Қан тобы мен резус-факторды анықтау (2020)

 

  Главная      Учебники - Разные

 

     поиск по сайту           правообладателям           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қан тобы мен резус-факторды анықтау (2020)

 

 

 

 

 

Қан тобын және резус факторды  анықтау

 

 

Қан тобын анықтау деп, белгілі аглютининдер мен белгісіз аглютиногендерді, не керісінше оларды табуды айтамыз. Қан тобын арнайы стандартты сарысулар мен, өте сирек жапғдайда стандартты эритроциттермен анықтайды. Қан табы анықталатын бөлме жарық, ауа температурасы 15-20 С жылы болуы керек. Егер бөлме суық немесе ыстық болатын болса, онда жалғанаглютинация жүруі мүмкін. Екі топтамалы стандартты қан тобының сарысулары мен 0(1), А(П), В(Ш), АВ (1У) қан тобы анықталады. Стандартты сарысулар қан құю стансаларында арнайы даярланып, бөлімшелерге жөнелтіледі.

Сыртқы жапсырылған қағазында (этикеткасында):

·        сарысудың топтық атауы,

·        дайынлалған мерзімі,

·        сақталу мерзімі (күні),

·        сериясының номері.

Қолданылатын сарысулар мөлдір, өздеріне арналған түстері бар:

1-      тобы –ашық (түссіз),

2-      тобы-  көк,

3-      тобы – қызыл,

4-      тобы – сарғыш.

Қан тобын анықтау үшін керекті заттар:

1-      арнайы плашет (ұйалы табақша), не таза ақ тарелка,

2-       олардың беті сызықпен бөліп, таңбалау (маркировкалау) керек,

3-      әйнек таяқшалар, не төрт бұрышты заттық шыны,

4-      мақта,

5-      спирт,

6-      пробиркалар,

7-      тамшуырлар (пипеткалар),

Қан тобын анықтау:

·        таңбаланған, не стандарты дайндалған уяшықтары бар табақшаға - бір тамшыдан сарысуды тамызады,

·        олар таңбаланған қан тобына сәйкес, сол жағында 0, ортасында А, ал оңжағында В тобы екі сериялы болу керек.

·        тырнақ бунақты спиртпен тазалап, кепкен соң ине мен теседі,

·        әйнек таяқшамен, ең тиімдісі төрт бұрышты заттық шыны мен, саусақтағы қанды алып, сарысумен 1:10 қатнасында араластырады,

·        5 минуттан соң бір тамшыдан изотоникалық тұз ерітіндісін қосып, араластырады, жалған аглютинацияны анықтау үшін,

·        нәтижесін анықтау алдында, табақшаны жәйлеп шайқау керек,.

·        қан тобы эритроциттердің аглютинациясына қарай анықталады,

·        аглютинация көзге жақсы көрінеді ол кішігірім қызыл түйіршіктер,олар біртіндеп бір-біріне жабысып, үлкейіп, шеттері тегіс емес,  ірі бөлшектерге  айналады,

·        осы кезде сарысу түссіз болып бөлінеді,

·        егер аглютинация болмаса, ол қосындылар, бірыңғай алқызыл  түсті түрінде қалады,

·        0(1)- топтың қаны болса – аглютинация ешқайсында болмайды,

·         А(П)- топтың қаны болса – аглютинация  0(1)-де және В(Ш)-да   болады да, А(П)-де болмайды,

·        В(Ш)  - топтың қаны болса – аглютинация  0(1)-де және А(П)- да   болады да, В(Ш)- де болмайды,

·        аглютинация барлығында болса, онда ол АВ (1У) қан тобына жатады.

·        енді осы жағдайда стандарты АВ(1У) сарысумен қосымша бақылаушы (контрольді)тексеру   жүргізіледі,

·        ол үшін табақшаға (оның арнайы ойық орны бар) АВ(1У) топтағы сарысудың үлкен бір тамшысын тамызып, оған аз ғана (8-10 есе аз) зерттелетін қанды қосамыз да 5 минуттан соң қараймыз

·        егер агютинация болмаса, онда ол арнайы (айқын) АВ(1У) тобы деп есептеледі.

·        күмәнді реакция болғанда, әрқашанда қайталап анықтау керек,

Резус факторды - әмбебап сарысуы мен антирезус арқылы анықталады.  Пробиркаға бір-бір тамшыдан антирезус және зертелетін қанды тамызамыз, 3 минут өткен соң 2-3 мл 0,9% изотоникалық ерітіндіні құйамыз және екі рет пробирканың аузын жауып тұрып төңкереміз. Нәтиежесін күн сәулесіне қаратып, анықтайды. Аглютинация болса қан резусы оң (Rh+), ал жоқ болса - резус сол (Rh-).

Резус факторды тез анықтау жолы (экспрес әдіспен). Таңбалаған тегістікке анти-резус (анти-D0) сарысуының бір тамшысын оның жанына бір тамшы бақылаушы сарысуды  және оған 1:10 қатнасындағы ауырудың қанын әрқайсысына  қосады да, 3-4 минуттан  соң олардың үстіне бір тамшы физиологиялық ерітіндіні тамызып, тарелканы 5 минут шайқайды. Содан соң антирезус сарысу тамшысында аглютинация болса, ал бақылаушы сарысуда аглютинация болмаса, онда ол қан резус оң (Rh+) болғаны. Екі тамшыларда аглютинация болмай, түсі бір қалыпты, өзгермесе, онда резус сол (Rh-) болғаны.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

////////////////////////////