең остерінің қиысу нүктелерінің
кескіні) және теодолиттің көтергіш винттерін қоятын орындар стол тақтасына кернделген
болуы тиіс.
Столдар қадаға нұсқауларды беру үшін телефон байланысымен және жарық
сигналымен жабдықталуы тиіс.
25.6.10 Егер жобалық құжаттарда ескерілмеген болса, эскалаторлық туннельдің
189
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
бірінші дөңгелектерін салу барысында, дөңгелекке 1 мм есебінен туннельдің ұзаруын
есепке алу керек.
Бірінші дөңгелек сигменттерін салған кезде, оның орнатылуын тексеру, дөңгелектің
жоспарлық орталығынан сегіз радиустың өлшемі бойынша жүзеге асырылады.
Өлшеулерді алдыңғы жағындағы болтты саңылаулардың ортасына дейін жүргізеді.
25.6.11 Эскалаторларға арналған іргетастарды бетондаған кезде, құрылымның
көлденең элементтерін орнату үшін, белгілерді эскалатордың жобалық көлбеу базаларына
қатысты 10 мм төмендете отырып шығару қажет.
Эскалатордың астына іргетастарды келесі дәлдікпен қою қажет: жоспарда - ±20 мм,
кескінде - 0 минус 20 мм дейін. Көлбеу базасының деңгейін ±20" дәлдігімен туннельдің
екі жағына бекіту керек.
Эскалаторларды құрастыру жұмысын бастамас бұрын, эскалаторлық туннельдің екі
жағынан жоғарғы және төменгі тік базалар арасында бақылау өлшемдерін жасау керек.
Жоғарғы және төменгі тік базалардың биіктік байланысын жасау ұсынылады.
Эскалаторлар құрылымында ұзына бойы элементтерді орнату үшін белгілерді
шығару, дәлдігі ±5 мм жоспарлық көлбеу базасына қатысты 10 мм төмендете отырып
жасалуы қажет. Жоспарда эскалатор құрылымының ұзына бойы орнатылатын
элементтерінің осін шығару ±5 мм дәлдігімен жүзеге асырылады.
Эскалаторлардың жоғарғы бағыттаушы баспалдақтарының ребордтарын орнату ±1
мм дәлдігімен орындалады.
Эскалаторлардың басы мен аяғындағы шығарылған тік және ұзына бойғы өстердің
перпендикулярлықтан ауытқуы
±30" артық болмауы, ал орталығындағы құрастыру
шектерінің ауытқуы ±10" артық болмау тиіс.
Эскалаторлардың бғыттаушы еңіс фермаларының ауытқуы 2 мм артық болмауы
керек.
Жоспардағы және биіктігі бойынша эскалаторлардың іргетасты жетектік және
тартылған аймақтарының анкерлік болттарын орнату үшін орындарды бөлу барысында
пайда болған ауытқулар ±10 мм артық болмауы тиіс.
25.6.12 Шахтаның тік оқпандарын ұңғылармен қамтамасыз ету үшін,
1:500
масштабындағы жоспар бойынша немесе жобалық құжаттарға сәйкес координаттар
бойынша оқпан орталығын бөлу керек.
Орындарына оқпанның түсіру бекіткіштерін бекіту тәсілі бекіткішті түсірген кез
келген уақытта, олардың күйін тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. Тік белгілерді
бақылауға арналған реперлер топырақтың отыру және жылжу мүмкіндіктері ескеріле
отырып орнатылады.
Оқпанның шығарылған орталығының координаттары полярлық әдіспен
полигонометриялық желінің екі полигонометрижәне одан да көп пункттерімен
анықталады. Алынған нақты координаттарды, қажет болған жағдайда түзету үшін
жобалауұйымына хабарлау керек.
Оқпан өстерін бөлу ±10 мм дәлдікпен жасалады.
Форшахта құрылысы кезінде, оқпанның бекітілген өстері мен орталығынан ±30 мм
дәлдігімен кружалолар орнату керек.
Оқпанның көлденеңқиылыстарын әр 5 м сайын түсіру керек.
190
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
25.6.13 Оқпан жобадағы белгіге дейін түсірілгеннен кейін жер бетінен белгіні
жобалаушыларға беру керек. Жіберілген белгілердің мәнінің айырмашылығы
±4 мм
аспауы тиіс. Әр түрлі уақытта жіберілген белгілердің айырмашылығы ±7 мм аспауы тиіс.
25.6.14 Оқпандағы расстрелдар мен бағыттаушылардың орнатуын қамтамасыз етуді,
тіктеуіш сызықтарды пайдалана отырып, бекітілген остерден өткізу қажет.
Бағыттаушы көтергіштер үшін ағаш брустардың кез келген жазықтығындағы
максималды ауытқулар ±5 мм, тік бағыттаушылар үшін ±10 мм артық болмауы тиіс.
25.6.15 Оқпан жанындағы қазбалар мен ғимараттарға биіктік белгілерін нивелирдің
көмегімен тақалған реперлерден береді.
Оқпан жанындағы қазбалардың өстерін бөлуді геодезиялық негізінен орындау керек.
Бойлық өсті жоспарда және биіктігі бойынша әр 5 м сайын, 5 мм дәлдікпен бекіту керек.
25.6.16 Ғимараттардың атқару түсірілімін олардың құрылысы барысында түсіру
керек. Ғимараттың қиысуын тіке учаскелерде 10 м сайын, ал қисық учаскелерде 5 м
сайын, сонымен қатар орындалуға тиісті сызбаларды жасау үшін қажетті, еңерекше
орындарда түсіру қажет.
Қиысқан жерлерді түсірумен қатар, науаны және туннель қимасын ұзына бойы
нивелирлеу керек.
25.7 Тұрақты жолды төсеу
25.7.1 Жолдарды салу бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету үшін, жабық жұмыс
тәсілімен салынатын туннелінде қорытынды айдауды өткізгеннен кейін және ашық жұмыс
тәсілімен салынатын туннельдерін жобалық белгілерге дейін төгуді аяқтағаннан кейін
және туннельдің шөгуі басылғаннан кейін орындау қажет.
Бұл ретте жерасты полигонометрикалық желіде және нивелирлеу желісінде ақырғы
өлшеуді орындау қажет, МЕМСТ 23961 бойынша габариттерді оңтайлы сақтауды есепке
ала отырып, олардың ақырғы теңдестірілуін жүргізу қажет.
25.7.2
Жер асты жоспарлы-биіктік желісінің жобалық деректерінің,
координаттарының және биіктік белгілерінің негізінде, төмендегі мақсатта үшін
геометриялық өлшемдерді есептеу қажет:
- жолдың төменгі құрылысының жоғарғы деңгейін бекітетін, көкжиекті бөлу және
бекіту;
- туннельдің дренажды астауының құрама қалыптарын орнату;
- жолдың жоспары мен профилін сипаттайтын, негізгі нүктелерін бөлу және
бекіту;
- жолдардың қада белгілерін орнату жерлерін бөлу мен бекіту, биіктігі мен пикеті
бойынша орнатылған қада белгілерді алып тастау. Қада белгілердің жобалық пикетаждан
ауытқуы ±3 см, нақты белгілердің ауытқуы ±2 мм аспауы керек. Қада белгілерді биіктігі
бойынша орнатуды аяқтағаннан кейін, оларда екі рет қорытынды нивелирлеуді өткізіп,
содан кейін қада белгілердің болттарын бетондау жолымен бекіту қажет.
- жолдық қада белгілерінен қада белгіге жақын рельстарының ішкі қырына дейінгі
қашықтықты есептеу;
- бетондаудың алдында жолды түзеу және бетондау үдерісінде жолдарды бақылау;
191
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
- жолды жете түсіру;
- жолдарды
«өңдеу» мен қоршау және дренажды науа түбінің белгілерін
анықтағаннан кейін рельсалардың тоқпақтарын ақырғы нивелирлеу.
25.8 Жер бетінің шөгуін, ғимараттар мен жер асты құрылыстардың
деформациялануын бақылау
25.8.1 Құрылыс аймағындағы жер бетінің жылжу ойыстарында орналасқан
ғимараттардың ықтимал шөгуін табу және олардың қарқынын айқындау үшін бақылау
станцияларын салу қажет.
25.8.2 Бақылау станцияларында көрінетін шөгумен шарттасқан кезеңділікпен
деформацияланған қада белгілерді нивелирлеуді жүзеге асыру қажет.
Ғимараттардың шөгуін бақылауды келесі реттілікпен орындау қажет:
- жер бетінің жылжу ойысының 1:500 масштабын жоспарда көрсете отырып, ені
бойынша туннельді салудың екі еселенген тереңдігіне тең және жер асты жасанды қуыс
шеттерінен екі жағы бойынша орналасатын бақылау станциясының жобасын әзірлеу
қажет;
- төңіректе алдын ала барлауды өткізіп, тіреу және деформациялық қада белгілерді
салу орындарын белгілеу қажет. Ғимараттарда қада белгілерді жер бетімен бірдей
биіктікте 15-20 м сайын және міндетті түрде ғимараттардың бұрыштары мен ерекше
дөңестерде салу қажет.
- ІІ санатты нивелирлеуді тіреу қада белгілері бойынша және ІІІ санатты
нивелирлеуді деформациялық қада белгілер бойынша орындау қажет, нивелирлеу
желілеріндегі үйлеспеушілік: ІІ санат үшін ±5 мм
L, ІІІ санат үшін ±10
L мм аспауы
тиіс, мұнда L - жүру жолының км ұзындығы. Жүру жолында немесе полигонда 1 км
жүріске жалпы саны 16 артық штативі бар болған жағдайда, үйлеспеушілік: ІІ санат үшін
±1,2 мм
n, ІІІ санат үшін ±2,5 мм
n аспауы тиіс, мұнда n- жүру жолындағы штатив
саны;
- деформациялық қада белгілердің тізімдемелерін жасау қажет. Әр түрлі циклдардан
алынған бір атаулы қада белгілердің белгілері ±3 мм асқан жағдайда, шөгудің білінуі
анықталады.
25.8.3 Жер асты құрылыстардың деформациясын бақылауды бақылау
станцияларынан жүргізу қажет.
Шеңбер кескінді жер асты құрылыстарында мынаны орындау қажет:
- полигонометриялық пункттердің жоспарлы жағдайын алу үшін жүру жолын салу
қажет. Бұрыштарды үш тәсілмен өлшеу қажет. Өлшеу тәсілдері арасындағы айырма 8";
- нивелирлік жүру жолдарын полигонометриялық пункттер бойынша тік және кері
бағыт бойынша салу қажет. Нивелирлеу жүру жолдары мен желілеріндегі үйлеспеушілік
2,5 мм
n аспауы тиіс, мұнда n- штатив саны;
- әр бесінші дөңгелектің диаметрін өлшеу қажет (екі еңісті және бір көлденең).
Диаметрлерді өлшеудегі қате ±10 мм аспауы тиіс.
- әр бесінші дөңгелек күмбезін нивелирлеу қажет. Күмбез белгісін анықтаудағы
қате ±5 мм аспауы тиіс;
192
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
- жармалық сызықтан бастап көлденең диаметрдегі қаптаудың ішкі қырына
дейінгі қашықтықты 5 м сайын ±5 мм дәлдікпен өлшеу қажет.
24.8.4 Тік бұрыш кескінді жер асты құрылыстарында мынаны орындау қажет:
- полигонометриялық пунктардың жоспарлы жағдайын алу үшін жүру жолын салу
қажет. Бұрыштарды үш тәсілмен өлшеу қажет. Өлшеу тәсілдері арасындағы айырма 8";
- нивелирлік жүру жолдарын полигонометриялық пункттері бойынша тік және
кері бағыт бойынша салу қажет. Нивелирлі жүру жолдары мен желілеріндегі
үйлеспеушілік 2,5 мм
n аспауы тиіс, мұнда n- штатив саны;
- туннель арқалығын 5 м сайын нивелирлеу қажет;
-
5 м сайын көлденең өлшемдерді негіздеудің төбесінен 1,2 м биіктікте ±10 мм
дәлдікпен өлшеу;
- қаптаудың қабырғалық блоктарының тіктігінен ауытқуын анықтау қажет;
- жармалық сызықтан бастап көлденең диаметрдегі қаптаудың ішкі қырына дейінгі
қашықтықты 5 м сайын негіздеудің төбесінен 1,2 м биіктікте ±5 мм дәлдікпен өлшеу
қажет.
