|
|
|
Клиникалық зертханалық диагностика. Жауаптары бар тесттер (2020)
Клиникалық зертханалық диагностика
1. Зертханашы- дәрігер- қан жағындысын микроскопиялық зерттеу барысында пішіні дөңгелек, сонымен қатар сопақша, екі жағы ойыс, ядросынан айрылған жасушаны тапты. МСV 94 фл. құрады. Табылған жасушаның ең ықтимал түрін табыңыз:
*Тромбоциттер
*Базофилдер
*Ретикулоциттер
*+Эритроциттер
*Эозинофилдер
2. Зертханалық бөлімде қанның жалпыклиникалық зерттеуі «Sysmex» автоматты гематологиялық анализаторда жүргізілді. Қанның ақ жасушасын сипаттайтын ең ықтимал көрсеткіштер қайсысы:
*MCV, МСН, МСНС
*B.RBC, Ht, Hb
*MPV, PCT, PDW
*+WBC, LYM, MON
*PLT, WBC, Ret
3. Жедел-әдіске жататын ең ықтимал әдіс:
*«Қалың тамшылар» әдісі
*+«Құрғақ химия»
*Сарысудағы ақуыз электрофорезі
*С гепатит маркерлеріне ИФТ
*Ген мутациясын анықтау үшін ПТР
4. Зәрді зерттеуде құрғақ химины қолдану мүмкіндік береді:
*Жүргізілген емге мониторинг жүргізуге.
*Цилиндрурияны анықтауға
*+Скрининг зерттеуін жүргізуге
*Клиникалық диагнозды нақтылауға
*Кристаллурияны анықтауға
5. 13 жасар қыз балада теміртапшылықты анемияға күдікпен диагнозды нақтылау үшін қан алынып, құрамында ЭДТА мен бөлектеп тұратын гелі бар пробиркамен зертхана бөлімшесіне жеткізілді. Дәрігер-лаборант зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін не істеуі керек:
*+Үлгі тасталынып, зерттеу жүргізілмейді
*Үлгіні 15 минут бойы центрифугирлейді
*Үлгі 30 минут бойына, 370с температурада термостатта инкубирленеді.
*Үлгі гепаринмен өңделіп, сосын зерттеу жүргізіледі
*Үлгі 40 минут тұрып. сосын зерттеу жүргізіледі
6. Гемолитикалық аурумен ауыратын жаңа туылған нәрестеден жалпы билирубин мен оның фракциясын зерттеу үшін көктамырлық қан алынды. Зертханаға қан кішкене гемолизденген күйінде жеткізілді. Зертханашы – дәрігер қанды 15-минутты центрифугирлегеннен кейін зерттеу жүргізгенде жалпы және тікелей емес билирубин деңгейінің төмендеуі анықталды. Бұл өзгерістің ең ықтимал себебі қандай:
*Науқастың жасы
*Жаңа туған нәрестенің гемолитикалық ауруы
*+Гемолиз
*Центрифугалау тәртібінің бұзылуы
*Таңдалған әдіс түрі
7. Пиелонефритке күдікті науқастан контейнерге таңертеңгілік біріншілік зәр бөлуін тоқтатпай, толығымен зәрін жинап, 20 минут ішінде зертханаға жеткізілді. Дәрігер жолдама бланкінде науқастың тегін, жасын және болжама диагнозын көрсетті. Жалпыклиникалық зәр талдауы жүргізілмеуінің ең ықтимал себебі неде:
*Зерттеу тағайындаудың негізделмеуі
*+Биоматериал алу тәртібінің бұзылуы
*Зерттеуге жолдама толтырудың бұзылуы
*Биоматериал жеткізілуінің бұзылуы
*Сақтау тәртібінің бұзылуы
8. 10 жастағы гастроэнтериті бар баладан қызыл қақпақты пробиркаға көктамырлық қан алынып, биохимиялық зерттеу жүргізу үшін зертханаға жіберілді. Үлгі 15 минут бойы центрифугаланып, содан соң қан сарысуының кішкене қызыл түске боялғаны анықталды. Зерттеу жүргізу нәтижесінде гиперкалиемия анықталды. Осы өзгеріске алып келген ең ықтимал себепті көрсетіңіз:
*Құсу салдарынан сұйықтық жоғалтуы
*Науқастың жасы
*Биоматериалды тасымалдаудың бұзылуы
*Центрифугалау режимінің бұзылуы
*+Қан сарысуының гемолизі
9. Зертхананың меңгерушісі жалпы қан талдауын талдау барысында МСН пен МСНС индекстерінің төмендеуін анықтады, бұлар ең ықтимал нені білдіреді:
*эритроцитоз
*эритроциттер дамуының кешеуілдеуі
*эритроциттер дамуының жылдамдауы
*+эритроциттердегі гемоглобин синтезінің бұзылуы
*эритрокариоциттер дифференцировка үрдісінің бұзылуы
10. 12 жастағы қыз бала учаскелік дәрігерге әлсіздікке, басайналуға, тәбеттің төмендеуіне шағымданып келді. Қарау барысында тері жамылғысы мен шырышты қабатының бозғылттығы, тахикардия, артериальді гипотензия анықталды. Жалпы қан талдауында: панцитопения анықталды. Клиника-зертханалық тексеруге сүйене отырып қойылатын ең ықтимал болжама диагноз
*+Апластикалық анемия
*Теміртапшылықты анемия
*Жедел пневмония
*Жедел ішек инфекциясы
*Біріншілік гипотиреоз
11. Шала туылған нәресте өмірінің екінші тәулігінде «Sysmex» автоматтандырылған гематологиялық анализаторында жүргізілген жалпыклиникалық қан талдауында: HGB - 180 г/л, RBC - 6,5 х 1012/л, WBC -12 х 109 / л., NEUT - 78%. Лейкоформуланы есептеу барысында алынған нәтиже: Миелоциты - 2%, метамиелоциты - 5%. Алынған нәтиженің ең ықтимал себебі қайсысы:
*Сусыздану жағдайы
*Құрсақішілік пневмония
*Жаңа туылған нәрестенің сепсисі
*Қанның қатерлі аурулары
*+Физиологиялық өзгеріс
12. 4 айлық баланың анасы учаскелік педиатрға баласындағы мазасыздыққа, ұйқысының бұзылуына және жиі оянып кетуіне шағымданып келді. Тәбетсіз және қысқа уақытқа көкірегін алып, әлсіз емеді, кейде іш қату байқалады. Қарау барысында терлегіштік, ұзақ қызыл дермографизм, шүйденің шашсыздануы анықталды. Дәрігер қанның биохимиялық талдауын тағайындады. Қөктамырлық қан сарысуын биохимиялық зерттеу барысында ең жиі қолданылатын пробирка қақпағының түсі қандай:
*Сары
*+Қызыл
*Көгілдір
*Күлгін
*Ақ
13. 4айлық баланың анасы учаскелік педиатрға баласындағы мұрынның қанауына, мазасыздығына, ұйқысының бұзылуына және жиі оянып кетуіне шағымданып келді. Қарау барысында терлегіштік, денедегі көгерулер анықталды. Дәрігер қанның коагуляциялық талдауын тағайындады. Қөктамырлық қанды коагуляциялық зерттеу барысында ең жиі қолданылатын пробирка қақпағының түсі қандай:
*Сары
*+Қызыл
*Көгілдір
*Күлгін
*Ақ
14. 9 жастағы қыз бала әлсіздікке, бас айналуға, шайырлы (дегтеобразный) нәжіске шағымданады. Қарап тексергенде: терісі бозғылт, автоматтандырылған жалпыклиникалық қан талдауы жүргізілді. Төменде көрсетілген көрсеткіштердің қайсысының жоғарылауы ең ықтимал:
*RBC
*Нgb
*MCV
*+Ret
*МСНС
15. 9 жастағы қыз бала әлсіздікке, бас айналуға, шайырлы (дегтеобразный) нәжіске шағымданады. Объективті: терісі бозғылт, «Sysmex-2001» автоматтандырылған гематологиялық анализатордағы жалпыклиникалық қан талдауында ретикулоциттер деңгейінің жоғарылағаны анықталды. Төменде көрсетілген көрсеткіштердің қайсысы ретикулоциттерді көрсетеді:
*RBC
*Нgb
*MCV
*+Ret
*МСНС
