Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру пәнінен Midterm бойынша тест тапсырмасы. Тест (2016)

 

  Главная      Тесты

 

     поиск по сайту           правообладателям           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру пәнінен Midterm бойынша тест тапсырмасы. Тест (2016)

 

 

 

 

 

                                                                      Курс:                2

 

Тест

 

1. Әлеуметтік қарым-қатынасты өндірудің, әлеуметтік қызметтерді тиімді ету және қайта жаңғыртудың, адамды немесе кіші топты әлеуметтендіру мақсатындағы әлеуметтік көмек көрсетудің бағытын көрсетіңіз?

А) Әлеуметтік жұмыс

Ә) Психологиялық кеңес беру

Б) Әлеуметтану

В) Педагогикалық кеңес беру

Г) Әлеуметтік кеңес беру

2. Кеңес берудің негізгі мақсаты мен міндеттерін көрсетіңіз?

А) Медико-профилактикалық көмек пен қарым-қатынасты анықтау

Ә) Мақсатты нақтылау мен құқықтық құжаттарды қайта жазып шығару

Б) Материалдық көмек көрсету

В) Клиентке мәселені түсіндіру және оны шешудің жолын табуға көмектесу, шынайы мәселені табу, оның себептерін анықтау

Г) Клиентке психодиагностика жасау, материалдық көмек көрсету

3. Кеңес берушіге тән адаптивті біліктіліктің негізгі мәнін көрсетіңіз?

А) Өзгерістерді алдын-ала болжай білу және қайта қарастыра алу қабілеті, практиканың өзгеріп отыратын жағдайларына бейімделу

Ә) Өзінің практикасы негізделген білімдердің негіздерін игеру

Б) Ақпараттық кәсіби бағалар бере білу, негізделген шешімдер қабылдай алу, туындаған мәселелерді шешу және артықшылықтарды орнына қоя білу

В) Кеңес берушінің тапсырыс берушімен бірге таңдап алынған мақсатты нақты міндеттер жүйесіне трансформациялай алуы

Г) Дамыған вербалды және вербалды емес коммуникативті дағдылар, басқа адамдардың жүріс-тұрыс мотивтерін түсіну, өзіндік тұлғалық сипаттамаларын, бағдарларын саналаудың жоғарғы деңгейі

4. Кеңес беру практикасындағы трансактік талдаудың негізі – эго-қалпы моделінің маңызы мен мәнін көрсетіңіз?

А) Тұлғаның қылық-әрекетінің, ойларының, сезімдерінің арасындағы нақты байланысты анықтауға көмектеседі.

Ә) Қарым-қатынас барысында адамдардың кеңістікте орналасуын қарастырады.

Б) Адамдардың эмоциялары мен сезімдерінің сыртқы көріністерін қарастырады.

В)  Адамның психикасына ықпал етуші іс-шаралар жүйесі, психологиялық көрсету формасы, сондай-ақ сәйкес проблемаларды  зерттейтін дәрігерлік және практикалық психологияның саласы.

Г) Клиенттің психоэмоционалды күйіне ықпал ету мақсатында бейнелеу шығармашылығына негізделген әдіс.

5. Кеңес беру барысында жүргізілетін «арттерапия» әдісінің қызметін көрсетіңіз?

А) Бұл шығармашылық жұмысқа дайындық әдісі.

Ә) «Өнермен емдеу» деген мағананы білдіреді – өнер мен шығармашылыққа негізделген психотерапия және психологиялық түзету түрі.

Б) Әр адам өздерін және басқа да топ мүшелерін жақыннан түсінісе бастайды.

В) Бұл адамның психикасына ықпал етуші іс-шаралар жүйесі, психологиялық көрсету формасы

Г) Бұл бағытта адамның тіршілік ету мəні қарастырылып, осы мəнді іздеу жүзеге асырылады.

6. Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру барысында тұлғааралық қиындықтармен байланысты әр түрлі мәселелерді шешуге бағытталған және әсер етудің ең негізгі құралы ретіндегі әдісті атаңыз?

А) Бақылу

Ә) Әңгіме

Б) Тренинг

В) Диагностика

Г) Тестілеу

7. Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беруде кәсіптік ғылыми білімді қолдана отырып, клиентке өз мәселелерін шешу кезінде маңызды ақпараттардың сарапталуын анықтайтын шкаланы көрсетіңіз?

А) Байқампаз болу шкаласы

Ә) Іс-әрекеттің құрастырмалы болуы шкаласы

Б) Клиент жауабы айтқандарымен сәйкес келу шкаласы

В) Жеңілдік жасау шкаласы

Г) Әсер ету шкаласы

8. Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беруші білім беру жүйесінде қандай міндеттерді негізге алады?

А) Оқушылардың сабақ үлгерімін және сабаққа қатысуын үнемі қадағалау

Ә) Оқушылардың психикалық құбылыстарын сапалық тұрғыда зерттейді.

Б) Әлеуметтік жағдайы төмен оқушылар мен ата-аналарына материалдық және медициналық көмек көрсетеді.

В) Баларға оқу, жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтау, ересектермен өзара қарым-қатынас, өзін-өзі тәрбиелеу мәселелері бойынша жеке және топтық кеңес береді.

Г) Оқушылардың салауатты өмір салтын сақтауын қадағалайды

9. Кеңес беруші бұл кезеңде клиентпен танысып, клиенті жайлы ақпарат алып, тіркеу журналына тіркекейді. Кеңес берушінің бұл кезеңдегі жұмыс уақыты – 20-30 минутқа созылады. Бұл кеңес берудің қай кезеңіне жатады?

А) Диагностикалық кезең

Ә) Кеңес беру кезеңі

Б) Ыңғайлану кезеңі

В) Нұсқау беру кезеңі

  Г) Дайындық кезең

10. НЛБ-ның негізгі әдісі рефрейминг техникасының әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудегі маңызы мен сипаттамасы?

А) Сұхбаттасушы өзіне өзгерістер енгізуге қажетті барлық  ресурстармен қамтылатын әдіс.

Ә) Сұхбаттасушы кеңес алу кезеңінде эмоциялық байланыстардан арылу арқылы қорқыныш, ауыру, т.б. сезімдер жойылады.

Б) Сұхбаттасушы қоршаған әлемге қарау арқылы өз-өзін көре алады.

В) Сұхбаттасушының проблемасының екінші жағымды жағын көрсететін әдіс

Г) Сұхбаттасушыға түрлі рөлдерді ұсыну арқылы күйзелістен шығару әдісі.

 

Тест жауаптары

 

С

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Ж

Г

В

А

А

Б

Ә

А

В

Г

В

 

 

 

 

 

 

 

////////////////////////////