Бұрыштардың, күмбез және полигонометриялық пункт белгілерінің, дөңгелетер мен
домерлердің эллипттілігінің өзгеруі қарқынының нәтижелерін талдау негізінде ,жер асты
құрылыстардың деформациясы туралы қорытынды шығарылады.
25.8.5 Жер асты құрылыстардың деформациясын бақылау кезінде, барлық желілік
өлшеулерді қол лазерлік қашықтық өлшеуішпен орындау ұсынылады.
25.9 Атқарушылық маркшейдерлік құжаттама
25.9.1 Атқарушылық маркшейдерлік құжаттама дайын құрылыстарды тұрақты
пайдалануға тапсыру үшін жасалады. Атқарушылық сызбаларда салынған құрылыстардың
конструкциясы мен конструктивті жанасудың күрделі тораптарының детальдері толық
көрсетілуі тиіс. Атқарушы сызбалардың тізбесі - 35-кесте бойынша.
35-кесте - Дайын құрылыстарды тұрақты пайдалануға тапсыру кезіндегі
атқарушылық маркшейдерлік құжаттаманың тізбесі
Сызбалардың тізбесі
Масштабы:
(к) - көлденең,
(т) - тігінен
Желі трассасы:
атқарушы жоспар және геологиялық қимасы бар
(к) - 1:5000, (т) - 1:500
кескін
жер беті мен жер асты құрылыстарының жоспары
1:500
геодезиялық-маркшейдерлік негіз
-
жол қада белгілерінің каталогы
-
Станциялар:
а) тұғырнамалық бөлім:
Жоспар
1:200
жол туннельдерінің ұзына бойғы кескіні
(к) - 1:200, (т) - 1:100
193
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
35-кесте - Дайын құрылыстарды тұрақты пайдалануға тапсыру кезіндегі
атқарушылық маркшейдерлік құжаттаманың тізбесі (жалғасы)
ортаңғы туннель білігі бойынша ұзына бойғы
1:100 немесе 1:200
кескін
қызметтік үй-жайлардың жоспары
1:100 немесе 1:200
қызметтік үй-жайлардың ұзына бойғы қималары
1:100 немесе 1:200
сондай, қөлденең кималы
1:100 немесе 1:50
сондай, қөлденең кималы
1:100 немесе 1:200
б) вестибюль:
қабат жоспарлары
1:100
ұзына бойғы қима
1:100
көлденең қима
1:100
в) эскалаторлық туннель:
жоспар
1:100 немесе 1:200
ұзына бойғы қима
1:100 немесе 1:200
көлденең қима
1:50
аралық туннельдер:
жоспарлар
1:200 немесе 1:500
ұзына бойғы кескіні
(к) - 1:200 немесе 1:500, (т) - 1:100
немесе 1:200
қималар кестесі бар көлденең қима
1:50
қызметтік үй-жайлардың ұзына бойғы қималары
1:100 немесе 1:200
сондай, қөлденең кималы
1:50 немесе 1:100
ұнғымаларды қалалық коммуникацияларға қосу
1:500
жоспарлары
сондай, көлденең кескіні
(к) - 1:500, (т) - 1:100
шахталардың оқпандары, оқпан жанындағы
құрылыстар мен жасанды қуыстар:
шахта оқпанының тік қималары
1:200 немесе 1:100
сондай, ұзына бойғы қималы
1:50
оқпан жанындағы құрылыстар мен жасанды
1:100 немесе 1:200
қуыстардың жоспарлары
сондай, ұзына бойғы қималы
1:100 немесе 1:200
сондай, қөлденең кималы
1:50
Желінің ашық учаскесі:
станция жоспары
1:200
аралық жоспары
1:500
аралықтың ұзына бойғы кескіні
(к) - 1:500, (т) - 1:200
сондай, станциянікі
1:100 немесе 1:200
аралықтың көлденең қимасы
1:100 немесе 1:50
сондай, станциянікі
1:100 немесе 1:50
Электродепо және жер асты коммуникациялар:
электродепо аумағының жоспары
1:500
194
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
35-кесте - Дайын құрылыстарды тұрақты пайдалануға тапсыру кезіндегі
атқарушылық маркшейдерлік құжаттаманың тізбесі (жалғасы)
сондай, жер төсемінің ұзына ұзына бойғы кескіні
(к) - 1:500, (т) - 1:100
сондай, қөлденең кималы
1:100 немесе 1:200
қалалық жер асты коммуникациялардың ұзына
(к) - 1:500, (т) - 1:100
бойғы кескіні
25.10 Инженерлік-геологиялық қамтамасыз ету
25.10.1 Инженерлік-геологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды тапсырыс
берушінің техникалық тапсырмасы бойынша өткізу қажет.
Жұмысқа құрылысты жобалау үшін инженерлік-геологиялық іздестіруді жүргізген
жобалық-іздестіру ұйымдарын немесе басқа мамандандырылған ұйымдарды тарту қажет.
25.10.2 Забойдың шамадан тыс жүктеуі
(бентонитті, топырақты) туннель өту
кешеңдерін қолдана отырып, жасанды қуыстар құрылысының инженерлікологиялық
қамтамасыз етуін кешеңнің нақты түріне сәйкес келетін бағдарламалар бойынша орындау
қажет.
25.10.3 Нақты және жобалық құжаттамада көрсетілген инженерлік-геологиялық
жағдайлар арасындағы дәлсіздіктерді анықтаған жағдайда, бұл туралы тапсырыс берушіні,
құрылыс және жобалық ұйымды хабардар ету керек.
25.10.4 Инженерлік-геологиялық жағдайларын нақтылау қажет болған жағдайда,
қосымша іздестіру мен зерттеулерді өткізу қажет.
Егер жасанды қуыстарды өту кезінде жобада көзделмеген келесі мәселелер
туындаса, қосымша іздестіру мен зерттеулерде орындау қажет:
-
забойдағы топырақтардың физика-механикалық сапаларының жобалық
құжаттамада қабылдаған сапаларға сәйкес келмеуі;
- газ белгілерінің пайда болуы, сондай-ақ топырақтардың химиялық өнімдермен
ластануы;
- жобалық шамалардан артатын тау қысымы мен жер бедері деформациясының
дамуы, сондай-ақ басқа жағымсыз үдерістер.
25.10.5 Забойда қауіпті инженерлік-геологиялық жағдайларды анықталған кезде
жұмыстарды тоқтатып, бұл туралы тау-кен-өту жұмыстарының басшысына хабарлап,
авторлық қадағалау журналына жазбалар енгізу қажет.
Бұдан әрі болжалды қауіп пен тәуекелдің деңгейін тапсырыс беруші, құрылыс және
жобалық ұйымдары өкілдерінің және инженерлікологиялық қамтамасыз ету тобы
басшысының қатысуымен бағалау керек.
25.11 Жабық тәсілмен құрылыстарды салу кезіндегі жұмыстар құрамы
25.11.1 Инженерлік-геологиялық жұмыстардың құрамына мыналар енеді:
- қададағы, жасанды қуыстың күмбезі мен қабырғаларындағы топырақтың жүйелі
сипаттамасы;
195
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
- топырақтардың беріктігі мен тұрақтылығын бағалау;
- жобалық құжаттамада қабылданған топырақтың физика-механикалық сипатының
есепті көрсеткіштері мен инженерлікологиялық жағдайлардың құрылыс жұмыстарын
өткізу уақытында анықталған нақты деректерге сәйкестігін тексеру;
- забойдағы топырақтардың тұрақтылығын бағалау және алдағы тау-кен
-өту
жұмыстары учаскелері үшін оның болжамы;
-тектоникалық аймақты, жарықшақтығын, блоктылығын, карстелгенін және басқа
босансыған жыныстардың учаскелерін зерттеу және олардың забойдағы топырақтардың
тұрақтылығына әсер етуін есепке алу;
- өндірілуі бойынша топырақтардың санатын анықтау;
- жасанды қуысқа су келу шамасын анықтау.
25.11.2 Жұмыстарды инженерлік-геологиялық қамтамасыз ету бағдарламасында
инженерлікологиялық жағдайлардың өзгеруіне және күрделілігіне байланысты жасанды
қуыстар бойынша құжаттама толықтығының қажетті деңгейін қамтамасыз ететін, забойды
қараудың кезеңділігін көрсету керек.
25.11.3 Забойдағы бақылау, суреттеме және сипаттау нәтижелерін стандартты
бланкілерге енгізу қажет, олардың негізінде ұзына бойғы геологиялық кескінді жасау
керек.
25.11.4 Инженерлік-геологиялық құжаттаманы жасау кезінде
36-кесте бойынша
забойдағы жарықшақтық деңгейін бағалау қажет; жасанды қуыстың бүйірлік қабырғалары
мен шатыр забойы маңдайының тұрақтылығын анықтау қажет; тау қысымы көріністерін,
топырақтың габариттен тыс асып кетуі мен лықсуының бар болуын тіркеу қажет;
қабылданған жасанды қуыстан өту тәсілінің ерекшелігін, оның топырақтарға әсер етуін
және олардың тұрақтылығын, өту жылдамдығы мен туннельдің тұрақты қаптауының
салмақ түсіретін қабілетіне теріс әсер ететін үдерістердің пайда болуын белгілеу керек
Жасанды қуыстағы топырақтардың тұрақтылығын 37-кестенің классификациясына
сәйкес бағалауға болады. Жобада қабылданған жұмыстарды өндіру тәсілдері мен забой
көлемін есепке ала отырып, нақты инженерлік-геологиялық жағдайларға қатысты
топырақтардың тұрақтылығы бойынша жергілікті сыныптамаларды жасау ұсынылады.
25.11.5 Жасанды қуыс күмбезі, қабырғалары немесе астауындағы тау қысымын
маркшейдерлік деректердің, қаптауды және жыныстардың аршылған беттерінің көзге
көрінетін деформациясын қарау негізінде белгілеу керек. Төгілу мен құлау құжаттамасын
жасау кезінде, оларды суретке түсіруді орындау, олардың орналасқан жерін, көлемін, өту
кезінен бастап тұрақтылықты сақтау уақытын, бекітілуін немесе бекітілмеуін, бекітудің
деформациясын және құлау мен төгілудің болжамды себептерін, желілік көлемдерін
жоспарда және кескінде көрсету керек.
196
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
36 кесте - Забойдағы топырақтардың жарықшақтық деңгейін бағалау
Жарықшақтық деңгейі
Жарықшақ
Сипаттамасы
саны
Жарықшақ емес
Жоқ
Забой беті мен қабырғалардың забой
жанындағы бөлігінде көзге көрінетін
жарықшағы жоқ. Топырақтар көлемі 10 м3ірі
блоктарға бөлінген.
Шамалы жарықшақты
1-2
Әр түрлі жүйелердегі жарықшақтар
арасындағы орташа қашықтық - 0,7 м және
одан көп. Қиылысатын жарықшақтармен
бөлінетін топырақ блоктарының көлемі -
0,5-6,0 м3
Жарықшақты
3-5
Әр түрлі жүйелердегі жарықшақтар
арасындағы орташа қашықтық - 0,2-0,7 м
және одан көп. Қиылысатын
жарықшақтармен бөлінетін топырақ
блоктарының көлемі - 0,1-0,5 м3..
Қатты жарықшақты
6-30
Жарықшақтар
арасындағы
орташа
қашықтық
-
0,2-0,05
м.
Топырақ
блоктарының көлемі - 0,001-0,1 м3
Уақталған
30 астам
Жарықшақтар ашылымда қалың торды
құрайды. Топырақтар қиыршық тастар мен
ірі құмға уақталған
Ескертпелер:
1 Жарықшақ саны жарықшақ арасындағы орташа қашықтықтан 8-10 есе артатын екі перпендикулярлы
тегістікте
(мысалы, забой мен қабырға) анықталады. Ашылуы мен екінші құрылымдармен толуына
тәуелсіз барлық жүйелердегі жарықшақтар есепке алынады.