16. 9 жастағы қыз бала бастың ауруына, кезеңді бас айналуға, көз алдындағы «шіркейдің» жыпылықтауына шағымданады. Қарау кезінде терінің және шырышты қабаттың бозғылттығы анықталды. Жалпыклиникалық қан талдауында келесі нәтижелер алынды: гемоглобинопатия, эритроцитопения, пойкилоцитоз және анизоцитоз. Клинико-лабораториялық тексеруге сүйене отырып болжама диагноз қойылды: Теміртапшылықты анемия. Төменде көрсетілген көрсеткіштердің қайсысы анизоцитоз дәрежесін көрсетеді:
*RBC
*Нgb
*MCV
*Ret
*+RDW
17. 9 жастағы қыз бала бастың ауруына, кезеңді бас айналуға, көз алдындағы «шіркейдің» жыпылықтауына шағымданады. Қарау кезінде терінің және шырышты қабаттың бозғылттығы анықталды. Жалпыклиникалық қан талдауында келесі нәтижелер алынды: гемоглобинопатия, эритроцитопения, пойкилоцитоз және анизоцитоз. Клиника-зертханалық тексеруге сүйене отырып болжама диагноз қойылды:
*+Теміртапшылықты анемия
*Апластикалық анемия
*В-12 тапшылықты анемия
*Жедел лимфобластты лейкоз
*Постгеморрагиялық анемия
18. Төменде көрсетілгендердің қайсысы науқастың зертханалық тексеріс нәтижелерін талдау кезінде референс-құндылықтардың қайнар көзі ретінде қолдануға болатын ең ықтимал:
*Анықтамалық әдебиеттерде келтірілген референс – құндылықтар
*Пайдаланылған реактивтер нұсқаулығына әкелетін референс – құндылықтар
*Бақыланатын қан сарысуының референтті мағынасы
*+Жергілікті жерге арналған референс-құндылықтар
*ДДСҰ ұсынған референс –құндылықтар
19. Балада жалпы клиникалық зәр талдауын жүргізу кезінде зәрде үлкен көлемде протеин анықталды. Бұл өзгеріс ең ықтимал қай патологиялық жағдайға тән:
*Жедел цистит
*+Жедел гломерулонефрит
*Жедел уретрит
*Жедел пиелонефрит
*Созылмалы простатит
20. 13 жастағы қыз баланы профилактикалық зерттеу барысында жалпыклиникалық көктамырлық қан талдауы жүргізілді. Қан алу соңғы тамақты 1,5 сағат алдын қабылдағаннан кейін жүргізіліп, зертханаға шыны пробиркада жеткізілді. Қан құрамындағы гемоглобин деңгейі 138 г/л құрады. Ең ықтимал жүргізілу қажет іс-әрекетті таңдаңыз:
*Нәтиже дұрыс деп бағаланып, емдеуші дәрігерге жіберіледі
*+Нәтиже дұрыс емес деп бағаланып, зерттеу жұмысын 8 сағаттық ашығудан кейін, ашқарынға қайта жүргізу қажет.
*Нәтиже дұрыс емес деп бағаланып, зерттеу жұмысын 13 сағаттық ашығудан кейін, ашқарынға қайта жүргізу қажет.
*Үлгіге натрий фторидін қосып, зерттеуді қайта жүргізу
*Нәтиже дұрыс деп бағаланып, зерттеу бланкінің нәтижесінде қан соңғы тамақ қабылдағаннан соң 1,5 сағат бұрын алғандығы көрсетіледі
21. 15 жастағы жасөспірім учаскелік дәрігерге зәрінің түсі өзгеруіне шағымданып келді. Жалпыклиникалық зәр талдауында келесі көрсеткіштер байқалды:
Мөлшері - 100 мл
Түсі - сары
Мөлдірлігі - бұлыңғыр
Салыстырмалы тығыздығы - 1015
Реакция - қышқыл
Тұнба – көп , тығыз, алқызыл түсті
Микроскопияда: көру алаңында толығымен сары-қоңыр түсті құм
Тексеру нәтижесінде болуы мүмкін қай тұздың түрі ең ықтимал:
*Оксалаттар
*Нитриттар
*Фосфаттар
*Нитраттар
*+Ураттар
22. 8 жасар баланың ешқандай себепсіз төменгі бөліктерінде, ішінде, бөксесінде папулезді-геморрагиялық дақтар пайда болды. Басу кезінде дақтар жойылмады. 2 күннен кейін үлкен буындарына ауырсынып шыкты. Қан талдауында ЭТЖ 26 мм/ч дейін жоғарылаған. Зәрде: белок - 0,33 г/л, эритроцит 5-6 көру аймағында. Болжама диагноз: геморрагиялық васкулит. Биохимиялық қан талдауында кай элемент жоғарылайды:
*+α2- және γ-глобулиндердің жоғарлауы
*аминотрансферазалардың жоғарлауы
*билирубиннің жоғарлауы
*неесеп қашылының жоғарлауы
*Миоглобиннің жоғарлауы
23. 12 жастағы қыз бала учаскелік дәрігерге әлсіздікке, басайналуға, тәбеттің төмендеуіне шағымданып келді. Қарау барысында тері жамылғысы мен шырышты қабатының бозғылттығы, тахикардия, артериальді гипотензия анықталды. Жалпы қан талдауы: HGB - 52 г/л, RBC - 1,2х1012/л., WBC - 2,1х109/л, NEUT - 40%, LYM - 52%, MONO - 8%, PLT -60х109/л, RET -2‰, ЭТЖ - 38 мм/сағ. Клинико-зертханалық тексеруге сүйене отырып болжама диагноз қойылды: Апластикалық анемия.Апластикалық анемия дамуын көрсететін қан жүйесіндегі ең ықтимал өзгеріс қайсысы:
*+панцитопения
*лейкоцитоз
*лимфоцитоз
*моноцитоз
*эритроцитопения
24. 15 жастағы қыз бала учаскелік дәрігер жолдауымен «Бронхиальді демікпе, ауыр дәрежедегі ауырлықта» диагнозымен, ауруханада емін (преднизолон, эуфиллин, беродуал және т.б.) қабылдауы үшін ауруханаға ауруханады. Биохимиялық зерттеу жүргізу үшін қызыл қақпақшалы вакунтейнерге қан жиналды. Талдау жасау барысында кальций деңгейінің төмендегені анықталды. Бұл өзгерістің ең ықтимал себебі:
*Дұрыс емес таңдалған пробирка
*+Преднизолон қабылдауы
*Бронхиальді демікпе
*Науқас жасы
*Эуфиллин қабылдауы
25. Зәр тұнбасын микроскопиялауда анықталды:
Жалпы эпителий – көру аланыңда -0-1
Ауыспалы эпителий – көру аланыңда -2-3
Лейкоциттер – көру аланыңда 10-12
Эритроциттер – көру аланыңда 5-6
Гиалинді цилиндрлер – көру аланыңда 0-1
Осы зерттеу нәтижесіне сай келетін ең ықтимал қорытынды қайсысы:
*Лейкоцитурия, макрогематурия, протенурия
*Лейкоцитурия, макрогематурия, цилиндурия
*Креатинурия, микрогематурия, цилиндурия
*+Лейкоцитурия, микрогематурия, цилиндрурия
*Фосфатурия, оксалатурия, цилиндурия
26. 10 жастағы балада клинико-зертханалық мәліметтер негізінде жедел пиелонефрит қойылды. Зәр тұнбасының микроскопиясында ең ықтимал өзгеріс:
*+Бүйрек эпителий – көру аланыңда 2-3, лейкоциттер – көру аланыңда 10-12
зритроциттер – көру аланыңда 5-6
*Жалпақ эпителий – көру аланыңда 1-2, лейкоциттер – көру аланыңда 2-4,
зритроциттер – көру аланыңда 0-1, гиалинді цилиндр - +
*Ауыспалы эпителий – көру аланыңда 15-20, лейкоциттер – көру аланыңда 25-3
зритроциттер – көру аланыңда 10-15
*Ауыспалы эпителий – көру аланыңда 2-3 , зритроциттер – көру аланыңда толығымен
*Гиалинді цилиндр - +, лейкоциттер – көру аланыңда 0-1-2 в поле зрения
27. 13 жастағы қыз балада 1 аптадан бері катаралді көріністер, әлсіздік, басының айналуы, субфебрилді температура, оң қабырға астындағы ауырлық сезімі байқалды. 1 күн бұрын склераның сарғаюы, зәр түсінің қоюлануы пайда болды.
