|
|
|
Жүрек жетімсіздігі. Жауаптар бойынша тест (2020 ж.)
Станциялар бойынша мемлекеттік емтихан
Жүрек тоқтау кезіндегі шұғыл көмек бойынша тест
1. Жүрекке жабық массаж жасаудың тиімділігін ... арттырады.
А) науқасты жылыту
B) массажды қатты
жазықтықта орындау
C) аяқтарды 23 – 40 градусқа көтеру
D) плазма алмастырушыларды венаға енгізу
E) науқасты тыныштандыру
2. Пациенттің жағдайын бағалауға жатады:
А. Науқастың иығын қағып ояту
B. Науқастың мойны мен кеудесін киімнен босату
С. Кеуде торына компрессия жүргізу
D. Ауыз қуысын қарау
Е. Басын шалқайту
3. Науқасты жүрек өкпе реанимациясына дайындау:
А. Науқастың иығын қағып ояту
B. Науқастың мойны мен кеудесін киімнен босату
С. Кеуде торына компрессия жүргізу
D. Ауыз қуысын қарау
Е. Басын шалқайту
4. Науқастың кеудесіне қолдарды дұрыс орнату:
А. Төстің төменгі жартысына қолдарды орнату
В. Сол қолды төске орнату
С. Оң қолды төске орнату
D. Екі қолды төске орнату
Е. Төстің жоғарғы жартысына қолдарды орнату
5. Науқастың кеудесіне қолдарды дұрыс орнату:
А. Екі қолды төске орнату
В. Сол қолды төске орнату
С. Оң қолды төске орнату
D. Сол қолдың алақан негізін оң қолдың сыртқы бетінен тірейміз
Е. Төстің жоғарғы жартысына қолдарды орнату
6. Кеуде торына компрессия жүргізу жиілігі
А. 30рет (кемінде 80 рет минутына)
В. 40 рет (кемінде 100 рет минутына)
С. 50 рет (кемінде 50 рет минутына)
D. 30 рет (кемінде 100 рет минутына)
Е. 40 рет (кемінде 80 рет минутына)
7. Кеуде торына компрессия жүргізудің техникасы дұрыс болып табылады:
А. Қолдарды тік ұстап күш түсіреміз
В. Шынтақ буындарында қолдар түзу болу керек
С. Шынтақ буындарында қолдар жартылай бүгіледі
D. Шынтақ буындарында қолдар толық бүгіледі
Е. Қолдарды қиғаш ұстап кеудеге күш түсіреміз
8. Кеуде торына компрессия жүргізудің техникасы дұрыс емес болып табылады:
А. Шынтақ буындарында қолдар түзу болу керек
В. Қолдарды ұстап кеудеге күш түсіреміз
С. Кеуде торы әр компрессиядан кейін толығымен түзетілуі керек
D. Компрессиялар арасындағы аралықтар өте төмен болу керек
Е. Шынтақ буындарында қолдар жартылай бүгіледі
9. Компрессия тереңдігі болу керек:
А. 5-6 см
В. 4-5см
С. 1-2см
D. 6-7 см
Е. 8-9см
10. Ауыз қуысына санация жүргізу
А. Науқастың басын өзіміз жаққа бұрамыз, ауыз қуысына дәке оралған саусақпен санация жүргіземіз.
В. Науқастың басын өзіміз жаққа бұрамыз, ауыз қуысына дәке оралған саусақпен санация жүргіземіз. Санация саусақтың айналмалы қозғалысымен жүргізіледі.
С. Науқастың басын бұрамыз және қарау арқылы дәке оралған саусақты пайдаланамыз
D. Науқастың басын бұрамыз және қарау арқылы дәке оралған саусақты пайдаланамыз. Санация саусақтың айналмалы қозғалысымен жүргізіледі.
Е. Ауыз қуысына дәке оралған саусақпен санация жүргіземіз. Санация саусақтың айналмалы қозғалысымен жүргізіледі.