2 Жасанды қуыс күрделілігі бойынша топырақтар санаты забойда өнделетін топырақтардың барлық
массасына жалпы анықталады. Топырақтардың екі-үш түрлі топтардың болуы кезінде забой көлемінен
пайыздарда олардың санаты бойынша арақатынасы беріледі.
37-кесте - Жасанды қуыс топырағының төзімділік дәрежесінің жіктеуіші
Забойдағы
Топырақтар
Инженерлікологиялық өлшемдер
топырақтардың
тұрақтылық деңгейі
Тұрақты
Таулы
Ірі, өте беріктерден шамалы беріктерге дейін;
жарықшақты
және
шамалы
жарықшақты,
жарықшақтар
жабылған
немесе
екінші
материалдармен
цементтелген.
Тектоникалық
бұзылулары жоқ. Бекітілу жоқ немесе әлсіз
37-кесте - Жасанды қуыс топырағының төзімділік дәрежесінің жіктеуіші
(жалғасы)
197
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
Тұрақты
Сазды
Қатты жартылай қатты біртектес тқтастығы
бұзылмаған. Суағыны жоқ.
Орташа тұрақты
Таулы
Ірі немесе қалыңқабатты өте беріктен шамалы берік
жарықшақты, бірақ жарықшақтары ыңғайлы
орналасқан. Тектоникалық бұзылулары әлсіз. Әлсіз
тамшылау мүмкін.
Сазды
Жартылай қатты және тығыз иілгіш ісінбейтін.
Әлсіз тұрақты
Таулы
Жуан, жіңішке және ұсақ қатпарлы кез келген
беріктіктегі; сызаты және сызаттары қолайсыз
орналасқан қатты сызатталған. Ашық неиесе сазды
толтырғышы бар сызаттар. Маңызды тектоникалық
бұзылулар Кливаж. Қатты капеж немесе ағыс түрінде
судың пайда болуы.
Сазды
Тығыз-және жұмсақ иілгіш. Ағындылық көрсеткіші
уақыты бойынша ұлғаяды. Тез жібитін немесе
ісінетін. Тамшылау мүмкін.
Құмды
Су сақтағыш емес
Мүлдем тұрақсыз
Таулы
Өте төмен тұрақты қатты жарықшақты немесе
уақталған. Жарықшақтар ашық. Қатты тектоникалық
бұзылулар. Әдетте суы мол.
Сазды
Ағынды иілгіш және ағынды. Ісінетін
Құмды
Су сақтағыш
Ескертпелер:
1 Топырақтардың тұрақтылығы деп олардың забойда бекітуді орнатуға қажетті уақыт ішінде қандай да бір
деформациясыз тепе-теңдік қалпын сақтай алу қабілеті (осы инженерлікологиялық жағдайларда, забойдың
нақты көлемі мен тау-кен-өту жұмыстарының осы тәсілінде) түсініледі.
2 Жасанды қуыс күмбезінде тұрақтылығы әлсіз немесе тұрақсыз топырақтар жатса, тиісінше забой
шегіндегі топырақтар да сипатталады.
3 Топырақтар тұрақтылығы деңгейі нақты жағдайларға байланысты бір критериймен де, критерий
кешеңімен де анықталуы мүмкін.
25.11.6 Құрылыс үдерісінде инженерлік-геологиялық жағдайларды болжау үшін
мониторингті жүзеге асыру қажет.
Болжам негізіне жобалау үшін жасалған инженерлікологиялық іздестіру деректерін,
жасанды қуыс құжаттамасын жасау кезінде алынған ағымдағы ақпарат негізінде оларды
толықтырып және нақтылай отырып қабылдау қажет. Болжау кезінде инженерлік-
геологиялық ұқсату әдісін қолданған жөн. Ұқсас нысан ретінде осы немесе басқа күмәнсіз
геологиялық, бірдей және ұқсас конструктивтік технологиялық шешімдері бар желілердің
салынған учаскелері қабылдануы мүмкін.
25.11.7 Жасанды қуыстардағы инженерлікологиялық жұмыстардың бөлігі болып
табылатын гидрогеологиялық бақылау кезінде забойдағы суағыны шамасын анықтау
керек, су температурасын өлшеуді және оның сынамасын химиялық талдау үшін алуды
жүргізу керек.
Жобалық құжаттамада келтірілген суағыны шамаларын туннельдің өткен
198
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
учаскелерінде және алдағы өту учаскелерінде нақты су келу және гидрогеологиялық
мониторинг деректерінен шыға отырып түзету керек.
38-кесте - Жасанды қуыстардағы су ағынының сипаттамасы
Су ағыны сипаты
Визуалды сипаттама
Забойға су ағу,
м3/с
Құрғақ
және
Забойдағы топырақтар құрғащқ немесе
жоқ
ылғалды топырақтар
ылғалды. Су жоқ.
Әлсіз тамшылау
Забой бойынша немесе күмбезінен су
0,01-0,5
тамшылайды. Тамшылардың құрылуы мен
үзілуін
көзбен оңай көруге болады.
Тамшылардың саны шамалы, тамышалау көзі
болып жыныстардың кеуектілігі мен жекелеген
жарықшақтар табылады.
Қатты тамшылау
Тамшылар жиі құлайды. Тамшының құрылуы
0,5-1,0
мен үзілуі тез өтіп, көзбен көруге қиын.
Тамшылау көзі болып жарықшақтар жүйесі
табылады
Үзік-үзік
сорғалап
Забойдан, жасанды қуыс күмбезі мен
1,0-5,0
тамшылау
қабырғаларынан
ағынға
ұласатын
тамшылармен су ағады. Қатты жауын әсері. Су
ағу көзі ашық жарықшақтар мен қуыстар
Аралассыз сорғалап
Забой мен жасанды қуыс қабырғалары
50,0 дейін
су ағу
бойынша ағыл-тегіл су ағады. Күмбезден су
аралассыз сорғалап ағады. Нөсерлі жауын
әсері. Ағу кезінде су арыны көрінбейді. Су ағу
көзі ашық жарықшақтар мен қуыстар
Судың шоғырланып
Су каверналардан, ашық жарықшақтардан
50,0 астам
шығуы
немесе карсты қуыстардан қатты арынмен
ағады
Жасанды қуыстардағы суағыны сипаттамасы 38-кестеде келтірілген.
Суға толымдылығы сипатын суреттеу кезінде суағыны бар учаскелердің ұзындығын,
су келу орындарын (жарықшақ, жыныстар байланысы), арынның бар болуын, өлшенген
бөлшектердің мөлшерін белгілеу керек.
Жасанды қуысқа суағыны шамасын мөлшерлі ыдыстарды, суағызуды,
суөлшеуіштерді пайдаланып немесе суды тартып шығаруды уақытша тоқтатқан кезде су
ағызу сорғы қондырғының суқабылдауышына суағынын өлшеу негізінде айына екі рет
анықтау қажет.
25.11.8 Судың құрамы мен жемірлігін химиялық зерттеу үшін су сынамаларын алу
қажет:
- ай сайын жер асты суларының химиялық құрамының өзгеруін бақылау үшін;
- тау жасанды қуысымен жер асты суларының жаңа көкжиегін аршыған кезде;
199
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
- бетон қаптауы арқылы ағу орындарынан судың бетонға қатысты жемірлігі деңгейін
анықтау үшін.
25.12 Ашық тәсілмен ғимараттарды салу кезіндегі жұмыс құрамы
25.12.1 Жұмыс құрамына қазаншұқырлар мен қабырғалар мен құламалардың
орнықтылығын тұрақты бақылауға арналған инженерлік-геологиялық құжаттаманы
құрастыру кіреді.
Шұңырлар құжаттамасын қабырғалардың, құламалардың, бермалардың және түбінің
өспелі суреттемесін жасай отырып және:
- құламалардың күйін: құламалардың биіктігін, бұрыштарын, қазаншұқырдың
уақытша бекіткішінің түрін және оның тексеріс кезіндегі жағдайын, инженерлік-
геологиялық үдерістердің (жасанды қуыстар, судың әсерінен жылжып кеткен топырақ
қабаттары, шөгінділер, опырылыстар, суффозиялардың) болуын;
- топырақтардың салмақ түсіруші қабілеттілігінің бағасы бар қазаншұқыр түбінің
күйін;
- жер асты суларының шығуын жете сипаттаған жөн.
Ашық сутөкпені қолданған кезде тартып алынатын судың мөлшері, оның
температурасы, суда салмақтанған бөлшектердің болуын көрсету керек.
25.12.2 Қазаншұқыр жобалық белгіге дейін ашылған кезде құрылысшылардың
шақыруы бойынша құрылыс конструкцияларына арналған топырақ негздемесін
куәландыруды және қабылдауды орындау керек. Қабылдау актісінде негіздегі
топырақтардың сипаттамасы мен осы топыраққа шартты есептік қысым көрсетілгені жөн.
25.12.3 Қазаншұқырдың күйін тұрақты бақылауды
(мониторинг) қабырғалар,
құламалар мен түбінің уақытша бекіткішінің белгілі бөліктерін жұмысты атқару кезіндегі
бекіткіштің тұрақтылығын төмендететін факторларды (геологиялық, гидрогеологиялық,
тау-техникалық және басқаларды), қазаншұқырдың құламалары мен түбіндегі
жыныстарды ауық-ауық тексеру жолымен өткізу керек.
Тексеру кезінде:
- әр түрлі пунктер мен әр түрлі топырақтардағы қазаншұқыр құламаларының
бұрыштарын өлшеу, құламалар тұрақты күйге келгенге дейінгі олардың қалақтануының
жылдамдығы мен себептерін белгілеу, құлама бұрыштарының топырақтың жағдайы,
консистенциясы, тығыздылығы мен құламалардың биіктігіне тәуелділігін анықтау;
- қазаншұқыр қабырғаларының уақытша бекіткіштерінің түрі мен жағдайын, оның
деформациялану сипатын (опырылуы, қысып шығарылуы, қирауы және қисаюы) белгілеу,
тіреуіште байқалған бұзылымдардың қауіптілігін бағалау және бұл жөнінде құрылыс
учаскесінің әкімшілігін хабар ету;
- қазаншұқырдағы гидрогеологиялық жағдайдың өзгеруін: бұлақтардың пайда болуы
мен жойылуын, құламалардағы судың сіңірілуін, суффозия дамуын белгілеу;
- нақты деректер жобалық деректерге қайшы келген жағдайда, топырақ үлгілерін
зертханалық зерттеу жүргізу үшін алу керек. Қазаншұқырға жер асты сулары аққан кезде
оларды химиялық сараптама жүргізу үшін алу қажет.
200
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
25.13 Қоршаған орта мен табиғи-техникалық жүйелердің жергілікті
мониторингі
25.13.1 Инженерлік-геологиялық жағдайы күрделі учаскелерде қоршаған орта
компоненттерінің жергілікті мониторингін, соның ішінде қауіпті геологиялық және
гидрогеологиялық үдерістердің, сондай-ақ салынып жатқан ғимараттар мен жақын
орналасқан ғимараттардың тұрақтылығына кері әсерін тигізетін өзге де факторлардың
дамуын бақылауды ұйымдастыру керек.
25.13.2 Геодезиялық мониторингті жүзеге асыру үшін
- үстіңгі қада белгілер
желісінің құрылғысын, геодинамикалық мониторинг үшін
- терең қада белгілер,
гидрогеологиялық үшін гидро бақылаушы ұңғымаларды қарастырған жөн.
25.13.3 Мониторинг нәтижелері құрылыс әсерінен инженерлік-геологиялық қ
процетердің келеңсіз дамуын уақытылы анықтау және оларды болдырмауға арналған іс-
шараларды тағайындау үшін пайдаланылуы тиіс.
25.14 Инженерлік-геологиялық жұмыстардың нәтижелерін жүйеге келтіріп
өңдеу
25.14.1 Бақылау материалдарын алғаш рет жүйеге келтіріп өңдеу кезінде тау
қазбаларында жасалған алғашқы жазбаларды бақылау нәтижелерін кейінгі соңғы өңдеу
үшін, күн сайын негізгі құжат болып табылатын инженерлік-геологиялық құжаттаманың
журналдары мен бланктеріне немесе электронды пішімге көшіруді орындап отырған
дұрыс.
