|
|
|
Жалпы хирургия және анестезиология мен реанимация пәнінен қысқы емтиханға арналған тесттер (2020)
Мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі»
Біліктілігі: 0301013 «Фельдшер»
1. Бетінің қай жеріне фурункул шықса менингитпен асқынуы мүмкін:
А) мұрнына
В) иегіне
С) астыңғы ерніне
D)мойнына
Е) барлығы дұрыс
2. Құйқасын соғып алған науқасқа алғашқы медициналық көмек:
А)мұзды мұйық басады, қатты қысып таңады
В) жылы грелка басады, қатты қысып таңады
С) анальгетик егеді, қатты қысып таңады
D) соғылған тұсын қатты уқалайды
Е) барлығы дұрыс
3. Ми зақымынан кома болғаңда кездесетін асқыну қандай. Оның қалай алдын алу керек:
А) менингит, анальгетик егу керек.
В)асфиксия, тілін бекітіп, аузы қуысын тазалайды.
С) көмекей ісінуі, оттегі береді
D)бронхит, антибиотик егеді.
Е) барлығы да дұрыс.
4. Колоноскопия қай шекті қарайды ?
А) аш шек
В) соқыр шек
С) ұлтабар
D)тоқ шек
Е)тік шек
5. Эндоскопиялық инструменттерді қалай стерильдейді:
А)химиялық әдіспен
В) автоклавта
С) қызу шкафында
D) газ камерасында
Е) қайнатуға болады
6. Газ шығаратын түтікті қанша уақытқа қояды:
А) 10 мин.
В) 6-7 мин.
С) 5 мин
D) 1-2 сағ.
Е) 4-5 сағ.
7. Қан кетудің қай түрінде тампондар тоқтатады :
А)мұрыннан қан кеткенде
Б) артериядан қан кеткенде
В) капиллярдан қан кеткенде
D) венадан қан кеткенде
Е) аралас түрінде
8.Бірнеше шаш түбірі мен май бездерінің бірігіп қабынуы қалай аталады:
А) флегмона
В) фурункул
С) карбункул
D) абсцесс
Е) барлығы дұрыс
9. Гипс таңғышының қай түрінде астына жұмсақ мата салынады немесе іш киім кигізіледі:
А) гипс етік
В) гипс корсет
С) гипс лонгета
D) гипс жаға
Е) барлығы дұрыс
10. Пациентте операциядан кейін қандай кеш байқалатын асқынулар болуы мүмкін:
А) жара іріңдеуі
В) тері ойылуы
С) бронхит, пневмония
D) созылмалы ауруының қозуы
Е) барлық жауабы дұрыс
11. VI қабырғасы бұғана ортасы сызығы бойынша сынған науқасқа қандай жедел көмек керек:
А) кеудесін тану
В) анальгетик беру
С) қатты зембілге байлау
D) сынған тұсына массаж жасау
Е) Дезо таңғышын таңу
12. Кеуде қуысына өткен жарада бөтен зат (пышақ) тұрса, оны суырып алуға бола ма?
А) болады
В) алса да, алмаса да болады, еш маңызы жоқ
С) болмайды
D)жартылай суыруға болады
Е) барлық жауабы дұрыс
13.Өкпе фибромасын емдеу.
А) антибиотикотерапия
В) гормонотерапия
С) фибромэктомия
D)өкпе эктомиясы операциясы
Е) консервативті ем
14. Гемартроз деген не
А) буын зақымы
В) буын іріңдеуі
С) буын шығуы
D) буын ішіне қан жиналу
E) барлығы дұрыс
15. Ортан жілік сынуының белгілері:
А) сүйек деформациясы
В) патологиялық қимыл
С) крепитация
D) сүйек қысқаруы
Е) барлығы дұрыс
16. Иық буыны шыққанда орта буын медицина қызметкерінің тактикасы қандай:
А) анальгезия жасау
В) буыны тұсына мұзды мұйық басу
С) қолын иммобилиазциялау
D) ауруханаға жіберу
Е)барлық жауабы дұрыс
17. Сирақ бұлшық еттерін терең кесіп алған науқасқа бірінші кезектегі медкөмекті ата:
А) шина салу
В) жарасын таңу
С) жгут таңу
D) антибиотик егу
Е) травмпунктке жеткізу
18.Ортан жілігі сынған кезде шина салу ережесін ата:
А) шина салғанда 2 көрші буынды бекітеді
В) шина салғанда 3 буынды бекітеді
С) шинаны тек аяқтың астыңғы жағына салады.
D)шинаны аяқтың қай жағына салса да дұрыс
Е) шинаны салса болды
19.Жамбас сүйегі сынған кезде травмалық шоктың алдын алу шараларын:
А) шина салу
В) наркотикалық анальгетик егу
С) көктамырға ерітінділер қою
D) оттегі ингаляциясы
Е) барлық жауабы дұрыс
20.Жиі катетерлегенде науқаста болуы мүмкін урологиялық сепсистің алдын алу үшін не істеу керек:
A) қуығына антибиотик құйып тұрады
B) қуығын жылы фурациллин ерітіндісімен жуу керек.
