|
|
|
Жалпы дәрігерлік практика. Студенттерге жауаптарымен тест тапсырмалары (2017 ж.)
$$$001
Жедел өкпе абсцессінің бронхқа ашылусыз қалыптасу кезеңінде қандай әдіс МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) Өкпе резекциясы
В) Пневмотомия
С) Плевральды қуыс пункциясы
D) Торакопластика
Е) Антибиотиктер
{Дұрыс жауап} =Е
{Күрделілігі} =1
{Оқулық} =Общая врачебная практика. Национальное руководство. Том 1, 2. /под ред. Акад РАМН И.Н.Денисова, проф. О.М. Лесняк. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2013
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$002
Ер адам, 44 жаста, слесарь, ентігудің үдеуіне, аз өнімді жөтелге шағымданады. Анамнезінде көп жылдан бері темекі шегеді. Темекі шегуші индексі айына 25 қорап. Аускультацияда кезінде шашыранды құрғақ сырылдар естіледі. Шолу рентгенограммасында: өкпе алаңының мөлдірлігі жоғарылаған. Диафрагма тегістелген және төменге жылжыған, жүрек көлеңкесі кішірейген. Қабырғалар көлеңкесі қалыптыға қарағанда горизонтальды орналасқан. Тоғыз қабырғаның алдыңғы кесіндісі көрінеді.
Диагнозды нақтылау үшін аталған зерттеулердің қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) Эхокардиография
В) Спирография
С) Бронхография
D) Иммуноглобулин Е
Е) Жалпы қақырық анализі
{Дұрыс жауап} =В
{Күрделілігі} = 3
{Оқулық} = Пульмонология : национальное руководство / под ред. А. Г. Чучалина. Минск : ГЭОТАР-Медиа, 2009. 960 с..Общая врачебная практика. Национальное руководство. В 2 т. Том 1, 2. /под ред. Акад РАМН И.Н.Денисова, проф. О.М. Лесняк. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2013
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$003
Ер адам, 62 жаста, шамалы физикалық жүктеме кезінде айқын ентігуге, үнемі іріңді қақырықпен жөтелге шағымданады. Қарап тексергенде: Беті цианозды. Тыныс алу жиілігі минутына 22 рет. Кеуде қуысы бөшке тәрізді, перкуссияда өкпеде қораптық дыбыс, аускультацияда барлық өкпе алаңында ысқырықты сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс. Пульсі минутына 90 рет. Артериальды қан қысымы 120/70 ммс.бб.
Аталған диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?
А) Өкпе туберкулезі
В) Бактериалды пневмония
С) Өкпе қатерлі ісігі
D) Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы
Е) Бронх демікпесі
{Дұрыс жауап} = D
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} = Общая врачебная практика. Национальное руководство. Том 1, 2. /под ред. Акад РАМН И.Н.Денисова, проф. О.М. Лесняк. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2013
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$004
Ер адам, 57 жаста, құрғақ жөтелге, дене температурасының 37,60С дейін жоғарылауына және жалпы әлсіздікке шағымданады. Рентгенограммада сол өкпенің 6-шы сегментінде көлемі 5х6 см горизонтальды деңгейде сұйықтығы бар ыдырау қуысы анықталды. Қуыс қабырғалары қалыңдаған, контуры тегіс емес.
Аталған зерттеулердің ішінде МЕЙЛІНШЕ бірінші кезекте?
А) Спирография
В) Өкпе томографиясы
С) Өкпе бронхографиясы
D) Тынысалу ағзаларын радиоизотопты зерттеу
Е)
Тынысалу ағзаларын ультрадыбысты зерттеу
{Дұрыс
жауап} =В
{Күрделілігі} =3
{Оқулық} =Общая врачебная практика. Национальное руководство. Том 1, 2. /под ред. Акад РАМН И.Н.Денисова, проф. О.М. Лесняк. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2013
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$005
Ер адам, 39 жаста, көп мөлшерде іріңді қақырықпен жөтелге, жалпы әлсіздікке шағымданады. Қақырық көбіресе таңертең бөлінеді, кейде қан жолақтарымен. Қарап тексергенде: Бойы 175 см. Салмағы 65 кг. Қолының саусақ ұштары «барабан таяқшалары» түрінде қалыңдаған және тырнақтары «сағат әйнегі» тәрізді. Кеуде қуысы деформацияланған. Перкуссияда перкуторлы дыбыстың жауырын асты аймақтан бастап қысқаруы, аускультацияда тынысы әлсіреген, түрлі калибрлі ылғалды сырылдар анықталады. Рентгенограммада: өкпе суретінің деформациясы және торлылық, ателектаз аймақтары анықталады.
Аталған диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?
А) Өкпе туберкулезі
В) Өкпе абсцессі
С) Бактериалды пневмония
D) Бронхоэктатикалық ауру
Е) Өкпе катерлі ісігі
{Дұрыс жауап} =D
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} =Общая врачебная практика. Национальное руководство. Том 1, 2. /под ред. Акад РАМН И.Н.Денисова, проф. О.М. Лесняк. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2013
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$006
Әйел, 31 жаста, шаршағыштыққа, тәбетінің төмендеуіне, еттеккір циклының бұзылысына, терісінің қышынуына, дене қызуының 380С дейін жоғарылауына шағымданады. Қарап тексергенде: беті, алақандары гиперемияланған. Тері жабындыларда қасыну іздері бар, склерасы сарғайған, кеудесінде, мойынында қантамырлық жұлдызшалар, тізесінде ұсақ геморрагиялық бөртпелер анықталады. Бауыры қабырға доғасынан 5 см шығып тұр, шеті ауыру сезімімен, тығыз эластикалық консистенциялы. Жалпы қан анализі: эритроциттер 3,96х1012/л, Нв 90 г/л, лейкоциттер 6,3х109/л, тромбоциттер 105х109/л. Тимол сынамасы 14,4 ед, ПТИ 60%, холестерин 7,8 ммоль/л, билирубин 120 мкмоль/л, тікелей 88 мкмоль/л, АЛТ 138 Ед/л, АСТ 141 Ед/л, сілтілі фосфатаза 26 Ед/л.
Қандай препаратты тағайындау МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) Преднизолон
В) Миелоксикам
С) Хлорзаксозон
D) Лефлуномид
Е) Месалазин
{Дұрыс жауап} =А
{Күрделілігі} = 3
{Оқулық} = Общая врачебная практика. Национальное руководство. Том 1, 2. /под ред. Акад РАМН И.Н.Денисова, проф. О.М. Лесняк. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2013
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$007
Әйел, 40 жаста, терісінің қатты қышынуына, 2 жыл ішінде 20 кг арықтауына шағымданып келді. Қарап тексергенде: Тамақтануы төмен. Тері жабындылары мен склерасы сарғайған. Қабағында ксантелазмалар. Табаны мен тізе терісінің «пергаменттілігі», қасыну іздері бар. Курлов бойынша бауыр өлшемдері: 12x10x10 см. Жалпы қан анализі: Hb 98 г/л, эритроциттер 2,7x1012/л, лейкоциттер 7,8x109/л, тромбоциттер 137,0x109/л. ЭТЖ 36 мм/сағат. Жалпы белок 7,8 г/л, холестерин 7,8 ммоль/л, креатинин 150 мкмоль/л, жалпы билирубин 182 ммоль/л, тікелей 162 ммоль/л, АЛТ - 52 Ед/л, АСТ - 48 Ед/л, cілтілі фосфатаза 720 Ед/л.
Аталған диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?
А) Бауыр рагы
В) Бауыр циррозы
С) Вирусты гепатит
D) Бауырдың альвеолярлы эхиноккозы
Е) Вильсон-Коновалов ауруы
{Дұрыс жауап} =В
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} = Общая врачебная практика. Национальное руководство. Том 1, 2. /под ред. Акад РАМН И.Н.Денисова, проф. О.М. Лесняк. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2013
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$008
Ер адам, 53 жаста, сол аяғындағы үнемі қатты ауыру сезіміне шағымданып келді. Өмір анамнезінен: бір жыл бұрын миокард инфаркты болған, жыпылық аритмиясы бар. Қарап тексергенде: сол табаны мен тізесінің тері жабындысы жоғарғы үштен біріне дейін бозарған, ұстағанда салқын, «мәрмәр» суретімен. Ісінулер жоқ, саусақ буындарында активті қозғалыс сақталған, тізе асты және табан артерияларында пульсация жоқ.
Аталған диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?
А) Облитерлеуші атеросклероз
В) Сан артериясының тромбоэмболиясы
С) Облитерлеуші эндоартериит
D) Такаясу ауруы
Е) Түйінді периартериит
{Дұрыс жауап} =В
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} = Общая врачебная практика. Национальное руководство. Том 1, 2. /под ред. Акад РАМН И.Н.Денисова, проф. О.М. Лесняк. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2013
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$009
Ер адам, 30 жаста, ісінуіне, әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: Бетінің ісінуі мен бозаруы, белі мен аяқтарында массивті ісінулер. Артериалды қан қысымы 190/120 мм с.бб. Іші жұмсақ, пальпацияда ауыру сезімімінсіз. Жалпы зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы 1010, белок 0,6 г/л, эритроциттер 50-60 көру аймағында, цилиндрлер: гиалинді, дәнді. Жалпы қан анализі: Нв 120 г/л, эритроциттер 3,9х10/л, лейкоциттер 8,3х109/л, ЭТЖ 20 мм/сағат. Креатинин: 200 мкмоль/л. К - 5,3 ммоль/л, Na- 150 ммоль/л, Са - 2,2 ммоль/л, Cl - 97 ммоль/л. АСЛ-О- 320 ед.
Аталған диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?
А) Бүйрек рагы
В) Бүйрек амилоидозы
С) Бүйрек туберкулезі
D) Жедел гломерулонефрит
Е) Тубулоинтерстициалды нефрит
{Дұрыс жауап} =D
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} = Общая врачебная практика. Национальное руководство. Том 1, 2. /под ред. Акад РАМН И.Н.Денисова, проф. О.М. Лесняк. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2013
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$010
Ер адам, 50 жаста, әлсіздікке, бас ауыруына, жүрек айнуына, тері қышынуына шағымданады. 20 жылдан астам уақыт ауырады, бел аймағында кезеңдік ауырсынулар. Қарап тексергенде: тамақтануы төмен, тері жабындылары сарғыш реңмен бозарған, аяқ-қолдарында және денесінде қасыну іздері бар. Артериалды қан қысымы 160/100 мм с.бб. Жалпы қан анализі: Hb 82 г/л, эритроциттер 2,6х1012/л, лейкоциттер 9,2х109/л, ЭТЖ 18 мм/сағат, гематокрит 26%. Жалпы зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы 1005, лейкоциттер 6-7 көру аймағында, эритроциттер 0-1 көру аймағында. Зимницкий сынамасы: күндізгі диурез - 300 мл, түнгі диурез - 480 мл, салыстырмалы тығыздығының ауытқуы 1002-1007.
Аталған диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?
А) Созылмалы пиелонефрит
В) Созылмалы гломерулонефрит
С) Бүйрек амилоидозы
D) Несеп-тас ауруы
Е) Подагралық нефропатия
{Дұрыс жауап} =А
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} = Общая врачебная практика. Национальное руководство. В 2 т. Том 1, 2. /под ред. Акад РАМН И.Н.Денисова, проф. О.М. Лесняк. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2013
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$011
Әйел, 36 жасты. Оң жоғарғы қабағындағы түзіліске шағымданады. Түзіліс 3 ай бұрын пайда болған. Қарап тексергенде: бұршақ тәрізді, терімен жабыспаған тығыз ауырсынусыз түзіліс пальпацияланады. Конъюнктива жақтан шамалы кеңейген қан тамырлар торымен қоршалған сары түсті құрылым көрінеді.
Аталған диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?
А) Жұқпалы моллюск
В) Себореялық кератоз
С) Невус
D) Актиникалық кератоз
Е) Холазион
{Дұрыс жауап} =Е
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} = Общая врачебная практика. Национальное руководство. Том 1, 2. /под ред. Акад РАМН И.Н.Денисова, проф. О.М. Лесняк. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2013
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$012
Ер адам, 69 жаста, маңдай аймағындағы жараланған терілік түзіліске шағымданады. Түзіліс бірнеше жыл бұрын пайда болған. Түзілістің жайлап өсуін айтады. 4 ай бұрын түзіліс аймағында біртіндеп үлкейетін кішкентай жара пайда болған. Қарап тексергенде: маңдай аймағында тері бетінен шығып тұрған, ортасында жарасы бар беткей 1,5х2,5 см түзіліс анықталды. Мойын лимфа түйіндері ұлғаймаған.
Аталған диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?