Жалпы қан талдауы:
WBC -3,5 х 109 / л.
ЭТЖ – 22 мм/сағ
Биохимиялық қан талдауы:
|
Жалпы билирубин |
112 мкмоль/л |
|
Бос (тікелей емес) |
81 мкмоль/л |
|
АЛТ |
90 U/L |
|
Жалпы холестерин
|
4,2 ммоль/л |
|
Натрий
|
137 ммоль/л |
|
Калий
|
3,7 ммоль/л |
|
Хлоридтер
|
95 ммоль/л |
|
Глюкоза
|
4,5 ммоль/л |
Жалпы зәр талдауы –
Түсі – қою-қоңыр
Мөлдірлігі – бұлыңғыр
Салыстырмалы тығыздығы -1022
Билирубинге сынама – оң
Уробилинді денелер – сынама жедел оң
Алынған нәтижелердің ең ықтимал талдауы қандай?
*Гемолитикалық сарғаю
*+Паренхималық сарғаю
*Обтурациялық сарғаю
*Гепато-реналды синдром
*Жедел бүйрек жетіспеушілігі
28. Бронхопневмониямен ампициллин қабылдайтын 7 жастағы баладан стерильді Петри табақшасына науқас жөтелу арқылы микробиологиялық зерттеуге қақырық жиналды. Қақырық жинау алдында бала үлгіге сілекейдің түспеуі керек екенімен ескертілді. Биоматериал жиналғаннан 1 сағаттан кейін зертханаға жеткізілді және бөлме температурасында сақталды. Зертханашы-дәрігер ең ықтимал қандай іс-әрекет істеуі қажет:
*Зерттеу үлгі тоңазытқышқа қойылғаннан кейін 30 минут аралығында жүргізіледі
* Зерттеу үлгі тоңазытқышқа қойылғаннан кейін 2 сағат аралығында жүргізіледі
*Зерттеу үлгіні инкубациялағаннан кейін 37 оС температурада 1 сағат аралығында жүргізіледі
* Зерттеу жүргізіледі
*+Зерттеу жүргізілмейді
29. 10 жастағы бала бронхопневмония болжам диагнозымен амбулаторлы емі алып жатыр, зертханада науқас бұралмалы қақпақты құрғақ шыны ыдысқа жөтелу арқылы микробиологиялық зерттеуге қақарық жинады. Қақырық жинау алдында бала үлгіге сілекейдің түспеуі керек екенімен ескертілді. Зертханада үлгі 30 минут тоңазытқышта сақталды. Зертханашы-дәрігер үлгіні қабылдамады және зерттеуді жүргізбеді. Бұл әрекеттің ең ықтимал себебі қандай:
*Негізделмеген талдаманы жолдау
*Науқасты зерттеу тапсыруға дайындық кезеңінің дұрыс жүргізілмеуі
*Қақырық үлгісіне сілекейдің түсуі
*+Қақырықты жинауға және сақтауға ыдыстың дұрыс таңдалмауы
*Үлгіні тасымалдау және сақтау ережелерінің бұзылуы
30. Ұл бала 12 жаста. Скарлатинамен ауырғаннан кейін 2 аптадан соң перифериялық ісіктер, ет жуындысы тәрізді зәр, АҚ 140/90 мм сын.бағ., құсу пайда болды.
Зәр талдауында: протеинурия, гематурия.
Биохимиялық қан талдауында:
мочевина – 10,6 мм/л
қалдық азот –30,5 мм/л
жалпы белок 68,2г/л
холестерин – 5,5 ммоль/л.
Ең ықтимал диагнозды атаңыз:
*Жедел пиелонефрит, активті фаза, ФПС.
*+Жедел гломерулонефрит, нефритикалық синдром, клиникалық көрініс беру кезеңі. ФПС.
*Жедел гломерулонефрит, нефритикалық синдром, клиникалық көрініс беру кезеңі, ОПП
*Жедел гломерулонефрит, нефротикалық синдром, клиникалық көрініс беру кезеңі, ФПС.
*Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық түрі. ФПС.
31. 13 жастағы қыз үдемелі әлсіздікке, жүрек қағуға, бас айналуына, артралгияға, дене температурасының 380С-қа дейін көтерілуіне шағымданады.Қарап тексеруде тері жамылғысы бозғылт, склерасы субиктерикалық. Бауыр қабырға доғасынан 2 см шығыңқы, көкбауыр ұлғайған пальпацияланады. Қан талдауында: гемоглобин - 86 г/л, эритроциттер - 2,5х1012/л., түстік көрсеткіш - 1,0; лейкоциттер – 9х109/л., таяқшаядролы нейтрофилдер - 4%, сегментядролы нейтрофилдер - 66%, лимфоциттер - 21%, моноциттер - 9%, ЭТЖ - 36мм/с., ретикулоциттер – 240‰, тромбоциттер – 180х109/л. Болжам диагноз: Гемолитикалық анемия.
Гемолитикалық жағдайда өт қышқылдарының алмасуының бұзылуының ең ықтимал себебі:
*+Тікелей емес билирубиннің қанда жоғарылауы
*Билирубиннің зәрде жоғарылауы
*Стеркобилиннің деңгейінің нәжісте төмен болуы
*Зәрде уробилиннің деңгейінің төмен болуы
*Тікелей билирубиннің жоғарылауы
32. Емханадағы дәрігер эндокринологқа 12 жастағы баланың анасы келді. Анамнезден: бала соңғы жарты жылда ашушаң және қырсық бола бастаған, ал мектепте мұғалімдер оның селқостығын және үлгерімінің нашарлағанын байқаған. Қарап тексеруде тахикардия, тершеңдік, әлсіздік, артериалды қан қысымының-140/70 мм.сын.бағ. екендігі анықталды. Қалқанша безінің гормондарын зерттеуінде бос Т4 жоғарылауы мен тиреотропиннің төмендеуі байқалады. Қандай жағдай осы өзгерістердің ең ықтимал себебі болады:
*+Біріншілік гипертиреоз
*Екіншілік гипертиреоз
*Біріншілік гипотиреоз
*Екіншілік гипотиреоз
*Гиперпаратиреоз
33. Емханадағы дәрігерге 12 жастағы баланың анасы келді. Анамнезінде:бала соңғы жарты жылында ашушаң және қырсық бола бастаған, ал мектепте мұғалімдер оның селқостығын және үлгерімінің нашарлауын байқаған. Қарап тексеруде тахикардия, әлсіздік, тершеңдік, артериалды қан қысымының -140/70 мм.сын.бағ. болуы анықталды. Емханадағы дәрігер гипертиреоз болжам диагнозын қойды және эндокринолог дәрігеріне жолдама берді. Ол қалқанша безінің гормондарын анықтау үшін лабораторияға қан тапсыруға жолдады. Осы баланың қанында қандай өзгерістер болуы ықтимал:
* бос Т4 деңгейінің және тиреотропиннің жоғарылауы
*+ бос Т4 деңгейінің жоғарылауы және тиреотропиннің төмендеуі
* бос Т4 деңгейінің және тиреотропиннің төмендеуі
* байланысқан Т4 деңгейінің жоғарылауы және тиреотропиннің төмендеуі
*байланысқан Т4 және тиреотропиннің жоғарылау
34. Емханадағы дәрігерге 12 жастағы баланың анасы келді. Анамнезінде:бала соңғы жарты жылында ашушаң және қырсық бола бастаған, ал мектепте мұғалімдер оның селқостығын және үлгерімінің нашарлауын байқаған. Қарап тексеруде тахикардия, әлсіздік, тершеңдік, артериалды қан қысымының -140/70 мм.сын.бағ. болуы анықталды. Емханадағы дәрігер гипертиреоз болжам диагнозын қойды және эндокринолог дәрігеріне жолдама берді. Ол қалқанша безінің гормондарын анықтау үшін лабораторияға қан тапсыруға жолдады. Осы баланың қанында қандай өзгерістер болуы ықтимал:
* бос Т4 деңгейінің және тиреотропиннің жоғарылауы
* +бос Т4 деңгейінің жоғарылауы және тиреотропиннің төмендеуі
* бос Т4 деңгейінің және тиреотропиннің төмендеуі
* байланысқан Т4 деңгейінің жоғарылауы және тиреотропиннің төмендеуі
*байланысқан Т4 және тиреотропиннің жоғарылауы
Клиникалық фармакология
35. Дәрілік зат тамырдан тыс енгізілгенде, ол дәрілік зат пайызбен өлшенетін бөлігі ғана қан ағымына жүйелі жете алмайды. Бұл ұғымды қандай анықтама неғұрлым дәл ашып көрсетеді?
