Тағам гигиенасы. 5 курс студенттеріне жауаптарымен тест тапсырмалары

 

  Главная      Тесты

 

     поиск по сайту           правообладателям           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тағам гигиенасы. 5 курс студенттеріне жауаптарымен тест тапсырмалары

 

 

 

 

 

 

 

051102 - «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 5 курс студенттеріне арналған Тағам гигиенасы бойынша тест тапсырмалары

 

1.Қандай заттың синтезіне метиониннің метил топтары қоллданылады?

1. фоли қышқылының

+2. холиннің

3. тирозиннің

4. адреналиннің

5. фосфолипидтердің

 

 

  2. Азық-түліктің биологиялық құндылығы жөніндегі нақты мәліметті қайдан алуға болады?

1. дастархан мәзірі бойынша;

2. экспериментальды зерттеулер негізінде;

+3. белоктың биологиялық құндылығын анықтау арқылы;

4. алмастырылмайтын амин қышқылдарының болуымен;

5. салмақты өлшеу әдісімен;

 

 

3. Өндіріс орындарында зиянды еңбек жағдайында емдік және алдын алу мақсатында

қолданылатын көмірсу:

+1. пектин

2. сахароза

3. фруктоза

4. мальтоза

5. глюкоза

 

 

4. Йод тапшылық бұзылысқа не жатады?

1. қаназдық

2. гиповитаминоз

+3. эндемиялық зоб

4. ксерофтальмия

5. цинга

 

 

5. Нутрициология ғылымы немен айналысады?

+1. азық түліктердің тағамдық және биологиялық құндылығын зерттеумен;

2. аурулардың патогенезін зерттеумен;

3. ауыр өнеркәсіп мекемелеріндегі жұмысшылардың жағдайын зерттеумен;

 4. жануарлар мен өсімдіктердің организмге әсерімен;

 5. дәрі-дәрмектердің әсерімен.

 

 

6. Гиповитаминоз дегеніміз бұл –

1. витаминдер сіңуінің бұзылуы;

2. организмге кальцидің жеткіліксіз түсуімен байланысты бұзылыстар;

3. тағамда витаминдердің болмауынан туындайтын жағдай;

4. организмге витаминдердің артық түсуімен байланысты патологиялық жағдай;

+5. организмге витаминдердің жеткіліксіз түсуімен байланысты патологиялық жағдай;

 

 

7. Авитаминоз дегеніміз бұл –

1. тұз-су балансының бұзылуы;

2. витаминдер сіңуінің бұзылуы;

+3. организмге ұзақ уақыт витаминнің мүлдем түспеуінен туындайтын жағдай;

4. организмге витаминдердің артық түсуімен байланысты патологиялық жағдай;

5. организмге  көмірсулардың жеткіліксіз түсуімен байланысты патологиялық жағдай;

 

 

 

8. Гипервитаминоз дегеніміз бұл –

1. организмге витаминдердің жеткіліксіз түсуімен байланысты патологиялық жағдай;

+2. организмге витаминдердің артық түсуімен байланысты патологиялық жағдай;

3. организмде витаминдердің болмауы;

4. витаминдердің сіңуінің бұзылуы;

5. тұз-су балансының  бұзылуы.

 

 

9. Негізгі тағамдық заттектер тобына жататын толық құрамды көрсетіңіз:

1. белоктар, майлар, көмірсулар, тағамдық үстемелер, КҚМҚ; 

+2. белоктар, майлар, көмірсулар, витаминдер, минералдық элементтер;

3. белоктар, майлар, көмірсулар, ферменттер, органикалық қышқылдар;

4. амин қышқылдары, май қышқылдары, тағамдық үстемелер;

5. көпқанықпаған май қышқылдары, көмірсу, витаминдер;

 

10. Негізінен пластикалық қызмет атқаратын тағамдық заттекті атаңыз:

1. майлар

2. көмірсулар

3. витаминдер

+4. белоктар

5. минералдық элементтер

 

 

11. Фосфордың сіңуіне ықпал ететін факторды көрсетіңіз:

+1. Тағам рационындағы белок пен кальцийдің сіңуі;

2. белоктың оңтайлы мөлшерімен қамтамасыз етілуі;

3. амин қышқылдарының үйлесімділігі;

4. КҚМҚ  оңтайлы мөлшері;

5. бірыңғай белокты тамақтану;

 

12. Теріс энергиялық баланс қандай жағдайда туындайды?

1. негізгі алмасу жоғарылағанда;

2. ұзаққа созылған физикалық жүктемеде;

+3. тәуліктік рацион қуаттылығы жұмсаған энергияны өтемегенде, яғни тұтынылатын азық-түліктің мөлшері шығатын энергиядан кем болғанда;

4. тәуліктік рацион қуаттылығы жұмсаған энергия шығынынан артық болып, адекватты тамақтанбауда;

5. дененің артық салмағында.

 

 

13. Тәуліктік рационның энергиялық құндылығы шығындалатын энергиядан артық болуы ұзақ уақытқа созылса, қандай жағдайға әкеледі?

1. теріс энергия балансына;

2. белокты-калориялық жетіспеушілік;

3. энергияның жетіспеіне;

+4. оң энергия балансына;

5. алиментарлық дистрофияға;

 

14. Үйлесімді тамақтану дегеніміз не?

1. энергия шығынын толықтыратын тамақтану;

2. ағзаны пластикалық материалдармен қамтамасыз ететін тамақтану;

3. ағзаны витаминдермен қамтамасыз ететін тамақтану;

+4. организмге қажетті қоректік заттектермен толық қамтамасыз ететін тамақтану;

5. ағзаны жоғарыда айтылған барлық нутриенттермен қамтамасыз ету;

 

15. С витаминінің тапшылығына қай симптом тән?

1. еріндегі қызыл жиек

2. еріннің жарылуы

+3. тіс тазалауда иектің қанағыштығы

4. қараңғыда көрудің нашарлауы

5. ангулярлық стоматит

 

16. Ересек еңбекке жарамды адамдар үшін белок, май, көмірсудың оңтайлы қатынасы қандай?

1. Б:М:К-1: 0,8: 4

+2. Б:М:К-1: 1: 4

3. Б:М:К-1: 1: 3

4. Б:М:К-1: 2: 4

5. Б:М:К-1: 2: 7

 

17. Қарттар тамақтануында неліктен жеңіл сіңетін көмірсуларды шектеу қажет?

+1. алмасу процесі қарқынының төмендеуінен;

2. ас қорыту жұмысының баяулауынан;

3. көмісу алмасуының бұзылысынан;

4. жеңіл сіңетін көмірсуларды шектеуге болмайды;

+5.ішек микрофлорасына кері әсерінен;

 

18. Сүт пен сүт тағамдарында қай көмірсу кездеседі?

+1. лактоза

2. крахмал

3. глюкоза

4. пектин

5. клетчатка

 

19. Жануар текті көмірсуды көрсетіңіз:

1. фруктоза

2. сахароза

3. мальтоза

+4. гликоген

5. галактоза

 

20. Қай микроэлементтің тапшылығы эндемиялық ауруға алып келеді?

1. күкірт

2. кальций

3. магний

+4. йод

5. хлор

 

21. Майда еритін витаминдерді көрсетіңіз:

+1. Е

2. С

+3. Д

4. В12

+5. К

 

22. Лецитин биологиялық белсенді заттардың қай тобына жатады?

1. стеринге

2. қанықпаған май қышқылына

3. қаныққан май қышқылына

+4. фосфолипидке

5. белокқа

 

23. Қай категориядағы адамдардың рационына Д витаминін қосу қажет?

1. қоғамдық тамақтандыру мекемесінің жұмысшылары;

2. спортшылар;

+3. жер асты жұмысымен шұғылданатын жұмысшылар;

4. жасөспірімдер;

5. ауыл шаруашылық жұмысшылары;

 

24. Негізінен пластикалық қызмет атқаратын тағамдық заттекті атаңыз

1. майлар

2. көмірсулар

3. витаминдер

+4. белоктар

5. минералдық элементтер

 

25. Энергияның көзі болып табылатын тағамдық заттектерді атаңыз.

+1. майлар

+2. көмірсулар

3. витаминдер

4.  КҚМҚ

5. минералдық элементтер

 

26. Организмде 1 грамм май ыдырағанда қанша энергия түзіледі?

1. 2 ккал

2. 4 ккал

3. 6 ккал

4. 8 ккал

+5. 9 ккал

 

27. Организмде 1 грамм  көмірсу ыдырағанда қанша энергия түзіледі?

1. 2 ккал

+2. 4 ккал

3. 6 ккал

4. 8 ккал

5. 9 ккал

 

28. Организмде 1 грамм   белок ыдырағанда қанша энергия түзіледі?

1. 2 ккал

+2. 4 ккал

3. 6 ккал

4. 8 ккал

5. 9 ккал

 

29. Дұрыс тамақтанбаудан туындайтын алиментарлық ауруларды көрсетіңіз:

+1. алиментарлық маразм

2. стоматит

+3. квашиоркор

+4. семіздік

5. дизентерия

 

30. Ересек адамның тәуліктік рационындағы белоктың үлесін көрсетіңіз:

1. 8-12 %

+2. 12-15 %

3. 15-20%

4. 20-25%

5. 25-30 %

 

31. Ересек адамның тәуліктік рационындағы майдың үлесін көрсетіңіз:

1. 20-25 %

+2. 30-35 %

3. 35-40%

4. 15-20%

5. 25-30 %

 

32. Ересек адамның тәуліктік рационындағы  көмірсудың үлесін көрсетіңіз:

1. 30 %

2. 40 %

+3. 55-58%

4. 60%

5. 70 %

 

33. Қараңғылық адаптация мен түнгі көргіштікті қай витамин реттейді?