C) қуығын жылы пресепт ерітіндісімен жуу керек
D) өзіне бір катетер арнау керек
E) барлығы дұрыс емес
21.Асқазан- шектен қан кетудін 2 айкын белгісін ата:
A) қан құсу, нәжісі қараю
B) қан құсу, іші өту
C) қан құсу, қан қақыру
D) қан құсу, іші кебу
E) қан құсу, гематурия
22.Асқазаннан қан кетудің себептері:
A)асқазан ойық жарасы
B) шек түйнелу
C) астан улану
D) іші өту
E) геморрой
23. Қан азаюдың жалпы белгілері:
A) басы аурады, жүрегі
айниды, А/Қ төмендейді
B) басы аурады, жүрегі айниды, А/Қ жоғарылайды
C) басы аурады, жүрегі айниды, қызулайды
D) басы аурады, көзі бұлдырайды
E) барлығы дұрыс
24.Қан тоқтату үшін берілетін дәрілер:
A) хлорлы натрий
B) дибазол
C) викасол
D) но-шпа
E) аминазин
25. Шокқа қарсы қан алмастырғыш сұйық:
A) полиглюкин
B) глюкоза
C)аминокапрон қышқылы
D) ацесоль
E) липофундин
26. Қаны кеткен науқасты зембілге қалай жатқызады:
A) басын көтеріңкі
B) аяқ жағын көтеріңкі
C) басы төмен
D) қырын қаратып
E) етпетінен
27. Асқазаннан кеткен қанның ерекшелігі:
A)қанында тамақ қалдығы аралас, түсі кофе қоюы тәріздес
B) көпіршік аралас, алқызыл түсті
C) анамнезінде өкпе ауруы бар
D) қаны ақшыл түсті
E) барлығы дұрыс
28. Асқазаннан қан кетіп түскен науқасқа берілетін ем:
A) тромбомасса құю
B) викасол 2-3 мл б/е
C) ішіне мұз басу
D) мезатон 1% - 1 мл т/а
E) барлығы дұрыс
29. Асқазан- ұлтабар ойық жарасының диагнозын анықтау тәсілдері:
A) контрастылы рентгенография
B) УЗИ
C) ФГДС
D) ЭКГ
E) жалпықан анализі
30.Флегмона дегеніміз
A) шел майының жайылған қабынуы
B) тер бездерінің іріңді қабынуы
C) май бездерінің ірінді қабынуы
D)шел майының шектелген қабынуы
E) барлығы дұрыс
31. Орта буын медицина қызметкері гипс таңғышының қандай түрін өз бетімен сала алады:
A) лонгета
B) бітеу гипс таңғышы
C) гипс «етік»
D) гипс «жаға»
E) «коксит»
32. Сирақ сүйектері сынған кезде шинамен неше буынды бекітеді:
A) 1
B) 2
C) 3
D) 4
E)барлығы дұрыс
33. Ортан жілігі сынған кезде шинамен неше буынды бекітеді:
A) 1
B) 2
C) 3
D) 4
E)барлығы дұрыс
34. Сирақ флегмонасы кезінде мейіргер тактикасы:
A) дәрігер-хирургке жолдау
B) физиотерапевке жолдау
C) Вишневский майымен компресс таңып, үйінде қалдыру
D) герметикалық таңғыш таңу
E) барлығы дұрыс
201. 35. Биологиялық өлімнің белгілері:
A)өлік дақтары
B) дем алуы сирек
C)көз қарашығының тарылуы
D)ауырсынуы
Е)қозғалмауы
36. Дезинфекция – бұл ... бағытталған шара кешені
A) жараға микробтардың түсуінің алдын алуға
B) микроорганизмдерді және олардың токсиндерін жоюға
C) споратүзушілерден басқа патогенді микробтарды жоюға
D) медициналық құралдардың бетіндегі микроорганизмдерді механикалық жоюға
E) тек спора түзушілерді жоюға
37. Стерилизация – бұл ... бағытталған шара кешені
A) жараға микробтардың түсуінің алдын алуға
B) споратүзушілерді және барлық микроорганизмдерді жоюға
C) патогенді микробтарды жоюға
D) медициналық құралдардың бетіндегі микроорганизмдерді механикалық жоюға
E) споратүзушілерден басқа патогенді микробтарды жоюға
38. Операциялық аймақты қандай антисептикпен өңдейді:
A) 70о этил спирті
B) 10% формальдегид
C) 1% хлорамин
D) 3% асқын тотығы
E) 0,5% мүсәтір спирті
39. Крафт пакеттегі стерильді инструменттерді сақтау мерзімі
A) 3 тәулік
B)1 тәулік
C) 20 тәулік
D) 6 сағат
E) 1 ай
40. Стерильді жабық биксті сақтау мерзімі
A) 20 тәулік
B) 10 тәулік
C) 3 тәулік
D) 1 тәулік E) 1 апта
41. Инъекция кезінде асептика ережелері бұзылған жағдайда ... дамиды
A) ауа эмболиясы
B) аллергиялық реакциялар
C) абсцесс
D) липодистрофиялар
E) флегмона
42. Ауалы тамшылы инфекцияның алдын алу жүргізіледі
A) аэрозольдерді себумен
B) ультрадыбысты сәулемен
C)автоклавтаумен
D)маска киюмен
E)кварцтеу арқылы
43. Операцияға қатысушылардың барлығы ... болу керек
A) маскада
B) кез-келген киімде
C) таза киімде
D) залалсыздандырылған киімде, маска және бахилада
E) бахилада
44. Қолды залалсыздандыру ерітіндісімен өңдегенде...