А) Базальды жасушалы тері рагы
В) Жалпақ жасушалы карцинома
С) Кератоакантома
D) Аденокарцинома
Е) Меланома
{Дұрыс жауап} =А
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} = Общая врачебная практика. Национальное руководство. Том 1, 2. /под ред. Акад РАМН И.Н.Денисова, проф. О.М. Лесняк. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2013
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$013
Ер адам, 38 жаста, қыжылға, қышқылмен кекіруге, ауыздағы қышқыл дәмге, тамақтан кейін басылатын үнемі сыздап ауыру сезіміне шағымданады. 15 жылдан астам уақыт темекі шегеді, жиі алкоголь қабылдайды. Ретсіз тамақтанады. Қарап тексергенде: Бойы 182 см, дене салмағы 68 кг. Тілі қалың ақшыл-сары жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, кепкен, пилородуоденальды аймақта терең пальпацияда ауыру сезімді. Фиброгастродуоденоскопияда: асқазанның шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, шырышпен жабылған. Қатпарлары ошақты гиперплазия көріністерімен қалыңдаған, ирелеңдеген.
Аталған диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?
А) Аутоиммунды гастрит
В) Реактивті гастрит
С) Созылмалыхолецистит
D) H-pylori ассоциирленген гастрит
Е) Асқазан ойық жарасы
{Дұрыс жауап} = D
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} = Общая врачебная практика. Национальное руководство. Том 1, 2. /под ред. Акад РАМН И.Н.Денисова, проф. О.М. Лесняк. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2013
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$014
Әйел, 45 жаста, тамақ қабылдағаннан кейінгі эпигастрий аймағындағы ауырлық және кернеу сезіміне, тәбетінің төмендеуіне, әлсіздікке, іш өтумен алмасатын іш қатуларға шағымданады. Қарап тексергенде: тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған, емізікшелері тегістелген. Іші жұмсақ, төс асты аймағында сәл ауыру сезімі. Жалпы қан анализі: Нв 106 г/л, эритроциттер 3,2 х1012/л, Түсті көрсеткіш 1,0, ретикулоциттер 1%, лейкоциттер 6,4х109/л, ЭТЖ 16 мм/сағат. Қандағы липаза 175 ед/мл. Асқазан шырышы анализі: базальды секреция HCL0,8 ммольл, күшейтілген секреция HCL1,2 ммоль/л. Рентгеноскопия: шырышты қабат катпарларының айқын тегістелуі, асқазанның үлкен иіні қырлық сызық деңгейінде.
Аталған диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?
А) Аутоиммунды гастрит
В) Созылмалы дуоденит
С) H-pylori ассоциирленген гастрит
D) Асқазан ойық жарасы
Е) Созылмалы панкреатит
{Дұрыс жауап} =А
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} = Общая врачебная практика. Национальное руководство. Том 1, 2. /под ред. Акад РАМН И.Н.Денисова, проф. О.М. Лесняк. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2013
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$015
Ер адам, 45 жаста, жиілігі күніне 5-6 рет ішінің төменгі бөлігіндегі дефекация алдындағы қатты толғақ тәрізді ауыру сезіміне шағымданады. Сұйық нәжіс, кейде қан жолақтарымен, әлсіздік, дене температурасының 37,50С дейін жоғарылауы. Тәбеті төмендеген, ауырған уақыттан бері 10 кг арықтаған. Қарап тексергенде: тілі түбірінде кір жабындымен жабылған, қебіңкі. Іші кепкен, оң төменгі квадрантта ауыру сезімі. Соқыр ішікті пальпациялағанда шұрылдау. Жалпы қан анализі: гемоглобин 90 г/л, эритроциттер 3,5х1012/л, лейкоциттер 7,2 х109/л, ЭТЖ 17 мм/сағат.
Қандай препаратты тағайындау МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) Миелоксикам
В) Омепразол
С) Мебендазол
D) Фуразолидон
Е) Сульфасалазин
{Дұрыс жауап} = Е
{Күрделілігі} = 3
{Оқулық} = Общая врачебная практика. Национальное руководство. Том 1, 2. /под ред. Акад РАМН И.Н.Денисова, проф. О.М. Лесняк. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2013
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$016
Әйел, 48 жаста, бас айналумен, көз алдында «торлардың» пайда болуымен, жүрек айнумен, бір реттік құсумен жүретін шүйде аймағындағы солқылдатып қатты бас ауыруына шағымданады. Қарап тексеруде: қозған, беті мен мойынының гиперемиясы анықталады. Пульс симметриялы, кернелген, жиі, минутына 92 рет. Артериалды қан қысымы оң жақтан 195/100 мм с.бб., сол жақтан - 200/100 мм с.бб. Жүрек шекаралары: сол жақтан – сол бұғана ортаңғы сызығынан 2,0 см сыртқа қарай ығысқан. Жүрек тондары дауысты, ритмді, аортада II тон акценті. Ісінулер жоқ. Көз түбі: артериялардың тарылуы, веналар тамырларының ирелеңдеуі.
Қандай препаратты тағайындау МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) Небиволол
Б) Периндоприл
C) Индапамид
D) Амлодипин
Е) Моксонидин
{Дұрыс жауап} = А
{Күрделілігі} = 3
{Оқулық} = Общая врачебная практика. Национальное руководство. Том 1, 2. /под ред. Акад РАМН И.Н.Денисова, проф. О.М. Лесняк. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2013
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$017
Қыз, 14 жаста, дене температурасының 38,50С дейін жоғарылауына, бел аймағындағы, ішіндегі ауыру сезіміне, жиі ауырсынулы зәр шығаруға шағымданады. Анамнезінен: созылмалы тонзиллит, тістерінің кариесі. Жалпы қан анализі: эритроциттер 4,5х1012/л, гемоглобин 111 г/л, лейкоциттер 10,2х109/л, ЭТЖ 42 мм/сағат. Жалпы зәр анализі: түсі - лайлы, белок - 0,09 г/л, салыстырмалы тығыздығы 1015, рН 5.0, лейкоциттер 50-55 көру алаңында, эритроциттер 0-1 көру алаңында, тұздар++, бактериялар +++.
Қандай болжам диагноз МЕЙЛІНШЕ ықтимал?
А) Жедел пиелонефрит
В) Жедел цистит
C) Жедел гломерулонефрит
D) Жедел аппендицит
Е) Жедел вульвовагинит
{Дұрыс жауап} = А
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} = (Шабалов Н.П. Детские болезни:Оқулық. В двух томах.Т.1.-СПб Питер,2007г.-213с)
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$018
Бала, 13 жаста, дене шынықтыру сабағы кезінде жүректегі ауырсыну сезімін, қызу, бас ауыруын сезінген. Қарап тексергенде: Артериалды қан қысымы 130/90 мм с.бб., тері жабындысы бозарған. Жүрек тондары анық, ритмді, жүрек жиырылу жиілігі минутына 92 рет, аортада екінші тон акценті. Физикалық дамуы жасына сәйкес.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?
А) Артериалды гипертония
В) Нейроциркуляторлы дистония
С) Ревматикалық қызба
D) Кардиомиопатия
Е) Ревматикалық емес кардит
{Дұрыс жауап} = В
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} = Шабалов Н.П. Детские болезни: Оқулық. В двух томах.Т.1.-СПб Питер,2007г.-84с.
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$019
Бала, 9 айлық, тәбетінің төмендеуіне шағымданып келді, туылғаннан емшек емеді, қосымша тамақтар кеш енгізілген, соңғы айда 200,0 г салмақ қосқан. Қарап тексергенде: тері жабындылары мен шырышты қабаттары таза, бозарған. Жалпы қан анализі: гемоглобин 92 г/л, эритроциттер 4,2х1012/л, Түстік көрсеткіш 0,7, лейкоциттер 7,2х109/л, ЭТЖ 12 мм/сағат.
Аталған зерттеу әдістерінің қайсысын МЕЙЛІНШЕ бірінші жасаған дұрыс?
А) Жалпы белок
В) Копрограмма
C) Коагулограмма
D) Жалпы зәр анализі
Е) Сарысулық темір
{Дұрыс жауап} = Е
{Күрделілігі} = 3
{Оқулық} = Шабалов Н.П. Детские болезни:Оқулық. В двух томах.Т.1.-СПб Питер,2007г.-282с.
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$020
Бала, 6 айлық, салмақты аз қосуына, жылағанда және мазасызданғанда ентігуге шағымданып келді. Қарап тексергенде: тері жабындылары таза, бозарған. Аускультацияда: 1 тон әлсіреген, төстен оң жақта 2 қабырғааралықта дөрекі «қырналған» систолалық шу естіледі. Рентгенограммада: жүрек көлеңкесінің белі айқындалған, ұшы диафрагмадан көтерілген және оң контуры бойымен жоғарылаушы аорта кеңейген. Электрокардиография: ЖЭО солға ығысқан, сол қарынша гипертрофиясы көрінісі.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?
А) Фалло тетрадасы
В) Аорта коарктациясы
C) Эбштейн аномалиясы
D) Аорта сағасының тарылуы
Е) Қарыншааралық перде ақауы
{Дұрыс жауап} = D
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} = Шабалов Н.П. Детские болезни:Оқулық. В двух томах.Т.2.-СПб Питер,2007г.-41с.
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$021
Ұл бала, 8 жаста, майлы тамақ жеген соң болатын оң жақ қабырға астындағы сыздап ауыру сезіміне, кекіруге, жүрек айнуға шағымданып келді. Қарап тексергенде: тері және шырышты қабаттары таза, түсі қалыпты. Іші жұмсақ, Кер нүктесінде ауырсыну. Жалпы қан анализінде: гемоглобин 125 г/л, эритроциттер 4,1х1012/л, лейкоциттер 7,9х109/л, ЭТЖ 12 мм/сағатына. Бауыр мен өт қабының ультра дыбысты зерттеуінде: өттің тұрып қалуы, өт қабының иілуі .
Төмендегі препараттардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ тиімді?
А) Ферталь
В) Холосас
C) Церукал
D) Мотилиум
Е) Домперидон
{Дұрыс жауап} = В
{Күрделілігі} = 3
{Оқулық} = Детские болезни. Учебник под редакцией И.Ю.Мельниковой 2 том 2014г.,с.304-305.
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$022
Ұл бала, 13 жаста, шаршағыштыққа, әлсіздікке, дене температурасының үш күн бойы 38,50С-қа дейін көтерілуіне, тізе буындарындағы ауырсынуға шағымданып келді. Анамнезінен: екі апта бұрын баспамен ауырған. Қарап тексергенде: тері және шырышты қабатары таза, бозарған. Перкуссияда: Жүрек шекарасы 1,0 см солға жылжыған. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шуыл, жүректің соғу жиілігі минутына 98 рет. Артериальды қан қысымы 120/80 ммс.бб. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 4.5х1012/л, гемоглобин 111 г/л, лейкоциттер 9,7х109/л, СОЭ 25мм/сағат.
Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы МЕЙЛІНШЕ маңызды?
А) Сиал қышқылы
В) С-реактивті белок
C) Фибриноген
D) Электрокардиограмма
Е) Антистрептолизин О
{Дұрыс жауап} = Е
{Күрделілігі} = 3
{Оқулық} = ( Шабалов Н.П. Детские болезни:учебник. В двух томах.Т.2.-СПб Питер,2007г.-89с)
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$023
Ұл бала, 6 жаста, дене температурасының бес күн бойы 38,50С-қа дейін көтерілуіне, мұрынынан қан кетуге, денесіндегі бөртпеге шағымданып келді. Анамнезінен: үш ай бұрын левомицетин қабылдаған. Қарап тексеруде: тері жабындылары бозарған, таза, ішінде петехиальді бөртпелер, гепатоспленомегалия. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 2,5х1012/л, гемоглобин 65 г/л, түстік көрсеткіш 0.9, лейкоциттер 3,1х109/л, таяқшаядролы 1%, сегменттіядролы 22%, лимфоциттер 70%, ЭТЖ- 55 мм/сағатына. Миелограммада бласттар 0,5%, лимфоциттер 61,3%, мегакариоциттер 0, миелокариоциттер 2,5х109/л.
Төмендегі зерттеулердің қайсысы диагнозды нақтылау үшін МЕЙЛІНШЕ тиімді?
А) Коагулограмма
В) Трепанобиопсия
С) Эхокардиограмма
D) Электрокардиограмма
Е) Кеуде қуысы ағзаларының УДЗ-сы
{Дұрыс жауап} = В
{Күрделілігі} = 3
{Оқулық} = Учебно-методическое пособие «Апластические анемии у детей» В.А. Кувшинников 2014г.,26 с.
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$024
Қыз, 16 жаста, шағымдары жоқ. Бұрын диспансерлік есепте тұрмаған, жасына сай өсіп жетілуде, тұқымқуалайтын аурулары жоқ. Жыныс ағзалары әйел типі бойынша дамыған. Профилактикалық қаралу кезінде қанда глюкоза деңгейінің 6,3 ммоль/л екені анықталды.