*+Биоэквиваленттік
*Биожетімділігі
*Шығару жылдамдығы
*Жартылай шығарылу кезеңі
*Тепе-теңдік концентрациясы
36. Қан плазмасындағы заттардың элиминацияға қатыстысын барлық ағзалар арқылы сыртқа шығуы, мл/мин немесе л/мин өлшенеді. Қандай анықтама осы үшін неғұрлым қолайлы?
*+Клиренс
*Жалпы клиренс
*Бауырлық клиренс
*Бүйректік клиренс
*Метаболикалық клиренс
37. Қандай құбылыстар фармакокинетикалық қасиеттерді, дәрілік заттарды неғұрлым толық сипаттайды?
*Өзара іс-қимыл, азық-түлік
*Жылдам асқазан босату
*+Уақыт өтуі бойынша аш ішекте дәрі-дәрмектер
*Ішек қабырғасының әсерінен метаболизм және ішек микрофлорасы
*Таблеткалардың ұзақ ыдырату немесе капсулалар
38. Науқас 58 жаста ЖИА фонында, тұрақты стенокардия болды нитраттар дәрілік заттар тағайындалды,. Алайда, бір айдан кейін фонында ДЗ тұрақты қабылдау кезінде дамыған клиникалық симптомдары: ишемия ұзақтығы төмендеді және дәрілік заттан жиі ұстамалары болды. Қандай әрекеттер қажет-шараларды болдырмау үшін дәрілік заттардың жанама әсерлері болды?
*Нитратты дозаны арттыру
*+Қамтамасыз ету прерывистости қабылдау нитраттардың дозасын келесі қабылдау10-12 сағат аралығын құрады
*Дәрілік заттың дозасын төмендету
*Нитраттар жою мен мақсаты антиангиналды дәрілік заттар топтау
*АПФ тежегіштерімен нитраттарды ауыстыру
39. Науқас, 43 жаста, 5 жыл ішінде созылмалы холецистопанкреатитен зардап шегеді. Соңғы аптада диетаның бұзылуы, ауырсынудың күшеюі, оң гипохондриялы ауырсыну бойынша, жүрек айнуы пайда болды. Бала кезінен әр түрлі шөптерден, көптеген антибиотиктерден аллергиядан зардап шеккен. Ескере отырып, науқастың асқазан ауруына көрсетілген ең тиімді дәрілік затты таңдаңыз:
*Холензим
*Аллохол
*Никодин
*Қайнатпа пижмы
*+Ксилит
40. 35 жастағы науқаста, дене қызуы 38,6 С-қа көтерілуі және қақырығы шырышты-іріңді болып, денесінің қалтырауы, сонымен қатар оң жақ кеудесінің ауырсынуымен шағымданған. Клиникалық және рентгенологиялық диагнозы пневмония. Науқасқа мына ем: цефамед 1,0 в/м 1 рет күніне, гемодез 400 мл тамшылатып, қақырық түсіретін микстура бойынша 1ст. 6 рет тәулігіне тағайындалды. Антиоксидантты дәрілік заттың өкпеде неғұрлым ерітіндірадикалді тиімді әсер ететін, терапияда төмендегілердің қайсысы сәйкес келеді?
*К дәрумені
*E дәрумені
*Церебролизин
*Унитиол
*+С дәрумені
41. Ауруханаға оң жақ сүт безінің ауруымен және дене қызуының 39,5 С-қа көтерілуімен 28 жастағы науқас түседі. Босанғанына 10 күн және ауырғанына 3 күн болған. Түскен кезінде сүт безінің оң жақ жоғарғы бөлігінде тері гиперемиясы және орталығында массивті инфильтрат флуктуация болған. Науқасқа оң жақ мастит диагнозы қойылды. Науқасқа ота жасалды. Жарасы алынды. Отадан кейін салынатын бірінші антибиотикті табыңыз.
*+Цефазолин
*Бензилпенициллин
*Тетрациклин
*Гентамицин
*Эритромицин
42. Науқаста, созылмалы обструктивті бронхит 7 жыл бойы мазалайды, кейін oң жақ кеудесінің төменгі бөлігінәің ауруы, дене қызуының 39° с, әлсіздік, тершеңдік пайда болған. Рентгенология нәтижесі сол жағының төменінде пневмония. Амбулаториялық қойылған дәрілік амоксиклав 625 мг 3 рет ішке қабылдайды. Қақырық түсіретін дәрілік затты науқаста тәулігіне 2 рет қолданады. 2-ші тәулікте науқаста бронхоспазм және қан кету басталады. Пневмонияға альтернативті дәрілік заттың қайсысы сәйкес келеді?
*Кларитромицин
*Оксациллин
*Пенициллин бар дәрілер
*+Цефамед
*Монурал
43. 28 жастағы науқас келіп түсті, жүрек қағу ұстамалары, бас ауруы, қалтыраумен шағымданды. Соңғы айларда аптасына 1 рет криз болды. Қан қысымы 260/110 мм. сын. бағ. ст., пульсі-140 рет мин және қатты бас ауруы, қан қысымының көтерілуі, эмоциалдық және физикалық ұстамалары жиі артады. Соңғы 2 айда науқасты мазалайды, бас ауыру пайда болды, тершеңдік және жүрек қағу сезімі, терінің бозаруы. Қан — лейкоцитоз, лимфоцитоз, эозинофилия, гипергликемия бар.Жүрек ұстамасынан кейін демікпесінің полиуриясы. Қан қысымынан кейінгі жүрек соғысы 120/80 мм сын. бағ. Паталогиялық зерттеу нәтижесінде ішкі органдар зақымданбаған. Науқасқа ең тиімді эффективті дәрілік затты көрсетіңіз.
*Экватор
*+Тропафен
*Клофелин
*Эналаприл
*Нифедипин
44. Науқас 48 жаста, 15 жыл бойы қант диабетімен ауырады, 70 ЕД/тәу инсулин инсулин алады, соның салдарынан гликемия 7,5-8 ммоль/л көрсетті. Емдеуші дәрігер тәулігіне 120 мг абзиден тағайындаған, соның салдарынан жүрек соғысы 170/90-180/100 мм. сын.бағ.ст. болды. Дәрілік заттың комбинациясында қандай жанама әсерлерді күтесіз?
*+Гипергликемия
*Жүрек жеткіліксіздігі
*Гипогликемияға дейінгі кома
*Ортостатикалық гипотензия
*Гипертензия
45. 35 жастағы науқас 10 жыл бойы 1 типтегі қант диабетімен ауырады және глюкокортикоидті антибиотикті дәрілік заттарды қабылдаған, кейін аллергиялық реакциясы пайда болады және қан қысымы төмендейді. Бұл жағдайда дәрілік заттың әсерінен қандай әрекет тағайындалды?
*Көмірсу алмасуының кезегін алмасу әсер етпейді
*гипогликемиялық дәрілердің әсері күшейтеді
*+Контринсулярлы әрекет көрсетеді
*Диабетке ешқандай әсер етпейді
*Шұғыл гипертензивты әрекеткөрсетеді
46. Науқасқа байланысты асқынған асқазанның ойық жара омперазол, алмагель, кларитромицин кешенді терапия тағайындалды. Дәрілік зат эритромицин соңғы жақсы әсерін атаңыз.
*+Хеликобактердің аса жоғары белсенділігі қатысты және атипичтік және микобактериялар
*Жақсы тасымалданатын дәрілік заттар
*Неғұрлым ыңғайлы және үлкен сәйкестік
*Кларитромициннен ешқандай айырмашылығы жоқ
*Әлдеқайда төзімді нашар дәрілік заттар
47. Оң жақты пиелонефриттен 25 жаста науқас ауруханаға түседі. 3 күн бұрын суық тигеннен ауырады. Цефазолин тағайындалды. 2-ші дәрілік заттар қабылдағаннан кейін, 10 мин қан қысымы төмендеуі, бас айналуы, жүрек айнуы, құсу, еріксіз несеп шығуы, ұстамалы синдромдар. Науқастың қандай асқынулары күшейді?
