|
|
|
Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау. Тесттер (2019)
«Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау»
пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
тест спецификациясы
(2019 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
|
М115 шифр |
Мұнай инженериясы білім беру бағдармалар тобы |
3. Тест мазмұны мен жоспары: Тестіге «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.
|
№ |
Тақырыптың мазмұны
|
Тапсыр малар саны
|
Қиындық деңгейі |
|
1 |
Бұрғылау қондырғысы: ілмектегі жүк көтергіштікті есептеу |
3 |
A-3 |
|
2 |
Бұрғылау тізбегі: бұрғылау тізбегін жобалау, АБҚ ұзындығын есептеу |
2 |
B-1 А-1 |
|
3 |
Тау жыныстары бұзушы аспаптар: қашаулардың өнімділігін бағалау |
2 |
B-2 |
|
4 |
Қабат қысымдары: қабат және гидрожарылыс қысымдарының градиентін есептеу әдістері |
3 |
B-3 |
|
5 |
Ұңғыманы бақылау: қабаттан су/мұнай/газ бөлінуінің индикаторларын тани білу және жою |
3 |
C-1 В-1 А-1 |
|
6 |
Ұңғыманы бекіту: шегендеу тізбектерін жобалау және түсіру шаралары |
3 |
C-3 |
|
7 |
Ұңғыманы бекіту: цементтеу технологиясы және есептеулері |
3 |
C-2 В-1 |
|
8 |
Жуу сұйықтары: ерітіндінің технологиялық параметрлерін анықтау |
3 |
A-1 В-2 |
|
9 |
Бұрғылау гидравликасы: бұрғылаудың гидравликалық бағдарламасын оңтайландыру |
2 |
B-2 |
|
10 |
Бағыттап бұрғылау: ұңғыма оқпанының профилін есептеу, БТТЖ жобалау |
3 |
А-1 С-2 |
|
11 |
Теңіздегі бұрғылау |
3 |
A-2 С-1 |
|
Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны:
|
30 |
||
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Тест тапсырмалары келесі ұғымдарды қамтиды:
- мұнайгаз ұңғымаларын бұрғылау технологиясы;
- бұрғылау тізбегін жобалау (БТТЖ жобалау);
- тау жыныстары бұзушы аспаптар: қашаулардың өнімділігін бағалау;
- жуу сұйығының қауіпсіздік тығыздығын және ұңғыма конструкциясын таңдау үшін қысымдардың біріктірген графигін тұрғызу;
- ұңғыманы бақылау: қабаттан су/мұнай/газ бөлінуінің индикаторларын тани білу және жою;
- шегендеу тізбектерін жобалау және түсіру шаралары;
- цементтеу технологиясы және есептеулері;
- бұрғылаудың гидравликалық бағдарламасы;
- бағыттап бұрғылау: ұңғыма оқпанының профилін есептеу;
- теңіздегі бұрғылау
5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Бір тапсырманы орындау уақыты – 2 минут
Тест орындалуының жалпы уақыты – 60 минут
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:
- жеңіл (A) – 9 (30%);
- орташа (B) – 12 тапсырма (40%);
- қиын (C) – 9 тапсырма (30%).
7. Тапсырма формасы:
Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдау керек.
8. Тапсырманың орындалуын бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін түсушіге 1 балл береді, одан басқа жағдайда - 0 балл беріледі.
9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Тетельмин В.В. Основы бурения на нефть и газ. – Алматы.
2. Вадецкий Ю.В., Бурение нефтяных и газовых скважин –М.: «Академия», 2004
3. Попов А.Н., Спивак А.И., Акбулатов и др. Технология
бурения нефтяных и газовых скважин. –М.: Недра, 2004
4. Булатов А.И., Аветисов А.Г. Справочник инженера по бурению –М.: Недра, 1993-1996
////////////////////////////