1. фолий қышқылы

2. биотин

+3. рибофлавин

4. пиридоксин

5.  биофлавоноид

 

34. Тағаммен бірге фтордың артық түсуі қандай ауруға әкеледі?

1. көздің қасаң қабағының ауруы

2. Уров ауруы

3. стронцийлі рахит

4. алиментарлы-токсикалық алейкия

+5. флюороз

 

35. Қай азықтар тиаминнің (витамин В1) негізгі көзі бола алады?

1. балық

+2. дән өнімдері

3. сүт өнімдері

4. сусындар

5. көкөністер

 

36. Кальцийдің негізгі көзі болып табылатын өнім:

1. рауғаш

+2. сүт пен сүт өнімдері

3. нан

4. ет

+5. сүзбе

 

37. Тағамдық заттектерге және энергияға қажеттілік қандай факторлардың есебінен қарастырылады?

+1. жынысы, жас мөлшері,

2. мамандық патологиясы;

3. сыртқы орта факторларының әсері;

4. алмасу процестерінің қарқындылығы;

+5. еңбек қызметінің сипаты;

 

38. Алмастырылмайтын амин қышқылдарын атаңыз:

+1. триптофан

2. серин

+3. треонин

4. пролин

+5. валин

 

39. Көпқанықпаған май  қышқылдарын атаңыз:

+1. арахидон қышқылы

2. пальмитин

+3. линоль

+4. линолен

5. холестерин

 

40. Асқазан жолдарында ыдырамайтын және энергия көзі бола алмайтын көмірсулар:

+1. клетчатка

2. крахмал

3. гликоген

4. фруктоза

+5. пектин

 

41. Қаныққан май  қышқылдарына қайсысы жатады:

+1. пальмитин

+2. миристин

3. олеин

4. арахидон қышқылы

5. линолен

 

42. Адам организмі үшін Д витаминінің физиологиялық маңызы қандай?

1. қан ұю процесіне қатысады;

2. май қышқылдарының тотығуынан сақтап, антиоксиданттық қасиет көрсетеді;

3. нерв қозғыштығына қатысады;

+4. кальций мен фосфордың алмасуын реттеп, сүйек тінінің қалыптасуына қатысады;

5. тін мен клетканың осмостық қысымына қатысады.

 

43. Цинга ауруының себебі:

+1. С авитаминозы

2. В авитаминозы

3. А гиповитаминозы

4. С  гипервитаминозы

5. Д гипервитаминозы

 

44. Бери-бери ауруының себебі:

1. Д авитаминозы

+2. В1 авитаминозы

3. А гиповитаминозы

4. С  гипервитаминозы

5. Д  гипервитаминозы

 

45. Қалқанша без гормондарының синтезіне қай биомикроэлемент қатысады?

1. кобальт

2. темір

3. мыс

4. фтор

+5. йод

 

46. Тағаммен бірге фтордың жеткіліксіз түсуінен туындайтын ауру?

1. көздің қасаң қабағының ауруы

2. Уров ауруы

3. рахит

+4. кариес

5. флюороз

 

47. Рахит ауруының себебі:

+1. Д гиповитаминозы

2. В1 авитаминозы

3. С гиповитаминозы

4. К  гипервитаминозы

5. Д  гипервитаминозы

 

48. Қан түзуге қатысатын биомикроэлементтерді көрсетіңіз:

+1. темір

+2. мыс

3. никель

4. магний

5. натрий

49. Әйелдер үшін темірдің тәуліктік қажеттілігін көрсетіңіз:

1. 5 мг

2. 10 мг

+3. 18 мг

4. 20 мг

5. 35 мг

50. Ерлер үшін темірдің тәуліктік қажеттілігін көрсетіңіз:

1. 5 мг

+2. 10 мг

3. 18 мг

4. 20 мг

5. 35 мг

51. Энергия шығыны қалай бөлінеді?

1. оң және теріс;

+2. реттелінетін

3. негізгі және қосымша;

4. алмасу процестеріне әсер етеін;

+5. реттелмейтін;

52. Заттек алмасу – түсінігінің дұрыс анықтамасын беріңіз:

1. Ассимиляция процесінің диссимиляция процесінен басым болуы;

2. Организм үшін қажетті тағамдық заттектердің қолданылуын қамтамасыз ететін және пластикалық, энергетикалық қажеттілікті қанағаттандыратын биохимиялық процестер жиынтығы;

3. Энергия түзілу процестерінің қарқындылығын арттыру;

+4. Организмнің өсіп дамуы мен тіршілігіне қолданылатын қажет заттектердің түзілуі мен сіңіріліп қорытуы;

5. Организмнен ыдырау өнімдерінің тотығып шығарылу процесі;

53. Реттелінбейтін энергия шығынына қайсысы жатады?

1. еңбекке жұмсалатын

2. спортпен айналысқанда жұмсалатын

3. ойлауға жұмсалатын

4. белсенді дем алу барысында жұмсалатын

+5. негізгі алмасуға жұмсалатын

54. Қандай азық-түлік фруктозаның көзі болып табылады?

1. сүт

2. балық

3. ет

4. жарма

+5. жеміс-жидек

55. Минералдық элементтердің жіктемесіне қайсысы жатады?

1. суда еритін минералдық элементтер

+2. қышқылдық сипаттағы минералдық элементтер

3. майда еритін минералдық элементтер

4. спиртте еритін минералдық элементтер

+5. сілтілік сипаттағы минералдық элементтер

56. Бір мезгілде жүретін заттек алмасудың процестерін көрсетіңіз:

1. гормондардың синтезі мен ыдырауы;

2. ферменттердің синтезі мен ыдырауы;

3. көмірсулардың синтезі мен ыдырауы;

+4. катаболизм және анаболизм;

5. белоктардың синтезі мен ыдырауы; 

57. Теріс энергиялық баланс қандай заттектің жеткіліксіздігімен тығыз байланысты?

+1. белок

2.  майлар

3. көмірсу

4. витаминдер

5.  минералдық заттектер

58. Реттелінетін энергия шығынына қайсысы жатады?

1. организмдегі тағамдық заттектердің ыдырауына  жұмсалатын;

+2. ойлауға жұмсалатын;

3. ыдырау өнімдерінің органимнен шығарылуына жұмсалатын;

4. организмге қажетті заттектердің синтезіне жұмсалатын;

+5. физикалық жұмысты орындауға жұмсалатын;

59. Зоостериндердің негізгі өкілі қайсы:

1. глицерид

+2. холестерин

3. лецитин

4. ситостерин

5. холин

60. Ішектің перистальтикасын реттеуге және холестериннің артық мөлшерін организмнен шығаруға қатысатын көмірсуларды атаңыз:

+1. пектин

2. лактоза

3. гликоген

+4. клетчатка

5. мальтоза

61. Ретинолдың жетіспеушілігінен қандай ауру дамиды?

1. ангулярлық стоматит

2. гиперкератоз

3.глоссит

+4. ақшам соқыр

5. парестезия 

62. РР витаминін жеткіліксіз қолданғанда  қандай ауру дамиды?

+1. пеллагра

2. цинга

3. квашиоркор

4. анемия

5. дистрофия

63. Темір жетіспегеннен қай ауру дамиды?

1. эндемиялық зоб

2. авитаминоз

+3. анемия

4. флюороз

5. рахит

64. Кальцийдің биологиялық ролі қандай?

1. организмнен сұйықтықты шығарады; 

2. асқазанда тұз қышқылының бөлінуіне қатысады;

+3. сүйек тіні қалыптасуына қатысады;

4. организмде су алмасуға қатысады;

5. тамыр кеңейткіш әсері бар;

65. Ұзақ уақыт теріс энергиялық баланс нәтижесінде қандай ауыр дерт дамиды?

1. семіздік

+2. маразм

3. атеросклероз

4. қант диабеті

5.  гипертониялық ауру

66. Витаминдер қандай қасиеттеріне байланысты жіктеледі?

+1. суда еритін

2. спиртте еритін

3. суда ерімейтін

+4. майда еритін

5.  спиртте ерімейтін

67. Қышқылды сипаттағы микроэлементтерге қайсысы жатады? 

+1.  күкірт

2. магний

3. натрий

+4. фосфор

5. калий

68. Йод қандай азық-түлікте көп кездеседі?

1. нан өнімдері

2. сүт өнімдері

3. жеміс

+4. теңіз өнімдері

5. ет өнімдері

69. Оңтайлы амин қышқылдарының құрамымен ерекшелентін дәнді – дақылдарды атаңыз:

1. арпа

2. қара бидай

3. бидай

+4. бұршақ тұқымдас

5. күріш

70. Майдың организмге сіңірілуі төмендегі қай көрсеткішке тәуелді:

1. меншікті салмағына;

2. қышқылдығына;

+3. еру температурасына;

4. ылғалдылығына;

5. белоктық құрамына;

 71. Майдың атқаратын негізгі физиологиялық қызметі:

+1. энергияның көзі;

2. су-тұз тепе-теңдігін ұстайды;

+3. қорғаныштық;

4. қышқылдық ортаны ұстау;

+5.витаминдер ерітушісі;

72. Тиімді тамақтану элементтерін атаңыз:

1. физикалық жүктеме

2. лабораториялық зерттеулер

+3. тағамдық заттектердің сандық және сапалық тиімді ара қатынасы

+4. тамақтану тәртібі

5. тағамдық құндылығы

73. «Фортификация дегеніміз» :

1. азық-түлікті жою;

2. өнімді мал жеміне беру;

3. азық-түлікті  кептіру арқылы құндылығын жоғарылату;

+4. қоректік заттектермен азық-түлікті байыту;

5. азық-түлікті  булау арқылы құндылығын қалыптандыру;

74. Қазақстан территориясында кеңінен тараған алиментарлық ауруды атаңыз:

1. семіздік

+2. теміртапшылық анемия

3. квашиоркор

4. алиментарлық дистрофия

5. пеллагра

75. Қай заттек холестериннің артық мөлшерінің организмге жиналуына кедергі жасайды?