A)залалсызданады
B)дезинфекцияланады
C)тазарады
D)операцияға дайын болады
E) барлық жауап дұрыс
45. Қазіргі заманғы қолды дезинфекциялаушы препараттар
A) йодонат, мүсәтір спирті
B) айнасепт, аллсепт
C) хлорамин, сутегі асқын тотығы
D) этил спирті, первомур
E) фурациллин ерітіндісі
46.Қай ерітіндіні Вишневский әдісімен инфильтрациялық анестезияға қолданады
A) 1% лидокаин
B) 1% новокаин
C) 0,25% новокаин
D) 1% тримекаин
E) 0,5% новокаин
47. Жоспарлы операцияларда премедикация ... жүргізіледі
A)операцияға 2 сағат қалғанда
B)операция болар алдында
C)операциядан 1 тәулік бұрын
D)операцияға 30 минут қалғанда
E) операцияға 5 сағат қалғанда
48. Интубациялық наркозда дитилинді ... қолданады
A) кіріспе наркозға
B) бұлшық ет босаңсытуға
C) жүрек-тамыр жүйесінің жұмысын реттеуге
D) бронхоспазмның алдын алуға
E) тахикардияны басуға
49. Аппендэктомия және жарықты кесу операциясында қолданатын анестезия түрі
A) Лукашевич-Оберст бойынша
B) салқындату
C)инфильтрациялық
D)Школьников бойынша E) Пастер бойынша
50. Перидуральды анестезияда қолданылады
A) 1% совкаин
B) 2% лидокаин
C) 0,5% бупивакаин
D) 1% ропивакаин
E) 1% новокаин ерітіндісі
51. Новокаинді артық мөлшерде қолданғанда пайда болатын асқыну:
A) улану белгілері
B) өкпесі ісіну
C) терісі бөрту
D) зәрін жеделдету
E) тілі көмекейіне ығысу белгілері
52. Көк тамырға беретін наркозға қолданатын препарат
A) трилен
B) лидокаин
C) натрий тиопенталы
D)фторотан
E)кальций хлориді
53. Блокада үшін қолданатын новокаин концентрациясы
A) 5%
B) 0,25%
C) 1%
D) 10%
E) 2%
54.Наркоз алдында тыныс жолдарының гиперсаливация және гиперсекрециясының алдын алуға ... қолданады
A)атропин
B)димедрол
C) анальгин
D) промедол
E) новокаин
55. Жергілікті анестезияның жалпы анестезиядан артықшылығы:
A) анестетик дәріні егу оңай
B) пациентті дайындау оңай
C)пациентпен сөйлесуге болады
D) пациент тез жазылады
E) барлығы дұрыс
56. Адсорбер наркоздық аппаратта ... үшін керек
A) ылғалды жұту
B) көмірқышқылын жұту
C) газдынаркотикалық құрамды жылыту
D) анестетикті жұту
E) дәріні еріту
57. Жергілікті анестезиядағы қауіпті фактор
A)дене салмағының дефициті
B)алкогольмен әуестену
C)анестетиктерге аллергия
D)тамақтану сипаты
E) семіздік
58. Иық артериясынан қан кеткенде уақытша қан тоқтату
A) басып тұратын таңғыш
B) мұзды мұйық қою
C) саусақпен тамырды сүйекке басу
D) қолды жоғары көтеру
E) мойынды бүгу арқылы жасалады
59. Қан кетуде түпкілікті тоқтатуға қолданатын механикалық әдіс
A) бұрау салу
B) мұзды мұйық
C) тамыр қысқыш салу
D) тамырды тігу
E) байлам салу
60. Қан құйылу – бұл...
A) перикард қуысына қанның жиналуы
B) тіндерде қанның шектеліп жиналуы
C) плевра қуысында қанның жиналуы
D) іш қуысында қанның жиналуы
E) барлық жауап дұрыс
61. Ауа эмболиясы қаупі мынадай қан кету түрінде дамиды:
A) өңештен
B) балтырдың көк тамырынан
C)мойынның вена тамырларынан
D)иық артериясынан
E) сан артериясынан
62. Басып тұратын таңғышты мынадай қан кету түрінде салады:
A) иық артериясынан
B) балтыр көк тамырынан
C)тізе асты артериясынан
D)паренхиматозды мүшелерден
E) құрсақ қуысынан
63. Өкпеден қан кеткенде қанның түсі қандай болады
A) ақшыл және көпіршікті
B) «кофе тұнбасы» тәрізді
C) қошқыл, қою
D) қошқыл- шие түсті
E) ақшыл түсті
64. Науқаста қара түсті нәжіс болса не істеу керек:
A) ішіне жылытқыш басу
B) аяқ- қолын суық суға салу
C)суық сумен тазарту клизмасын жасау
D) тыныштық сақтату, гемостатик беру, дәрігерге хабарлау
E) аяқ- қолын жылы суға салу
65. Қан кетуде түпкілікті тоқтатуға қолданылатын механикалық әдіс
A) фибриногенді қолдану
B) артерияға бұрау салу
C) тамырға тігіс салу
D) гемостатикалық вискоза қолдану
E) сүйекке саусақпен басу
66. Жалпы қан тоқтататын биологиялық препарат
A)сарысу
B) дицинон
C)викасол
D) тромбин
E) кальций хлориді
67. Асқазаннан қан кетуге күдіктенгенде ..... керек
A) науқасты ауруханаға жеткізу
B) емханаға жолдау
C)ауырсынуды басу
D)асқазанды жуу
E) ішке жылу басу
68. Аутогемотрансфузия - бұл
A) плацентарлы қан құю
B) өз қанын алдын ала дайындап, өзіне құю
C) консервіленген қан құю
D) қанды тікелей құю
E) қанды тазарту
69. Гемотрансфузиялық шок басталғанда науқастың жағдайы қандай болады
A) адинамия, құсу
B) мазасыз, кеуде тұсының қысылуы, қызару, тахикардия
C) АҚ төмендеуі
D) әлсіз, бозғылт
E) есін жоғалту
70. Биологиялық сынаманы жүргізу үшін ... керек
A) 10-15 мл қанды тез 3 рет құйып, арасына 5 минут үзіліс жасап науқастың жағдайын бақылау.
