Лексика-грамматикалық тест (3-деңгей) - 2020

 

  Главная      Тесты

 

     поиск по сайту           правообладателям           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лексика-грамматикалық тест (3-деңгей) - 2020

 

 


<???> Аяқталған сөйлемді көрсетіңіз:              

- Ұшақтан туысқандарымды күтіп алмақпын

- Ұшақ қонуға бет алғанда әуежайға

- Ағам сағат үште ұшаққа отыру

- Ұшақ өз уақытынан кешігіп

 

<???>  Әуежай тақырыбына қатысты сөз тіркестер қатарын көрсетіңіз.:                   

-  жүк өткізу, тіркеуден өткізу, ұшаққа отырғызу

- шашты сәндеу, тырнақ өсіру, көз бояу

- көлік жүргізу, қала аралау, жол көрсету

- киім өлшеу, тауар сатып алу, бағасын түсіру

 

<???>  Сапарға шыққан  жолаушыға айтылатын тілек формасын көрсетіңіз:

- Жолың оң болсын!      

- Базарлық алып кел.      

- Ол ұзақ жолдан шаршады.

- Жолдары болмады.  

 

<???> Сөйлемді аяқтаңыз: «Менің Мысыр пирамидаларын ...». -

- көргім келеді

- барғысы келеді

- жасағысы келеді

- кеткісі келеді

 

<???> Мақалдың жалғасын табыңыз: «Жүз естігеннен, ...».

- бір көрген артық

- көрген жақсы

- көрмеу керек

- көп көру керек

 

<???>  Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз: «Шетелге саяхат жаса... келеді».

- -ғысы

- -кісі

- -қысы

- -гісі

 

<???> Мақсат мәнінде айтылған сөйлемді табыңыз:

-  Олар алдымен шомылмақшы.

-  Жағада күнге қыздырынып жатыр.

-  Теңіз суы салқын екен.

-  Өткен жазда демалды.

 

<???> Қажетті септеулік шылауды қойыңыз: «Мен тарихи ескерткіштер ... деректерді жинадым».

-  туралы

- қарай

-  жуық

-  дейін

 

<???> Осы шақта тұрған сөйлемді көрсетіңіз:

-  Туристер Шарын шатқалын аралап жүр.

-  Шарынға туристер көп барады.

- Шарынға баратын жол өте ұзақ.

- Туристер Шарын шатқалына ертең барады.

 

 

<???>  Болымсыз етістігі бар сөйлемді көрсетіңіз:

- Ғимаратты шығыс үлгісімен салмайды.

- Ғимараттың сыртқы көрінісі өте әдемі.

- Олар көпқабатты үйде тұрған.

- Зәулім ғимарат.

 

<???> Ұлттық табиғи саябақтарды анықтаңыз:

Алтынемел, Баянауыл

Алтыбақан, Көкпар

- Катонқарағай, Павлодар

-  Іле Алатауы, Қарағанды

 

 

<???> Табиғат құбылыстарына қатысты сөйлемді аяқтаңыз: «Нөсер алдында ... ойнайды».

-  найзағай

- бала

- орман

-  таулар

 

<???>  Жойылып бара жатқан өсімдіктер мен құстар тіркелген кітап атауын табыңыз:

-  «Қызыл кітап»

-  «Қазақ тілі»

-  «Өлеңдер» жинағы

-  «Ертегілер»

 

<???>  Табиғатқа қатысты мақалды анықтаңыз:

Таулы жер бұлақсыз болмас, сулы жер құрақсыз болмас.

- Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.             

-  Әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды.                  

-  Бала - көңілдің гүлі, көздің нұры.

 

 

<???> Сын есімді тіркесті анықтаңыз:

- қалың орман

- тез айтпа

- көлдің жағасы

- үйге кел

 

<???>  Берілген сөйлем қай райда тұрғанын белгілеңіз: «Орманды, суды, жерді аялаңдар!»

- бұйрық рай

- шартты рай

- қалау рай

- тұйық етістік

 

<???>  Тыйым сөзді табыңыз:

- Суға түкірме.

- Есіктен кірді.

- Басы шайқалды.

- Үйге қарай жүгірді.

 

<???> Берілген сөйлемнің дұрыс аудармасын табыңыз: «Табиғатты қорғау – бұл біздің борышымыз».

- Защита природы – это наш долг.

- Охрана окружающей среды

- Защищать родину – это наш долг.

- Инженерная защита окружающей среды.