Материалдарды соңғы өңдеу кезінде барлық бақылаулар мен сараптамаларды
жиынтықтап, құрамында:
- атқарушылық инженерлік-геологиялық разрездері;
- топырақ пен жер асты суларының сараптамалары мен сынауларының жинақ
тізімдемелері;
- түсіндірме жазбасы бар есепке қосу керек.
25.14.2 Атқарушылық инженерлік-геологиялық қималарды құрылыс кезінде
ізденістер мен бақылау деректерін қолданумен пайдалануға берілетін бірін ші жол
туннельдері үшін немесе, олардың геологиялық құрылымы ерекшеленетін болса, бірінші
және екінші жолдар учаскесінің бүкіл ұзындығы бойы на құрастырған жөн.
Туннель бойынша қималарды жер бетінен туннел науаларынан 10-15 м асатын
тереңдікке дейін құрастыру керек. Қималардың көлденең масштабы - 1:2000, тігінен -
1:200 (1:100).
Қималарда ізденістер мен құрылыс кезінде жиналған барлық мәліметтер көрсетілуі
тиіс: топырақ сипаттамасы, оның тұрақтылығы, қапталу, судың көріну типі, келеңсіз
инженерлік-геологиялық үдерістер және басқалар.
Шахта оқпандары мен эскалаторлық туннельдердің қималарын судың келу көздерін,
қапталу типтерін, сақина нөмірлерін, мұздатылған топырақ таралуының шектері мен
топырақтардың физикалық-математикалық қасиеттерін көрсетумен
1:200-1:50 тіке
масштабта құрастырған жөн.
201
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
25.14.3 Жинақ тізімдемелерде құрылыс кезіндегі қазбалардан да, іздеу барысында
трасса бойынша өткен барлау қазбаларынан да іріктеп алынған топырақ қасиеттерінің
сипаттамасы болуы керек.
Жинақ тізімдемелерінің негізінде топырақтың барлық түрлері қасиеттерінің
көрсеткіштерін статистикалық өңдеуден өткізген жөн.
Әрбір сулы деңгейжиек үшін судың бетонға агрессияшылдығы жөніндегі деректерді
жинақтаумен жер асты сулары химиялық құрамының жинақ тізімдемелері
құрастырылады.
25.14.4 Атқарушылық инженерлік-геологиялық қималарын қоса алғандағы есеп
құрылыс ұйымына және тапсырыс берушіге құрылыс объектісін қабылдау комиссиясына
тапсырған кезде ұсыну үшін беріледі.
26 ЖҰМЫСТАРДЫҢ АШЫҚ ТӘСІЛІ
26.1 Жалпы ережелер
26.1.1 Қабылданған жұмыс әдістерін негіздеу, уақытша және тұрғылықты
ғимараттар құрылысының ұйымдастырылуы, қолданылатын машиналардың және
жабдықтаудың типтері ҚҰЖ-да көрсетіледі.
26.1.2 Құрылыстың ұйымдастырушылық-технологиялық дайындығы осы ереже
жинағына сәйкес орындалуы тиіс.
26.2 Жер жұмыстары, қазаншұқырлар мен орлардың бекітілуі, ғимарат
негіздерін дайындау
26.2.1 Қазаншұқырларда бекіткішсіз, бүйіржақ қабырғалары табиғи құлама бұрыш
астында орналасқан немесе тігінен келген қабырғалармен жасауға болады.
26.2.2 Құламалары бар қазаншұқырды жасау мүмкін болмаған жағдайда,
қазаншұқырдың тіке келген қабырғаларын қоршайтын қабырғаларды тікелей топыраққа
немесе алдын ала бұрғыланған ұңғымаларға салынатын металдан жасалған пішінді немесе
түтік тәрізді; бұрғылаушы-инъекциялық; үзік-үзік, жанама немесе қима орналасымды
темірбетон бұрғылаушы-толтырылатын; тығыннан жасалған; топырақтағы оржолдық
қабырғалар технологиясы бойынша, сондай-ақ, бекітілген іргелес топырақ ауқымын
(кертікті бекіту, цементтеу, қыздырып бекіту, мұздату) қолданумен орындалған
бағаналардан жасау арқылы орындаған жөн.
5 м дейінгі тереңдікте серіппе немесе анкер түріндегі қазаншұқыр қабырғаларына
қосымша бекіткіштер, әдетте, қажет болмайды. Қазаншұқыр өте терең болғанда, қосымша
бекітудің параметрлері
(бекіту қабаттарының саны мен орналасуы, қабаттағы бекіту
аралығы, мұржалардан серіппелердің диаметрі, анкерлердің ұзындығы және басқалар)
есептеу жүргізу арқылы анықталуы тиіс.
26.2.3 26.2.2 т. жұмыстар бойынша барлық есептеулер сертификатталған әдістемелер
мен геотехникалық параметрлер бойынша орындалуы тиіс.
202
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
26.2.4 Қазаншұқырдың төменгі жақ бөлігіндегі судың (су төмендегеннен кейінгі)
және атмосфералық әсердің ықпал етуінен өздерінің қасиеттерін өзгертетін құмдар немесе
қоспа топырақ қазбасын топырақты жобалық белгілерге жеткізбей, уақытша сутөкпе
жасай отырып, биіктігі 0,3 м кем емес қорғаныш қабатын қалдырып жасаған жөн.
Қорғаныш қабаты қиыршық тас дайындамасын төсеудің тікелей алдында
қармауышпен алынады, олардың өлшемдері әзірленген негізге қиыршық тас
дайындамасын төсегенге дейін оны су басуын немесе мұздауын болдырмау керек.
26.2.5 Суландырылған ұсақ және тозаңдай құмдардан немесе аса дымқыл
байланысты топырақтардан болған негізді қазаншұқырларда қорғаныш қабаты топырақ
консистенциясының көрсеткіштеріне байланысты, жобалық белгілермен салыстырғанда
0,2-0,4 м асырып қиылып алынады.
Артық кетудің орны гранитті жыныстардың қиыршық тасының 40-70 мм немесе 20-
40 мм түйірлерімен толтырылады. Қиыршық тас дірілкатокпен тығыздалады: бір із
бойынша алғашқы
4-6 рет өшірулі дірілдеуікпен, содан кейін бір-екі рет қосулы
дірілдеуікпен өтеді. Қажет болғанда қиыршық тас қосып, оның қабатын жобалық
белгілерге дейін жоспарлау және оны дірілдеуігі өшірулі дірілкатокпен қайта тығыздау
керек.
26.2.6 Негіздің аса дымқыл топырағы артық кетуінің көлемін және қысып басылатын
қиыршық тастың биіктігі жобалық ұйым өкілінің көзінше қиыршық тасты тәжірибелі
түрде тығыздаумен анықталып, тапсырыс берушімен үйлестірілуі керек.
26.2.7 Қазып алудың негізі атмосфералық әсерге шалдықпайтын тасты немесе ірі
жарықшақтардан құрылған жерлерде қазаншұқырды жобалық белгілерге дейін, негіз
топырағының табиғи құрылымының артық кетуі мен бұзылуына жол бермей, бірден
қазған дұрыс. Артық кеткен жерлерді жергілікті қиыршық тасты топырақпен толтырып,
әбден тығыздау керек.
26.2.8 Қазаншұқыр негізін дайындаумен қазудың және бетонды дайындама
жасаудың арасында, әдетте, үзіліс жасауға болмайды. Үзіліс жасауға мәжбүр болған кезде
қазаншұқыр түбіндегі топырақтың сапасын нашарлатуға кедергі жасайтын шаралар
қабылдануы тиіс.
26.2.9 Қайта төгуге жарайтын топырақтың уақытша үйінділері ҚҰЖ көрсетілген
жерлерде болғаны жөн.
Жер жұмыстары кезінде алынатын топырақ құнарлы қабатының пайдалануға
жарамдылығы 23 бөлімге сай анықталады.
26.2.10 Қолданыстағы жер асты коммуникациялар ашылған жағдайда, топырақты
механикаландырған тәсілмен бүйіржақ қабырғадан кем дегенде 2 м және мұржаның,
шоғырсымның және т.б. үстінен кем дегенде 1 м қашықтықта қазуға болады. Қалған
топырақты соғатын саймандарсыз, қолмен, аталмыш коммуникациялардың зақымдануына
жол бермейтін іс-шараларды қабылдаумен қазған жөн.
26.2.11 Қазаншұқырдың қоршаушы құрылыстарына жақын топырақты қазған кезде,
жуандығы 0,5 мкем емес кентірек қалдыру керек. Қалған топырақ ҚР ЕЖ 5.01-101 сәйкес
қазылады.
203
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
26.3 Құрама темірбетоннан жасалған салмақ түсетін құрылым көтеру
26.3.1 Құрылымдарға құрастыру жасаған кезде талап етілетін құрастыру дәлдігін,
құрылымдарды жинақтаған кезде олардың кеңістік өзгеріссіздігі мен тұтас құрылыстың
тұрақтылығын, сондай-ақ, гидрооқшаулықтың орындалған бөлігінің сақталуын
қамтамасыз ету қажет.
26.3.2 Құрылымның қатарын, қабырғалық және іргетастық блоктарын
гидрооқшаулықтың қорғаныш қабатына орнатып, сынбайтын цементті-құмды ерітіндіні
құйып орнату керек.
26.3.3 Құрама темірбетонды және монолитті құрылымдардың элементтеріне
құрастыру кезінде жобалық ережеден ауытқу Б қосымшасына сай рұқсат етілген
шамалардан аспауы керек.
26.4 Біртұтас темірбетоннан жасалған салмақ түсетін құрылым көтеру
26.4.1 Біртұтас темірбетоннан құрылым көтерген кезде өндірістік үдерістердің
кешенді механизациясын, инвентарлық жылжымалы немесе басқа көп айналғыш
қалыптаманың, үлкейтілген арматуралық қаңқалар мен зауыт дайындаған торлардың
қолданылуын, автоматтандырылған бетонараластырғыш қондырғыларда дайындалған
тауарлық бетондық қоспалардың, бетонсорғылардың және бетон төсеуіштердің
қолданылуын алдын ала қарастырған жөн.
Бетонды жұмыстарды ҚР ҚНжЕ 5.03-34 , ҚР ҚН
5.03-07 және ҚР ЕЖ 5.03-107
сәйкес жүргізілуі керек.
26.4.2 Арматураны дайындауды, құрастыруды және қабылдауды ҚР ЕЖ 5.03-107
сай орындау керек.
26.4.3 Құрылым негізгі элементтерінің қорама қалпы ±10 мм дәлдікпен орнатылады.
Қабырға, баған және қоршаулардың орнатылу дұрыстығы мен құрылыс көтерілімінің
жобалық құжаттарға сай сақталуы құралдардың көмегімен пикетаж бойымен әр 5 м сайын
немесе жылжымалы қалыптаманың әрбір орнатылуы кезінде тексерілуі тиіс.
26.4.4 Қысқы мерзімде температура есептік температураға қарағанда төмендеген
кезде, сақталатын бетонды қосымша жылыту керек немесе оны қатыруға болатындай
берік болғанша қыздыру керек.
Біртұтас бетонды немесе темірбетонды құрылымдарды жасанды тәсілмен жылыту
ҚР ЕЖ 5.03-107 сай көзделуі керек.
26.4.5 Бетонды төсеген кезде бетонды қоспаның әрбір 50 м3 сайын, төсеген жерде 3
бақылау үлгісін дайындау қажет. Үлгілер бетон қататын шарттарға ұқсас жылу мен
ылғалдық жағдайында сақталуы тиіс.
Бақылау үлгілерін ҚР ЕЖ 5.03-107. сай алынуы тиіс.
Бетонның беріктігін, аязға беріктігін және су өткізбеушілігін МЕМСТ
10060.0,
МЕМСТ 10060.4, МЕМСТ 10180 бойынша тексеру керек.
26.4.6 Бетонды және темірбетонды жұмыстардың орындалу барысы жұмыс
журналына енгізілуі тиіс.