Төмендегі зерттеулердің қайсысы диагноз қою үшін МЕЙЛІНШЕ бірінші кезекті?
А) Инсулинге антидене
В) Жүктемемен глюкоза
С) Дегидратациялық тест
D) Гликемиялық профиль
Е)Гликирленген гемоглобин
{Дұрыс жауап} = В
{Күрделілігі} = 3
{Оқулық} = Шабалов Н.П. Детские болезни:учебник. В двух томах.Т.2.-СПб Питер,2007г.-449с
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$025
Қыз, 7 айлық, емшек емеді, салмағы 7200 кг, еңбектемейді, отырмайды. Анамнезінен: кіндік қалдығының кеш түсуі, сарғаюдың ұзаққа созылуы. Қарап тексеруде: салыстырмалы денесі ұзын, аяқ-қолы қысқа, мойыны қысқа, көз саңылаулары кішкентай. Электрокардиограммада: QRS тісшелерінің вольтаждарының төмендеуі, жүректің соғу жиілігі 100 рет минутына. Білезік-алақан буынының рентгенограммасында: сүйектенудің баяулауы.
Төмендегі зерттеулердің қайсысы диагнозды нақтылау үшін МЕЙЛІНШЕ тиімді?
А) Тиреотропты гормон
В) Тиреопероксидазаға антидене
C) Қалқанша бездің УДЗ-сы
D) Кариотипті анықтау
С) Эхокардиография
{Дұрыс жауап} = А
{Күрделілігі } = 3
{Оқулық} = Шабалов Н.П. Детские болезни:учебник. В двух томах.Т.2.-СПб Питер,2007г.-490с.
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
05_02_ қаз_Ішкі аурулар ЖДТ
$$$001
Əйел, 31 жаста, жүрек қағуына, аздаған жүктеме кезіндегі ентігуге шағымданып келді. Қарап тексеруде: қолдарында діріл, көздері үлкен, шарасынан шығып тұр. Пальпацияда: қалқанша безі ұлғайған, консистенциясы қамыр тəрізді. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, жүректің соғу жиілігі минутына 140 рет. Артериалды қан қысымы 120/70 ммс.бб. Тиреотропты гормон 0,3 мЕд/л, бос тироксин Т4 28,3 пмоль/л. Электрокардиограммада синусты тахикардия 145 рет минутына.
Төмендегі препараттардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ тиімді?
А) Жүрекгликозидтері
В) Бета-адреноблокаторлар
С) Кальций антагонисттері
D) М-холиноблокаторлар
Е) Калий каналының активаторлары
{Дұрыс жауап} = В
{Күрделілігі} = 3
{Оқулық} = акад.Е.И. Чазов, проф. С.П.Голицына.Руководство по нарушениям ритма сердца «ГЭОТАР-медиа» 2010
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$002
Ер адам, 60 жаста, суық термен, мойын аймағына, екі қолға иррадиациаланатын, төс артындағы қатты ауыру сезімінен оянды. Нитроглицериннің 6 таблеткасын бес минуттық интервалмен қабылдаған, ауыру сезімі азайған, бірақ толық кетпеген. Қарап тексеруде: пульс минутына 100 рет, ритмі дұрыс, артериальды қан қысымы 100/80 ммс.бб, өкпенің төменгі аймағында қатаң тыныс, ылғалды сырылдар. Жүрек тоны тұйықталған, шу жоқ.
Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы МЕЙЛІНШЕ бірінші кезекте қолданылады?
А) Велоэргометрия
В) Электрокардиография
С) Эхокардиография
D) Құрсақ қуысы ағзаларының ультрадыбыстық зерттеуі
Е) Кеуде қуысының рентгенографиясы
{ Дұрыс жауап } = В
{Күрделілігі } = 3
{Оқулық } = А.Н.Окороков. Диагностика болезней внутренних органов. Том 6. Диагностика болезней сердца и сосудов.-М: Мед.лит.2003
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$003
Ер адам, 57 жаста, жүрек қағысына, бірден пайда болатын әлсіздікке, артериальды қан қысымының төмендеуіне шағымданып келді. Қарап тексеруде: жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары тұйықталған. Жүректің соғу жиілігі минутына 183 рет. Артериальды қан қысымы 70/30 ммс.бб. Электрокардиограммада Р тісшесі анықталмайды, QRS >0,12 секунд, қарыншалық жиырылу жиілігі 180 рет.
Төмендегі болжама диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) Жүрекшенің дірілі
В) Синусты тахикардия
С) Жүрекше жыбыры пароксизмі
D) Қарыншалық пароксизмальды тахикардия
Е) Қарынша үстілік пароксизмальды тахикардия
{Дұрыс жауап} = D
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} = акад.Е.И. Чазов, проф. С.П.Голицына. Руководство по нарушениям ритма сердца «ГЭОТАР-медиа» 2010
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$004
Ер адам, 62 жаста, жүрек қағу ұстамасына, аздаған жүктеме кезіндегі ентігуге, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданып келді. Анамнезінде: 5 жыл бұрын миокард инфарктын бастан өткізген. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс емес. Жүректің соғу жиілігі минутына 150 рет. Артериалды қан қысымы 150/95 ммс.сб. Электрокардиограммада: синусты ритмнің QRS (0,13 секунд) комплексінің уақытынан ерте пайда болуымен, Р тісшесінің болмауымен, RS-T сегментінің және Т тісшесінің QRS комплексіне дискорданттылығымен, толық компенсаторлы паузамен үзіледі.
Төмендегі препараттардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ тиімді?
А) Дигоксин
В) Кордарон
С) Лидокаин
D) Амлодипин
Е) Новокаинамид
{Дұрыс жауап} = В
{Күрделілігі} = 3
{Оқулық} = акад.Е.И. Чазов, проф. С.П.Голицына.Руководство по нарушениям ритма сердца «ГЭОТАР-медиа» 2010.
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$005
Студент, 19 жаста, Шри-Ланкадан келген. Дене температурасының субфебрильді көтерілуіне, саусақтарындағы сезімталдықтың бұзылысына, арықтауға, терідегі бөртпелерге, жүрек тұсындағы шаншып ауыруға, әлсіздікке, дене жүктемесінен кейін пайда болатын жүрек қағуға және ентігуге шағымданып келді. Қарап тексеруде: мойын веналарының ісінуі анықталады. Жүрек тондары тұйықталған, I және IV нүктеде желіс тәрізді ырғақ, систолалық шу анықталады. Бауыры қабырға доғасынан 5 сантиметрге шығып тұр, асцит, аяқтарында ісіну бар. Эхокардиограммада: сол жақ жүрекше 4,3 мм, оң жақ жүрекше 3,9 мм. Соңғы-систолалық өлшем 18 мм, соңғы-диастолалық өлшем 30 мм, эндокардтың айқын қалыңдауы, қақпақшалардың фиброзы, диастолалық дисфункция бар.
Төмендегі болжама диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) Субаортальды стеноз
В) Рестриктивті кардиомиопатия
С) Дилатационды кардиомиопатия
D) Оң жақ қарыншаның аритмогенді кардиомиопатиясы
Е) Симметриялы гипертрофиялы кардиомиопатия
{Дұрыс жауап} = В
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} = акад.Е.И. Чазов, проф. С.П.Голицына. Руководство по нарушениям ритма сердца «ГЭОТАР-медиа» 2010.
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$006
Ер адам, 60 жаста, физикалық жүктеме кезінде пайда болатын, тыныштық жағдайында басылатын кеуде артындағы қысып ауыру сезіміне және оның мойын аймығына, екі қолға берілуіне шағымданып келді. Қарап тексеруде: пульс минутына 90 рет, ритмді, артериальды қан қысымы 145/95 ммс.бб. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс.
Велоэргометриямен сынама жүргізген кезде электрокардиограммадағы қай өзгеріс коронарлы жетіспеушілікті көрсетеді?
А) ST сегментінің 2 миллиметрден артық депрессиясы
В) Теріс Т тісшесінің реверсиясы
С) PQ интервалының ұзаруы
D) Жүрекшелік экстрасистолияның пайда болуы
Е) Гис шоғырының оң аяқшасының блокадасы
{Дұрыс жауап} = А
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} = ({Учебник} = Общая врачебная практика. Национальное руководство. В 2 т. Том 1, 2. /под ред. Акад РАМН И.Н.Денисова, проф. О.М. Лесняк. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2013
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$007
Ер адам, 47 жаста, кеуде тұсындағы физикалық жүктемеге байланыссыз пайда болған күшті ауыру сезіміне шағымданып келді. Ауыру сезімі 3 сағат бұрын жүйке-психикалық күштемеден кейін пайда болған. Қарап тексеруде: бозарған. Жүрек тондары тұйықталған, ритмді. Электрокардиограммада: синусты тахикардия, PQ 0,14 секунд, V1-V3 әкетулерінде ST сегменті R тісшесінің ортасынан басталып, биік Т тісшесіне жалғасады. Тропонин I: 0,012 нг/мл. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 4,2х1012/л, гемоглобин 141 г/л, лейкоциттер 6,8х109/л, эритроцитердің тұну жылдамдығы 11 мм/сағ.
Төмендегі болжама диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) Миокард инфаркты
В) Тұрақты емес стенокардия
С) Күштемелі стенокардия
D) Қабырғааралық невралгия
Е) Аортаның ыдырауы
{Дұрыс жауап} = А
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} = Общая врачебная практика. Национальное руководство. В 2 т. Том 1, 2. /под ред. Акад РАМН И.Н.Денисова, проф. О.М. Лесняк. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2013
{Семестр} = 14
$$$008
Ер адам, 54 жаста, кәріжілік-білезік буындарындағы, алақан-саусақ буындарындағы ісінуге, күшті ауырсынуға шағымданып келді. Ауыру сезімі таңертең және түнде күшейеді, таңертеңгілік құрысу байқалады. Дене температурасы 38,60С. Қарап тексеруде: білезік буындарының симметриялы зақымдануы, сүйек шынтақ аймағына қарай ығысқан. Білезік буынының рентгенографиясында: буынаралық саңылаудың тарылуы, буын бетінде бірлі-жарым узорлар бар.
Төмендегі препараттардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ тиімді?
A) Купренил
B) Метотрексат
C) Диклофенак
D) Циклофосфамид
E) Метилпреднизолон
{Дұрыс жауап} = B
{Күрделілігі} = 3
{Оқулық} = Общая врачебная практика. Национальное руководство. В 2 т. Том 1, 2. /под ред. Акад РАМН И.Н.Денисова, проф. О.М. Лесняк. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2013
{Семестр} = 14
$$$009
Созылмалы панкреатиттің диагностикасындағы МЕЙЛІНШЕ ақпаратты әдіс?
A) Эзофагогастродуоденоскопия
B) Құрсақ қуысы ағзаларының ультрадыбыстық зерттеуі
C) Асқазан сөлін зерттеу
D) Ұйқы безінің компьютерлі томографиясы
E) Эндоскопиялы ретроградты холангиопанкреатография
{Дұрыс жауап} = D
{Күрделілігі} = 1
{Оқулық} = Общая врачебная практика. Национальное руководство. В 2 т. Том 1, 2. /под ред. Акад РАМН И.Н.Денисова, проф. О.М. Лесняк. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2013
{Семестр} = 14
$$$010
Ер адам, 25 жаста, бронхиальды демікпемен ауырады. Ентігуге, айқын әлсіздікке шағымданып, жедел жәрдем шақырған. Анамнезінде: тәулік бойы беротек 10 ингаляциясын қабылдаған, әсері болмаған. Жедел жәрдем дәрігері көк тамыр ішіне 10 мл 2,4% эуфиллин ерітіндісін енгізген. Қарап тексеруде: қозған, дене температурасы 36,70С, жүректің жиырылу жиілігі минутына 120 рет, тыныс алу жиілігі минутына 24 рет. Аускультацияда: тынысы әлсіреген, құрғақ сырылдар.
МЕЙЛІНШЕ біріншілік жедел жәрдем көмегі қандай?
А) Регидратация
B) Эуфиллин мөлшерін арттыру
C) Өкпені жасанды желдендіру
D) Кортикостероидтарды беру
E) Симпатомиметиктердің мөлшерін арттыру
{Дұрыс жауап}= D
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= Моисеев В.С. Внутренние болезни с основами доказательной медицины и клинической фармакологией: руководство для врачей / В.С.Моисеев.- М.: ГЭОТАР –Медиа, 2008г.- 832с
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$011
Бойжеткен, 21 жаста, дәрігерге жылына 2-3 рет болатын жүрек қағу ұстамасына шағымданып келді. Ұстамалар әлсіздікпен, аяқ асты пайда болып, бірнеше минутқа созылып, өздігінен басылады. Қарап тексергенде: патологиялық өзгерістер анықталмады. Электрокардиограммада ритм синусты, дұрыс, PQ интервалы 0,09 секунд, QRS комплексі 0,11 секунд, V1 әкетуде R тісшесінің жоғары өрлейтін белінде дельта толқыны бар.