 

<???>  «Содружество Независимых Государств» сөз тіркесінің қазақша нұсқасын көрсетіңіз:

- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы                    

- Кеңестік Республикалар Одағы

- Тәуелсіз, егеменді мемлекет

- Бай, өркениетті мемлекет

 

<???> Күрделі атау сөздердің тек бастапқы дыбыстарынан қысқартуға болатын қатарды табыңыз:

-   Біріккен Ұлттар Ұйымы

- Қазақстан мемлекеті

- Америка білім жүйесі

- Екі мемлекет достығы 

 

 

 

<???> Әнұранға қатысты өлең жолын көрсетіңіз:

- Бірлігі жарасқан тәуелсіз елім бар.

- Ғылым таппай мақтанба

- Кел, балалар, оқылық

- Отан оттан да ыстық

 

<???> Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз: «Қазақстан Республикасы Елтаңбасының реңдік бейнесі ... түсті».

- алтын және көгілдір

- күлгін және сары

- жасыл және қызыл

- қара және ақ

 

<???> Қазақстан Республикасының Елтаңбасындағы шаңырақ нені білдіреді?

- әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын                

- батырлық пен ерлікті

- айрықша күш-қуатты

- байлық пен дәулетті

 

<???>  Мақалдың жалғасын табыңыз: «Таңбасыз ел болмайды …».

- найзасыз ер болмайды

- желке ас болмайды

- тағасыз ат болмайды

- жиен ел болмайды

 

<???> Күшейту мағынасындағы тіркесті табыңыз:

- өте қымбат

- сапасы жоғары

- бағасы арзандау

- арзан-қымбат

 

<???>  «Қалтасы қалың» тұрақты тіркесінің мағынасын көрсетіңіз:

- ақшалы, байлығы мол

- көк тиыны жоқ

- байлығы аз, ақшасы жоқ

- ақылы түрде

 

<???>  «Су тегін» тұрақты тіркесінің мағынасын ашыңыз:

-   өте арзан

-  бағасы жоғары

-  құны бар

-   удай қымбат

 

<???> Тілек мәнді сөзді көрсетіңіз:

-  Жұлдызың жоғары болсын!

- Жұлдыздар жарқырайды

- Жұлдыз жорамалы

-  Жарық жұлдыз

 

<???>  Аспан денелерінің атауларынан жасалған есімдер қатарын көрсетіңіз:

-  Шолпан,  Жұлдыз

-  Жетіқарақшы, Темір

-  Марс, Гауһар

-  Үркер, Ақбота

 

<???> Қазақтың тұңғыш ғарышкерін табыңыз:

-  Тоқтар Әубәкіров

-  Талғат Мұсабаев

- Айдын Айымбетов

-  Юрий Гагарин

 

<???>  «Жұлдызы жанды» тұрақты тіркесінің мағынасын табыңыз:

- жолы болды,  ісі алға басты

- жолы болмады, ісі алға баспады

-  жұлдызы сөнді

- жұлдызды түн

 

<???> Іс-әрекеттің шартын білдіретін сөйлемі бар нұсқаны көрсетіңіз:

- Терең білім алғың келсе, көп іздену кере

- Терең білім алу қажет.

-  Көп ізденген шәкірттің білімі терең болады.

- Шәкірт терең білім алып жүр.

 

<???> Сын есімді тіркесті табыңыз:

- білімді маман

- сенің дәптерің

- жүзеге асыру

- мен инженермін

 

<???>  Мақалдың жалғасын табыңыз: «Білекті бірді жығар, ... ».

-  білімді

-  оқу білім бұлағы

- өнер таппай баптанба

-  білім басқа бітеді

 

<???> Тиісті нұсқаны қойыңыз: «Білімді ..., көп оқу керек».

- болу үшін

- жету үшін

- кету үшін

- оқу үшін

 

<???> Сөйлемді толықтырыңыз: «Мүмкін сен жақсы маман ...».

- боларсың

- айтарсыз

-  шығар

- келерсің

 

<???> Қажетті септеулік шылауды қойыңыз: «Қазақстан сәулетшілері ... кітап оқыдым».

- туралы

-  сайын

- арқылы

-  соң

 

<???> Қалау райда тұрған сөйлемді көрсетіңіз:

- Менің дизайнер болғым келеді.

- Ертең үйге қонақтар келеді.

- Ол диплом жобасын қорғады.

- Құрылысшылар келді.

 

<???> Мақалдың екінші сыңарын табыңыз: «Білімсіз адамның сөзі білектей, ...».

- білімді адамның сөзі жібектей

-  менің міндетім

- саған барады

- сағат бесте

 

<???> Сөйлемді мағынасына қарай аяқтаңыз: «Банктер заңды тұлғаларға несие ...».