*Анафилактикалық реакциясы
*Одан әрі дамыту аурулардың одан әрі күшеюі
*+Эндотоксикалық естен тану
*Асқазанның симптомдарының ауруы
*Дәрілік заттар таксикалық әсері
48. 21 жастағы науқас оң жақ сүт безінің ауыруынмени және дене қызуының 39,5 С артуымен емханаға шағымданды. Босанғанына 10 күн және ауырғанына 3 күн болған. Түскен кезінде сүт безінің оң жақ жоғарғы бөлігінде тері гиперемиясы және орталығында массивті инфильтрат флуктуация болған. Науқасқа оң жақ мастит диагнозы қойылды. Науқасқа ота жасалды. Жарасы алынды. Отадан кейін салынатын бірінші антибиотикті табыңыз.
*+Цефазолин
*Бензилпенициллин
*Тетрациклин
*Гентамицин
*Спирамицин
49. Құрамында эстроген бар контрацептивті дәрілік заттар 34 жастағы әйел қабылдайды. 2 апта бұрын емдеуші дәрігер доксициклин 200 мг мөлшерде тағайындады. Қандай ықтимал өзара іс-қимыл күтілуде?
*Тромбоздардың жоғарылау қауіпі
*Доксициклинаның бактерияға қарсы әсері төмендейді
*+Контрацепция әсері төмендейді
*Жатырдан қан кетуі мүмкін
*Контрацепция әсері артады
50. 6-7 апталық жүктілік мерзімімен 32 жастағы әйел шағымданды. Дене қызуы 38 градусқа артады, кеуде тұсының ауруы, әлсіздік, тершеңдік. Дәрігер қарап тексергеннен кейін, ауру анамнез жинағы және аускультациялық бактерияға қарсы дәірілік зат тағайындалды. Дәл осы клиникалық жағдайда осы дәрілік заттардың қандай топтарын қолдануға болады?
*Аминогликозидтер
*Фторхинолондар
*Сульфаниламидтер
*+Цефалоспориндер
*Гликопептиды
51. К әйел 30 жаста, босануы 19 сағатқа жалғасады, баланың салмағы 3200,0 болды және 10 минуттан кейін қан кетуі басталды. Қан кету жалғасуда, 500 мл жетті. Креде-Лазерович тағайындағандай белгілер көрсетілді және окситоцин және метилэргометрин тағайындалды. Жатыр үлкейген, босағаннан, кейін массаж қысқарды, бірақ көп ұзамай қан кету қайта басталды. Жатыр мойны және қынапқа залал келтірілмеген. Дәрігерлік тактика:
*+Анестетикалық тексеруді қолдана отырып, қолмен жатырға массаж мөлшермен жасалды. Витамин-энергетикалық кешені, гемотрансфузия енгізілсін
*Бос қуыққа катетер қойылды, окситоцин және метилэргометрин 0,5 мл бір шприцтпен енгізілді
*Жатыр мойнына қысқыш енгізу
*Тігісі артқы жатыр мойнына енгізу
*Лапаротомияны жатырда жою үшін көрсетілген
52. Босанған әйелде 5-ші күн босанғаннан кейін табылды лактационды мастит. 3 күннен кейін осыған қарамастан антибактериалды терапия жаңадан шамасы температура, қалтырау пайда болды, жалғастыруда бекерге ауырсыну сүт безінде. 0бъективті түрде: бар инфильтрат қр жоғарғы - сыртқы квадрант сол жақ сүт безі және ортасында жұмсаруы анықталады. Қандай негізгі емдеу принциптері аурудың осы кезеңінде дұрыс?
*+Өзгерту, антибактериальді терапия, дезинтоксикациялық терапия, хирургиялық араласу
*Дезинтоксикациялық терапия, күшін жою, антибактериальді терапия
*Қолдану физиотерапия және ЕДШ
*Хирургиялық араласу кейін тексеру
*антибактериальді терапия,
53. Емханаға 68 жастағыер адам келесі шағымдармен емханаға жүгінді. Қан қысымының 190/90 мм рт ст, пульс 56 мин. анамнезінде — Артериялық гипертония, жүректің ауруы болған. Бұрын диротон қабылдаған, бірақ құрғақ жөтел ұстаған соң қабылдауды доғарды.Ең ықтимал қандай дәрілік зат?
*гипотиазид
*фозиноприл
*атенолол
*дилтиазем
*+амлодипин
54. 63 жастағы ер адам емханаға жүгінді, қан қысымының көтерілуі, жүрек шаншуы және сол қолы физикалық қимылдардан иррадиациялануымен шағымданды.Қарап тексергенде АҚҚ 180/80 мм рт ст, пульс 88 мин. анамнезінде — 10 жыл ішіндеқан қысымының көтерілуі, соңғы 5 жыл ішінде ангинозды ауырсыну болды. Емдеу сызбасы кезінде қандай ең ықтимал дәрілік зат қажет?
*гипотиазид
*фозиноприл
*+бисопролол
*кандесартан
*нифедипин
55. 67 жастағы ер адам емханаға жүгінді, қан қысымының көтерілуімен.Қарап тексергенде АҚҚ 180/80 мм рт ст, пульс 88 мин. Анамнезінде — АГ, ХОБЛ. АПФ тежегіштерінде құрғақ жөтел болды.Емдеу сызбасы ең ықтимал қандай дәрілік зат қажет?
*+дилтиазем
*фозиноприл
*бисопролол
*фуросемид
*нифедипин
56. 67 жастағы ер адам емханаға жүгінді, қан қысымының көтерілуімен. Қарап тексергенде АҚҚ 170/80 мм рт ст, пульс 80 мин. Анамнезінде — ЭКГ анықталған холтер мониторлы эпизодтар 2 сек ырғағымен брадикардия. Емдеу сызбасы ең ықтимал қандай дәрілік зат қажет?
*дилтиазем
*верапамил
*бисопролол
*фуросемид
*+фозиноприл
57. Емханаға57 жастағы ер адам бұлшық еттің ауырсынуымен шағымданды.
Анамнезінде — ИБС, 3 ай ішінде стенокардия, терапия кешеніндәрігер тағайындалды: динитратты изосорбид (кардикет), ацетилсалицил қышқылы (тромбоАСС), триметазидин (предуктал), симвастатин (симвор), рибоксин. Тексеру кезінде АЛТ, АСТ арттыруыанықталды. Қандай дәрілік зат осы жанама әсерге ықтимал:
*кардикет (изосорбид динитраты)
*тромбоАСС (ацетилсалицил қышқылы)
*предуктал (триметазидин)
*+симвор (симвастатин)
*рибоксин
58. 57 жастағы ер адам профилактикалық тексеру үшін емханаға жүгінді. Анамнезінде — ИБС, стенокардия болды. Тексеру кезінде холестерин деңгейінің көтерілуі анықталды. Дәрігер тағайындауы: никотин қышқылы.
Осы дәрілік заттың ең ықтимал жанама әсерінкөрсетіңіз:
*босаңсу
*іштің ауруы
*+беттің қызаруы
*бұлшық еттердегі ауырсыну
*ұйқының бұзылуы
59. 32 жастағы әйел,жалпы әлсіздік, тырнақ сынуымен шағымданды. ОАК: эритроциттер 2,8х10 , Нв 97г/л. Бір ай ішінде дәрігер науқасқа дәрілік заттар тағайындады. ОАКбақылаулық тексеру кезінде, Нв-ды құрады 120 г/л болды. Дәрігер дәрі-дәрмектертерді қабылдаудыжалғастыруын ұсынған. ЕҢ қолайлы нұсқа емдеудің ұзақтығы көрсетіңіз:
*1-2 апта
*+2-4 апта
*4-8 апта
*8-10 апта
*10-12 апта
60. 36 жастағы әйел,жатыр миомасына ота жасады, стационарлық ем алды. Терапевт постгеморрагикалық анемиябойынша темір дәрілік затын тағайындады. ОАК арқылы 7 күннен кейін емдеу күтілуде?ЕҢ ықтимал көрсеткіштердікөрсетіңіз:
*қан сарысуындағы темірконцентрациясынқалыпқа келтіру
*эритроциттердің концентрациясын қалыпқа келтіру
*қандағы гемоглобин концентрациясын қалыпқа келтіру
*+ретикулоцитарлы реакциялардыңбасталуы
*сүйектегемосидеринаның пайда болуы
61. ЖДА актиферрин бойынша35 жастағы әйел адам емханаға мына шағымдармен жүрек айнуы, тәбеттің төмендеуі, іштің эпигастриті болды.