Төменде аталған патологиялардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) QT ұзару синдромы
B) Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы
C) Синусты түйіннің әлсіздігі синдромы
D) Лаун-Генонг-Ливайн синдромы
E) Клерк-Леви-Критэско синдромы
{Дұрыс жауап} = B
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}= Струтынский А.В. Электрокардиограмма: анализ и интерпретацияМ.:МЕДпресс-информ,2006.- 208с.
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$012
Бойжеткен, 18 жаста. Аздаған физикалық жүктеме кезіндегі тұншығуға, бас айналуға шағымданады. Балалық шағынан ауырады. Қарап тексеруде: диффузды цианоз, саусақ ұштары «барабан таяқшалары» тәрізді, жүрек шекарасы оңға кеңейген, эпигастральды аймақта оң жақ қарыншада систолалық пульсация. Аускультацияда: өкпе артериясында II тонның акценті және ажырауы, семсертәрізді өсіндіде қысқа систолалық шу, төстің сол қырында II қабырға аралықта диастолалық шу естіледі. Рентгенографияда: өкпе артериясы түбірінің шығып тұруы. Өкпе түбірінің кеңеюі, периферияда айқын тарылуы.
Төмендегі болжама диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Үшжармалы қақпақша стенозы
B) Үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі
C) Туа пайда болған өкпе артериясының стенозы
D) Фалло тетрадасы
E) Біріншілік өкпелік гипертензия
{Дұрыс жауап} = Е
{Күрделілігі}= 2
{Оқулық}= (Кардиология: национальное руководство / под ред. Ю.Н.Беленкова, Р.Г. Оганова, - М: ГЭОТАР- Медиа, 2007г.-1232с.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$013
Әйел, 35 жаста, артериальды қан қысымының 280/130 ммс.бб. көтерілуіне шағымданады. Жыл бойы артериальды қан қысымы ұстама тәрізді көтеріледі. Криздер үреймен, тахикардиямен, дірілдеумен, бұлшықеттің тартылуымен және көп мөлшерде зәр бөлумен аяқталады. Осындай криздердің бірінде гипергликемия анықталды 9,6 ммоль/л.
Төмендегі препараттардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ тиімді?
A) Магний сульфаты
B) Эналаприл
C) Верапамил
D) Клонидин
E) Фентоламин
{Дұрыс жауап}= Е
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= Моисеев В.С. Внутренние болезни с основами доказательной медицины и клинической фармакологией: руководство для врачей / В.С.Моисеев.- М.: ГЭОТАР –Медиа, 2008г.- 832с
{Курс}=7
{Семестр}=14
05_02_каз_ Детские болезни ОВП
$$$001
Бала, 8 жаста, дене температурасының 38,50С дейін жоғарылауына, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Жағдайы ауыр, бозарған. Тыныс жиілігі 28 рет минутына. Жүректің шекаралық перпуссиясы: оң жағы оң жақ бұғана сызығы бойынша, жоғарғысы – II қабырғаралықта, сол жағы – бұғана ортаңғы сызығынан 2,5 см сыртқа орналасқан. Аускультацияда: сол жақтан III-IV қабырғааралықта систолалық шу естіледі. Жүрек соғу жиілігі минутына 100 рет. Артериальды қан қысымы 115/40 ммс.бб.
Қай препаратты қолдану МЕЙЛІНШЕ орынды?
А) Стероидты емес қабынуға қарсы прерапрат
В) Стероидтар
С) Анаболиктер
D) Антибиотиктер
Е) Иммуносупрессорлар
{Дұрыс жауап} = D
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық}
= Педиатрия. Национальное руководство. Баранов
А.А., Шабалов Н.П., Румянцев А.Г. Том 1, 2. .: ГЭОТАР-Медиа, 2009.
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$002
Бала, 1 жас 8 айда, полиурияға, полидипсияға, себепсіз дене температурасының жоғарлауына, ұстама тәрізді қол және аяқтың қимылына, ЖРВИ-мен жылына 6 реттен көп ауырған, іш қатуға шағымданады. Қарап тексергенде: салмағы 9,5 кг, бойы 85 см, 0 – тәрізді аяқтардың деформациясы, бауыры 9,5х8,5х8,5см, шүйде шашы түскен, маңдай және төбе бұдыры айқындалған, үлкен еңбегі 0,5х0,5 см, құрсақ бұлшықеттері ажыраған. Келетін карпо-педальды спазм, сіңірлік тізе рефлекстерінің жоғардауы анықталады.
Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) Де Тони-Дебре-Фанкони ауруы
В) Витамин-D- тәуелді рахит
С) Хондродистрофия
D) Бүйректік тубулярлы ацидоз
Е) Спазмофилия
{Дұрыс жауап} =А
{Күрделілігі} = 2
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$003
Бала, 13 жаста, склераның кезеңді түрде сарғаюына шағымданып келді. Інісінде екі рет осы тәрізді сарғаю болған. Физикальді зерттеуде патология анықталған жоқ. Бауырлық сынама: жалпы билирубин 38,8 мкмоль/л, тікелей 3,5 мкмоль/л, АЛТ 31 Ед/л, АСТ 19 Ед/л, сілтілі фосфатаза 226 Ед/л.
Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) Ротор синдромы
В) Жильбер ауруы
С) Өт-тас ауруы
D) Дабин-Джонсон синдромы
Е) Туа пайда болған гемолитикалық анемия
{Дұрыс жауап} =В
{Күрделілігі} = 2
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$004
Бала, 14 жаста, іштегі ауыру сезіміне, жүрек айнуға, жиі күніне 12 ретке дейін жағымсыз иісті сұйық нәжіске шағымданады. Анамнезінен: соңғы 3 жылда диарелиялық синдроммен ауырады. Соңғы жылы жағдайы нашарлап, салмақ жоғалтты, жалпы әлсіздік, буындарындағы ауыру сезімі, кейде балтыр бұлшықеттеріндегі ұстама пайда болды. Педиатрде созылмалы энтероколит бойынша нәтижесіз ем қабылдаған. Қарап тексергенде: Тері жабындылары бозарған. Ұрғылау кезінде аяқ қолдағы түтікті сүйектердің дистальді бөліктеріндегі ауыры сезімі байқалады. Копрологиялық зерттеуде стеаторея, креаторея анықталды.
Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) Мальабсорция синдромы
В) Гранулематозды колит
С) Созылмалы панкреатит
D) Тітіркенген ішек синдромы
Е) Арнайы емес жаралы колит
{Дұрыс жауап} =А
{Күрделілігі} = 2
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$005
Қыз, 11 жаста, дефекация алдындағы іштің төменгі бөлігіндегі ауыру сезіміне, нәжісінің сұйықталуы мен күніне 4 ретке дейін жиіленуіне, қан және шырыш пайда болуына, тәбеті төмендеп, азуына, субфебрилді дене температурасына шағымданады. 6 ай көлемінде ауырады. Қарап тексергенде: іші аздап ісінген, сол мықын аймағы ауыру сезімді. Бауыры қабырға доғасында. Нәжісі қалыптаспаған, қан және шырыш аралас, 4-5 рет тәулігіне. Ректороманоскопия: тік ішектің шырысты қабатында беткей әртүрлі көлемді және формалы ақаулар, қантамырлы сурет анықталмайды, қабыну үрдісінен ішек қуысы тарылған.
Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) Дизентерия
В) Созылмалы колит
С) Гранулематозды колит
D) Тітіркенген ішек синдромы
Е) Арнайы емес жаралы колит
{Дұрыс жауап} =Е
{Күрделілігі} = 2
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$006
Қыз, 13 жаста, бірнеше күн ішінде әлсіздікке, бас айналуға, қара нәжіске, іштегі ауыру сезіміне шағымданады. 1,5 жыл ішінде іштегі ауыру сезімі мазалайды, кейде түнде, антацидтерді қабылдағанда ауыру сезімі азаяды. Бұған дейін тексерілмеген. Тұқым қуалаушылығы бар, атсында он екі елі ішек ойық жарасы бар. Жалпы қан анализі: эритроциттер 3.5х1012/л, НВ 82 г/л, лейкоциттер 7,1х109/л, ЭТЖ 12 мм/сағат. Грегерсон реакциясы +++.
Төмендегі қандай зерттеу әдісі МЕЙЛІНШЕ орынды?
А) Ректороманоскопия
В) НР зерттеу
С) Асқазанның рентгеноскопиясы
D) Құрсақ қуысын УДЗ
Е) Фиброгастродуоденоскопия
{Дұрыс жауап} = Е
{Күрделілігі} = 3
{Оқулық} = Шабалов Н.П. Детские болезни: Оқулық. В двух томах.Т.1.-СПб Питер,2007г.-684с.
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$007
Бала 13 жаста, дене температурасының 38,80С дейін жоғарылауына, былтыр мен табанның жазатын бетінде көптеген біріккен бөртпелерге, тізе буынының ауырсынуымен домбығуына, іштегі ауырсынуға және қан аралас іштің өтуіне шағымданып келді. “Қоймалжың кофе” тәрізді бір рет құсу болды. Қарап тексеруде: тізе және балтыр-табан буындарының дефигурациясы, қимыл-қозғалысы жедел ауырсыну шақырады. ЖҚТ: эритроциттер 1,2х1012/л, Нв 70 г/л, ТК 0,62 , лейкоциттер 27,3х109/л, ЭТЖ 54 мм/час. ЖЗА: салыстырмалы 1015, ақуыз 0,9 г/л, лейкоциттер 2-3 көру аймағында, эритроциттер 30-40 көру аймағында.
Көрсетілген диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?
А) Он екі елі ішектің ойық жарасы
В) Гломерулонефрит
С) Реактивті артрит
D) Тромбоцитопениялық пурпура
Е) Геморрагиялық васкулит
{Дұрыс жауап} =Е
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} = = Шабалов Н.П. Детские болезни:учебник. В двух томах.-СПб Питер,2007г.-684с.
{Семестр} = 14
$$$008
Қыз бала, 9 жаста, дене температурасының 380С дейін жоғарылауына, тізе буынның симметриялық орын ауыстырып тұратын ауырсынуға, перикардиальді ауыруға, ентігуге, жүрек қағысына шағымданып келді. Ауруын болған фолликулярлы баспамен байланыстырады. Денесінде және аяқ-қолдарында өзінен кейінгі із қалдырдырмайтын, тері деңгейінен жоғары шықпайтын, қышыну сезімін бермейтін сақина тәрізді бөртпелер анықталады. Денесіндегі және аяқ-қолдарындағы бұлшықеттердің гиперкинезі анықталады. ЭхоЭКГ: митральді регургитация, систоллалық шуыл анықталады.
Көрсетілген дәрілік заттардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) Бензилпеницилин
В) Фенобарбитал
С) Азитромицин
D) Пропранолол
Е) Метилпреднизалон
{Дұрыс жауап} = Е
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} = Шабалов Н.П. Детские болезни:учебник. В двух томах.-СПб Питер,2007г.-684с.
{Семестр} = 14
$$$009
6 айлық бала, ата-анасының айтуынша баласын бір ай бойы күніне 7 ретке дейін болатын көбікті сұйық нәжіс мазалайды. Ауру анамнезінде: бір ай емізген, сосын 3 айлығынан бастап жасанды тамақтандыруға көшкен. Қосымша тамақтандыру 4 айлығынан басталған - күніне 2 рет жарма және сұлы ботқасын берген. Қарап тексергенде: тері жабындысы мен көзге көрінетін шырышты қабаттары бозарған.
Көрсетілген диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?
А) Тітіркенген ішек синдромы
В) Бейспецификалық жаралы колит
С) Инфекционды энтероколит
D) Глютенді энтеропатия
Е) Муковисцидоз
{Дұрыс жауап} = D
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} = Шабалов Н.П. Детские болезни:учебник. В двух томах.-СПб Питер,2007г.-684с.
{Семестр} = 14
$$$010
Бала 8 жаста, дене температурасының 38,80С дейін жоғарылауына, қиын бөлінетін қақырық пен ентігуге, жөтелге шағымданады. Қарап тексергенде: жағыдайы өте ауыр. Дене салмағы 29 кг, бойы 140 см. Тері жабындысы бозғылт, ауыз-мұрын үшбұрышы көгерген. ТАЖ 1 минутта 40 рет, ЖСЖ минутына 120 соққы. АҚҚ 90/60 ммсын.бағ. Кеуде торы бөшке тәрізді. Аускультативті: оң жағында дем алу бәсеңдеген, сол жағында қатаң. Әр түрлі калибрлі ылғалды және құрғақ сырылдар көбінесе сол жағында естіледі. Бауыры+6,5 смге үлкейген. Нәжісі көп мөлшерде жақпа тәрізді, майлы жылтыр.
Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы МЕЙЛІНШЕ мақсатты?
А) Бауырлық сынама
В) Пилакорпинді сынама
С) Қандағы амилаза
D) Копрограмма
Е) Спирография
{Дұрыс жауап} = В
{Күрделілігі} = 3
{Оқулық} = Педиатрия. Национальное руководство. Баранов А.А., Шабалов Н.П., Румянцев А.Г. Том 1, 2. .: ГЭОТАР-Медиа, 2009.
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$011
Қыз бала, 1 жас 3 айда, анасының айтуынша сұйық нәжіс, әлсіздік мазалайды. Қарап тексергенде: Жағыдайы өте ауыр. Дене салмағы 5600 г. Жүріп тұра алмайды. Токсикоз бен эксикоз айқындалған. Терісі құрғақ қабыршақтанады. Шырышты қабаттары құрғақ ашық. Тістері дистрофияланған. Ішінің көлемі ұлғайып ауа толған. Бауыр және көк бауырды пальпациялау қиын. Нәжісі мол, сасық иісті жылтыр шырыш аралас. Өкпесінде ашық өкпелік перкуторлық қорабтық дыбыспен. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. ЖСЖ 135 рет минутына.
Көрсетілген диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?
А) Целиакия
В) Бейспецификалық жаралы колит
С) Біріншілік лактозды жетіспеушілік
D) Муковисцидоз
Е) Дисахаридті жетіспеушілік
{Дұрыс жауап} = D
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} = Педиатрия. Национальное руководство. Баранов А.А., Шабалов Н.П., Румянцев А.Г. Том 1, 2. .: ГЭОТАР-Медиа, 2009.
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$012
Қыз бала, 9 жаста, дене температурасының 37,50С дейін жоғарылауы, әлсіздік және қажу, тәбетінің нашар болуына шағымданады. Қарап тексергенде: жағыдайы ауыр, боз, әлсіз, ТАЖ минутына 28 рет. Жүрек шекараларның перкуссиясы: оң жағы - оң төс жанымен, жоғарғы- II-ші қабырға аралығында, сол жағы - бұғананың орта сызығымен сыртқа қарай 2 см ығысқан. Аускультацияда: III-IV қабырғааралығында төстің сол жағында қатаң систоллалық шуыл естіледі. II-III қабырғааралығында төстің сол жақ бойымен өтетін протодиастоллалық шуылы естілді. ЖСЖ минутына 100 соққы. АҚҚ 115/40 ммсын.бағ.
Көрсетілген диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?
А) Жедел ревматоидты қызба
В) Инфекциялық эндокардит
С) Инфекциялық миокардит
D) Бейспецификалық аортоартериит
Е) Лимфопролиферативті ауру
{Дұрыс жауап} = В
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} = Педиатрия. Национальное руководство. Баранов А.А., Шабалов Н.П., Румянцев А.Г. Том 1, 2. .: ГЭОТАР-Медиа, 2009
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$013
11 айлық бала, анасының айтуынша физикалық жетілуден артта қалғанын (салмағы 7,0 кг), ентігудің пайда болғанына, ауыз айналасының физикалық немесе эмоциональдық күш түскенде көгеруіне шағымданады. Терісі көгілдір түсті. Жүректің салыстырмалы тұйықталу шекарасы: оң жақ - оң жақ төс маңы сызығыда, жоғарғы - II қабырға арасында, сол жақ - сол жақ бұған орта сызығында анықталады. ЖСЖ - минутына 140 соққы, ТАЖ - минутына 40 рет. Сол төс жаны бойымен қатал тембрдағы систоллалық шуыл естілді, II тон екінші қабырға аралықта әлсіреген.
Көрсетілген диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?
А) Өкпе артериясының артезиясы
В) Қарыншааралық перденің ақауы
С) Жүрекшеаралық перденің ақауы
D) Ашық аортальді ақау
Е) Фалло Тетрадасы
{Дұрыс жауап} = Е
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} = Педиатрия. Национальное руководство. Баранов А.А., Шабалов Н.П., Румянцев А.Г. Том 1, 2. .: ГЭОТАР-Медиа, 2009.
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
05_04_ Хирургические болезни ОВП_каз
$$$001
Асқазан-ішек жолынан қан кетудің анағұрлым жиі себебі:
A) Асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруы
B) Созылмалы эрозивті гастрит
C) Асқазанның қатерлі ісігі
D) Меллори-Вейс синдромы
E) Тоқ ішек дивертикулезы
{Дұрыс жауап}=А
{Күрделілігі}=1
{Оқулық}= Руководство по амбулаторной хирургической помощи/ под. ред.проф.Олейникова._М.:ГЭОТАР-Медиа, 2012.-904 с.
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$002
Ер адам, 22 жаста. Құрсақ қуысы мүшесінің жедел іріңді ауруы бойынша операция жасалған соң 5 күннен кейін дене температурасы 37,60С дейін көтерілді, дизурия, тұрақсыз нәжіс, тенезмдер пайда болды.
Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Құрт тәрізді өсінді тұқылының дәрменсіздігі
B) Ішек өтімсіздігі
C) Инфекционды колит
D) Жедел пиосальпинкс
E) Дугласов кеңістігінің абсцесі
{Дұрыс жауап}=E
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}= Руководство по амбулаторной хирургической помощи/ под. ред.проф.Олейникова._М.:ГЭОТАР-Медиа, 2012.-904 с.
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$003
Ер адам, 54 жаста. Беліндегі және оң қабырға доғасы астындағы жедел ауыру сезіміне, жүрек айнуына, құсуға, нәжісінің кідіруіне, әлсіздікке, бас ауыруына, аузының кебуіне, қалтырауға шағымданады. Аурудың басталуын шайқалумен байланыстырады. Үздіксіз аунай береді, ыңырсиды. Қарап тексеруде: терісі боз. Іші ауырады және оң қабырға доғасы астында тырысқан, ұрғылау симптомы оң, бүйректері пальпацияда ауырмайды. Жалпы қан анализі: эритроциттер – 4 х1012/л, лейкоциттер – 9х109/л, ЭТЖ 18 мм/сағ. Зәр анализінде: эритроциттер көру аймағында 10-15.
Төменде көрсетілген диагностикалық зерттеулердің қайсысы бірінші кезекте жасалады?
A) Шолу урографиясы
В) Экскреторлы урография
С) Компьютерлік томография
D) Ультрадыбысты зерттеу
Е) Магнитті-резонансты томография
{Дұрыс жауап}= А
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}= (Клинические рекомендации. Урология. Н.А.Лопаткин 2007)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$004
Әйел, 36 жаста. Беліндегі және сол қабырға доғасы астындағы жедел ауыру сезіміне, жүрек айнуына, құсуға, нәжісінің кідіруіне, әлсіздікке, аузының кебуіне, қалтырауға шағымданады. Ауруын физикалық жүктемемен байланыстырады. Қарап тексеруде: Ыңырсып жатыр. Терісі боз. Іші сол қабырға доғасы астында ауырады және тырысқан. Ұрғылау симптомы оң. Пальпацияда бүйрегі ауырады. Қан анализі: эритроциттер 3,4х1012/л, гемоглобин 100 г/л, лейкоциттер 9,5х109/л, ЭТЖ 18 мм/сағ. Жалпы зәр анализінде: эритроциттер көру аймағында 10-15.
Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) Асқазан жарасының тесілуі
В) Жедел панкреатит
С) Ішектің жедел өтімсіздігі
D) Жатырдан тыс жүктілік
E) Зәр-тас ауруы
{Дұрыс жауап}=Е
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}= (Клинические рекомендации. Урология. Н.А.Лопаткин 2007)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$005
Әйел, 35 жаста. Мықын аймағындағы, аралықтағы қарқынды ауыру сезіміне, жиі кіші дәретке шыққысы келуіне, жүрек айнуына, нәжісінің кідіруіне, әлсіздікке, бас ауыруына, аузының кебуіне, қалтырауға шағымданады. Қарап тексеруде: Терісі боз. Мықын аймағы ауырады, оң жақтағы бұлшықеттері тырысқан. Жалпы қан анализі: эритроциттер – 3,5 х1012/л, лейкоциттер – 9х109/л, ЭТЖ 25 мм/сағ. Жалпы зәр анализі: белок 0,066 %, бірен-саран цилиндрлер, жаңа эритроциттер және тұздар. Бүйректің шолу рентгенограммасында: түбекше деңгейінде димаетрі 1см көлеңке анықталды.
Төмендегі емдеу əдістерінің қайсысы МЕЙЛІНШЕ тиімді ?
А) Соққы толқынды литотрипсия
В) Тері арқылы нефролитотомия
С) Эндоскопиялық əдіс
D) Лапаротомиялық əдіс
Е) Консервативті ем
{Дұрыс жауап}=А
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}= (Клинические рекомендации. Урология. Н.А.Лопаткин 2007)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$006
Әйел, 40 жаста. Әлсіздікке, сүйектерінің ауыруына, аузының құрғауына, шөлдеуге, жүрек қағуына, полиурияға, бас айналуына, ұйқысының бұзылуына, терінің қышуына шағымданады. Қарап тексергенде: боз, бұлшықеттері қаусаған, беті, белі, аяқтары ісінген. Артериальды қан қысымы 190/115 мм.сбб. Қан анализі: эритроциттер 2,3х1012/л, гемоглобин 87 г/л, лейкоциттер 9х109/л, ЭТЖ 38 мм/сағ. Қандағы кальций-11,2мг/%. Зәр анализі: белок-1,2‰. Бүйрек рентгенограммасы: екі жақты жұлдызшалы көлеңкелер анықталады. Рентгенограммада: түтікті сүйектердің эпифиздері бұдырлы, жұқарған, деформацияланған.
Төменде көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) Зәр-тас ауруы
В) Гиперпаратиреоз
С) Саркоидоз
D) Педжетауруы
E) Миеломды ауру
{Дұрыс жауабы}=В
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}= (Клинические рекомендации. Урология. Н.А.Лопаткин 2007)
{Курс}=7
{Семестр}=14
![]()
05_05_каз_Психиатрия және наркология (ЖДТ)
$$$001
Бастапқыда шизофренияның қай түрі көп жағдайда жастық шақ пен жетілу кезеңіне сәйкес келеді (25-40 жас):
A) Гебефрениялық
B) Кататониялық
C) Қарапайым
D) Циркулярлы
E) Параноидты
{Дұрыс жауап} = Е {Күрделілігі} = 1 {Оқулық} = Жариков Н.М., Тюльпин Ю.Г.Т34 Психиатрия: Учебник. - М.: Медицина, 2002. - 544 с. {Курс}= 7 {Семестр} = 14
$$$002
Ер адам, 52 жаста, басының ауыруына, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Ауырудың басталуын жабық бас ми жарақатымен байланыстырады. Әйелінің әрбір айтқан сөздерінен қорлауды сезінеді. Трамвайда жалақыны бірнеше рет беріп жіберуді өтінгені үшін ұрыс-керіс шығарды, дөрекі жауап қайтарып жүргіншілерге қол көтерді. Соңғы айда қабырғадан өтетін таныс емес адамдарды көре бастады. Сонымен қатар үрей, қобалжу сезінеді, бірақ кейбір болып жатқан оқиғалардың мүмкін еместігін түсінеді.
Көрсетілген дәрілік препараттардың қайсысын тағайындау МЕЙЛІНШЕ орынды?
A) Оланзепин
B) Альпразолам
C) Фентанил
D) Нейробутал
E) Фенобарбитал
{Дұрыс жауап} = A {Күрделілігі} = 3 {Оқулық} = Н.Н. Иванец, В.В. Чирко, М.А. Кинкулышна. Психиатрия и наркология: учебник. — М. : ГЭОТАР-Медиа, 2006г. {Курс}= 7 {Семестр} = 14
$$$003
Ер адам, 42 жаста, 2 жыл бұрын жұмысындағы келеңсіздіктерге байланысты өзін жаман сезінген, жүрек тұсындағы ауырсыну мен ентігу пайда болғаннан кейін жедел-жәрдем бригадасын шақырған. Жедел-жәрдем дәрігері қойған миокард инфаркты диагнозы кейіннен теріске шығарылды. Осы сәттен бастап науқасты кезкелген уақытта өліп қаламын деген ойлар үнемі мазалай бастады. Бұл үрейлі ойлар жабық кеңістікте, көпшілік жерде күшейе түседі.
Қандай емдік жоспар МЕЙЛІНШЕ орынды?
