|
|
|
Отбасылық психология. Жауаптары бар тест (2020)
1.Отбасындағы Авторитарлық стиль дегеніміз не?
а) ересектер өз балаларының жас ерекшеліктеріне сәйкес жеке жауапкершілігі мен дербестігін ынталандырады.
ә) ересектер ұлдарының немесе қыздарының дербестігін шектейді, өз талаптарын қандай да бір жолмен негіздеуді қажет етпейді, оларды қатаң бақылаумен, қатал тыйымдармен, сөгістермен және дене жазалауларымен сүйемелдейді.
б) бала қажетті деңгейде бағытталмайды, тыйымдар мен шектеулерді мүлдем білмейді, қандай да бір нұсқауларды орындамайды.
в) бұл тәрбиелеудің бірыңғай тәсілінің болмауы, мұнда балаға қойылатын айқын, нақты, белгілі талаптар жоқ немесе ата-аналар арасында тәрбиелеу құралдарын таңдауда қарама-қайшылықтар, келіспеушіліктер байқалады.
г) бұл отбасында қарым-қатынас орнату тәсілі, оның негізгі қағидаты ортақ мақсаттармен және міндеттермен, бірлескен қызметпен, барлық салада өзара қолдаумен, соның ішінде эмоционалды қолдаумен біріктіру болып табылады.
2. Ресейдегі әлемде алғаш отбасы терапиясын негізін салушы?
а) И.В.Маляревский
ә) Милтон Эриксон
б) Мюрри Бауэн
в) Илья Пригожин
г) Д.Джексон
3.Бала мен ата-ана қарым-қатынасын анықтауға болатын тест түрін көрсетіңіз?
а)IQ
ә)ДДО
б)ОРО
в)Климов
г)Амтхауэр
4.Қорқыныштың қанша түрі бар?
а)2
ә)3
б)4
в)5
г)6
5. «Стресс» ұғымын ең алғаш ғылымға енгізген кім?
а)З.Фрейд
ә)М.Х.Бреннер
б)Вильгелм Райх
в)Ганс Селье
г)В.Ю.Завьялов
6.Стрессті анықтауға арналған әдісті көрсетіңіз?
а)Дж.Иген
ә)С.Спилбергер
б)Тест Альберт Эллиса
в)Климов
г)Кеттэл
7.Фобияның ең көп таралған түрі?
а)Акрофобия
ә)Никтофобия
б)Клаустрофобия
в)Спектрофобия
г)Авиафобия
8.Өлімнен қорқу фобияның қай түріне жатады?
а)Тафефобия
ә)Гермафобия
б)Кататрофобия
в)Авиафобия
г)Танатофобия
9.Фаталистік өзін-өзі өлтіру дегеніміз не?
а)Жалғыздыққа жаны құмар, өзімен-өзі болатындар
ә)Басқа адамдардың өмірін сақтау үшін өзін-өзі өлтіру
б)Кенеттен қоғамда кездесетін қиындықтардан шығудың жолын таппай өзін-өзі өлтіру
в)Жеке адамды қатал бақылауға алғандықтан, оған бостандық бермегендіктен, болашақтан үміт үзуден болатын өлім
г)Алькогольды, гипогенді , психотропты дәрілерді пайдаланудан болатын өзін-өзіне қол жұмсау
10.«Өзін-өзі өлтіру.Социологиялық этюд» еңбегінің авторы
а)Э.Дюркгейм
ә)О.Конт
б)Кули
в)Дж.Мид
г)М.Вебер
Жауаптары:
1. ә
2. а
3. б
4. г
5. в
6. ә
7. б
8. г
9. в
10. а
////////////////////////////