Науқасты емдеудіңең қолайлы тактикасын көрсетіңіз:
*бұрынғы көлемде емді жалғастыру
*+дәрілік заттың мөлшерін төмендету
*парентеральді дәрілік затқа ауыстыру
*сорбифер дурулесді актиферрин " ауыстыру
*дәрілік затты жою
62. Емханаға келген35 жастағыәйел адам, феррум лек/м актиферрин ЖДА бойынша пероральді өз бетінше қабылдап, жүрек айну, қан араласқан құсу, эпигастринді ауырсыну, бас айналу, әлсіздікпен шағымданып келді.Бұл жағдайыныңең ықтимал себебін көрсетіңіз:
*терапияның тиімсіздігі
*жергілікті сипаттыңжанама әсерлері
*+дәрілік заттың артық мөлшері
*дәрілік заттың аллергиялық реакциясы
*дәрілік заттың гепатотоксикалық әсері
63. Емханаға 33 жастағы әйел келіп шағымданды, онда әлсіздік, беттің қызаруы, бас ауруы, жүрек соғысының жиілеуі пайда болды. Осы жағдайда қандай дәрілік зат ең ықтималды болады?
*С дәрумені
*+космофер
*цефтриаксон
*дигоксин
*5%-тік глюкоза ерітіндісі
64. Емханаға 35 жастағы әйел шағымданды, ол өз бетінше ай ішінде ЖДА бойынша сорбифер қабылдаған (бастапқы ЖҚА лейкоциттер-3,3х10, Нв 88 г/л).Анамнезінен: созылмалы гастрит. ОАК бақылауы Нв 86 г/л, эр 3,4х10.Әйел гастриттің асқынуын болдырмау үшін дербес елміз дәрілік зат қабылдады. Сорбифера әсерін төмендетуге ЕҢ ықтимал дәрілік заттыкөрсетіңіз:
*С дәрумені
*+алмагель
*ампициллин
*кларитромицин
*дротаверин
65. 28 жастағы әйел жалпы әлсіздікпен, бас айналумен емханаға жүгінді. ОАК
тексеру кезінде лейкоциттер-3,2х10, Нв 80 г/л, ЦП 0,75, ферритин сарысулар 10мкг/л арттыру, ОЖСС болды.ЕҢ қолайлы емдеуге арналған дәрілік затты көрсетіңіз:
*витамин В12
*+феррум лек
*фолий қышқылы
*витамин B6
*рекомбинантты эритропоэтин
66. Емханаға 35 жастағы әйел жүгінді, жалпы әлсіздік, бас айналу. Анамнезінен: 15 жыл бойы ревматоидты артритпен зардап шегеді. Тексеру кезінде: эритроциттер 3,8, Нв 100 г/л, ЦП 0,7, ферритин сарысулар 152мкг/л төмендеуі, ОЖСС анықталды. Емдеу тобын үшін ең қолайлы дәрілік затты көрсетіңіз:
*В тобының витаминдері
*темір дәрілік заты
*+НПВС
*бактерияға қарсы дәрілік зат
*эритропоэтин рекомбинанты
67. Емханаға 35 жастағы әйел жүгінді, жалпы әлсіздік, бас айналу, қыжыл, эпигастрии ауырсынуы пайда болған. Анамнезінен: бір жыл ішінде асқазан ойық жара ауруынанзардап шегеді. Тексергенде: эритроциттер-2,9, Нв 76г/л, ЦП 0,7, сарысулық темір 5,7 мкМ/л арттыру, ОЖСС анықталды.
Анемияны емдеу үшін ең қолайлы дәрілік затты көрсетіңіз:
*актиферрин
*сорбифер дурулес
*тардиферрон
*+ферковен
*гемофер пролангатум
Сот медицинасы
68. Сот медицинасы қолданбалы ғылым ретінде қандай сұрақтарды шешеді?
*+Құқық қорғау органдарында туындайтын медициналық сұрақтар
*Медицина қызметкерлерінде туындайтын заңгерлік сұрақтар
*Қайтыс болған науқасқа байланысты клиникалық талдау кезіндегі медициналық сұрақтар
*Пациенттер мен олардың туыстарында туындайтын заңгерлік сұрақтар
*Қайтыс болған науқастың туыстарында туындайтын медициналық сұрақтар
69. Медициналық құқықбұзушылықтар мен олардың жазасы қандай заңдық құжатта жазылған?
*+ҚР Қылмыстық Кодексі
*ҚР Қылмыстық-Процестік Кодексі
*ҚР Әкімшілік Кодексі
*ҚР «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі
*ҚР Азаматтық Кодексі
70. Сот медицина сарапшысы мен дәрігер-сарапшының құқықтары мен міндеттері қандай заңдық құжатта жазылған?
*ҚР Қылмыстық Кодексі
*+ҚР Қылмыстық-Процестік Кодексі
*ҚР Әкімшілік Кодексі
*ҚР «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі
*ҚР Азаматтық Кодексі
71. Дәрігерлерден тұратын сарапшылар комиссиясы науқастың сырқатнамасын саралап денсаулығына ауыр зиян тиген деген шешімге келді. Сот медициналық сараптама барысында ауыр зиян дұрыс деп табылды. Төменде көрсетілгендердің қайсысы денсаулыққа ауыр дәрежеде зиян тигізеді?
*Еңбек қабілеттілігінің 25%-ға дейін жойылуы
*+Өмірге қауіпті болуы;
*Денсаулықтың ұзақ мерзімге бұзылуы;
*Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуы;
*Еңбек қабілеттілігінің 30%-ға дейін жойылуы
72. Дәрігерлерден тұратын сарапшылар комиссиясы науқастың сырқатнамасын саралап денсаулығына ауыр зиян тиген деген шешімге келді. Сот медициналық сараптама барысында ауыр зиян дұрыс деп табылды. Төменде көрсетілгендердің қайсысы денсаулыққа ауыр дәрежеде зиян тигізеді?
*Еңбек қабілеттілігінің 25%-ға дейін жойылуы
*+Өмірге қауіпті болуы;
*Денсаулықтың ұзақ мерзімге бұзылуы;
*Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуы;
*Еңбек қабілеттілігінің 30%-ға дейін жойылуы
73. Дәрігерлерлік-сараптамалық комиссия тергеу материалдарын талдап, науқастың сырқатнамасын саралап, оның денсаулығына орта зиян тиген деген шешімге келген. Сот медициналық сараптама шешімді растаған. Төменде көрсетілгендердің қайсысы денсаулыққа орта дәрежеде зиян тигізеді?
*Бет кескінінің бұзылуы
*Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуы
*Жарақаттың әсерінен жүктіліктің үзілуі
*+Жалпы еңбек қабілеттілігін 10-нан 33%-ке дейін жоғалту
*Психикалық бұзылыс
74. Сот медицина сарапшысы медициналық құжаттарды талдап, жарақаттанушының денсаулығына орта зиян келтірілген деген қорытын берген. Осы көрсетілгендердің қайсысы денсаулыққа орта дәрежеде зиян тигізеді?
*+Денсаулықтың ұзақ мерзімге бұзылуы
*Психикалық бұзылыс
*Жалпы еңбек қабілеттілігін 33%-тен жоғары жоғалту
*Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуы
*Жарақаттың әсерінен жүктіліктің үзілуі
75. Дәрігер күнделікті жұмысында тұрмыстық жарақатарды жиі қабылдайды. Жарақаттанған адамның денсаулық жағдайын анықтау дәрігердің құқығында. Статистика бойынша тұрмыстық жарақаттардың көп бөлігі жеңіл түрде өтеді. Осы көрсетілгендердің қайсысы денсаулыққа жеңіл дәрежеде зиян тигізеді?
*+Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуы
*наркоманияға ұшырау
*токсикоманияға ұшырау
*Жалпы еңбек қабілеттілігін 10%-дан жоғары жоғалту
*Денсаулықтың ұзақ мерзімге бұзылуы
76. Жалпы тәжірибедегі дәрігер комиссия мүшелігіне енгізілген, комиссияның мақсаты денсаулыққа келтірілген зиянды бағалау. Осы аталғандардың қайсысы денсаулыққа жеңіл дәрежеде зиян тигізеді?
*+Жалпы еңбек қабілеттілігін 10%-ға дейін жоғалту
*Психикалық бұзылыс
*Жалпы еңбек қабілеттілігін 15%-ға дейін жоғалту
*Жалпы еңбек қабілеттілігін 20%-ға дейін жоғалту
*Жалпы еңбек қабілеттілігін 25%-ға дейін жоғалту
77. Беттің жыртылған жарасының орнында келлоидты тыртық қалған. Денсаулыққа келтірілген зиян қандай квалификациялық критеримен бағаланады?
