Қазақ тілінің ережелері. Тесттер (2020)

 

  Главная      Тесты

 

     поиск по сайту           правообладателям           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілінің ережелері. Тесттер (2020)

 

 

 

 

 

1-нұсқа

1.Дұрыс жазылған үстеуді табыңыз

А.Жолжөнекей

В.Ала-жаздай

С.Тасыр-тұсыр

Д.Ендігәрі

Е.Быйыл

 

2.Үстеу дегеніміз не?

А. Іс-әрекет, қимылды білдіреді.

В.Қимылға, іс-әрекетке еліктеуді білдіреді.

С. Заттың сапасын, көлемін білдіреді.

Д.Қимылдың мезгілін, белгісін, себебін, мақсатын білдіреді.

Е.Сөз бен сөзді байланыстырады.

 

3.Күрделі үстеуді көрсетіңіз

А.Бүгін келдім.

В.Кеше бардым.

С. Әрең көтердім

Д.Балаша сайрады.

Е.Шикілей әкелді.

 

4.Туынды үстеуді көрсетіңіз

А.Әдейі бардым.

Ә.Ертең келеді.

С.Әрең жүрді.

Д.Жылдамырақ жүр

Е.Талай жүрген жерім.

 

5.Мезгіл үстеуін көрсетіңіз.

А.Бүрсігүні аттанды.

В.Ілгері жүрді.

С. Қаннен-қаперсіз ұйықтады.

Д.Қыруар жұмыс істедік.

Е.Өте үлкен екен.

 

6.Мөлшер үстеуінің сұрағын көрсетіңіз.

А.Қашаннан?

В.Қаншама?

С.Қайдан?

Д.Кімше?

Е.Қандай?

 

7.Мекен үстеуін көрсетіңіз.

А.Алға қадам басты.

В.Әрең-әрең бара жатты.

С.Қасақана істеген.

Д.Амалсыздан үйіне жүрді.

Е.Қолма-қол тапсырды.

 

8.Мақсат үстеуін табыңыз.

А.Әлгінде, емін-еркін.

В.Орасан, әжептәуір.

С.Жорта,әдейі.

Д.Тысқары,мұнда.

Е.Амалсыздан,бекерге.

 

9.Үстеу сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?

Баланың бүлдіршін шағынан ән, күй, жыр, ертегі-аңыз естіп өсуі – ең мәнді, қисынды, табиғи құбылыс, шешендікің шарты болып табылады.

А.Пысықтауыш

В.Баяндауыш

С.Бастауыш

Д.Анықтауыш

Е.Толықтауыш

 

10. «Тым, ең, кілең » үстеулері мағына жағынан үстеудің қай түріне жатады?

А.Мекен үстеуі

В.Мезгіл үстеуі

С.Күшейткіш үстеуі

Д.Мақсат үстеуі

Е.Себеп-салдар үстеуі

 

11. «Қазақша» үстеуінің тұлғасына қарай түрін көрсетіңіз.

А.Мақсат

В.Мезгіл

С.Күрделі

Д.Туынды

Е. Себеп-салдар үстеуі

 

12.Септік жалғауларының түбірге сіңісіп, көнеленуі арқылы жасалған туынды үстеулерді табыңыз.

А.Сұңқардайын, осылай.

В. Биыл, соншалық.

С.Әрең-әрең, қыстай

Д.Жаздыгүні, күн ұзаққа.

Е.Қапыда, текке.

 

13.Сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарып тұрған үстеуді табыңыз.

А.Ұлттық шешендік өнер өте биік дәрежеде дамыған.

В.Бүгін бірінші рет әдейі алғызып отыр.

С.Қазан шымыр-шымыр қайнап жатыр.

Д.Бетінде боран ұйытқыған  күңгірт, бұлдыр ақ дала қараңғыдан қалқып шыға келді.

Е.Ең үлкен жаңалық сенсің.

 

14.Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған сын-қимыл үстеуін табыңыз.

А. Поездан әдейі түсіп қалдым.

В.Күндіз де, түнде де ол Барластың қасынан шықпайды.

С.Соншама қандай қуаныш?!

Д.Жоғарыдан бетіме бірдеңе тарс ете түсті.

Е.Ыза кернеп зорға тұрмын.

 

15.Дефис арқылы жазылатын үстеуді көрсетіңіз.