B) науқастың жағдайын бақылай отырып 2-3 мл н/е 60 тамшы қанды 3 рет тез құю
C) науқастың жағдайын 5 мин сайын бақылай отырып 25 мл қанды тамшылатып құю
D) 25 мл қанды 3 рет тамшылатып құю
E) 15 мл қанды 2 рет тамшылатып құю
71. Қан препараттары
A) альбумин
B) эритроцит массасы
C) лейкоцит массасы
D) плазма
E) тромбомасса
72. Айқын гемостаздық нәтиже беретін қан компоненті
A) лейкоцитарлы масса
B) плазма
C) эритроцитарлы масса
D) эритроцитарлы тұнба
E) тромбомасса
73. Қан құю ережесі бұзылғанда дамитын асқыну:
A) цитратты шок
B) анафилактикалық шок
C)гемотрансфузиялық шок
D)ауа эмболиясы
E) геморрагиялық шок
74. Транспорттық иммобилизация үшін қолданады
A) Кузьминский құрсауын
B) Белер құрсауын
C) Крамер құрсауын
D) ЦИТО құрсауын
E) Илизаров аппаратын
75. Бұғана жарақатын алған зардап шегушіге көмек кезінде ... қолдану керек
A) Крамер құрсауын
B) Дезо таңғышын
C) гипсті лонгета
D) масақ тәрізді таңғыш
E) сақпанша таңғыш
76. Венадан қан кеткенде таңу түрі
A) басып тұратын
B) окклюзиялы
C) спираль тәрізді
D) лейкопластрлі
E) гипсті лонгета
77. Бастың төбе бөлігіндегі карбункулды тілгеннен кейін ... таңғышын қолдану керек
A) "чепец"
B) крест тәрізді
C) "жүген"
D) қайталанатын
E) Гиппократ телпегі
78. Қол басы ыстық суға күйгенде ... таңғышын қолданады
A) айқасатын
B) желім
C) "қолғап"
D) крест тәрізді
E) бидай тәрізді
79. Ашық сынық кезінде гипсті таңудың ... түрі қолданылады
A) көпір тәрізді
B) терезе тәрізді
C) жақтаулы
D) лонгетті
E) айналмалы
80. Ойнамалы иық шығуы орнына келтірілгеннен кейін қандай таңғыш салынады
A) Дезо
B) бидай тәрізді
C) крест тәрізді
D) Вельпо таңғышы
E) спираль
81. Суспензорий таңғышы ... салынады
A) ұмаға
B) жамбасқа
C) иыққа
D) қол басына
E)басқа
82. Шұғыл операция алдында тазарту клизмасы жасалынады
A) 30 минут бұрын
B) кез келген уақытта
C) 1 сағат бұрын
D) жасалынбайды
E)2 сағат бұрын
83. Жалпы анестезия алдында науқасқа премедикацияны ... тағайындайды
A) қабылдау бөлім дәрігері
B) анестезиолог
C) емдеуші дәрігер
D) анестезистка
E) хирург
84. Науқаста операциядан кейінгі қолқа өкпелік асқынудың алдын алуға .... тағайындалады
A)тыныс жаттығуларын
B) кеңірдек интубациясын
C)ақуызға бай диета
D)кеуде клеткасына УВЧ
E) қыша қою
85. Операциядан кейінгі жараның іріңдеу белгісі
A) жиектерінің бозаруы
B)жарада гиперемия, ісіну, солқылдап ауырсынудың күшейуі
C) таңғышқа қан жұғуы
D) ішек ілмектерінің сыртқа шығуы
E) сарғаю
86. Операциядан кейінгі жараның іріңдеуінде .... жасалады
A) стерильді құрғақ таңғыш
B) ихтиол майымен таңғыш
C)жараны дренаждау, бірнеше тігісті алу
D)наркотикалық аналгетик егу
E)жылу басу
87. ӨЖЖ(ИВЛ) аппаратында жатқан науқастың негізгі күтіміне .... жатады
A) жөтелге қарсы заттар беру
B) трахеобронхиальды жолды тазарту
C) ойылудың алдын алу
D) зонд арқылы тамақтандыру
E) тазарту клизмасы
88. Операциядан кейін тромбоэмболияның алдын алу үшін қолданылады
A)ерте қимылдату
B) гепарин егу
C) аяқтарын эластикалық бинтпен қысып таңу
D) коагулограмманы бақылау
E) барлық жауабы дұрыс
89. Операциядан кейін (аппендоэктомиядан кейін) зәр жүруінің кідіруінде ... керек
A) зәр жүргізуді рефлекторлы шақыру
B) қуықты катетеризациялау
C) зәр айдайтын дәрі беру
D) іштің төменгі жағына жылу қою
E) эпицистостомия
90. Сүйек сынуының абсолютті белгілері
A) буын деформациясы
B) жұмсақ тіндердің деформациясы
C) ісіну
D) сүйек бөліктерінің патологиялық қозғалуы
E) жергілікті қызару , ауа жиналу
91. Өтпелі(проникающая рана)жарақат, -бұл...
A) жарада бөгде заттың болуы
B) тері және тері асты қабатының зақымдануы
C) бұлшық ет пен сүйектің зақымдануы
D) *дене (іш, кеуде, буын т.б.) қуысын қаптап тұрға серозды қабық (ішперде, плевра) зақымдануы
E) тері асты шел май қабаты зақымдануы
92. Сүйек сынуы жазылып келе жатқанда сынықтар арасында пайда болады:
A) қан ұюы
B) тыртық
C) жалған буын
D) шеміршек ткань
E) барлығы дұрыс
93. Күйіктің 2-ші дәрежесінің белгілері
A) гиперемия
B) ауырсыну
C) күлбіреуіктердің болуы
D) тіндердің ісінуі
E) гипертермия
94. II дәрежелі үсікке тән белгі
A) тері қабатының түгел өліеттенуі
B) геморрагиялық сұйығы бар күлбіреуіктердің пайда болуы
C) қан тамырлар реакциясы
D) терінің мраморлануы
E) терінің бозаруы
95. Балаларда сынықтар байқалады
A) қиғаш
B) «жасыл шыбық» түрінде
C) нығыздалған
D) толық
E) сызық бойымен
96. Іріңді жараның ішінде экссудат толса:
A)жараны тампондау
B)жараны дренаждау
C) вишневский майымен таңғыш қою
D) құрғақ асептикалық таңу қою
E) физиотерапия қажет
97. Қандай жараға алғашқы дәрігерлік көмек кезінде тігіс салмайды:
A) тістелген жара
B) қабынған жара
C)ату жарасы
D) іріңдеген жара
E) барлығы дұрыс
98. Операциядан кейін пациенттің терісі бозарып бара жатқанын байқасаң қандай асқыну туралы ойлауға болады:
A) тыныс жетіспеушілігі
B) қан кетуі
C) лоқсу,құсу, тұншығу
D) жүрек жетіспеушілігі
E) барлығы дұрыс
99. Интерпозиция - бұл