+1. лецитин

2. қаныққан май қышқылдары

3. белоктар

4. май қышқылдары

5. көмірсулар

76. Жай көмірсуларды атаңыз:

+1. глюкоза

2. гликоген

+3. фруктоза

+4. сахароза

5. клетчатка

 77. Күрделі көмірсуларды  атаңыз:

+1. пектин

2. гликоза

3. фруктоза

4. сахароза

+5. клетчатка

78. Холестериннің қалыптан артық түсуі қандай ауруға әкеледі:

1. маразм

2. квашиоркор

+3. атеросклероз

4. қант диабеті

5. дистрофия

79. Жеңіл сіңетін көмірсулардың организге шамадан артық түсуінен қандай ауру  дамиды:

1. квашиоркор

2. бери-бери

3. атеросклероз

+4. қант диабеті

5. маразм

 80.  Организмге темірдің сіңірілуін тежейтін (ингибиторлар) азық-түліктер:

1. шырындар

+2. шәй

+3. кофе

4.  көкөністер

5. ет

81. Фитостерин холестеринемияны қалай болдыртпайды?

1. фитостерин холестериннің синтезін тежейді; 

2. фитостерин холестерин із ашарларының синтезін тежейді;

+3. холестеринмен байланысып, ерімейтін комплекстер түзеді; 

4. фитостерин холестеринге әсер етпейді;

5. фитостерин холестериннің организмнен шығарылуына жағдай жасайды;

82. Қандай тағамдық заттек атеросклероздың дамуына қатысады?

1. холестерин

+2. құрамында қаныққан май қышқылдары бар азықтар

3. КҚМҚ

4. линолен қышқылы

5. аскорбин қышқылы

83. 4 реттік тамақтану кезінде ертеңгі, түскі, бесінді және кешкі ас үлестеріне қанша пайыз тиеді?

+1. ертеңгі ас 25%, түскі ас 35%,  бесінді ас 15%, кешкі ас 25%;

2. ертеңгі ас 10%, түскі ас 45%,  бесінді ас 15%, кешкі ас 30%;

3. ертеңгі ас 20%, түскі ас 30%,  бесінді ас 15%, кешкі ас 35%;

4. ертеңгі ас 15%, түскі ас 45%,  бесінді ас 20%, кешкі ас 20%;

5.   ертеңгі ас 15%, түскі ас 50%,  бесінді ас 15%, кешкі ас 25%;

84. Тамақтың құндылық сипатын не анықтайды?

1. белоктармен қамтамасыз ету;

2. витаминдермен қамтамасыз ету; 

3. майлармен қамтамасыз ету;

4. көмірсулармен қамтамасыз ету;

+5. калориялығы;

85. Тиімді тамақтануды құрайтын негізгі элементтерді көрсетіңіз

+1. тамақтану режимі; 

2. энергияның реттелмейтін шығыны;

3. негізгі алмасуға кеткен энергия  шығынын есептеу;

4.дене жұмысына кеткен энергия  шығынын есептеу;

+5. негізгі тамақтық заттардың үйлесімділігі;

86. Тағамдық талшықтарды атаңыз:

1. каротин

+2. пектин

3. холин

4. фоли қышқылы

+5. клетчатка

87. Құрамында гемсіз темірі жоғары азық-түліктер:

1.ет және ет өнімдері

2.қант

+3.алма

4. сүт және сүт өнімдері

+5. бұршақ тұқымдастар

 

88. Организмдегі темірдің сіңуін күшейтетін қоректік заттектер:

+1.фоли қышқылы

2. май қышқылдары

3. көмірсулар

+4. аскорбин қышқылы

5.майлар

89. Магнийдің негізгі көзі болатын өнімдер:

1.балық және теңіз өнімдері

+2.кебектер

+3.арпа жармасы

4.көкөністер

5.малдың бауыры

90. Құрамында көп мөлшерде гемді темірі бар өнімдер:

+1.балық

2.нан және нан өнімдері

3.сүт және сүт өнімдері

4. көкөністер

+5.ет және ет өнімдері

91. Антиоксидантты қасиеті бар витаминдерді көрсетіңіз:

1.Д

+2.А

+3.С

+4.Е

5. РР

92. Организмнің энергияға қажеттілігін қандай негізгі қоректік заттектердің есебімен толтырылады?

1. белоктар

2. витаминдер

+3. майлар

+4. көмірсулар

5.  минералдық заттектер

93. Метиониннің көзі болатын азық-түліктер:

1. жемістер

2. көкөністер

+3. сүзбе

+4. ірімшік

+5. балық

94. Каротиннің негізгі көзі болатын азық-түліктерді көрсетіңіз

1. жасыл алма

+2. томат

+3. сәбіз

+4. қызыл тәтті бұрыш

5. картоп

95. Ішектің жиырылу қызметін артыратын көмірсуларды атаңыз

1.галактоза

2. сахароза

3. фруктоза

+4.целлюлоза

+5.клетчатка

96. Белоктың организмдегі негізгі ролін көрсетіңіз

1. энергия көзі

+2. пластикалық қызметі

3. витаминдердің ерітушісі

+4. гормондардың, ферменттердің құрамына кіреді

+5. қорғаныс қызметі

97. Ішектің пайдалы микрофлорасын реттеуге қатысатын көмірсуларды атаңыз

1. галактоза

2. сахароза

3. фруктоза

+4. целлюлоза

+5. клетчатка

98. Алмастырылатын амин қышқылдарын атаңыз

+1. аспарагин

+2.серин

3.треонин

4. валин

5. триптофан

99. Табиғи фруктозаның көзі болатын өнімдерді  атаңыз:

1. сүт

2. балық

3. ет

+4. жемістер

+5. жидектер

100. Қаныққан май қышқылдарын атаңыз:

+1.стеарин қышқылы

2.линолен қышқылы

3.арахидон қышқылы

+4.пальмитин қышқылы

+5.капрон қышқылы

101. С витаминінің көзі болатын өнімдерді көрсетіңіз

1. балық

+2. итмұрын

+3. тәтті қызыл бұрыш

+4. цитрус

5 малдың бауыры

102. Үйлесімді тамақтанудың адам өміріндегі мәні қандай

+1.бойдың және ақыл ойдың қалыпты дамуына қажетті қоректік заттармен қамтамассыз етеді;

+2. барлық энергия шығынының орнын толтырады;

3. созылмалы аурулардың ағымын тежейді;

+4.аурушылдық дәрежесін төмендетеді;

5.өлімшілік дәрежесін төмендетеді;

 

103. Төмендегі анықтаманың қайсысы гипервитаминозды көрсетеді?

1.организмге витаминдердің жеткіліксіз түсуі;

+2.организмге витаминдердің артық түсуінен дамитын патологиялық жағдай;

3.организмде витаминдердің болмауы;

4.витаминдердің сіңірілмеуі;

5.су тұз алмасуының  бұзылуы;

104. Сілтілі сипаттағы микроэлементке қайсысы жатады?

+1.кальций

+2.магний

+3.натрий

4.фосфор

5.кальций

105. Алмастырылмайтын амин қышқылдарын атаңыз:

+1.валин

+2.триптофан

+3.изолейцин

+4 лизин

5.аспарагин

106. Витаминтәрізді заттарға жатады:

1. лецитин

2. стеарин

+3. пангам қышқылы

4. фолий қышықылы

+5. холин

107. Алмастырылмайтын амин қышқылдарын атаңыз:

+1.фенилаланин

2.линоль

3.арахидон

+4.изолейцин

+5.лейцин

 

108. Көпқанықпаған май қышқылдарын көрсетіңіз:

+1.линоль

+2.линолен

+3.арахидон

4.олеин

5.пальмитин

109. Сүйек қалыптасуына қатысатын минералдық заттек:

1. хлор

2. бром

3. натрий

+4.марганец

+5. стронций

110. Көпқанықпаған май қышқылдарының көзі:

+1. өсімдік майы

2. шошқа майы

+3. балық майы

+4. жылқы майы

5. қой майы

111. Нан қандай витаминдердің көзі болып табылады?

+1. В тобы витаминдері

2. С витамині

3. К витамині

4. Д витамині

5. А витамині

112. Пигмент түзуші бактериямен зақымдалған нанның партиясын қалай пайдаланған жөн?

1. тағамдық мақсатта жарамды;

2. технологиялық қайта өңдеуге жіберу;

+3. тағамдық мақсатта жарамсыз;

4. жылумен өңделгеннен кейін  тағамдық мақсатта жарамды;

5. өртеу.

113. Нанның картоп ауруын қандай микроорганизмдер шақырады?

1. анаэробтар микробтары

2. пигмент түзуші микробтар

+3. Mesentericus тобының бактериялары

4. галофильді бактериялар

5. ақ зең

114. Қандай көрсеткіштер нанның тағамдық құндылығын сипаттайды?