- береді

- алады

- қабылдау

- дайынбыз

 

<???> Ұлттық байлыққа нелер жататынын көрсетіңіз:

-  елдегі ескерткіштер, валюталық қорлар 

- әлем, аспан, жер, қағаз

-  географиялық карталар

- мал-мүлік, жұмсақ ойыншықтар

 

<???> Қажетті септеулік шылауды қойыңыз:«Ұлттық байлық ....көзқарасыңыз қандай?»

-  туралы

-  сайын

-  арқылы

-  бірге

 

 

<???> Тәуелдік тұлғада тұрған сөзді белгілеңіз:

- табысымыз

-  байлық

-  жеңілдіктер

рухани

 

<???> Берілген сөйлемді тиісті етістікпен аяқтаңыз: «Ұялы телефондар өмірдің барлық саласында ...».

- қолданылуда

-  күлуде

- жүгіруде

- келуде

.

<???> Ұялы телефонның зияны туралы айтылған сөйлемді табыңыз:

-  Ұялы телефонды көп қолдану жүйке жүйесі мен ойлау қабілетін нашарлатады.

- Ұялы телефон – адамның ажырамас көмекшісі.

- Ұялы телефон арқылы хабарлама мен суреттерді жібереді.

- Ұялы телефонды әр адам пайдаланады.

 

<???> Ұялы телефонның  негізгі қызметі қандай екенін көрсетіңіз:

- сөйлесу құралы

- тексеру құралы

-  өлең жазатын құрал

- есептегіш құралы

 

<???>  Антоним болатын тұрақты тіркестер қатарын табыңыз:

- жерден алып жерге салды, атағын аспанға шығарды

-  еті тірі, құлақ салу

- құлақ аспау, көмек берді

-  ит өлген жер, жүрек жұтқан

 

<???> Берілген сөйлемді тиісті етістікпен аяқтаңыз: «Мен күміс теңгелерді ....».

-  жинадым

- тиын

- әуес

- ойнау

 

<???> Сөйлемді мағынасына қарай толықтырыңыз: «Уақыттың босқа өтуі – ...».

- үлкен шығын

- шешілмеген мәселе жоқ

- қайта айналып келеді

- пайдалану керек

 

<???> Тұйық етістіктер қатарын көрсетіңіз:

- айналысу, шұғылдану                  

- айналды, жерлес

- өнер, көркем

- киім, сәнденді 

 

 

<???> Салауатты өмір салтына жат қылықты анықтаңыз:

- нашақорлықпен айналысу

- қалыпты дене салмағын сақтау

- спортпен айналысу

- экологиялық тазалық

 

 

<???> Шарт мәнді сөйлемді табыңыз:

- Суға еріген ашудасты мұрынға азырақ тамызса, қан тоқтайды.

- Адам өз денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн.

- Әлемдегі бар затты бойына сіңіретін де, оны қайтаратын да топырақ.

- Жас ұрпақтың болашағына жауапкершілікпен қарау керек.

 

<???>  Сын есімді тіркесті табыңыз:

- атақты дизайнер

- бес сәулетші

- үлкенді сыйлау

- құрылысқа бару

 

<???> Сөйлемді мағынасына қарай аяқтаңыз: «Зергерлік өнер – көне заманнан ....».

-   келе жатқан өнер түрі

-  алтын, күміс бағалы заттар

- ағаш төсек, астау, ожау

-  сырға, шолпы, әшекей заттар

 

<???> Киім стильдерінің түріне жатпайтынын анықтаңыз:

-  маусымдық

-  спорттық

-  классикалық

- романтикалық

 

<???> Киім күтіміне қатысты берілген сөйлемді табыңыз.

- Киіміңіз үтіктелген, таза болсын.

-  Сәукеле – қалыңдықтың бас киімі.

- Әр адам өз талғамына сай киінеді.

-  Киімде бірнеше стиль қалыптасқан

 

<???> Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрақтарын дұрыс табыңыз:

- қашан?, қай кезде?

- не мақсатпен?, не етпек болып?

- қайтіп?, қалай?

- неліктен?, не себепті?

                                                                     

<???> Батырлық, ерлік тақырыбындағы мақал-мәтелді табыңыз:

-  Ерлік білекте емес, жүректе

-  Отансыз адам – ормансыз бұлбұл

- Бірлік болмай – тірлік болмас

- Денсаулық – зор байлық

 

<???>  «Дос» сөзімен мәндес сөзді табыңыз.

- Жолдасым келді.

- Інім келмекші.

- Қарындасым сабақта.

- Атаммен бірге келдім.