A) жалған буын қалыптасуы
B) сүйек сынықтарының ығысуы
C) сүйек сынықтарының арасында жұмсақ тіндердің қысылуы
D)винт тәрізді сынуы
E)контрактура
100. Тіндердегі іріңнің шектеліп жиналуы
A) гематома
B)флегмона
C)абсцесс
D)атерома
E)гигрома
101. Лимфангоит түрі
A) торлы
B) гематогенді
C) эритематозды
D) травматикалық
E) лимфогенді
102. Қабыну инфильтраты жұмсарғанда қолданылатын шара
A) Вишневский майымен компресс қою
B) мұзды мұйық қою
C) жылытқыш қою
D) кеңінен ашып дренаж қою
E) физиоем
103. Тендовагинит – бұл:
A) саусақ терісінің қабынуы
B) сіңір қуысының қабынуы
C) фаланга аралық буын қабынуы
D) саусақтың барлық тіндерінің қабынуы
E) тырнақ түбінің қабынуы
104. Серозды мастит емінде ..... қолданылады
A)химиотерапия
B)инфекция ошағын ашу
C) инфузиялық терапия
D) сүт сауып тастау
E) физиоем
105.Паронихия – бұл ..... қабынуы
A) саусақтың барлық тіндерінің
B) фаланга аралық буынның
C) сіңірлі қабықтың
D) тырнақ маңының
E) тырнақ айналасы тінінің
106. Сепсистің асқынуы
A) анафилактикалық шок
B) септистік шок
C)септицемия
D)септикопиемия
E)гипертермия
107. Жедел гематогенді остеомиелитте мейірбикенің іс әрекеті
A) құрғақ жылу, бақылау
B) амбулаторлы жағдайда антибиотикпен емдеу
C) иммобилизация, жедел ауруханаға жатқызу
D) пациентті травмпунктке жолдау
E) майла таңғыш қою
108. Экстракорпоральды детоксикация (гемодиализ)әдісін ... қолданады
A) сепсисте
B) лимфангитте
C) тромбофлебитте
D) гидраденитте
E) остеомиелитте
109. Анық шекарасы бар айқын гиперемия мына ауруға тән
A) флегмонаға
B) тілмеге (рожаға)
C) панарицияға
D) остеомиелитке
E) фурункулға
110. Интоксикация симптомы .... айқын көрінеді
A)маститте
B)флегмонада
C)остеомиелитте
D) асцесте
E) барлық жауап дұрыс
111. Ылғалды гангренаның асқынуы
A) анафилактикалық шок
B) сепсис
C) жедел церебральды жетіспеушілік
D) жедел тыныс жетіспеушілік
E) геморрагиялық шок
112. Ойылудың алдын алу үшін пациентті
A) 10% камфорлы спиртімен уқалайды
B) төсектегі жатыс жағдайын өзгертіп тұрады
C) суға шомылдырады
D) астына жұмсақ дөңгелектер қояды
E) барлығы дұрыс
113. Жылан көз тесікке әкелетін жиі себептер
A) ойылу
B)операция
C) созылмалы қабыну процесі
D) буынның шығуы
E) асептиканы бұзу
114. Коммуникациялық дағды деген не:
A) пациенттің көңілін ауруынан басқаға аудару
B) пациентпен жылы-шырайлы қарым-қатынас орнату
C) пациентті серіктес ретінде емдеуге ортақтастыру
D) пациенттің жазылып кететіне сенімін арттыру
E) барлығы дұрыс
115. Қауіпсіз ісіктің емі:
A) эктомия
B) резекция
C)электрокоагуляция
D) қыру
E) барлығы дұрыс
116. Қатерлі ісік
A) капсуламен шектелген
B) көрші тіндерге метастаз бермейді
C) метастаз береді
D) тіндерді ығыстырып өседі
E) флюктуация болады
117. Қатерлі емес ісікте байқалатын жағдай
A)кахексия
B)анемия
C)интоксикация
D) жағдайы өзгермейді
E) гипертермия
118. Қатерлі ісікті анықтауда нақты зерттеу әдісі:
A) ультрадыбыстық
B) биопсия, цитология
C) радиоизотопты
D) айнамен қарау
E) КТ,МРТ
119. Сүт безі рагына тән белгі
A) пальпация кезінде ауырсыну
B)крепитация
C) дене қызуының жоғарылауы
D) емізіктің тартылуы
E) инфильтрат
120. Жарасы бар пациентке күтім жасау:
A) жарасының таңғышын алмастыру
B) дренаж түтігін бақылау
C) бөлінген сұйықты өлшеу
D) жараның жағдайын бағалау
E) барлығы дұрыс
121. Жергілікті анестезиядан кейін пациентті қанша уақыт бақылайды:
А) жарты сағат
В) 1 тәулік
С) 1-2 сағат
D) 4-5сағат
Е) бақыламайды
122. Жаралыға алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде жараға қандай дәрі жаққан дұрыс:
А) Вишневский майын
В) стрептоцид ұнтағын
С) Лассар пастасын
D) анестезин майын
Е) барлық жауабы дұрыс емес
123. Жара арқылы қандай ауру қоздырғыштары түсуі мүмкін:
А) дизентерия
В) іш сүзегі
С) сіреспе
D) холера
Е) тұмау
124. Мына аурулардың қайсысы жарасы бар науқасқа жұқпалы :
A) инфекциялық гепатит
B) туберкулез
C) газды гангрена
D) пиелонефрит
E) зоб
125. Мына күйіктің қайсысында шокқа қарсы терапия бастау керек:
A) ІІІ-ІV дәрежелі 20 % күйік
B) І-ІІ дәрежелі 10% күйік
C) ІІІ-ІV дәрежелі 5 % күйік
D) І-ІІ дәрежелі 20% күйік
E) барлығы дұрыс
126. Жұмыста электр щитін түрегеліп қарап тұрып электр тоғынан зақым алған пациенттің күйік жаралары саусақтарында орналасқан. Тағы қай тұстарында күйік жаралар болуы мүмкін:
A) басында
B) жүрек тұсында
C) аяқ басында
D) тізесінде
E) барлығы дұрыс
127. Науқастың екі аяғы толық күйіп, күлбіресе бұл қандай дәрежелі және неше пайыз күйік болғаны?
A) ІІІ-ІV дәрежелі 20 % күйік
B) І-ІІ дәрежелі 36% күйік
C) ІІІ-ІV дәрежелі 9 % күйік
D) І-ІІ дәрежелі 20% күйік
E) барлығы дұрыс
128. Найзағай әсеріне ұшыраған адам басы ауырып, жүрегі соғатынына шағым айтты. Медпункт медицина қызметкерінің тактикасы?
A) анальгетик препараттар беру, үйінде қалдыру
B) жедел госпитализация
C) топыраққа көміп күту
D) зәр айдайтын препараттар
E) барлығы дұрыс
129. Күйікті ашық емдеу үшін қандай дәрі керек?