204
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
26.5 Қазаншұқырларды қайта көму
26.5.1 Қазаншұқырларды көму үшін қолданылатын топырақ экологиялық тұрғыдан
таза, құрамында құнарлы қабат, ағаш және өзге де органикалық қосылыстар, суда ерігіш
тұздар болмау керек. Қуыстарға арналған қатты қосылыс өлшемдері 15 см артық болмауы
керек. Ақпа және ақпа-созымды консистенциялы сазды топырақты пайдалануға
болмайды.
26.5.2 Қазаншұқырларды көмуге арналған топырақты ҚР ЕЖ 5.01-101-ке сәйкес
жобалық тығыздыққа келтіріп тығыздау қажет.
26.5.3 Көмудің алдында қазаншұқырдың бағанамен бекітілуі мен гидрооқшаулықтың
қорғаушы қабаты арасындағы барлық байланыстар шешілуі тиіс. Серіппелерді немесе
анкерлердің алмалы-салмалы бөліктерін және ұзына бойғы белдеулерін көму барысында
шешіп алу керек.
Қуыстардың ішінде су, мұз, қар, құрылыс қоқыстары және бөгде заттар болса,
оларды көмуге болмайды.
26.5.4 Қазаншұқырларды қайта көмген кезде, құрылымның екі жағынан бастап,
біркелкі көлденең қабат қылып, әр қабат сайын топырақты жобалық тығыздыққа келтіру
керек. Төгілетін қабаттардың жуандығын топырақтың түрі мен тығыздауыш құралдардың
тығыздаушы қабілетіне қарай тағайындау керек.
26.5.5 Тік қабырғалы қазаншұқыр бекіткіші мен ғимарат құрылымы арасындағы
қуыстар ірі және орташа түйірлі құмдармен немесе басқа аз қысылатын топырақпен,
қажет болғанда - төмен таңбалы бетонмен толтырылуы керек.
26.5.6 Қоршаудан жоғары орналасқан құрылымды көмуге қазаншұқыр
қуыстарындағы топырақты тығыздау жөніндегі жұмыстарды қабылдағаннан кейін көшу
керек.
Құрылым қоршауының үстіндегі топырақ қабатының қалыңдығы оның үстінен
топырақты тығыздаушы машиналар өте алуы үшін 0,5 м кем болмағаны жөн.
27 ЖАБЫҚ ЖҰМЫС ТӘСІЛІ
27.1 Жалпы ережелер
27.1.1 Қазбаларды ұңғылау барысында кенжар тұрақтылығы, қуаттылығының
өзгеруі немесе топырақ қабаттануының құрамы, олардың жарықшақтылығы, жер асты суы
ағынының мөлшерлік өзгеруі бөлігіндегі іс жүзіндегі инженерлік-геологиялық
шарттардың жобалық шарттарға сәйкес келуін жүйелі түрде көзбен шолып бақылау
жүргізу керек.
Ұңғылаудың іс жүзіндегі шарттарының жобалық деректерден ауытқуы жайында
жобалау ұйымы мен тапсырыс берушіге мәлімдеу қажет.
27.1.2 Қазба кенжары жарылған жерлер, өзен асты учаскелері, көмілген жырынды
аймағына жақындап келгенде және осы учаскелерді ұңғылаған кезде, жұмыстың
205
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, ҚҰЖ көзделген іс-шараларды орындау қажет.
27.2 Шахта оқпандарының құрылысы
27.2.1 Қаптама сақиналарың астынан апарылған оқпандар үшін тастақсыз
топырақтарда ұңғылаған шұңқырдың тереңдігі сақина енінен 10-15 см артық болмауы
керек.Оқпандарды астынан қаптама сақиналары апарылған жартасты емес топырақтарда
ұңғылаған кездегі кірме тереңдігі сақина енінен
10-15 см артық болмауы керек.
Тұрақтылығы төмен топырақты
(37 Кесте) кенжардың ортасынан бастап, тюбингті
бекіткіштің ішкі жақ бетіннің маңында аяқтай отырып, 50-60 см екі рет қазып, соңында
тюбингтердің орналастырылуына қарай топырақты алу керек. Уақытша бекіткіш ретінде
тақтайдан жасалған тартқыштарды қолдану керек.
27.2.2 Оқпандарды қазған кезде әрбір кірген сайын топырақты алдын ала мұздатқан
жағдайда, алдымен өзегі қатпаған шекке дейінгі топырақты, ал содан кейін қатқан
опырақты қазған жөн.
Мұз топырақты қоршаудағы топырақты қазған кезде, қатпаған күйде қалып қойған
суды алып тастау керек. Мұз топырақты қоршауда кемістік болуының нәтижесінде
кенжарға айтарлықтай мөлшерде су кететін болса, жұмысты тоқтатып, оқпанды жер асты
суларының деңгейіне дейін суға толтырып, топырақты қосымша мұздату керек.
27.2.3 Оқпандарды суландырылған немесе қолдан мұздатылған топырақтарда салған
жағдайда, гидрооқшаулау жұмыстарын қазба жұмыстарды жүргізу барысында өткізген
дұрыс. Гидрооқшаулауыш шайбалары бар толық болттық жинақтар қаптамасын
құрастырған кезде ғана орнатылады, ал бақылау айдауды кенжарға жақын жерде аспалы
төбеден жүргізу керек. Бақылау айдауды, болттарды тартуды, болттық жинақтар қажет
болғанда оларды ауыстыруды, сондай-ақ, тюбингті қаптаманың тігістерін басуды уақытша
жұмыс полктарынан жүргізген жөн.
Оқпандарды бұрғылау-қопару жұмыстарын қолдана отырып қазғанда, басу
жөніндегі жұмыстарды забойдан 20-30 м қашықтықта өткізген жөн.
Жұмыс шахталардың оқпандары су келмеген жағдайда гидрооқшаулаусыз салуға
болады.
27.2.4 Оқпанды арматуралау серіппелерін, желдету құбыры мен баспалдақтарды
қазба жұмыстарын жүргізген кезде орнату керек. Желдету құбырлары аспалы төбеге дейін
- қатты, аспалы ьөбеден кенжарға дейін - иілгіш болуы керек.
27.2.5 Оқпандарды ысырмалы тіреуіш тәсілімен немесе арнайы тәсілдермен салу
жөніндегі жұмыстарды ҚР ЕЖ 5.01-102 және ҚР ЕЖ 5.01-101 және 28-бөлімге сәйкес
орындау керек.
27.2.6 Оқпанды ысырмалы тіреуіш тәсілімен қазуды грейфермен жабдықталған
стрелалы кранмен орындаған жөн. Топырақты механикаландырылған қол сайманмен
қазып, бір уақытта оны оқпаннан грейфермен шығаруға болмайды.
27.2.7 Тіреуішті түсіруді топырақтың шығарылуына қарай кенжарды қазумен бір
уақытта жаүргізген жөн. Тіреуіштің артында топырақтың құлауына жол бермеу үшін,
пышақты бөлігінің ойығынан пайда болатын кеңістікке сазды ерітіндіні уақытылы беріліп
отыруын қамтамасыз ету керек, мұндай жағдайда ерітінді деңгейі тіреу жағасының
206
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
табанынан үнемі 2 м жоғары болады.
Тұрақсыз топырақ аймақтарында оқпанға сазды ерітіндінің жарып шығуын
болдырмау үшін, тіреуіштің пышақты бөлігі топыраққа кем дегенде 0,5 м дейін үнемі
кіріп тұруы керек, ал топырақты кенжардың орта бөлігінің пышақ жиегінен асып түсуіне
жол бермей, 0,3-0,5 м қабат етіп өңдеу керек. Сазды топырақтарда кенжардың орта
бөлігінің пышақ жиегінен 0,5 м артық асып түсуіне болмайды.
27.2.8 Мүлде тұрақсыз топырақ аймағын кесіп өткенде, тіреуішті оқпандағы сулы
деңгейжиек деңгейінен кем дегенде 1 м асатын су қабатының астында түсірген жөн.
Мұндайда топырақты кенжардың ортаңғы бөлігінен ойып алып, қазба контуры бойымен
тіреуішті батырған кезде, пышақты бөлігімен қиылатын берманы қалдыра отырып
жүргізген жөн. Пышақты бөлікті су сақтағыш топырақ қалыңдығынан төмен су ұстағышқа
кем дегенде 1,5 м тереңдікке түсіргеннен кейін ғана суды тартып шығаруға болады.
Оқпаннан өткен кезде, оны апатты су басу кезінде оған жедел су беру құралдарын
қарастырған жөн.
27.2.9 Ысырмалы тіреуіштің тіктігі мен жоспардағы жағдайы әр тіреуішті
отырғызғаннан кейін және түсірген кезде әрбір 1 м сайын тексеріледі. Жылжу және
қиғаштану байқалған жағдайда, дер кезде түзетілуі тиіс.
27.2.10 Тиксотропты ерітіндімен толтырылған тіреуіш артындағы кеңістік оқпаннан
өткен соң, сазды ерітіндіні құмды-цементті ерітіндімен ауыстыру жолымен тығындалады.
Кейбір жағдайларда, сазды ерітінді тұрақтанып қалса, тіреуіштің артында қалдырыла
алады.
27.2.11 Оқпанды арматуралауды гидрооқшаулағыш жөндеуін аяқтағаннан кейін
орындаған жөн.
Арматуралауды құрастыру үшін бақылау қабатын орнату керек. Арматуралауды
құрастыру, әдетте, жоғарыдан төменге қарай орындалады. Төменнен жоғары қарай
бағытта арматуралаған кезде оқпан маңындағы аула шегінде қосымша бақылау қабатын
орнатқан дұрыс.
Арматуралаудың геометриялық параметрлерін бақылауды маркшейдерлік түсірілім
нәтижелері бойынша жүзеге асырады.
27.2.12 Оқпан арматуралауын құрастырған кезде келесі шектерді сақтаған жөн:
- серіппе қабаттарының арасындағы қашықтықтың ауытқуы - ±15 мм;
- серіппелер тюбингтерге бекітілетін орындарда оның шеттерінің белгілеріндегі әр
түрлілік - оның ұзындығы1:200 артық емес;
- іргелес екі қабаттардағы серіппедердің олардың тігінен келетін кеңістіктен
ауытқуы -
±5 мм;
- екі жақты өткізгіштер әрбір жігінің тіктіктен ауытқуы - ±5 мм;
- өткізгіш жіктерінің серіппелер қабырғаларының ортасынан ауытқуы - 50 мм;
- арматуралау жүйесінің жобалық тік күйден ауытқуы - оқпан тереңдігінің 1:2000
артық емес.
Тоғысқан жерлерде өткізгіштер бүйіржақтарымен ешқандай дөңес шықпайтындай,
дәл қосылуы тиіс.
207
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
27.3 Аралық туннельдердің құрылысы
27.3.1 Құрастыру камерасындағы қалқан құрастыруды туннельдің бекітілген бойлық
осі және оған нормалі бойынша орындау керек. Қалқанның пышақты-тіреуішті сақинасы
мен артқы қабының көлденең қималарының орталары қалқанның геометриялық осінде
±10 ммаспайтын ауытқулармен болуы тиіс. Олардың эллипстілігі ±5 мм артық болмағаны
жөн.
27.3.2 Қалқанның жоспар мен пішіндегі жобалық күйінен ауытқуы, В қосымшасына
сай шектермен қаптама тұрғызуды қамтамасыз ететін шектерде болуы керек.
27.3.3 Қалқанды кешендерді қолданып, туннельдерден бір сақина еніне кіріп өту
керек. Тығындайтын ерітіндіні қаптаманың артынан айдауды жинақталған әрбір
сақинаның артынан немесе қалқанды жылжыту кезінде оның қабындағы түтіктер арқылы
орындаған жөн.
27.3.4 Туннельдерден қоршаған топырақ алқабының тұрақтылығын қамтамасыз
ететін, кенжар маңындағы аймақта қысымды теңдестіретін мехканикаландырылған
қалқандардың көмегімен өтуді кенжардың гидравликалық немесе топырақты қосымша
жүкті қолданумен бірге жүзеге асырған жөн. Қосымша жүк қысымының шамасын түзету
үшін өтетін трасса бойында кенжардың құлауын болдырмау мақсатында,
гидробақылаушы ұңғымалар желісі ұйымдастырылады.