+1. адам нанды жеуден жалықпайды

+2. тойыну сезімі

3. амин қышқылының жоғары мөлшері

4. көп мөлшерде көмірсудың болуы

5. белоктардың жоғары биологиялық құндылығы

115. Арам шөп қоспаларына қайсылары жатады?

+1. қарамықша (куколь)

2. эпифитті микрофлора

+3. қоянбеде (вязель)

4. көгерткіш саңырауқұлақ

+5. есекмия

116. Нан сапасының негізгі физикалық-химиялық көрсеткіштеріне қайсылары жатады?

+1. ылғалдылығы

2. түсі

+3. кеуектілігі

+4. қышқылдылығы

5. ароматтылығы

117. Не себепті ақ нан картоп ауруымен зақымданады?

1. кеуектілігі жоғары болғандықтан;

+2. қышқылдылығы төмен болғандықтан;

3. қышқылдылығы жоғары  болғандықтан;

4. ол қате түсінік, себебі картоп ауруы барлық нанды зақымдайды; 

5.картоп ауруымен ақ нан зақымдалмайды;

118. Дәнді-дақылдарға рұқсат етілген металл қоспасының мөлшерін көрсетіңіз:

1. 1 кг-ға 1 мг-нан кем емес;

+2. 1 кг-ға 3 мг-нан артық емес;

3. 1 кг-ға 10 мг-нан артық емес;

4. 1 кг-ға 20 мг-нан кем емес;

5. 1 кг-ға 30 мг-нан артық емес;

119. Картоп ауруының алдын алудағы шараларды көрсетіңіз:

1. ұнды електен өткізу;

+2. нанды тез суыту;

+3. ыстық нанды сатуға рұқсат бермеу;

4. ұнға қамба зиянкестерінің түсуін болдыртпау; 

5. нан пісіру температурасын қатаң сақтау;

120. Құрамы бойынша ана сүтіне жақын сүтті көрсетіңіз:

1. казеинді сүт

2. қой сүті

3. буйвол сүті

+4. альбуминді сүт

5. сиыр сүті

121. Сүтте қандай белоктар кездеседі?

+1. лактоальбумин

2. күрделі

+3. казеиноген

4. қарапайым

+5. лактоглобулин

122. Жаңа сауылған сүт қандай қасиетке ие?

1. жеңіл сіңімді

2.витаминге өте бай

+3.бактерицидті

4.биологиялық құндылығы өте жоғары

5.ана сүтінің алмастырушысы

123. Адамға сүт арқылы берілетін жұқпалы ауруды атаңыз:

1. трихинеллез

2. эхинококкоз

3. фасциолез

+4. бруцеллез

5. тениидоз

124. Қышқылды сүт өнімдерінде жиі кездесетін қышқылды көрсетіңіз:

1. жүзім қышқылы

2. май қышқылы

+3. сүт қышқылы

4. аскорбин қышқылы

5. фоли қышқылы

125. Сүттің қай көрсеткіші МЕСТ-пен (ГОСТ) нормаланады?

1. тығыздығы

+2. майдың мөлшері

3. құрғақ заттардың мөлшері

4. құрғақ майсыз заттары

5. минералдық заттары

126. Сүт микрофлорасының дамуындағы бактерицидтік фазаның ұзақтығы неге байланысты?

1. Сүт пастеризациясына;

2. Сүтті алу әдісіне;

3. Сүтті сақтау уақытына;

+4. Сүттің бастапқы бактериямен ластануына;

5. Сүтті алған мал түріне;

127. Қай витамин сүтқышқылды бактерияның өнімі болып табылады?

1. С витамині

2. Д витамині

3. А витамині

4.  Е витамині

+5. В тобының витаминдері

128. Қандай қасиетіне байланысты қымызды туберкулез ауруын емдеуде ұсынады?

+1. антибиотикалық; 

2. майда еритін витаминдердің көп болуы;

3. сарысу белоктары көп болғандықтан;

4. минералдық заттардың аз мөлшері;

5. суда еритін витаминдердің аз болуы; 

129. Сүтте ғана кездесетін көмірсуды атаңыз:

1. глюкоза

2. фруктоза

+3. лактоза

4. мальтоза

5. крахмал

130. Сүттің қышқылдылығын атаңыз:

+1. 210

2. 150

3. 100

4. 300

5. 350

131. Сүттің бактерицидтік фазасында қандай өзгерістер дамиды?

1. протей дамиды;

2. ішек таяқшасы дамиды;

3. сүтқышқылды бактериялар дамиды;

+4. лактениндердің мөлшері көбейеді;

5. сүттің қышқылдылығы артады;

132. Сүт қышқылды фаза қандай жағдайда дамиды?

1. Сүтті сауған сәттен бастап;

2. Сүттің температурасы 100 С-тан төмен болғанда;   

+3. Сүттің температурасы 100 С-тан жоғары болғанда;

4. Сүтті тоңазытқанда;

5. Сүтті пісіргенде;

133. Аралас ашу өнімдеріне қайсысы жатады?

1. қаймақ

+2. айран

3. ряженка

+4. қымыз

+5. шұбат

134. Сүттің бактериямен тұқымдану дәрежесін қандай фермент көрсетеді?

1. фосфатаза

2. пероксидаза

+3. редуктаза

4. каталаза

5. липаза

135. Сүттің  пастеризациялану тиімділігін қандай фермент көрсетеді?

+1. фосфатаза

2. редуктаза

+3. пероксидаза

4. каталаза

5. липаза

136. Сүт консервісіне қайсысы жатады?

1. балмұздақ

+2. қойылтқан сүт

3. ряженка

4. сүзбе

5. қаймақ

137. Сүттің қышқылдылығын қандай бірлікпен өлшейді?

1. Цельсия градусы

2. Грамм

3. Мл

+4. Тернер градусы

5.Пайыз

138. Сүттің аралас микрофлора фазасында қандай өзгерістер болады?

1. бактерицидтік заттектер бөлінеді;

2. сүтқышқылды бактерия дамиды;

+3. шіріткіш және флюоресентті бактерия дамиды;

4. сүттің қышқылдылығы жоғарылайды;

5. барлық микрофлора тіршілігін жояды;

139. Сүтқышқылды ашу өнімдеріне қайсылары жатады?

+1. ряженка

2. айран

3. қымыз

4. шұбат

+5. йогурт

140. Құстың еті қандай топтарға бөлінеді?

1. топқа бөлінбейді

+2. ақ етті

3. дәнекер тінді

4. тез бұзылатын

+5. қоңырқай етті

141. Еттің азотты шырсөлдік заттарын көрсетіңіз:

+1. креатин

2. глюкоза

3. карнитин

4. сүт қышқылы

+5. ансерин

142. Еттің азотсыз шырсөлдік заттарын көрсетіңіз:

1. креатин

+2. глюкоза

3. карнозин

+4. сүт қышқылы

5. ансерин

143. Еттің сапасын сипаттайтын көрсеткіштерді көрсетіңіз:

+1. боялуы

2. жілік майы

+3. бұлшық ет ішіндегі майы

4. сорпа иісі

+5. ылғалды байланыстыру қасиеті

144. Балық қандай нутриенттердің көзі болып табылады:

+1. толыққұнды белоктардың

2. эфир майларының

+3. жеңіл сіңірілетін майлардың

+4. майда еритін витаминдердің

5. органикалық қышқылдардың

145. Тек балықта болатын белокты атаңыз:

1. альбумин

+2. ихтулин

3. миоген

4. миозин

5. актин

146. Жаңа ауланған балықтың бүліну белгілерін атаңыз:

+1. «күнсуі»

2. жылтырауы

+3. «тоттануы»

4. қараюы

5. үлкеюі

147. Тұздалған балық немен зақымдалады:

1. «күнсумен»

+2. фуксинмен

3. «тоттанады»

+4. ірімшік шыбынымен

5. зақымдалмайды

148. Описторхоз адамда қандай ауру түрінде өтеді:

1. қатерлі анемия

+2. холецистит немесе ангиохолит

3. тырысқақ

4. туберкулез

149. Дифиллоботриоздың эпидемиологиялық тізбегін атаңыз:

1. адам-моллюскалар-тұщы су балықтары-адам

+2. адам-шаяндар-балық-адам

3. адам-кеміргіш-балық-адам

4. ит-адам-шаян

150. Балық арқылы берілетін гельминтоздарды атаңыз:

1. «күнсу»

+2. дифиллоботриоз

3. «тоттануы»

4. тениидоз

+5. описторхоз

151. Балық арқылы берілетін гельминтоздарды алдын-алу шараларын атаңыз:

1. жалпы

2. жергілікті

+3. түбегейлі

+4. паллиативті

5. беткейлік

152. Дифиллоботриоз адамда қандай ауру түрінде өтеді:

+1. қатерлі анемия

2. холецистит, ангиохолит

3. тырысқақ

4. туберкулез

5. аусыл

153. Описторхоздың эпидемиологиялық тізбегін атаңыз:

+1. адам-моллюскалар-тұщы су балықтары-адам

2. адам-шаяндар-балық-адам

3. адам-кеміргіш- балық-адам

4. ит-адам-шаян

5. адам-шаян-кеміргіш-шаян

154.Балықтың «күнсуі» дегеніміз не:

1. балықтың беткейінде пигмент түзуші бактериялардың дамуынан болған қызыл өңез  

+2. гемолизденген қаннан омыртқаның екі жағындағы бұлшық етінің қараюы

3. майдың тотығуынан балық беткейінің  сұрылануы

4. ірімшік шыбынының өркенқұрттарымен тұқымдануы

5. желбезектерінің алқызыл түске болуы

155.Балықты тұздағанда оның тағамдық құндылығы қалай өзгереді:

1.жоғарылайды

+2.төмендейді

3.өзгермейді

4.едәуір жоғарылайды

5.жақсарады

156.Балықты ыстағанда оның тағамдық құндылығы қалай өзгереді:

+1.жоғарылайды

2.төмендейді

3.өзгермейді

4.едәуір жоғарылайды

5.нашарлайды

157.Дифиллоботриоздың алдын-алу  үшін түбегейлі шараны атаңыз:

1.балықты қатыру

2.жұқалап кесілген күйінде қуыру

3.ыстықпен және суықпен ыстау

4.балықты тұздау

+5.су қоймаларының гельминт жұмытрқасымен ластануының алдын алу

158.Дифиллоботриоздың алдын-алу  үшін паллиативті шараны атаңыз:

1.балықты қатыру

+2. балықты шикі күйінде тұтынуға тыйым салу, жұқалап кесілген күйінде қуыру

3.ыстықпен және суықпен ыстау

4.балықты тұздау

5.су қоймаларының гельминт жұмытрқасымен ластануының алдын алу

159.Галлофильді микроб B.serratia salinaria қандай балықты зақымдайды:

1.тірі

2.сүрленген

3.ысталған

+4.тұздалған

5. буланған

160.Балық қандай микроэлементтің көзі болып табылады:

+1. йод

2. мыс

3. темір

4. магний

5. фтор

161. Тағамдық үстемелерді қолдануға қойылатын талаптар:

1. экономикалық жағынан тиімділігі

2. кез келген салада қолдануға болатындығы

3. зияндылық салдарының болмауы

+4. адам денсаулығына толық зиянсыздығы

5. тағамдық үстемелерді қолдануға шектеу қойылмаған

162. Қандай тағамдарды бояуға тыйым салынады?

1. сыра, шарап

2. кисель, сусын

+3. нан, сүт

4. кондитерлік өнімдер

5. май

163. Ванилин қай тағамдарды әзірлеуде қолданады?

+1. кондитерлік өнімдер

+2. балмұздақ

3. шұжық өнімдері

4. меланж

5. балық өнімдері

164. Нан пісіру сапасын арттыру мақсатымен қандай тағамдық үстеме қолданылады?

+1. ашытқы

2. хлорлы натрий

3. гипосульфохлорид

4. лимон қышқылы

5. натрий глутаматы

165. Шұжық өнімдеріне нитритті не мақсатта қосады?

1. дәмін жақсартуға

+2. түсін жақсартуға

3. иісін жақсартуға

4. пішінін жақсартуға

5. консистенциясын жақсартуға

166. Тағамдық үстеменің толық анықтамасын беріңіз:

1. тағамды даярлау барысында қосатын табиғи заттектер

2. синтектикалық заттар

+3. тағамдық өнімді дайындауда сапасын арттыру үшін қосылатын табиғи және синтектикалық заттар

4. тағамға дәмдік және хош иіс беретін өсімдік текті өнімдер

5. азық-түліктердің тұрақтылығын арттыратын заттар

167. Жұмыртқа меланжы дегеніміз:

1. шикі жұмыртқа

+2. қатырылған жұмыртқа массасы

3. құрғақ жұмыртқа ұнтағы

4. жұмыртқаның ажыратылып алынған сарыуызы

5. жұмыртқаның ажыратылып алынған ақуызы

168. Жұмыртқаның қай бөлігі құнды липидтің көзі болып табылады?

1. ақуыз

2. әкқабық

+3.сарыуыз

4. ауа камерасы

5. халаза

169. Жұмыртқа арқылы қандай ауру тарайды?

1. туберкулез

+2. сальмонеллез

3. бруцеллез

4. күйдіргі

5. аусыл

170. Емдәмдік (диеталық) жұмыртқаларға қайсысы жатады:

+1. салмағы 44 гр-нан кем емес, басылғаннан 7 тәулікке дейінгі жұмыртқалар

2. салмағы 44 гр-нан кем емес, басылғаннан 10 тәулікке дейінгі жұмыртқалар

3. басылған мерзіміне байланыссыз, салмағы 43 гр болатын жұмыртқалар

4. салмағы 40 гр-нан кем емес, басылғаннан 7 тәулікке дейінгі

5. салмағы 44 гр-нан кем емес, басылғаннан 10 тәулікке дейінгі

171. Жұмыртқаның өңделген өнімдеріне  қайсылары жатады:

1. кондитер өнімдері

+2. жұмыртқа ұнтағы

3. түрлі салаттар

+4. меланж

5. макарон өнімдері

172. Қандай жұмыртқалар тағамдық мақсатта жарамсыз болып есептеледі?

1. ауалы қуыстың (пуга) биіктігі 13 мм-ден асады

+2. қан ұйындыларының болуы

3. әкқабығының жарықтануы

+4. сарыуыз бен  ақуыздың толық араласуы

5. әкқабығының қатты ластануы

173. Жұмыртқа құрамындағы белоктардың қайсысы биологиялық аса құнды:

1. авидин

2. альбумин

+3. овоальбумин

4. глобулин

5. казеин

174. Көкөністер мен жемістердегі қандай заттек организмнен холестеринді шығаруға және ішектің пайдалы микрофлорасының тіршілігін қалыптандыруға ықпал етеді:

1. қанттар

2. минералдық элементтер

3. витаминдер

+4. клетчатка

5.  органикалық қышқылдар

175. Картопта көп мөлшерде кездесетін көмірсуды атаңыз:

1.гликоген

+2.крахмал

3. пектин

4. клетчатка

5. глюкоза

176. Піспеген жемістердің қаттылығын қандай заттек қамтамасыз етеді:

+1.протопектин   

2.фитонцидтер

1.      пектин

2.      клетчатка

3.      органикалық қышқылдар

177.Саңырауқұлақтарда  көп мөлшерде кездесетін көмірсуды атаңыз:

+1.гликоген

2.крахмал

3.пектин

4.клетчатка

5.фруктоза

178.Қандай көкөністер өттің түзілуін ынталандырады:

1.томат

+2.сәбіз

+3.шомыр

4. қияр

5. қырық қабат

179. «Консервілеу» дегеніміз не:

1. бекітілген температура мен уақытта  жылулық өңдеуден өткізу

+2. азық-түліктің биологиялық құндылығын, дәмдік қасиеттерін және эпидемиологиялық қауіпсіздігін ұзақ мерзімде сақтап қалуға бағытталған сенімді әдіс

3. бекітілген ылғалдылық пен қысымды сақтау арқылы азық-түлікті өңдеу

4. азық-түлікті қатыру

5. азық-түліктің толыққұндылығын сақтау үшін мұздату

180. Азық-түліктің гигиеналық сараптамасының анықтамасын атаңыз:

1. Азық-түліктің тасымалдануы, сақталуы, таратылуы

+2. Азық-түліктің сапасын және таратылу мүмкіндігі мен тәртібін анықтауға бағытталған шаралар

3. Азық-түлікті тазартуға бағытталған шаралар

4. Азық-түліктің тағамдық және биологиялық құндылығын анықтау шаралары

5. Азық-түліктің эпидемиялық маңызын анықтауға бағытталған шаралар

181. Азық-түліктің тағамдық   құндылығы қандай көрсеткіштер арқылы бағаланады:

+1. ассортименттің көптігімен

2. белоктың, майдың, көмірсудың мөлшерін анықтау

+3. жеңіл қорытылуы

4. витаминдердің, минералдық элементтердің  мөлшерін анықтау

+5. аз шығындырғыштығымен

182. Санитариялық-эпидемиялық қауіпті азық-түлік партиясына қандай шешімдер қабылданады:

1. шектеусіз тарату

+2. ветеринарлық қызметтің шешімі бойынша мал жеміне жіберу

3. жылулық өңдеуден кейін шектеусіз тарату

+4. техникалық утилизацияға жіберу

+5. жою

183. Қандай жағдайда жоспардан тыс гигиеналық сараптама жүргізіледі:

1. азық-түлікпен жанасатын ыдыстардың сапасын анықтау

2.  өндірілетін азық-түлік рецептурасының мемлекеттік қадағалау ұйымдарымен бекітілген рецептураға сәйкестігі

+3. тамақтан улану кезінде

+4. жоғарғы санитариялық ұйымдардың тапсырмасы бойынша

5. азық-түліктің құрамындағы пестицидтердің қалдық мөлшерін анықтау мақсатымен 

184. Азық-түліктің биологиялық құндылығы қандай көрсеткіштер арқылы бағаланады:

1. ассортименттің көптігімен

+2. белоктың, майдың, көмірсудың мөлшерін анықтау

3. жеңіл қорытылуы

+4. витаминдердің, минералдық элементтердің  мөлшерін анықтау

5. аз шығындырғыштығымен

185. Қандай жағдайда жоспарлы гигиеналық сараптама жүргізіледі:

+1. азық-түлікпен жанасатын ыдыстардың сапасын анықтау

+2.  өндірілетін азық-түлік рецептурасының мемлекеттік қадағалау ұйымдарымен бекітілген рецептураға сәйкестігі

3. тамақтан улану кезінде

4. жоғарғы санитариялық ұйымдардың тапсырмасы бойынша

+5. азық-түліктің құрамындағы пестицидтердің қалдық мөлшерін анықтау мақсатымен

186. Зерттелетін көлемі нормативтік құжатта көрсетілмесе, азық-түлік партиясының қанша мөлшерін ашу қажет:

1. 3-5 пайызы

+2. 5-10 пайызы

3. 15-20 пайызы

4. 20-25 пайызы

5.25-30 пайызы

187. Шикі (сырые) сұйық май қандай тазартылу прцесінен өтеді.