А.қыстыгүні

В.құр босқа

С.емін еркін

Д.таң сәріде

Е.биыл

 

16.Сөйлемде баяндауыш қызметін атқарып тұрған үстеуді табыңыз.

А.Кешеден тосып жүр.

В.Оңашада жылап та алғам.

С.Мен жолшыбай соғармын.

Д.Ол балаша сақ-сақ күлді.

Е.Мен елімнің ертеңімін

 

17.Сыңарларының дыбысталуынша жазылатын күрделі үстеулерді табыңыз.

А.Таңертең, бір қыдыру

В.Анағұрлым, бүгін

С.Баяғыдан, өйтіп-бүйтіп.

Д.Бұрын, қолма-қол.

Е.Әлдекімше, талай.

 

18.Бөлек жазылатын үстеуді табыңыз.

А.Сұңқар дайын.

В.Күн ұзақта.

С.Анда санда.

Д.Жазды гүні

Е.Таңда майынша

 

19.Мөлшер үстеуді табыңыз.

А.Әжептәуір

В.әрең

С.ілгері

Д.Кеше

Е.тым

 

20.Үстеу бастауыш қызметін атқарып тұрған сөзді табыңыз.

А.Бірі-қартаң, бірі-жас қонақ.

В.Қасына қайта отырғызды.

С.Тезірек қимылда.

Д.Ел ертеңі білімді жастар қолында.

Е.Ары таза болмаған адам бұрын қағады кірпігін.

 

21. «Қалай қарай?»сұрағы қай үстеуге тән?

А.Мақсат

В.мезгіл

С.мекен

Д.қимыл-сын

Е.мөлшер

 

22.Үстеуден жасалған етістікті табыңыз.

А.сылтаурат

В.тездет

С.жылтырат

Д.қарайт

Е.менменсін

 

23.Үстеу сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын анықтаңыз.

А.анықтауыш

В.толықтауыш

С.пысықтауыш

Д.бастауыш

Е.баяндауыш

 

24.Бастауыш қызметіндегі үстеуді табыңыз.

А.Ол бүгін келді.

В.Ертеңіңдң ойлап әрекет жаса.

С.Ол кешелері ойын баласы еді.

Д.Жақсылықтың ерте-кеші жоқ.

Е.Ол кейінірек барады.

 

25.Күрделі үстеуден жасалған пысықтауышты табыңыз.

А.Ол таңсәріден бері демалған жоқ.

В.Жазда ауылға барамыз.

С.Кешкісін әкем қалаға кетті.

Д.Ол таңғы асқа әрең үлгерді.

Е. Ол амалсыздан үндемеді.

 

26.Біріккен үстеуді табыңыз.

А.алажаздай

В.қанненқапаерсіз

С.бүрсігүні

Д.таңғысын

Е.қасақана

 

27.Сын есіммен тіркесетін үстеу түрін табыңыз.

А.мекен

В.мезгіл

С.мөлшер

Д.қимыл-сын

Е.мақсат

 

28.Қай үстеу асырмалы шырай жасауға өатысады?

А.мөлшер

В.мезгіл

С.мақсат

Д.күшейткіш

Е.себеп-салдар

 

29.Туынды үстеуді табыңыз.

А.шалқасынан

В.ешқашан

С.қалай қарай

Д.біршама

Е.әжептәуір

 

30-Туынды үстеудің жұрнағын табыңыз.

А. –дай

В. -даған

С. –ын

Д. –ғыр

Е. –дық

 

 

 

 

 

2-нұсқа

 

1.Шылау түрлерін ажыратыңыз

Және, үшін, ғана

А.талғаулықты, ыңғайлас, толымсыз

В.Сөз тудырушы, сөз түрлендіруші, жалғау

С.Қарсылықты, демеулік, оқшау

Д.Жалғаулық, септеулік, демеулік

Е.Одағай еліктеу сөз, үстеу

 

2.Шылау қатысқан сөйлемді анықтаңыз.

А.Оның ойын кейін білдім.

В.Гүлсім оны бұрын көрмеген екен.

С.Одан бұрын хабарды жеткізіпті.

Д.Әрі жығыл десең, бері жығылады.

Е.Бірге жатқан момындарға күн көрсетпейді.

 

3.Шылауға тән емес ерекшелікті табыңыз

А.Толық лексикалық мағынасы болмайды.