 

<???>  «Қол ұшын берді» тұрақты тіркесінің мағынасын көрсетіңіз:

-   көмектесті

- ақылдасты

-  жәрдемдеспеді

- амандасты

 

<???> Шарт мәндегі құрмалас сөйлемді табыңыз:

-  Досың көп болса, жалғызбын деме.

- Жаман малыңа жолдас.

- Дәніккеннен, құныққан жаман.

- Жаманға қылған жақсылық, бір күнгідей болмайды.

 

<???> Ынтымақ, татулықты білдіретін мақалды көрсетіңіз:

- Бірлік болмай, тірлік болмас

- Асыл тастан, өнер жастан шығады

- Ат – ер қанаты.

- Өнер алды – қызыл тіл.

 

<???>  Сөйлемді мағынасына қарай аяқтаңыз: «Ағам қазақы дәстүрмен ...».

<???> үйленді

- үйлену

- некеледі

- ұзатылды

 

<???> Сөйлемді мағынасына қарай жалғастырыңыз: «Махаббат – адам бойындағы ...».

- ең бір жұмбақ, ең іңкәр сезім

- сөзжұмбақ, іңкәрлік

- жұмбақтау сезім, сырласу

- күштілік, ептілікке баулу

 

<???> Омонимі бар сөз тіркесін табыңыз:

- көршім жақсы, мынаны көрші

- қалың жауын, самал жел

- таңғы көрініс, түскі мезгіл

- кеше келді, бүгін кетті 

 

 

<???> Шеше жағынан туыс болып келетін жігіттің бір жұрты қалай аталады?

- нағашы

- балдыз

- жиеншар

- ағайындар

 

<???> Туыстық атауларды білдіретін сөздердің қатарын белгілеңіз:

- балдыз, жезде, жеңге

- арман, сыйлық, қуаныш

- байланыс, табыс, қаражат

- күнделік, ағайын,  жат

.

<???> Қазақ салт-дәстүрлеріне жататын сөздер қатарын көрсетіңіз:

- көрімдік, сыбаға, сарқыт

- көрініс, сыбағасын беру

- сыйлық, көрме

- асыру, көмек беру

 

<???>  «Некеге отырды» тұрақты тіркесінің мағынасын ашыңыз:

- ер мен әйел отау құрғандықтарын ресми түрде заңдастырды

- қазақы дәстүрмен отау көтерді

- екі жастың басы қосылмады

- қыз тұрмысқа шықты

 

<???>  «Бата беру» тіркесінің беретін мағынасын көрсетіңіз:

- жақсылық, оң тілек тілеу

- сыйлық беру

- ақша беру

- мал, мүлік беру

 

<???>  Сын есіммен келген мақал-мәтелді көрсетіңіз:

- Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала

- Қыз өріс, қыз қонақ

- Шешесін көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш.

- Жиен ел болмас, желке ас болмас

 

<???> Сөйлемнің жалғасын табыңыз: «Әке – ұрпақтың панасы, ...».

- үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі

- жақсы өмір сүру

- жақсы болашаққа ғана әкеледі

- екенін ұмытпақшы

 

<???> Сұраққа жауап беріңіз: «Шілдехана қашан жасалады?».

- нәресте туғанда

-  бала жүргенде

- жастар үйленгенде

-  құдаласқанда

 

<???> Тілек мәнді сөйлемді табыңыз:

-  Нәрестенің бауы берік болсын!

-  Қош келдіңіз!

- Сүйінші, дүниеге сәби келді!

- Табиғат қандай тамаша!

 

<???> Сөйлемді аяқтаңыз: «Отбасы - ...».

- әр адамның алтын ұясы

-  туралы әңгіме

- ардақты азамат

- үшін өте маңызды.

 

<???> Мақалды көрсетіңіз:

-  Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.

- Әкесіне қарап өскен ұл.

-  Шешесіне  ұқсайтын қыз.

- Әке-шешесінің тәрбиесін алған қыз.

 

<???>  «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, ...»  жалғасын табыңыз:

-  бір қолымен әлемді тербетеді.

-  қолымен есікті жабады.

-  екі қолымен тамақ жасайды.

-  қолымен кесте тігеді.

 

<???>  Көне нормандық «бюджет»  деген сөз қандай мағына беретінін табыңыз:

- былғары әмиян

-  алтын әмиян

- күміс әмиян

-  толы әмиян

 

<???> Бюджетке қатысты сөзді табыңыз:

- шығын

-  үш

- дүкен              

-  бөлу

 

<???> Сөйлемді толықтырыңыз: «Еңбекпен тапқан қаражатты - ................».

- қалай болса солай жұмсауға болмайды

-  жұмысқа баруға болмайды

- жоспарлауға міндеттеу керек

-  көп сөйлесу керек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

////////////////////////////