1. тұндыру

+2. фильтрация

3. гидратация

4. нейтрализация

5. механикалық тазарту

188. Саломас дегеніміз не?

1. майлы дақылдардың дәнегінен алынады

2. тек фильтрациядан өткен май

3. рафинация кестесімен толық тазартылған май

+4. қаттыландырылған, гидрогенизацияланған сұйық май

5.мал майы

189. Майдың ақауларын көрсетіңіз:

1. көгеруі

+2. ашып кетуі

3. божуы

+4. тоңмайлануы

5. шіруі

190. Қандай өсімдік майының құрамында көпқанықпаған май қышқылдары (КҚМҚ) көп кездеседі?

1. күнбағыс майы

2.мақта майы

+3.зығыр майы

4. жүгері майы

+5. бадам майы

191. Кондитерлік өнімдер қалай бөлінеді?

1. сулы

+2. ұнды

3. майлы

+4. қантты

5. құрғақ

192. Өсімдік майлары тазартылу дәрежесіне қарай қалай жіктеледі?

1. тазартылған

+2. шикі

+3. рафинадталған

4. тазартылмаған

+5. рафинадталмаған

193. Еттің жетілу процесінде етте қандай өзгерістер болады:

1. гликоген көбейеді

2. сүт және фосфор қышқылдары көбейеді

+3.еттің рН жоғарылайды

4.сутегі иондарының концентрациясы азаяды

5. етте ешқандай өзгерістер болмайды

194. Шалдығу белгілері бар, жайылған туберкулезбен ауыратын малдың етін қалай пайдаланған жөн:

1. жақсылап қайнатқаннан кейін жарамды

+2. тағамдық мақсатта жарамсыз

3. еттің зақымданған жерлерін алып тастағаннан кейін жарамды

4. туберкулезбен ауыратын малдың /формасына байланыссыз/ етін жою керек

5. мал дәрігерінің рұқсатымен жем ретінде қолдану

195.Трихинеллоскопия барысында 1 трихинелла анықталғанда, осы етті қалай пайдалануға болады:

1. техникалық қайта өндеуге жіберу

2. тағамдық мақсатты шексіз жарамды

3. жылумен өндегеннен кейін адамға қауіпті емес

+4. етті жою керек

5. мал жеміне жіберу

196. Қандай құстардың жұмыртқасы эпидемиологиялық жағынан қауіпті болып табылады:

+1. үйрек

2. тауық

+3. қаз

4. күркетауық

5. үндік

197.Балықтың бүліну белгісін атаңыз:

1.жылтырауы

2.қараюы

+3.«күнсуі»

+4.«тоттануы»

5.кішіреюі

198. «Ұнды жетілдіру» қандай әдіспен жүзеге асырылады:

1. ұнды желдету арқылы

2. ұнды қайта өндеу

+3. ұнды 1-2 ай бойы қолайлы жағдайда сақтау

4. ұнды витаминдеу

5. температураны көтеру арқылы

199. Маститпен ауырған сиыр сүтін тарату жолы:

1. құрғақ сүт жасауға жіберу

2. мал жеміне жіберу

+3. сауда және қоғамдық тамақтандыру орындарында таратуға тыйым салу

4. майсыздандыру

5. шектеусіз тарату

200. Сүттің рұқсат етілген қышқылдылығы:

1. 10 о Т

2. 15 о Т

3. 18 о Т

+4. 21 о Т

5. 25 о Т

201. Сүттің фазаларын атаңыз:

+1. бактерицидті

2. бактериостатикалық

+3. аралас микрофлора фазасы

4. сүт фазасы

+5. сүтқышқылды фаза

202. Сүттегі бактерицидтік фазаның ұзақтығы неге байланысты:

1. сақтау мерзіміне

+2. микробтармен бастапқы ластануына

3. сақтау жағдайына

4. пастеризацияға

5. стерилизацияға

203. Ауру малдың еті арқылы берілетін гельминтоздар:

+1. эхинококкоз

2. описторхоз

+3. трихинеллез

+4. тениидоз

5. дифиллоботриоз

204. Ет ұшасының 40 см2  үлгісінен 2 финна табылғанда, ет партиясын қалай таратуға болады:

1. жою

2. мал жеміне жіберу

+3. беті ашық ыдыста 2 сағат қайнату

4. техникалық утилизация

+5. беті жабық ыдыста 1,5 сағат қайнату

205.«Нағыз консервілер» дегеніміз не:

1.Аз уақыт ішінде таратуға арналған, стерилизациядан өтпеген, тұмшаланып

    жабылмаған өнім

+2.Ұзақ уақыт сақтауға арналған, стерилизациядан өткен, тұмшаланып жабылған өнім

3. Аз уақыт  ішінде таратуға бағытталған стерилденген азық

4. Тез таратуға арналған тұмшаланған өнім

5. Дайын болған бойда таратылатын өнім

206.«Пресерв» дегеніміз не:

+1.Аз уақыт ішінде таратуға арналған, стерилизациядан өтпеген, тұмшаланып жабылған өнім

2.Дайын болған бойда таратылатын өнім

3.Аз уақыт таратуға бағытталған стерилденген азық

4.Тез таратуға арналған тұмшаланған өнім

5.Ұзақ уақыт сақтауға арналған, стерилизациядан өткен, тұмшаланып жабылған өнім

207.«Фальсификат азық-түлік» дегеніміз:

1.Азық-түліктің биологиялық құндылығын жақсарту мақсатымен витаминдеу  шарасы

2.Азық-түліктің тағамдық  құндылығын жақсарту мақсатымен витаминдеу шарасы

+3.Азық-түліктің органолептикалық және физикалық-химиялық қасиеттерін

     жақсарту мақсатымен қосылған тағамдық құндылығы төмен заттектер

4.Азық-түліктің органолептикалық қасиеттерін    жақсарту мақсатымен қосылған  тағамдық құндылығы жоғары заттектер

5.Азық-түліктің химиялық қасиеттерін жақсарту мақсатымен қосылған тағамдық құндылығы төмен заттектер

208. Сүтті қалыптандыру   (нормализация)  жолдары:

1. сары май қосу

+2. майсыз сүтпен араластыру

+3. кілегей қосу

4. құрғақ сүт қосу

5. қайнаған су қосу

209. Не себепті қара нан картоп ауруымен зақымданбайды?

1. кеуектілігі төмен болғандықтан

+2. қышқылдылығы жоғары болғандықтан

3. нанды қоңыр түске бояйтын меланин, картоп ауруының дамуына кедергі келтіреді

4. қамырда болатын тирозиназа ферменті картоп ауруы қоздырғыштарының дамуын тежейді

5. қара нан картоп ауруымен зақымданады

210. Тез бұзылатын өнімдер:

1. консервілер

+2. шұжықтар

3. көкөністер

+4. дүмбіл өнімдер

+5. сүт өнімдері

211. Еттің азотты экстрактивті заттарын  көрсетіңіз

+1. креатин

2. глюкоза

+3. карнозин

4. сүт қышқылы

+5. ансерин

212. Балық белоктарының липотропты қасиеті төмендегі қай амин қышқылының жоғары мөлшерде болуына байланысты?

1. фенилаланин

+2. метионин

3. аргинин

4. лизин

5. треонин

213. Төмендегілердің қайсысы қамыр борпылдатқыш ретінде қолданыла алады?

1. қышқылдар

2. тұздар

3. сілтілер

+4. амилолиттік ферменттер

5. витаминдер

214. Қымызды туберкулез ауруын емдеуде қандай қасиетіне байланысты ұсынады?

+1. қымыздың антибиотикалық қасиетіне байланысты

2. қышқылдығының төмен болуына байланысты

3. майлылығына байланысты

4. минералдық заттарына байланысты

5. суда еритін витаминдердің болуына байланысты

215. Нанның  «Закал» деп аталатын дефектісі немен байланысты?

1. ұзақ уақыт сақталғанмен

2. дән сақтау қоймаларының төменгі температурасымен

+3. технологиялық процестің бұзылуымен

4. ұнның қамба зиянкестерімен ластануынан

5. «Закал» дефект емес

216. Картоп ауруының алдын алудағы шараны көрсетіңіз?

1. ұнды електен өткізу

2. ұн қамбаға зиянкестерінің түсуін болдырмау

+3. нанды тез суыту

4. нан пісіру температурасын қатаң сақтау

+5. ыстық нанды сатуға рұқсат бермеу

 

217. Жұмыртқа ұнтағын қалай алады?

1. жұмыртқа қоймалжыңын қайнатады

2. жұмыртқа қоймалжыңын мұздатады

3. жұмыртқа қоймалжыңын булайды

4. жұмыртқа қоймалжыңын пісіреді

+5. жұмыртқа қоймалжыңын кептіреді

218. Тағамдық үстеменің дұрыс анықтамасын көрсетіңіз?