A) Когнитивті мінез-құлық психотерапиясы
B) Электро-құрысулық терапия
C) Инсулинді коматозды терапия
D) Метадонды алмастырушы терапия
{Дұрыс жауап} = A {Күрделілігі} = 3 {Оқулық} = Н.Н. Иванец, В.В. Чирко, М.А. Кинкулышна. Психиатрия и наркология: учебник. — М. : ГЭОТАР-Медиа,2006г. {Курс}= 7 {Семестр} = 14
$$$004
Әйел, 75 жаста, зейнеткер. Ұмытшақ бола бастаған, тынымсыз, үрейлі. Айналасыдағыларды танымай қалды, балаларының есімдерін есіне түсіре алмады. Өзін тонап кетіп жүргенін айтып, заттарын түйіншекке жинастырып, халатын жасырып жатты. Есінің өрескел төмендеуінің салдарынан анамнездік мәліметтерді жинау мүмкін емес.
Келтірілген болжам диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?
A) Тотальді деменция
B) Тотальді ақыл кемдік
C) Неврозға ұқсас синдром
D) Маниакальді синдром
E) Дисмнестикалық синдром
{Дұрысжауап} = В {Күрделілігі} = 2 {Оқулық} = Н.Н. Иванец, В.В. Чирко, М.А. Кинкулышна. Психиатрия и наркология: учебник. — М. : ГЭОТАР-Медиа,2006г. {Курс}= 7 {Семестр} = 14
$$$005
Ер адам, 34 жаста, кокаин қабылдауынан кейін күші мен энергиясы толысқан, өзіне деген сенімділік артқан, көп сөйлейді, шамадан тыс белсенді, өзіндік дарындылық, тапқырлық пен басқа адамдардан өзін ерекше етіп сезінеді. Біршама уақыттан кейін жағыдайы үрейлі дистрофиямен, әлсіздік, тітіргеншілікке ауысты.
Келтірілген болжамды диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?
A) Кокаинді делирий
B) Кокаинді абстиненция
C) Кокаинді параноид
D) Кокаинді мастану
E) Кокаинді деперсонализация
{Дұрысжауап} = D {Күрделілігі} = 2 {Оқулық} = Н.Н. Иванец, В.В. Чирко, М.А. Кинкулышна. Психиатрия и наркология: учебник. — М. : ГЭОТАР-Медиа,2006г. {Курс}= 7 {Семестр} = 14
$$$006
Ер адам, 40 жаста, құсқысы келетіндігі мен басының ауырсынуына шағымданады. Әйелінің айтуы бойынша, 4 жылдай ішімдікпен әуестенеді, бір апта тоқтаусыз ішкен, 3 тәулік ұйықтамаған, сосын бір-екі күн ішпеген, бірақ кешке қарай өзін орынсыз ұстай бастады, қозгыш, ашуланшақ болды, белгісіз адамдар аңдитынын айтады, дезоринтирленген, қорқынышты зооптикалық түрдегі галлюцинациялар көреді, оны аңдыйтындай үзікті сандырақ ойлар мазалайды.
Келтірілген болжамды диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?
A) Алкогольді делирий
B) Алкогольді онейроид
C) Жедел шизофрениялық психоз
D) Сананың күңгірттенуі
E) Шизофрениялық делирий
{Дұрысжауап} =А {Күрделілігі} = 2 {Оқулық} = Н.Н. Иванец, В.В. Чирко, М.А. Кинкулышна. Психиатрия и наркология: учебник. — М. : ГЭОТАР-Медиа,2006г. {Курс}= 7 {Семестр} = 14
05_06_Неврология ЖДТ_каз
$$$001
Ер адам, 40 жаста, бел омыртқасының тұсындағы жедел ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну санның артқы бетіне, балтырдың латеральді жиегін қамтып табанның сыртқы жиегінен соңғы оң жақ башпайға беріледі. Аздаған физикалық жүктемеден кейін пайда болып, қимыл-қозғалыстан үдей түседі. Қарап тексеруде: бел лордозының тегістелуі, арқа бұлшықеттерінің жиырылуы, бел бөліміндегі жедел қимылдың шектелуі, оң жақ ахилл рефлексінің төмендеуі, оң жақта Лассег симптомы Ð40°, сәйкесінше ауырсыну аймағында гипестезия байқалады.
Қандай инструментальді зерттеу әдісі МЕЙЛІНШЕ бірінші кезекті болып табылады?
A) Компьютерлік томография
B) Омыртқа рентгенографиясы
C) Магнитті-резонансты томография
D) Құрсақ қуысын ультрадыбыстық зерттеу
E) Люмбальді пункция
{Дұрыс жауап} = В
{Күрделілігі} = 3
{Оқулық} = Неврология: справочник практ. врача/ О.С. Левин, Д.Р. Штульман. – 8-е изд., доп. и перераб. –М., МЕДпресс- информ, 2012. -56с.
{Семестр} = 14
$$$002
Әйел, 38 жаста, саусақ ұштарының, табанының ұюына, баспалдақпен көтерілудің қиындауына, қол-аяқтарындағы әлсіздікке, ентігуге шағымданып келді. Ауру анамнезінде: 2 апта бұрын ішек синдромымен ЖРВИмен ауырған. Қарап тексеруде: “қолғап” және“ шұлық” типімен сезімталдықтың жеңіл бұзылысы. Бұлшықет тонусы әлсіреген, түбіршектік ауыру сезімі және тартылу симптомы бар. Электрокардиограммада: ST сегментінің депрессиясы, Т тісшесінің инверсиясы, QT интервалының ұзаруы анықталады. Электронейромиографияда: жүйке талшықтарының димиелинизирлеуші типте зақымдалуы. Жұлын сұйықтығында: түсі мөлдір, ақуыз 1,2 г/л, шамалы плеоцитоз 1мкл-да 22.
Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?
A) Гентингтон ауруы
B) Вернике энцефалопатиясы
C) Гийен-Барре синдромы
D) Ұмытшақтық энцефаломиелиті
E) Дифтериялық полиневропатия
{Дұрыс жауап} = В
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} =Неврология: справочник практ. врача/ О.С. Левин, Д.Р. Штульман. – 8-е изд., доп. и перераб. –М., МЕДпресс- информ, 2012. -398 с.
{Семестр} = 14
$$$003
Ер адам, 72 жаста, саябақтағы орындықта жатқан қалыпта табылды. Жекелеген сөздерді айтып жатты, түсінгенімізше аяқастынан басы айналған. Қарап тексергенде: есі сақталған, бірақ әлсіз, апатиялы. Тексеруге жақтыртпау гримассаларын танытады. Тамыр соғысы минутына 104 рет, аритмиялы, жүрек тондары тұйық, АҚҚ 150/100 мм сын.бағ. Қарашықтары бірдей. Оң езуі төмен түскен. Сол қолын белсенді қимылдатады, оң қолы қозғалмайды. Оң табаны сыртқа қарай айналған. Оң аяғында қимыл шектелген. Сіңір рефлекстері сол аяғына қарағанда оң жақғында жоғарырақ. Қандай зертханалық әдісті МЕЙЛІНШЕ бірінші кезекте орындаған дұрыс?
A) Глюкоза
B) Тропонин
C) Креатинин
D) Электролиттерді
E) Коагулограмма
{Дұрыс жауап} = Е
{Күрделілігі} = 3
{Оқулық} =Неврология: справочник практ. врача/ О.С. Левин, Д.Р. Штульман. – 8-е изд., доп. и перераб. –М., МЕДпресс- информ, 2012. - 457 с.
{Семестр} = 14
$$$004
Ер адам 35 жаста, көшкеннен кейін және ауыр жүк көтергеннен кейін пайда болған арқасындағы өткір ауыруға және қимылдарының шектелуіне шағымданып келді. Қарап тексергенде: лордоздың тегістелуімен және антальгиялық сколиозбен бұлшық еттерінің айқын керілуі анақталады. Сіңір рефлекстері мен сезімталдық зақымдалған аймақта төмендеген. Керілу симптомы айқын. Арқасымен жатқан қалыпта ауырсыну азаяды, бірақ аздаған қимыл-қозғалыс ауырсынуды бірден күшейтеді.
Қандай болжамды диагноз МЕЙЛІНШЕ ықтимал болып табылады?
A) Сакроилеит
B) Жедел миозит
C) Жедел люмбалгия
D) Жедел люмбоишалгия
E) Миофасциальді синдром
{Дұрыс жауап} = С
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} = Неврология: справочник практ. врача / О.С.Левин, Д.Р. Штульман.-8-е изд., доп. и перераб.-М.: МЕДпресс-информ, 2012.-95с.
{Семестр} = 14
$$$005
Ер адам, 52 жаста, 20 жылдан астам поезд машинисті болып жұмыс атқарады. Медициналық тексеруде қолдарының ісіңкілігі мен бозғылттануы анықталған, ақ таңдақ симптомы, Паль, Боголепов сынамалары оң. Суықтық сынамасынан кейінгі тері температурасының қайта қалыпқа келу уақыты ұзарған, сезімталдық бұзылыстарының шеткері типі.
Көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал болып табылады?
A) Созылмалы миозит
B) Диабеттік полиневропатия
C) Сенсорлы-моторлық полиневропатия
D) Вегетативті-сенсорлық полиневропатия
E) Жайылған ангиоспазмдармен сирингомиелия
{Дұрыс жауап} = D
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} = Косарев В.В., Бабанов С.А. Профессиональные болезни: Учеб.пособие.- М.:Вузовский учебник: ИНФРА-М, 2011.-45с.
{Семестр} = 14
$$$006
Әйел, 58 жаста, жүрек қағысына, дірілге, басының айналуына, іштегі ыңғайсыздыққа, қысқысы келетінгіне, бұлшықет спазмдарына, аяқ-қолдарының ұюына, қобалжу мен өлім қорқынышына шағымданып келді. Ұстама 20 мин шамасынасозылады. Ауру анамнезінде: бұрын мұндай көріністер болмаған, бір жыл бұрын ишемиялық инсульт алған. Қарап тексергенде: сұрақтарға жауап береді, есі бар. Қарашықтары кеңіген D>S, жарыққа реакциясы сақталған. Аяқтарында спазмдар бар. Сіңір және сүйек үсті рефлекстері төмендеген. Терісі бозғылттанған. АҚҚ 110/80 мм сын. бағ. ЖСЖ минутына 90 рет, күшейген, ритмді. ЭЭГ: эпилепсиялық белсенді ошақтар жоқ. ЭКГ: синусты тахикардия, ЖСЖ минутына 90 соққы.
Көрсетілген диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал болып табылады?
A) Паникалық атака
B) Эпилепсия ұстамасы
C) Карциноидты синдром
D) Психо-вегетативті пароксизмдер
E) Идиопатиялық реактивті гипогликемия
{Дұрыс жауап} = A
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} = Неврология: справочник практ. врача / О.С.Левин, Д.Р. Штульман.-8-е изд., доп. и перераб.-М.: МЕДпресс-информ, 2012.- 136с.
{Семестр} = 14
05_07_Инфекционные болезни (ОВП)_каз
$$$001
Әйел, 40 жаста. Бір апта бойы ауырған. 3 күн бұрын қалтырап, басы ауырып, бұлшық еттері ауырған. Дене температурасы 390С дейін көтерілген. Ұйқысы бұзылып, қорқынышты түстер көрген. Қарап тексергенде: дене температурасы 39,90С, пульсы ритмді, жұмсақ минутына 102 рет, артериалды қан қысымы 90/60 ммс.бб. Терісі ыстық, беті сәл қызарған, склерасы инъекцияланған. Кеудесінде, аяғында, қолында розеолезды-петехиальды бөртпе, әсіресе кеудесінің бүйірінде, аяқ-қолдың ішкі беттерінде көп. Менингеальды белгілер айқын емес. Тіл треморы байқалады.
Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) Қызылша
В) Грипп
С) Менингит
D) Бөртпе сүзек
Е) Вирусты энцефалит
{Дұрыс жауап} = D
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық } = Инфекционные болезни» учебник, Ющук Н.Д. выпуск
2011г.
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$002
Ер адам, 35 жаста, мал сою цехінде жұмыс істейді. 3 күн бұрын шаршағыштықты, мойынында қышитын көпіршікше пайда болғанын байқаған. Қарап тексергенде: Дене температурасы 39,70С. Мойнында көпіршікше орнында жиектерінде көсіткіш тәрізді майда көпіршікшелері бар қара қотыр бар. Қотыр ортасы ауырсынусыз. Қотыр айналасында мойын және төс терісі ісінген. Тілі құрғақ, ақшыл жабындымен жабылған.
Қандай зерттеу ерте диагностикалау мақсатында МЕЙЛІНШЕ тиімді?
А) Жалпы қан анализі
В) Антраксинмен сынама
С) Қабықша бактериоскопиясы
D) Иммунофлюоресценция реакциясы
Е) Бактериологиялық себінді
{ Дұрыс жауап } = D
{ Күрделілігі } = 3
{Оқулық} =Инфекционные болезни» учебник, Ющук Н.Д. выпуск
2011г.