27.3.5 Құрылыс учаскесінің инженерлік-геологиялық жағдайына және бентонитті
ұнтақтың сипаттамаларына тәуелді болатын бентонитті ерітіндінің құрамы әрбір нақты
жағдай үшін технологиялық регламент бойынша анықталуы тиіс.
27.3.6 Жер асты сулары деңгейінен жоғары құмдар арқылы туннельдер қазу үшін
қалқандарындағы жарғыш алаңшалары бар ішінара механикаландырылған қазба
кешендерін қолдануға болады. Мұндай қазба кешендері жинақталған қаптамалар немесе
біртұтас-нығыздалған бетоннан жасалған қаптамалармен бірге қолданған дұрыс.
27.3.7 Жұмыстардың тау-кен тәсілінде жер асты жасанды қуыстарын паспортқа
сәйкес бекіту элементтері мен топырақ арасындағы бос жерлерді шой таспен тығыздап
толтырумен, уақытша тіреуішпен бекіткен жөн.
Уақытша ағаш тіреуіш элементтері қаптамаларды құрастыру немесе бетонды
қоспаны қалыптама артына төсеу барысына қарай алынып тастауы керек. Оларды
қалыптама артында тек қысылып қалған немесе топырақтың түсіп кету ықтималдығы
жағдайында ғана қалдыруға болады.
27.3.8 Тұрақты топырақтар мен тұрақтылығы орташа топырақтарда жинақталған
қаптамалары бар аралық туннельдер қазбасын туннел қазушы, қалқанды кешендердің,
кенжарды машинамен бұрғылаумен бұрғылау-қопару тәсілінің немесе топырақты қолдан
механикаландырылған сайманмен және бұрғылау-қопару тәсілімен өңдейтін ішінара
мехканикаландырылған кешендердің көмегімен жүзеге асырған жөн.
Топырақты бұрғылау-қопару тәсілімен өңдеуді ҚР ЕЖ 5.01-101, ҚР ЕЖ
2.03-106
және ӨҚ 13-407 [8] сай, әдетте, контурлық (жалама) қопару әдісімен жүзеге асырған
дұрыс. Әрбір кенжар үшін бұрғылау-қопару жұмыстарының төлқұжатын құрастырған
жөн.
27.3.9 Туннельдерді қалқанды кешендермен құрастырғанда, бірдей типтік өлшемді
208
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
сақиналардан тұратын, трассаның түзусызықты учаскелері мен жоспары мен пішіні
бойынша қисық келген учаскелерге жарайтын, айналма кескінді дәлдігі жоғары
жинақталған темірбетонды қаптамаларды қолданған дұрыс.
27.3.10 Алғашқы және бақылау айдауларын ВҚН 132 сәйкес өткізу керек.
27.3.11 Шойынды тюбингтерден жасалған қаптаманың артына жіктердің басылуына
дейінгі бақылау айдауды 1 МПа дейінгі қысыммен, ал темірбетонды блоктардан жасалған
қаптаманың артына, жіктерді бастырылатын материалмен ішінара бітеуден кейін
-
0,6 МПа дейінгі қысыммен жасау керек.
27.3.12 Туннельді НАТМ әдісін қолдана отырып салған кезде:
- тау қазбасын жүргізуші комбайнды немесе бұрғылау-қопару тәсілін пайдаланып,
топырақтың механикаландырылған өңдеуін;
- қазбаның қысымды-деформацияланған күйін қадағалаумен оны уақытша (тұрақты)
бекітуге арналған шашыратпа бетонды;
- тұрақты бетонды немесе темірбетонды қаптаманың орнатылуын алдын ала
қарастырған жөн.
Уақытша шашыратпа бетонды бекіткіш үстінен тұрақты қаптаманы орнатудың
алдында, қажет болған жағдайда, пленкалы (мембраналық) материалдардан жасалған
гидрооқшаулағышты төсейді.
Қазбаның уақытша
(тұрақты) бекіткішінің шашыратпа бетоны металл тормен,
фибралармен арматуралана алады немесе анкерлер не аркалармен үйлестікте қолданыла
алады. Аркалар мен арматураланған торды орнатудың алдында шашыратпа бетонның 2 -3
см кем емес тегістеуші қабаты жағылуы тиіс.
Шашыратпа бетонның салмақ түсетін қабатын есептеу және оны анкерлер не
аркалармен үйлестікте қолдануды ВҚН 126 бойынша орындауға болады.
27.3.13 Шашыратпа бетонды аркалармен үйлестіре қолданған кезде, олардың
тіреуіштерінің астындағы топырақты маркшейдерлік белгілер бойынша қолмен
механикаландырылған сайманмен түзеген жөн.
Орнатылған арканың жобалық қалыптан шекті ауытқуы - 25 мм аспайды.
27.3.14 НАТМ қолданған жағдайда, жүктемелердің уақытша бекіткіштеріне әсер
ететін және олардың салдарынан пайда болатын деформацияларға әкелетін өлшеулерді
өткізіп, қазба қабырғалары мен төбесінің деформациясын қадағалап отыру қажет.
27.3.15 Уақытша бекіткіш пен тұрақты қаптаманың жергілікті және жалпы
деформацияларын өлшеудің нәтижелері бойынша олардың қысым астындағы күйі мен
салмақ түсіру қабілетін бағалау қажет. Қажет болған жағдайда, қосымша есептеулер
жүргізу, есептік сызбаны, уақытша бекіткіштің жұмыс тәртібін нақтылау, оның
материалдарының параметрлері мен бекіткіш конструкциясын түзеуді жүргізу керек.
27.4 Станциялардың құрылысы
27.4.1 Үшкүмбезді станциялардың құрылысы бекеттік туннельдерден - алдымен,
бүйіржақты туннельдерден, кейін - ортаңғы туннельден бір ізбен ұңғылау арқылы жүзеге
асырылады. Уақыты бойынша екінші бүйіржақ туннелін ұңғылауды, біріншісімен
салыстырғанда, 30 м кем емес қашықтыққа, ал ортаңғысын - екінші бүйіржақ туннелімен
209
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
салыстырғанда, 50 м кем емес қашықтықта қала отырып ұңғылаған жөн.
Пикетаж бойынша туннельдердің барлық сақиналарының сәйкес келуін қамтамасыз
ету үшін оларды бір бағытта ұңғылаған жөн.
27.4.2 Туннельдерді тау-кен әдісінде толық қимаға ұңғылау тек тұрақты
топырақтарда немесе тұрақтылығы орташа топырақтарда ғана мүмкін болады.
Кенжардың маңдайы жағынан қысым түскен жағдайда туннельдерді алдын ала
алғашқы туннельдерді, алдағы ұңғыманы қазып, не болмаса, станцияның қабылданған
құрылымдық шешіміне қарай, мүмкін болған жағдайда, ойық жасау әдісімен, не болмаса
қалқандардың көмегімен салған жөн.
27.4.3 Туннельдер қазбасын туннельдік қаптаманың бір сақинасының еніне дейінгі
тереңдікке кіргізіп, жүргізу керек. Алдын ала қазылған алғашқы туннельдер болған
жағдайда, екі сақина еніне дейін кіргізіп, қазуға болады. Алғашқы туннельдер
сақиналарының ені
1 м, ал бекеттік туннельдер сақиналарының ені
0,75 м болған
жағдайда, бекеттік туннельдің бір сақинасын құрастыру үшін екі кіргізуді, екі сақинасы
үшін - үш кіргізуді орындаған дұрыс.
27.4.4 Ұстынды станциялардың құрылысы кезінде, бүйіржақ туннельдерін қазу
барысында олардың өстерінің кейін ортаңғы туннельді қазған кезде бекет осіне қарай
ауытқу ықтималдығын ескерген жөн.
Пилонды және бағаналы типті ортаңғы туннельдердің қазбасын бүйіржақ
туннельдерінің деформацияларын болдырмау үшін кергіштер мен тұтастырғыларды және
т.б. орнату түріндегі іс-шараларды қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
27.4.5 Туннельдердің жинақталған және монолиттіқаптамаларының сақиналарын
жатқызған кезде, нақты өлшемдердің жобалық өлшемдерден В қосымшасына сай
белгіленген шектерден аспағаны жөн.
27.4.6 Тұрақты топырақтар мен тұрақтылығы орташа топырақтардағы жинақталған
және біртұтас қаптамалары бар біркүмбезді станциялар күмбездің тіреуіш бөліктерін
орнатудан бастап, тау-кен тәсіл бойынша салынуы тиіс. Станцияның жоғарғы күмбезі
калотты қазбада көтеріліп, ал төменгі күмбезі құрылыс өзегінің топырағын өңдегеннен
кейін салу керек.
Күмбездердің тіреуіш бөліктері алдын ала өткен туннельдерде не ұңғымаларда
салынуы тиіс.
Ұңғымалардың қималары бекет тіреуіштерін орнатқаннан кейін олардың ішіне
тасып шығаратын жолдарды төсеуге жеткілікті болуы тиіс.
27.4.7 Тұрақтылығы төмен топырақтарда жынысқа сығылған, жинақталған
күмбездері бар біркүмбезді станциялардың қаптамаларын озыңқы қорғаныш экранын
қолданумен салуға болады. Оның қорғанышындағы жынысты өңдеу экскаватордың, қазба
жүргізуші комбайнның көмегімен немесе жарылыс тәсілін қолданумен орындауға болады.
27.5 Эскалаторлық туннельдердің құрылысы
27.5.1 Эскалаторлық туннел құрылысы бекет құрылысымен тұтастай байланысуы
тиіс.
27.5.2 Эскалаторлық туннельдің аузы тюбинг төсеуші құрастыру үшін ашық
210
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
қазаншұқырда, қабырғаларын бекітумен салынуы тиіс.
Қазаншұқырды туннель жағына қарай еңіс жасап, қаптаманың алғашқы екі
сақинасын құрастыруға мүмкіндік беретін тереңдікке дейін, ал жер асты сулары болса -
олардың деңгейінен кем дегенде 0,5 м асатын тереңдікке дейін өңдеген дұрыс. 30°
бұрышы астындағы қазаншұқыр түбінің жоспарланған еңісінде қаптаманың алғашқы
сақиналары мен уақытша бас шылбырдың кейінгі жартыүшін негіз болатын бетонды науа.
27.5.3 Қаптаманың алғашқы сақинасын олардың және қазаншұқырдың қабырғалары
арасында салынатын бетонмен бекітіледі. Нақты өлшемдердің жобадағы өлшемдерден
ауытқуы белгіленген өлшемдерге сәйкес келуі тиіс.
Блок төсеуішке арналған жартылай сақиналар қазаншұқырдың бетонды
негіздемесінде жинақталады, алғашқы уақытша болып табылатын толық сақиналар
тюбинг төсеуішпен құрастырылады.
27.5.4 Мұздатылған топырақ аймағында қазу жөніндегі жұмыстарға тек жобалық
қалыңдықтағы және берік болатын тұйық мұзды топырақты қоршау пайда болғаннан
кейін ғана кірісуге рұқсат етіледі. Рұқсат акт түрінде рәсімделуі тиіс.
27.5.5 Эскалаторлық туннельдердің қазбасы толық пішінде жүргізілуі тиіс.
Эскалаторлық туннелге жалғасатын төменде орналасқан көлденең қазбалар болған
жағдайда, алдыңғы ұңғыма немесе ұңғымадан өтуге болады.
27.5.6 Қаптаманы құрастырған кезде мұздатылған топырақтан тыс аймақтарда -
толық болттық жинақтарды, мұздатылған топырақ аймағында тегіс болат шайбалары бар
уақытша болттарды гидрооқшаулау жұмыстарын жүргізген кезде толық болттық
жинақтарға ауыстырумен орнату керек.
27.5.7 Мұздатылған топырақ аймағында айдауға арналған ерітінділерді оның
мұздауының алдын алатын және қатаюын жеделдететін қоспалармен қолдану керек.
Қаптаманың артындағы бақылау айдау мен гидрооқшаулаушы шайбалары бар
тығындарды мұздатылған топырақ аймағында айдауға арналған саңылауларға орнатуды
олар ерігенге дейін аяқталуы тиіс.