1. азық-түлік өндірісінде технологиялық үрдісті тездету үшін қолданылатын химиялық заттар

2. технологиялық үрдісті жақсарту  үшін қолданылатын химиялық заттар

+3. азық-түліктің сапасын жақсарту, технологиялық үрдісті тездету үшін тамақ өнеркәсібінде қолданылатын табиғи және синтетикалық заттар

4. азық-түліктің сапасын жақсарту үшін қосылатын химиялық заттар

5. азық-түліктің сақтау жағдайын жақсарту үшін қосылатын химиялық заттар

219. Ашытылған сүт өнімдерін алу үшін қандай сүт қолданылады?

+1. пастерленген

2. шикі

3. стерилденген

4. гомогенделген

5. майсыздандырылған сүт

220. Қамба зиянкестерінің өсуі мен көбеюіне қандай факторлар әсер етеді:

1. төменгі температура

+2. жоғарғы температура

+3. жоғарғы ылғалдылық

4.  төменгі ылғалдылық

 5. жоғарғы қышқылдылық

221. Жоғары сортты ұнды өндіруде қандай тағамдық заттектер азаяды:

1. белоктар

2. майлар

3. көмірсулар

+4. витаминдер

+5. минералдық заттектер

222.Еттегі дәнекер тінінің белоктарын көрсетіңіз

1. миозин

2. миоген

3. актин

+4. коллаген

+5. эластин

223. Дифилоботриоздың түбегейлі алдын алу шараларын атаңыз

1. балықты қатыру

2. балықты жұқалап құыру

3. ыстық пен және суықпен ыстау

+4. жағалаудағы тұрғындарды дегельминтизациялау

+5.гельминт жұмыртқыларының суға түсуін болдыртпау

224 .Дифилоботриоздың профилактикасындағы паллиативті  алдын алу шараларын атаңыз

+1. балықты шикілей қолданбау

+2. балықты жұқалап құыру

3. тұздауға рұқсат бермеу

4. жағалаудағы тұрғындарды дегельминтизациялау

5.гельминт жұмыртқыларының суға түсуін болдыртпау

225. Сүт қышқылды өнімдерге не жатады

1. айран

+2. йогурт

+3. ацидофильді паста

4.ірімшік

+5. ряженка

226.  Аралас ашу өнімдеріне не жатады

+1. шұбат

2. йогурт

+3. қымыз

4. қаймақ

+5. айран

227. Қамба зиянкестерімен ластану дәрежесін анықтау үшін дәнді-дақылдардың қанша мөлшері зерттеуге алынады:

+1. 1 кг

2. 2 кг

3. 3кг

4. 4 кг

5. 5кг

228.  Балықтың «тоттануы» дегеніміз не:

1. қызғылт түске боялуы

2.  омыртқа тұсында қызыл сызықтың болуы

+3. бетіндегі майдың оттегімен тотығуы

4.  балықтың консистенциясының  босаңсуы

5. желбезектің сынуы

229.Нанның сіңірілуі неге байланысты:

1. дәміне

2. пішініне

+3. сортына

4. тығыздығына

5. иісіне

230. Нанның кеуектілігін қандай заттектер құрайды:

1. сүт қышқылы

+2. спирт

+3. көмір қышқылы

4. шарап қышқылы

5. фоли қышқылы

231. Бірдей рацион қабылдайтын ұжымдардың ұйымдастырылған тамақтануын қандай әдіспен зерттейді?

1. баланстық

2. бюджеттік

3. салмақ өлшеу

+4. дастархан мәзірі (меню раскладка) бойынша

5. анкеталық

232. Есеп беру бойынша халықтың тамақтануын зерттеу қалай жүреді?

1. күнделікті құрылатын дастархан мәзірін бастапқы обьект болып табылады

+2. бір айлық есеп негізінде, тамақтанушылардың санын біле отырып, бір күнде бір адамның тағамдық өнім тұтынуын есептеуге болады

3. бірнеше жылдар барысында жыл бойына жүргізіледі

4. тікелей тамақтың өнімдерін, оның қалдығын және желінбеген тамақты өлшеу

5. сауал қою арқылы күнделікті тұтынылған тағамдық өнімдерді тіркеу және шығынды өлшеу арқылы бақылау

233.  Ұйымдастырылған топтың тамақтануын зерттейтін әдістердің бірін көрсетіңіз

1. анкеталық

2. бюджеттік

3. баланстық

4. сауал қою – салмақ өлшеу

+5. есептеу

234. Қарттардың тағамын липотропты қасиеті бар қандай заттекпен байыту қажет?

1. С витамині

+2. метионин

3. жануар текті майлар

4. көмірсулар

5. белоктар

235. ЕПТ мақсатында жұмысшыларға сүтті тарату жолы:

1. жұмыс кезегінен 1 апта бұрын

2. үйге беру

3. өтіп кеткен жұмыс кезегі үшін

4. сүт орнына ақшалай беру

+5. зиянды жағдайда жұмыс істеген күні

236. Қандай минералды элементтің жетіспеуінен остеопароз ауруы дамиды:

1. фосфор

2. магний

+3. кальций

4. цинк

5. калий

237. Қарт адамдар үшін  тиімді саналатын   өнім:

1. қытырлақ нан

2. майлы ірімшік

+3. көкөніс

+4. сүт

5. ыстамалар

238. Қартайған организмге майдың артық түсуі қалай әсер етеді?

1. заттек алмасуын жақсартады

+2. атеросклероз дамытады

+3. жүрек-қантамырлар жүйесіне ауыртпалық түсіреді

4. организмнің жалпы жағдайын жақсартады

5. заттек алмасуын арттырады

239. Қандай витамин балаларда фосфор-кальций алмасуын реттеп, оссификация процесін реттеуге қатысады?

1. А

2. С

3. К

4. Е

+5. Д

240. Ересек еңбекке жарамды адамның магнийге тәуліктік қажеттілігін белгілеңіз:1

+1. 400 мг

2. 600 мг

3. 200 мг

4. 1000 мг

5. 800 мг

 

241. Тамақтан уланудың анықтамасын көрсетіңіз:

1. құрамында шартты патогенді микрофлорасы бар тамақты қолданудан туындайтын ауру.

2. токсикоз бен токсикоинфекцияны шақыратын қоздырғыштардың әсерінен болатын ауру

3. құрамында табиғатты бактериалды емес зиянды факторлары бар тамақтарды қолдану нәтижесінде дамитын жедел ауру.  

4. тамақта патогенді микроорганизмдердің болуымен шақырылатын ауру.

+5. тағамда белгілі бір микроорганизмдердің жаппай тұқымдануы немесе оның токсиндерінің тағамға түсуінен, микробты және микробсыз негізде жедел және созылмалы дамитын ауру.

242. Тағамдық токсикоинфекция дегеніміз не?

1. этиологиясы бактериалды және бактериалды емес түрлі органикалық заттардың тамаққа түсуінен туындайды;

2. тамақты пайдалану нәтижесінде туындайтын жедел ауру.  

3. токсикоз ауруын шақыратын қоздырғыштардың тамаққа түсуінен туындайтын ауру

+4. микроорганизмдердің тірі қоздырғыштарымен жаппай тұқымданған тамақты пайдаланудан туындайтын ауру.

5. организмге витаминдердің артық мөлшерінен туындайтын ауру

243.Тағамдық  токсикоинфекцияның профилактикасы:

1. үй жағдайында консервілеу кезінде сірке қышқылы ерітіндісін қосу;

+2. тағам өнеркәсібінде ыдыс-аяқ, құрал-саймандарға қойылатын талаптарды

   орындау ;

 3. дайын азықтың споралармен зарарлануына жол бермеу;

 +4. қызметкерлердің санитариялық сауаты мен мәдениетін арттыру;

 + 5.технологиялық процесс ағымдылығының орындалуын қадағалау

244. Тағамдық бактериалды токсикоз қоздырғыштарын көрсетіңіз: 

1. сальмонелла

2. энтерококктар

3. патогенді галофилдер

+4. стафилококктар

+5. ботулизм қоздырғышы

245. Стафилококк патогендігін көрсететін басты қасиеттері қайсы?

1. пигмент түзу

+2. эритроциттерді гемолиздеу

3. агглютинациялау қабілеті

+4. қан плазмасын іріту қабілеті

5. қанда өзгеріс болмайды

246. Ботулизмге тән симптомдарды көрсетіңіз:

1. дене қызуының төмендеуі

2. іш өту

+3. диплопия

4. терлегіштік

+5. афония

247. Ботулизм дамуына қай тағамдар себепші болады?

1. сүт тағамдары

2. кондитер бұйымдары

+3. консерв өнімдері

+4. ысталған ет, балық өнімдері

5. нан, макарон өнімдері

248. Тағамдық микотоксикоздарға қайсысы жатады?

+1. афлатоксикоз

2. гелиотропты токсикоз

3. стафилококты токсикоз

+4. фузариотоксикоз

+5. эрготизм

249. Эрготизм дегеніміз не?

1. шартты патогенді микрофлора түскен тамақты қабылдаумен байланысты ауру

+2. құрамында қастауыш араласпасы бар дән өнімдерін пайдаланудан дамитын ауру

3. токсикоз бен токсикоинфекция туғызатын микроорганизмдердің әсерінен болатын ауру

4. тамақта патогенді микроорганизмдердің болуымен шақырылатын жедел ауру

5. дезинфекциялық режим сақталмауынан  дамитын ауру.

250. Тамақтан улану профилактикасының алдын алу ұстындарын көрсетіңіз:

1. егіс басындағы дәндердің дер кезінде жиналуын қадағалау;

2. азық-түліктерге микологиялық бақылауды орнату;

+3. инфекция көзін оңашалау;

+4. микроорганизмдердің көбеюі мен токсин түзуінің алдын алу;

+5. эпидемиологиялық қауіпті азықтарды залалсыздандыру.