11. Сафардың үштік әдісіне жатады:
А. Басын шалқайту
В. Ауыз қуысын қарау
С. Ауыз қуысына санация жүргізу
D. Науқастың мұрнын жабу
Е. Науқастың басын бұру
12. Сафардың үштік әдісіне жатады:
А. Басын шалқайту , науқастың басын бұру, науқастың аузын ашу
В. Басын шалқайту, ауыз қуысын қарау, ауыз қуысына санация жүргізу
С. Ауыз қуысына санация жүргізу, төменгі жағын ашу,
D. Басын шалқайту, төменгі жағын жылжыту, науқастың аузын ашу
Е. Науқастың басын бұру, төменгі жағын жылжыту, науқастың аузын ашу
13. Сафардың үштік әдісін жүргізу техникасы:
А. Басын артқа шалқайтамыз, бір мезгілде екінші қолмен иекті көтеріп, төмені жағын алға көтеріп, төменгі жағын алға қозғаймыз, науқастың аузын ашамыз
В. Бір қолды маңдай самайға қоямыз, басын артқа шалқайтамыз, бір мезгілде екінші қолмен иекті көтеріп, төмені жағын алға көтеріп, төменгі жағын алға қозғаймыз
С. Бір қолды маңдай самайға қоямыз, басын артқа шалқайтамыз, бір мезгілде екінші қолмен иекті көтеріп, төмені жағын алға көтеріп, төменгі жағын алға қозғаймыз, науқастың аузын ашамыз
D. Бір қолды маңдай самайға қоямыз, басын артқа шалқайтамыз, бір мезгілде екінші қолмен иекті көтеріп, төмені жағын алға көтеріп, науқастың аузын ашамыз
Е. Бір қолды маңдай самайға қоямыз, басын артқа шалқайтамыз, төмені жағын алға көтеріп, төменгі жағын алға қозғаймыз, науқастың аузын ашамыз
14. Өкпеге жасанды желдетуге жатады:
А. Науқастың мұрнын (аузын) ашу
В. Науқастың басын шалқайту
С. Науқастың төменгі жағын жылжыту
D. Ауыз қуысын қарау
Е. Науқастың мұрнын (аузын) жабу
15. Компрессиялар мен дем берудің арақатынасы
А. 30:2
В. 15:2
С. 10:2
D. 40:2
Е. 50:2
16. Жүрек өкпе реанимациясының 1 кезеңі неше циклден тұрады:
А. 2
В. 5
С. 4
D. 3
Е. 1
17. Жүрек өкпе реанимациясының тиімділігі байқалады:
А. Көз қарашығының жарыққа реакцияның болуынан
В. Науқастың есін жинауынан
С. Ұйқы артериясында пульстің анықталуынан
D. Білезік артерияларында пульстің болуынан
Е. Науқастың сөйлеуінен
18. Жүрек өкпе реанимациясының 1 кезеңі неше минутта орындалады:
А. 2 минуттан асырмай
В. 4 минутқа жетпей
С. 4 минуттан асырмай
D. 3 минутта
Е. 1минутта
19. Клиникалық өлім белгілері
А. Тыныс алудың болмауы, есінің болмауы, көз қарашығының жарыққа реакцияның болмауы
В. Тыныс алудың болмауы, есінің болмауы, ұйқы артериясында пульстің анықталмауы
С. Есінің болмауы, ұйқы артериясында пульстің анықталмауы, көз қарашығының жарыққа реакцияның болмауы
D. Есінің болмауы, ұйқы артериясында пульстің анықталмауы
Е. Тыныс алудың болмауы, есінің болмауы
20. Науқастан тыныс алуды анықтау
А. Кеуде торының қозғалысын көзбен визуальды бақылау
В. Құлақпен есту арқылы
С. Қолмен мұрынды ұстап қарау арқылы
D. Тактильді жанасу арқылы
Е. Алыстан қарау арқылы
1. В
2. А
3. В
4. А
5. D
6. D
7. В
8. Е
9. А
10. В
11. А
12. D
13. С
14. Е
15. А
16. В
17. С
18. А
19. В
20. А
////////////////////////////