В.Түрленбейді.

С.Адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіреді.

Д.Сөйлем мүшесі бола алмайды.

Е.Сөздерді байланыстырадыне толық мағыналы сөзге қосымша мән үстейді.

 

4. «Сайын, қарай, соң, қабат» шылаулары қандай шылау тобына жататынын анықтаңыз.

А.Қарсылықты

В.Демеулік

С.Талғаулықты

Д.Шартты

Е.Септеулік

 

5. «-ды» шылауы қай сөзде нақтылау мәнді демеулік шылау болып тұрғанын ажыратыңыз.

А.Қараған  (ды ) жер.

В. Ол көргенін айтқан(ды).

С.Бала қаз (ды) қуды.

Д.Әуелі қатты ұялып қысыл(ды).

Е.Бар(ды) бағалай біл.

 

6.Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулық шылауды табыңыз.

А.Біірақ, алайда, дегенмен.

В.мен, және, әрі

С.Егер, егер де

Д.Өйткені, сондықтан

Е.Біресе, бірде, кейде

 

7.Көмектес септігіне қатысты септеулікті табыңыз.

А.кейін

В.шейін

С.соң

Д.бірге

Е.үшін

 

8.Нақтылау мәнді демеуліктерді табыңыз.

А. Ма, ме, ба, ше

В. –ақ, -ау, -ай, да

С. –ды, -ді, ғой, қой

Д.түгіл, тұрсын, тұрмақ

Е.ғана, -мыс, -міс

 

9.Жалғаулықты шылау қатысқан сөйлемді табыңыз.

А.Туу, сөз бар ма?

В.Еркін, Ерболат, мен-үшеуміз бардық.

С.Бізде үлкен күш бар.

Д.Шымырбайдың қойшы деген аты ғана.

Е.Бірақ сол елдің мен өзіңнің қамыңды шын ойласаң, білім жарығына ұмтыл.

 

10.Күшейткіш демеулікті табыңыз.

А.Оның сөзңнен өкініш те, ыза да сезіледі.

В.Біз де естіп, қуанып жатырмыз.

С.Жайдақ суды ит те, құс та жалайды.

Д.Айып менде екені рас.

Е.Екі-үш күнде әрең жеттік.

 

11.Сұраулық демеулік шылаудың жіктік жалғауынан бұрын келуі қай сөйлемде кездеседі?

А.Асан мен Үсен ауылдан адасып қалды.

В.Екі күннен соң ауыл Шыңғысқа көшті.

С.Қайық аударылып, адамдары суға батады-мыс.

Д.Бірде зарлы, бірде нәрлі нақышпен айтып шықты.

Е.Қоянға шығамысың?

 

12.Бірыңғай септеулік шылаулар қатарын көрсетіңіз.

А.әрі, бері, гөрі

В.не, я,да

С. –Ды, -мыс, -ау

Д.мен, бен, пен

Е.қой, ғана, ше

 

13. «гөрі» сөзі шылаудың қай түріне жатады?

А.Қарсылықты жалғаулық

В.шектеу демеулігі

С.шығыс септігіне қарасты септеулік

Д.талғаулы жалғаулық

Е.болымсыздық демеулік

 

14.Шектеу демеулігін табыңыз.

А.Бұрын бір шал болыпты-мыс.

В.Ол үйіне ерте келген-ді.

С.Қоңырау соғылып қалса ше?

Д.Ол түгілі мені таныған жоқ.

Е.Мен-ақ сабаққа бармадым.

 

15.Ыңғайластық жалғаулықты табыңыз.

А.Бұдан әрі оның таңдауға шамасы келмеді.

В.Ол тәрбиелі әрі жігерлі.

С.Ол Маратқа да алма берді.

Д.Тек кейде бұршақ жауады.

Е. Сол сияқты балалар өте көп.

 

16.Синонимдес шылауларды көрсетіңіз.

А.бірге, бірақ

В.әрі, гөрі

С.Сондықтан, өйткені

Д.я, не

Е. –мыс, -ты

 

17.Сұрау демеулігін табыңыз.

А.Сабақтан қал(ма).

В.Кітап оқы(ма).

С.Көшедегі аялда(ма).

Д.Аздап қарамай(ма).

Е.Жар(ма) –талқан.

 

18.Сөйлемде қандай шылау қатысқан?