251. Саңырауқұлақтармен уланғанда жиі кездесетін белгілерді көрсетіңіз:

1. дене қызуының көтерілуі

2. қосарланып көріну

+3. дененің сарғаюы

+4. сілекейдің бөлінуі

5. дауыстың шықпауы

252. Аралас этиологиялы тамақтан улануды шақыратын қоздырғыштар:

+1. энтеротоксигенді стафилококктар және протей бактериясы

2. ішек таяқшаларының энтеропатогенді серотиптері

3. споралы аэробтар және патогенді галофилдер

+4. энтеротоксигенді стафилококктар және Bac. Cereus.

5. микромицеттер

253. Этиологиясы белгісіз тамақтан улануға қайсысы жатады:

 1. Эрготизм

 2. Алиментарлық-токсикалық алейкия

+3. Гафф ауруы

+4. Кашин-Бек ауруы

 5. Гелиотропты токсикоз 

254. Табиғатынан улы жабайы өсімдіктерді көрсетіңіз:

 + 1. утамыр

 +2. ит ақжелегі

   3. боз арамқұлақ

   4. шыбынжұт

 +5. меңдуана

255. Арам шөптердің улы тұқымдарымен шақырылатын аурулар:

  1. Фузариотоксикоз

+2. Гелиотропты токсикоз

+3. Триходесмотоксикоз

 4.  Бактериотоксикоз

 5. Афлатоксикоз

256. Саңырауқұлақтармен уланудың алдын алу шаралары:

+1. қоғамдық тамақтандыру мекемесі мен базарда сатуға тыйым салу;

+2. сату алдында өңделіп, мамандармен іріктеу;

 3. саңырауқұлақ өсуіне мүлдем жол бермей, жою;

+4. халық арасында санитариялық ағарту жұмыстарын жүргізу.

  5. тұздап, маринадтауға рұқсат бермеу.

257. Тамақтың құрамындағы нитрит пен нитраттың артық мөлшері қай ауруға алып келеді?

1. улы заттармен улану

+2. созылмалық алиментарлық метгемоглобинемия

3. есірткі үйбидайықпен улану

4. алиментарлық токсикалық алейкия

5. темір жетіспеушілік анемия

258. Стафилококкты тамақтан улануда қай аурулар себепші болуы мүмкін?

1. асқазан-ішек аурулары

+2.қолдың іріңдік аурулары

+3. жоғарғы тыныс жолының аурулары

4. тері-венерологиялық аурулар

5. аллергиялық аурулар

259. Стафилококкты тамақтан уланудың профилактикасы:

1. халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу

+2. шикізат пен дайын өнімдердің сақталу жағдайы мен тұтыну мерзімін қадағалау

+3. бактерия тасымалдаушыларды дер кезінде жұмыстан босату

+4. тағамдық өнімдерді жетілдірілген қондырғыларда өндіру

5. тағам обьектілерінің территориясының тазалығын қадағалау

260. Ботулизмге тән синдромдар:

 1. гепатотоксикалық

+2. бульбарлық

 3.  гастроэнтериттік

 4.  нейротоксикалық

+5. офтальмоплегиялық 

261. Уров ауруын шақыратын саңырауқұлақты көрсетіңіз?

1. Aspergillus flawus

2. Clawiceps purpurea

+3. Fusarium sporotrichiella

4. Fusarium graminearium

5. шыбынжұт саңырауқұлағы

 262. Ошақтық (эндемиялық) сипат алатын тамақтан улану түрлерін көрсетіңіз:

1. эрготизм

2. триходесматоксикоз

+3. Уров ауруы

+4. Гафф ауруы

5. афлотоксикоз

 

263. Нитрат пен нитрит тағаммен көп түскенде неге әкелуі мүмкін:

1. алиментарлық токсикалық алейкия

2. улы заттармен улану

3. мастандыратын плевелмен улану

4. темір жетіспеушілік анемия

+5. созылмалық алиментарлық метгемоглобинемия.

264. Тамақтан улану себебін анықтау үшін не істеу керек?

1. эпидемиялық қауіпті тамақты зиянсыздандыру

2. инфекция қоздырғыштарының көзін шектеу (изоляция)

3. микроорганизмдердің көбеюі мен түзуінің алдын алу

+4. микробты анықтау материалдарын жинау және лабораториялық зерттеу жүргізу

5. азық-түліктердің тамақтан улану қоздырғыштарымен ластану жолдарын болдырмау

265. Қандай жағдайда тамақтан улану жөніндегі шұғыл хабарлама жоғарыдағы басқару мекемелеріне жіберіледі?

1. зардап шеккендердің саны 5 адамнан аз болса.

+2. зардап шеккендердің саны 5 адамнан көп болса.

3. зардап шеккендердің саны 1 болса.

4. жіберілмейді.

5. жоғарыда айтылғандар дұрыс емес.

266. Тамақтан улану кезінде дәрігер бірінші орында қай шараны қолданады?

1. тамақпен қатысы бар жұмысшыларды жұмыстан босату.

2. гигиеналық шаралардың жүргізілуін қатаң қадағалау.

+3. эпидемиялық қауіпті тамақтардың таратылуын тоқтату.

4. қауіпті тамақтарды таратушыларға әкімшілік шара қолдану.

5. медициналық тексеруден жұмысшылардың өтуін қадағалау

 267. Табиғатты микробты тамақтан уланудың айқын клиналық белгісі анықталғанда не істеу керек?

+1. тамақ өнімдерін бактериологиялық лабораторияға жолдау.

2. тамақ өнімдерін  лабораторияға жолдаудың қажеті жоқ.

3. тамақ өнімдерін химиялық зерттеуге жолдау.

4. химиялық зерттеуге жолдаудың қажеті жоқ.

5. жоғарыдағының бәрі дұрыс емес.

268. Тұрмыста тамақтан улануды кім тексереді?

1. кез келген дәрігер.

2. жалпы білімді санитариялық дәрігер

+3. тағам бөлімінің гигиенист дәрігері

4. эпидемиолог

5.  учаскелік терапевт

269. Тамақтан улану қай белгісі бойынша жіктеледі?

1. клиникалық белгісі

2. патогенезі

3. азықтың ластану жолы

+4. этиологиялық белгісі

5. емдеу жолы

270. Қандай қоздырғыштар тағамдық токсикоинфекцияны шақыра алады?

1. патогенді саңырауқұлақ

+2. галофилді таяқшалар

3. споралы анаэробты ботулинус

+4. споралы аэробты перфингенс

4.      claviceps purpurea

271. Төмендігілердің қайсысы тамақтан улануға жатпайды?

1. афлотоксикоз

+2. кандитоз

3. фузариотоксикоз

4. эрготизм

5. ботулизм

272. Алиментарлық-токсикалық алейкия шақыратын саңырауқұлақ:

1. Aspergillus flawus

2. Clawiceps purpurea

+3. Fusarium sporotrichiella

4. Fusarium graminearium

5. шыбынжұт саңырауқұлағы

 

273. Пестицидтердің қалдық мөлшерін тез анықтау әдісі:

1. бос аммиакты анықтау

+2. хроматографиялық әдіс

3. эталондық әдіс

4. физикалық әдіс

5. биологиялық әдіс

274. Хлорорганикалық пестицидтермен жіті уланғанда қандай симптоматикалық белгілер байқалады:

+ 1. орталық жүйке жүйесі тарапынан

   2. қанайналым тарапынан

   3. эндокринді жүйе тарапынан

+ 4. құсу, лоқсу, әлсіздік

   5. диплопия, дыбыстың қарлығуы

275. Фосфорорганикалық пестицидтердің сипаттамалары:

1. уыттылығы жоғары

2. сыртқы ортада тұрақты

3. лактация кезінде сүтпен бөлінуі

+ 4. сыртқы ортада тұрақсыз

+ 5. жылумен өңдегенге тұрақсыз

276.  Хлорорганикалық пестициді бар сүт партиясымен не істеу керек?

1. тағамдық мақсатта жарамсыз

2. мал жеміне жіберу

+ 3. майсыздандырылған сүзбе алу

+ 4. майсыздандырылған құрғақ сүт алу

5. стерилизация, гомогенизациядан кейін пайдалану

277.  “Қолайсыз триадаға” қандай қасиеттер тән:

1. уыттылығы жоғары

+2. сыртқы ортада тұрақты

+3. айқын кумуляциялау қасиеті

4. сыртқы ортада тұрақсыз

+5. лактация кезінде сүтпен бөлінеді

 

278. Пестицидтің гигиеналық жіктемесіне қайсылары жатады:

+1. уыттылығы бойынша

+2. кумуляциялау қасиеті бойынша

3.   химиялық құрамы бойынша

4.  тағайындалуы бойынша

+5. сыртқы ортада тұрақтылығы бойынша

 

 

279. Тұрақсыз пестицидтер қандай уақыт аралығында уытсыз компоненттерге ыдырайды

1. 10 жыл

2. 5 жыл

+ 3. 1 ай  

 4. 1 жыл

 5.  6 ай

 

280. Қандай пестицид гигиена тарапынан барынша қолайлы болып табылады?

1. хлорорганикалық

2. сынапорганикалық

+ 3. фосфорорганикалық

 4. мышьякқұрамдас

 5. карбаматтар

 

 

 

 

 

 

 

////////////////////////////