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$003
Ер адам, 18 жаста, слесарь болып жұмыс істейді. Бас ауыруға, тез шаршауға, тітіркенгіштікке, тершеңдікке, аузын ашқанда қиналатынына, сол қолының үлкен саусағының тенеры аймағында жара орнындағы ауырсыну және жағымсыз сезімге шағымданады. 2 апта бұрын қашаумен жұмыс жасау барысында жарақат алған. Қарап тексергенде: тырысулар байқалған. Дене температурасы 390С, пульсі минутына 120 рет, жүрек тондары анық, қатты, іш бұлшық еттері кернелген.
Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) Сепсис
В) Сіреспе
С) Перитонит
D) Фозергиль ауруы
Е) Травматикалық абсцесс
{ Дұрыс жауап } = В
{ Күрделілігі } = 2
{Оқулық} = Инфекционные болезни» учебник, Ющук Н.Д. выпуск
2011г.
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$004
Студент, 19 жаста, Гвинеядан. Жазғы демалыста отанына барып, қыркүйекте оқуға елге қайта оралған. Бас ауыруына, әлсіздікке, қалтырауға, дене температурасының 38,50С-ға дейін көтерілуіне шағымданады. Аспирин қабылдаған. Екінші күні өзін жақсы сезінген. Үшінші күннің екінші жартысында бірінші күндегідей ауырған. Қарап тексергенде: дене температурасы 38,80С. Тілі ылғал, аздап ақ жабындымен көмкерілген. Бауыры 14х10х9 см, көкбауыр қабырға доғасының астында пальпацияланады.
Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) ЖИТС
В) Малярия
С) Құс тұмауы
D) Вирусты гепатит
Е) Белгісіз генезді қызба
{ Дұрыс жауап } = В
{ Күрделілігі } = 2
{Оқулық} = Инфекционные болезни» учебник, Ющук Н.Д. выпуск
2011г.
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$005
Ер адам, 25 жаста. Жиі құсуға, іш өтуге, ішінің ауыруына, дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Жақында туған күнін атап өткен. Қарап тексергенде: дене температурасы 350С. Бет-әлпеті үшкірленген, терісі суық және ұстағанда жабысқақ, тургоры төмендеген, цианоз және акроцианоз байқалады. Кенет фонтанды құсу пайда болып, артынан тоникалық тырысулар болды. Тыныс алу
жиілігі минутына 40 рет, жүрек тондары тұйықталған, пульсі минутына 130 рет, артериальды қан қысымы 80/40 ммс.бб. Тілі құрғақ, сұр-ақ жабындымен көмкерілген. Іші ішке қарай кіріп кеткен. Нәжісі еріксіз, жасыл түсті көп мөлшерде.
Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) Аусыл
В) Дизентерия
С) Сібір жарасы
D) Сальмонеллез
Е) Тағамдық токсикоинфекция
{ Дұрыс жауап } = D
{ Күрделілігі } = 2
{Оқулық} = Инфекционные
болезни» учебник, Ющук Н.Д. выпуск
2011г.)
{Семестр} = 14
$$$006
Әйел, 38 жаста. Беліндегі және буындарындағы ауырсынуға, тершеңдікке, тітіркенгіштікке, жылауықтыққа, дене температурасының кешкі уақытта 37,50С-қа дейін көтерілуіне шағымданады. 1,5 жыл ауырады. Қарап тексергенде: алақан гипергидрозы анықталады. Қолтық астында және мойнында 0,5х0,5 см; 1,0х1,0 см көлемде тығыз, қозғалмалы көптеген лимфатүйіндер пальпацияланады. Сол аяқтың сирақ-табан буын аймағында қозғалатын, тығыз, овальды, көлемі 0,4х1,0 см болатын ауырсынусыз түзіліс бар. Бауыры 10х10х12см, тығыз-эластикалық консистенциялы, ауырсынусыз.
Қандай зерттеу МЕЙЛІНШЕ тиімді?
А) Бюрне сынамасы
В) Қақырықтың бактериалды себіндісі
С) Жалпы қан анализі
D) Иммунофлюоресценция реакциясы
Е) Комплимент байланыстырушы реакциясы
{ Дұрыс жауап } = А
{Күрделілігі } = 3
{Оқулық} = Инфекционные болезни» учебник, Ющук Н.Д. выпуск
2011г.
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
05_09_Акушерство и гинекология (ОВП)_қаз
$$$001
Əйелдер кеңесінде жүктілерді жүргізудің қайндай əдісі МЕЙЛІНШЕ қолданылады?
А) Қаралуға келгенде медициналық көмек көрсету
В) Жүкті əйелдерді кезеңді қарау
С) Профилактикалық қараулар
D) Диспансерлік бақылау
E) Патронаж
{Дұрыс жауап} = D
{Күрделілігі} = 1
{Оқулық} = Под редакцией Серова В.Н., Сухих Г.Т. Акушерство и гинекология. Клинические рекомендации. 4-е издание. М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014, 1024 с.
{Семестр} = 14
$$$002
Əйел, 35 жаста, әйелдер кеңесіне профилактикалық қаралуға келді. Шағымдары жоқ. Жағдайы қанағаттанарлық. Пульсі минутына 72 рет. Артериалды қан қысымы 110/70 ммс.бб. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Айнамен қарауда: қынаптың шырышты қабаты алқызыл. Жатыр мойны каналынан тегіс, дөңгелек пішінді, алқызыл түсті, көлемі 1,5×1,0 сантиметр болатын түзіліс қынаптан жұқа негізінде салбырап тұр. Бөлінділер шырышты, аздаған мөлшерде. Пельвиометрияда: жатыр мойны цилиндрлі. Ернеу жабық. Жатыр көлемі қалыпты, қозғалмалы, ауырсынусыз. Жатыр қосалқылары екі жақтанда анықталмайды. Күмбездері терең, ауырсынусыз.
Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Цервикальді каналдың полипі
B) Жатыр мойнының эндометриозы
C) Мойындық жүктілік
D) Мойындық миома
E) Жүрістегі түсік
{Дұрыс жауап} = А
{Күрделілігі} = 3
{Оқулық} = Прилепская В.Н., Кулаков В.И. Руководство по амбулаторно-поликлинической помощи в акушерстве-гинекологии ГЭОТАР-медиа 2009, 332с.)
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$003
Əйел, 32 жаста. Жыныс жолдарынан аздаған қанды бөлінділермен перзентхананың қабылдау бөліміне келді. Жедел жəрдем дəрігерінің айтуы бойынша босану үйде болған. Нəрестенің салмағы 3500,0, бойы 52 сантиметр. Нəресте туылғаннан 30 минуттан кейін ұрық жолдасы өздігінен туылды. Қабықтары түгел. Плацентарлы тін ақауы 3,0×3,0 сантиметр. Жатыр қатты. Қан жоғалту мөлшері 250 мл. Бірнеше минуттан кейін қан жоғалту көлемі 350 мл жетті. Жатыры болбыр.
Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Уақытында босану. Ұрық жолдасы ақауы. Қан кету.
B) Босанудан кейінгі ерте кезең. Қан кету
C) Басталған жатыр жыртылуы, Қан кету
D) Атониялық қан кету
E) Диссеминирленген тамыр ішілік қан ұю синдромы
{Дұрыс жауап} = A
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} = Серова В.Н.. Неотложная помощь в акушерстве и гинекологии. 2-е издание. М.: ГЭОТАР-Медиа, 2011, 254 с.
{Семестр} = 14
$$$004
Жүкті əйел, жүктілік мерзімі 28 апталық. Аяқтарындағы, алдыңғы құрсақ қабырғасындағы ісінулерді байқады. Бас ауыруға, бас айналуға шығымданбайды, көруі анық. Қарап тексеруде: жағдайы ауыр, артериалды қан қысымы 160/110 жəне 165/100 ммс.бб., пульсі минутына 90 рет, анасарка. Жатыры 28 апталық жүктілікке сəйкес ұлғайған, қозбаған. Ұрықтың қалпы ұзыннан, келуі баспен. Ұрықтың жүрек соғу жиілігі минутына 136 рет, ритміді, анық.
Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Созылмалы гломерулонефрит
B) Созылмалы пиелонефрит
C) Артериалды гипертензия
D) Преэклампсия
E) Эклампсия
{Дұрыс жауап} = D
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} = Под редакцией Серова В.Н., Сухих Г.Т. Акушерство и гинекология. Клинические рекомендации. 4-е издание. М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014, 1024 с.
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$005
Бірінші жүктілік, 25 жаста, ішіне соққы алғаннан кейінгі іштегі тұрақты ауыру сезіміне, əлсіздікке шағымданады. Терісі бозарған. Артериалды қан қысымы 90/50 ммс.бб. Пульсі минутына 120 рет. Акушерлік статус: іш айналымы 84 см, жатыр түбі биіктігі 35 см. Жатыр овальді формада, тығыз, босаңсымайды. Ұрықтың қалпы ұзыннан, жатыр гипертонуста болғандықтан, келуші бөлігі анықталмайды. Ұрықтың жүрек соғуы тұйықталған, минутына 170 рет. Айнамен қарауда: жатыр мойны таза, қанды бөлінділер бар. Пельвиометрияда: жатыр мойны ұзындығы 3,0 см, цервикальді канал бір саусақ өткізеді, келуші бөлігі бас. Қағанақ қабы бүтін. Қанды бөлінділер анықталады.
Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Плацентаның мезгілінен бұрын ажырауы
B) Плацентаның бөліктік жатуы
C) Плацентаның толық жатуы
D) Жатыр жыртылу қаупі
E) Басталған жатыр жыртылуы
{Дұрыс жауап} = A
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} = Серова В.Н.. Неотложная помощь в акушерстве и гинекологии. 2-е издание. М.: ГЭОТАР-Медиа, 2011, 254 с.
{Семестр} = 14
$$$006
Жүкті əйел, 38 жаста. Жалпы тəжірибелік дəрігерді үйге шақырған.Туыстарының айтуы бойынша 6 күн бұрын бас ауыруына шағымданған. Қарап тексергенде: құрысу, жағдайы ауыр, есі жоқ. Артериалды қан қысымы 180/100 ммс.бб. Жатыры мерзіміне сəйкес үлкейген. Ұрық қалпы ұзыннан, келуі баспен. Ұрықтың жүрек соғуы минутына 150 рет, ритмді, анық. Катетрмен алынған зəр мөлшері 40 мл, түсі бұлыңғыр.
Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Эклампсия
B) Преэклампсия
C) Вирусты менингит
D) Жедел бүйрек жеткіліксіздігі
E) Жедел бас ми қанайналым бұзылысы
{Дұрыс жауап= А
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} = Серова В.Н.. Неотложная помощь в акушерстве и гинекологии. 2-е издание. М.: ГЭОТАР-Медиа, 2011, 254 с.
{Семестр} = 14
$$$007
Əйел, 26 жаста, əлсіздікке, қалтырауға, дене температурасының 38,50С дейін көтерілуіне, ішінің төменгі бөлігіндегі қатты ауырсыну сезіміне, жыныс жолдарынан іріңді-қанды бөліністерге шағымданды. Аталған шағымдар медициналық түсіктен кейін 6-шы күні пайда болған, ауырғанына 2 күн болды. Тері жабындылары таза. Артериалды қан қысымы 100/60 ммс.бб. Пульсі минутына 80 рет. Іші жұмсақ, пальпациялауда ауырады. Айнамен қарауда: Қынаптың шырышты қабаты жəне жатыр мойны таза, іріңді бөлінділер бар. Пельвиометрияда: жатыр мойны цилиндрлі, ернеу саусақ ұшын өткізеді. Жатыр қалыпты көлемнен үлкен, жұмсақ консистенциялы, қозғалтқанда ауырсынады. Жатыр қосалқылары екі жақтан да өзгеріссіз.
Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Кольпит
B) Сальпингит
C) Параметрит
D) Эндометрит
E) Сальпингоофорит
{Дұрыс жауап} = D
{Күрделілігі} = 2
{Оқулық} = Под редакцией Серова В.Н., Сухих Г.Т. Акушерство и гинекология. Клинические рекомендации. 4-е издание. М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014, 1024 с.
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$008
Жүкті əйел, жүктілік мерзімі 8-9 апта. Сілекей ағуына, салмақ жоғалтуына шағымданы. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары бозарған. Артериалды қан қысымы 88/60 ммс.бб., тахикардия минутына 90 рет. Диурез азайған. Қанның биохимиялық анализінде креатинин 185 мкмоль/л. Зəрінде ацетон +++.
Қандай тактика жүргізу МЕЙЛІНШЕ тиімді?