Оның кітабы соғыс туралы ма екен?

А.жалғаулық-демеулік

В.септеулік-демеулік

С.жалғаулық-септеулік

Д.демеулік-септеулік

Е.септеулік-жалғаулық

 

19.Орфоэпия бойынша жазылған шылауды табыңыз.

А.Бұны әкеме айтпай-ақ қой.

В.Менімен бірге қыдырасың юа?

С.Бұдан былай сабақтан қалма.

Д.Жаздан гейін күз келеді.

Е.Қарағым-ау, тезірек жауап берсейші.

 

20.Бәрыңғай мүшені байланыстырған шылауды табыңыз.

А.Олар кеше де жарысқа кеткен еді.

В.Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан.

С.Содан бері қаншама жылдар өтті.

Д.Үлкен өзендер, әсіресе, Сыр өзені егістікке көп пайдалы.

Е.Олар жазда да осы қалыптарынан тайынбайды.

 

21.Себеп-салдар шылауды табыңыз.

А.Бүгін ерте келдік, бірақ жарыстан қалып қойдық.

В.Ол кеше көп ойнаған, сондықтан бүгін демалды.

С.Олар біресе ойнайды, біресе отырады.

Д.Біз кешке сабақ оқимыз және тамақ жейміз.

Е.Олар не бүгін келеді, не ертең келеді.

 

22.Қате жазылған шылауды табыңыз.

А.барған-ау

В.бармайақ қой

С.сондай-ақ

Д.Сұмдық-ай

Е.барыпты-мыс

 

23.Қай сөйлемде үш түрлі шылау қатысқан?

А.Марат та, Сәкен де сабақта жоқ.

В.Ертеңге дейін барып қалармын.

С.Олар туралы бұдан кейін де еститін шығармыз.

Д.Қызым, сабаққа дейін тамағыңды ішпедің бе?

Е.Қыста қар жаумаса ше?

 

24.Шылауды табыңыз.

А.Сірә, сол жасаған шығар, ә?

В.Қап, содан естімегенім қалмады.

С.Ой, бәтшағар,сенбісің?

Д.Балам-ау, қалың киіміңді кисеңші.

Е.Әттең,сол уақытқа қайта келсе!

 

25.Шылауды табыңыз.

А.Қар қалың жауыпты.

В.Түнде күн қатты суық болады.

С.Мейлі жаз, мейлі қыс болсын, маған бәрібір.

Д.Содан әлі ауырып жатыр.

Е.Бар болғаны бес рет ойнады.

 

26.Болымсыздық демеулікті табыңыз.

А.түгіл

В.түгел

С.тұрды

Д.Тұрған

Е.Тегіс

 

27.Нақтылау мәнді демеулікті табыңыз.

А.Және

В.кейде

С.ғой

Д. –мыс

Е.әрі

 

28.Қай шылау айтылуы бойынша жазылған?

А.гөрі

В.ғой

С.ғана

Д.қой

Е. –ай

 

29.Қате тіркескен шылауды табыңыз.

А.Ол кеше ғана келген.

В.Келген Марат ғой.

С.Одан дәріс алыпты-мыс.

Д.Бұл оқиға жазда болған-ды.

Е.Есікті қаққан сол-ау.

 

30.Күшейткіш демеулікті табыңыз.

А.әсіресе

В.әйтпесе

С.әйтсе де

Д.әлде

Е.әрі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-нұсқа

 

1.Еліктеуіш сөзді табыңыз.

А) Ағараңдайды.

В) Гүр – гүр.

С) Шүбалаңқы.

D) Бүлкектеп.

E)Ирелеңдеп.

 

2. Бейнелеуіш сөзді табыңыз.

А) Тарс.

В) Сыңғыр.

С) Жалт – жұлт.

D) Арс – арс.

E) Шаңқ.

 

3. Негізгі еліктеу сөзді табыңыз.

А) Елпең.

В) Қыңқ.

С) Шүбалаң.

D) Сырыл.

E) Күркіре.

 

4. Туынды еліктеу сөз жасайтын жұрнақтарды  табыңыз.

А) –ын, -ін, -н, -ыл, -іл.

В) – аң, -ең, -ың, -ің, -ң.

С)  -ыс, -іс, -с, -ым, -м.

D)  -ғы, -гі, -қы, -кі, -к.

E)  -ыра, -іре, -ғыр, -гір.