A) антисептик ерітінділер
B) майлы салфеткалар
C) қабынуға ұнтақтар
D) аэрозоль антибиотиктер
E) барлық жауабы дұрыс
130. Найзағайдың әсеріне ұшыраған пациент ес-түссіз жатыр. Одан клиникалық өлім белгілері анықталды. Қандай медкөмек көрсетесің? .
A) реанимация шарасын бастау
B) топыраққа көміп күту
C) жедел жәрдем шақырып күту
D) санасы жиналғанша қасында болу
E) барлығы дұрыс
131. Электр тогы қандай органға әсер етеді?
A) миға, жүрекке
B) асқазанға, бауырға
C) шекке, талаққа
D) қуыққа, бүйрекке
E) барлық жауабы дұрыс
132. Антисептика - бұл іс әрекеттер жиынтығы
A) жарадағы инфекциямен күрес
B) жараға инфекцияның енуінің алдын алу
C) құрал жабдықтарды дезинфекциялау
D) құрал жабдықтарды зарарсыздандыру
E) жарада микроорганизмдерді жоюға бағытталған, организмде патологиялық ошақтарды жоюға бағытталған шаралар
133. Нерв тінінен шыққан қатерлі обыр
A) аденома
B) саркома
C) нейросаркома
D) миосаркома
E) фиброма
134.Сепсистің асқынуы
A) анафилактикалық шок
B) септистік шок
C) септицемия
D) септикопиемия
E) аталғандардың барлығы
134. Флебит - бұл қабыну
A) лимфа тамырының
B) бір шаш түбінің
C) тер бездерінің
D) бірнеше шаш қабының
E) *вена тамырының
135. Газды гангрена үшін тән симптом
A) "кернеп ауру " симптомы
B) опистонус
C) көлденең салалы бұлшықеттердің құрысуы
D) жарада ауырсынудың басылуы
E) зақымданған тіндердің жергілікті ісінуі
136. Тризм тән
A) фурункулезға
B) газды гангренаға
C) сіреспе
D) тілмелік қабынуға
E) аллергиялық реакцияға
137.Абцесті тіліп ашқан соң қандай таңғыш таңылады:
A) натрий хлоридінің гипертониялық ерітіндісі
B) Вишневский майы
C) преднизолон майы
D) 3% сутегі тотығының ерітіндісі
E) антибактериалды майлар
138. Білек сүйектері сынғанда шинаны салудың негізгі ережесі
A) сынған жерге ғана
B) сынған жерден жоғары орналасқан буынмен қосып
C) сынған жерден төмен орналасқан буынмен қосып
D) сынған жерден жоғары және төмен орналасқан, кем дегенде екі буынды салу
E) барлығы дұрыс
139.Соғылу кезінде жергілікті жерге мұздымұйықты қанша уақытқа басады:
A) 30-40 мин.
B) 6 сағ.
C) 2 күн
D) 7 күн
E) 10 күн
140.Жараныбіріншіхирургиялықөңдеудегеніміз
A) жараны бөгде заттардан тазалау,шеттерін, түбінсаутінгедейінкесу,тігіссалу
B) жараны шаю
C) жарадан бөгде заттар мен қан ұйындысын алу
D) жараға екіншілік тігіс салу
E) бар қалталар мен қуыстарды дренаждау
141.Іріңді жараға дренажды қояды
A) эпителизацияны жылдамдату үшін
B) қан кетуді тоқтату үшін
C) бөліндінің ағуын қамтамасыз ету
D) тампонада жасау
E) ісіну мен экссудацияны азайту
142. Мына жағдайда сіреспенің алдын алу үшін егеді:
A) білезіктің жұмсақ тіндерінің соғылуында
B) иықтың жабық сынығында
C) табанның шабылған жарасында
D) білезік буының зақымдалуында
E) барлық аталған жағдайларда
143.Үсу дәрежесін анықтауға болады
A) жылытқаннан кейін бірден
B) екінші күні
C) реактивке дейінгі кезеңде
D) бірнеше күн өткен соң
E) реактивтік кезеңде
144. Буынның жабық шығуы кезінде бірінші медициналық көмек
A) басып тұратын таңғыш салу
B) зақымдалған жерге жылы басу
C) тасымалдау иммобилизациясы
D) асептикалық таңу
E) ауырсынуды басу
145.Тістелген жаралар немен қауіпті
A) құтырмамен залалдану
B) туберкулезбен залалдану
C) үлкен қанкетумен
D) сүйек сынуымен
E) инфицекцияланумен
146. Операция алдында назогастралды зондты асқазанға салу мақсаты:
A) асқазанға сұйықтар құю
B) асқазанды босату
C) асқазанды жуу
D) асқазанға дәрі құю
E) барлығы дұрыс
147.Операциядан кейін пациенттің дене температурасы 1ºС көтерілігенде пульс қанша соққыға артады:
A) 10 соққыға
B) 15 соққыға
C) 20 соққыға
D) 5 соққыға
E) өзгермейді
148.Операциядан кейін назогастралды зондты асқазаннан алып тастағаннан кейін қалай дезинфекциялайды:
A) 6% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне салады
B) Хлорамин ерітіндісіне салады
C) Б класы қалдығына салады
D) А класы қалдығына салады
E) Барлығы дұрыс
149.Жергілікті анестезия дәрісіне аллергия барын анықтау үшін жасалатын сынама:
A) Безредько сынамасы
B) Вишневскийсынамасы
C) Манту сынамасы
D) Зимницкий сынамасы
E) Барлығы дұрыс
150.Өткір инструменттерді қалай стерильдейді:
A) қайнатады
B) автоклавта
C) құрғақ қызу шкафында
D) химиялық жолмен
E) барлығы дұрыс
151.Операциялық аймаққа пайдаланатын жаймаларды қалай стерильдейді:
A) қайнатады
B) автоклавта
C) құрғақ қызу шкафында
D) химиялық жолмен
E) барлығы дұрыс
152.Постта пайдаланатын корнцанг, зажимдерді қалай стерильдейді:
A) қайнатады
B) автоклавта
C) құрғақ қызу шкафында