28 АРНАЙЫ ЖҰМЫС ТӘСІЛДЕРІ
28.1 Суды төмендету
28.1.1 Суды төмендетуді, ВҚН
-
127 сәйкес жер асты суларының деңгейін
төмендету үшін немесе олардың келуін азайту үшін, не болмаса төменде жатқан сулы
деңгейжиектегі судың қысымын түсіру үшін қолданады.
Депрессиялық қазаншұқырдың есептік радиусы І және ІІ жауапкершілікті
құрылыстардан 10 м кем қашықтыққа тараған кезде, суды төмендетуге болмайды.
Суды төмендету құралдарын төмендегілерді есепке ала отырып, белгілеген жөн:
- құрылыс технологиясы мен қазба типі;
- гидрогеологиялық жағдайлар;
- жер асты суларының деңгейін төмендетудің немесе келуін азайтудың қажетті
мөлшері;
211
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
- қала құрылысының жағдайы, суды төмендету әсерінің аймағында жер асты
коммуникацияларының болуы;
- суды төмендетудің ұзақтығы.
28.1.2 Суды төмендетудің барысында, сондай-ақ жер асты суларының табиғи
параметрлерін қалпына келтіргенде, бақылау станцияларын пайдалан отырып, ғимараттар,
құрылыстар мен коммуникацияларды тұрақты бақылауға алған жөн .
28.1.3 Суды төмендету құралдары ретінде:
- суды төмендеткіш ұңғымалар;
- ине сүзбелі жеңіл қондырғылар;
- эжекторлық қондырғылар;
- ұңғыма-құбырлар;
- құбырлы қазбалар мен ұңғымалар;
- қазбалардан шығатын тура сутөкпе;
- құрамдастырылған құралдарды қолдануға болады.
Тау қазбасын жүргізген кезде екі не одан да көп сулы деңгейжек ашылған жағдайда,
суды төмендетудің құрастырылған жүйелері қолданылуы керек. Мұндайда негізгі құрал
ретінде төмен түсірілетін сорғылары бар ұңғымалар қолданылса, қалдық су ине сүзбелі
жеңіл қондырғылармен немесе ашық сутөкпе арқылы шығарылады.
28.1.4 Сорғылармен жабдықталған суды төмендеткіш ұңғымалар су сақтағыш
қабатта құрылыс қатары мен төсеуші су өткізбейтін қабаттың арасындағы құрғататын
топырақтың қабаты жеткілікті болған жағдайда, су сақтағыш қабатта сүзу коэффициенті
0,5 м/тәуліктен кем болмайтындай етіп, қолданылуы тиіс.
Суды төмендетудің тиімділігін арттыру үшін ұңғымалар вакуумдаушы
құрылғылармен жабдықталуы тиіс.
Шағын қуатты қазба науасының астында су ұстағыш қабат болған және оның
астында күшті сулы деңгейжиек жатқан жағдайда, суды төмендететін ұңғымаларды судың
күшін түсіру үшін қолдану керек.
28.1.5 Ине сүзбелі жеңіл қондырғыларды сүзу коэффициенті
0,2 -50,0 м/тәулік
құрайтын топырақтарда, жер бетінен немесе құрылыс науасынан 5 м аспайтын тереңдікте
суды төмендету қажет болғанда қолданылады. Еңістері бар қазаншұқырларды өңдеу
кезінде жер асты суларының деңгейін сатылы төмендетуге болады. Әрбір қабаттағы ине
сүзгілерін жеке қондырғыға қосу керек.
28.1.6 Эжекторлық қондырғылар, негізінен, сүзу коэффициенттері 0,2-5,0 м/тәулік
болатын топырақтарда вакуумдау әдісімен суды төмендету үшін қолданылады.
28.1.7 Құбыр-ұңғыма суды жоғарыда жатқан сулы деңгейжиектен үлкенірек су
өткізгіштікке ие төмен жатқан сулы деңгейжиекке суды дренаждау үшін қолданылады .
28.1.8 Дренажды қазбалар мен ұңғымалар, әдетте, тау-кен және жартылай тау-кен су
сақтағыш топырақта қолданылуы тиіс. Ұңғымалар, негізінен, тау-кен қазбалардан
кішігірім су салалары бар су сақтағыш қабаттарды кептіру үшін жасалады.
28.1.9 Суды төмендету жүйесі резервті жабдықпен қамтамасыз етілуі тиіс.
28.1.10 Ұңғымаларды сүзбемен жабдықтау және оларды сорғу жөнінде актілер
құрастырылуы тиіс.
Суды төмендету бойынша жұмыстар басталмай тұрып, бақылау ұңғымаларын
212
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
бұрғылау қажет. Бірнеше деңгейжиек құрғатылатын кезде, бақылау ұңғымалары әрбір
деңгейжиекке орнатылуы тиіс.
28.1.11 Суды төмендету жөніндегі жұмыстар үш кезеңге бөлініп өткізілуі керек.
1-кезең - жүйені пайдалануға тапсыру.
Жүйені пайдалануға тапсырған кезде:
- әрбір ұңғыма бойынша, бұрғылау станогының типі, ұңғыма құрылысы, сүзгі мен
сорғы типтері мен орналастыру аралығы көрсетілетін нақты геологиялық кескіні;
- суды төмендеткіш құралдарын орналастыру жоспарын, орнатылған ұңғымаларды,
ине сүзгілерін, бақылау ұғымалары мен деңгейжиектердегі нақты статикалық су деңгейін
көрсетумен нақты көлденең кескіні ұсынылуы тиіс.
2-кезең - жүйені пайдалану.
Жобалық талаптарға қол жеткізген соң, учаскенін негізгі жұмыстарды жүргізуге
дайындығы жөніндегі актіні құрастыруға болады.
3-кезең - жүйені пайдалануды аяқтау.
Суды төмендету жөніндегі жұмыстарды тоқтату туралы шешімді комиссия
қабылдап, жобаға сәйкес, ұңғымаларды одан әрі пайдалануды не оларды жоюды
көрсетумен акті түрінде рәсімделеді.
28.2 Топырақтардың жасанды мұздатылуы
28.2.1 Топырақтардың мұздатылуы салқындату бекеті - мұздатқыш шүмектер -
тұйық жүйесінде айналатын салқын тасымалдағышты қолданумен, не болмаса
салқындатқыш агентінің
- сұйық азоттың немесе көмір қышқылының мұздатқыш
шүмектерінде тікелей булануы кезінде жүзеге асырған жөн.
28.2.2 Жұмыс басталмай тұрып, мұздатылатын топырақтың әсер ететін аймағында
орналасқан ғимараттар, құрылыстар мен жер асты коммуникацияларын зерттеу қажет.
Олардың мүмкін болатын деформацияларын қадағалау үшін, бақылау станцияларын
орнатуды алдын ала қарастырған жөн.
28.2.3 Шахта оқпандары учаскелері мен эскалаторлық туннельдерді тұрақсыз
суландырылған топырақтарда салуды сақиналы мұзды-топырақты қоршаудың қорғанышы
астында жүзеге асырған жөн. Мұндайда мұздатқыш шүмектер су өткізбейтін жерге дейін
тереңге түсіріліп, орнатылуы тиіс.
Су өткізбейтін жер болмаған жағдайда немесе оның қуаттылығы жеткіліксіз болған
жағдайда, топырақ алқаптарын тегістей немесе аймақтап мұздатуды қолданған жөн.
28.2.4 Мұзды-топырақты қоршаудың қорғанышы астындағы шахта оқпандарын
қазған кезде, әрбір кірме кезінде, алдымен топырақты ЖОЖ белгіленген мөлшерге
мұздатылмаған өзегі шегінде өңдеп, содан кейін, мұздатылған топырақты өңеуге кіріскен
жөн.
Мұзды-топырақты қоршаудың тегістілігі бұзылғанын білдіретіндей кенжарға
айтарлықтай мөлшерде су кеткен жағдайда, жұмысты тоқтатып, оқпанды жер асты
суларының статикалық деңгейіне дейін суға толтырып, топырақты қосымша мұздату
керек.
28.2.5 Мұздатылатын ұңғымалар арасындағы қашықтықты, м:
213
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
- контурды мұздату кезінде:
- шахта оқпандары - 1,2;
- эскалаторлық және аралық туннельдер - 1,1;
- екі қатар ұңғымалар орналасқан ашық қазаншұқырларды мұздатқан кезде;
- ішкі қатар - 1,25;
- сыртқы қатар - 1,5;
- қатарлардың арасы - 3,0;
- тұтас алқапты мұздатқанда:
- контуры бойынша - 1,5;
- контурдың ішінде - 3,0 асырмай қабылдаған жөн.
28.2.6 Мұздататын ұңғымаларды бұрғылау жөніндегі жұмыстардың барысында
жердің нақты температурасы мен жер асты сулары қозғалысының жылдамдығын және
тұздылығын белгілеген жөн.
Ұңғылау барысында мұзды-топырақты қоршаудың контуры бойынша әрбір оныншы
ұңғымада су өткізбейтін жердің нақты тереңдігін анықтаған жөн. Нақты деректер
жобалық деректерге сәйкес келмеген жағдайда, жобалық құжаттаманы түзету керек .
Ұңғымалар жобалық қалыптан ауытқыған жағдайда, қосымша ұңғымаларды
бұрғылап, оларды мұздату үдерісіне қосқан жөн.
100 м дейінгі мұздату тереңдігінде қосымша тік ұңғымалардың саны 10 %, көлбеу
ұңғымалардың саны - 20 % аспауы керек. 100 м астам мұздату тереңдігінде - сәйкесінше
20 % және 25 %.
Бұрғылау кезінде ұңғыма тереңдігі мұздатқыш шүмектің ұзындығынан кем дегенде
1 м асып түсуі керек.
Топырақты белсенді қатырудың есептік мерзімі басталғанға дейін, мұздатқыш
бекетті жобалық тәртіпке шығару үшін, 5 тәуліктен кем емес уақытты қарастырған жөн.
28.2.7 Топырақтарды жасанды мұздату жөніндегі жұмыстардың өндірісін және
қабылдауын қадағалауды 39 кестеге сай өткізген жөн.
39-кесте - Топырақтарды жасанды мұздату жөніндегі техникалық талаптар
Техникалық талаптар
Шекті ауытқулар
Бақылау (әдісі мен
көлемі)
Ұңғымалардың берілген
бағыттан желілік ауытқулары:
Өлшеуші,
Тік;
Тереңдіктің 1% аспайды
әрбір 10 м сайын
Көлбеу
Ұзындықтың 2% аспайды
Жоспарда ұңғымалардың
Өлшеуші,
5 см
орналасуынан ауытқуы
әрбір ұңғыма
Салқындату
жүйесінің
герметикалығы:
Әрбір ұзартылатын құбырдың
тоғыстырылған жері мен
Сол сияқты, журналда
мұздатқыш шүмегінің башма
2,5 Мпа кем емес
тіркеумен
ғын гидравликалық сынау
кезіндегі қысым;
214
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
39-кесте - Топырақтарды жасанды мұздату жөніндегі техникалық талаптар
(жалғасы)
Техникалық талаптар
Шекті ауытқулар
Бақылау (әдісі мен
көлемі)
Шүмекке құйылған сұйықтық
Үш тәулік ішінде сұйықтық
Сол сияқты
деңгейі
деңгейінің өзгерісі 3 мм аспайды
Шүмектен шығатын салқын
Мұздату тереңдігінің әрбір 100 м
тасымалдағыштың қалыптасқан
сайын үлестіргіштегі салқын
"
жұмыс тәртібі кезіндегі
тасымалдағыш температурасынан
үзіліссіз*
температурасы
2°С асып ерекшеленбеуі тиіс
Мұзды-топырақты қоршау
шеңберінде орналасқан барлық
Үздіксіз
термометрлі шүмектерде теріс
Әрбір шүмек
температураның болуы
Жобалық өлшемдер мен
Тұйық контурдағы бақылау
мұзды-топырақты қоршауына
ұңғымаларында су деңгейінің
Су деңгейін белгілеу
қол жеткізу
көтерілуі
Салқын тасымалдағыш
Мерзімді
температурасының тұрақтылығы
Ұңғымааралық акустикалық
"
дыбыс түсірудің көрсеткіші
28.2.8 Мұздатылған топырақты уақытша қоршау конструкциялары ретінде
қолданатын қазаншұқырлар үшін, топырақтарды мұздатылған күйде сақтауды құрылыс
жұмыстарының бүкіл мерзімі ішінде белсенді түрде жүзеге асырып отыру керек.