 

5. Күрделі еліктеу сөз қатысқан  сөйлемді  табыңыз.

А) – Сауға, -деді  саңқ етіп.

В) Қараторғай  көк аспанды  матадай дар еткізіп, қақ айырғандай құлдилады.

С) Тар бөлменің іші бұрқ етіп, шаң-тозаңға толып кетті.

D) Шаңқ еткен мылтық түтінінің ішінде Үрқия да, қабан да көрінбей кетті.

E) Сайдағы ауыл жақтан көп иттің арс – үрс, шәу – шәу етіп үргені естіледі.

 

6. Баяндауыш  қызметін атқарып тұрған еліктеуішті табыңыз.

А) Үрінді қарды борт – борт басысып қос аттылы Бүркітті бауырын өрлеген.

В) Сейіт күтпеген сөзге селк етті.

С)  Су түбінде малта тастар жылтырап, су сылдыр – сылдыр  етеді.

D) Алаң да алаң, алаң  жұрт, ақала ордам қонған жұрт.

E) Аулада асық ойнаған балалардан басқа селт еткен жан жоқ.

 

7. Шақыру одағайын табыңыз.

А) Ойпырай.

В)  Түу.

С) Шөре-шөре.

D) Беу.

E) Тәйт.

 

8. Көңіл – күй одағайын табыңыз.

А) Тек.

В) Мәссаған.

С) Құрау-құрау.

D) Айт.

E) Қош-қош.

 

9. Бейнелік  мағынаны білдіретін сөзді табыңыз.

А) Күні – түні, әрі- бері.

В) Үлкенді – кішілі, екі-үш.

С) Тыпың-тыпың, жыбыр-жыбыр.

D) Әкелі-балалы, бала-шаға.

E) Өзді-өзі, сөйлей-сөйлей.

 

10. Негізгі еліктеу сөзді табыңыз.

А) Қисаң-қисаң.

В) Жалт.

С) Күбірле.

D)  Даңғыр.

E) Жымың-жымың.

 

11. Бейнелеуіш сөзді табыңыз.

А) Тым-тырыс.

В) Апыл-ғұпыл.

С) Салдыр-гүлдір.

D) Мырс-мырс.

E) Тасыр-тұсыр.

 

12. Көп нүктенің  орнына лайықты еліктеу сөзді көрсетіңіз.

Астымдағы жануар құлағын қайшыландыр..... зорға ...................желеді.

А)Бұрқ-сарқ.

В) Ажыраң.

С) Борт-борт.

D) Күж-күж.

E) Далаң-дұлаң.

 

13. Еліктеу сөзді тіркесті көрсетіңіз.

А) Сылқ-сылқ күлді.

В) Емін - еркін отырды.

С) Мыңға жуық.

D) Әттең естімедім-ау.

E) Ақырындап  аттады.

 

14. Сөйлемде пысықтауыш  қызметін  атқарып тұрған  еліктеу сөзді табыңыз.

А) Шапқан сайын қарқыны үдеп, екі құлағының түбінен  жел гу-гу етеді.

В) Таңдайын тақ-тақ еткізеді.

С) Маңы- ығы –жығы адам.

D) Сұлтекең сабырлы оймен тыңдап болып мырс етіп бір күлді.

E) О, жоғары шық, бала, атаңның қасына.

 

15. Одағай қандай сөздер қатарына жатады?

А) Еліктеу сөз

В) Шылау сөз.

С) Мағыналы сөз.

D) Омоним сөз.

E) Оқшау сөз.

 

16. Дара одағайды табыңыз.

А) Мәссаған.

В) Шөре-төре.

С) Бәрекелді.

D) Жаракімалла.

E) Беу.

 

17. Жекіру одағайын белгілеңіз.

А) Қос.

В) Шіркін-ай.

С) Уh.

D) Пәлі.

E) Жә.

 

18. Еліктеу сөз қандай тұлғада бастауыш қызметін атқарады?

А) Көмекші етістікпен тіркесіп, зат есім алдында.

В) Етістікпен тіркескен жағдайда.

С) Көмекші етістікпен тіркесіп, заттанған жағдайда.

D) Қимыл, іс-әрекеттің түрлі белгісін білдірген кезде.

E)  Әр түрлі дыбысқа еліктеу, олардың бейнесін елестету мәнінде.