A) Жүктілікті үзу
B) Диспансерлік бақылау
C) Жалпы нығайту терапиясы
D) Дезинтоксикационды терапия
E) Жүктілікті жалғастыру
{Дұрыс жауап} = D
{Күрделілігі} = 3
{Оқулық} = Под редакцией Серова В.Н., Сухих Г.Т. Акушерство и гинекология. Клинические рекомендации. 4-е издание. М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014, 1024 с
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$009
Əйел, 45 жаста, жатырды қосалқыларымен бірге қынапүстілік ампутациялаудан кейін, "құйылулар" мен ыстықтау сезімі тəулігіне 15 реттен көп, терлегіштікке, жүрек қағуына, тітіркенгіштікке, ұйқының бұзылуына, еңбекке қабілетінің төмендеуіне шағымданды. Артериалды қан қысымы 120/70 ммс.бб. Пульсі минутуына 80 рет. Айнамен қарауда: қынаптың шырышты қабаты мен жатыр мойны алқызыл түсті, таза. Бөлінділер шырышты. Пельвиометрияда: жатыр мойны қалдығы өзгеріссіз. Инфильтраттар жоқ.
Қандай зерттеу əдісі МЕЙЛІНШЕ тиімді?
A) Қандағы ФСГ, ЛГ, эстрадиол
B) Түрік ершігінің рентгенографиясы
C) Кіші жамбас қуысы ағзаларының ультрадыбыстық зерттеуі
D) Кольпоскопия
E) Маммография
{Дұрыс жауап} = А
{Күрдеделілігі} = 3
{Оқулық} = Прилепская В.Н., Кулаков В.И. Руководство по амбулаторно-поликлинической помощи в акушерстве-гинекологии ГЭОТАР-медиа 2009, 332с.
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$010
Əйел, 27 жаста, жыныс жолдарынан көп мөлшерде, сұйық, жағымсыз иісті бөлінділерге, күйдіру сезіміне, қышынуға шағымданып келді. Айнамен қарауда: қынаптың шырышты қабаты, жатыр мойнының түсі қалыпты. Қынаптың бүйір қабырғалары сұр жабындымен көмкерілген, оңай алынады, бөлінділер көп мөлшерде "балық иісті". Пельвиометрияда: жатыр мойны конус пішінді, сыртқы ернеу жабық. Жатыр өлшемі қалыпты, ауырсынусыз. Жатыр қосалқылары екі жақтанда пальпацияланбайды. Қынап жағындысының бактериоскопиясында: көп мөлшерде "кілттік жасушалар" анықталды. Гонококтар, трихомонадалар, саңырауқұлақтар табылмады.
Төмендегі препараттардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ бірінші кезекті қолданылады?
A) Клион
B) Спринцерлеу
C) Амоксициллин
D) Лактобактерин
E) Бифидумбактерин
{Дұрыс жауап} = А
{Күрделілігі} = 3
{Оқулық} = Прилепская В.Н., Кулаков В.И. Руководство по амбулаторно-поликлинической помощи в акушерстве-гинекологии ГЭОТАР-медиа 2009, 332с.
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$011
Əйел, 29 жаста, Етеккірінің 4 апта кешігуін айтты. Жағдайы қанағаттанарлық. Пульс минутына 80 рет. Артериалды қан қысымы 110/70 ммс.бб. Тілі ылғалды. Іші жұмсақ, төменгі аймағында ауырады. Вагинальді: жатыр мойнының сыртқы ернеуі жабық, жатыр денесі біраз ұлғайған, ауырсынусыз, жатырдың оң жағында жұмсақ түзіліс пальпацияланды, ауырсынулы. Сол жақ қосалқылары өзгеріссіз. Күмбездері бос, ауырсынусыз. Бөлінділер шырышты.
Дəрігердің қандай тактикасы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Дезинтоксикационды терапия
B) Жалпы нығайтушы ем
C) Антибактериалды терапия
D) Гормональді терапия
E) Оперативті ем
{Дұрыс жауап} = Е
{Күрделілігі} = 3
{Оқулық} = Под редакцией Серова В.Н., Сухих Г.Т. Акушерство и гинекология. Клинические рекомендации. 4-е издание. М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014, 1024 с.
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$012
Əйел, 32 жаста, Профилактикалық тексерілуге келді. Шағымдары жоқ. Соңғы етеккірі 2 апта бұрын келген. Жағдайы қанағаттанарлық. Пульсі минутына 74 рет. Артериалды қан қысымы 110/70 ммс.бб. Айнамен қарауда: қынаптың шырышты қабаты алқызыл. Жатыр мойнында ақ аймақтар көрінеді. Бөлінділер шырышты. Пельвиометрияда: жатыр мойны цилиндрлі. Ернеу жабық. Жатыр жəне қосалқылары өзгеріссіз. Күмбездері бос. Кольпоскопияда: жатыр мойнының алдыңғы жəне артқы ернінде топталған 0,5×0,5 см үш ағарған аймақ анықталды. Люголь ерітіндісімен өңдегенде йодқа реакциясы теріс.
Дəрігердің қандай тактикасы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Калий перманганаты ерітіндісімен спринцирлеу
B) Жатыр мойнының диатермоэксцизиясы
C) Антибактериалды терапия
D) Жатыр мойнының конизациясы
E) Гормоналды терапия
Правильный ответ} = В
{Сложность} = 3
{Учебник} = Прилепская В.Н., Кулаков В.И. Руководство по амбулаторно-поликлинической помощи в акушерстве-гинекологии ГЭОТАР-медиа 2009, 332с.
{Курс}= 7
{Семестр} = 14
$$$013
Əйел, 30 жаста, ішінің төменгі аймағындағы ауыру сезіміне, жүрек айнуға, құсуға, дене температурасының көтерілуіне шағымданды. 15-16 апталық жүктілік бойынша диспансерлік есепте тұрады. Жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозарған. Дене температурасы 37,80С. Артериалды қан қысымы 110/70 ммс.бб. Тілі құрғақ, ақ жабындымен көмкерілген. Іші жүктілік мерзіміне сəйкес ұлғайған. Пальпациялауда оң жақ мықын аймағында ауырсыну анықталады. Щеткина-Блюмберг симптомы «+». OS: Жатыр мойнының шырышты қабаты таза. Қынаптың шырышты қабаты көкшіл. Пельвиометрияда: жатыр мойнының сыртқы ернеуі жабық. Жатыры 15-16 апталық жүктілікке сəйкес ұлғайған, ауырсынусыз. Қосалқылары анықталмайды. Жалпы қан анализінде: лейкоциттер 12х109/л, эритроциттердің тұну жылдамдығы 30 мм/сағ.
Дəрігердің қандай тактикасы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Дезинтоксикационды терапия
B) Жалпы нығайтушы терапия
C) Антибактериады терапия
D) Сақтаушы терапия
E) Оперативті ем
{Дұрыс жауап} = Е
{Күрделілігі} = 3
{Оқулық} = Серова В.Н.. Неотложная помощь в акушерстве и гинекологии. 2-е издание. М.: ГЭОТАР-Медиа, 2011, 254 с.
{Семестр} = 14
05_10_Онкология (ОВП)_каз
$$$001
A) T3N0M0
B) T2bN1M0
C) T2aN1M0
D) TisN0M0
E) T1aN2M0
{Правильный ответ} = E
{Сложность} = 1
{Учебник} = Протокол диагностики и лечения №14 от «30» октября 2015 года заседания Экспертного совета РГП на ПХВ «Республиканский центр развития здравоохранения» МЗ и СР РК
{Семестр} = 14
$$$002
Әйел 38 жаста, оң жақ қабырға астының ауырсынуына, сарғаю, терісінің қышуына, дене салмағының және тәбетінің төмендеуіне шағымданып келді. Нәжісі түссіз, несеп сыра түстес екенін айтады. Жалпы қан талдауында гемоглобин 95 г/л, эритроциттер 3,1х1012/л, лейкоциттер 8,3х109/л, ЭТЖ 30 мм/сағ. Қанның биохимиялық талдауында жалпы билирубин 35 ммоль/л, қандағы амилаза 156 Ед/л. УДЗ-де ұйқы безінің басы жалпы өт өзегін облитерациялайтын ісік тәрізді түзіліс анықталды.
Көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Өт қабының рагы
B) Бауыр рагы
C) Ұйқы безінің кистасы
D) Ұйқы безінің рагы
E) Жалпы өт өзегінің рагы
{Правильный ответ} = D
{Сложность} = 2
{Учебник} = Протокол диагностики и лечения №14 от «30» октября 2015года заседания Экспертного совета РГП на ПХВ «Республиканский центр развития здравоохранения» МЗ и СР РК
{Семестр} = 14
$$$003
68 жастағы ер адам, қасаға үсті аймағындағы ауырсынуға, зәр шығару кезіндегі ауырсынуға, зәр шығаруға иперативті шақыруларға шағымданып келді. Дене салмағының төмендеуіне. Физикальді қарауда қасаға үстінде аймақтық ауырсыну. Жалпы қан талдауында: гемоглобин 110 г/л, эритроциттер 2,9х1012/л, лейкоциттер 9,2х109/л, ЭТЖ 28 мм/сағ. Жалпы несеп талдауында эритроциттер 20-25 көру аймағында. Цистоскопия: алдыңғы қабырғасында «түсті капуста» түріндегі ісік тәрізді түзіліс анықталды. Көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Тік ішек рагы
B) Қуық қапшығының рагы
C) Қуық қапшығының кистасы
D) Қуық түбі безінің рагы
E) Несепағардың рагы
{Правильный ответ} = В
{Сложность} = 2
{Учебник} = Протокол диагностики и лечения №14 от «30» октября 2015года заседания Экспертного совета РГП на ПХВ «Республиканский центр развития здравоохранения» МЗ и СР РК
{Семестр} = 14
$$$004
Әйел, 46 жаста, іштің оң жақ жоғары квадрантындағы ауырсыну мен ыңғайсыз сезімге, қайталанатын қан кетуге, дене салмағының төмендеуіне, әлсіздікке шағымданып келді. Ауру анамнезінде вирусты гепатит С. Физикальді: тері жабындысы сарғыш түсті, гепатомегалия. Қанның биохимиялық талдауында АЛТ 43 мЕ/л, АСТ 33 мЕ/л, билирубин 36 ммоль/л, альбумин 53 г/л, сілтілі фосфатаза 118 Ед/л, холестерин 5,2 ммоль/л, глюкоза 6,5 ммоль/л Альфафетопротеин – 50 Нг/мл. Көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Холангиокарцинома
B) Бауыр аденомасы
C) Бауыр кистасы
D) Бауыр гемангиомасы
E) Гепатоцеллюлярлы карцинома
{Правильный ответ} = E
{Сложность} = 2
{Учебник} = Протокол диагностики и лечения №14 от «30» октября 2015года заседания Экспертного совета РГП на ПХВ «Республиканский центр развития здравоохранения» МЗ и СР РК
{Семестр} = 14
$$$005
Әйел, 39 жаста, қалқанша безінің сол жақ бөлігінде түйінді түзілістің барына, жұтқыншақты басып тұру сезіміне, әлсіздік пен тез шаршағыштыққа шағымданып келді. Мойнындағы лимфа түйінінің ұлғаюын аңғарғаннан бастап 1 ай шамасында ауырады. Пальпация кезінде қалқанша безі жұмсақ-эластикалық консистенцияда, сол жағында 1,5х1,5см көлеміндегі ауырсынатын түзіліс, жұтыну кезінде қозғалмалы. Дауыстың төмендеуі жоқ,
сол жағында ұлғайған тығыз лимфа түйіні. Мойын УДЗ-де қалқанша безінің сол жақ бөлігінде түйінді түзіліс анықталды.
Келтірілген емдеу жоспарларының қайсысы МЕЙЛІНШЕ мақсатты?
A) Сәулелі терапия
B) Радиойодтерапия
C) Мойын лимфодиссекциясы
D) Хирургиялық әдіспен алып тастау
E) Тироксинмен супрессивті ем
{Правильный ответ} = D
{Сложность} = 3
{Учебник} = Протокол диагностики и лечения №14 от «30» октября 2015 года заседания Экспертного совета РГП на ПХВ «Республиканский центр развития здравоохранения» МЗ и СР РК
$$$006
Әйел, 30 жаста, оң білегінің терісіндегі пигментті түзілістің көлемінің ұлғаюы мен түсінің өзгеруіне шағымданып келді. Физикальді тексеруде: шеттері анық емес, асимметриялы, қоңыр қосалқыларымен, диаметрі 7 мм, тері деңгейінен 2 мм шығыңқы пигментті түзіліс.
Келтірілген зерттеу тәсілдерінің ішінде МЕЙЛІНШЕ бірінші кезекті болып табылады?
A) ИФА CYFRA-21.1
B) ИФА РЭА
C) ИФА SCCA
D) ИФА CA125
E) ИФА белок S-100
{Правильный ответ} = Е
{Сложность} = 3
{Учебник} = Протокол диагностики и лечения №14 от «30» октября 2015 года заседания Экспертного совета РГП на ПХВ «Республиканский центр развития здравоохранения» МЗ и СР РК
{Семестр} = 14
////////////////////////////