D) химиялық жолмен
E) барлығы дұрыс
153. Анаэробты жараны жууға пайдаланылатын мына ерітінділер:
A) 3% сутегі асқын тотығы
B) Фурациллин ертіндісі
C) Бор қышқылы ерітіндісі
D) Йод павидон ерітіндісі
E) барлығы дұрыс
154.Сіреспемен ауыратын пациентке қандай дәрілер тағайындалады:
A) ұйқтататын
B) бұлшық ет босататын
C) Тыныштандыратын
D) Сіреспеге қарсы АДСМ
E) барлығы дұрыс
155. Сіреспемен ауыратын пациентті неге қараңғы бөлмеге жатқызады:
A) Қорықпасын деп
B) Тыныштық сақтау үшін
C) Көзіне жарық әсер етпеу үшін
D) Қан қысымын төмендету үшін
E) барлығы дұрыс
156. Операция алдында қуыққа неге катетер орнатады:
A) қуығын жуып отыру үшін
B) қуығын босату үшін
C) қуығына дәрі айдау үшін
D) қуық функциясын бақылап тұру үшін
E) барлығы дұрыс
157.Химиялық стерилизация қандай құралдарды стерильдеу үшін қолданылады:
A) катетерді
B) ФГДС зондын
C) назогастралды зондты
D) скальпельді
E) барлығы дұрыс
158.Операция медбикесінің үстіндегі стерильді халаттың стерильдігін тексеру әдісі:
A) азопирам сынамасы
B) индикаторлар
C) бактериологиялық әдіс
D) физикалық әдіс
C) барлығы да дұрыс
159.Операциялық бөлме ауасының стерильдігін қалай тексереді:
A) азопирам сынамасы
B) индикаторлар
C) бактериологиялық әдіс
D) физикалық әдіс
C) барлығы да дұрыс
160.Химиялық антисептик препараттарға жататыны қайсысы:
А) фурациллин ерітіндісі
В) спирт
С) бор қышқылы
D) белсенді хлор ерітіндісі
E) барлығы
161.Операциядан кейінгі кезеңде пневмонияның алдын алу үшін істеу қажет
A) жөтелге қарсы заттар тағайындау
B) қатаң төсектік тәртіпті сақтауын қадағалау
C) тыныс алу гимнастикасын жасау, кеуде торына қыша қағазын қою
D) шылым шекпеу
E) кеуде торына қыша қағазын қою
162.БХӨ құралдарына кіреді
A) Джиглидің сымдық арасы
B) ауыз ажыратқыш
C) Реверденнің қалақшасы
D) хирургиялық пинцет,инелержиынтығы
E) хирургиялық зонд
163.Тіндерді қосуға арналған құрал
A) қайшылар
B) ине ұстағыш
C) скальпель
D) Люэр қысқыштары
E) спираль тәрізді ине
164.Жедел операция жасалатын науқастарда анестезия жасаған кезде пайда болатын проблема
A) толық асқазан
B) жедел жүрек жетіспеушілігі
C) жедел тыныс жеткіліксіздігі
D) айқын интоксикация
E) гемостаздың айқын бұзылысы
165.Жоспарлы операция алдында жасалатын санитарлық өңдеу
A) теріні сүрту және киімді ауыстыру
B) жартылай санитарлық өңдеу
C) толық санитарлық өңдеу
D) санитарлық өңдеу жасалмайды
E) киімді ауыстыру
166.Окклюзиялық таңғышты салады
A) артериялық қан кетуде
B) қабырға сынығында
C) пневмоторакста
D) іш қуысының жарасында
E) туа біткен қисық мойында
167.Бұғана сүйегі сынған кезде таңылатын таңғыш
A) Вельпо таңғышы
B) Дезо таңғышы
C) сегіз тәрізді
D) крест тәрізді
E) барлық аталғандар
168.Гемостатикалық қасиетке ие қан препараты
A) лейкоцитарлы масса
B) плазма
C) эритроцитарлы масса
D) эритроцитарлы тұнба
E) фибриноген
169..Донор мен реципиент қанын жеке топтық сәйкестікке тексергенде агглютинация болмады. Бұл дегеніміз -
A) резус-фактор бойынша сәйкес
B) топтық белгісі бойынша сәйкес
C) резус-фактор бойынша сәйкес емес
D) топтық белгісі бойынша сәйкес емес
E) резус-фактор бойынша және топтық белгісі бойынша сәйкес
170.Ұйқы артериясынан қан кеткенде саусақпен тамырды қай тұсқа басады
A) самай сүйегіне
B) төменгі жақ бұрышына
C) VI мойын омыртқасының көлденең өсіндісіне
D) төбе сүйегіне
E) жарадан төмен сүйектерге
171.Кенет өлім кезінде жүрек тоқтауының түрлері:
A) асистолия
B) фибрилляция
C) пароксизмалды тахикардия
D) электромеханикалық диссоциация
E) барлығы дұрыс
172.Асқазаннан қан кеткенде мына зерттеу түрі қажет:
A) шұғыл ФГДС
B) асқазанды зондтау
C) бариймен асқазан рентгенографиясы
D) нәжісті жасырын қанға тексеру
E) тік ішекті саусақтық тексеру
173.Травмалық шоктың клиникалық белгісі:
A) санасы тежелген
B) тынысы жеткіліксіз
C) қан қысымы өте төмен
D) тері жамылғысы бозғылт, салқын
E) барлығы дұрыс
174.Ауа эмболиясы даму қаупі бар қан кету түрі
A) өңештен
B) тізе көктамырынан
C) мойынның ірі тамырларынан
D) иық артериясынан
E) ми тамырларынан
175.Ингаляциялық наркозға қолданады
A) натрий оксибутираты
B) азот тотығы
C) совкаин
D) каллипсол
E) эфир
176.Реанимация шаралары тиімді екенін көрсететін белгілер:
A) А/Қ қалыпта, санасы жиналды
B) А/Қ анықталмайды, жүрек соғысы әлсіз, тынысы қалыпты.
C) А/Қ - 70-80 мм.с.б.б., пульсі бар, өздігімен тыныс алады, көз қарашығы тарылған.
D) А/Қ - 50-60 мм.с. б.б., пульсі бар, тынысы әлсіз, санасы жоқ.
E) А/Қ төмен, санасы жоқ, жүрек соғысы әлсіз, тынысы қалыпты.