 

19. Еліктеу сөз анықтауыш қызметін атқарып тұрған сөйлемді табыңыз.

А) Үзеңгінің де сыңғыр- сыңғыр үні тыйылған.

В) Жұмсақ қардың әр түрлі жұлдыздары жылт-жылт етеді.

С) Гулеп ұшқан көбелектей көп бояулы, неше алуан.

D) Құлағына ат тұяғының дүрсілі естілді.

E) Жайнаң қағып жайдары көктем келді.

 

20. Баяндауыш  қызметін атқарып тұрған бейнелеуішті табыңыз.

А) Көксеректің жанына дүрс етіп сұлап түсті.

В) Үлкен, өткір көзі жалт-жұлт етеді.

С) Бүйір жағынан келіп арс етіп қауып түсті.

D) Ол бетін жастыққа басып, солқ-солқ жылап жатыр.

E) Әлгі адам сәл бөгеліп, тау шыңына қарай көз жіберді.

 

21. Сөйлемде толықтауыш қызметін атқарып тұрған еліктеу сөзді табыңыз.

А) Ескекті тарта –тарта екі қары салдырап, алақаны дуылдап жанып кетті.

В) Сорпа-су ішіп, жас ет жесе, оңалып кетер еді.

С) Ескіше- жаңаша шала-шарпы хат таниды.

D) Үй  іші- апыр-топыр.

E) Пыш-пыш, күбір-күбірлеріңді тыйыңдар.

 

22. Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған сөзді табыңыз.

Мото дүрілі естілгендей болды да, төңірек тым-тырыс боп тына қалды.

А) Дүрілі.

В) Төңірек.

С) Тына.

D) Естілгендей болды.

E) Тым-тырыс боп.

 

23. Анықтауыш қызметін атқарып тұрған сөзді табыңыз.

Далада үп еткен жел жоқ.

А) Далада.

В) Үп еткен

С) Жел.

D)еткен.

E) жоқ.

 

24. Еліктеу сөздің қандай қызмет атқарып тұрғанын анықтаңыз.

Қашан сиыр айдаушыларға жеткенше, артына жалтақ-жалтақ қарайды.

А) Баяндауыш.

В) Толықтауыш.

С) Анықтауыш.

D) Бастауыш.

E) Пысықтауыш.

 

25. Бастауыш қызметіндегі еліктеу сөзді табыңыз.

А) Күммен аршылған ескі күмістей жарқ-жұрқ етеді.

В) Қазақ дауылпаздарының дүңкілі кең даланың үстінде қалықтай жөнелді.

С) Мың сіз-бізден бір шыж-быж артық.

D) Іште бұғып жатқан сағыныш толқыны бірден лап етіп, сыртқа шыққандай болып еді.

E) Алтындай  жарқырап өзен ағып жатыр.

 

26. Өкіну мәнін білдіретін одағай қайсысы?

А) Уау.

В)Әйда.

С) Моh-моh.

D) Әттең.

E) Қане.

 

27. Одағайға тән ерекшелікті табыңыз.

А) Басқа сөздермен байланысқа түспейді.

В) Сөз бен сөзді байланыстырады.

С) Қимыл, іс әрекеттің белгісін білдіреді.

D) Заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы белгілейді.

E) Өзінен бұрын тұрған сөзді айқындайды, дәлелдейді

 

28. Одағай қатысқан сөйлемді табыңыз.

А) Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді.

В) Үй ішінде де мйда самал ескендей.

С) Көкжиекте аққудай тізілген ақша бұлттар шуақтап жатқан тәрізді.

D) Япырау, қайда сол күндер!

E) Көрсетпе! Тый көзіңнің жасын!

 

29. Сөйлемде одағайға қатысты қойылатын тыныс белгілер қатарын табыңыз.

А) Сұрау белгісі, Леп белгісі.

В) Үтір, Леп белгісі.

С) сызықша, үтір.

D) нүкте, тырнақша.

E) Леп белгісі, жақша.

 

30. Одағайға тән емес ерекшелікті табыңыз.

А) Толық лексикалық мағынасы жоқ.

В) Септік тұлғасындағы сөздің шылануында айтылады.

С) Сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді.

D) Оқшау айтылып, үнемі басқа сөздермен тыныс белгісі арқылы ажыратылады.

E) Сөйлем мүшесі бола алмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

////////////////////////////