*Өмірге қауіпті болуы
*+Бет кескінінің бұзылуы
*Денсаулықтың ұзақ мерзімге бұзылуы
*Денсаулық бұзылысының тұрақты болуы
*Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуы
78. Жарақат алған адамның көз жарақатынан көру қабілеті жойылған. Осы жарақаттың денсаулыққа зияндылығы қай критеримен анықталады?
*Денсаулықтың бұзылуының ұзақтығы
*+Ағза қызметінің бұзылуы
*Өмірге қауіпті болуы
*Жалпы еңбек қабілетінің тұрақты жойылуы
*Денсаулықтың қысқаша мерзімгебұзылуы
79. Қолдың баспармағы жарақатталып, оның қызметі бұзылған. Жарақаттанушының денсаулығына тигізген зиян қай белгімен анықталады?
*Жазылмайтын тыртық
*Ағзаның немесе оның функциясының бұзылуы
*Денсаулық бұзылуының ұзақтығы
*Жалпы еңбек қабілеттілігінің тұрақты жойылуы
*+Денсаулық бұзылуының қысқа мерзімді болуы
80. Аяқтың жарақаты толық параличке әкелген жағдайда денсаулыққа тигізілген зиян қандай белгілермен анықталады?
*Жазылмайтын тыртық
*+Ағзаның немесе оның функциясының бұзылуы
*Денсаулық бұзылуының ұзақтығы
*Қысқа мерзімге денсаулықтың бұзылуы
*Кәсіби еңбек қабілеттінің бұзылуы
81. Сараптама өткен адамда ұма жарақаты болған, жарақат салдарынан бір жұмыртқасынан айрылған. Бұл жағдайда денсаулыққа тигізілген зиян қандай белгілермен анықталады?
*Ағзаның немесе оның функциясының бұзылуы
*Ұрпақ әкелу қабілетінің жойылуы
*+Денсаулық бұзылуының ұзақтығы
*Қысқа мерзімге денсаулықтың бұзылуы
*Жалпы еңбек қабілеттінің тұрақты бұзылуы
82. Комиссиялы сарап құрамы және комиссия мүшелерінің міндеттері мен құқықтары ҚР Қылмыстық процестік кодексінмен анықталады. Комиссия құрамына клиника дәрігерлері де кіреді. Комиссия мүшелері арасында әр түрлі көзқарас туындаса, сарап қорытындысы қалай жазылуы керек?
*комиссия мүшелерінің барлығымен келісім болса қол қою керек;
*комиссия мүшелерінің көпшілігімен келісім болса қол қою керек;
*өзі келісетін сұрақтарға ғана қол қою керек;
*+әр маман өз қорытындысын жазады;
*комиссия мүшелігінен бас тарту.
83. Тергеу мәліметтері бойынша қанталаудың түсі мен жарақаттанушының айтқан мерзімі сәйкес келмеген. Жарақаттан кейін 3 күн өтсе де, қанталау қызыл түсте болған. Дененің қай аймағындағы қанталау уақыт өтіп жазылу барысында түсін өзгертпейді /түстену жүрмейді/:
*Беттегі
*Балтырдың алдыңғы бетіндегі
*+Ауыз қуысының шырышты қабатындағы
*Алақандағы
*Сүтбезінің терісіндегі
84. Жедел жәрдеммен жеткізілген науқаста әр түрлі сипаттағы жарақаттар болған. Жәбірленушінің айтуынша төбелес кезінде түрлі заттармен соққы алған. Доғал заттың әсерінен пайда болатын жара қалай аталады?
*Кесілген
*Шабылған
*Шаншылған
*+Мыжылған
*Шаншып кесілген
85. Сырылу дегеніміз эпидермистің бүтіндігінің бұзылуы. Уақыт өте келе сырылу ошағында қабық пайда болып оның орны жазылады және қабық түседі. Тері сырылу ошағының қабықшасы қай күнде түседі?
*2-ші
*4-ші
*+7-9-шы
*21-ші
*30-шы
86. Автомагистаральда жол апаты орын алып жолаушы жарақат алған. Жол жүріп бара жатқан дәрігер тоқтап, МАИ қызметкерлерінің қатысуымен апатқа ұшыраған адам денесін қараған. Ол адам ес-түссіз күйде, бетінде көптеген қанталаулар мен сырылулар бар, оң білегінің сүйектерінде жабық сынық байқалады. Жүрек соғысы естілмейді және тыныс алмайды. Осы жағдайда дәрігер не істеу керек?
*Өлімді констатациялайды
*+Жедел жәрдем шақырып, реанимациялық көмек көрсетеді
*Өлімнің айқын белгілерін күту керек
*Денені мәйітханаға жібереді
*Туыстарын шақыруға кеңес береді
87. Үйінде жіпке асылған күйінде мәйіт табылған, мәйіттің қасында қолхаты да бар. Мәйітті қарау барысында төбелесу және қарсыласу белгілері анықталған. Қайтыс болған адамның туыстары полиция қызметкерлеріне хабар берген. Полиция қызметкерлері участкелік дәрігерді мәйітті қарауға шақыртқан және өлімнің шығу тегін (біреу қасақана өлтіру, өзін-өзі өлтіру, қайғылы оқиға) анықтаудағы тапсырған. Дәрігердің іс-әрекеті қалай болуы керек?
*Өлер алдында жазған қолхатпен танысып, сұраққа жауап береді
*Мәйітті ашып қарағаннан кейін жауап береді
*Оқиға болған жерде өлімнің шығу тегін тек болжай алады
*+Жауап бермейді, себебі міндетіне кірмейді
*Бұл сұраққа жауап беру сот медицина сарапшысының құқығында
88. Оқиға болған жерде мойынында оралған жібі бар мәйіт табылған. Мәйітті қарауға сарапшы (дәрігер) шақыртылған. Жіп мойынға тығыз оралып тұрғандықтан, жоғары да төмен де ығыстырылмайды. Мойындағы странгуляциялық жүлгені сипаттау үшін сарапшы не істеуі керек?
*Жіптің түйінін шешу керек
*Жіптің түйінін кесу керек
*Жіпті ығыстыру керек
*+Түйінге қарама-қарсы жерінен жіпті кесу керек
*Жіпті шешпей және странгуляциялық жүлгені сипаттамай мәйітті мәйітханаға бағыттау керек
89. ҚР Қылмыстық Процестік кодексіне сай адам өлімі болған жерге сарапшы (дәрігер) шақыртылған. Сарапшы мәйітті қарап тексеру кезінде мәйіттік дақтардың орналасуы мен мәйіттің жатқан қалпы сәйкес келмейтінін анықтаған. Туыстары қайтыс болған адамға өлім алдында зорлық әрекеттер көрсетілген деп қауіптеніп, осы сәйкессіздікті түсіндіруді өтінген. Сарапшының әрекеті қандай болуы керек?
*+Тергеушіге осы сәйкессіздікті айту керек
*Бұл фактыға назар аудармау керек, себебі оның криминалистік және сот-медициналық маңызы жоқ
*Мәйіт дағын сипаттамас бұрын мәйітті дұрыс қалпына келтіру
*Мәйітті аударып мәйіт дағының қалпына келуін күту керек
*Мәйітханада мәйітті тексерген соң, мәйіттің бастапқы қалпын анықтау керек
90. Оң жақты шап-ұма жарығына отау жасалған науқас қайтыс болып оның туыстарының арыздануына байланысты тергеуші қылмыстық іс қозғаған. Тергеуші науқастың өлімінің себебін, емдік шаралардың сапасын анықтау үшін медициналық білімі бар мамандар қажет деген шешім қабылдаған. Төменде аталған медициналық мекемелердің қайсысы осы сараптаманы өткізуге құқылы?
*Облыстық, қалалық, аудандық денсаулық сақтау бөлімдері.
*Облыстық, қалалық, аудандық клиникалық аурухана.
*+Сот медициналық мекеме
*Облыстық, қалалық, аудандық аурухананың хирургия бөлімі.
*Облыстық, қалалық, аудандық патологиялық анатомия бөлімдері.