28.2.9 Мұздатқыш шүмектер қазба қимасына түскен жағдайда, оларды жүйеден
ажыратып, олардың ішінен салқын тасымалдағышты алып тастап, өшіру керек.
Шүмектердің қалған бөліктері қайтадан мұздату жүйесіне қосылады.
28.2.10 Учаскенің негізгі жұмыстарды өткізуге дайындығы және топырақтарды
жасанды мұздату жөніндегі жұмыстардың тоқтатылуы туралы шешімдер актілермен
рәсімделуі керек.
28.2.11 Негіздеу кезінде мұздатылған топырақтарды жасанды еріту жөніндегі
жұмыстарды басқа құрылыс-құрастыру жұмыстарымен біріктіруге болады.
28.3 Топырақтарды инъекциялық бекіту
28.3.1 Жерасты құрылыстарды салу кезінде, топырақтарды инъекциялық бекітуді,
байланысты емес суы мол және бұзылған таулы топырақтардың учаскелерінен өту,
қазаншұқырлардың қоршауын, қорғаныш экрандарды (перделерді) орнату, құрылыстың
әсер ету аймағында орналасқан ғимараттар мен басқа құрылыстардың негіздері мен
іргетасын бекіту, сондай-ақ құрылыс үдерісінде пайда болатын авариялық жағдайларды
жою үшін қолдану қажет.
215
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
28.3.2 Топырақты бекіту тәсілдері пайдаланылатын инъекциялық материалдардың
типі бойынша цементтеу, силикаттау және шайырлау, топыраққа ерітіндіні енгізу әдісі -
кәдімгі инъекция және ағынды инъекция болып бөлінеді.
28.3.3 Топырақтарды бекіту тәсілін инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық
іздестіру, экология талаптары мен бекіту нұсқаларын техника -экономикалық салыстыру
негізінде таңдау керек.
Инженерлік-геологиялық жағдайларына, мақсатына және қабылданған топырақты
өндеуге арналған әдіске байланысты беріктікті арттыруды, топырақтардың фильтрацияға
қарсы тығыздылығын немесе субасуды қамтамасыз ететін және реологиялық, физика -
механикалық сипаттамаларының кең ауқымына ие минералды тұтқыр немесе полимерлік
материалдардың негізіндегі инъекциялық ерітінділерді қолдану керек.
Әр түрлі тәсілдерді пайдаланудың шегі 40 Кестеде келтірілген.
28.3.4 Топырақты бекіту тәсілін таңдау және инъекциялық жұмыстарды жобалауға
бастапқы деректерді алу үшін негізгі инженерлік-геологиялық іздестірулерге қосымша
арнайы іздестірулер мен зерттеулерді жүргізген жөн.
Бірінші кезеңде 5.2 сәйкес орындалған немесе инъекциялық жұмыстарды жүргізу
ерекшелігіне қатысты инженерлік-геологиялық жағдайларын нақтылау үшін қосымша
өткізілген зерттеулердің негізінде топырақтардың геологиялық құрылымы, учаскенің
гидрогеологиялық жағдайы мен топырақтардың физика-механикалық сипаттамалары
туралы толық деректерді алу керек.
Екінші кезеңде зертханалық зерттеулер мен топырақты бекіту бойынша тәжірибелік
жұмыстарды ерітіндіні дайындауға арналған бастапқы материалдардың таңдауын, оның
физика-механикалық және реологиялық сипаттамаларын анықтауды қамтамасыз ететін
табиғи жағдайларда орындау қажет.
Инъекциялық ерітіндінің түрі мен құрамын тағайындаудан кейін топырақты
инъекциялық бекіту өлшемдерін тексеру мен нақтылау, бекіту технологиясын нақтылау
үшін құрылыс алаңшасында топырақты тәжірибелі инъекциялауды өткізу керек.
28.3.5 Топырақты тәжірибелі бекітуді ерекше жауапты құрылыстарда немесе
айрықша күрделі инженерлікологиялық жағдайларда, сондай-ақ бекітілген топырақтың
берілген сипаттамаларын кепілді алу қажет болған жағдайда қолдану қажет.
Тәжірибелі жұмыстарды өткізу кезінде бекітілген топырақтардың есепті көлемі мен
бекітілу радиусы, инженерлік-геологиялық сипаттамалары анықталады, технологиялық
тәсілдері мен инъекцияның өлшемдері
(айдау қысымы, инъекциялық материалдарды
шығындау), топырақ көлемі бірлігіне инъекция уақыты, ал ағынды цементтеу кезінде
ерітінді мен ауаны айдау қысымы, монитордың көтерілу және айналу жылдамдығы, сопло
саны мен диаметрі, ұнғыманың 1 м ұзындығына ерітіндінің шығысы нақтыланады.
Егер тәжірибелі инъекция өткізілмесе, онда инъекциондық ұнғымалардың 10% кем
емесі тәжірибелі болып есептеледі.
Тәжірибелі жұмыстарды жүргізу нәтижесі бойынша жобалық құжаттаманы
топырақтарды инъекциялық бекіту мәніне түзету орындалады.
28.3.6 Жұмыстарды өндіру үдерісінде инъекциялық жұмыстардың технологиялық
өлшемдерін жұмыстарды жүргізу үдерісінде айқындалатын топырақтардың геологиялық
және гидрогеологиялық сипаттамаларының өзгеруіне байланысты түзету керек.
216
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
Түрлі тәсілдерді қолдану шектері 40-кестеде берілген.
28.3.7
Топырақтарды инъекциялық бекітудің
жұмыс құжаттамасын
мамандандырылған жобалық ұйым әзірлеуі қажет. Құжаттамада келесі техникалық
шешімдер мен деректер қамтылуы тиіс:
- топырақтарды бекіту тәсілін таңдауды техника-экономикалық негіздеу;
- бекітілген топырақтардан жасалған негіздеудің немесе басқа конструкцияның
типін
(түрін) және шешілетін техникалық міндетке сәйкес бекітудің конструктивті
сұлбасын тағайындау туралы шешім;
40-кесте - Топырақтарды бекіту тәсілдері
Бекітілетін топырақтың сипаттамасы
Топырақтарды
Фильтрация
Инъекциялық ерітіндінің ұсынылатын типі
Топырақтардың типі
бекіту тәсілі
коэффициенті,
мен түрі
(түрі)
м/тәул
Тағайындалуы әр түрлі
Таулы, жарықты,
инертті және химиялық
желдетілген және
қоспалары бар цементтің
карстелген, ірі
Цементтеу
20-100
Цементтік
әртүрлі түрі, аэрирленген
сынықты және ірі-
ерітінділер, дірілмен
және орташа дәнді
уатылған цементтердегі
құмдар
ерітінділер
Цемент, саз,
Цементтік-сазды
тағайындалуы әртүрлі
қоспалар
Таулы, азжарықты,
Тұтасу жеделдеткіші мен
таулы емес
пластификаторы бар
топырақтар, ұсақ дәнді
0,3-5 бастап
ЕЖДЗ Микродур
Микродурдың әртүрлі
және шаңды құмдар,
маркалары
құмдақтар
Ірі дәндіден бастап
Цементтік,
байланысты
Ағынды
Ағынды
цементбентониттік,
топырақтарға дейінгі
Реттелмейді
цементтеу үшін
цементтеу
натрий силикаты мен
байланысты емес
цементтік
химиялық қоспалары бар
топырақтар
Таулы, жарықты, ірі
Екі ерітінділік
Натрий силикаты,
Силикаттау
сынықты, құмдар,
5-80
силикаттау
хлорлы кальций
лессалар
Қатайтушы қышқыл
Таулы, аз жарықты,
ерітінділері мен металл
орташа- және ұсақ
Бір ерітінділік
0,5-20
тотығы бар натрий
дәнді және шаңды
силикаттау
силикатының жұмсақ
құмдар, лессалар
және қатты гельдері
Таулы, аз жарықты,
орташа- және ұсақ
Карбамидтік және
Шайырлау
дәнді және шаңды
0,3-5 бастап
Шайыр ерітіндісі
полимерлік
құмдар, құмдақтар
шайырлардың басқа түрі
- бекітілетін топырақтар алқабының есептік контуры мен өлшемі салынған
217
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
масштабты инженерлік-геологиялық жоспарлар мен қималар, сондай-ақ бекітілетін
топырақтардың беріктік, деформациялық және басқа сипаттарына қойылатын талаптар;
- топырақтық алқаптарды бекіту көлемі және жұмыстарды орындауға қажетті
материалдардың жалпы саны туралы деректер;
- бекітілетін топырақтар алқабында жоспарда және тереңдігі бойынша олардың
тереңдігін, еңісін, диаметрін, рұқсат етілетін ауытқуларын көрсетумен инъекциялық және
бақылау ұнғымаларын орнату;
- жұмыстарды орындау үшін қажетті тетіктер мен жабдықтың номенклатурасы,
сипаттамалары мен саны туралы деректер (бұрғылау, орнатқыш, сорғыш, инъекциялық,
компрессорлық, сыйымдылықтар және т.б.);
- топырақтарды инъекциялық ерітінділермен өндеу тәртібі, олардың үлес шығысы,
айдау қысымы, инъекциялық ерітіндіні дайындау тәртібі;
- өткізілетін жұмыстардың тәсілдері мен технологиялық ретін, еңбек шығындары
мен кезең бойынша тетіктер мен материалдарға қажеттілігін, топырақты ағынды
цементтеу кезінде мониторды көтеру және айналдыру жылдамдығын сипаттаумен
технологиялық карталар немесе сұлбалар;
- топырақтарды бақылау бекіту бойынша жұмыстардың көлемі және оларды
орындау бойынша нұсқаулар;
- жұмыстардың сапасын бақылау, қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау
бойынша іс-шараларға қосымша нұсқаулар;
- жұмыстардың көлемі, технологиясы мен тетіктер мен жабдықтың бар болуы
негізінде жұмыстардың жекелеген түрлерін орындаудың реті мен мерзімі белгіленетін
жұмыстардың күнтізбелік жоспары;
- жалпы құрылыстық сипаттағы басқа деректер (қосалқы құрылғылар, қысқы
жағдайдағы жұмыстар кезіндегі іс-шаралар және с.с.);
28.3.8 Топырақтарды инъекциялық бекіту бойынша жұмыстарды бұрғылау және
инъекциялық жұмыстарды жүргізу тәжірибесі бар құрылыс ұйымы немесе учаскесі
орындау қажет;
28.3.9 Топырақтарды бекіту бойынша жұмыстарды орындау мынаны қарастыру
қажет:
- құрылыс алаңын жұмыстарға дайындау, соның ішінде, арнайы камераларды
(қажет болғанда), тұрақсыз суы мол топырақтар аймағынан өту кезінде өндіруге салу,
жұмыс учаскелерін қоршау, уақытша тұрмыстық үй-жайларды қарастыру, қоймаларды,
бастырма орнату, ерітінділік тораптарды жылыту;
- учаскені электрқуатымен, сумен, тығыздалған ауамен қамтамасыз ету;
- күндізгі беттегі жұмыстарды өткізу кезінде туннельдің контуры мен білігін
геодозиялық шығару;
- технологиялық жабдықты жеткізу, орнату, қосу және тексеру; құрылыс
материалдарын жеткізу және қоймалау;
- зертханалық постыны ұйымдастыру.
28.3.10 Инъекциялық жұмыстар жұмыстар түрлерін бастау және аяқтау уақытын,
жұмыстар жүргізілетін учаскелердің шекарасы мен ұнғымалардың нөмірлерін,
пайдаланылатын жабдықтың негізгі техникалық сипаттамаларын, ерітінділер құрамын
218
содержание .. 3 4 5 6 ..
|
||
|
|
|