177.Биологиялық антисептика үшін қолданылады
A) гипериммунды плазма
B) жараны біріншілік хирургиялық өңдеу
C) жараны дренаждау
D) сутегі тотығының ерітіндісі
E) йод ерітіндісі
178. Травмалық шоктың ауыр дәрежелерінде қандай дәрі беруге болмайды:
A)кетотоп
B)промедол
C) баралгин
D)димедрол
E) аналгин
179.Жоспарлы операцияларалдында премедикация жүргізіледі
A) операцияға 2 сағат қалғанда
B) тікелей операция алдында
C) операцияға бір күн қалғанда
D) операцияға 30 мин. қалғанда
E) жүргізілмейді
180.Клиникалық өлім белгілері
A) ұйқы артериясында пульстің болмауы, тыныс болмауы
B) есінен адасу және қозу
C) ұйқы артериясында жіп тәрізді пульс анықталуы
D) тынысы бұзылмаған
E) қан қысымы анықталмайды
181.Қан құю техникасын сақтамаған жағдайда дамуы мүмкін
A)цитратты шок
B)анафилаксиялық шок
C)гемотрансфузиялық шок
D)ауа эмболияcы
E)тамырдың бітелуі
182. Жалпы анестезиядан кейін науқастың төсектегі қалпы
A) басы төмен түсіріп жату
B) жартылай отыру
C) бүйірімен жату
D) жастықсыз шалқасынан жату, басы бүйіріне бұрылған
E) басы жоғары көтеріліп жату
183.Тіндерді бөлетін инструмент
A) шүберекті қысқыштар
B) корнцанг
C) Кохер қысқышы
D) скальпель
E) кергіштер
184. Жүрек тоқтағанда қолданылатын препараттар қосындысы
A) атропин, мезатон ,натрий гидрокарбонаты
B) эуфиллин, калий хлориді, натрий гидрокарбонаты
C) адреналин, лидокаин,амиодарон, варфарин, натрий гидрокарбонаты
D) кальций хлориді, лидокаин, мезатон
E) эуфиллин, мезатон , кальций хлориді
185.Тоқпан жілік сынғанда шина салынады
A) білезік буынынан иық сүйегінің үштен біріне дейін
B) білезік буынынан шынтақ буынына дейін
C) сынған жерін қамтиды
D) саусақтардан бастап иық буынына жеткізіп
E) білезіктің артына салынады
186.Арқасымен тақтайға жатқызу кейпінде науқастарды тасымалдайды
A) қабырғасы сынса
B) кеуде торы соғылса
C) ішкі ағзалардың жарақаты
D) омыртқа бағанының кеуде бөлімінің жарақаты
E) жамбас-сан сүйектерінің сынуы
187.Күйік шогының себебі
A) тері тамырларының спазмы
B) психикалық жарақат
C) аурсыну және плазма жоғалту
D) қан кету
E) плазма жоғалту
188.Омыртқа жарақаты кезінде жұлын зақымдану белгілері
A) омыртқа маңында деформация
B) омыртқа өсіндісінің шығып кетуі
C) салдану
D) "делбе симптомы"
E) омыртқа денесінің сынығы
189.Жараның іріңдеуінің жергілікті белгісі
A) температураның жергілікті жоғарылауы
B) терінің бозаруы
C) тері асты эмфиземасы
D) ауырсынудың басылуы
E) инфильтраттың пайда болуы
190.ҚР-ның "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" туралы кодексі қашан қабылданды
A) 18.09 2009 ж .№ 193-ІV ЗРК
B) 06.06. 2002 ж. № 430-11
C) 04.06. 03 ж. № 430-11
D) 15.09. 04 ж. № 11/122
E) 03.03. 05 ж. № 68-1
191.Маммография қандай аурулар кезінде тағайындалады:
A) Омырау безінің аденомасы
B) Омырау безінің обыры
C) Мастопатиялар
D) Омырау безінің фибромасы
E) Барлығы дұрыс
192. Рожа -терінің кілегейлі қабынуы, оны туындатқан қоздырғыш:
A)пневмокок.
B) стафилокок
C) стрептокок.
D) шек таяқшасы
E) протей
193. Балалардағы остеомиелит себебі:
А) кариес тісі болуы
B) созылмалы баспа болуы
C) фурункулезбен ауырады
D) сирағында іріңді жарасы бар болуы
E) барлығы дұрыс
194. Антибактериалдық терапияны қалай тағайындайды:
A) сынама жасайды
B) бір аптадай уақытқа беріледі
C) курсы біткен соң алмастырады
D) келесі антибиотик алдыңғысынан күштірек болуы керек
E) барлығы дұрыс
195.Тістелген жаралар немен қауіпті
A) құтырмамен залалдану
B) туберкулезбен залалдану
C) үлкен қанкетумен асқыну
D) сүйек сынуымен
E) инфекция жұқтыруымен асқыну
196.Ересек адамға реанимация жасаған кезде төске жасалатын компрессия мен тыныстың арақатынасы
A) 5 компрессия-1 тыныс
B)30 компрессия-2 тыныс
C) 6 компрессия-3 тыныс
D) 15 компрессия-2 тыныс
E) 10 компрессия-2 тыныс
197.Жараның қай түрінде сүйекке зақым келуі мүмкін:
A) сылынған жара
B) түйрелген жара
C) тістелген жара
D) шабылған жара
E) жыртылған жара
198. Сүйек сынуы кезінде тасымалдау шинасы болмаса мынаны шина ретінде қолдануға болады:
A) резин мата
B) тақтай
C) үшбұрыш орамал
D) бинт
E) клеенка
199. Артериялық гипертензия кезінде мұрыннан кеткен қанды қалай тоқтатады:
A) мұрнына тампон тығады
B) артериялық қысымын түсіреді
C) мұрнының үстіне мұзды мұйық қояды
D) басын кері шалқайтады
E) барлығы дұрыс
200. Дегидратация фазасындағы жараға қандай таңғыш таңған дұрыс:
A) фурациллин ерітіндісіне батырылған салфетка
B) левомеколь майы жағылған салфетка
C) стрептоцид ұнтағы бар салфетка
D) құрғақ салфетка
E) барлығы дұрыс
////////////////////////////