91. Онкологиялық аурухананың қасында баланы көлік қағып кеткен. Оқиға куәгерлері ауруханадан дәрігерді шақыруға барған. Кезекші онколог-дәрігер болған оқиғаны медбикеден естіп, жедел жәрдем шақыруға нұсқау берген. Онколог-дәрігер өз жұмысымен айналысуын жалғастырған және балаға қандай көмек керек екенін сұрамаған. Дәрігердің іс-әрекеті қандай болуы керек еді?
*Кезекшілікке байланысты өз жұмысын жалғастыру
*Онколог болғандықтан, жарақаты бар науқасты қабылдаудан бас тарту
*+Алғашқы көмекті көрсетіп, науқастың жағдайын бағалау
*Арнайы ауруханаға жеткізу үшін жедел жәрдем шақыру
*Науқасты өз ауруханасына жатқызу
92. Дәрігер-окулистке көршісі баласының бөгде зат жұтып қойып тұншығып жатқанын айтып көмек көрсетуін өтінген. Дәрігер баланың анасына педиатр болмағандықтан көмек көрсетуге құқығы жоқтығын айтып, жедел жәрдем шақыру керек деген. Баланың анасы телефонмен хабарласып жедел жәрдем шақырғанша, баланың тыныс жолына кедр жаңғағы тұрып қалып, тұншығып өліп кеткен. Дәрігердің іс-әрекеті қандай болуы керек еді?
*Телефон арқылы педиатрдан кеңес алу
*Педиатр болмағандықтан көмек көрсетуден бас тарту
*+Алғашқы көмекті көрсетіп, науқастың жағдайын бағалау
*Анасының өзі көмек беру керектігін түсіндіру
*Анасына педиатрға бару керектігін түсіндіру
93. Ауыр жол апатынан екі ер кісі жарақаттанып, шұғыл медициналық көмекті қажет еткен. Сол жерге келген автоинспектор рейстік автобусты тоқтатып дәрігер болса, көмек көрсетуін сұраған. Дәрігер жоқ деген жауап алған. Келесі келе жатқан микроавтобусты тоқтатқанда, онық ішінде дәрігер бар болып шықты, бірақ ол алдағы автобусты тоқтатқанда дұрыс болар еді, себебі оның ішінде танитын тәжірибелі травматолог барын айтты (ол өзі инфекционист екен). Жедел жәрдем келгенше науқастарға көмек көрсетілген. Соңынан травматологқа айып тағылған кезде, ол өзінің демалыста екенін және маңызды шаруасымен жүргенін айтып айыпқа қарсылық білдірген. Дәрігер-травматологты қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз бар ма?
*Иә, себебі дәрігер Гиппократ антын бұзды
*+Иә, себебі әрбір дәрігер алғашқы көмекті көрсетуге міндетті
*Жоқ, себебі дәрігер демалыста
*Жоқ, себебі дәрігер ол кезде жұмыс орнында емес жай азамат ретінде болған
*Жоқ, себебі дәрігердің медициналық инструменттері болмағандықтан көмек көрсету мүмкіндігі болмаған
94. Жергілікті газеттерде облыс аймағында туберкулез таралуы күрт өсіп келе жатқаны туралы мәліметтер пайда болған. Сол аймақтың денсаулық сақтау мекемесінің әкімшілігі ақпарат тарушыларды "қызу" фактылармен қорқытуын талап еткен, талап орындалмаған жақдайда тергеу орындарына арызданатынын жеткізген. Әкімшілік жетекшісі тергеу орындарына арыздануға құқықты ма?
*Иә, себебі дәрігерлік құпия жария болған
*+Иә, себебі ақпарат нақты емес
*Жоқ, себебі журналистердің сөз бостандығына құқығы бар
*Жоқ, себебі әрбір адам өз ойын айтуға құқылы
*Жоқ, себебі әкімшілік жетекшісінің құқығындығы сұрақ емес
95. Тергеуші қаулы шығарып мәйітті сот медициналық тексеруге тапсырған. Қайтыс болған адамның туыстары мәйітті олардың рұқсатынсыз алып кеткендігін негізге алып, мәйітті мәйітханадан ұрлап алып кеткен. Өлім туралы дәрігерлік куәлікті аурухана немесе емхана дәрігерлерінен алуды жөн көрген. Мәйітханадағы жауапты сарапшының іс-әрекеті қандай болуы керек?
*Тез арада іздеу шараларын ұйымдастыру
*+Қаулы шығарған тергеушіге мәлімдеу
*Аурухана дәрігерлеріне өлім куәлігін беруге болмайтынын ескерту
*Емхана дәрігерлеріне өлім куәлігін беруге болмайтынын ескерту
*Мәйіт болмағандықтан ешқандай әрекет жасамайды
96. Стационарда қайтыс болған адамның туыстары жүргізілген ем шараларына сенімсіздік білдірген. Ем шараларын жүргізген хирург дөрекі қателіктер жіберді деген көзқараспен сот медициналық сараптаманы өткізуге арыздануға шешім қабылдаған. Сот медициналық сараптама тағайындау туралы өтінішті қай мекемеге жазу құқықтық тұрғыда дұрыс болып есептеледі?
*Денсаулық сақтау Министерлігіне
*Сол стационардың әкімшілігіне
*+Құқық қорғау орындарына
*Адвокатураға
*Азаматтардың құқығын қорғау ұйымына
97. Косметологта туа біткен ақауын түзеті үшін ақылы ем қабылдаған 30 жастағы К. есімді азаматша операция нәтижесіне қанағаттанбаған. Осындай жағдайларда емделушілер бетінің кескінінің бұзылғандығына тергеу орындарына арызданады. Бет кескінінің бұзылуы фактісін анықтау кімнің құзыретінде?
*Сот медицина сарапшысының
*Дәрігер сарапшының
*Тергеушінің
*+Соттың
*Дәрігер косметологтың
98. Аурухананың қабылдау бөліміне 60-65 жастағы белгісіз ер адам ес-түссіз күйде жеткізілген. Ол түнде қалалық сая бақтағы орындықтан табылған. Науқас ауруханаға түскеннен көп ұзамай өлім дамығын, кезекші дәрігер реанимациялық көмек көрсеткен. Науқас жедел түрде қайтыс болғандықтан клиникалық диагноз анықталып үлгерілмеген, сондықтан тергеуші сот медициналық тексеруге қаулы шығарған. Сот медициналық тексеру кезінде ең бірінші орынға қандай сұрақ қойылады?
*Клиникалық диагнозды анықтау
*Жүргізілген емдеу шараларының дұрыстығын анықтау
*+Зорлық өлімнің болмағанын анықтау
*Жарақаттардың бар-жоғын анықтау
*Созылмалы ауруларын анықтау
99. Жол апатынан кейін мәйіт мәйітханаға тергеушінің қаулысымен сот медициналық тексеруге жеткізілген. Туысқандары мәйітті сараптауға қарсы, себебі олардың айтуынша қайтыс болған адам апатқа өзі кінәлі және басқа зардап шегушілер жоқ. Туысқандары мәйітті ашпай беруін талап етіп отыр. Осы жағдайда сарапшының іс-әрекеті қандай болуы керек?
*Туысқандары тергеу орындарына өтініш білдірсе, мәйітті ашпай беру
*Туысқандары сот медицина орындарына өтініш білдірсе, мәйітті ашпай беру
*+Тергеу орындарының қаулысымен тағайындалғандықтан тексеру міндетті түрде жүргізіледі
*Адвокат тергеу орындарына өтініш білдірсе, мәйітті ашпай беруге болады
*Қайтыс болған адам апатқа өзі кінәлі болғандықтан мәйітті ашпай беруге болады
100. Өрттен кейін табылған мәйіт тергеу орындарының қаулысымен сот медициналық тексеруге жеткізілген. Тергеу барысында анықталғаны: өрттің шығуына қайтыс болған адам өзі кінәлі болған, темекі шегіп жатып ұйықтап қалған. Осы себепке байланысты туысқандары мәйітті ашпай беруін талап етіп отыр. Осы жағдайда сарапшының іс-әрекеті қандай болуы керек?
*Туысқандары тергеу орындарына өтініш білдірсе, мәйітті ашпай беру
*Туысқандары сот медицина орындарына өтініш білдірсе, мәйітті ашпай беру
*+Тергеу орындарының қаулысымен тағайындалғандықтан тексеру міндетті түрде жүргізіледі
*Адвокат тергеу орындарына өтініш білдірсе, мәйітті ашпай беруге болады
*Қайтыс болған адам апатқа өзі кінәлі болғандықтан мәйітті ашпай беруге болады
////////////////////////////